Автомобильдің жылжымалы құрамдарына техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу туралы ережелер

6 октября, 2017 13:09

Бұрыннан қалыптасқан жағдайға байланысты автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу бойынша жоспарлы ескерту техникалық қызмет көрсету жүйесі қабылданған. Ол, негізінен, машинаның тозу заңдылығына сәйкес жоспарлы үйымдастырылған техникалық шаралар: машинаның техникалық жағдайын алдын ала бақылау, қызмет көрсету және жөндеу жүргізуге бағытталған жұмыстар есебімен қүрылған. Ол шаралар екіге бөлінеді:

1.    Бөлшектердің тозу қарқындылығын кемітуге бағытталған (майлау, реттеу, бекіту және жуу-жинастыру) жұмыстар.

2.    Ақауларды жоюға бағытталған (агрегаттарды, түйіндерді, бөл- шектерді ауыстыру, тозған бөлшектерді жөндеу) жұмыстар.

Бірінші шара — техникалық қызмет көрсету, екіншісі жөндеу кезінде орындалады.

Жоспарлы ескерту шарасы техникалық қызмет көрсету жүйесінің қызметін жэне жөндеу жұмыстарының көлемін, эрі мезгілділігін алдын ала белгілейді. Ол жұмысты белгілі жоспар бойынша орындау керектігін білдіреді.

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі: автомобильдерді жұмыс істетіп төселту, техникалық қызмет көрсету, мезгілді техникалық қарау, жөндеу және сақтау жұмыстарынан тұрады.

1.    Жөндеуден өткен немесе жаңа машинаны жұмыс істетіп төселту — автомобильдердің тетіктерінің бетін жүктемесіз жұмыс істеу арқылы тегістеу.

2.    Техникалық қызмет көрсету: машинаны жуу жэне тазалаудан; механизмдерді реттеуден және басқа да жұмыстардан; қалыпты техникалық жағдайын сақтаудың жан-жақты әрекеттерінен тұрады.

Жоспарлы ескерту, техникалық қызмет көрсету жүйесі (жоспар бойынша) автомобильді белгілі жол жүргеннен кейін мәжбүрлі түрде кезекті техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындауға қоюды қажет етеді, онда белгілі бір кешенді жұмыстар орындалады, ал жөндеу жұмыстарын автомобильдің агрегаттарында пайда болған ақауларды жойып, қалпына келтіру үшін қажет етілген жағдайда ғана атқарады

Автомобильдерге, орындалу уақыты және операциялардың мазмұны бойынша техникалық қызмет көрсетудің келес түрлері жүргізіледі:

—        күнделікті ЕО, бұдан былай — КТҚ;

—        бірінші ТО-1, … ТҚ-1;

—        екінші ТО-2,… ТҚ-2;

—        маусымдық СО, … МҚ.

Бүліну дәрежесіне және бөлшектердің тозу ерекшеліктеріне, сондай-ақ жөндеу жұмысының еңбекті қажетсінуіне байланысты жөндеудің келесі түрі қолданылады:

—        ағымдық жөндеу, бұдан былай — АЖ;

—        күрделі жөндеу, бұдан былай — КЖ.

Автомобиль кәсіпорындарында пайдалану жағдайына байланысты (климаттық жағдай ескеріледі) техникалық қызмет көрсету жэне жөндеу ережесі техникалық қызмет көрсету жұмыстарының мерзімділігін анық- тайды.

Мысалы, пайдалану жағдайы 1-санат үшін қоңыржай климатты аймақта техникалық қызмет көрсету мерзімділігі бойынша келесі жол жүру шақырым нормасын сақтау қажет.

Автомобильдерді пайдалану Ережесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 28.02.2008 ж. N 203-Қаулысымен бекітілген көрсеткіш төменде келтірілген:

ТҚ-1 ТҚ-2

Жеңіл автомобильдер ………………………….. 5000  20 000

Жүк автомобильдері ……………………………. 4000  16 000

Автобустар …………………………………………… 5000  20 000

Өзі түсіретін автомобильдер ……………….. 2500  10 000

Жасаушы-зауыт кейде өзінің нормативін ұсынатындығын ұмытпаған дұрыс, ондай жағдайда техникалық қызмет көрсету жұмысын орын- дағанда, сол кестені басшылыққа алу қажет. Мысалы, ГАЗ-33021 «ГАЗель» автомобилі үшін ТҚ-1 — 10 000 шақ., ТҚ-2 20 000 шақ. жол жүргеннен кейін жасалуға тиіс. Сол сияқты шетел автомобильдеріне де зауыттың орнатқан мерзімділігі бойынша техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі.

КамАЗ автомобильдеріне техникальщ қызмет көрсету тәсілі: бастапқы мерзім жэне негізгі пайдалану мерзімі болып екіге бөлінеді.

Бастапқы пайдалану мерзіміндегі техникалық қызмет көрсету:

—  күнделікті техникалық қызмет көрсету; (тәулігіне бір рет).

—   бірінші 1000 шақ. жол жүргеннен кейінгі техникалық қызмет көрсету, оны сервис А деп атайды.

—   бірінші 4000 шақ. жол жүргеннен кейінгі техникалық қызмет көрсету, оны сервис В деп атайды.

—   бірінші 8000 шақ. жол жүргеннен кейінгі техникалық қызмет көрсету, оны сервис 1 деп атайды.

—   екінші 12000 шак. жол жүргеннен кейінгі техникалық қызмет көрсету, оны сервис 2 деп атайды.

КамАЗ автомобиль зауыты 2006 жылдан кейін шыққан көрсетілген маркалы автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мерзімділігін өзгерткен. Оны Еуропалық стандартқа көшудің алғашқы қадамы деп есептеуге болады. Ол төменгі 2-кестеде қөрсетілген.

Шет елдерде автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мерзімділігі

Техникалық қызмет көрсету кестесі

(1-санат жағдайында пайдаланылатын 01.07.2006 жылдан кейін
шыққан жаңа КамАЗ-6460, 5460, 53002, 6360 үшін)

 

Негізгі пайдалану мерзіміндегі техникалық қызмет көрсету:

 

 

0

Автор публикации

не в сети 2 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля