Cын тұрғысынан ойлау технологиясын химия сабағында қолдану

13 декабря, 2015 16:05

Химия сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі

 

Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы

«Рыков атындағы орта мектебі» КММ

Жоғары санатты химия пәні мұғалімі

 

Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан- жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жан-жақты жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәнімен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты — барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан- жақты қалыпастыру.

Жүктеу: Химия сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі

Жеке тұлғаның қалыптасуы- үздіксіз күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескеріп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл- ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу қажет.

Біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу- тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым- қатынас пайда болуда.

Білім берудің қазіргі жаңа құрылымымен оқу- әдістемелік мазмұнының өзгеруі- мұғалімнің өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды, жаңартуды талап етеді. Ел президенті Н.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдіс- тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты.

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойынының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді,түсіндіреді,ал оқушы тыңдайды,қабылдайды,ойлайды т.б, таным әрекетерін жасайды.

«Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін

Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:

  • Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;
  • Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
  • Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;
  • Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
  • Оқытушының уақытын үнемдейді
  • Қосымша мәліметтер береді.

Жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:

  • Барлық баланы оқыту;
  • Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;
  • Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;
  • Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;

Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» техногиясын басшылыққа алдым. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесу, талдау жасап отыру, яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу. Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірін тыңдау, сол пікірлерді салыстыру.

Бұл технологияның негізгі ұстанымдар: әлсін –әлі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болмауы, оқушының жетісіктерінің жариялығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау, барлық балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау, оқытумен тәрбиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процес болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Сыни ойлау кез – келген жас аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы: Нақты мақсат қоюға дағдыланады Өзіне деген сенімі артады Оқу процесіне белсенді қатысады. Жолдастарының пікірін сыйлайды. Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі. Сараптауға, бағалауға дағдыланады. Пәнге деген қызығушылығы артады. Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады.  Ал соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек.

“Әрбір бала- болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни табиғи таланттарды ашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуі үшін мұғалімге жүктелер міндет аз емес. Ол міндет- оқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін, ой- өрісін дамыту үшін аянбай еңбек ету, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту. Жеке тұлғаның қиялын дамыту барысында оларды бақылуға, зерттеуге, ойлауға, сөйлеуге, ойын толық жеткізуге үйретемін.

Сын тұрғысынан оқыту технологиясы элементтерін пайдаланған 8 сыныпта өткізген  «Табиғаттағы су, судың құрамы, қасиеттері»тақырыбында өткізген сабағымды көрсеткім келеді.

 

 

 

Сабақтың тақырыбы §36. Табиғаттағы су.

§39-40. Судың  құрамы, қасиеттері.

Сабақтың

мақсаты

Б: Оқушылардың табиғаттағы су, оның құрамы, қасиеті жайлы білімдерін кеңейту, толық түсінік беру.

Д: Оқушылардың судың құрамы мен қасиеттерін білу дағдысы мен біліктілігін жетілдіру, талдау, жүйелеу, есеп шығару, химиялық тілмен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Т: Оқушыларды сабақтың мазмұны бойынша алғырттыққа, топпен жұмыс істеуге, ізденімпаздыққа және өзгенің пікірімен санасуға, қоршаған ортаны қорғауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақ түрі Жаңа сабақ
Болжамдан-ған

нәтиже

Табиғаттағы су, оның құрамы, құрылысы, қолданылуы туралы білім қалыптасады, су қорғау, судың экологиялық проблемаға жататынын, судың маңызын ұғады.
Сабақ

кезеңдері

уақыт мұғалімнің

іс-әрекеті

оқушының

іс-әрекеті

Ұйымдастыру

кезеңі

 

2 мин Оқушылармен сәлемдесу.

«Амандасу »

ойыны арқылы.

 

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі, өзара сәлемдеседі.

Мұғалім айтқан мүшелері арқылы.

1 мин Топқа бөлу.

 

 

 

Периодтық жүйеде жабысып тұрған стикерлерді алады, оның артқы бөлігінде топ аты жазылған.
Қызығушылық-тарын ояту 1 мин Екі гүлді салыстыра сұрақ қояды. Мына гүл неге осындай күйге түскен. Оқушылар оның су жетіспеушілігінен осылай болғанын айтады.
  2 мин «Ассоциация» І топ: су пайдасы

ІІ топ: су зияны.

ІІІ топ: су туралы мақал-мәтелдер мен ырымдар.

    жұмбақ оқу. жұмбақтың шешуін табу, реакция теңдеуін жазу.
Негізгі бөлім 1мин

 

Тақырыпты хабарлау. §36,39,40. дәптерге күнді, тақырыпты жазады.
  7мин модель құру.

«сиқырлы сандықтан» жетон алу.

жетон алып, тапсырманы анықтайды.

І топ — 94 бет

ІІ топ – 95-96бет

ІІІ топ – 104-105 бет

  3 мин Модель қорғау. орындаған тапсырмаларын оқиды, қорғайды, келесі топ тыңдап «түртіп алып» отырады.
    бағалау. «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалайды.
  1 мин қорытындылау. (слайдтан көрсете отырып) топтардан ең негізгісін айту.
  3мин Химиялық қасиетін түсіндіру. (натрийдің сумен әрекеттесуін тәжірибе арқылы көрсету) бақылайды, талдайды, реакция теңдеуін жазады.
  2мин калийдің сумен әрекеттесуін видеодан көру. бақылайды, көреді, салыстырады.
  3мин Үйде аналарың үй ақтағанда әктасты пайдаланады. Дүкеннен әкелгеннен кейін не істейді? Әктастың сумен әрекеттесетінін айтады. Сипаттайды.
  2мин Сергіту сәті Экранға қарап билейді.
  5мин Дарынды оқушылардың тапсырмасы. 1.Катонқарағай ауданында кездесетін өзен-көлдер.  (Абзалқызы Назерке)

2.Су туралы қызықты мәліметтер. (Тоқтасынова Аида)

  1 мин бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы бойынша.
  3мин видео көру. Судың қасиеті, су туралы қызықты мәліметтер жайлы. видео көреді, талдайды.
  3 мин «Сиқырлы сандықтан» тапсырма алу. «конфеттерде» тапсырмалар жазылған.

-су экологиялық проблемаға жатады;

-су экологиялық проблемаға жатпайды;

-судың құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есепте;

    бағалау. «Бас бармақ» әдісі бойынша
Бекіту. 2 мин «Келісемін, келіспеймін» стратегиясы.

1.Судың формуласы Н2О (+)

2. Адам денесінің 10% судан тұрады. (-)          (65-70)

3. Суды қоспалардан тұндыру, сүзу арқылы тазартады. (+)

4. Суды зарарсыздандыру үшін натрий қосады. (-)(хлор)

5. Судың формуласында оттек +2 т.д көрсетеді. (-) (-2)

Сұрақтарға жауап береді.

келісемін: қызыл

келіспеймін: жасыл

    үйге тапсырма:

§36,39,40 оқу.

А — ЖД 76 бет №3 кесте;

В – ЖД 76 бет №22

С – шағын жоба. Катонқарағай суларын қалай қорғауға болады?

 

 

 

 

 

(Аида, Назерке, Алина, Ерсаят)

рефлексия 2мин «Гүл шоғы» түсіндім – қызғылт

орташа – жасыл

түсінген жоқпын – сары.

қорытын-дылау 1 мин сабақ бойынша қорытынды жасайды. тыңдайды.

 

Жүктеу: Химия сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі

0

Автор публикации

не в сети 7 лет

ardak81

0
Комментарии: 0Публикации: 2Регистрация: 24-11-2015

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля