САЛОР ҚАЗАН ОРДАСЫНЫҢ ШАБЫЛУЫ ТУРАЛЫ ЖЫР

1 ноября, 2017 9:59

ЖЫРДЫҢ ‘МАЗМҰНЫ

Баюндур ханның күйеу баласы, күллі оғыздың бақы- ты мен тірегі Салор Қазан алтынды ала шатыр тіктіріп, бұрымы беліне түскен құралай сұлулардың қолынан шарап ішіп отырып, жігіттеріне: «жата-жата жамбас ші- ритін болды, аң аулап, серуен құрып, көңіл көтерейік» дейді.

 

Үш жүз жігітпен ұлы Урузды Орда күзетуге қалды- рып, аңға аттанады. Қазанбек аңға кетті дегенді естіген жау Шөклі ханның соңына еріп Қазанбектің ордасын шабады. Елін шулатьіп, малын айдап, кәрі шешесін, жас аруы Бурла-қатынды қырық күтушісімен, ұлы Урузбек- ті үш жүз нөкерімен байлап әкетеді.

Аңда жүрген Қазан сол түні сұмдық түс кереді. Тү- сінде қолынан сұңқары ұшып, үйіне жай түсіпті.

Ұшқан құспен жарысып ауылына келген Қазанбек түсіндегісін өңінде көреді: Ордасы ойран, жері талқан болған. Қекке булыгып қаны қайнаған батыр шапқын- шылардың соңынан қуады.

Жол үсті келе жатып ордасының дерегін аққан су- дан, жорытқан аңнан сұрайды, бірақ олар тіл қатпайды. Ақырында, мал жайып жүрген қара қойшыға кездесіп, дерегін содан алады. Қара қойшы кәрі шешесінің қара түйеге қосақтаулы, әйелінің матаулы, ұлының жалаң аяқ, жалаң бас айдаулы кетіп бара жатқанын баяндайды.

Ызалы Қазан атқа қамшы салады. Оның соңынан қара қойшы да аттанады. Қазанбек оган: «Қайда бара- сың, қайт» дейді. Қара қойшы: «Хан, мен сенімен бірге халқымның кегін алуга барам» дейді. Мұны ертсем жұрт «Қазанбек жауларды қойшының арқасында жеңді деп мазақ етер» деп, Қара қойшыны зәулім бәйтерекке байлап кетеді. Қара қойшы ырғап-ырғап бәйтеректі түбі- мен қопарып, Қазанды қуып жетеді. Мұны көрген батыр қойшының бетінен сүйіп, арқасындағы таңулы ағашын шешеді.

Бұл кезде жеңіске мастанған жау патшасы Шөклі тамашалауға Қазанның әйелі Бурла-қатынды алдырмақ еді, бірақ қырық қыздың арасынан бек падишасын таба алмайды. «Ендеше, Қазанның ұлы Уруздың етін турап, қуырып, қырық қыздың алдына тартыңдар, кімде-кім жемесе, сол Қазанбектің әйелі болады»— деп әмір етеді

 

патша. Мұны естіген Бурла-қатын әңгімені баласы Уруз- ға жеткізеді. Жат елде, жасырын жерде, сөйтіп аналы- балалы екеуі ауыр қайғының ащы зарын тартады.

Анасын өлімге қимаған бала шешесіне былай дейді: «Егер де етімді қуырып алдарыңа апарар болса, сездір- ме, өзгелер бір жапырақ жесе, сен екі жапырақ же; әкем екеуің аман болсаң, мен секілді ұл табасыңдар» дейді.

Урузды алып келіп ағашқа асқалы жатқанда, Қазан- бек пен Қара қойшы келіп жетеді. Олардың ізінше Қара Түне, Дундаз, Бейрек, Алып, Ерен, Емен, бұлар секілді тағы басқа да толып жатқан даңқты ерлер келеді. Гәуір- лердің күлін көкке ұшырып, тұтқындарын босатып, же- ңіспен еліне оралады. Еліне келіп Қара қойшыны бас атқосшысы етіп, жеті күн, жеті түн той жасайды.

ИДЕЯСЫ

Жырдың басты идеясы — өз елін, өз отанын шетел шапқыншыларынан азат ету, қорғау идеясы. Елін ойран- дап шауып кеткен гәуірлерге қарсы Қазанбек өз намы- сын іздеп аттанады; жауын жеңіп, халқын босатып алып қайтады.

Бұл айтып отырғанымыз қазақтың ежелгі жырлары- ның бәрінде де кездеседі. Алпамыс — Тайшыққа, Қобы- ланды — Алшағырға, Тарғын — Ақшаханға ел кегі, ха- лық намысы үшін аттанып, дұшпанын жеңіп, кек алып, мерейі үстем болып қайтатын.

Қазан батырға арналған жырда халық өкілі Қара қойшының соқталы бейнесі жасалған. Ол талай сыннан мүдірмей өткен әйгілі, алып ерлермен терезесі тең сурет- теледі. Оның тұлғасы оқушының көз алдына халықтың жиынтық образын елестетеді.

Эпос, сонымен бірге, ата-анасына деген перзент ма- хаббатын жыр етеді. Ажал үстінде тұрған Уруздың ана- сы үшін өлімнен бас тартпауы соның айғағы.

 

0

Автор публикации

не в сети 1 год

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля