Шошқаны азықтандыру

11 февраля, 2015 16:07

Шошқа бір қарынды малға жатады. Ол әдетте азық, талғамайды, көбін жей береді. Шошқа азықтандыруда құнарлы  жеммен қатар оған 20-30%-тей шырынды азық (құрама сүрлем  тамыр-түйнек жемістілер), асхана қалдығы мен көк балауса  беруге болады. Сонда ғана оның өнімі арзандайды. Сонымен  қатар, бір қарынды малдың ас қорыту ерекшелігі ескеріліп азықтандыру сапасын жақсарту керек. Шошқа — көп төлді өсімтал мал, сондықтан оны жеткілікті де құнарлы азықтандыруға ерекше талап қойылады.

Шошқа рационы тез қорытылатын, энергиясы мол протеині амин қышқылдарына бай, витаминді азықтардан тұруға тиіс. Өнімділігі артқан сайын азық құрғақ загындағы алмасу энергиясы мен қоректік затгар дәрежесі арта түседі. Броди деректері бойынша өсіп келе жатқан шошқа денесінде 1 г ақзат түзуге 41,8-48,1 кДж, ал 1 г май жинауға 53,5-54,2 кДж алмасу энергиясы жұмсалады екен. Демек, өсіп  есейген сайын шошқа денесінде май түзілуі басым болады да, салмақ қосуға (1 кг-на шаққанда) жұмсалатын энергия шығыны өсе түседі 20-30 кг аралығында 18,4 МДж болса, 90-100 кг аралығында одан жарты есе өседі. Азық шығыны 4-5 азық  өлшемінен 6-8 азық өлшеміне деиін көбейеді.

Бордақылаудағы торай жеген азық энергиясының 36-40%-ін тіршілігін қамтамасыз етуғе, 30-35%-тін дене ақзаты мен май қорына жинаиды. Торайдың бір тәулікте қосатын салмағы жоғарылаған саиын, азық энергиясының тіршілікті қамтамасыз етуге жұмсалған  бөлігі  азайып, өнім түзуге жұмсалатын бөлігі көбеиеді. Осы  заңдылыққа   сүйене  отырып,          бағытты   азықтандыру    арқылы    сала    өнімділігін    өсіріп,    өнім    кұнын арзандату қажет.

 

1. Мегежін азықтандыру

Азықтандыру нормасы мегежіннің жасына, салмағына физиологиялық ахуалы мен қондылығына сәйкес анықталады (38-ші  кесте). Буаздық мерзімінің аяғына оның азыққа  деген мұқтаждығы  15-20%-ке  артады. Бұл желінген азықтың  құрғақ  затын  молаиту  арқылы  қамтамасыз етіледі. Сөйтіп 114 күнде бір мегежіннен әр біреуінің салмағы  1,2-1,3 кг  тартатын 10-12 торай  алынады.

Қысыр мегежінге күйін келтіріп, көп торай табатындай жағдай туғызады: ұрықтандыруға 10-14 күн қалғанда оның азықтандыру деңгейі . 25-30%-ке жоғарылатылады. Арық мегежіннің қоңын жақсарту үшін қосылатын салмақтың әр килограмына шағып, азықтандыру денгейін 4 азық өлшеміне, яғни 44,2 МДж алмасу энергиясына ұлғайтады. Бірақ тым семіздіктің де ұрықтануға кері әсер ететінін ескеру керек.

Әрбір 100 кг салмағына шағып, ересек мегежінге әр килограмында 1,05 азық өлшемі, яғни 11,6 МДж алмасу энергиясы бар 1,5-1,8 кг,   ал өсуі тоқтамаған 2 жасқа дейінгісіне  1,8-2,4 кг құрғақ зат беріледі.

 

Құрғақ  заттағы энергия деңгейі шикі клетчаткамен реттестіріледі. Қысыр мегежін рационының  құрғақ затында оның көлемі 12%-ке, ал торайын емізіп жүргең мегежін рационында 7-8%-ке дейін төмендетіледі.

Буаз мегежіннің энергетикалық   алмасуы   жалпы   алғак 25-45%-ке   өседі.   Ұрықтың     өсіп  дамуына   органикалық   және  минералдық заттар жұмсалып (10-12 бас торай дамыса 1,5-1,7 ақзат, 150-160 г кальций, 80-85 г фосфор),    мегежін   денесінде, бұлардың қоры  1,5-2 есе өседі, сөйтіп дұрыс азықтандырылға ересек мегежіннің   салмағы 35-40   кг,   жас   мегежіндікі 50-55 кг ауырлайды.

Буаздығының алғашқы 84 күнінде мегежін салмағының  әрбір 100 кг-на шағып, 1 килограмында 130 г қорытылатын  протеин, 10-12 г кальций, 8-9,6 г фосфор бар, екі жасқа дейінгі  мегежінге 1,8-2,4 кг, 2 жастан  асқанына 1,2-1,6 кг құрғақ зат  беріледі, ал буаздығының соңғы 30 күнінде азық өлшемі 1,5-1,7 қорытылатын протеин   170 грамға дейіи жоғарылатылады.

Торайын емізіп жүрген мегежіннің әрбір 100 кг салмағына 0,33-0,38 азық өлшемі беріледі. Рацион құрғақ затының әрбір  килограмында 1,3 азық өлшемі, яғни 14,4 МДж алмасу энергиясы, 186 г шикі, 145 г қорытылатын протеин, 8 г лизин, 4,8г  метионин мен цистин, 9,3 г кальций, 7,6 г фосфор болуға тиіс. 1 кг сүтпен бірге 300-350 г ақзат сыртқа шығарылады, сондықтан мегежін рационың  құнарлы протеинмен қамтамасыз ету керек. Әрбір азық өлшемінде орны толмас аминқышқылдарына бай 110-112 г қорытылатын протеин болуы керек. Күнделікті сүтімен (6 кг) бірге 13 г кальций, 7 г фосфор сыртқа  шығарылатындықтан мегежін рационының минерралдық құнарлылығы да жоғары болуы шарт.

Мегежін рационы шамамен 2-4 кг жем қоспасынан (0,1-0,3 кг бұршақ ұнтағы, 0,3-0,5 кг күнбағыс шроты, 0,1-0,2 кг балық  ұны, 1-2 кг жүгері, арпа, бидай, сұлы жармасы, бидай кебегі), 1-1,5 кг көк сүттен, 0,5-0,7 кг шөп ұнынан, азықтандыру типіне сәйкес 4-5 кг буланған картоптан, 2-3 кг қызылшадан, 4-5 кг құрама сүрлемнен, 30-60 г преципитаттан, 15-30 г ас тұзынан, 30-50 г премикстен тұрады. Жазда шөп  ұны мен тамыр-түйнек жемістілер орнына 5-7 кг бұршақ тұқымдастар көгі беріледі. Рациондағы қоректік заттар мелшері 39-шы кестедей болуы керек.

51

  1. Мегежін азығындағы қоректік заттар мөлшері

(1 кг-на шаққанда)

 

 

 

Торайлануына бірнеше күн қалғанда рацион көлемін картылай азайтып, торайлаған мегежінге алғашқы күні жылы су іщкізіп, ертеңіне оған 0,5-0,6 кг сұлы, арпа ұнтағы мен кебек, шрот араластырылып береді. Толық  көлемді рационға 5-6 күнде көшіреді. Тәулігіне мегежін басына 8-10 л су береді.

 

2. Торай  азықтандыру  және  шошқа  бордакылау

 

Дұрыс азықтандырылса, 1 айлық торайдың салмағы  туғандағы салмағынан 5 есе, 2 айда 15-17 есе өсіп 18-20 кг-ға  жетуі керек. Ол үшін оны туа салысымен енесінің уызына қанықтырады. Уыз ақзатының 40%-не жуығы торайдың ауруға  төтеп беру қабілетін (иммундық қасиетін) күшейтетін гамма-глобулиндерден тұрады. Бірақ шошқаның уызы мен сүтінде кальций, фосфор, темір мен мыс жеткіліксіз, сондықтан қанындағы гемоглабин 9%-тен алғашқы 2 аптада 3-5%-ке дейін төмендеп, торай алиментарлық қан азаюына, яғни анемияға   ұшырайды. Сондықтан   оларға  алғашқы   күннен   бастап, минералдық    қосындылар    (преципитат,  0,5%-тік   күкірт қышқылды темір мен мыс ерітіндісі) беріледі.

Басқа     түліктердің        төлімен        салыстырғанда     торай,

физиологиялық жағынан жете дамымай туады.   Әсіресе қан түзу, ас   қорыту  жүйелері   жетілмейді.   Алғашқы   кезде   оның  қарын   шырынында тұз қышқылы болмайды (ахлоргидрия), тек үшінші  айда қарын өз қызметін атқаратын деңгейге жетеді.

Алғашқы үш аптада негізінен ене сүтімен қоректенген торай 1 кг салмақ қосу  үшін  1,5-4 кг сүт қажет етеді. Торайды   туғаннан  кейін  5-7 күн өтісімен енесінен бөлек жерде таза, қуырылған  арпа, жүгері дәніне, бор, қызыл, топырақ секілді минералды қоспалар жеуге дағдыландыра бастайды (үйретеді). Енесінен неғүрлым ерте ажыратылса (60 күннің орнына 45; 35, тіпті 26 күннен кейін), қосымша азыққа соғұрлым ерте дағдыландырылуы керек. Ерте ажыратылған торайға ене сүтінің орнына арнайы  құрама жем беріле бастайды. Оның  құрамына  71% құрғақ көк сүт, 19,5% шошқа майы, 4% өсімдік майы, 1% жүгері крахмалы, 1% витаминді әрі антибиотикті премикс, 1,5% минералды премикс кіреді. Мұндай  жем 40-шы кестеде келтірілген жоба бойынша беріледі.

 

  1. Торай азықтандыру жобасы (тәулігіне бір басқа, г)
Жасы, күн Рацион  түгелдей жемнен тұрғанда               Азық   қоспасын   бергенде
сүт, көк сүт аралас жем шырынды  және көк азық
10-15 25 25
16-20 50 100 50
21-25 100 200 75
26-30 225 300 350 20
31-35 330 400 250 50
36-40 450 500 350 100
41-45 550 550 450 150
46-50 650 600 600 180
51-55 750 650 700 200
56-60 850 700 800 300
Барлығы 20000 20000 17000 5000

 

Алматы   зоотехникалық-малдәрігерлік    институты (М.Байтурин,  А.Ахметов, 1992)    енесінен    ерте    ажыратылған торайға мына құрамда жем  беруді   ұсынады /41-ші кесте/.

 

41.Шошқа  сүтінің  орнына  берілетін  құрама жем

Тез жетіліп,   дүрыс  өсуі үшін торай рационындағы қоректік заттар мына деңгейге жеткізілуге тиіс /42-ші кесте/.

 

  1. Торай азығындағы қоректік заттар мөлшері

(1 кг құрғақ затында)

 

Тұқымға қалдырылған торай мен жарамсыз деп табылған ересек мегежін, қабанды арзан азықпен (құрама сүрлем, көк азық, жем қалдығы, асхана қалдығы, тамыр жемістілер, бақша дақылдары, т.б.) жедел бордақылап, етке тапсырады. Оларды азықтандыру деңгейі 43-ші кестеде келтірілген.

Бордақылауға қойылған тірі салмағы 25-30 кг тартатын 3-4 айлык, торайды жедел бордақылап,тірілей салмағын 100-110 кг-ға жеткізеді. Шошқа еті, әсіресе майының сапасына ықпалы бойынша жемшөпті үшке беледі:

  1. Етінің (тоңмайының)   сапасын   жақсартатын  —   арпа, қарабидай, тары, бұршақ, сиыржоңышқа, көк сут, ет ұны, ет-сүйек ұны, майы аз балық  ұны, Бұл азықтарды бордақылаудың барлық кезеңінде беруге болады.
  2. Ет  пен май сапасын едәуір жақсартатын — сапалы құрама жем,   көк азық, тамыр жемістілерді-бордақылаудың бас кезі мен ортасында береді.
  3. Ет   пен   май   сапасын   төмендететін — күнжара,   майлы балық ұны,  сірне,  кебек,  сұлы,  соя,  жүгеріні-бордақылаудың соңында беруге болмайды.

 

3. Тұқымдық  қабанды  азықтандыру

Асыл тұқымды қабанның азыққа деген мұқтаждығы оның жасы мен салмағына, ұрық алыну жиілігіне байланысты. Екі жасқа дейінгі қабанның өсіп-жетілуін  қамтамасыз  ету үшін қосымша қоректік заттар керек: 100 кг тірілей салмағына шаққанда ересек қабанға 1,5 азық өлшемі, яғни 16,6 МДж алмасу энергиясы, жас қабанға 2 азық өлшемі, яғни 22,2 МДж алмасу энергиясы қажет. 1 азық өлшемінде 150 г шикі протеин, 120 г қорытылатын протеин, яғни рацион құрғақ затында, сол ретпен, 20% және 15,5%, ал толық рационды құрама жемде 17%-\е 13,3% болуға тиіс. Протеин   құрамында жеткілікті  мөлшерде лизин (құрғақ затта — 0,95%,  шикі протеинде — 4,8%) және метионин + цистин (сол   ретпен, 0,63%-пен  3,2%)  аминқышқылдары болуы керек. Рацион  құрғақ затында кальций — 0,93%, фосфор — 0,76% болып  шикі клетчатка  7%-тен  аспауға  тиіс /44-ші кесте/.

Қабанның энергия мен қоректік затқа деген мұқтаждығы қамтамасыз ету үшін көлемі аз, тез қорытылатын, энергияға  қаныққан, протеин мен витаминге бай, құнарлы азықтар  беріледі. Ол үшін рацион жалпы қоректі-лігінің 75-85%-і құнарлы жемнен (0,5 кг сұлы, 0,5 кг арпа, 0,6 кг бидай, 0,05 кг жүгері, 0,1 кг бұршақ, 0,1 кг күнбағыс шроты, 0,2 кг балық ұны), 10-15%-і шырынды азықтан (1-3 кг буланған картоп, қызылша, құрама сүрлем), 3-5%-і шөп ұнынан (0,4 кг), 6-8%-і жануартектес азықтардан (1-2 кг көк сүт, 0,2 кг балық, қан, ет-сүйек ұны) құрастырылады. Минералдық қоректілігін арттыру үшін рационға 15-18 г ас тұзы, 13-15 азықтық фосфат, 30-35 г минералды-витаминді қосынды не премикс қосылады.

 

 

0

Автор публикации

не в сети 9 лет

slava

0
Комментарии: 0Публикации: 6Регистрация: 10-02-2015

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля