Теріні сақгау әдістері

13 декабря, 2017 18:07

Малды сойғанда оның терісін сыдырып алудың бірнеше жол- дары бар, олар малдың түріне байланысты. Ірі қара малды, ұсақ малды жатқызып, жығып сояды, терісін кеудесінен бастап шабына қарай іреп, тіледі де жалпағынан сыдырады. Кейде қой, ешкі, лақ, қозыларды асып, іліп сояды. Ондайда тері ортасынан жыртылмай түтас алынады. Аңдардың терілері көбінесе осындай әдіспен сыпы- рылып, кептіріліп сақталады. Мал терілері сойылып алынғаннан кейін, теріден көк еттің қалдықтары мен майлары қырылып алы- нады, сирақтары кесіліп, бөлектеліп, суық суғажуылады.

Сойыл- ған тері бірден иленбей, тұздалып, кептіріліп сақталады. Теріні кептіріп сақтаудың мынандай түрлері бар: лапас қоралардың неме- се көлеңкелі сөренің астында кептіру, сақтау, түз жағып, жайып, кептіріп сақтау, қыста аязға қақтап, қатырып сақтау. Теріні илеуге дейін дұрыс кептіріп сақтаудағы мақсатымыз — терінің жаз айла- рында қүрттап не басқа да бактериялардың әсерінен бұзылып кетпеуінен сақтау.

Түз, көлеңке астында соққан самал жел теріні тез дегдітіп, кептіріп, микроорганизмдерден бүзылуын тоқтатады.

0

Автор публикации

не в сети 2 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля