Қозғалтқыш майын ауыстыру

26 ноября, 2017 18:47

Майлау жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін қозғалтқыштың майын ауыстыру қажет.

 

Майлау жүйесіндегі майды қозғалтқыш жұмыс температурасына дейін (салқындату сұйықтығының температура- сы 80°С шамасында) қызып тұрған уақытта ауыстырады. Майды ауысты- ру кезінде автомобильдің астына жұмыс істелген майды құйып алу үшін ыдыс қойып, майды құюға арналған тесігінің тығынын ашып, картер табандығының тығынын ағыту қажет. Картердің тығыны оның ең төменгі нүктесінде орналасқан. Содан кейін майды толық ағызып алу қажет. Майдың толық ағуына 10 минуттан кем емес уақыт керек. Содан кейін жаңа төсемені орнатып, тығынды орнына орнатады.

Қозғалтқыштың майын ауыстырғанда, май сүзгісін де қоса ауыстыра- ды. Май сүзгісін тек ластанғаны үшін емес, оның ішінде 0,5 л ластанған май болғандығынан да ауыстырады. Май сүзгісін ауыстырған соң, соны- мен қатар ауа сүзгісін де қоса ауыстырады.

Автомобиль белгілі бір жол жүргеннен кейін, таратқыш білігі мойынтіректерінің гұрқысында шайыр тәріздес жабысқақ зат бар екені анықталса, майлау жүйесін жуу қажет.

Майлау жүйесін жуу үшін: қозғалтқыш тоқтағаннан кейін майды ағызып алып, май сүзгісін шешпей, жууға арналған майды май көлемін тексеруге арналған қармауыштың «МШ» белгісіне дейін құю қажет; қозғалтқышты іске қосып жэне осы майда 10-15 минут бос жүрісте иінді

 

біліктің төменгі айналу жиілігінде жұмыс істету қажет; жууға арналған майды толық ағызып алып жэне ескі сүзгісін жаңасына ауыстыру қажет; автомобильдің пайдалануға арналған нұсқаулығы бойынша жаңа майды құю қажет. Майсүзгіні ауыстырмас бұрын, оның бекітілетін жерін таза матамен сүртіп жэне сүзгінің резеңке төсемесін жаңа қозғалтқыш майы- мен майлау қажет.

Майсүзгіні ауыстырғаннан кейін, қозғалтқышқа жаңа майды «МШ» жэне «МАХ» белгілерінің арасына дейін жететін етіп құяды. Содан кейін қозғалтқышты іске қосып жэне иінді біліктің төменгі айналымын- да 1-2 минут жұмыс істетеді. Содан кейін қозғалтқышты тоқтатып, май картерге ағып түскеннен кейін, май көлемін қайта тексереді жэне майды толықтырады.

Таратқыш білігі мойынтіректерінің тұрқысында шайыр тәріздес жа- бысқақ зат пайда болса, 3 жылда бір рет майлау жүйесін ВНИИНП-ФД майымен жуады. Егер мұндай май жоқ болса, онда 50% қозғалтқыш май- ынан 50% дизельдік жанармайдан тұратын қоспаны қолдануға болады. Сонымен қатар майлау жүйесін жуу мақсатында қозғалтқыш майын да қолдануға болады.

Автомобильді пайдалану кезінде тек сол автомобильдің пайдалану нұсқаулығында көрсетілген май үлгісін қолдану қажет.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля