Мазмұндама ҚАЙЫРЫМДЫ ӘПКЕ

27 сентября, 2017 16:46

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама ҚАЙЫРЫМДЫ ӘПКЕ

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру әрі

сауаттылыққа баулу мақсатында мазмұндама жүргізу.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сын сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, мәнерлеп оқу, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұндамалар жинағы.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, Сабақтың барысы:

а) ¥йымдастыру кезеці.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгендеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә)Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабакта оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында мазмұндама жүмысын жүргіземін.

Оқушыларға мазмұндама жүмысына арналған дәптерлерін таратып шығамын да, мазмұндама жұмысының такырыбымен таныстырамын. Бүгінгі күнді, мәтін тақырыбын тақтаға жазып шығамын да мәтін мазмұнын мәнерлеп оқып шығамын. Мәтін 250  сөзден тұрады. Содан кейін мәтін негізінде жоспар түзулерін тапсырамын. Осы жоспар негізінде оқушылар мазмұндама жұмысын жазады.

ҚАЙЫРЫМДЫ ӘПКЕ

Гүлнәр мен Дәурен үйде қалды. Мамасы жұмысқа кетерде, малға уақтылы шөп салуды Дәуренге ескертті.

Гүлнәр үй ішін сыпырды, еденді таза шүберекпен сүртті. Терезе алдында үлкенді-кішілі құмыраларда өсіп тұрған үй гүлдеріне сұй құйды. Қатқыл тартқан гүл түптерін босатты.

Дәурен достарымен бірге балық аулауға кетті. Ауыл жанындағы өзеннен он шақты балықты түске дейін қиналмай-ақ ұстады.

Су бетіндегі қалытқы тұңғиыққа тастай батып кеткенде, қармағына іліккені жайын балық болатын. Ал табан балықтар қалытқыны тартқылап, Дәуреннің епшілдігін сынағандай болды. Дәурен бос келген жоқ. Әсіресе, биылғы жылы қолының ебі бар екендігін достары да байқап, өзара әңгіме арасында мақтайтындарын айтсаңшы! Дәурен бұған мәз.

Балық аулаймын деп күннің түс ауып кеткенін Дәурен кеш байқады. Мамасының сөзі есіне түсті:

–Ау, достарым, мен үйге қайттым. Мамам «малға шөпті уақтылы бер» деген еді. Мен болсам ұзақ отырып қалыппын, – деп ұстаған балықтарын жинастыра бастады.

Үйге кірерде Дәурен ең алдымен малды қораға қарай бұрылды. Қора ішінен байқағаны – екі сиырдың алдында мол шөп. Жануарлар жеп тұр. Дәуреннің көңілі жайына түсті.

– Дәурен, балықты көп ұстапсың ғой, – деді Гүлнәр көйлектерді жуып жатып.

– Ия, Гүлнәр. Балықтың қызығына түсіп, кеш келдім.

– Сен кешіккен соң, малдарға шөп салып қойдым.

– Рақмет, Гүлнәр, – деді Дәурен ризашылығын білдіріп.

Сөйтті де, Гүлнәрдың жанында бос тұрған екі шелекті қолына алып, құдықтан су әкелуге кетті. Қайырымды әпкесіне осы сәтте қолынан келгенше көмек көрсеткісі келген еді.

Жұмыстан оралған мамасы Гүлнәр мен Дәуреннің үйді ұқыпты ұстағанына, малдарды тоқ тұтқанына, әрі тазаланған балыққа көңілі жадырады. Дереу кешкі тамаққа әзірленді. Енді бір сәтте Дәуреннің қайырымды әпкесі темір табаға май құйып, балықтарды қуырып жатты.

Мазмұндау жоспары:

  • Гүлнәр мен Дәурен.
  • Дәуреннің балық аулауы.
  • Кеш түсу.
  • Әпкесі Гүлнәрдың қамқорлығы.
  • Ризашылық білдіру.

 

Тірек сөздер: қалытқы, жайын балық, табан балық.

Сабақтың қорытындысы:

 

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Мазмұндама жұмысына арналған дәптерлерін жинап аламын.
  3. Үйге тапсырма:

 

ҚАЙЫРЫМДЫ ӘПКЕ

Гүлнәр мен Дәурен үйде қалды. Мамасы жұмысқа кетерде, малға уақтылы шөп салуды Дәуренге ескертті.

Гүлнәр үй ішін сыпырды, еденді таза шүберекпен сүртті. Терезе алдында үлкенді-кішілі құмыраларда өсіп тұрған үй гүлдеріне сұй құйды. Қатқыл тартқан гүл түптерін босатты.

Дәурен достарымен бірге балық аулауға кетті. Ауыл жанындағы өзеннен он шақты балықты түске дейін қиналмай-ақ ұстады.

Су бетіндегі қалытқы тұңғиыққа тастай батып кеткенде, қармағына іліккені жайын балық болатын. Ал табан балықтар қалытқыны тартқылап, Дәуреннің епшілдігін сынағандай болды. Дәурен бос келген жоқ. Әсіресе, биылғы жылы қолының ебі бар екендігін достары да байқап, өзара әңгіме арасында мақтайтындарын айтсаңшы! Дәурен бұған мәз.

Балық аулаймын деп күннің түс ауып кеткенін Дәурен кеш байқады. Мамасының сөзі есіне түсті:

–Ау, достарым, мен үйге қайттым. Мамам «малға шөпті уақтылы бер» деген еді. Мен болсам ұзақ отырып қалыппын, – деп ұстаған балықтарын жинастыра бастады.

Үйге кірерде Дәурен ең алдымен малды қораға қарай бұрылды. Қора ішінен байқағаны – екі сиырдың алдында мол шөп. Жануарлар жеп тұр. Дәуреннің көңілі жайына түсті.

– Дәурен, балықты көп ұстапсың ғой, – деді Гүлнәр көйлектерді жуып жатып.

– Ия, Гүлнәр. Балықтың қызығына түсіп, кеш келдім.

– Сен кешіккен соң, малдарға шөп салып қойдым.

– Рақмет, Гүлнәр, – деді Дәурен ризашылығын білдіріп.

Сөйтті де, Гүлнәрдың жанында бос тұрған екі шелекті қолына алып, құдықтан су әкелуге кетті. Қайырымды әпкесіне осы сәтте қолынан келгенше көмек көрсеткісі келген еді.

Жұмыстан оралған мамасы Гүлнәр мен Дәуреннің үйді ұқыпты ұстағанына, малдарды тоқ тұтқанына, әрі тазаланған балыққа көңілі жадырады. Дереу кешкі тамаққа әзірленді. Енді бір сәтте Дәуреннің қайырымды әпкесі темір табаға май құйып, балықтарды қуырып жатты.

 

5

Автор публикации

не в сети 7 лет

asanovainur

1
Комментарии: 0Публикации: 1Регистрация: 05-04-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля