„Қорқыт ата кітабы»

26 ноября, 2017 18:28

Түрік қағанаты дәуірінде өмірге келген ерлік эпосының бірі . Алайда бүл кітапта Түрік қағанаты дәуірінен сан ғасырлар бүрын орын алған кейбір тарихи оқиғалар қамтылған.„Қорқыт ата кітабы»—түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы түрмысын, әдет-ғүрпын, салт- санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық, әрі тари- хи мүра. Қорқыт ата хикаясы — VII—VIII ғасырларда Сырдария бойын мекен еткен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы үрпақтан-үрпаққа та- раған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, тарихи, этнографиялық, т. б. мәнін жоймаған, аса қүнды көркем туынды.

Ал, Қорқыт атаның өзі туралы бүл тақырыпты үзақ жылдар бойы зерттеген ғалым Ә. Марғүлан төмендегідей пікір айтады: „Қорқыт тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасы-

 

нан шыққан данышпан қария, ақылшы батагөй, асқан ақын (үзан), болашақты болжап сөйлеген сәуегей кісі болған. Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Азиядағы түрік тілдес елдердің көбінде бар. Бірақ қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі үрпағы болғандықтан, Қорқыт туралы айтылатын тарихи жырлар, аңыз-легендалар, ән- күйлер қазақ пен түркімендерде көбірек жолығады».

Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыт — сегізінші ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ба- тыр, атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Қорқьгггың анасы қыпшақ тайпасынан, әкесі Қарақожа оғыздарынан екені мәлім. Міне, сондықтан да Қорқыт қыпшақтар мен сол кезде Сырдария бойын жайлаған оғыздар арасында екі жаққа бірдей ел ағасы атанған. Да- нышпан қарттың үзақ жылдар бойы ел басқарған көсем болғанын, өз өмірінде үш хан түсында уәзірлік қызмет атқарғанын дәлелдейтін тарихи деректер бар.

Ал, оның теңдесі жоқ күйші-композитор болғандығын халық жадында сақталған „Қорқыт ата күйі», „Қорқыт са- рыны», т. б. музыкалық шығармалары дәлелдейді. Қазақ арасынан шыққан атақты күйші-бақсылар, ақын-жырау- лар өздеріне Қорқыт атаны пір-үстаз түтқан. Олар өздерінің өлең жырларын бастар алдында, алдымен Қорқыт атаның есімін ауызға алуды шарт деп білген.

Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата,

Бата алған барлық бақсы асқан ата.

Таң қалып жүрттың бәрі түрады екен,

Қобызбен Қорқыт ата күй тартқанда.

Ел аузындағы аңыздардан Қорқыт ата өзінің жүйрік желмаясына мініп алып, халқына мәңгі жасайтын жерүйық іздеуші, ғүмыр бойы өлімге қарсы күресуші, өлім дегенді білмейтін ғажайып қайсар жан ретінде сурет- теледі. Әйтсе де ол өмірінің соңында „өлмейтін нәрсе жоқ екен» деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді. Үлы күйші, кемеңгер жырау өзі іздеген мәңгілік өмірді шьгаында да тапқан секілді. Қорқыт атаның жан тебірентерлік сиқырлы күйлері, үлағатты ғибрат сөздері, әрбір жолы мақал-мәтелге &йна- лып кеткен өлең-жырлары үрпақтан-үрпаққа асыл мүра, мәңгілік қазына ретінде ауысып, мың жылдан астам уақыттан бері өмір сүріп келе жатыр.

Қорқытты асқан күйші, ақылгөй, данышпан, атақты

жырау деп, мазар-күмбезіне (қорым, ұйық жер, пантеон) бас ию сонау оғыз-қыпшақ заманынан басталады. Қорқыттың мазарын (қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында) халық сан ғасырлар бойы қадірлеп, оны „Қорқыт атаның күй тартатын жері» деп ба- сына күзетші, шырақ жағушы адам қойып жүрді. Қорқыт ата күмбезі шамамен IX—XI ғасырларда салынған.

Қорқыт— жыр мен күйдің атасы, ерте кезде оғыз, қыпшақ және қаңлы тайпаларын басқарған данышпан кісі бейнесінде VIII—IX ғасырларда-ақ аңыз кейіпкері болған жан. Қорқыт ата жөніндегі жыр-дастан алғашта қыпшақ даласы мен Сыр бойында туып, халық эпосының дәстүрі бойынша сан ғасырлар бойы ауызша айтылып келген. Тек XVI ғасырда ғана Қорқыт есімімен байланысты бүл дастан қағазға түсірілген.

Енді оғыздар жөнінде бірер сөз айта кетейік. Оғыздар Кавказ өңіріне қоныс аудармай түрған кезде олардың түбегейлі мекені Қаратау өңірі, Бөген, Шаян және Арыс маңайы болған. „Истахри шығармасының парсыша нүсқасында Келес Даласында болған оғыздар қонысы» (Дех и гузз) айтылады. Мүнда Келес даласында, Ангрен мен Шыршық аңғарында, Шатқал және Угам жоталары- ның баурайында оғыздар қыпшақтармен және басқа түркі тілдес топтармен аралас мекендеген» (165, 370).

Оғыз тайпалары сондай-ақ Сырдарияның төменгі ағысында мекен еткен. Тарихи деректер бойынша, Сыр бойында түрған оғыз тайпаларының ең маңызды қалалары Янги-Кент (Жаңакент), Жент, Үзкент (Өгізкент), Баршын- кент (Қыз қала), Сүткент, Отырар т. б. болған. Оғыздармен қатар Сырдария бойында қыпшақ тайпалары да түрған. Олардың басты         қалалары — Сығанақ,

Түркістан, т. б. кенттер болған. Демек, қазақ халқының рухани түрмыс-тіршілігіне оғыздардың тигізген ықпалы аз болған жоқ. Кейінірек XI ғасырдың орта кезінде оғыздардың бірсыпыра топтары қыпшақтардың те- геуірінен Шығыс Еуропаға, Кіші Азияға қоныс аударып кетті. Ал, сонда осында қалып қойған оғыз тайпалары қазақ қауымын қүрысуға қатынасып, солардың этностық қүрамына біржола сіңіп кеткені мәлім.

Өте ерте заманнан Сыр суының төменгі ағысында тұрған Жаңакент қаласы — үзақ жылдар бойы оғыз мем- лекетінің астанасы болған. „Су аяғы Қорқыт» деген мақал осыдан шыққан. Сөйтіп, тарихи болмысы ғылымға мәлім Қорқыт атаның туылып, өмірге келген, тіршілік еткен, атақты күй-жырларын, нақыл-ғибрат сөздерін шығарған, күллі адамзатқа мәңгілік өмір іздеген, ақырында дүние салған жері де осы Сырдарияның төменгі ағысы, Қармақшы қыстағының маңы, аңызға айналған есімі әлемге мәшһур үлы адамның ескі қорымы (пантеоны) түрған жер.

Қорқыт ата туралы сан-қилы аңыз-әңгімелер қазақ арасында ерте кезден-ақ кеңінен тараған. Солардың бірі Қорқыттың туылыуына байланысты. Аңыз бойынша, ана- сы Қорқытты қүрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Оны жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт туылар алдында күллі әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басып тұрыпты. Сүрапыл қара дауыл соғып, ел-жүртты қатты қорқыныш сезімі билейді. Сыр бойы мен Қаратау өңірінің аспаны да қараңғы тар- тып, қарауытып кетіпті. Сондықтан бүл маңай Қараспан аталыпты. Ашық күн тастай қараңғы түнге айналған қорқынышты күні туылғаны үшін баланың атын Қорқыт деп қойған екен.

Қорқыт анасынан туылған бойда-ақ тілі шығып, сөйлеп кетіпті. Қорқыттың өмірге қалай келгені туралы ерте за- ман қобызшылары мен бақсы-жыраулары айтатын өлең- жырлар бар:

Қорқыт тура кезінде Қараспанды су алған.

Қара жерді күл алған Ол туарда ел қорқып,

Туған соң әбден қуанған.

Сонымен, Қорқыт туралы, сол дәуірде Қаратау қойнаулары мен Сырдария бойында түрған қалалар, елді мекендер, күмбездер, кешендер туралы аңыздар қазақ халқының арасында дәл осы күнге дейін айтылып жүр. Өйткені бүл аңыздар тарихта болған шын оқиғалармен тығыз байланысып, үпггасып жатады. Мәселен, Қорқыт есіміне байланысты ел арасында көп айтылатын сиқырлы шаһарлардың бірі — Баршынкент. Бүл қала шынында да Сыр бойындағы сол дәуірдегі ең көрнекті қала болғанын тарихшы-археологтар дәлелдеп отыр. Баршынкент сүлу- дың қаласы деген сөз. Оны қазақтар соңғы кезге дейін Қыз қала деп атап келді. Аңызда Алпамыс батырдың сүйген жары Баршын сүлу (яғни Гүлбаршын) осында түрған делінеді. Ал, тарихшылар XII ғасырдың атақты ғалымы өз жырларын түркі, араб және парсы тілдерінде жазған дарынды ақын X. Баршынұлығының осы қалада ту- ылып, осында өмір сүргенін дәлелдейді.

Сонымен күй атасы, жыр атасы, данышпан қарт Қорқыт ата туралы қазақ арасында ежелден-ақ сан қилы аңыз-әфсаналар кең тарағаны жақсы мәлім. Соның өзінде мүндай аңыз-хикаялардың бірқатары сол дәуірдің тарихи шындығына жақын түрады.

Енді он екі жырдан немесе он екі қаһармандық даста- нынан түратын „Қорқыт ата кітабының» өзіне оралайық.

Алдымен „Қорқыт ата кітабының» қолжазба нүсқаларының табылуы, зерттелуі және басқа тілдерге аударма жасалуы туралы қысқаша айта кетелік.

Біздің дәуірімізге дейін „Қорқыт ата кітабының» екі қолжазба нүсқасы сақталып келген. Солардың бірі қазір Германиядағы Дрезден қалалық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы тұр. Бүл қолжазба кітаптың мүқабасында көрсетілген аты: „Кітаби дедем Қоркут ғали лисани таифаи у огузан», яғни „Қорқыт атаның оғыз тайпасы тіліндегі кітабы».

„Қорқыт ата кітабының» осы Дрезден қолжазбасы он екі жырдан, басқаша айтсақ, он екі оғыз-намеден тұрады.

Ал, „Қорқыт ата кітабының» екінші қолжазба нүсқасы Ватикандағы (Италия) Аростолика кітапханасында сақталып келеді. Бүл қолжазба алты жырдан қүралған, ол: „Хикаят оғызнаме Қазанбек уа ғайри» деп аталады. Мүны осы кітапханадан тауып, итальян тіліне түңғыш рет аударған ғалым Этторе Росси болды.

„Қорқыт ата кітабының» Дрезден қаласында сақталған толық нүсқасын зерттеу, Европа тілдеріне ауда- ру ісі XIX ғасырдың бірінші жартысында басталған еді. 1815 жылы немістің белгілі ориенталист ғалымы Г. Ф. Диц бүл шығарманың бір тарауын — сегізінші хикаясын неміс тіліне аударып, баспасөзде жариялады. Екінші бір неміс ғалымы Теодор Нельдеке „Қорқыт ата кітабын» неміс тіліне толық аударып шықпақ болды. Бірақ ол бүл істі аяғына дейін жеткізе алмады да, барлық материалдарын өзінің шәкірті В. В. Бартольдке тапсырды. В. В. Бартольд бүл кітапты зерттеу, аудару ісімен ондаған жылдар бойы айналысты. Сөйтіп, ол „Қорқыт ата кітабын» 1922 жыл орыс тіліне аударып шықты. Бірақ ғалымның көзі тірісінде аудармасы жарық көрген жоқ. Бүл аударма 1962 жылы академик В. М. Жирмунский мен А. Н. Кононовтың редак- циясымен басылып шықты.

Сондай-ақ, оғыз-қыпшақ дәуірінің ғажайып әдеби ес- керткішін зерттеуге А. Н. Самойлович, В. В. Вельяминов-

 

Зернов, К. А. Иностранцев, А. Ю. Якубовский, Ә. Диваев сияқты көрнекті ғалымдар да мол үлес қосты.

Оғыздардың қаһармандық эпосын әдеби, тарихи және тілдік тұрғыдан кешенді түрде зерттеген белгілі ғалым, көрнекті тюрколог X. Г. Көроғлы болды.

Ыстанбүл университетінің профессоры Эргин Мухар- рем „Қорқыт ата кітабының» толық мәтінін латын әрпімен транскрипция жасап бастырып шығарды. Бүл кітапқа қосымша ретінде шығарманың Дрезден және Ватикан қолжазба нүсқаларының факсимилесі де енгізілді.

Қазақстан ғалымдарынан „Қорқыт ата кітабын» зерт- теу, аудару, насихаттау ісіне Ә. Марғүлан, Ә. Қоңыратбаев және Б. Ысқақов, М. Байділдаев, Ш. Ибраев белсене ат салысып келді.

„Қорқыт ата кітабы» сол кездегі оғыз-қыпшақ тайпа- ларының бәріне бірдей түсінікті ортақ тілде жазылды.

„Қорқыт ата кітабын» зерттеуші ғалымдар: Ш. Уәлиханов, В. В. Бартольд, В. Жирмунский, Фуад Көпрүлүзаде, О. Ш. Кокжай, Этторе Росси.

Бұл салада италия ғалымы — Этторе Росси үзақ жыл- дар бойы жемісті еңбек етті. Ол „Қорқыт ата кітабындағы» мақал-мәтелге айналып кеткен философия- лық ой толғамдардың түп төркінін қазақ және қырғыз ауыз әдебиеті үлгілерінің арасынан іздестіреді. Бүл ежелгі мүраның осы халықтар тарихына қатысты екендігін дәлелдейді. Этторе Россидің зерттеулері бізге осы тұрғыдан қүнды.

-дастан деуге болады. Алтыншы хикая он үш топтамадан түрады.

Міне, осы алтыншы

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля