Теріні қыбықгыру

18 декабря, 2017 11:17

Әбден иленіп, шелі қырылып дайын болған теріні, әр түсті ағаштардың қабығына, басқа өсімдіктердің жапырақтарына са- лып қайнатады, болмаса қойдың қүйрық майымен ысқылап өңдейді.

Жапырақтардың нөрімен және ағаштардың қабығына салып қайнату процестерін қыбықтыру деп атайды. Бұндай өңде- улер теріге су өткізбес, ылғал сіңдірмес, күн көзіне, аязға төзімді ету үшін қажет. Осындай теріге берілетін қосымша қасиеттер өңдейтін ағаш қабықтарының түрлеріне, қайнатпа сүйығының қоюлығына байланысты болады.

Теріні қыбықтыру процесіне емен, мойыл, қарағай, талдар- дың қабықтары сыдырып алынып кептіріліп, ұнтақталып пайда- ланылған. Қабық дайындау күз айларында жүргізілген. Олар әбден жуылып, кептіріліп, келіге салынып түйіліп, ұнтақталып дайын- далған. Теріні қабықпен қайнатпас бұрын арнаулы қабық нәрінен сұйық зат дайындаған. Ол үшін ұнтақталған 4-4,5 кг қабыққа ас түзы қосылып 20-25 литр суға біркелкі түске келгенше, қоюлан- ғанша қайнатылған. Осындай қоймалжың затқа 8—10 тері салып, үсті ауыр таспен не басқа ауыр заттармен бастырылып қойыла- ды. Жылы қоймалжың қабық нәріне терілер 48—72 сағатқа дейін қыбығып жатады.

Толық қыбыққан тері сол өзі батырылған қабық- тың түріне боялып шығады. Кептіру кезінде де теріні дұрыстап жайып, қолмен уқалап не талқыға салып созу керек. Сонда тері жұмсарып, көлемі ұлғайып әдемі болып кебеді, пайдалануға қолайлы болады.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля