15 ноября, 2017 11:18
Мен өзім оқып жүрген жылдарда да, одан кейін де ңазақ әдебиетінің тарихын түсіндірген, тіпті оны толың түсіндіргісі келген бір адамды көрген емеспін, бірде-бір кітап оңыған емеспін.
(Эссе) I Күні кеиіегі Абай мен Ыбырайдың өзін танығымыз, ңабылдағымыз келмеген күндерде, революцияға дейінгі бес-алты адамның аттарын атасаң та үйірімізге ңоспай, жат дүниенің жандарындай санадың та, әңгіменің үзын- ырғасын, Сәкен, Бейімбет, Сәбиттер және оларға ілесе шыңңан бір топ аңын, жазушылар маңына ғана ңүрдың. Одан соң 1937 жылдардың апатына үшырағаннан бастап жиырма жылдай Сәкен, Бейімбет, Ілиястардан айрылып ңалған соң ңысңарған «тарихымыз» күрмеуге келмей, аяғымыз әр жерден бір-аң тиетін болды. Сол күндерді ңазір ойлап отырсаң жыларыңды да, күлеріңді де білмейсің. Барлың эпостың дастандары Сыпыра жыраудан басталатын аңындарды — феода- лизмге берілген, идеялың жағынан зиянды саналған, кө- неден «Қамбар батыр», жаңадан Сәбит, Ғабиттері ғана ңалған ңазаң әдебиеті — орманы өртенген, суы тартыл- ған, шөбі күйген жүтаң далаға үңсап ңалдың, біраң біз ол күйімізге кезінде түсінбедік. «Жаман түйе жабуын жер, жаман жігіт ауылын жер» дегендей, көпке дейін идеологиямызды көненің ыңпалынан тазарту, ңатары- мызды империализм агенттерінен тазарту үрандарынан босай алмадың. Айдағанымыз бес ешкі, ысңырығымыз жер жаратынның кері келді. Біз әшкерелеген «жаулары- мыз» жөнінде рапорт жазуға, мінбеден сөйлеуге дағды- ландың, оларымыз үшін алған атаңтарымыз, награда- ларымызды тойладың. «Бір биенің екі емшегі Бірі кетсе сүті жок, Бір түйенің екі өркеші Бірі кетсе куші жоқ»,— деп халың өте дүрыс айтңандай, біз ауыз әдебиетінің
ең асылдарынан безіндік, біз жазба әдебиетіміздің ең асылдарынан да жеріндік. Сөйтіп, сүт беретін, күш бере- тін екі байлығымызды бірдей жоғалттың. Соның салда- рынан үрпаң пен үрпақтың байланысы бүзылды, ха- лыңтың пайдалы дәстүрі күйреді, жеткіншектерді үстаздың үлгісінен айырдың. Тілдің алтын ңазынасын кілттедік, оларды үлттың рухани жүтаңдыңңа үшырат- тың. Біз кейінірек — кеңірек, тереңірек ойлайтын болдың, ғылымға, тарихңа сүйенетін болдың деген күндеріміздің өзінде де, ңазаң әдебиетінің басталар тарихын XVIII ға- сырға әрең дегенде жеткіздік, Соның өзінде де жоғары дәрежелі институттерде тарихты түсіндіретін, тарихңа ңызыңтыратын, жастарды ізденгіштікке бастайтын ғы- лым жасалған жоң, ауыз эдебиетінің асыл мүралары. бүгінге дейін сол жабулы күйінде. Менің өз баңылауымша, ңазаң әдебиетінің туып, ңа- лыптасу, даму тарихын дәуірлеу мәселесін 1980 жылға- дейін сөз етудің өзі кінә сияңты көрінетін, ал К,ожахмет Яссауи, Сүлеймен Баңырғани сияңты уаңыт, жер, тіл жағынан жаңын түрған түркі тілдес халыңтардың ортаң аңындарын атауға болмайтын, оны саңтың үстанған сыншылар түрікшілдікке, одан асса діншілдікке саятын. Біздің сөз өнерінің тарихын зерттеу саласына осы күнде де ңызу ңатысңысы, дауыстап сөйлегісі келетіндер аз емес. Солардың ішінде сөз өнеріне жетік болмаса да тарихңа жетік білімпаздар аз кездеспейді. Ондайлар әдебиетші ғалымдардың терең ізденіп, тарих басын әрі- ректен көргісі келген дәлелді талпыныстарын келекеге айналдыруға, кекетуге, мүңатуға бейім. Олар казаң поэзиясының көне түрлерін табуды — ңазаң тарихын Россиядан бөлу әрекеті, деп, үлтіиылдыңңа, тағы бірне- ше бәлелерге сайып түсіндіреді. Сөйтіп, ғалым болудың оңай жолын тапңан, дүниеде аң пен ңарадан өзге бояу бар деп білмеген «кемеңгерлер» әлі күнге дейін аттары- нан түскен жоң, асынған ңаруларын шешкен жоң. Біраң соған ңарамай іздену, зерттеу, бай материал- дарға сүйене отырып ғылымды тар шеңберге ңамаушы- ларға ңарсы жаңа ой, тың болжам айту алпысыншы жылдардан бастап үзілген емес. Абай атындағы Қазаң педагогика институты мен академиямыздың Мүхтар Әуе- зов атындағы әдебиет және өнер институты да мыңтап орын тепкен кертартпалыңңа ңарамай (тарихты 18-ға- сырдан бастауды ңолдайтындар), Қазаңтың С. М. Киров |
атындағы университетінің ңазақ әдебиеті кафедрасында да жаңа идея орын ала берді.
«Орхон ескерткіштері және оның қазақ әдебиетіне қатысы» деген тақырыпта арнайы зерттеу жұмысы. жүр- гізіле бастады. Бүл идеяны қызу бастап, айнымай, сес- кенбей қозғаған профессор марқүм Бейсенбай Кенже- баев, кафедрада «Ежелгі әдебиет» деген атпен курс дайындап сабақ жүргізді. Кафедра бүл дәуір бойынша бірнеше талантты жас кадрлар даярлап шығарды. Сол алғашқы мамандардың бірі Мырзатай Жолдасбеков қа- зақ әдебиетінің ежелгі дәуірінің бастапқы кезеңдерінің ескерткіштерін (VII ғ.) қазақ әдебиет тануында бірінші рет арнайы зерттеп, қазақ жүртшылығына «Асыл арна- лар» атты кітабын үсынды. Кешігіп басылған кітапты кешігіп оқыған мен, «еш- тен де кеш жақсыға» сүйендім де қуанышымды оқырман қауымнан жасырмауды мақүл көрдім. Көп ізденіп, көп оқыған талантты ғалым менің ал- дыма жаңа дүние ашып, тың ғылым усынғандай сезін- дім. Ол Орхон жазбаларынан Октябрь революциясына дейінгі аралықтағы халық әдебиетінің тарихына, оның даму заңдылықтары мен басты кезеңдеріне жан-жақты сипаттама береді. Орхон ескерткіштерін туғызған дәуір, түркі халықтарының тарихындағы сан қилы кезеңдерді түсінікті, қызықты баяндай келіп, ескерткіштердің идея- лық мәні, жанрлық сипаты., көркемдік өрнектері, қазақ эпостарымен ортақ үқсастық бірліктері жөнінде тың, дә- лелді пікірлер айтады. Ескерткіштердің жанры жайында А. М. Щербактың «Орхон жазулары» көркем шығарма емес, шежіре, И. В. Стеблеваның: «Бастан аяқ өлеңмен жазылған» дей- тін пікірлерімен таласа отырып Мырзатай Жолдасбеков- тің Орхон ескерткіштерін ағыл-тегіл жырға жатқызбай, «Алпамыс», «Қобыланды» тәрізді эпикалық дастандар- ға — қара сөз араласып отыратын жырға жатқызуы тың жаңалық. Атап айтсақ, будан өзге де үқсастық, үндестік- тердің небір дәлелді көріністері бар. Олар: белгілі ба- тырлық жырлармен идеялық бірлігі, әлеуметтік сарын- ның басымдьіғы, батырлардың жас шағынан бастап, өмі- рінің ақырына дейін ерлік әрекеттерінің түтас суретте- луі, мінген аттарына мән берілуі тағысын тағылар. Осы- ның бәрін ғалым көп жерінде шумақ-шумағымен, жолма- жол, сөзбе-сөз салыстырып дәлелдеген. Мысалы: |
«Каланың аузын кан қылды,
Қақпаның аузын шаң қылды, Айдарлысын құл қылды, Тұлымдысын) тұл қылды»,— деген «Алпамыс», «Қобыланды» жырындағы жолдар Орхон жазуларынан: «Бастыны еңкейтті, Тізеліні бүктірді, Бек ұлдары кұл болды, Пәк кыздары күң болды»,— делініп бір жыршының аузынан шыщандай естіліп түр. Талантты ғалымның бүл келтірген мысалдары бізді ерік- сіз сүйсіндіреді. Тың ғылыми аңиңаттыққа бастайды. Мырзатай Жолдасбековтің тағы бір жемісті табы- сы оның Орхон жазуын бүгінгі қазақ тіліне аударуы. Ол осы аудармасын 1967 жыл университеттің қазақ әдебиеті кафедрасы қүрастырған «Ертедегі әдебиет нүс- қалары» деген кітаптан көргенбіз. Қазір ол кітапты ат- пен іздесек таба алмаймыз. Сондықтан аударманың екінші рет «Асыл арналарға» енгізілуі өте орынды бол- ған. Аудармадан автордың халқымыздың байырғы аңындық тіл ньюанстарын сезінуі, жыраулық творче- ствоның ерекшеліктерін жетік түсінуі, өлеңдік ішкі ыр- ғақты нәзік аңғарғыштығы айқын көрініп түр. Сонау алыс ғасыр дастанындағы кең дала, қалың қолдың жорығы, халықтық өмірдің ішкі ырғағы сыртқы бояуы бізге көбірек жақын секілденеді. Мен өзімді сол көне елдің үрпағындай сезінемін. II Біздің уақыт аралығын үзбей — тіл мен жыр арқылы жалғастыруымыз, кең даладағы биік таулардың қара- ластығы секілді ғасырлар қараластығы кітаптың «Қор- қыт», «Оғызнама» атты бөлімдерінде де табиғи түрде танылып отырады. Қорқыт ата жөніндегі белгілі ғалымдар ойларына сүйене білген автор, толып жатқан мәліметтер бойынша аңыз Қорқыттың өміріндегі шындықтармен де қызықты таныстырады. Мен тағы да аңызға айналған даладан аңызағы күйдірген, сағымы ойнаған, шөлейт жазираны жарып аққан Сырдың екі жағын көрдім. Қорқыт жырларынан қысқартылып алынған үш дас- танды оқып отырып, сонау VIII ғасырдан да өзім бала |
шақтан жаттаған эпостық ощғаларды бастан кешірдім. Эпос батырларының үлттың сезімдері мен ойларын, әдет-ғұрыптарын, ақ жүрек адал қимылдарын, жырмен, елмен ажыраспайтын тағдырларын ойлау, қиялдау, сөз- саптау үрдістеріне дейін осы күнгі бізбен шынжырлас екеніне сендім.
Түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ ата саналған Қорқыт жыраудың барлық халықтарға жетерлік үлылы- ғын айдан анық көріп отырып, әсіресе қобызға қосыл- ған үнінен қазақ жырауы дерліктей демін де, тілін де еріксіз аңғарамыз. Батагөй жырау: «Кара орманын шайқалмасын, Мәуелі ағашың құламасын, Аққан суың сарқылмасын, Тіккен шатырың қисаймасын, Тұлпарың шалдықпасын, Болатықнық жүзі қайырылмасын, Найзаңның үші мұқалмасын, Шырағың жана берсін…»— осы жырмен берілген бата стилі бізде ғана сақталған. Біз күні кеше ғана Жамбылдан, Нүрпейістен, Шашубай- дан осындай баталар алғанбыз. Осындай батаны атақ- ты, ел қадірмені болған аталар 1916— жылы патилаға қарсы қару тағынып көтерілген батыр үлдарына берді, осындай батаны неміс фашизміне қарсы аттанған үл- қыздарына да берген. Мен де бүгін батыр үрпағыма осындай бата-жырларымды арнаймын. Мен «Бамсы—бейрек» жырындағы Мырзатай кел- тірген үқсастықтарды (бізге үқсастықтарды) қайтала- май-ақ, окыр ырғағындағы қанымызға сіңген, жанымыз- ға үялаған ағынды іш.тей кайталай отырып, жырдағь географиялық көріністердің де көзіме оттай басылғаны на қуандым. |
«Алдындағы Каратау,
Кімге жайлау болды екен? Ағып жатқан қара су Кімге сусын болды екен? «Өріс» толған сайгүлік Кімге мініс болды.екен? Жібек шуда түйелер Кімге көлік болды екен? Алаулаған шатырлар Кімге сая болды екен?» Соңғы кезде Түркістанның 1500 жылдығын тойлау |
керек деген әңгіме қозғала беріп, басылып қалып жүр. Кейбір ғалымдар Орта Азияда Түркістан туғалы 2000 жылдан асып кетті деген де есептер келтіреді. «Бірақ біз соны қазақ Түркістаны деп тойлауымыз керек пе?»— деушілер де кездеседі.
Бүгінгі Түркістанның иесі біз болған соң, будан 1500 жыл бурын да қазіргі тіліміздің кегізінде сол кездегі ха- лық сөйлеген соң, жыр шерткен соң, толғау толғаған соң, батырлық дастандарын айтқан соң — қазақ Туркістаны демегенде, қалай дейміз? Түркістанға иеліктен, Түркіс- тан үшін жауапкершіліктен қашамыз ба? Біздің кейбір ғалымдар халықты, бурынғы белгілі бір канондық тәсілмен зерттеуге ғана дағдыланған. Олар әрі кеткенде археологиялық мәліметтерге сүйенген бола- ды, олары да сирек нәрсе. Ал этнография ғылымы тапқан сан тарих куәлігіндей заттар, олардың есебіне кіре бер- мейді, біле білсек, тарих кепілдігіне буйым, киімдерден бастап жауынгерлік қурал, музыкалық аспаптар түгел жарап жатқан жоқ па? Осындай кепілдіктерді халық өміріне байланыстырса, тарихтың әр кезеңіне қарай даму процесстеріндегі көп сырларды аңғартпай ма? Орхон жазбасын түгел бүгінгі тілімізбен салыстыра тексерген, оның мурагер иесінің ең мықтысы қазақ еке- нін тайға таңба басқандай дәлелдеген М. Жолдасбеков кітабының 33-бетінде: «Шығыстану ғылымына улы өзге- ріс жасаған бул ескерткіштердің қай тілде жазылғанды- ғын дәл анықтайтын уақыт жеткендігін В. Бартольдт та, В. Радлов та, П. Мелиоранский де, С. Малов та та- лай жазған және соңғы екеиі ол жазбалардың тілі қазір- гі қазақ тіліне көбірек келетіндігін де баса айтқан. Сөйтсе де, өкінішке орай, бір ғасырдан астам уақыт бойы зерттеліп келе жатқан осы бір ғажап шығармалар- ды халқымыздың мурасы ретінде, соңғы жылдарға дейін қазақ ғалымдарының батылы жетіп ешкім қолға алма- ған»,— деп, барыниіа сыпайы айтқан. Расында қазақ ғалымдарының әсіре солақайлары ізденбей, еңбектенбей, ештеңенің негізіне бармай, тек «марксизмге» сүйеніп сөйлегіштері шын ғалымдардың маңдайына байланған тоқпақ болып келген. Біздің атақ- ты эпостарымыздың бүгінге дейін жат-зиянды дүние боп саналып келгендері де солардың жасаған кесірі. Олардың бетімен кетсек:— тарихымыз шолақ, өзіміз олақ, тіліміз сөйлемейтін, қулағымыз естімейтін, көзіміз көрмейтін, жетекке ғана ере алатын, ар-намыс дегенді білмеген, әніміз асқақтамаған, күйіміз күңірене алма- |
ған мүсәпірміз,— біздің тарихтың «диалектикасы» осы деп отыруымыз керек.
Мен жаңында ғана К,адыр Мырзалиевтің мынадай шумақтарын «Қазақ әдебиетінен» оқыдым: «Болдық әбден шындықты да жырмалап, Ойдағыны бойдағыға жүр балап, Есімімді қата жазсаң жаза ғой, Тарихымды жазба бірақі бұрмалап! Қанша жүрдік артын күтіп әліптің, Сырын неге жасырамыэ алыптың?! Жаман болса жаман болсын, қиналмай Өз тарихын өзіне бер халықтың!» Оқыды ма екен осы өлеңді біздің тарихшылар? Оқы- ды ма екен осы өлеңді біздің философтар. Жауап бере- йікші кднеки. «Сырын неге жасырамьіз алыптың?!» Қөп еңбектенген талантты ғалым Мырзатай Жолдас- беков өз кітабында IX ғасырдағы «Оғызнаманы» да те- рең талдаған. Бір дәуірдің алып шығармасындағы бүкіл түрік тілдес халықтарға ортақ қасиеттерін қүптай оты- рып, бүгінгі қазақ жерімен жерлестігін, қазақ тілімен тілдестігін де дәлелді сипаттайды. «Академик В. А. Гордлевскийдің көрсетуінше, оғыз дәуірінде ең өріс алған халық дәстүрінің көбі бергі кезге дейін қазақ халқының рухани тіршілігінде өте жақсы сақталып келген. Ол дәстүрдің ішіндегі көзге ерекше тү- сетіндері, әсіресе әлеуметтік шаруашылық жоралары. Қазақтардың жерді кейінгі заманға дейін жазғы — жай- лау, күзгі — күздеу және қысқы — қыстауы болуы — ежелгі гун, үйсін, оғыз, қыпшақ тайпаларынан қалған дәстүр»,— депті. Қітап авторы — Қорқыт, Оғыз дастандарында сурет- телген: халық бас қосқан жерде, мереке, той үстінде қо- нақасы беру, мүше тарту, көрнекті адам өлгенде аза түту, қара жамылып жоқтау айту, жыл өткен соң ас беру, шашу шашу, шүлен тарату, үлкеннің алдынан кесіп өтпеу, желіп өтпеу сияқты бірсыпыра өзімізге жеткен әдеттік, ғүрыптық, тәрбиелік белгілерді орынды келтір- ген. Біз бүл дастаннан да сонау Орхон заманындағы дас- тан тілінің жалғасын көреміз. Жорықтар екпіні, қару қағыстарының шыңылдары, дала демі, халық шері, ой- дағы мүрат-мақсат, көңілдегі арман, қиялдар дастандық ырғақтарын, айтылу дәлдіктерін бүзбай үласады. Бір ғажабы сол: осы дастандардың, әрбірінде халық |
рухының туын көтеруиіідей, дастанды өз заманына жаң- ғырта жырлап беріп отырушыдай алып жыраулар бейне- сі көрінеді, олардың біріне-бірі ауыстырған дәстүрін се- зінеміз.
Хан да бар, батыр да бар. Олар — көбіне жаумен бёт- тесер жердегі тұлғалар. Ал уаңыттың өткені мен өтерін салыстырып болжау айтып, қатер мен ңауіпты қоса толғап, бірде сабырға шақырып, бірде ерлікке сөзбен баптап отырған даналық та бар. Біз оны дэстур бойын- ша жырау-ақын деп атаймыз… Олар Орхон дәуірінен Тоныкөк, одан соң Қорқыт, Оғыз дәуірінде Үлықтүрк. Мен осылардың жалғасындай Сыпыра жырауды, Бухар жырауды, Махамбет ақынды көретін сияқтымын. Біз қазақ эпосын тексергенде де, атақты жыраулар дэстүрін зерттегенде де ақындықтың осы улттық мекте- бін умытпауымыз керек. |
III
Қазір қазақ әдебиетшілері, оның ғылымдық орталық- тары жаңа талап үстінде. М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты алдағы он жылдың ішінде қазақ әдебиетінің он томдық тарихын шығарамыз дегенді бу- кіл республика журтшылығына жариялады. Бул, сөз жоқ, үлкен талап. Мен «Асыл арналарды» оқып шыққанда, осы он том туралы еріксіз тағы да ойландым, талай-талай сүрақтар турды алдымда. «Ендігі жазар тарихымыздың жүйеленуі қалай болар екен? Кай дәуірден басталар екен? Қандай кезеңдерге бөлінер екен тарихымыз? Қай белеңдегі, қандай ақтаң- дақтарымыздың орнын толтырар екенбіз, қалай тол- тырар екенбіз? Октябрь революциясының алдыңғы жыл- дарынан бастап, қазірге дейін жасап келе жатқан қазақ совет әдебиетінің өсу, даму жолдарын қалай жазар екен- біз? Қөптеген әлеуметтік мәселелерді культ пен тоқырау түстарындағы теріс ықпалдардан босату, ғылымның әділдігіне кең жол ашу мәселесі қызу қолға алынып жатқанда, біздер, қазақ әдебиеті тарихшылары қайтер екенбіз? Мінеки, тереңдемей, үстірт қарағанның өзінде көзге соғып түрған сүрақтардың түрлері осындай. Біз бүгіннен бастап осы сүрақтарға жауап боларлық мәселелерді қарап, қарап қана қоймай, шешіп алуымыз керек емес пе? Әрбір әдебиетшінің өз ойы, өз сыры бар. Ондай сыр, эрине, менде де бар. |
Мен жаңағы сүрақтарға өз ішімнен жауап іздеп отырғанда тағы бір үлкен сүраңпен беттестім. «Жаңадан жазылатын, жаңаша жазылатын он том кітаптың автор- лары кімдер болмақ? Осындай игі талаптарға лайық ка- дрларымыз жеткілікті ме? Ондай жас әдебиетшілерді қа- шан, қайда әзірледік? Дәл бүгін әзірлеп жатырмыз ба?» Мен тағы да жауаптан қысыламын.
Мүндай тіршілікке сай кадр дайындау нышандары астанамыздағы қазақ университетінен байқалатын сияқ- ты. Бірақ о да пәлендей мардымды болмасқа керек. Ал оқу ғылымдық институттарда жоққа тән. Мен өзім үзақ уақыт жүмыс істеген М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында соңғы 30 жыл бойында бірде-бір қазақша оқып, қазақша эюаза білетін аспирант алынға- ны есімде жоқ. Ал үлкен іске кірісер шақта көңілге демеу боларлық, арқа сүйерлік нәрселеріміз бар ма? Оларымыз да бар. Олардың көбі өздері жоқ болса да қалдырған істері бар ғалым-жазуиіылар. Егер он томдыққа кіретін зор бөлімнің аты қазақ фольклоры десек, ол бөлімнің үлкен авторы Мүхтар Әуе- зов болмақ. Бүкіләлемдік фольклористердің ең ірілері- нен саналатын ғалым М. Әуезов қазақ фольклорын және эпостық дастандарын тексеріп талдауда, оларды әбден жүйелеп ғылымдық қорытындылар айтуда алдына жан салмапты. Өзі бастаған ғажайып жүмысты тоқыраусыз жүргізе беретін жәрдемшілерін де әзірлеп кетіпті. Мырзатай Жолдасбеков осы кітабында Мүқаң тура- лы, оның ғылымдағы күрделі еңбектері жайында ірі, ата- лы ойлар айта келіп: «Мүхтар Әуезовтің зерттеулері қашан да ойшыл, терең, батыл келеді. Үлкен білімпазды- ғымен, айтқыштығымен, көрегендігімен ерекшеленеді. Ғалымның зерттеулерінің қай-қайсысы да оның көркем шығармалары тәріздес, шебер, шешен жазылады» деп дүрыс қорытқан. Сөйтіп, Мүқаң болашақ он томдық та- рихтың да үлы авторы. Мүқаңмен қатар біздің тарих жазуымызға болысып, көп мәселелердің арнасын дүрыс салып, орнықты ғылы- ми ойлар айтып кеткен ғалым — жазушы Сәбит Мүқа- нов. Сәбиттің қазақ фольклоры мен эпосы жөнінде, айтыс туралы айтқандары да аз емес. Солардың ішінде ең күр- делі еңбегі 1932 жылы шыққан «XX ғасырдың бас кезін- дегі қазақ әдебиеті» деген қалың кітабы. Қазақ әдебиетінің XX ғасырдың бас жағында жалғас- пай түрған жерлерін аңғарған Сәбит әсіресе Абайдан |
кейінгі, революцияға дейінгі мерзімді жазуға, сондағы тарихца кіретін ірі тулғаларды камтуға тырысты, Шәкә- рім. Ахмет, Мағжандар туралы толыц талдап, толык, зерттеді. Сол үиіін де бул кітап кейін оқуға руқсат етіл- мейтін санаща кіріп кетті.
Архивтерден, қолжазба фондыларынан, кітапханалар- дан материал ізденгіш Сәбең көп нәрсе тапңан-ды, өзі көріп, өзі білген адамдар жайында да көп ойлар айтңан- ды. Соларының ішінде автордың тым солақай, сдл кез- дегі уақыт райымен кеткен жерлері де жеткілікті. Бірақ Сәбең де біздің дайын авторларымыздың, жас тарихшы- ларға жәрдемшілеріміздің бірі. Совет әдебиеті тарихын жанрға бөліп герттеу, ірі жазушылардың белгілі еңбектерін жан-эісақты талдау авторлардың өмірбаяндары мен шығармаларын байла- ныстыра баяндау, көршілес туысқан елдер әдебиетімен бірлестігін түсіндіру, әсіресе орыс әдебиетінің қазақ әдебиетіне жасаган устаздық ықпалын аіиуда көп нэр- селер істелді. М. К,аратаев, Т. Нуртазиндердің ірі моно- графиялары жазылды. Солардың қатысымен жазылған тарихымыз да жарық көрді. Дегенмен, бул дәуірдің өзі де қазіргі қайта қуру міндеттеріне сай жаңаша қаралып, толып жатқан ушқары, устірт нәрселердің босануы қа- зақ совет әдебиетінің көркемдік сапасын терең де, әділ айтатын дәрежеге көтерілуі керек. Мен бул міндетті то- лық барлап жазатын ғалымдар табылады деп білемін. «Асыл арналардағы» бар ойын орынды да, сенімді айтқан, еш жерде орынсыз даурықпайтын, ілімдік қағи- даларға, тарихи болмыстарға, бурынғы озат ғалымдар- дың еңбектеріне сүйене отырып сөйлеген Мырзатай Жол- дасбеков, болаіиақ он томдық әдебиет тарихына курделі үлес қосарын да көрсетті. Мен Орхон жазбасымен тығыз байланыса басталатын қазақ поэзиясының тарихы сол арнадан шығады, содан бері қарай XI, XII, XIV, XV ғасырлардағы өрімі тарамай, біздің ғасырымызға ула- сатынына шек келтірмеймін. Осы күрделі проблемалар- дың иіешілуіне, ғылыми сипат табуына талантты Мырза- тай болысады. Менің «Асыл арналардан» бір түйгенім осы. * * * Казақ әдебиетінің он томдық тарихын шығару проб- лемасы оңайға соқпайтынын тағы да қайталаймыз. Жо- ғарыда қойылған сурақтар жауабын беруге бүгін кірісуі- міз керек. |
Біз осы жұмысқа қатысады деген барлық кәрі-жасы- мызды қазірден бастап бір жерге топтастырып, кімнің не ойлайтынын, қандай ұсыныстар айтатынын анықта- ған жөн.
Үзақ жазылар тарихымызға мықты база жасау /бар- лық қажетті қолжазбаларды, кітаптарды, архивтік ма- териалды, тағысын тағылар/ ең қиын мэселенің бірі. Ақ- таңдақтар орнын толтыруды да алдын ала шешіп, тари- хымызға жаңадан кімдердің кіретінін бүгін біліп отыруымыз қажет. Сондықтан қайта қүру дәуірінде шы- ғатын он томдық тарихымыз туралы, ең алдымен, партия- мыз бен үкіметіміздің қаулы-қарары керек. Осындай мән берілмейінше біздің өз бетімізбен барлық қажетті нәр- селерімізді табуымыз мүмкін емес. «Тарихымызға, тарихи оқиғалар мен тарихи адамда- рымьізға қалай қараймыз?»— деген сүраққа әлі бәріміз- ге ортақ жауап беріліп болған жоқ. Бірсыпыра тарих- шыларымыз бен философтарымыз, тілші ғалымдарымыз жалтақ күйлерінен әлі арылған жоқ. Соңын бағайықшы деген сақтық, оның үстіне тарихтағы шындықтарды же- тік білмеушілік кейде оларды бөгесін болуға итереді. Де- мек, бүл қиындықтарды да ұмытпаған жөн. Бүрын жумыс істемей жаттанды, түздықсыз сөздерді қайталай беруге дағдыланғандар, іскер болам, мәселе шешем, шын ғылыми тарих жазам деушілерге — ой бәре- келді-ай, бүларың дүрыс екен, оң қолым да, сол қолым да саған жәрдемші дей қоймайды, тыныш, іссіз отырып тойынғандарға, мәртебе тапқандарға сол тыныш өмірдің бүзылмағаны дүрыс. XIX партия конференциясы бізге осыны ескертті. Кертартпалармен, жаңа дәуір іскерлігіне бүқпантайлық жасаушылармен, бүрынғы билеп қалған позицияларын демагогиялық әдіспен қорғаушылармен аянбай күресуге шақырды. ¥лы гуманизм үшін адамның жан еркіндігі, рухани бостандығы үіиін, оның адамдық правосы үшін күрес — бүгінгі үлы мақсатымыз. Бүл күрес — сөзде бар, істе жоқ дәуір дөңгелегіне тосқауыл қоюіиыларды әшкерелеу, оларды жеңумен ғана аяқталуы керек. Онсыз біз ғылым- ды да ілгері бастыра алмаймыз. «Асыл арналарда» ақындар жөнінде, Шоқан, Мүхтар, Әлкей сияқты ғалымдар жөнінде де өте білгір, барынша жомарт ойлар айтылған. Біз олар туралы сөзді өзгелерге қалдырып, осымен тоқтауды мақүл көрдік. |