ОҒЫЗ-НАМА (IX ғ.)

3 ноября, 2017 10:05

«Оғыз-нама»—түркі халықтары тудырған елеулі шы- ғармалардың бірі. Ол IX ғасырдың өзінде Жетісу, Сыр бойындағы түркі ру-тайпалары арасында кеңінен аңыз болып тараған.

Беріректе XI ғасырдан бастап қағаз бе- тіне түседі де, XIV ғасырға дейін түрліше жазба ре- дакцияны өткереді, сөйтіп барып көп вариантты жырға айналады.

«Оғыз-наманың» ұйғыр, араб жазуымен сақталған бірнеше нұсқасы Каир, Стамбул, Лондон кітап қоймала- рынан табылған. Ұйғыр тіліндегі нұсқасын А. М. Щер- бак орыс тіліне аударып, түсініктеме беріп, транскрип- циясымен 1959 жылы Москвадан жеке кітап етіп басты- рып шығарды. (А. М. Щербак. «Оғуз-наме», «Мухаббат- наме», Москва, 1959).

Түрліше нұсқада сақталғандықтан, бұл шығарма жайындағы пікірлер де әр алуан. Шоқан Уәлихановтың жан досы, Шығыс мәдениетін көп зерттеушінің бірі — Г. Н. Потанин өзінің «Орта ғасыр Европа эпосындағы шығыстық мотивтер» атты белгілі еңбегінде Оғыз оқи- ғасын Қерей мен Жәнібекке байланысты қазақ ішінде туды. Оғыздың арғы тегі эпостық образ болуға тиіс дегенді жазады. Әлбетте, бұл шығарманың қазіргі Қа- зақстан жерінде жасалғандығы даусыз, бірақ IX ғасыр- дағы Оғыз оқиғасын бертіндегі Керей мен Жәнібекке байланыстырудың еш қисыны жоқ сияқты. Өйткені уа- қыт мөлшері жағынаң екеуінің арасы тым шалғай жатыр.

Дегенмен, ғалымдардың дені «Оғыз-наманы», «Ме- ніңше аңыздың авторы ұйғыр емес, керісінше, бір кез- дерде ұзақ ғасырлар бойы оғыздар мекендеген киргиз (қазақ) даласының тұрғьтны болуға тиіс» деген акаде- мик В. В. Бартольдтің әйгілі пікірін жақтайды. Осы пі- кірді қуаттай келе А. М. Щербак та: «Бұл аңыздың шық- қан жеріне келетін болсақ, эпосты Жетісу бойындағьі жұмшыл (жекающий) диалектісінің өкілі шығарған» (А. М. Щербак. Огуз-наме, Мухаббат-наме. Москва 1959, 99-бет) дейді.

Шынында да, Оғыз жайьіндағы аңыз VIII—IX ғасыр- ларда түркі ру-тайпалары арасында туған да, ұйғырлар өктем болған Қараханидтер дәуірінде ұйғыр таңбасымен қағаз бетіне түскен. Соған қарамастан, қазақ тілінің айғақты белгісінің бірі болатын жұмшыл диалектісі шы- ғармада өз ерекшелігін берік сақтап қалған.

Қазақ ғалымдарының ішінде бұл шығарманы тере- ңірек зерттеген — академик Әлкей Хақанұлы Марғұлан бізбен ауызекі әңгімеде: «Білімпаздар дұрыс айтқан ғой, «Оғыз-нама»— Қазақстан жерінде жасалған қазақ тайпаларының мұрасы, бұл дала жыры, онда қазақ да-

 

 

ласының исі аңқып тұрған жоқ па» деген еді. Академик бұл жайындағы ойларын топшылап, сығымдап «Қазақ ■әдебиеті» (12. 12. 1982) газетінде жариялаған да бола- тын. Соған жүгініп көрелік:

«Оғыз жайындағы әңгімелердің ең құндылары — та- рихшы Рашидеддиннің жазбалары. Ол хикаялардың ба- сылмаған біраз тараулары бүгінде Стамбулдың Топқапы сарайында сактаулы тұр. Ол — «Жами ат-тауарих» шы- ғармасының бір бөлімі. «Жами-ат-тауарихты» жақсылап пайдаланып, Хафиз Аброй «Мужмал-аттауарих» атты шығармасында қайта жазған. Онда Оғыз бен Қорқыт әңгімесі өте көп, кең айтылған. Онда көп суреттер кез- деседі. Ол суреттерде Оғыздың таққа отырған кезі, оның билері, Қүн ханның патшалығы, Оғыз ханның балалары- мен Шам (Сирия) өлкесінде болуы, қаңлы мен ұйғыр- лардың Оғызға бас июі, оғыз ортасынан шыққан хан- дар: Тұман, Қөл-Еркі, Қаңлы-Яухы, оларға кеңесші болған Қорқыт бейнеленген».

Қорқыт әңгімелерінің қызық әрі байтақ саласын құ- райтын да осы — Оғыз әңгімесі, Оғыз ханның дәуірі. Сырдария жағасын қоныстаған оғыз-қыпшақ арасында екі күшті тайпа жасаған. Оның біреуін — Үш оқ, екін- шісін — Боз оқ деп атаған. Қазақтар өзінің арғы тегін үш оқ деп санайды. Қазақтың Үш жүзге бөлінуі де осы- дан шыққан.

Академик В. А. Гордлевскийдің көрсетуінше, оғыз дәуірінде кең өріс алған халық дәстүрінің көбі бергі кез- ге дейін қазақ халқының рухани тіршілігінде өте жақсы сақталып келген. Ол дәстүрдің ішіндегі көзге ерекше түсетіндері, әсіресе әлеуметтік-шаруашылық жоралары. Қазақтардың жерді кейінгі заманға дейін жазғы жай- лау, күзгі күздеу және қысқы қыстауға бөлуі — ежелгі ғұн, үйсін, оғыз, қыпшақ тайпаларынан қалған дәстүр.

Қазақ тіршілігінде жарқын сақталған әлеуметтік жол-жоралар: төрелік, билік айту жосындары; құдалық, -әмеңгерлік, құн төлеу жоралары. Халық бас қосқан жер- де, мереке, той үстінде бектердің оң қол, сол қолға бө- лініп отыру тәртібі, оларға қонақ асы беру, мүше тарату тәртібі; ардақты адам өлгенде аза тұту, қара жамылу, жоқтау айту, әйелдердің бет жыртуы, жыл өткенде ас беру тәртібі; феодал-бектердің алдында тізе бүгу, қадір- лі адамның алдынан желіп өтпеу, үлкен кісінің алдын кесіп өтпеу, қария кісіге сәлем бере келгенде, алыстан жаяу түсіп келу, қуаныш, мереке үстінде шашу шашу, шүлен тарату — бәрі, бәрі де сол ғұн, үйсін, түрк, оғыз,

 

кыпшақ заманынан қалған дәстүрлер. Мүше тарату дәстүрі Қорқыт, Оғыз дастандарында суреттелген.

Абылғазының баяндауынша, Оғыз хан бір жылы Ар- қадағы жайлауында бір ұлы той жасап, шүлен тарата- ды. Шүленге аттан — айғыр, түйеден — бура, сиыр- дан — бұқа, қойдан — қошқар сойғызып, ұлы мереке жасайды. Шүлен тарату салтанаты Рабғузидың әңгіме- сінде де терең айтылған.

Рашидеддин мен Абылғазының баяндауынша, Оғыз ханның алты ұлы болған. Олар — Күн, Ай, Жұлдыз, Қөк, Тау, Теңіз. Олар жазғы жайлауда аңға шығып жүріп, даладан үш алтын оқ және алтын садақ тауып алады. Оны әкесіне алып келіп: «Қалай бөлу керек?» деп сұ- райды. Әкесі алтын садақты үлкен үш ұлына, үш алтын оқты кіші балаларына береді де: «Алтын садақ алған ұлдарымның ұрпағы Боз оқ болсын, үш оқ алған ұлда- рымның ұрпағы Үш оқ болсын» дейді. Үйсін-Дулатты он оқ халқы атаған деректі біз Орхон жазбаларынан кездестіреміз.

«Оғыз ханның алты ұлынан тараған ұрпақтары көп еді. Қүн хан оларды 24 тайпаға бөлді. Оларды екі-екіден бір Ордаға бағындырып, 12 аймақ ел жасады. Бұл он екісінен тараған тайпаларды «Жүздік» деп атады. Қа- зақтың «Үш жүзі осы кезде шыға бастады. 12 ата Жалайырдың шығуы да осы жүйемен байланысты».

Сонымен, қорыта айтқанда, Оғыздардың ата-меке- ні — Сыр, Арыс, Талас бойы, Жетісу өңірі. Мұнда олар үнемі үйсіндермен, қаңлылармен, қыпшақтармен ара- лас-құралас болған. Қорқыттан көп заман кейін Оғыз- дардың көпшілігі Амудария, Хорасанға кетеді. Қалған- дары Қаңлы ханына бағынады. Қаңлылар ол кезде Жетісу, Іледен бастап, Арал теңізіне дейін қоныстан- ған. Қаңлылардың хандарының аты ол кезде «Қөк тонды» делінеді екен. Қөк тондының айқын дерегін біз жоғарыда Орхон жазбаларынан да мол кездестірген едік.

Академик Ә. Марғұлан келтіретін Оғыздарға қатыс- ты, оғыз дастанының мазмұнын ашатын кейбір дерек- тер, міне, осындай.

ОҒЫЗ ДАСТАНЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Қүндерде бір күні Ай қаған көк өңді, от ауызды, қы- зыл көзді, қара шашты, қара қасты, өте көрікті ұл туа- ды. Анасының уызына тойған бала сүтін ембей тілге

 

келе бастайды. Қырық күннен соң жүруге, ойнауға жа- раған бұқа санды, бөрі белді, иықты, аю кеуделі, дене- сін түк басқан жас бала атқа мініп жылқы бағуға, аң аулауға шығады.

Күндер өтеді, түндер өтеді, бала ержетіп жігіт бо- лады.

Сол өңірде ұшқан кұсқа, жүгірген аңға, өзенге, көл- ге бай бір орман бар екен. Орманның ішінде ел басына ауыр азап салған Қият атты бір тажал аң болады.

Оғыз сынды жас қаған қолына найза алып, беліне садақ асынып, қалқан ұстап Қиятты қолға түсірмек боп атқа қонады. Қеле жатып жолдан бір бұғы ұстап алып, оны тал шыбықпен ағашқа байлап кетеді. Қеш түсіп таң да атады. Таңертең қайтып келсе, әлгі бұғыньі бая- ғы Қият алып кетіпті. Сол жерден тағы да бір аю ұстап беліндегі алтын белбеуімен оны да ағашқа байлап кете- ді. Ертеңіне қайтып оралса, Қият мұны да алып кетіпті. Сөйтіп, енді әлгі ағаштың түбіне Оғыздың өзі тұрады.

Бір кезде үйреншікті дағдысы бойынша Қият келіп мүйізімен Оғыздың қалқанын соғып кеп қалды. Батыр келген тажалды найзамен түйреп өлтіріп, қылышпен басын кесіп әкетеді.

Оғыз ертеңіне сол жерге қайтып келсе, бір сұңқар әлгі Қияттың жемтігін жеп отыр екен. Оғыз садақ тар- тып, оның да басын жұлып түсіреді де: «Қият бұғыны да, аюды да жеді, ал Қияттың өзі сұңқарға жемтік бол- ды, ал сұңқар болса, өз ажалын менің садағымның оғы- нан тапты. Өмір деген, міне, осы, «ескен желдей өте шы- ғады» деп, толғанған күйі ауыр ойдың үстінде үйге қай- тады.

Бір күні түнде Оғыз қаған тәңіріге жалбарынып жат- қанда аспаннан айдан анық, күннен жарық бір сәуле түседі. Барып қараса, сәуленің ішінде алаулап жалт- жұлт еткен, көздің жауын алған алтын қазықтай меңі бар, күлкісіне аспан шаттанып, қабағын шытса көк тә- ңірі қосыла жылағандай, ай десе аузы, күн десе көзі бар аса бір сұлу қыз отыр екен.

Оғыз қаған бір көргеннен есінен адасып, қызға ға- шық болады; ақыры алады. Қөп күндер, көп түндер өтеді, әйелі жүкті болады; көп кешікпей ақ түйенің қа- рыны жарылып, үш ұл туады, тұңғышын — Күн, ортан- шысын — Ай, кішісін —Жұлдыз деп атайды.

Бір күні Оғыз аңда жүріп көлдің ортасында тұрған жалғыз шынарды көреді. Оның ішінде мөлдір көзді, тол- қын шашты, інжу тісті бір сұлу қыз отырады. Қөрген

 

адам қыздың сұлулығына таң қалып, аһ ұрады екен.

Оғыз қағанның жүрегіне шоқ түсіп, қызға ғашық бо- лады, оған үйленеді. Күндер өтеді, түндер өтеді; тілегін беріп, қыз толғатып үш ұл туады. Аттарын: Көк, Тау, Теңіз деп қояды. Оғыз қаған төңірекке ат шаптырыптой жасайды. Жиналған жұрт қымыз, шарап ішіп, алуан түрлі тағам жейді.

Той соңынан Оғыз бектеріне, халқына: «Мен сендер- ге хан болдым, береке — таңбамыз болсын, көк бөрі — ұранымыз болсын, темір найза — тоғай болсын, аулаға- нымыз — құлан болсын, теңіз шалқып, өзен ағып жат- сын, көк тәңірі — қорғанымыз болсын, қолдарыңа найза алып, қалқан ұстаңдар!»— деп әмір етеді.

Сөйтіп Оғыз қаған дүниенің төрт бұрышына елші жіберіп, жарлық жолдайды. Онда өз еркімен келіп тәуелді болған елге сый тартып, оны өзіне дос тұтатыны; бағынбағанды дұшпан тұтып, онымен өштесіп жау бо- лып өтетіндігі айтылады.

Оң жақтан Алтын деген хан елші жіберіп, көптеген алтын, күміс, жақұт тастарды Оғыз қағанға жолдап, сыйға тартып, өз еркімен бағынады. Оғыз қаған Алтын- бектің бұл ісіне риза болып, оны өзіне дос тұтады.

Сол жағын мекен еткен Үрім деген қағанның әскері де, қаласы да көп екен. Ол Оғыз Қағанның жарлығын қабылдамайды. Ашуланған Оғыз қол жинап, ту ұстап оған қарсы аттанады. Қырық күн жол жүріп, Қаратау- дан өтіп, Мұзтау деген таудьщ етегіне жетеді. Әбден жол соққан Оғыз осында шатыр тіктіріп, ат шалдықты- рып, әскерін тынықтырады.

Таңертең Оғыз шатырын жықтырып, әскерін жиып, көк бөріге жол бастатып ілгері жылжиды. Еділ өзенінің жағасына жеткенде алдынан жау шығып, сол жерде үлкен шайқас басталады. Қырғын ұрыстан Еділдің беті қып-қызыл қанға боялады. Оғыз жеңіп, Үрім қағаны қашады. Оғыз оның елін жаулап, жерін алды. Өлі-тірі- сі бар, Оғыздың ордасына көп олжа түседі. Өзі жеңген жерге Сақтап дегенді бек сайлап, еліне қайтады.

Еділдің жағасына жеткенде, арғы бетке өте алмай қатты қиналады. Мұның амалын өнерпаз әрі білімді Үлық Орда деген кісі табады. Ол жағадағы ағаштан сал жасап, жұртты соның үстімен еткізеді. Қатты қуанған Оғыз оған Қыпшақбек деп ат қойып, сол жерге оны бек етіп сайлап кетеді.

Шұбар айғырына мініп, дамылсыз жүріп отырып бір уақыттарда үстін ақ қар шалған, көк мұз басқан ұлы

 

таудың етегіне келеді. Оғыздың шұбар айғыры сол мұз таудың ішіне қашып кетеді. Сөйтіп Оғыз дағдарып азап шегеді. Әскерінің ішінде ештеңеден жасқанбайтьтн, су- ыққа төзімді бір батыр бар екен. Таудың ішіне сол кіріп тоғыз күн дегенде Оғыздың айғырын тауып алып шыға- ды. Суықтың салдарынан әлгі бектің үсті-басы ақ қар, көк мұз болып шығады. Риза болған Оғыз оның атын Қағарлық (Қарлық) деп қойып, ілгері жүріп кетеді.

Қеле жатып жолда іргесі алтын, төбесі күміс, есігі берік бір үлкен үйді көреді. Сол жерге «Сен осында қал, аш» деп өзінің айтулы шебері Темір Қағылды тастап кетеді. Сөйтіп оған Қалаш деп ат қояды.

Талай жерден өтіп бір жазыққа келгенде, жол бас- таған көк бөрі табандап жүрмей тұрып алады. Жылқы- ға, сиырға бай, алтын күмістің кені — бұл жерді Жүржіт деп атайды.

Жүржіт ханы Оғызға қарсы шығып, ірі шайқас бола- ды. Оғыз оның басын алып, ел-жұртын өзіне қаратады. Қолға түскен олжаның көптігі сонша, оны алып кетуге Оғыздың күш-көлігі жетпейді. Қарамағында Бармақтың Жосын Білік деген бір шебері бар екен. Ол ағаштан қаңға (қаңқа арба) шабады. Түскен олжаны сол қаңқа- ға (арбаға) тиеп, тұтқындарға сүйретіп ілгері кетеді. Мұны көрген халық тағы да көп қаңға жасайды. Арба- лар жол-жөнекей «қаңға, қаңға» деп сықырлайды. Сон- дықтан мұны жасаған жігітті Қаңға деп атап кетеді.

Талай жерді аралап, талай жойқын соғысты басынан кешірген Оғыз Қаған көп жылдардан соң, жасының ұл- ғайған шағында еліне оралады.

Оғыз Қаған өзінің ақ сақалды, ақ шашты қарт ше- шені Үлық Түрктің кеңесімен халқын жинап, отыз күн ойын, қырық түн тойын жасап, құрылтай шақырып кеңе* седі.

«Қөп жасап, көп көрдім. Талай шайқасты кештімг досымды қуанттым, дұшпанымды жылаттым. Тәңірі ал- дында парызымды өтедім» деп билікті мұрагерлеріне жүктеп, бар қазынасын бөліп беріп, өзіне қараған бай- тақ жерге ұлдарын ие етеді.

ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ ЖЫРДЫҢ ИДЕЯСЫ

«Оғыз-нама»— Оғыз қағанның ата-тегін, өмір жолын, күресін баяндайтын мифтік сюжеттегі ерлік жырға жа- тады.

Жыр негізгі екі бөлімнен тұрады:

 

1) Оғыздың өсуі, билікке келуі, 2) жорықтары мен соғыстары. Алғашқы бөлім шығарманың халық аңызы мен ертедегі мифтеріне сәйкесті екендігін аңғартса, соң- ғы бөлімнен тарихи деректердің кейбір елесі көрінеді. Шығармада аты аталатын жер, тайпа, мемлекет аттары шындыққа жанасады.

IX ғасырда Орта Азия мен Шығыс Түркстанда оғыз, ұйғыр, қаңлы, қыпшақ, қарлық секілді ірі тайпалардың бірігуі нәтижесінде бұрынғы құлаған Түркі қағанатының орнына Қараханид дейтін жаңа мемлекет тарих сахна- сына шыға бастады. Ол X ғасырда өзіне Сырдария, Же- тісу өлкелерін қосып алады.

Шығармадағы Оғыздың жорықтары негізінен осыған байланысты деуге болады. Жырда кездесетін Қышпақ- бек, Қағарлық-бек, Қалаш, Қаңғалық VIII—IX ғасыр- лардан бастап қазіргі Қазақстан, Орта Азия жерлерінде үлкен роль атқарған белгілі түркі рулары мен тайпалық одақтардың (Қыпшақ, Қарлық, Қаңлы) аллегориялық образдарына ұқсайды.

Эпостың негізіне тайпалардың бірігу идеясы алынған да, одан оғыздардың өктемдігі айқын көрінеді.

Жырда кездесетін кісі аттары мен географиялық атаулар. Оғыздың жеке басына байланысты анықтау- болжаулар өте көп. Қейбір зерттеушілер оны Шыңғыс- ханмен, Александр Македонскиймен (Зұлқарнайын) са- лыстырады. Бірақ оның бәрі уәжді емес, шындыққа жа- наспайды.

Түркі тайпалары тарихында болған Оғыз немесе Уыз (IX ғ.) атты хан бар. Әңгіме сол жайында болуға тиіс. Тіпті жырдағы бас кейіпкер — Оғыз қаған есімінің эти- мологиясы жөнінде де ғылым әлі күнге дейін бір тоқ- тамға келе алған жоқ. Оны біреулер «Өгіз», енді бір тобы «Уыз» деген сөзден шыққан десіп жүр. Біздіңше соңғы жорамал көкейге қонымды тәрізді. Осының дәлелі ретінде XI ғасырдың әйгілі филологы Махмұт Қашқари- дың сөздігінде кездесетін мына бір аңызды келтіре кет- кен жөн.

«Қара қаған деген ханның әйелі ұл табады. Уызға тойған нәресте ана сүтіне қарамай қояды. Бала бір жас- қа жеткенде, хан ел-жұртын жинап, той жасап, балаға ат қоюды әмір етеді. Жүрексініп, батылы жетіп ешкім баланың атын қоя алмайды. Жұрт осылай дағдарыста тұрғанда, сәбидің өзіне тіл бітіп: «Атымды Уыз койьщ- дар» дейді. Содан Уыз ханның ұрпағы өсіпті» делінеді аңызда.

 

Ал біз талдап отырған жырдағы Оғыз да анасының уызын түгесіп, сүтін ембей, бірден тамақ сұрай бастай- ды. Анасының уызын қорек етіп өскен жас батырға ха- лықтың Уыз деп ат қоюы ғажап емес еді.

Екіншіден, тілдің даму заңдылығына сәйкес Оғыз сөзінің Уыз (ғ дыбысының түсіп қалуы) болып өзгеруі әбден мүмкін. Тіліміздің тарихында мұның мысалы көп- тен табылады. Мысалы: оғыл — ұл, бұғдай — бидай, бұғра—бура, боғаз — буаз, тағ — тау, қаған — хан бо- лып өзгерген. Сондықтан Оғыз сөзінің уьізға айналуына таңдануға, күмәндануға болмайды.

Қысқасы, біз Оғыз есімін, кейбір зертттеушілер ай- тып жүргендей Өгізбен жанастырудың еш қисынын таба алмадық. Өйткені, ежелгі түркі рулары огуз сөзін көбіне өзен мағынасында қолданған. Ал халық сауыт киіп, най- за ұстап жорыққа аттанған батырын еш уақытта өзенге ұсатпаған: ол ер есімін мейлінше айбаттан, қайраттан іздеген.

Жырдағы Оғыздың әрекеттерінде қас батырға тән өжет мінез, ерлік қимылдар бар. Оның келбетінде ұлы даланың бірден бір әміршісі етіп суреттелетін ежелгі жырлардың қалыпты белгісі бар. Қару-жарақ асынып, есепсіз қол жинап жауға аттанған жас Оғыз батыр орасан майданнан өтіп, ұзақ жорық сапарынан еліне қартайған шағында оралады. Бұның өзі біздің ежелгі жырларымызда сирек кездесетін құбылыс.

Шығармадағы әрбір батырға, бекке өзінің өнеріне сай ат қоюы да өз алдына бөлек сөз ететін қызықты мәселе. Жырдың шығарушысы осы тұстарда желмаяға мініп жерұйық іздеген Асан Қайғыға ұқсаңқырайды.

Түркі дәуірінде туған әр циклды жырларда әлі де қалыптасып бітпеген, дараланбаған жыраулардың аты аталады. Әдетте, оларды хан ордасында, жорықты са- парларда көреміз. Орхон жырларындағы Тоныкөк талай ханға ақылшы болған, Қүлтегіннің жорықтарына дем берген қарт данышпан ретінде көрінсе, Қорқыт жаңа туған жас батырға ат қойып, тарыққанға, қамыққанға жөн-жоба сілтейтін, ақыл-кеңес беретін батагөй кемең- гер ретінде көрінеді.

Тоныкөк пен Қорқытқа жуық бейнені «Оғыз-нама- дан» де көріп отырмыз. Ол — Ұлық Түрік. Ұлық Түрік те — көп жасап, көпті көрген көне көз ақылшы, батыр бастаған жорық-сапарлардың айнымас серігі. Аман-есен еліне оралған Оғыз қағанға түс жорып, ұлғайғанын, тақтан тайып, тұғырдан түсетін уақыттың, енші бөлетін

 

мезгілдің жеткенін есіне салатын да сол Ұлық Түрк.

Күні бүгінге дейін «Оғыз-нама» жырының авторы дәл анықталмай отыр. Жоғарыдағы белгілерге қарап «Оғыз» жырының әдепкі тудырушысы Ұлық Түркінің өзі емес пе екен» ой келеді. Ақылгейлігіне, сәуегөйлігі- не қарағанда, және де оғыздардың талай ханына ақыл- шы-кеңесші болғандығын, оғыз тарихын жетік білетінді- гін ескергенде, Ұлық Түркіміздің өзі дана Қорқыттың прототипі емес пе деген ой келеді. Әлбетте, мұны анық- таңқырау керек.

Жалпы телегей-теңіз жыр тудырған эпикалық өнер- дің асқан шеберлері — жыраулар жайында қазақ әде- биетінің тарихшылары бірталай еңбек жазғанмен, жы- раулық дәстүр әлі толық ашылған жоқ. Рулық қоғам дәуіріндегі жыраулардың ақындық өнері, ойшылдығы, білімдарлығы оларды ел құрметіне бөлеп, ру-тайпаның ақсақалы, ақылгөйі дәрежесіне дейін көтерген. Ол дәуір- дің бектері мен хандары алдағыны сол жырауларға бол- жатып барып шешім қабылдап отырған. Осы дәстүрді тіпті бертінде (XVIII ғ.) өмір сүрген көрнекті жырау Бұқардан да анық көреміз. Жорыққа аттанар алдында Абылай үнемі Бұқарды шақыртып алып, алда нендей оқиғаның боларын болжатады екен. Бұқар жырау Абы- лайдың түсін жорып, алдағы істі көбіне дәл болжап отырған.

Қазақта аты аңызға айналған әрісі сонау Сыпыра жырау мен берісі кешегі Нұрпейіске дейінгі екі аралық- та өткен от ауызды, айыр көмей ұлықты жыраулардың көп болғандығында дау жоқ. Солардың ішінен: Қазту- ған, Асан Қайғы, Доспамбет, ІІІалкиіз, Марқаска, Жиембет, Ақтамберді, Шөже, Тәтіқара, Бұқар, Қөтеш, Жанкісі, Қобылан, Марабай, Мергенбай, Майкөт, Бір- жан, Айса, Базар, т. б. ақын-жырауларды атауға болар еді.

Күллі қазақ жырауларының атасы, ұстазы санала- тын Сыпыра жыраудың атына қанықтығымыз болмаса, ол қалдырған мұрадан мандырымды ештеңе біле алмай келеміз. Бірақ Сыпыра жыраудың өмірде болғандығын- да еш күмән жоқ. Әйтпесе, сөз астарына ерекше мән берген қазақ жыраулары оны тегіннен-тегін өзіне пір тұтып, оған табынбаса керек-ті.

Дүние жүзі тарихында аты аңызға айналған, жұрт- шылықтың жүрегінде жұпталған мұндай ұлы адамдар есімі кездесе береді. Оның мысалы ретінде ерте дүние данышпаны Сократты атасақ та жеткілікті. Дүние жү-

 

зінде Сократтың есімін білмейтін адам жоқ1 десек те болады, бірақ ол қалдырды деген мұраны ешкім атай алмайды.

Бұл айтылғандардын, бәрі ежелгі дәуір мәдениетінің кемеңгерлері жайында әлі де талай-талай зерттеулер жүргізудің қажет екендігін дәлелдей түседі.

ЖЫРДЫҢ ТІЛІ

Тілі жағынан да «Оғыз-нама» өзіне көп көңіл ауда- рарльіқ шығарма. Тым ерте кезде туғандығына қарамас- тан, онда қазіргі қазақ оқушысына түсініксіз сөз өте аз, бір ғажабы, тіліміздің құрамындағы сөздердің көбін жырдан қаймағы бұзылмаған қалпында кездестіреміз. Мысалы, тәңрі, өң, қас, шаш, шырақ, інжу, күн, ай, жұл- дыз, көк, ет, бел, бөрі, жылқы, ат, киік, бұғы, төл, қой, айғыр, бәдік, қымыз, сүт, алып жүрек, теңіз, қап-қара, қып-қызыл, оқ, қылыш, қалқан, орман, көл, саз, тамға, — ұран, жарлық, темір, байлық, көңіл, қайғы, құт, үй, түңлік, шебер, ашқыш, нөкер, ағалар, інілер, орда, те- рең, елші, тілек, алтын, күміс, жақұт, тас, тәлім, ілгері, таң сәрі, түн сәрі, қараңғылық, мұз, қар, көз, бұ шақта, үстінде, арасында, жалғыз, көрік, ішінде, көк шал, ел, біз, кім, бұнда, меңі бар қыз, жігіт болды, тілге келе бастады, ойнады, көрді, тұрды, өлтірді, басын кесті, алды, кетті, той берді, шықты, шаптырды, күлді, тіктірді, бір, қырық құлаш, құрылтай шақырды, таң, атқа міне көзден жіті болды, т. б.

Ал жырда ұшырасатын сөздердің төмендегідей кө- нерген формасы ерте дәуір заманының тілдік өлшеміне сыйымды: оғұл (ұл), ағыз (ауыз), белбағ (белбеу), йат- ты (жатты), бұғаз (буаз), тағ (тау), Ітіл (Еділ) т. б.

«Оғыз» жырының түп нұсқасы — әдепкі үлгісі сақ- талмаған, сондықтан ол туралы шешім айту қиын. Ал бізге жеткен көшірмесі көбіне қара сөз үлгісінде жазыл- ған. Жыр стилі жағынан Орхон ескерткіштерімен үндес келеді. Жалпы оқиға баяндаудағы, жорықты суреттеудегі ұқсастықты былай қойғанда, батырдың жауды жеңуі де бір тнптес.

Мәселен:

«Қырғыз ханын бастық,

Ханын өлтірдік,

Елін алдық Оғыз қаған басты,

Үрім қаған қашты».

(Орхон ескерткіштері).

 

Немесе.
«Жүржат қағанды басты,

Өлтірді, басын кесті,

Ел-жұртын өз аузына каратты».

(«Оғыз-намадан»)

Қорыта айтқанда, «Оғыз-нама», Орхон, Қорқыт жыр- лары — бәрі де түркі тілдес халықтар әдебиетінің тари- хынан елеулі орын алатын ерте дәуірдің көрнекті эпика- лық мұралары болып есептеледі.

ТҮИІЫ

Сонымен сіз ежелгі әдебиет жайындағы бөлімнің соң- ғы бетін жаптыңыз. Енді бір сәт оқығаныңызды еске түсіріп, тағы бір рет ойша шолып өтіңіз…

Демек, маркстік-лениндік қағидаға сай, қай халық- тың болмасын, күллі рухани мәдениетін оның тарихынан бөліп алып қарауға болмайды. Қерісінше, мәдениет, әдебиет мұралары сол халықтың тұрмысынан туып, тари- хымен біте қайнасып, бірге қалыптасып, бірге дамиды екен. Ендеше, әдебиет тарихы сол халық тарихымен та- биғи тұтастықта алынып зерттелуге тиіс.

Біз осы тұрғыдан қазақ әдебиетінің тарихын қазақ халқының өткен өмірімен сәйкесті қарастырып, туған әдебиетіміздің қалыптасуына ықпал жасаған, ұйытқы болған ертедегі әдеби ескерткіштердің ең көнелері — Ор- хон, Қорқыт, Оғыз-нама жырларына тоқталдық. Бұл жырлардан Түркі қағанаты дәуірінің (VII—VIII ғ. ғ.) өзінде-ақ сол кездегі түркі тайпаларына ортақ белгілі әдеби дәстүрдің болғандығын аңғарамыз. Сөз болып отырған кезеңнен Иоллығ-тегін, Тоныкөк, Қорқыт, Ұлық Түрк тәрізді белгілі болған жырауларды айта аламыз.

Біз тоқталмаған, түркі халықтарының әдебиетіне ор- тақ болып есептелетін бұлардан басқа да толып жатқан әдеби мұралар бар. Түркі халықтары әдебиетіне, оның ішінде қазақ әдебиетіне, ортақ делінетін ерте дәуірдің ондай әдебиет мұраларынан: Жүсіп Баласағұнның «Құ- тадғу-біліг» (XI ғасыр) дастанын, «Хиссасул-әнбие» (XI ғасыр) атты хикаялар жинағын, Махмут Қашқа- ридің «Дивани лұғат ат-түрк (түрк тілдерінің сөз- дігі) деп аталатын сөздігін (XI ғасыр); XII ғасырдаемір сүрген Ахмет Яссауи, Ахмет Иүгнеки, Сүлеймен Бақыр- ғани тәрізді ақындарды»; XIV ғасырдың «Мұхаббат-на- ма», «Жүсіп — Зылиха», «Гүлстан» тәрізді көрнекті дас- тандарын атауға болар еді.

 

Осылардың бәрі де XV ғасырға дейін жасалған түркі халықтарына ортақ әдебиеттің мұралары.

Ескерте кететін бір жағдай, заманымыздың XII ға- сырынан бастап көркем әдебиет те, ғылыми әдебиет те негізінен оғыз-қыпшақ тілдерінде туып дами бастайды. Беріректе, әсіресе Алтын Орда (XII—XIV ғ. ғ.) дәуірін- дегі әдебиет көбіне қыпшақ тілінде жасалады. Ал қазақ халқы түркі тілдерінің ішінде осы аталып отырған қып- шақ тіліне жататындығы мәлім.

XV ғасырдан бастап қазақтың өзіне тән төл әдебиеті өріс алады.

Бүгінгі қазақ совет әдебиетінің әдепкі арналары, міне, осындай.

 

0

Автор публикации

не в сети 11 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля