Автомобильдерге техникалық қызмет көрсететін жэне жөндейтін өндірісті басқару

23 ноября, 2017 13:45

Өндірісті басқару деген — өндірістің жұмысын жақсартуға бағытталған іс-эрекет. Өндірісті басқару өндірістік базаны қосалқы бөлшектерді жэне материалдарды тиімді пайдалануға жағдай жасайды.

 

 

Өндірісті басқару сапасы, біріншіден, инженерлік-техникалық маман- дардың біліктілігіне байланысты.

Өндірісті басқаруды ұйымдасгыру автопарктің қуатына (өндірістік жоспар) байланысты. Тәжірибеде басқарудың эртүрлі үлгісі қолданылады. Кәсіпорынның көпшілігінде баскаруды өндірістің бастығы аткарады, ал бөлімдерде бөлім бастыктары басқарады.

Автопарктерде көлік құралдарына ТҚ жэне АЖ-ді ұйымдастырудың келесі тәсілдері қолданылады: мамандандырылған бригада; кешенді бри- гада; агрегатты-бөлімдік; тікелей бекеттік; агрегатты аймақтық жэне басқалар. Мұның ішінде алғашқы үшеуі кеңінен тараған.

Мамандандырылған бригада тәсілі. ТҚ және АЖ-дің эр жұмысын мамандандырылған бригада орындайды

 Мамандандырылган бригада тәсілі бойынша еңбекті .       үйымдастырудагы өндірісті басқару
Автопарктің техникалық қызметін басқаруды бұл жағдайда бас инже- нер атқарады. Ол өндірісті өзіне тікелей бағынышты кәсіпорынның бас- шылары арқылы басқарады.

КТҚ. ТҚ-1, ТҚ-2 жэне агрегаттарды жөндеу жұмыстарын жүргізуші бригадалардан, мамандандырылған жұмысшылардан құрастырылады, олардың өздерінің жұмыс көлемі, бөлек еңбекақы қоры болады. Жұмысты бұлай ұйымдастыру эр бөлімнің өзінің технологиялық бірқалыптылығын қамтамасыз етеді, оның ішінде жұмысшылардың қозғалысын жеңілдетеді

жэне баскару жұмысын оңайлатады. Жұмысты бұлай ұйымдастырудағы негізгі кемшілік — жұмыс сапасының төменділігі.

Тэжірибенің көрсетуі бойынша мұндағы кемшілік жұмысты орындаушылардың жауапкершіліктеріне байланысты.

Кешенді бригадалық тәсілі. Бұл тәсілде ірі автопарктің (мысалы, автоколоннаның) әр бөлімінің өз кешенді бригадасы болады, онда өзіне бекітілген автомобильдерге ТҚ-1, ТҚ-2 жэне АЖ жүргізіледі (25.2-сурет).

 Кешенді бригада тәсілі бойынша өндірісті басқару
КТҚ жэне агрегаттарды жөндеу орталыктандырылып орындала- ды. Бригада эртүрлі мамандықтардан кұралады да, өздеріне жүктелген жұмыстарды орындайды. Мұндай ұйымдастыруда ТҚ көрсету жұмыстарында жауапкершілік азаяды, одан басқа бұл тәсіл автомо- бильдерге ағымды ТҚ көрсету жұмысын ұйымдастыруды қиындатады. Материалдық-техникалық жабдықтар (қондырғы, қосалқы бөлшектер, материалдар т.б.) бригадалар бойынша бөлінеді, сондықтан олар тиімсіз пайдаланылады.

Агрегатты бөлімдік тәсіл. Бұл тэсілдің мэні ТҚ жэне жөндеу жұмыстарын өндірістік бөлімдерге толық бөліп беруден, олардың сапалы орындалуын талап етуден көрінеді (25.3-сурет).

Бұл бөлімдер өндірістің негізгі тармақтары болып табылады. Негізгі өндірістік бөлімдердің әрқайсысы ТҚ көрсету жэне АЖ бойынша бір немесе бірнеше агрегаттың жұмыстарын орындайды. Бұл үлгі бойын- ша өндірісті басқарғанда, моральдық жэне материалдық жауапкершілік нақты орындалады.

Ірі жэне орташа автопаркте жылжымалы құрамдарды қарқынды пайдаланғанда, ТҚ жэне АЖ бойынша бөлімдер санын төртеуден сегізге дейін қабылдайды.

 

Агрегатты-бөлімдік тәсіл бойынша басқару
Мұнда келесі бөлімдер қарастырылады:

—        қозғалтқышқа, ілініске, беріліс қорабына, карданды беріліске, редукторларға, шанақ механизмдеріне техникалық қызмет көрсету жэне жөндеу;

—        алдыңғы белдікті, рульдік басқаруды, артқы белдікті, тежеу жүйесін автомобиль аспаларына ТҚ көрсету жэне жөндеу;

—        электр жабдықтары жэне қоректендіру жүйесіне ТҚ жэне жөндеу;

—        шанақка, кабинаға ТҚ және жөндеу;

—        пісіру, желімдеу, дэнекерлеу, қаңылтыр жұмыстары, шанақтық жұмыстар;

—        шиналарға ТҚ көрсету жэне жөндеу;

—        механикалық жэне слесарьлық жұмыстар;

—        жинастыру-жуу жұмыстары.

Негізгі өндірістік бөлімге бекітілген автомобильдерге ТҚ жэне АЖ жұмыстары тұйық бекеттерде немесе ағымдық желінің тиісті бекетінде, ал қосалқы өндірістік бөлімдердің жұмыстары цехтарда, ТҚ көрсету желілерінде орындалады. Агрегаттық-бөлімдік тэсіл бойынша ұйымдастырылған ТҚ жэне АЖ өндірістік үдерістің барлық элементтерін, сондай-ақ қосалқы бөлшектердің шығынын мұқият есептеуді қарастырады.

Қазіргі қолданыстағы жоспарлы-сақтандыру жүйесі жол-көлік кұралдарына мамандандырылған бригадалық тәсіл бойынша қызмет көрсету жэне жөндеуді ұйымдастыру тәсілін қолдану орталықтан басқару жүйесі (ОБЖ) деп аталады.

Орталықтан басқару жүйесінің қарастыратындары:

—        басшылар арасындағы экімшілік жэне тікелей жұмыстарды айқындап бөлу;

 

—        акпараттық мәліметтерді жинау, өңдеу, сараптау;

—        жол-көлік құралдарына ТҚ жэне жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру;

—        біртекті жұмыстарды атқаратын өндірістік бөлімшелерді біріктіру;

_ байланыс құралын, есептеу техникасын, телемеханиканы қолдану;

—       өндірісті дайындау, айналымдағы косалқы бөлшектер қорын кұрау, қорды сақтау және реттеу, агрегаттарды табу, жұмысшыларды аспаптармен жабдықтау.

Өндірісті дайындау кешені айналу қорын керекті заттармен қамтамасыз ету, қосалқы бөлшектерді іріктеп алу, оларды жұмыс орын- дарына жеткізу, көлік құралынан шығарған агрегаттарды тасымалдау, жөндейтін аспаптарды үлестіру, көліктерді айдап келу, оларды сақтау ор- нына кою.

:__ Әкімшілікке багынышты

—-  Тікелей багыну

—-  Іскерлік байланьіс

ТҚ және АЖ ортальщтан басқаруды ұйымдастыру сүлбасы

 

ОБЖ екі бөлімнен тұрады:

—        оперативті басқару тобы (ОБТ);

—        ақпараттық өңдеу, саралау тобы (АӨСТ).

—        ОБЖ-ні бастық басқарады, ал тікелей жұмыстарды диспетчерлер орындайды.

Оперативтік басқару тобына (ОБТ) келесі жұмыстар тапсырылады:

—        ауысымды қабылдау (өндірістің жағдайымен танысу);

—        жедел жоспар жасау, реттеу, есептеу, ТҚ жэне АЖ жұмысын қадағалау.

Ақпараттық өңдеу, сараптау тобының (АӨСТ) міндеті барлық техникалық жұмыстарды бір жүйеге келтіріп, өңдеп жэне сақтауға арналған, сондай-ақ ТҚ көрсету жэне жөндеу жұмыстарын жоспарлаумен айналысады.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля