Аккумулятор батареясына техникалық қызмет көрсету

30 ноября, 2017 15:45

Күнделікті қызмет көрсету (КҚ) — қозғалткышты іске қосар алдын- да аккумулятор батареясының жалпы жағдайы мен бекітілісін тексе- ру керек. Моноблок пен қақпақта сынық болған кезде, өткізгіштердің окшаулағыштары бүлінгенде немесе полюсті шығындары тотыққанда, батареяның сырты ластанғанда аккумулятор батареясын пайдалануға болмайды.

 

Аккумулятор батареясының техникалық жағдайы мен куатталған дэрежесін қозғалтқышты стартермен іске қосқан кездегі жеңілдіктен байқауға болады. Пайдалану кезінде аккумулятор батареясының са- палы қуатталуы туралы мәлімет беретін тексергіш жэне белгі беретін кұралдарды байқап отыру қажет, егер апаттық кызыл белгі жанған болса, ақау жойылғанша пайдалануды тоқтату қажет.

Бірінші техникалық қызмет көрсету (ТҚК-1) — күнделікті кызмет көрсету жұмыстарына қосымша бекіту жұмыстарын мұқият орындайды. Шығын істіктерден клемманы шешіп алып, олардың жағдайын тексереді. Егер түйіспелердің беттері тотыккан болса, оларды ұсақ ұнтақты егеуқұммен немесе арнайы кұралдармен (метал щетка жэне т.б.) тазалай- ды, одан кейін оларды техникалық вазелинмен немесе қышқылға қарсы аэрозолді жұка қабат етіп жағады. АКБ сырты мен желдеткіш тесіктерін мұқият тазалап жэне ауамен үрлейді. ТҚК-1 кезінде немесе жылдың ыстық мезгілінде күнделікті аккумулятор батареясындағы электролит мөлшерін тексеру керек.

Екінші техникалық қызмет көрсету (ТҚК-2) — күнделікті және алғашқы техникалық кызмет көрсету жұмыстарына қосымша, екінші техникалық кызмет көрсету кұрамына АКБ қуатын жэне аккумулятор

 

батареясының толықтай техникалық жағдайын анықтау үшін, жай-күй
анықтау жұмыстары жүргізіледі. Денсиметр қалытқысы бар ареометр
қүралымен АКБ қуаттылығын сипаттайтын электролит тығыздығын
тексереді, ал жүктеме ашасы көмегімен полюсті шығындардағы кернеуді
тексереді. Аталған жұмыстарды қышқылға берік қабатпен қапталған
үстелі бар аккумулятор цехтарында орындаған жөн. Керек болған
жағдайда аккумуляторлардағы электролит тығыздығын тексеріп, төмен
болса, қалыпты жағдайға келтіреді (мысалы, жоғарғы тығыздықты элек-
тролит қосады). Егер аккумуляторлардағы электролит тығыздығының
өзгешелігі 0,02 г/см3 артық болса, аккумулятор батареясын 1-2 сағат
қуаттандырып жэне қайта электролит тығыздығын түзету қажет. Элек-
тролит тығыздығының 0,01 г/см3 төмендеуі (25°С келтірілген) аккумуля-
тор батареясының 5-6% куатын жоғалтқанын білдіреді. Осыған орай, егер
Қазақстан Республикасының орталық жэне оңтүстік өңірлерінде толық
қуатталған батарея үшін электролит тығыздығы 1,27 г/см3 болса, онда
тығыздықты тексергенде 1,23 г/см3 дейінгі шамада болса, ол 25% қуатын
жоғалтқан болып саналады (жылдың суық мезгілінде пайдаланудың шекті
рұқсат етілген қуатсыздану). Ал электролит тығыздығы 1,19 г/см3 дейін
төмендеген болса, ол батареяның 50% қуатын жоғалтқанын білдіреді
(жылдың жылы мезгіліндегі пайдалануға рұқсат етілген қуатсыздану).
Жылдың суық мезгілінде пайдалануға шектеу 1,23 г/см3 болуы себебі,
ол АКБ энергия сыйымдылығының төмендеуіне экеп соқтырады, ал
ол қозғалтқышты стартермен іске қосқан кезде қиындықтар тудырады
жэне төмен тығыздықты электролит суықта қатып қалуы мүмкін. Элек-
тролит суықтан қатып қалса, онда АКБ моноблогының, тілімдері мен
сепараторының бұзылуына әкеп соғады.Сондықтан электролиттің тығыздығы
жоғары болғанмен де аккумулятор бата-
реясының қызмет ету мерзімі азаяды.
Солтүстік аумақтарда электролит тығыз-
дығын 1,30 г/см3 келтіреді, ал оңтүстік
аумақтарда тек 1,26 г/см3 теңестіреді.Аккумулятор батареясына техникалық
қызмет көрсеткен кезде, оның жұмыс
істеген уақытында жойқын газ пай-
да болады, сондықтан оны тексергенде
ашық отты қолданып тексеруге тый-
ым салынатынын есте сақтау қажет.
Автомобильді қарқынды пайдалану
кезінде қызмет көрсетілетін аккумуля-

 

тор батареясындағы электролит мөлшерін ТҚК-1 немесе жылдың ыстық мезгілінде күнделікті тексеріп, қалыпты мөлшерге келтіру керек. Электро- лит мөлшерін қалыпты жагдайға келтіру үшін сүзілген суды қолданады. Өйткені электролит қызған кезде тек су ғана буға айналады.

Электролит мөлшерін тексеру. Аккумулятор батареясының ішіндегі электролиттің көлемін электролиті құюға арналған тесіктері арқылы ішкі диаметрі 3-5 мм шыны түтігінің көмегімен анықтаймыз. Шыны түтікті аккумулятордың сақтандырғыш қалқанына тақалғанша енгізеді, одан кейін оның сыртқы жақтағы тесігін саусақ ұшымен нығыздап жауып, түтікті суырып аламыз. Шыны түтіктеғі электролит биіктігі батареядағы электролит көлемін білдіреді. Аккумулятордағы қалыпты көлем 12-15 мм кұрайды. Индикаторы бар батареяларды электролит көлемі онымен бір деңгейде немесе одан 5 мм биік болуы қажет.

 Электролит көлемін тексеру
Электролитті аккумуляторлық күкірт қышқылы мен сүзілген судан дайындайды. Аккумулятор сенімді жұмыс істеуі үшін, электролиттің жоғары дэрежеде тазалығы қажет. Техникалық күкірт кышқылы мен сүзілген суды пайдалануға рұқсат етілмейді. Өйткені сульфаттану үдерісі жеделдейді, сыйымдылық азайып жэне тілімдер бұзылады. Егер пай- далану кезінде судың буға айналып ұшып кетуінен электролит көлемі төмендесе, батареяға сүзілмеген суды құюға болады. Егер электролит көлемі шамадан тыс көп болса, оны азайту қажет. Электролит көлемін төмендетпесе, ол батареядан сыртқа шашылуы мүмкін.

Электролитті дайындаған кезде күкірт қышқылын сүзілген суға ақырын сорғалатып кұяды жэне бір мезгілде қоспаны таза шыны неме- се эбонитті затпен араластырады. Суды күкірт қышқылына кұюға бол- майды, өйткені суды күкірт қышқылына құйған кезде қоспаның жоғарғы қабаттарында жоғарғы мөлшердегі жылу бөлінеді жэне соның салдары-

 

нан электролит шашырайды. Шашыраған электролит күйікке алып келуі мүмкін. Электролитті эбониттен, фарфордан немесе басқа да қышқылға шыдамды материалдардан жасалған ыдыстарды дайындайды.

Батареяға электролитті кұйғаннан кейін оны қуаттандыру керек, егер ол шыққан уақытынан кейін 12 ай сақталған болса немесе алғашқы пай- далану кезеңі қозғалтқышты жылдың суық мезгілінде үнемі іске қосумен болса. Батареяға электролитті құйған кезде сеператор мен тілімдер өзіне оны сіңіріп алады жэне электролит көлемі төмендейді. Сондықтан бата- реяны орнатардың алдында электролиттің көлемін қалыпты жағдайға келтіру қажет. Аккумулятор батареясын 40° градустан артық шалқайтуға болмайды.

Аккумулятор батареясын қуаттандыру кезінде тез қайнауы мен газ бөлінуі оның тілімдерінің қысқа тұйықталғанын білдіреді. Батареяны тым жоғарғы күшті токпен қуаттандырғанда, стартерді ұзақ қолданғанда жэне автомобиль электр тізбегінің қысқа тұйықталғанында батареяның тілімдерінің бұзылуы орын алады.

Тілімдер қысқа тұйықталғанда батареядан электролитті ағызып алып, батареяны сүзілген сумен шайып, бөлінген активті массаны жою қажет. Егер активті массаны жою мүмкін болмаса, қазіргі заманғы аккуму- лятор батареялары бұрынға батареялар сияқты бұзылып-жиналмайды. Сондықтан қысқа тұйықталуға басқа да бір шара қолдана алмаймыз. Ак- кумулятор батареясын бүтіндей ауыстыруға тура келеді.

Автомобильдердің моделіне байланысты аккумулятор батареялары қызмет көрсетуді талап ететін, қызмет көрсетілмейтін немесе кызмет көрсету жұмыстарының төменгі еңбек сыйымдылығын талап ететін және мүлдем қызмет көрсетуді талап етпейтін болып бөлінеді.

Қызмет көрсетілмейтін аккумуляторларға сүзілген суды үнемі құйып тұруға болады. Осындай аккумуляторлар қазіргі заманғы автомобиль- дердің көптеген бөлігінде орнатылған. Бұл аккумуляторлардың сақтау температурасы 0°С-тан 27°С-қа дейін. Осы аккумуляторлардың қысқыш- тарын үнемі тазалап жэне техникалық вазелинмен немесе арнайы май- лармен майлап тұру қажет. Оларды жақсы желденетін бөлмелерде немесе бөлмеден тыс жерлерде қуаттандырған жөн.

Егер аккумулятор батареяларын қатталған күйінде сақтайтын болсақ, онда оны 3 айда бір рет қуаттандыру қажет. 6СТ-55А батарея- лары мен еуропалық өндірушілердің аккумуляторларын 1 жылға дейін қуаттандырусыз сақтауға болады.

Аккумуляторды шешіп алу және оны қуаттандыру. Аккумуляторды шешіп алмас бұрын, автомобильдің оталдыру жүйесі мен жарықтандыру аспаптарын өшіру қажет. Кейбір автомобильдерде ұрлауға қарсы қондыр-

 

ғылар орнатылған болса, аккумуляторды ажыратпас бұрын радиокод ор- нату керек. Егер аккумулятор батареясы қакпақпен жабылған болса, оның бұрамаларын босатып және шешіп алу керек. Содан кейін аккумулятордан (шығын жанында «-» белгісі бар) «масса» кабелін бірінші шешіп алып, со- нан кейін оң кабелін шешеді.

Егер қызмет көрсетілмейтін немесе төменгі қызмет көрсету жұмыс- тарын талап ететін аккумуляторларға сүзілген су құю қажет болса, бұрауыш көмегімен тығындарды бұрап, шешіп аламыз жэне сүзілген сумен толықтырамыз. Егер аккумулятордын он жэне теріс кабелін ағытып тастайтын болсақ, автомобильден аккумуляторды шешпей-ақ куаттандыруға болады. Қуаттандыру алдында электролиттің мөлшерін тексеру қажет.

Қуаттандыру үшін аккумулятор батареясын сыйымдылығы 0,1-ге тең токты қолданған жөн. Мысалы, сыйымдылығы 55 А тең батарея- ны қуаттандыру үшін 5,5 А ток қолданылады. Аккумуляторды жақсы желденетін ғимаратта қуаттандыру керек. Егер аккмулятор автомобиль- де орнатылған болса, онда автомобильдің капотын ашып қою қажет. Ак- кумулятор батареясын барлық аккумуляторларында жойқын газ пайда болғанша қуаттандырады (автомобильдерде қызмет көрсетілмейтін акку- мулятор орнатылса, бұл ереже ескерілмейді). Қуаттандырудан кейін элек- тролит тыгыздығын тексереді, керек болған жағдайда сүзілген су кұяды. Егер элетролит тығыздығын тексеру барысында бір бөлігіндегі тығыздық (0,04 г/смЗ артық) төмен болса, мысалы, бір аккумуляторда 1,28 г/смЗ, ал біреуінде 1,18 г/см3 болса, оны ауыстырады (автомобильдерде қызмет көрсетілмейтін аккумулятор орнатылса, бұл ереже ескерілмейді). Бұдан кейін қуаттандыруды аккумуляторда жойқын газ пайда болғанша 20 ми- нут қайталайды.

Аккумулятор батареясы отырып қалған жағдайда жэне стартермен иінді білікті айналдыра алмаса, ал қозғалтқышты тіркеумен оталдыру мүмкін болмаса, тұрақ тежеуін тартып, карбюратордың ауа қақпағын жа- уып, домкрат көмегімен сол тартқыш дөңгелегін көтеріп, төртінші немесе бесінші берілісті қосып, дөңгелекті қозғалыс бағыты бойынша айналдыру қажет.

Қозғалтқыш іске қосылғаннан кейін, берілісті өшіріп жэне домкратты түсіріп, шешіп алу керек.

Қазіргі уақытта аккумулятор батареяларының жаңа үлгілері шығуына байланысты батареяны жөндеу жұмыстары жүргізілмейді, тек оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстары көрсетіледі. Олар аккумуля- тор батареясын тексеріп жэне қысқыштары мен клеммаларын тазалау

 

жұмыстарын, батареяның қуаты мөлшерін тексеру индикаторын бақылау жұмыстарын қамтиды.

Аккумуляторды орнату. Автомобильге аккумулятор батареясын орнатқан кезде есте сақтау қажет: шамадан көп сыйымдықты аккумуля- тор батареясын автомобильге орнату тек уакытша ғана ұтымды болып келеді. Өйткені мұндай аккумулятор батареялары пайдалану кезінде ге- нератор қондырғысы көмегімен толық қуатталмайды. Сондықтан тек автомобильдің эр маркасына тән сыйымдылықты аккумулятор батареяла- рын орнатқан жөн.

Автомобильге жаңа электролит кұйылған аккумулятор батареясын орнатқан кезде, оның қуатталғанын жэне электролитінің тығыздығын тек- серу керек. Жаңа аккумуляторға электролит кұйған соң 3 сағаттан кейін оның тығыздығын тексеру қажет, егер ол қалыпты жағдайдан төмен бол- са, аккумуляторды куаттандыру керек.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля