ТӨРЕҚОЖАНЫҢ ӘҢГІМЕСІ

16 ноября, 2017 11:23

Біз келгенде Төреқожа ақсақал үйІнде болмай шық- ты. Жеке меншік малдың кезегі келіп, қойға кетіпті. Іздеп малдың өрісіне бардық.

1

Төреқожа ат үстінде отырғанда, жұдырықтай ғана кісі екен, сәлем бердік, аман-есендіктен соң келген ша- руамызды айттық. Бірақ ақсақал:

—  Ой, шырақтарым, ол қайдағы өлең, бізден өлең қалғалы қашан,— деп маңайлатпады.

Біз де оқай кете қоймадық, ақыры болмаған соң:

—  Ендеше біздікіне бара беріңдер, еске түссе ойла- нып көрейін, арттарыңнан мен де жетемін,— деді.

Біз Төрекеңнің үйіне келіп түстік, көп кешікпей өзі де келді. Бірақ мал жайғастырып, күйбеңмен далада көп жүрді. Арнайы іздеп келген жұмысымыз сол болған соң, амалсыз біз де күттік.

Үйге Төрекең де кірді, самаурын да кірді. Жасы жетпістің төртеуінде екен. Сақалы аппак, онысын өзбек шалдарынша қысқартып, дөңгелентіп қойыпты. Темекі- сін тұтатып алды:

—   Шырақ, ілгеріде осы өңірде не бір ақын да өткен, сал-сері әнші де өткен. Біз солардың біразын естідік, біразын көрдік. Ағайынды бесеу ек, шетімізден өлеңші болдық. Ағамыз Қорақожа ірі шайыр еді, бірақ кейіні- рек ақындығын салдығына жеңдіріп, жиын-тойдың жуан ортасында жүрді. Менің өлеңші, әншілігім басым еді. Шашубай сияқты ат үстінде ұршықша иіріліп, найзадай шаншылып, неше түрлі ойын көрсетуден жалықпау- шы ем.

Бұл атырапта ақын қыздар өте көп болған ғой. Со- лардың ең атақтысы — Ұлбике. Әдейі іздеп келіп Ұл- бикемен Қүдеріқожа да, Майлықожа да, Мәделіқожа да, Жанкел де, Мұхаметжан Сералиннің әкесі Сералы да айтысқан. Ұзатылған жері Қарақойлы, оның ішінде Тілеулі деген ел екен. Ақын қыз барған жерінде де өдең- ді тастамаған. Бір өлеңінде:

 

«Қарақойлы — Тілеулі,

Зар еңіретер біреуді»,—

дейтіні бар. Ақыры бейшараны күйеуі Бойтан деген қызғаныштан тоқпақпен ұрып өлтірген. Мен Ұлбикенің Жанкелмен,, Күдеріқожамен айтысын ғана білемін…

Біз Төрекеңнен осы айтыстың екеуін де көшіріп ал- дық. Бұл кезінде академик В. В. Радлов Құлыншақ ақыннан жазып алып өзінің «Түркі халықтары әдебие- тінің үлгілері» (1870 жыл) деп аталатын әйгілі’ кітабын- да жариялаған, кейін «Айтыс» жинағының бірінші то- мында қайта басьглған нұсқасынан сәл өзгешелеу.

— Ұлбикенің жолын куған мен білетін ақын сіңліле- рі мыналар: Баян, Шынайым, Шәшкел, Назым, Жаңыл- дық. Бұлардың ішінДе ең жүйрігі де, салауаттысы да Баян мен Жаңылдық.

Қалыбекті талай жыл айтысып жүріп жеңген Жа- ңылдық тіпті өткір еді. Осыдан он-он бес жыл бұрын ғана дүние салды. Інісі Есқара әлі тірі, тап осыдан жеті-сегіз шақырымдай жерде «Төрт ақыннан» әрірек, Үшаралдың төртіншісінде тұрады.

Бір күні Жаңылдық үйіне келе жатқан Қалыбекті сыртынан танып, есігінің алдына өкпе қозыны байлатып қойыпты. Қалыбек өкпе болған қозының етін жемеймін деп, өкпелеп көрші ауылға барып түсіп, сол жердең қасындағы Қосбақайдан Жаңылдықтың кісілікке жарап қалған інісі Есқараға мына өлеңді жолдапты:

«Хат жаздым қалам алып Есқараға,

Кейінгі толыспаған жас балаға.

Ақылы Аплатондай болғанменен,

Жас бала ауыл ісін басқара ма?

Пұшық қыз, қисық кемпір құрымаса,

Әр қалай жолықтырар масқараға».

Намыстанған қыз:

«Думанға жастайымнан жанып едім,

Сыртыңнан атықызға қанық едім.

Өлеңге тіл қайраған қыз мінезін Білетін кісі ме деп қалып едім.

Жаңылдьің сұлулығы мұрынында,

Қыпша бел, қалың кұрақ бұрымында.

Үргенше жалтақ иттей көрші ауылдан Кел дағы айтысып көр тұғырымда»,—

деп, екі ауыз өлеңді Қосбақайдан қайтарып жіберіпті. Екеуінің арасындағы көп жылға созылған айтыс осыдан басталады.

 

Қалыбекті бала кезімізде талай көрдік. Т^пқыр ақын еді.

Қальшбет деген бидің дәуірлеп тұрған кезі. Қалы- бекпен құрдас екен. Өзі жуан, оң аяғының ұшынан сылтып басатын кісі болса керек. Бір күні е^еуі жолау- шылап келе жатқанда Қалымбет:

—  Сен көрінгенді мінеуге ұстасың, рбы менің қай жерімді өлең қыласың, кәне айтшы,— деп/і.

Сонда Қалыбек табан астында:

«Қалымбет, карның улкен, бөксөң жалпак,

Емессің аса бойшаң, бойың талпақ.

Жолында Бәйімбеттің жүреміқ деп,

Біреуін екі аяқтың қылдың с/лтак.

Бөксеңді ұста болса шаптырГандай,

Бетіңе жауса жаңбыр кақ тұрғандай.

Болар ең жылқы болсаң, Ціауқар шолақ Жем беріп бордакыға бақтырғандай.

Қалымбет, бетің қара қ^ймақпалдай,

Ел көрмей күндіз-түні қЬй бақкандай,

Бетіңнің алақандай сау жері жок,

Шөгірге тоғайдағы от жаққандай.

Болар ең үлкен болсаң, қотыр үлек,

Ауылда жатар едің күлге түнеп.

Біреудің жаны ашитын жекжаты өлсе,

Азаға апарар ед әркім тілеп»,—

деп ағылта бастапты. Сонда Қалымбет:

—  Әй, антұрған, ойнап айтып ем ғой, сонша сына- ғаның не қылғаның; ат-шапан айып менен, мына өлеңді елге жая көрме,— депті. Бірақ Қалыбектің аузынан шыққан сез лезде-ақ ел арасына тарап кеткен.

Қалыбеқ ақындыққа осындай ұста кісі еді. 1930 жы- лы Шымкент жағында қайтыс болды деп естідік. Әйелі Қенжекүл осы елдің қызы еді, соңында Зиябек деген бір кішкене сары баласын көретінбіз. Олардан дерегім жоқ.

Сәл ғана шегініс. Төрекең атаған Қенжекүл, Зия- бек — маған өте таныс есімдер. Бірден көз алдыма жасы сексендер шамасындағы сұңғақ бойлы, сырықтай боз кемпір; қалақтай көне домбырасын таңның атысы, күн- нің батысы дамылсыз шертіп отыратын Қалыбеков Зиябек деген қысық көз, сары жігіт есіме түсе кетті. Жасы о кезде жиырмалар шамасында, Зиябек шешесі Қенжекүл апаймен Шымкент жағынан көшіп келіп біздің елдегі Бәкір палуанның Зейнеш дейтін қызына үй- леніп, талай жыл колхоздың малын баққанын, кейін күнгей жаққа қайта көшіп кеткенін білемін. Мен ол кезде Зиябектің әкесінің айтулы ақын болғанын білмеу- ші ем. Төреқожаның сөзі себеп болып мен ақынның

 

ұрпағьщ (қазір жасы елудің шамасында болу керек) біраз іздестірдім, бірақ мекен-жайын дәл анықтай ал- ғаным жок. Әзірге бар білгеніміз — Қалыбеков Зиябек Шымкент ‘облысының Сарыағаш ауданында тұратын көрінеді. Тауып хабарласа алса, Зиябектің қолында да бағалы деректер болуы әбден мүмкін.

Төреқожаның әңгімесі бірінен-бірі туындап, осылай әр тарап ойды жалғастыра берді. Қарт ақынның әңгіме- лері, өзіне қайд^м, барған сайын бізді бұрын естіп-біл- меген жырдың щаңа бір кеніне жетектегендей болды. Төрекеңнен әлгіндё, өзі айтқан «Төрт ақынның» мәнісін сұрадық.

— Ілгеріде Байсалбай, Тоқберген, Қенбай, Момын деген ақындар өткен. Соларға арнап Жалаңбас батыр жер астынан мазарат-мавзолей салдырған. Дәл салдыр- ған жылы белгісіз, не құдіреттің болғанын білмейміз,. кешегі соғысқа дейін төрт ақынның денесі бүлінбей сол күйінде жатты. Жұрт әулие тұтып басына түней берген соң, ауылдағы белсенділер соғыстың алдында құлатты- рып тастады.

Тоқбергеннің есімі Майкөттің Құлмамбетпен айты- сында аталады.

Майкөттің:

«Жүруші ед Тоқбергенді халқы мақтап,

Атшабар, Бәйдебектеп ұран тастап.

Бәтшағар, бұл сөзіңді естігенде,

Жоныңнан таспа тілер жалаңаштап»,—

дейтініндегі Тоқберген осы. Тоқбергеннің баласы Жа- лаңбас айтулы батыр болған. Ал, Қенбай болса, Жаңыл- дықтың арғы атасы. Жаңылдықтың үлкен әкесі Бекбет те ақын болған. Өңге екі ақынның ұрпақтары да осы Талас өлкесінде тұрады,— деді Төрекең.

Сағатқа қарасақ, түн жарымынан асып қапты, ұйқы- ның қамына кірістік.

2

«Алтын шыққан жерді белден қаз» деген емес пе, мен Төрекеңнің бар білгенін қағазға түсіргелі Түгіскен- де бес күн жаттым. Бес күн бойы Баян мен Сатыбалды- ның, Жаңылдық пен Рақымбайдың, Жаңылдық пен Қарақожаның, Жаңылдық пен Қалыбектің, Шәшкел мен Бейсембайдың, Ұлбике мен Жәнкелдің, Ұлбике мен Қүдеріқожаның айтыстарын; Қалыбектің жеке өлеңде-

 

рін; Қаракожаның термелерін, Төреқожаның өзінщ «Аязбек», «Нұралы» дейтін екі дастанын, көптеген тол- ғау, термелерін жазып алдым.

Төреқожа Майкөттен де, Құлыншақтан /а, Мәделі- кожадан да, Майлықожадан да, Шәдітөріеден де; Ра- йымбек, Ысқақ, Дүйсенбай, Бақтыбай, Ақкұлы секілді белгісіз ақындардан да біраз өлеңдер біледі екен, біл- генін жазып алдық.

— Әттең, осыдан он жыл бұрын кезДеспеген екенсің.

Ешкім ескеріп менен мұндайды жазған емес, әйтпесе біраз білуші ем. 1953 жылы азамат болып қалған жал- ғыз ұлым өліп, домбыра менің не теңім, өлең не теңім деп, домбыраны белден сындырып, өлеңнен күдерімді үзген ем. Оның үстіне былтыр кемпірім қайтыс болды. Осылай, әбден тұғырдан түскен, от басы, ошақ қасы болған шағымда кездестің. От басының ажары болмаса, бүгінде дәулет тасып тұр-ғой, шырағым, хабарласып тұр, еске түссе әлде де толғанып көрейін,— деді Төре- кең.

Қуатының барында, бабында жүрген шағында Төре- қожадай ауыз әдебиетінің қазынасына ешбір фолькло- ристің жолы түсіп, жолыға алмағанына қатты өкіндік. Халық арасында зерттеушіге, іздеушіге кезікпеген осындай қарапайым жыр қоймасы әлі де көп-ау, шір- кін!..

3

Қолдағы материалдарға қарағанда, әдебиетіміздің тарихына ұялмай қосатын үш ақынды анық байқадық. Олар: Қалыбек, Жаңылдық, Төреқожа.

Ұтымды келте сөздің, қысқа айтыстың мінсіз ұстасы Қалыбек творчествосының туған әдебиетімізге жаңа бір өрнек болып қосылары сөзсіз.

«Жаңылдық жас күнімнен өзім маспын,

Ұсынса қол жетпейтін гауһар таспын»,—

дейтін Жаңылдық та өткір, шебер ақын екен. Қорақожа- мен, Қалыбекпен, Төреқожамен, Құдайбергенмен, Ра- хымбаймен айтысының қай-қайсысында да Жаңылдық жайдың оғындай жарқылдап шығады. Жаңылдықтың тапқырлығы мен жүйріктігі оның әдепкі айтыстарынан- ақ бірден сезіледі

Даңқын естіп Қүнгейден әдейі іздеп келген Рахым- баймен ақын қыз Қаратаудың етегінде, кең жайлауда айтысқан екен. Сонда Жаңылдық Рахымбайдың аузын

 

аштырмай қойыпты,— деді Төреқожа. Бір ғана мысал келтірейік.

Рахымбай:

«Мен танысам жнырма жетідесің,

Отырсаң енді бес жыл жетілесің.

Баладан әйел кырықта калад деген,

Қңлдым деп өнімімнен өкінерсің».

Жаңылдық

«Акынның дурілдеген дүрі екенсің,

Жолықпай адамыңа жүр екенсің.

Шаянның биік тауын пана түтып,

Сорлының ауалаған бірі екенсің.

Жасым бар жиырма бірде, жасырмаймын.

Басымнан жігіт сөзін асырмаймын.

Ақынды тура келген арыныма

Жүн қылмай, шүйкелемей басылмаймын.

Кедейдің бақкан малы семіз болар,

Әр туған балам менің егіз болар.

Қамымды жемей-ақ кой, Рақымбай,

Төрт тусам, екі-екіден сегіз болар».

Осы жолдардың өзі Жаңылдықтың нағыз ақынды- ғын растағандай.

Жаңылдық жайында кұнды деректерді Төреқожа- дан, Құдайберген Қайырлапұлынан, мұғалім Тезекбаев Қойлыбайдан, (Жаңылдықтың күйеуі), Жамбыл облыс- тық «Еңбек туы» газетінің қызметкері Әкпарбек Дос- панбетовтен алдық.

Төреқожадан естімеген біраз өлеңдерді біз Құдай- бергеннен алдық. Ол кісі біз жолыққанда жетпіс бесте еді, Үшаралда тұратын, 1975 жылы дүние салды. Ағасы Егемберді де ақын болған, дүниедең ерте өтіпті. Құдай- бергеннен Егембердінің өлер алдындағы қоштасуын, Исабек пен Мизамбайдың айтысын, өзінің Жаңылдық- пен айтысын және баска да термелерін жазып алдық. Мен бұл сапарға 1971 жылдың күзінде шықан едім.

Біз жүргелі тұрғанда, Төрекең:

«Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» деген, шырағым, аты-жөнің кім болады?—деді.

Мен жөн-жосығымды айттым. Қазақтың сұраса келе қарын бөле шығатын, жақын тұтуға бейім тұратын жақсы әдеті емес пе.

— Онда өзің бізге жиен болып шықтың ғой,— деді де, Төрекең ағылта жөнелді:

«Үнемі бола бермес ойыңдағы,

Білмейді кісі мінін бойындағы.

 

Картыцның бұрынғыдай дәурені жоқ, Бүгінде кәрілікті мойындады.

Кемшілік кәрілікпен қатар келсе,

Ақынның қолқа құрттай улкен жауы, Жігітке дәулет те көп, байлық та көп* Қызығы — дүниенің — есен-сауы.

Сөйледім білгенімді бастан-аяқ,

Ауызға келген сөзді тастамай-ақ,

Кемшілік кәрілікпен бірдей келіп,

Кейінге шегінеді басқан аяқ.

Айтпаймын жалғызбын деп халқым барда, Туысқан, құрбы-құрдас, жалпың барда. Тағдырдьщ әуел бастан жазуы екен, Кайтеміз көп ойланып шарқ ұрғанда.

Көрмеген жиен едің алыстағы,

Ізденіп келіп қапсың танысқалы.

Ырза бол азды-көпті айтқаныма,

Шал тағаң, табылғанын қарыштады.

Гүл бітсін іздеп келген қадамыңа,

Сезімнің расы да, адалы да.

Бағытың алға шауып, көп жасаңдар, Советтің туып тұрған заманында».

Төрекеңнің төкпе ақын екендігіне көзіміз әбден жет- кендей болды.

Төреқожа Ханқожаұлы 1972 жылдың жазында Алма- тыға шақырылып, Жамбылдың 125 жылдық тойына қатысып, топ жарып жұрт алдында салтанатпен жыр төкті. Мен сол жолы Төкеңді Алматыда сегіз күн бойы кідіртіп, жаңа жырларын жазып алдым. Өмір туралы толғанады, термелер айтады, көбіне кәрілік туралы тебіренеді:

«Бірталай заман өтті біз туғалы,

Бір шалмыз көшкен елдің жұртындағы.

Опасыз кәрілікте дауа бар ма?

Обадай сәнді ауылдын сыртындағы.

Өмірдің қапалымын өткеніне,

Аяңдап кәріліктің жеткеніне.

Сексеннің желкесінен қарғып өтіп,

Тоқсанның араластым өткеліне.

Қезінде сөзімді ешкім жазбаған соң,

Қатардан қалып қойдым шеткеріде.

Бұған да шүкіршілік, шырақтарым,

Бүгінде ықтияттап ескеруде».

Ханқожадан алты ұл туады, алтауы бірдей шетінен өнерпаз болса керек. Бірі сырнай, бірі қобыз шалып,

 

бірі домбыра тартып, бірі шырқатып ән салғанда, төң- ректі дуылдатып, пері соққандай қылады екен. Әкесі кезінде сол өңірдің дәулетті кісілерінің бірі болған. Мұны Жаңылдыктың Қорақожамен айтысындағы мына сөзінен де аңғаруға болады:

«Баласы Ханқожаньщ өңшең қожа,

Басыңа кұдайдан қорық, белбеу ора.

Бүгінде бай да болсаң, пейілің жаман,

Итініп кедейлікті қылдың жора».

Төреқожа Ханқожаұлы 1897 жылы Жамбыл облысы, қазіргі Талас ауданы, Үшарал деген жерде дүниете келеді. Жастайынан өнерге құмар болып, той-думан, та- машаның ортасында жүреді. Есейе келе өлеңші, өнші атанады. Төреқожа өте тамаша әнші болған. Бір қызы- ғы өзіне домбыра қонбаған. Ән айтқанда, жыр шығар- ғанда, толғап, термелеп домбырасыз айта береді’. Бүгін- де әбден қартайды. Қөзге көрінген жалғыз баладан айрылған соң, бертінде әйелі өліп, оның үстіНе кәрілік меңзеп, жалғыздық жеңіп, қайран ақынның көзі кеміп, құлағы да естуден қала бастаған. Жүз ойланып, мың толғанғанмен, жадына мандырымды ештёңе түсе қой- майтын жасқа, халге жеткен. Мен 1984 жылдың жазын- да барып жолыққанымда осыны көрдім.

Төреқожа әлеуметтік тақырыпты қырықтан асқан- нан кейінгі жерде, толысқан шағьінда көтере бастайды. Жаңа заманды қуана қарсы алып, щаттана жырлайды. Оған дәлел ретінде «Маңдайдың ажырады қалың соры», «Қызыл тілім, сөйлеп бақ», «Бүгінде тамаша ғой ел тұрмысы», «Заманым міне гүлдең/ен» тәрізді толғаула- рын атауға болады.

«Маңдайдың ажырады/қалың соры,

Сіздерге жеткізейін айтып соны.

Ілгергі өтіп кеткен жауыздардың Қөмілді бұл уақыт^а қазған оры.

Байларды аяғыная арқандады,

Бұлқынып бұрыиғыдай тарта алмады.

Жүк артып бір^зының мойынына Теп-тегіс жуасыды тарпаңдары.

Кулактың тамырына шапты балта,

Ақылмен кымбат өнер, тапты қанша.

Жетімді, жесірменен киіндіріп,

Асырып балапандай бақты қанша»,—

дегенді ақын 1932 жылы айтады.

Төреқожаның мұрасының денін құрайтын — өмір туралы толғаулар, термелер, көңіл күйі өлеңдері. Қөбі-

 

не өлеңдетіп, термелетіп сөйлейді, онысының өзі жатық жыр болып, ақынның ішкі толғанысы болып шығады. Сексенінші жылдардың басына дейін дәл осылай бола- тын. Әңгімелесіп отырғанда жәй сөз өлеңге жалғаса береді, көбіне жалғыздығы, кәрілігі туралы ойға орала береді.

1984 жылдың жазында мен Төрекеңе арнайы барып сәлем бердім. Есік алдында, көлеңкеде отыр екен. Қа- жыңқырап, қартайыңқырап қалған, әдепкіде танымай қалды. Сәлден соң өзімді таныстырдым. Мені тани ал- мағанына қатты қысылды:

— Шырақ, қауынның мәлегі ащы, түйнегі тұщы де- ген емес пе, біз бүгінде қураған мәлек болдық, кәрілік- тің біржолата жеңгені ғой, әйтпесе сені танымайтын жөнім жоқ еді,— деді.

Мен Төкеңді әңгімеге тартқан болдым, онымнан қа- пелімде ештеңе шыға қоймады. Онша көп әңгімеге ара- ласа бермейді, уһлей береді.

«Есік алды көл қайнар,

Көлқайнарды ел жайлар.

Екі жақсы косылып,

Қай уақта бел байлар»,—

деп, Қаратаудың ескі бір сүрлеуіне салып, даусын көте- рейін деп еді, онысынан да ештеңе шықпады. Осынысын ерсі’ көргендей:

— Бұл кәрілік кімді оңдырған, кешегі Төреқожа деп отырсың-ау, жиенім, бүгінде жынынан айрылған бақсы- дай жұрдай болып отырмын, — деді.

«Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» де- гендей, әлі де қалта түбінде малта жатканын сезіп, жайлап әңгімеге тарта бастадым. Әңгіме арасында кәріліктен қадірінің кете бастағанын, ауылдан ұзап еш- қайда шыға алмайтынын, денсаулығының кеми бастаға- нын айтты.

—    Дәрігерге қаратсақ қайтеді,— дедім.

— Қураған кәрі томарды сүйрелеп басыңа бейнет қылып неқыласың, бәрібір көгермейді,— деді.

Тағы да біраз үнсіз қалдық. Манадан бері іштей ты- нып отырған Төкең бір кезде кәрі жорғасына салып, бұ- лақтың көзін ашқандай, баяғы әдетінше термелей жөнелді:

«Жақсылық пенен жаманды —

Бәрін де көрді өз басым.

Қанылтыр құрлы қуат жоқ Қайысып болат тозғасын.

 

Сыртыңа біткен сұлулык,

Көктемдегі көбеңдей Ішінде дертің болғасын.

Пәнденің болмас арманы Отының басы аман боп,

Боталы болса жолдасың.

Көштен бір қалған тауықтай Тірлікте теріп өтеміз Тағдырдың шашқан нормасын».

Енді қанша өмір қалды дейсің, қауыста қазан ұрған- дай болып отырысымыз мынау, сендер бақыттысыңдар, шырағым, бүгінде ел не ішем, не киемін демейді, ішкені алдында, ішпегені артында, ойындағысының бәрі болып отыр. Біз шөл заманда тудық, осы күнге жетіп, бірталай кемдікті де көрдік, қызықты да көрдік, ел тыныш болса болғаны, сендер аман болыңдар, біз асарымызды асап, жасарымызды жасап, дәруіл дүниеден қай күні көшеміз деп отырған адамбыз.

«Қалпынан ешкім аспас бермегенмен,

Пайда жоқ сараңдықтан теңге көрген.

Жабыдан дүбір тұяқ тұлпар тумас Көделеп қанша мақтап жемдегенмен.

Жоқшылық жомарт ердің қолын байлар Көтеріп құр қолтығын сермегенмен.

Жоқ болса өз қолыңда су да зәру Әркімге аузыңды ашып шөлдегенмен,

Жал кетсе мойынынан тұғыр артық Жорғадан төрт аяғы дөңгеленген.

Ішінде бұл сөзімнің халеті жоқ,

Сынадық барлығын да өлмегенмен.

Айтпаймын жалғызбын деп халқым барда,

Туысқан, құрбы-құрдас, жалпың барда.

Жалғанның қызықшылық мерекесі Жағалап ел танысаң атың барда.

Ойды ойып, қырды қырып жеткенменен Ештеңе ілеспейді артымнан да.

Тағдырдың әуел бастан жазуы екен,

Кайтеміз көп ойланып шарқ ұрғанда.

Жалғызбын, кембағалмын дей алмаймын Сүйеніш өздеріңдей бар тұрғанда».

Осылай терең толғанып, қайта бір түлеп, шұбыртып ала жөнелгенде, мен қайран қалдым. Ақынның өзі қар- тайғанмен, ақылы, жыры қартаймағанына, қарт жырау- дың кеудесінде әлі де талай кен жатқанына көз жеткіз- дім. Дәл осы бір сәтте Терекеңнің бұрынырақ жаздыр- ған «Құлақ сал, бір сөз бастайын», «Белінен атамыздың болдық пайда», «Тату болса ағайын», «Береке кірді еліме», «Жатқанда жерім жаңарып», «Заманым қандай жайнаған» тәрізді терең толғаулары есіме түсті. Соның

 

бәрінде өмір туралы, жаңа заман жайында тебіреніп айтылған терең философиялық ойлар бар еді. Тыңдаған сайын ақынның бір сөзінен бір сөзі озып, ойы тереңдей беретін тәрізденеді.

Мен алғаш кездескен жылы ақынның қиял алғыр- лығын, айтқыштығын сынамаққа әр қалай тақырыптар беріп те жырлатқан едім. Табан астында мінсіз жырлар тудыра алатын Төрекеңнің жүйріктігіне, шеберлігіне қайран қалғанбыз.

— Сіз бір кезде жас болдыңыз, енді міне, жасыңыз ұлғайды, бұл жайында не дер едіңіз?— дедім, сонда лезде Төкең:

«Жүрмейді — деген бір сөз — аштың ауы», Жастықтың қылшылдаған қайтты тауы,

Жігітке байлық — дәулет табылады,

Қызығьь—мүше бүтін, деннің сауы,

Кемшілік кәрілікпен бірдей келсе,

Ақылдың қолқа құрттай үлкен жауы.

Ешкімнен ырзығы-нәсіп кем болған жоқ,

Болмаса от басының олқылауы.

Жарайды тарыққанда достың досы,

Кисайса оңай емес ердің қосы.

Басыңнан жазатайым бағың тайса,

Болмайды жаман достық қайыр-қошы.

Есепсіз өткен күнде пайда бар ма.

«Базарлы барыңменен» деген осы.

Жарайды достың досы торыққанда.

Ісіқнің сәті келмес арықтарда.

Қадірің қатарыңа кемімесе,

Жалғанда одан қызық жарық бар ма,

Боласың бірде тола, бірде сыла,

Ісіне жалран иттің қалып бар ма.

Жараған жадауыңда туысқаннан Аянып еш нәрсеңді алып калма»,—

деп шұбырта жөнелді.

Ақынның қай өлеңін, толғауын алмайық, бәрі де шындықтан туады, өмірдің өзін жырлайды, енеге-өсиет- ке айналып жатады.

Енді бірде:

— Бүгінде жастарға не айтар едіңіз?— деп сұрадым. Қолма-қол берген жауабы мынау еді:

«Асаудай жаңа үйреткен жарға жығар, Жастықтың неше алуан тармағы бар. Балалық — балқып тұрған қорғасындай, Әр жақка алып қашып алдандырар. Адамның сыр-сымбаты бірдей емес, Салмақты кейбір жастың салдары бар.

 

Ақылдың енер-білім’— колқанаты,

Екеуін, қатар ұстап жалғаңыздар.

Жастықтьщ аз ғана күн мәусімінде Әр іске талаптанбай қалмаңыздар.

Кезінде теңін тауып қосылмаса,

Ол жастың Алатаудай арманы бар.

Өмірдің айналасы аз-ақ нәрсе Мақал қып айтып кеткен алдағылар.

Қыз деген бақшадағы еккен дарақ,

Жайқалған жапырағы көкке қарап.

Гүлденген бұтақ сайын түрлі жеміс,

Жетпейді есебіне ешкім санап.

Мысалы, бой жеткен қыз сол сияқты Ай маңдай, қара көзді, қиғаш қабақ.

Сұңғақты сырт тұлғасы сұлу болса,

Жарқырап жағалықтан шыққан тамақ.

Мысалы, жұмақтағьі үр сияқты Исі бар неше түрлі өтсең жанап.

Он бес пен он алтының арасында Сыланар тоты кұстай бойын тарап.

Жігіт бар жігітте де неше алуан,

Тұйғындай жібек баулы, шынжыр балақ.

Арда емген дөненіндей арғымақтай ІІІығады жігіттен де әр бір манап.

Өнер-білім іздесе ықыласпен Ои сегізге ілініп, іске жарап.

Бір міндет білімнен соң тұрмыстану,

Екі жас бірін-бірі сүйсе қалап.

Құлпырып армандағы алтайындай Жолыкса аулақ жайда оңашалап.

Жалпы жаска арнаған сәлем-хатым Болсын деп қарияңнан бұл бір сабақ».

Сәл кідірді де мына бір шумақпен сөзін де, аяқтады:

«Мен де шат өрім жастың ортасында,

Шер болса қалған-құтқан тарқасын да.

Жайнаңдар, жарқылдаңдар, шырақтарым,

Дәулеттің дәуір берген арқасында.

Міне, бір сапардан туған ойлар да, жырлар да, қыс- қаша осындай еді. Асылдың ешқашан да тот баспайты- нына, тозбайтынына, оларды теңіздің түбінен маржан тергендей ерінбей іздеп, жинай беруіміздің қажеттігіне тағы да көз жеткізгендей болдық. Сол көне жырларды алтындай сақтап бізге жеткізген Төрекеңнің үлкен, ірге- лі ақын екендігінде ешқандай күмән жоқ.

Төреқожа Ханқожаұлы бүгінде сексеннің тоғызында, өзі туып-өскен жерде тұрады. Ақынның қуаты қайтқан- мен, әлі де мұқалған жоқ.

 

0

Автор публикации

не в сети 10 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля