Автомобильді нақты пайдалану жағдайында техникалық қызмет көрсету және жөндеу нормативтеріне тұзету енгізу

7 октября, 2017 9:17

Техникалық қызмет көрсету (ТҚ) және жөндеуге нормативтер автомобильдерді пайдалану жағдайындағы нұсқа (эталон) бойынша анықталады. Пайдалану жағдайының нұсқасы ретінде жүрген жолы, күрделі жөндеуге дейін жүретін жолдың 50-75%-ын құрайтын автомобильдер жұмысы алынады. Ол — қоңыржай климаттық аумақта асфальттанған қала маңындағы жолмен автомобильдің қозғалысы. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу автомобиль жөндейтін кэсіпорында құрамында 200- 300 автомобилі бар автопаркте орындалады.

Жұмыс басқа пайдалану жағдайында атқарылатын болса, техникалық қызмет көрсету және жөндеу нормативтеріне түзету енгізіледі. Ондай нормативтерге түзету енгізудің екі түрі бар.

Нормативтерді түзетудіц бірінші түрі — қорлық автомобильдің сенім- ділік деңгейінің өзгеруіне негізделген, эртүрлі пайдалану жагдайында жұмыс істейтін, материалдық қорды өзгертуге апаратын, автомобильдер- ге техникалық қызмет көрсету жэне жөндеу жүргізу үшін қажет.

Нормативтерді түзетудің екінші түрі — оперативті техникалық қызмет көрсету (ТҚ) операцияларының құрамын өзгерту арқылы автомобильдердің жұмысқа қабілеттілігін арттыру мақсатымен осы автопарктің ерекшелігі жэне автомобильді пайдалану жагдайында автопаркте жүргізіледі.

Оперативтік түзету автопаркте тек Ереженің ұсынысы бойынша нормативтер енгізілгеннен кейін осы жүйенің дәлелді көрсеткіштеріне сүйеніп, ақауларын, ТҚ және жөндеуге кеткен шығынын, сондай-ақ бақылау, жай- күй анықтау жүмыстарының нэтижелері ескеріліп атқарылады.

Әртүрлі пайдалану жағдайында жұмыс істейтін автомобильдердің сенімділік деңгейінің өзгеруіне байланысты нормативтерді түзетудің мақсаты бар, ол түзету түрлері (қорлық) Ережелерімен тэртіптеледі. Бұл түзету әртүрлі пайдалану жағдайында автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша материалдық қорды өзгертуге әсер етеді.

Түзету енгізгенде негізгі бес фактор ескеріледі:

Пайдалану санатының жагдайы. Автомобильдерді жөндеу жэне оларға техникалык қызмет көрсету нормативтерін түзету, пайдалану жағдайына байланысты олардың жіктелуіне сәйкес атқарылады. Пайдаланудың бес санаты бар, ол төменгі кестеде көрсетілген (4-кесте).


Жылжымалы цұрамдардың түрленуі және олардың жүмыстарын үйымдастыру. Нормативтер қалыптасқанда көлік құралдарының түрлері жэне нұсқасы бойынша түзету қажеттілігі ескеріледі. Ол К2 коэффициентімен түзетіледі (төменгі 3-кестеде).


Табиги климаттық жагдай ТҚ мерзімділігін АЖ-дің меншікті еңбек қажеттілігін және күрделі жөндеуге дейінгі жүретін жолды анықтауда есептеледі. Ол КЗ коэффициентімен атқарылады.

Пайдаланудың басынан бастап жүрген жолга түзету енгізгенде, АЖ- дің меншікті еңбек қажеттілігі есептеледі. Ол К4 коэффициентін қолдану арқылы іске асады.

Жылжымалы қүрамдардың топталу деңгейі. Нормативтерге түзету енгізгенде, автопарктің көлемі және қызмет көрсететін парктің әртүрлі маркалылыгы ескеріледі. Түзету енгізу үшін К5 коэффициенті пайдаланылады.

 

0

Автор публикации

не в сети 2 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля