КҮН ЖҮЙЕСІНІҢ ЖӘНЕ ЖЕРДІҢ ЖАРАТЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ КОСМОГОНИЯЛЫҚ БОЛЖАМДАР

[add-bookmark]

Космогония — аспан әлеміндегі ғарыштық денелердің жаратылысы мен дамуы жайындағы ғылым. Жердің жаратылысын және оның алғашқы даму сатысының өзіндік ерекшеліктерін дұрыс түсіну үшін, космогониялық зерттеу жұмыстарының маңызы ерекше зор. Жердің жаратылысы туралы проблема, жерді зерттейтін ғылым-дардың алғашқы қалыптасу сағатынан бастап, осы уақытқа дейін жалпы Күн жүйесінің пайда болу проблемасымен тікелей байланысты түрде бірге қарастырылып келді.

Алғашқы космогониялық болжамдардың қатарында, немістің атақты философ-ғалымы И. Кант (1755 ж.) өзінін. “Аспан әлемінің теориясы және жалпы табиғат тарихы” туралы еңбегінде бүкіл аспан әлемінің, оның ішінде Күн жүйесіне қарайтын планеталардың, со-лардың қатарында Жер планетасының жаратылысы туралы өз идеясын ұсынды. Канттың болжамы бойынша: Бүкіл әлем — өте ұсақ бөлшектерден құралған ең алғашқы материядан тұрады; жұлдыздардың, Күннің және т. б. ғарыштық денелердің құралуы — дүниежүзілік тартылыс заңы бойынша, суық күйдегі алғашқы ұсақ бөлшектердің ретсіз (хаостық) қозғалысы жағдайында, жеке бөлшектердің бір-біріне тартылып, ірі денелер түрінде бірігуімен байланысты; ірілі-ұсақты ғарыштық денелер бір-бірімен әр түрлі жылдамдықпен соқтығысып, соның нәтижесінде олар кейінірек біртіндеп белгілі бір жүйе бойынша орталық денені айнала қозғалатыу болады. Қырық бір жылдан кейін француз ғалымы — математик С. Лаплас (1796 ж.) Күн жүйесіне карасты планета-лардын, жаратылысын өзінше түсіндіреді: ыстық күйдегі алғашқы газ-тозаңды тұмандықтар бүкіл дүниежүзілік тартылыс заңы бойынша белгілі бір орталық денені айнала қозғалуларының нәтижесінде біртіндеп тығыздала келе әр түрлі денелерге жіктеледі. Ондай тұмандықтың орталық бөлігінде ядролық дене қалыптасады. Олардың әрбір нүктесіне әсер ететін күш екіге бөлінеді: 1) центрге бағытталған — центрге тартқыш күш; 2) центрден сыртқа қарай бағытталған — центрден тепкіш күш. Тұмандыктың белгілі бір орталық денені

II. 2-сурет. Лапластын. болжамы бойынша Күн жүйесінің дамуы.

айналуы барысында центрден сыртқа қарай бағытталған центрден тепкіш күштің шамасы — центрге қарай бағытталған (центрге тартқыш күш) күштің шамасынан артық болған жағдайда, оның шеткі перифериялық (жиектік) бөліктері жекеленген сақина түрінде бөлініп шығып, өзінше жеке планетаның ядросы болып қалып-тасады (II. 2-сурет).

Сонымен, Кант — Лапластың болжамы бойынша, жоғарыда айтылғандай алғашқы ыстық балқыған күйдегі Жер біртіндегі суына келе кішірейе бастайды. Соның нәтижесінде пайда болған алғашқы жер қыртысы деформацияға ұшырайды. Бұл болжам өз уақытында үлкен прогрессивтік роль атқарды. Дегенмен, уақыт өткен сайын астрономиялық жаңа ғылыми деректердің көбеюіне байланысты небулярлық (пеһиіа — тұмандық) болжамның кейбір қайшылықтары ашыла бастады.

XX ғасырдың басьшда, Кант — Лаплас болжамының орнына көптеген жаңа космогониялық болжамдар ұсынылады. Бірақ олардың көшиілігі қабылданған жок. Солардьщ ішінде совет ғалымы, геофизик О. Ю. Шмидтің (1943 ж.) болжамы сол кездегі көптеген ғалымдардың назарын өзіне аударады. Бұл болжам бойынша планеталар жүйесі Күнді қоршаған суық күйдегі алғашқы газ-тозаңды тұмандықтар мен метеориттік заттардың Күнге қарай тартылып Күнмен бірге галактиканы айналу барысында пайда болады. Осындай жолмен пайда болран суық күйдегі алғашқы Жер және т. б. планеталар радиоактивтік элементтердің (0, Тһ, Ка) ыдырауы кезінде бөліініп шығатын орасан зор энергияның, гравитациялық және т. б. әрекеттердің әсері нәтижесінде қызуға ұшырап, балқи бастайды. Кейінірек бұл әрекеттердің әлсіреуіне байланысты, олар біртіндеп суынады. О. Ю. Шмидтің болжамында планеталар жүйесінін, қалыптасу механиз-мінің кейбір ерекшеліктері дұрыс түсіндірілгенімен, Күннің және жалпы жұлдыздардың жаратылысы жөніндегі проблеманың көптеген мәселелері шешілмеген күйінде қалды.

Совет ғалымы, астроном В. Г. Фесенков (1950 ж.) планеталар жүйесінін. қалыптасу мәселесін Күннің жаратылысымен бірге қарастырады. Бұл болжам бойынша Күн және Қүн жүйесіне кіретін баоқа планеталар аспан әлемін құрайтын алғашқы ортақ материядан, газ-тозаңды заттардың біртіндеп қоюланып тығыздалуына бай-ланысты пайда болады. Бұл процестердің нәтижесінде алдымен Күн, кейінірек Қүннің айналу жылдамдығына байланысты оның перифериялық бөліктерінен бөлініп қазіргі кездегі белгілі планеталар құралады. Олар бір бағытта бір орталықтан Күнді айнала қозғалады.

Сонымен, қорыта айтқанда, қазіргі кездегі көзқарас бойынша, Күн және Күн жүйесіне енетін планеталар суық күйдегі алғашқы ғарыштық материядан, газ-тозаңды тұмандықтар мөн метеориттік заттардың қоюлана және тығыздала келе протопланеталық заттарға айналуымен байланысты пайда болған.

Астероидтар мен метеориттер жер тектес планеталарды, ал кометалар мен метеорлар алып планеталарды құрайтын құрылыс материалдары болып саналады.

Жердің әр түрлі қабаттардан тұруы алғашқы гомогендік заттардың гравитациялық дифференциациясы І (жіктелуі) және радиоактивтік қызу әрекеттерімен байланысты деуге болады.

Дегенмен, Жердің жаратылысы туралы проблема толығымен шешілді деуге болмайды. Соңғы кездері қарқынды түірде жүргізіле бастаған ғарыштық зерттеу жүмыстары (Айды және басқа планеталарды зерттеу) Жердің жаратылысы және оның дамуы жөніндегі көзқарасымызды одан әрі толықтыра бермек.

 

Рейтинг: 0
+10

Сізге ұнау мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *