Жай-күй анықтайтын жабдықтар

17 ноября, 2017 18:37

Автомобильдің және оның агрегаттарының жай-күйін анықтайтын тәсілдер мен жабдықтар

 

 

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыс- тарының тиімділігін арттыру үшін, олардың техникалық қызмет көрсету жэне жөндеуден бұрынғы жэне кейінгі техникалық жай-күйі туралы мәлімет кажет етіледі. Ол үшін агрегаттар мен механизмдерді бөлшектеп бұзып жэне жинамай-ақ, эрі көп шығынданбай, қажетті мэліметтерді алуга қолжетерлік болуға тиіс. Техникада пайда болатын ақаулар ту- ралы алдын ала алынған мәлімет оларға уақытында қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Ондай мәліметтерді алу тәсілі техникалық жай-күй анықтау деп аталады жэне сол арқылы алынады.

Жай-күй анықтау барысында (грекше біа^позіз — тану, анықтау) техникалық жүйенің (техникалық күй анықтау) сол сәттегі жай-күйі аньщталады.

Автомобильдің қуатын өлшегіш стенд. Динамометрлік стенд қозғалтқыштың айналдыру моменті мен қуатын көрсететін сипаттаманы жазып алуға арналған. Бұл стендтің көмегімен турбинаның қысымын, жанармай жүйесінің жағдайын (жанармай қоспасының сапасын, жұмыс істеген газдың температурасын), қажетті айналу диапазоны арасындағы айналу моментін өлшеуге болады. Сондай-ақ динамометрлік стенд арқылы анықталмаған ақауларды, қозғалтқыштың жөнделгендегі жиналу сапа- сын жэне төселту жұмысының дэрежесін білуге болады. Динамометрлік стенд арнаулы жоспар бойынша автомобильдің жолда қозғалғанына ұқсас жағдай туғызады.

Қозғалтқыштың жұмысы туралы алынған мәліметтерге сүйене оты- рып, оның келешектегі жұмысына өзгертулер енгізуге жағдай жасалады.

Бұл стендтің ерекшелігі — өте дэл өлшейтіндігі — ауытқуы 0,1 ат күшінен кем.

Роликтері арнайы жасалған.

Стендте кауіпсіздік шаралары қатаң қамтамасыз етілген, автомобиль стендте қандай тэртіппен жұмыс істегенімен, одан шыгып кетпейді.

Стенд еуро стандарт бойынша толық сертификацияланған.

Бұл стендтер бірнеше нұсқамен шығарылады:

УТ2 — бір өсті қуатты стенд;

УТ2/В1 — бір өсті бір электромагнитті тежегішпен 350 к\Ү;

УТ2/В2 — бір өсті екі электромагнитті тежегішпен 700 к\Ү.

ҮТ4 — екі өсті толық жетекті автомобильдер үшін,

 ҮТ2, УТ2/В1 — бір өсті стенд
УТ4/В2 — толық жетекті 4><4 екі электромагнитті тежегішпен 700 к\¥ немесе 1000 к\Ү;

ҮТ4/В4 — толық жетекті 4×4 төрт электромагнитті тежегішпен 1400 к\¥.

 ҮТ4, УТ4/В2 толық жетекті автомобильдер үшін
Автомобильді стендке койғаннан кейін оны жақсылап бекітеді, себебі өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін, оны эртүрлі жылдамдықта стендтің үстінде жүргізіп сынайды, сол кезде роликтен шығып кетпес үшін оны бекітіп қояды. Автомобильді сынағанда жылдамдығын 200 км/сағ. дейін көтереді, содан соң оның қуатын есептейді, ауытқу 0,1 ат күшінен артпай- ды. Өлшеудің нәтижесі стендте бірнеше жылға дейін сақталып қалады.

Қозғалтқыштың тарту сапасының күйін анықтайтын қүралдар. Қазіргі кезде тарту сапасының жай-күйін анықтау үшін қолданысқа ие болған стендтің бірінде, қуаттық көрсеткішті бағалаудан басқа, автомобильдің жанармай үнемділігін анықтау үшін үнемі күш түсіру тәртібін сақтайтын қүрылғы орнатылған стендтер қолданылады.

Стенд екі барабаннан құрылған тірек құрылысынан, қадағалағыш- өлшеу аспаптарынан, басқару пультынан, жұмыс істеген газды шығаратын құрылғыдан, ақпарат беретін ЭВМ-нен тұрады.

Бұл стенд дөңгелек қуатының жылдамдығын өлшеуді, сондай-ақ, эртүрлі жылдамдық тәртібіндегі жанармай шығынын есептеуді қамта- масыз етеді.

Жай-күй анықтау тәртібі бойынша стендтің екі: күштік жэне инерциялық түрі қолданылады. Одан басқа, тағы да әмбебап стенд пай- даланылады.

 

Динамометрлік стенд: 1 — желдеткіш; 2 — басқару пулъті;

3 — сырттан басқаратын пулът; 4 — жұмыс істеген газды шагатын қүбыр;

5 — барабандар; 6 — тірек

Олардың әрқайсысын бөлек-бөлек қарастыралык.

Тіректі-жетекті кұрылғыны тежегішпен жэне барабандардың арасы- на орнатылған көтергішпен қамтамасыз етеді, ол автомобильді стендтен шығару үшін қолданылады.

 Тіректі-жетекті қүрылгылардың түрлері:

I- бір барабанды; II-екі барабанды жетекті өстегі әр дөңгелектің астына екі
барабаннан орнатылған; III-екі барабанды жетекті өстегі дөңгелектердің асты-
на барабандар орнатылган, IV, V- үш және төрт барабанды екі жетекті өсі бар
автомобильдер үшін; 1 — автомобильдің дөңгелегі; 2 — стендтің барабаны

Барабанның радиусын гб жэне өсаралық қашықтықты гО дөңгелектің радиусы гк бойынша қабылдайды (гб кіші жэне Іо үлкен болған сайын кедергі көп болады). Ол автомобильді сынауда РТ тарту күшін толық пайдаланғанда, ілініс бойынша автомобильдің барабаннан шығып кет- пеуін қамтамасыз етеді.

 Стендте автомобильдің дөңгелегіне әсер ететін күштің сүлбасы
Сұлбада барабандардың өсаралық қашықтығы көрсетілген.

І0 = (г + г) зіпа

мұндағы: а — дөңгелектің барабаннан шықпайтын бұрышы.

Тегіс болат барабан үшін (ілінісу коэффициенті ф=0,5), барабанның ра- диусын г6, (0,5 — 0,7) гк шамасында қабылдайды. Барабанның біреуі спидо- метрмен жалғанады да, екіншісі жүктеме кұрылғысымен жалғанады.

Жүктеме құрылғысы жай-күйі анықталатын автомобильдің дөңге- лектерімен айналатын барабанды тежеу жолымен берілген жүк жэне жылдамдық тәртібін сақтауға арналған. Ол теңгергіш тежегіштен жэне бөгегіш (маховик) салмақтан тұрады. Күш түсіретін құрылғының бірінші түрін күш тексеретін стендке, ал екіншісін инерциялық стенд- ке қолданады. Әмбебап стендті теңгергіш тежегішпен жэне кедергіш салмақпен жабдықтайды.

 Күш түсіретін қүрылгының түрлері: I — теңгергіш, II — инерциялық;
III — теңгергіш — инерциялық; I — бөгегіш; 2 — тежегіш; 3 — ротор; 4 — бергіш;
5 — барабан; 6 — автомобильдің дөңгелегі

 

Күш түсіретін стендте тартқыш ретінде: гидравликалық тежегіш; ай- нымалы жэне тұрақты ток электр қозғалтқышы жэне электродинамикалық тежегіш қолданылады ,
Көрсетілген тежегіштер ротордан тұрады, олар барабанмен жалғасқан. Автомобильдің дөңгелегімен айналатын барабанмен жалғасқан ротор- дан айналдыру моментін статорға беру гидравликалық тежегіште статор мен ротордың арасындағы суды ауыстыруға жұмсалатын энергияның шығыны есептеліп беріледі.

Күштеме тэртібінің артуы немесе кемуі гидротежегіштің сумен тол- тырылуына, ал екінші жағдайда статордағы ток күшінің өзгеруіне байла- нысты болады. Соның нәтижесінде автомобильдің дөңгелегімен үдейтін статорда айналдыру моментіне тең немесе мөлшерлес реактивтік мо- мент пайда болады. Бұл момент қысым бергіші арқылы белгіленеді. Инерциялық стендте (9.7, б-сурет) бөгегіштің салмағы ретінде стенд барабанының салмағы пайдаланылады жэне арнаулы бөгегіштер редук- тор арқылы барабанмен жалғасқан.

Автомобильдің жетекті дөңгелектерімен барабандардың екпіндеуі стендтің инерциялық моментіне кедергі келтіреді. Автомобильдің дөңгелектерінің қуаты көп болған сайын, жүрген жолы 8р жэне екпіндеу уақыты 1р соғұрлым кем болады.

 

Жүктеме құрылғысының турлері: а — күш түсіретін; б — инерциялыц;

1 — барабан; 2 — жалгастыргыш; 3-редуктор; 4 — электр тежегіш; 5 — бергіш;

6 — көтергіш; 7 — тахогенератор; 8 -ролик; 9 — шынжыр; 10- тегершік;

11 — кардан

 

Осы көрсеткіштерді нормативтік көрсеткіштермен салыстыра отырып, автомобильдің куатын анықтайды.

Өлшегіш ңұрылгылар стационарлы жэне алып жүретін болып бөлінеді. Ол аркылы тарту күшін, жанармай шығынын қарап отырады.

Желдеткіш сынақтан өткізетін автомобильдің алдындағы радиаторға жел беру үшін қолданылады.

Жай-күй анықтау технологиясы күш түсіргіш стенд арқылы автомобильдің тік берілістегі қуаттық көрсеткішін статордағы реактивті моментті есептеу арқылы анықтайды. Сынауды екі жұмыс тәртібінде: ең жоғарғы айналдыру моментінде; жэне автомобильдің ең жоғарғы қуатында жүргізеді, сондай-ақ осы жұмыс тэртібінде жанармай шығынын анықтайды.

Автомобильдердің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін анық- таумен қоса, жүмыс істеген газдағы түтіннің, шудың деңгейін анықтайды.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля