ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМЫСЫ

15 марта, 2018 22:34

 

Тілдегі сөздерді грамматикалық топтарға бөлуде олардың лексикалык жағы ескеріледі, өйткені жеке лексикалык мағынасы бар сөздер белгілі бір сөз тобына енеді. Мысалы айна, көмір, касык деген сөздер заттың атын білдіріп, грамматикалық тұрғысынан зат есім болады. “Зат деген ұгым тек күнделікті өмірде кездесетін эдеттегі жай нәрселерді гана емес, табиғат пен коғамдык өмірдегі ұшырасатын эр алуан құбылыстар мен уакиғаларды, ұгымдар мен түсініктерді де қамтиды,,: тұман, қар, мереке, жолдама, ойпат, шаткал, куаныш, сағыныш т.б. (7, 141) Олай болса, зат есім лексикалык-семантикалык сипаты жагынан өте кең, аукымды сөз табы болып есептеледі. Бұл-зат есімді жеке сөз табы ретінде танытатын бірінші белгісі.

Тіл білімінде сөз таптарын бір-бірінен ажыратуда грамматикалык белгілер, ягни морфологиялык жэне синтаксистік белгілер есепке алынады. Осы тұрғыдан келгенде, алдымен оның кұрылымы, екіншіден зат есімге жататын сөздердің өздеріне тэн сөз тудыратын жэне форма тудыратын арнаулы жұрнактары, сонымен бірге зат есімді басқа сөздермен байланыстыратын коптік, тэуелдік, септік жалғауларына сай категориялары бар екендігі ескерілуі тиіс. Сонымен, зат есімдерді морфологиялык жағынан сипаттағанда оның кұрылымы, жасалу тәсілдері, түрлену жүйесі, яғни көптік, тәуелдік, септік категориялары талдануы тиіс. Демек, мұның барлығы зат есімді жеке сөз табы ретінде танытатын екінші белгілері болып табылады.

Зат есімдер сөйлемде белгілі бір кызмет аткарып, белгілі топтағы сөздермен тіркеске түседі. Зат есімдер етістіктермен тіркеседі де, сөйлемде тәуелсіз мүше-бастауыш болуы олардың (зат есімдердің) жалпы категориялық мағынасы-заттылык мағынасымен байланысты екендігін аңғартады (1, 170). Зат есім баска да сөйлем мүшелерінің кызметін атқарады, мысалы, атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде объект мәнін білдіріп толыктауыш, ілік септікте тұрып анықтауыш, көлемдік септіктерде пысықтауыш, жіктеліп келіп, баяндауыш кызметін аткарады.

Сөйтіп, зат есімнің осындай синтаксистік қызмет атқаруы-оны жеке сөз табы ретінде дәлелдейтін үшінші белгісі болып есептеледі.

Зат есімнің осы үш белгісі сөздерді таптастырудың үш ұстанымына сәйкес келеді. Бұл ерекшелік зат есімнің сөз таптарының ішіндегі ең үлкен, өрісі аса кең сөз табы екендігін көрсетеді. Осымен байланысты зат есім тақырыбын үш блокка бөліп қарастыруға мүмкіндік бар:

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля