Теріні бояу түрлері

13 декабря, 2017 19:20

Қазақстан жерінде, халық арасында кеңінен таралған тері бояу — ағаш түбірінен алынған бояу. Томар түбірінен бояуды мы- нандай жолдармен дайындап жасаған. Томар түбірінің сыртқы қабығы сыдырылып алынып тасталып, түбір ұсақ бөлшектерге бөлінеді.

Осы түбірлер 2—2,5 сағат қайнатылады, егер қайнатылып жатқан сұйық зат бірыңғай түске бөленіп қоймалжыңданса, онда қайнатуды тоқтатуға болады. Бояудың түрі ұсатылып ерітілген түбірдің көлеміне тікелей байланысты, неғұрлым суы аз болып томардың түбірі көп болса, соғұрлым бояу қою болады, ал суы көп болған жағдайда бояу сүйықтау болып әлсіз көрінеді.

Жасалған бояуымыз суынғаннан кейін ғана оған терілерді ба- тырамыз. Ыдыс көлеміне қарай саны да өзгеріп отырады. Шама- мен бояуда тері 8—10 сағат жатады, сол уақыт аралығында ол сар- ғылт-қызғылт түске боялып шығады. Тері кептіріліп, бетіне қой- дың майы жағылып уқаланып, талқымен созылады.

Ескіден келе жатқан, көптен белгілі бояулардың тағы бірі — қына. Ол таулы алқаптарда, жайылымдарда, шөпті далаларда өседі. Жаз, күз кездерінде қына әбден жетіліп піскен мерзімде, шама- мен тамыз бен шілде айларында жиналып алынады. Қына жуы- лып, басқа шөптерден тазартылып, бірыңғай түске келгенше қай- натылады, сол қайнатылған бояуға ас түзы мен қой майы, мойыл нәрі және ашудас қосылады. Тері мен былғарыдан басқа қынамен жүнді, ағашты т. б. заттарды бояуға болады.

Теріні, былғарыны көк, жасыл түстерге бояу үшін қайың нәрін сәуір, мамыр айларында ағызып алып, оған мыс салып, біраз көгілдірлендіріп сонымен бояған. Рауғашты, жер топырақты бояу ретінде кеңінен қолдана білген.

0

Автор публикации

не в сети 2 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля