СЫН ЕСІМНІҢ ЗАТТАНУ ПРОЦЕСІ , СЫН ЕСІМНІҢ СИНТАКСИСТІК ҚЫЗМЕТІ

10 апреля, 2018 9:25

СЫН ЕСІМНІҢ ЗАТТАНУ ПРОЦЕСІ

Қай тілде болмасын, сөз топтары арасында бір-біріне ауысу, алмасу процестері болып отыратындығына ғалымдар ертеден көңіл бөлген. А.Байтұрсыповтың “Тіл-кұралында” “сын есімнің кейбіреулері зат есімнің орнына жүреді, мәселен, арзан еттің сорпасы татымас” деғеннің орнына “арзанның сорпасы татымас” деп айтылады. “Арзан еттің” деген екі сөздің орнына “арзан” деген жалғыз сөз жарап тұр. Сондықтан мұндай зат пен сын орнына бірдей жүретін сөздерді зат-сын (7,219),-деп атаған, әрі зат-сынның зат есім секілді түрленетіндігі айтылган.

Сын есімнің бұл ерекшелігі кейінгі окулықтарда да ескерілді. Өйткені сын есімдердің заттык ұғымда қолданылуы- тілімізде жиі кездесетің кұбылыс. Мысалы, Үлкен бастар, кіші қостар. Жақсының шарапаты тиер тар жерде, жаманның кесапаты тиер әр жерде.

Осы сәйлемдердегі үлкен, кіші сөздері үлкен адам, кіші адам дегеннің орнына, жаксының, жаманның сөздері жақсы адамның, жаман адамның дегеннің орнына колданылып, зат есім секілді түрленіп тұр.

Сын есімдердің осылайша заттық мағынада зат есімге ауысып қолданылуы ғылымда сын есімнің субстантивтену процесі деп аталады.

Сонымеи бірге грамматнкаларда сын есімдердің заттану процесі біркелкі емес, кейбіреулері бүтіндей заттанып, біржола субстантивтенетіндігі де корсетілген (31, 91). Мысалы, сықпа, жайма, шайқор, жүлдегер т.б. Бұл сөздер сындык магынада да қолданылады: сықпа кұрт, жайма нан, шайқор адам, жүлдегер студент.

Осылайша сын есімдердің “эрі заттық, эрі сындык мағына білдіруінің негізгі себебі о бастағы зат есімнің атрибутивті қолданылуымен байланысты. Мұндай колданыс тілде анықтауыш деп аталатын синтаксистік қызметтегі сөйлем мушгсін қалыптастырган, ал бұл синтаксистік қатынастың тұрақгануы тілдің морфологиялық құрылымында сын есімнің дербес грамматикалық топ

ретінде калыптасуына негіз қалады. Қазіргі казак тіліндегі жас, бала, кедей, бай, ауру, жүдеу т.б. сөздердің атрибутивтік мэнде орнығуы-осы синтаксистік колданыстың нәтижесі(32 ,468),”-деп түсіндіріледі.

СЫН ЕСІМНІҢ СИНТАКСИСТІК ҚЫЗМЕТІ

Сөздерді тапқа бөлудің үшінші ұстанымына сай эр сөз табы сөйлемде белгілі бір кызмет аткарады. Сын есім мағына жағынан заттың сынын, белгісін білдіретін сөздер болғандыктан, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болады(65 ,198). Мысалы,

Когілдір көкте калқиды,

Кок ала бұлттар тек баяу.

Кокпецбек теңіз шалқиды,

Көп еді неткен көк бояу. (К.Ахметова)

Осы өлең жолдарындағы сын есімдер зат есім алдында тұрып, анықтауыш болып тұр. Сын есімнің зат есім алдында келіп тіркесуі- тілдегі калыптасқан заңдылық. Бірак сөйлемде зат есім түсіп қалып, сын есім орнына орнына коданылатын кездері де болады, яғни сын есім заттанып колданылатындығы жоғарыда айтылды. Мұндай жағдайда сын есім зат есімдер секілді түрленеді. Мысалы, Жаманга жақсы сөз өтпес (С.Сарайи). Өнсрлінін капасы нақ, онсрсіздін өкініші жок (А.Иүгінеки). Осы сөйлемдердегі жаманга, онсрлінін, онсрсіздіц сөздері заттанып, барыс және ілік септіктер тұлғасында тұр.

Сын есімдер заттанған кезде табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде келіп, толыктауыш кызметін аткарады. Мысалы, Жаксыға сұктан, жаманнан сақтан.

Сын есім сейлемде етістіктің алдында тұрып, кимыл, іс-эрекеттің сынын білдіріп, пысыктауыш болады. Мысалы, Дәрмен мен Мэкеннің колында тұрса, баска мінез өзінен шықпайтынын саналы эйел жақсы аңғарды (М.Әуезов). Мына кып-кыска хаттан ана көңілінің алаңы анық сезіледі.

Сын есім заттанганда атау септікте тұрса, сөйлемде бастауыш болады. Мысалы, Жақсылар байкап сөйлер, білімсіздер шайқап сөйлер.

Сын есім жіктік тұлғада тұрып, сөйлемнің баяндауышы да болады. Мысалы, Толык айдың сүтіне шомылған түнгі айнала тып-тыныш (Қ.Қазиев). Үйдің іші мұнтаздай тап-таза (С. Бақбергенов).

 

г)    Сын есімнің негізгі синтаксистік қызметі

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля