ӨНЕР ЖОЛЫНДА

9 ноября, 2017 10:56

Дәулетінен жалшылық арылмаған Қененнің ата-баба- лары жоқшылықтың салдарынан әйгілі «Бес жалаң аяқ» аталып кеткен. Сол жалаң аяқтардың бірі — Маңдабай. Одан — Әзірбай, Ниязбай, Әбденбай тарайды. Бұлардың бәрі де шетінен сауықшыл, өнерпаз, той-думанның сәні болса керек.

 

 Сондықтан да Сүйімбай: «Қасқарауда то- ғыз құт бар, соның бірі — бес жалаң аяқтар» — депті.

Маңдабай қартайған шағында:

— Шетінен тойшы болғанда, аштан өлерміз, біре- уің қойшы бол,— деп, Әзірбайды күштеп мал артына са- лады.

Әзірбайдың алғашқы әйелінен екі ұл, екі қыз туады. Ұлдары ер жетіп, жігіт болып қалғанда шетінеп, екі қы- зы ұзатылып, жыртық үйде күңіреніп Әзірбай жалғыз қалады.

Сол ауылдың Ақыш деген батыры Әзірбайды аяп, оған өзінің Ұлдар деген қызын қосады. Ұлдар бойшаң, көрікті, әнші, жанынан өлеңді суырып салып айта бере- тін сауықшыл кісі болған екен. Қенен сол Ұлдардан туған. Өзі жайында ақын кейінірек былай толғанады:

«Кәсібім жастайымнан ән мен өлең,

Әзірбай әкем екен, атым — Кенен,

Өнерім бойымдағы жалғыз осы,

Сұрасаң сырыңды ант деп, халқым, менен.

Кәсібім он үш жастан ән мен өлең,

Ән салсам қалың топқа көрік берем.

Әкем де ақын екен, шешем — әнші Солардың көрмегенін көріп келем».

Қенен ертелі-кеш сол өнерпаз ата-анасынан ән-жыр тыңдап өседі. Бірақ бала қуанышы ұзаққа бармаған. Шешесі ауырып, ақыры жеті жасар баланың анаға де- ген үміті біржолата үзіледі. Сөйтіп, «Байдың әйелі өлсе, төсегі жаңғырады, кедейдің әйелі өлсе, басы қаңғыра- ды» дегендей, әкелі-балалы екеуі үйреншікті кедейлігіне ендігі жерде есепсіз қайғьі-қасірет қосып, күңіреніп, күй- зеліп, қараша үйді күзетіп қала береді.

Қашанғы отырсын, тірі адамға тіршілік керек, күн көрістің қамымен Әзірбай Қененді інісі Әбденбайдың қолына тастап, өзі ұзатқан қыздарына кетеді. Бірақ, Әбденбайдың шайпау әйелі Әлиман: «Шешесін жалма- ған сорлының соры жұғады» деп, бейкүнә баланы үйі- нен қуып шығады. Мұны естіген Әзірбай шыдай алмай, қайтып келіп, қырық жамау қараша үйді қайта тігіп, өзі Әймен деген байдыц қойын жаяды да, жеті жасар Қенені қозысын бағады. Бұл жайында ақын былай дейді:

«Ол кезде әкем менің алпыс жаста,

Байғұстың баласы жоқ менеи баска.

Баға алмай мен жетімді шешесі өлген,

Жьіласа көзі толған қанды жасқа».

 

Кеней жасынан пысық болған. Сал аяқ, ауыр таяқ, жорға таяқ, орамал жасырмақ, тақия төппек, маймұ- рын, соқыртеке, қақпа тас, асық, шекем тас тәрізді қой- шылардың ұпай ойынымен өзі қатарын ұтып, жан сақ- тап жүреді.

Бір күні Әзірбайдың үйіне де адал тұяқ бітеді. Най- забай дегеннің бір ешкісі үш лақ табады. Әдетте, үшін- ші лақты жұрт балаларды жарыстырып, қай озып келе- тініне беретін болған. Ауылдың қырық-елу баласы «Ке- бекбай қорығы» деген жерден жіберіледі. Ерке боп өскен балалар біртіндеп қала береді. Күнде жарысып, әбден шьшыққан кедейдің тас өкпе тоғыз баласы алға шыға- ды. Солардың ішінен қара борбай, ұзын сирақ Кенен мәреге бұрын келіп, бәйгесіне ақ лақты алады. Сөйтіп, Әзірбайдың үйіне біткен төл басы ақ лақ болады. Құ- лағына қызыл шашақ байлап, мойнына тұмар тағып, Кенен ақ лағын үнемі соңынан ертіп жүреді.

Кененнің бала күнгі достары — өзі секілді өнерпаз кедей балалары. Соның бірі — Оразбақ. Оразбақ — Құлшабайдың, Кенен Әйменнің қойын жаяды, өріске бірге шығады. Оразбақ қурайдан сырнай жасап, неше түрлі әнге салады. Сазды сырнай даусы сызылып, жа- пан түзді жылатып өзінің мұңды үніне қосады. Тьіңда- ған сайын сол күй Кененнің тебесін шымырлатып, кай- дағы бір өнерге жетелей береді… Сырнай тартуды Қе- нен сол Оразбақтан үйренген. Ол өңірде үйренуші көп болған, бірақ Оразбақтың дәл өзіндей ешкім тарта ал- маған.

2

Қой соңында қызыл аяқ қыр кешкен бейшара бала өмір азабына налып, ыза болып, қамыстаи — сырнай, таяқтан домбыра жасап, ертелі-кеш ащы өмірін өлең- ге қосады.

…Күз айының бір еді. Малдың алдын қайырып тас- тап қаршадай бала алысқа көз жіберіп, Қордайдың ете- гінде жатқан. Әрі-бері қарай-қарай көзі талған жетімек- ті ұйқысыз өткен беймаза түндер қажытты ма, жоқ, әлде аштықтан ба,— әйтеуір баланың бойы дел-сал боп бара жатты… Айнала жым-жырт. Сәлден соң тыныш- тықтан сызаттап қойшы баланың құлағына қайдағы бір ащы зардың таусылмас сазы шальінғандай болды.

Шалқалап жатқан бойы бала көз жетер маңдыкөз- бен, көз жетпес жерді оймен біраз шолып шықты да,

 

нак төбесінде, көз ұшында қадалып, шырылдаған боз- торғайды көзі шалды. Қойшы бала терең, түпсіз ойдың шыңырауына түсе берді, түсе берді…

— Түнде ұйқы, күндіз тыным жоқ; киерге киім, кө- ңілге медеу жоқ;— тақыр кедей, жоқшылық! Асыр сал- ған ойын, тойып ішкен ас қайда?! Бала боп езу тартып күлмегендей, жылы төсекте ұйқымды бір қандырмаған- дай не жазып ем тәңірге? Бұл жалғанның бір аштыққа бір тоқтығы бар демеуші ме еді; қайда сол немесі; қай маңайда лағып жүр?..

Манадан бері осыншама сан-саққа шапқан ыза-кек тынып жатқан баланың өзегін өрттей өршітіп, мың бұ- ралып, шиыршық атып тысқа ән болып шықты.

«Бозторғай, шырылдайсын. жерге түспей,

Мен жүрмін кешке дейін тамақ ішпей.

Ат қылып, ақ таяқты қолыма ұстап,

Сандалып қой артында әзер кешке.

Е-ей, бозторғай!

Шырылдайсың шіркін-ай,

Кұтылар күн бар ма екен Қой жаюдан бір күні-ай, е-ей!»

Қеңістікке саңлау тапқан баяу ән бірте-бірте шы- мырлап, өрши түсіп, созылған бойы жалшы баланың мұңы мен зарын, есепсіз арманын арқалап Қордайдың ұшар биігіне қарай көтеріліп бара жатты. Әсіресе қа- йырмасының: ги-ги-ги-ги-ги-ги-гоу… деп келетін соңғы кекті иірімдері тәкаппар Қордайдың да сан ғасырғы жа- расын тырнағандай болып еді…

Иә, бұл ақ таяқты қолына алып мал соңында ұзақ күнді батыра алмаған, қой күзетіп беймаза таңды аты- ра алмаған бейшара, бәйкүнә жалшы атаулының ортақ зары еді. Жоқшылықтың, кедейліктің тауқыметін көп тартқан он бір жасар бала Қененнің ақындық, әншілік, композиторлық, серілік өнерге тұсау кескен тырнақал- ды «Бозторғай әні» осы еді. Қедей атаулының гимнін- дей бұл ән кейін Қененнің атын аңызға айналдырды.

Қыр соңынан көлеңкедей қалмай қойған қу жоқшы- лық жас сұңқардың топшысын қайырып, тобығынан қа- ғады, еңсесін басады

«Үш ешкі барлық малым, жалғыз саулық,

Айран қып ертелі-кеш сүтін саудық.

Қатын жоқ қалыңмалсыз ол заманда Бітетін дәурен қайда бізге ақ жаулық.

Ол кезде ел жайлауға көшер еді,

Жалғыз қой үш ешкімен өсер ме еді.

 

Шешем жоқ, әкем кәрі, өзім жалғыз,

Кім мені еркелесем көтереді.

Жайлауда шілдехана той болады,

Баққаны сорлы кедей қой болады.

Баруға баста билік болмаған соң,

Шерменде жүрегінде ой болады.

Ойланып тас түбіне қалсам жатып,

Даусымнан шошып тұрам ән сап жатып.

Еш айла бұл дертіме таба алмаймын Жете алмай ой түбіне шаршап жатып».

Бірақ соншама азап, жоқшылық қайратты баланың жігерін жасыта алмайды. Сөз асылын ыза-кекке жани жүріп, соншама мехнаттың бәрімен алыса жүріп өседі. Кедей болғанымен, талантты, келісті жігіттің көмейі- нен — ән, тілінен сөз құйыла береді.

3

«Жаямын бірде козы, бірде қойды,

Іздеймін шілдехана, күнде тойды.

Болғанмен киім жаман, әнім тәуір,

Баламын жас өспірім ұзын бойлы»,—

деп ақынның өзі айтпақшы, ендігі жерде бала Кенен тұла бойын кернеген әншілік, ақындық жолына түсе бастайды. Той-думанды іздеп жүріп өзі теңдес құрбы- ларымен айтысқа түсіп, бірде жеңіп, бірде жеңіліп жү- реді. Кенен сөзден жеңілгенмен, әннен жеңілмеген; оның әншілігіне пар келетін ол өңірде ешкім болмаған.

Баласының тұла бойындағы тұтанып, түлеп келе жатқан өнердің ұшқынын таныған Әзірбай екеуінің төрт жылғы табысын жиып, Кененге ат сатып әпереді.

Ол жайында ақын былай дейді:

«Сатып алды базардан Көкшолақты,

Құйрығы жок, жалы жоқ, шоп-шолақ-ты.

Өзі сәурік, көктемде байтал қуып,

Бір жағынан азынап құдай атты.

Көкшолағы әкемнің дөнен шықты,

Қойға мініп, қиқайып Кенен шықты.

Шілдехана тойларда әнге салып,

Қиыстырған кеудемнен өлең шықты».

Маңдайына біткен әдепкі аты — Көкшолақ ақын творчествосында жеткілікті жырланған.

Кененнің Көкшолағы — кедейдің Көкшолағы. Көк-

 

яіолақтың аты ел ішіне Кененнің ақындығымен қатар жайылады.

Бір күні көрші ауылда Бибол деген бай қызын ұза- тып, той жасап жұрт лек-легімен ағылып сонда бара жа- тады. Алдындағы малын досы Аянбайға тапсыра салып, Көкшолаққа жайдақ мініп, жіппен ноқталап, ақ таяқ- пен қақпалап, шоқпыт киімді, киіз етікті Кенен де шоқытып ала жөнеледі. Қырға шыға келсе, еңісте ке- тіп бара жатқандардың түрі бөлек екен: Қызыл-жасыл киінген, қыз-келіншек аппақ шағаладай жасанған.

«Жылдам жүрші, Көкшолақ,

Шапшаң жүрші, Көкшолақ.

Жамандатқыр, Көкшолақ,

Арам қатқыр, Көкшолақ»,—

деп, Көкшолақты тепкілеп Кенен де топқа жетіп, үкісін желбіретіп жорға мінген Шәлипа қыздың тұсынан:

«Мінгенім астымдағьі қызыл шолақ,

Кыз байғұс әкесіне аз күн конак.

Әй, қыздар кедейсінбей өлеңіңді айт,

Тұсыңа келіп қалдым «кұдашалап»,—

деп, өлеңді ағытып қоя береді. Шәлипа да талай айтысқа түсіп ысылып қалған ақын қыз екен, Кененнің кедейлі- гін бетіне басып маңайлатпай қояды. Екеуі тойлы ауыл- ға жеткенше айтысады. Со жылы Қенен не бары он төрт жаста еді. Осы сапар жас талап «Көкшолақ» әнін тара- тып қайтады. Сөйтіп, «Бозторғай» мен «Көкшолақ» бү- кіл Жетісу өңіріне әнші баланың атын жаяды.

4

Көкшолаққа жайдақ мінген жалаң аяқ жалшы бала- ның бойындағы тұтанып, түлеп келе жатқан талантты алғаш танып бағалаған кісі — Еркебай Базарұлы.

Еркебай ат үстінде ұршықша ойнайтын, қолынан кел- мейтіні жоқ өнерпаз; ақын әрі әнші; ұшқыр ат, қыран құс, жүйрік тазысыз жүрмейтін; атты баптап мініп, ки- імді таза киетін сыпайы, қонақшыл, дастарқанды кісі болса керек. Кенекең: «Ленин, партия, совет деген сөз- дерді ең алғаш осы Еркебай ағайдан естідім»,— дейді.

Еркебай төңірегіне қайдағы өнерпаз жігіттерді жи- нап жүретін болған. Нашарларға қайырымды, қожа-мол- даларды сүймеген. Сондықтан да дүмшелер: «Еркебай- дың отырған орнын шауып тастау керек» деп, жек көре-

 

ді. Ол әншіден — Әсетті, ақыннан — Жамбылды катты қадірлеген. «Кененнің әні — Әсетке, жыры Сарбаска ұқсайды» дейтін де осы Еркебай. Өнерді аса қадірлей білгендігінен болу керек, Арқадан Жетісуға келген ақындар алдымен Ноғайбай мен осы Еркебайға түседі екен. Ол үйде Шөже де, Абай да, Майкөт те, Жамбыл да, Балуан Шолақ та, Шашубай да, Тоқтағұл да бол- ған. Шашубай ақын Ноғайбайға кездесетін жылы әуелі Еркебайға түскен. Сонда Шашекең төгілтіп быдай депті:
«Еркебай, бай болдың сен мал жнмаған,

Тәкаппар төремін деп шалжимаған.

Үлкенге, кішіге де сынык мінез,

Мақтанып, асьіп-тасып далимаған.

Еркебай, туып-өскен жерің Қордай,

Атағың шыға келді туған айдай.

Әдейі көрейін деп келдім аңсап,

Баласы Қошқарбайдың мен Шашубай».

Кененді қойдан құтқарып, сауатын ашып, санасын оятқан да, ат, киім беріп, ас-тойға ертіп жүріп бағын ашқан ақылшы, қамқоршы да, атақты Балуан Шолақ- пен, Қажымұқанмен, Шашубаңмен таныстырған да осы Еркебай.

Қырғыз манабы Шабданға ас берілгенде, Кенен он алты жаста еді. Асқа Петербургтен бергі жерден қырық мың кісі шақырылып, қырғыз, қазақтан даңқы шыкқан талай ақын-жыраулар келеді. Жалғыз атын сабалап, домбырасын өңгеріп Қастектен — Жамбыл, Көкшолақ- ты борбайлап Қордайдан жаңаталап Кенен де келеді. (Кененді Еркебай ертіп келген).

Петербургтен арнайы келген зерттеуші — этнограф

С.  Е. Дмитриев 1912 жылы былай деп жазады: «Пішпек уезінде өткізілген Шабдан Жантаевтың асына қырық мың кісі шақырылып, аумағы отыз шаршы шақырым жазыққа екі мың ақ үй тігілді. Шудың екі жақтауы мен Шоң Кеминге шаңдатып өрлеп келе жатқан құмырсқа- дай құжынаған аттылардың есебі жок еді. Мен мұндай-; ды бұрын-соңды көрген емес едім.

Аста ат жарысы, күрес, сайыс болды. Бәйгеге 172 ат қосылып, алдыңғы келген отыз атқа бәйге тігілді. Верный уезінен, Кастек болысынан келген палуан Мақ- сұтбай Жәкебаев бәрін жығып, бәйгесіне 30 сом, 4 жыл- қы алды.

Асқа небір талантты ақындар келді; домбыраға, қо-

 

бызға, қияққа, сырнайға, сыбызғыға сүйемелдеп айта- ды, бәрінің де даусы ғажап, аспабында ойнаған саусақ- тары сиқыршыдай. Солардың ішіндегі ең атақтылары Жамбыл, Қалмырза, Тоқтағұл, Өмірзақ, Қенжеқара еді. Әттең, олардың жырлары еш жерде жазылмады. Таңның атысы күннің батысы тасқындай сапырып да- мылсыз жырлаған ақын-жыршылардың табиғатына, болмысына қайран қаласың!» («Изестия Император- ского Географического Общества», том ХЬУІІІ, вып. VI—X, 1912 г„ стр. 6—7).

С. Дмитриев жазғандай, кырғыз, қазақта бұрын-соң- ды болып көрмеген сол бір аса үлкен аста не бір жыр даңғылдары мен күй дүлдүлдерінің өнер төккені рас, бі- рақ соншалық есепсіз мол жырдың, ән мен күйдің сақ- талмағаны өкініш.

Бұрын мұндай жиынды көрмеген, әрі Жамбыл, Тоқ- тағұл, Қалмырза, Арқабайдай атақты, төкпе ақындар- дан кейін кезек алған жас ақынның жүрегі дауаламай, топ алдында екі рет айқайлағанда да даусы шыкпай қалыпты. Сол кезде көпшілік:

— Ер кезегі үшке дейін деген, жас бала ғой, тағы бір көрсін!— деп шулапты.

Сарбасша құлағын бұрап, домбырасын көкке бұлғап үшінші рет айқайлағанда барып кеудесінен жыр шыға- ды:

«Мен өзім жол көрмеген ақын едім,

Атакты ақын Сарбас жақыны едім.

Өнерім өр қияға алып ұшты Астында алты уықтын жатыр едім».

Бірте-бірте өр даусы жалпақ даланы жаңғыртып, ай- наласы ат шаптырым жиналған жұртты таңдай қактыр- рады. Осы жолы Қенен «Қөпшілік керсін әнімді» деген келісті ән-жыры үшін бас жүлденің бірін, Жамбылдай даңғылдың оң батасын алып қайтады. Әніне соншалық- ты риза болған Жамбыл дауылпаз әншінің бетінен сү- йіп, көңілін көкке көтереді. Жамбылды алғаш көрген әсерін Қенен былай деп жеткізеді:

«Кісі екен алпыс жасты алқымдаған,

Салдыктьщ самалымен салқындаған.

Домбыра ап төңірекке карағанда От болып екі көзі жарқылдаған.

Ауызда айтар сөзі іркілмеген,

Кызынса қияғынан мұртын жеген.

Ақырып домбыраны сабағанда Шіркіннің екі иығы бүлкілдеген.

 

Сөйлесе досын мактап, касын даттап.

Нөсердей дүркін-дүркін дүркіндеген».

Міне, Шабданның сол асынан бастап Кененнің әнші- лігі мен ақындығы қырғыз, қазаққа бірдей тарайды. Жамбылдан бата алып тұсауы кесілген Қененнің жолы да, бағы да ашылады. Қырғыз ішінде ол араламаған, ән салмаған жер қалмайды — туыс елге әуезді жырын, асқақ әнін көп сыйлайды. Тоқтағұл, Қалмырзадай әйгілі ақындар, Сағымбайдай аруақты манасшы арнайы ша- қырып жас бұлбұлдың үнін тыңдайды.

5

Ақын, әнші атанған Қенен ендігі жерде ел аралап сауық құрады, шілдехана, той-думанның гүлі болады. Өнердің арқасында бірді-екілі мал біткен соң, әкесі оған досы Байшығаштың Үлпілдек деген қызын айттырады.

Байшығаш Әзірбайдай тақыр кедей екен, кейін қызы бой жеткен соң тез байып, алысқан қол, келіскен уәде- ден таяды — Әзірбайды менсінбей, қызын Шоқы деген байға бермек болады. Әзірбай:

—   Мен құда болғанда, жирен шолақ кұнаның бар еді, ербиген екі құлағың бар еді, басыңда жарбиған тұ- мағың бар еді, жалғыз ғана шұнақ құлағың бар еді, ме- німен тең едің, мен қашан сенен кем едім, екі жасқа ра- қымшылық жасайық,— деп көрген екен, бірақ Байшы- ғаш:

—   Ат мінбей, таяқ мінген кедей жазғанға қыз бере алмаймын,-— деп көнбей койыпты.

Қенен бұл қорлыққа шыдай алмай Байшығаштың аулына барып, сондағы ниеттес құрбыларынан қыздың өзін ұнататынын біліп, уәде байласып, ақыры Үлпілдек- ті алып қашады. Осы оқиғаға арнап ақын 1920 жылы «Құдалар» деген дастан шығарған. Жібектей есілген аса сұлу дастанның бас кейіпкері Ханзада — Қенекең- мен 1935 жылға дейін отасқан аяулы Үлпілдек. Үлпіл- дектен: Талжібек, Зұлқия, Ұлтай деген үш қыз жәнеБа- зар, Назар туады. Зұлқиясы ертеректе қайтыс болған, Талжібек (жасы жетпіс екіде) бүгінде Алматының түбіндегі Қөкөзекте, ал Ұлтай (жасы елуде) Қиров кол- хозында, Қенекеңнің жанында тұрады.

Реті келген соң осы жерде сәл шегініс жасауды жөн көрдік. Даңқы тым ерте тараған аса дарындылығынан ба, жоқ әлде өнер адамдарын насихаттауымыздың жет-

 

кіліксіздігінен бе, әйтеуір өнерпаздың бала-шағасы, үрім-бұтағы түгіл, Кенекеңнің өзінің тірі екендігін, кезең- ді оқиғаларға әлі де ән арнап, жыр жұптап отырған- ғандығын жалпы жұрт біле бермейді екен. Ел аралаған кезімізде: «Ойпырмай, ол кісі әлі бар ма, қайда тұра- ды?» деген секілді сұрақтарды талай естідік. Жұрттың көбі шынында да Қененді баяғыда өткен аңыз адамын- дай көреді екен. Бұл бір жағынан қуаныш, екінші жағы- нан өкініш. Қуаныш дейтініміз, Кенен ел арасына өзінің тамаша әндерімен аңыз болып тарап кеткен; өкініш дей- тініміз, ескіні жаңаға жалғаған импровизатор, көненің көзі, сал-серінің соңы Қенен тәрізді ұлттық өнеріміздің қымбат асылы жайында тым аз жазады екенбіз. «Қол- да бар алтынның қадірі жоқ» дегеніміздің өзі осы.

Тоқсан жасқа елеулі табыстармен келген Кенекең бү- гінде Жамбыл облысы, Краснодар ауданында, Алматы- дан бір жүз алпыс бес шақырым жердегі Қиров колхо- зында тұрады. Қарт ақынның сүйікті зайыбы Насиқа шешемізбен отасқанына елу жыл толды. Той жасады. Тамашасында болып, қуанышына ортақтастық. Жақын- жуық, бала-шаға, үрім-бұтағы тегіс жиналды.

Баяғыда Базар, Назарын жоқтап талай-талай жанын қинаған Кенекем тебіреніп сөз сөйлеп:

«Жасынан ән үйретем шөбереме,

Ән шырқайды шетінен немерем де.

Ұлым, қызым, шөберем әнші болса,

Армансыз боп дүниеден жөнелем де»,—

деген өлеңін еске алды, бәрімізге: «Тілдерің балды бол, тең құрбыларыңның алды бол; ауыздарың несіпті бол- сын, алдарың бесікті болсын; көгерсін көсегең, құтты болсың төсегің; бақытты бол қарақтарым, жал-құйры- ғым, қанаттарым»— деп батасын берді.

Шүкір, Кенекеңнің арты жаман емес, Насиқа шеше- мізден туған: Төрткен, Көркемжан, Бақытжан, Ақбілек, Ақтамақ тәрізді ұл-қыздары бар. Ақтамақтан басқасы- ның бәрі күйлі-жайлы, балалы-шағалы. Тұлпардың тұя- ғы, асылдың сынығы емес пе, Төрткені — жұртқа таны- мал әнші, өңгелері де өнерден құр алақан емес.

6

Қенен ақын атанған кез, жеңнің жастық, етектің тө- сек болған; жаугершілік, барымта, ұрлық-зорлықтың дәуірлеп тұрған; зекет, қора басы, пітір, ұшыр тәрізді

 

алым-салықтардың есепсіз көбейген заманы еді. Елді ерқашты қылып әбден титықтатқан бай мен болыстың, аларман-шабармандардың осыншама әділетсіздігіне Ке- нен барынша қарсы шығады. Сол үшін қудалау көріп төрт-бес жыл бауырлас қырғыз ішінде жан сақтайды. Онда қырғыздың Төкпе, Халық, Оспанқұл тәрізді жүй- рік ақындармен табысып кетеді. Тар кезеңде жар бол- ған, пана болған бауырмал ағайындардың жақсылығын ұмыту еш мүмкін емес еді. Қененнің:

«Қатарлас казак-кырғыз бір туыскан,

Кіндік кесіп кірлерін бір жуысқан»,—

дейтіні де, немесе:
«Дәм-тұзыңды көп тарттым, қырғыз туған,

Жолын./ болсын, оңыңнан жұлдыз туған.

Мал тұрмақ бас та кайғы боп жүргенде,

Ішінде бір жыл емес, көп жыл тұрғам.

Жасымыздан косылған жүрегіміз,

Ән мен жырға біріккен тілегіміз.

Құрдас, сыйлас, ойнаған тай-кұлындай,

Қайда жүрсек бір еді тілегіміз.

Бір ұядан талпынып, түлеп ұшқан Алатаудың ақиық түлегіміз»,—

дейтіні де сондықтан.

Жетісу ақындары мен қырғыз ақындары сан айтыс- тарда бірімен-бірі сынаса жүріп, екі тілде бірдей жыр- лап, екі елге тел перзент боп өсіп-толысады. Майкөт, Бақтыбай, Сүйімбай, Бөлтірік, Құлмамбет, Жамбыл Сарбас, Қенен, Үмбетәлі, Өмірзақтар қырғыз тілінде де жосылған жүйрік танылса, қырғыздың Қалмырза, Төк- пе, Тоғалақ, Халық, Оспанқұл сияқты көптеген өнерпаз- дары да қазақ тілінде кедергісіз жыр төккен.

Қенекең қырғыз ақындарымен арадағы қимас күн- дерін әрқашан ықыласпен әңгімелеп отырады. Мәселен, Төкпе ақынмен достығын былай әңгімелейді:

— Мен со жылы әруақты манасшы Сағымбайдың үйіне келіп түстім. Ол кезде даусым асқар, бірақ дом- бырам нашар, домбыраға жарымай жүрген кезім. Ша- бан атқа мінгендей өлеңді қиналып айтамын.

Сағымбайдың үйінде бір бала жігіт күй тартты, ат- ын Сарықұнан деді. Төгіп жырлағаны үшін Төкпе ата- нып кеткен. Үш шекті шертпегін безілдете тартады екен, екеуміз сөзбен ұстаса кеттік, біраз айтыстық.

 

Бұдан былай дос болайық, осы домбыраңды маған бер дедім.

—  Астымдағы атымды ал, бірақ қомузымды сұра- ма,— деп жолатпады.

Жиналған жұрт:

—   Не ат, не атан емес, атасы ағаш қой, бер ағаш- ты!— деп шуласты. Жұрт жабыла қолқалаған соң Төк- пе:

—   Теріскейдің қарағайы — түнде сөйлеп, күндіз шықпайды; күнгейдің қарағайы — күндіз сөйлеп, түнде шықпайды. Ал биік шыңға біткен қарағай күндіз-түніі желдің өтінде тұрады, күннің нұрын көп көреді. Сол шың қарағайынан кесіп, ыстық суға үш қайнатып шап- тым. Күнге қаңсымайды, суға ісінбейді, күндіз-түні бір- дей сарнайды. Кененім, болды сенің дегенің, тұлпар Кержолақты амалсыз саған беремін,— деп, қомузын қимастықпен ұсынды.

Перне тағып әнге шырқағанда, айызым бір қанды.

Өзім әбден бұлауға түстім. Отырғандар:

—   Шіркін, домбыраң жараспай қор болып жүр екен- сің, атыңды ақын Кенен деп тауып қойған екен, Кержо- лақ домбыра иесін жаңа тапты,— десті. Шіркін, Төкпе десе Төкпе, өзі де сиқыршыдай өнерпаз екен, әндерін үйрендім, екеуміз қимас дос болып кеттік, Жамбыл екеуін қолтықтап үнемі сыйлап жүрдім,— дейді Кене- кең.

Кенен қырғыз арасында еш кемшілік көрмейді, бі- рақ ел-жұртын аңсап:

«Ей, бұлбұл, сен де бұлбұл, мен де бұлбұл,

Қанғыртқан екеумізді патша кұрғыр.

Сағынып ел-жұртымды жүргенімде,

Тұсымнан таң сәріде санра да тұр,

Алдымен ер-азамат ел сағынар,

Онан соң туып-өскен жер сағынар,

Әйтпесе кырғыздан да сыйласар ер табылар,

Сағынып ел-жұртымды жүргенім ғой,

Алатау — аскар белім,

Қордайдың сағындым-ау,

ІНІркін-ай, қоңыр желін»,—

деп бұлбұл үніне ертелі-кеш өзінің сағынышын қосады. Бекерге жасып, сары уайымға салынбай әнімен, жыры- мен қалың елді қанаушыға қарсы бағытайды. Сүреңсіз күндердің тұманы ыдырап, тоңы жібіп, соңынан жарқын күннің де туатынын айтып, кажыған елге жігер қосады.

 

«Ер жігіт тіршілікте нені көрмес,

Ер болса қасіретке бойын бермес.

«Ел кегі жауға кетпес»— деген бар ғой,

Кек қайтпайды дегенге көңіл сенбес»,—

деп, кектің қайтатынына сеніп, алдағы жақсы күнді асыға күтеді.

Кенен сол жүргеннен қырғыздан 1916 жылдың дүр- белеңі тұсында, ер-азамат тізе қосып атқа қонған шақ- та, бір-ақ оралады. Келе Бекболат, Әли, Қырғызбай, Әлжан батырлардың жасағына қосылып, олардың жа- уынгер жыршысына айналады. «Аттан», «Қайран елім қайда?», «Бұлбұлға», «Әли», «Қырғыз бауырыма», «Он алтыншы жыл» секілді ән-жырларын; «Қырғызбай», «Әли батыр» тәрізді дастандарын шығарады. Аталмыш соңғы екі дастанның да сол тұстағы тарихи шындықты дәл әрі көркем бейнелеу тұрғысынан да, кесек тұлғалар жасаған сипатымен де, кестедей төгілген айшықты өрнегімен де әдебиетіміздің ең таңдаулы үлгілеріне қосылатыны даусыз. Жазба әдебиетінің биік деңгейін- де жасалған бүл дастандардың осы күнге дейін мектеп оқулықтарына енбей келе жатқандығы түсініксіз.

 

0

Автор публикации

не в сети 10 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля