Технологиялық және жай-күй анықтағыш жабдықтар, қүралдар мен аспаптар туралы жалпы мәлімет

13 октября, 2017 10:53

Технологиялық, жай-күй анықтағыш жабдықтар, құралдар мен аспаптар автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және ағымды жөндеу жүргізу үшін колданылады. Автомобиль кәсіпорнындағы жабдықтар технологиялық және жай-күй анықтағыш болып бөлінеді.

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсететін және ағымды жөдеуге арналған технологиялық жабдықтар жалпы сипатына қарай: қызметі бойынша; жұмыс істеу тәсілі; технологияльщ орналасуы; жұмыс органдарының жетегі; автоматтандырылу деңгейі бойынша жіктеледі.

Жабдықтар атқаратын қызметіне қарай төмендегіше бөлінеді.

Жұмыс істеу тәсілі бойынша: инерциялы-соғатын; гидравликалық; пневматикалық; электрлі; электронды; біріктірілген болып бөлінеді. Жай-күй анықтагыш жабдықтар: метрлік; оптикалық; дірілді акустикалық болып бөлінеді.

Технологиялық орналасуы бойынша барлық құрылгылар төмендегіше: сыртқы; бірге орналастырылған; құрамалы болып бөлінеді.

Сыртқы құрылгылар автомобильден бөлек орнатылып, бақылауга, агрегаттарға қызмет көрсетуге арналган.

Бірге орнатылган құрылгылар тікелей автомобильге орнатылады да, уздіксіз және мезгіл-мезгіл бақылау жасайды.

Құрамалы құрылгылардың бір бөлігі автомобильге орнатылады да, екінші бөлігі бөлек жерге орнатылып, ақпарат жинайды.

Жұмыс органдарын жетектеу тәсілі бойынша барлық құрылғылар: механикалық; электрлі; гидравликалық; пневматикалық; құрамдастырылған болып бөлінеді.

Қолданылу мақсаты бойынша арнаулы жабдықтар автомобильдің тек бір түріне гана арналған жэне әмбебап жылжымалы құрамдардың барлық түріне қызмет көрсетуге арналған.

Жылжу дәрежесі және автоматтандырылган деңгейі бойынша барлық жабдықтар: жылжымалы; жылжымайтын; таситын; қолмен жұмыс істейтін; механикаландырылган; автоматтандырылған болып бөлінеді.

0

Автор публикации

не в сети 1 год

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля