Автомобильдердің жай-күйін анықтау жүмыстарын үйымдастыру

11 октября, 2017 12:14

Автомобильдердің жай-күйін анықтау — техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесінің элементтері болып есептеледі. Автокөлік кәсіпорнында эр автомобильдің технйкалық жағдайы туралы жеке бағытталған ақпарат сол техникалық қызмет көрсету және жөндеу үдерістерін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты автопаркте жай-күй анықтау жүмысын ұйымдастыру техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмысын ұйымдастырумен барабар. Автомобильдің жол жүргендегі жағдайын бақылау: автомобильге бірге орнатылған жай-күй анықтағыш аспаптар арқылы; ауысымдық техникалық қызмет көрсету және бақылау жүргізу арқылы атқарылады, ол ТҚ-1 кешенді Д-1 жай-күй анықтау жұмыстарын атқарумен жалғасады. Техникалық қызмет көрсету және ағымды жөндеу (АЖ) жүргізудің алдында тереңдетілген жай-күй анықтау Д-2 жүргізіледі. Техникалық қызмет көрсету жэне ағымды жөндеу барысында анықталған ақауларды жою үшін кешенді жай-күй анықтау Др қолданылады.

Қуаттылығы орташа автопарктерде көп тараған жай-күй анықтау жұмысын ұйымдастыру түрі көрсетілген (3.1-сурет).

Шағын автомобиль кәсіпорындарында Д-1 жэне Д-2 жұмыстарын бір бөлімге біріктіреді, мұндай жағдайда стационарлы құрамдастырылған құралдар пайдаланылады. Қуаты орташа автопарктерде Д-1 және Д-2 бөлімдерін арнаулы етеді де, ал ДР күй анықтау жұмысын жүргізу үшін Д-2 бөлімшесін пайдаланады. Үлкен автопарктерде ДР күй анықтау бөлімшесін де бөлек жабдықтайды.

0

Автор публикации

не в сети 11 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля