Автомобильдерге АЖ жүргізуді үйымдастыру

25 ноября, 2017 13:50

Ағымдық жөндеу (АЖ) кажет болған жағдайда ғана жүргізіледі. Ағымдық жөндеудің жұмыс мөлшерін автомобильдің жүрген жолы мен меншікті еңбек қажеттілігі аркылы анықтайды. Меншікті нор- ма автопарктегі автомобильдердің түріне, санына, жылына, сондай-ақ пайдалану жағдайының дәрежесіне жэне аумақтың табиғи-климаттық жағдайына байланысты. Автомобильдің істен шығу жиілігі жэне АЖ-ге жүмсалатын шығынның мөлшері көп факторларға байланысты. Олардың негізгісі жүрген жолға, автомобильді пайдалану жағдайына, ТҚ көрсету жэне жөндеудің сапалылығына, жүргізушінің біліктілігіне байланысты.

 

Автомобильдердің ағымдық жөндеу жұмыстары бекетте жэне өндірістік бөлімдерде жүргізіледі. Бекетте жұмыстар тікелей автомобиль- де орындалады, ал өндірістік бөлімдерде автомобильден шығарылған агрегаттар, бөлшектер, тетіктер жөнделеді.

 

Көпшілік кәсіпорында автомобильдерге АЖ эмбебап бекеттерде жүргізіледі

Ірі автопарктерде АЖ жүргізетін мамандандырылған бекеттер қолданылады, ол орындалатын жүмыстың түріне байланысты меха- никаландырылған аспаптармен жабдықталады, бұл тәсілді қолданғанда орындалатын жұмыстың сапасы артады.

Мамандандырылған бекетте алдыңғы, артқы белдіктерді, беріліс қорабын, басты берілісті алып салуға, дөңгелектердің сомынын бұрауға, қораптардағы майларды төгуге арналған қондырғылар қойылған.

Бекеттегі негізгі жабдық — шұңқырға орнатылған электромеханикалық өзі жүретін көтергіш. Көтергіш автомобильдерді көтеруге, оның агрегат- тарын бөлшектеуге жэне жинауға, оларды тасымалдауға арналған.

27.1-сурет. АЖ жургізілетін әмбебап бекет: 1 — кан-арқалық; 2, 4 — арбалар;

3, 7, 28 — сомын бүрагыштар; 8, 12, 20-май таратқыштар; 9 — шкаф;

10, 11 -құрылгылар; 13, 14, 15 — май құйгыштар; 16 — жөндеу устелі; 17-ыдыс;
18 — стеллаж; 19 — қозгалтқыш қойгыш; 20 — ыдыс; 21, 22 — су және ауа бергіш;
23 — көпір; 24 -көтергіш; 25 — жәшік; 26 — аяққойгыш; 27 — ауа соргыш

 

 Мамандандьірылган бекет: 1 -өтетін көпір; 2, 3, 4 — аспаптар
және қысқыштарды қоятын орын; 5, 8 — іиүңқырдагы және шұңқырдан тыс
көтергіштер; 6, 7- сомын бұрагыш; 9 — лифт; 10- дөңгелек қоятын орын;12- люк; 13 — көтергіштің багыттагышы; 14 — сомын бұрагыш
Автомобильдерге АЖ жүргізуді ұйымдастырғанда екі: жекелеген жэне агрегатты тәсіл қолданылады. Жекелеген жөндеу тэсілінде ақауы бар бөлшектерді, агрегаттарды шешіп алып жөндейді де, қайтадан сол автомобильге орнатады. Бұл тәсілді қолданғанда жөндеуге жұмсалатын шығын азаяды, жөндеу жұмысының сапасы артады, бірақ автомобиль жөндеуде көп уақыт тұрып қалуы мүмкін.

Агрегатты жөндеу тәсілінде ақауы бар агрегаттар мен бөлшектерді қордағы жөнделіп қойған немесе жаңа бөлшектермен ауыстырады. Бұл тәсілдің тиімді жағы — жөндеуге кететін уақыт азаяды.

 

Өндірістік бөлімдерде автомобильден шығарылған тетіктер, аспаптар, агрегаттар жөнделеді. Автопаркте атқарылатын жұмыстың түріне байла- нысты келесі: агрегаттық, слесарлы-механикалық, ұстаханалық, пісіретін, канылтырлық, электротехникалық, аккумуляторлық, шина жөндейтін, бояйтын, ағаш өңдейтін, қаптайтын т.б. өндірістік бөлімдер құрылады.

Агрегаттық бөлім беріліс қорабын, кардандық берілісті, редукторлар- ды, алдыңғы және артқы белдіктерді, рульдік баскаруды, тежеу жүйесін, шанақтың механизмдерін жэне т.б. қамтиды. Трансмиссияның агрегат- тарын жөндегенде, негізінен, іліністің каптамасын жэне мойынтірегін, беріліс қорабының мойынтіректері мен тістегеріштерін, басқару механизмін жөндегенде, жарамсыз бөлшектерін майысқан баскарғыш тартқыштарын түзетеді т. б.

Агрегаттық жэне басқа да бөлімдерде технологиялық үдеріс төменде көрсетілген сұлба бойынша орындалады : агрегаттар мен бөлшектер жуылғаннан кейін бұзатын орынға немесе тексеретін стенд- ке беріледі. Оларды толық бөлшектеп болған соң жақсылап жуып, бақылауға жібереді, онда бөлшектер сарапталып, жарайтын бөлшектер жинастыратын орынға, ал жарамсыз бөлшектер жөндеуге жіберіледі. Агрегатты жөндеуде жарамсыз бөлшектер жаңа бөлшектермен немесе жөнделіп койған бөлшектермен ауыстырылады. Көпшілік кәсіпорындарда қозғалткыш жэне негізгі агрегаттар агрегаттык бөлімде жөнделеді.

 Бөлімдерде жөндеу технологиясының үдерісі

 

Слесарьлық-механикалық бөлім ақауы бар бөлшектерді жөндеуге дайындауға, бекітетін тетіктерді жасауға (сомын, бұрандама, төлке т.б.) бөлшектерді пісіруге дайындауға, пісірілген бөлшектерді қалпына келтіруге арналған. Бұл бөлімдегі жұмыстар басқа өндірістік бөлімдердің тапсыруы бойынша орындалады.

Пісіретін бөлім желінген бөлшектердің бетін балкытып қалпына келтіруге, жарылған немесе сынған бөлшектерді біріктіруге, кабинаның ақауларын қалпына келтіруге арналған.

Электротехникалық бөлім жол-көлік құралдарының электр жабдық- тары мен аспаптарын жөндеу жэне қызмет көрсетуге арналған. Ақауы бар жабдықтарды көліктерден шығарып, стендтерде тексеріп жөндейді.

Аккумуляторлық бөлім аккумуляторды жөндеп, техникалық қызмет көрсетуге, оларды сақтауға арналған.

Жанармай бөлімі карбюраторлық жэне дизельдік қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесін жөндеуге жэне техникалық қызмет көрсетуге арналған. Бұл бөлімде қоректендіру жүйесінің тетіктерін арнаулы стенд- терде реттеп ақауын жояды.

Шина жөндейтін бөлім дөңгелекті бөлшектеп, жинастыруға, дискі- лерді жөндеуге, дөңгелекті теңгеруге, шиналарды желімдеуге арналған.

Сырлайтын бөлім көлік құралдарын сырлауга (толық немесе жарты- лай), нөмірлік белгілерді бояуға, оны жазуға арналған.

Қаптайтын бөлім орындықтың жастықтарын, арқалықтарын жасауға, кабинаның ішін каптауға, қозғалтқышты жэне радиаторды жабатын қаптар жасауға арналған. Бұл жұмыстар АЖ жүргізілетін бекеттерде не- месе бөлімдерде жасалады.

Автомобильдерге жүргізілген ТҚ көрсету және жөндеу жұмыс- тарының сапасын бақылау өндірістік үдерістің бір бөлігі болып табылады. Бақылаудағы мақсат — ақауды болдырмау, ТҚ жэне АЖ жұмыстарының сапасын арттыру. Жұмыстың сапалылығының нақты көрсеткіші — ТҚ көрсету жэне жөндеуден кейін желіде автомобильдің ақаусыз ұзақ уақыт жұмыс істеу қабілеті.

Жылжымалы құрамдардың жөнделу сапасын бақылау техникалық бақылау бөліміне (ТББ) тапсырылады. ТББ мамандары көп кәсіпорындарда жылжымалы құрамдардың техникалық жағдайын жұмысқа шығар ал- дында жэне жұмыстан автопаркке оралғанда тексереді. Автомобильден шығарылып жөнделген агрегаттардың сапасын ТББ мамандары, сондай- ақ кәсіпорынның тиісті мамандары тексереді.

 

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля