Екі қырлы ойықша сызық әдістерін қашап кесу жұмысы

14 декабря, 2017 19:40

1-САБАҚ;
ПАРАЛЕЛЛЬ СЫЗЫҚТАРДЫ ОЙЫП АЛУДЫ ҮЙРЕНУ
Керекті жабдықтар: үстел, сөре, әр түсті пішінді жүмысқа арналған тақтайды үстататын ағаш.
Керекті қүрал-саймандар: пышақ, сызғыш, қарындаш.
Шикізат: көктерек, жөке, қайың.
Беті сүргіленіп тазаланған 100—150—200 мм тақтайға үшбұрыш- тың және сызғыштың көмегімен параллель сызықтар жүргіземіз де, 49-суретте көрсетілгендей етіп алынған тақтайдың жан-жағы- нан 15 мм қалдырып, бір жақ шетінен бастап, арақашықтығы 10 мм орталық сызықтарын жүргіземіз. Орталық сызықтарының екі шетінен 2 мм қосымша жіңішке, не басқа түспен көмекші сы- зықтар сызамыз. Бұл сызықтар пышақтың жүзі кесіп жүретін жолдар болмақ. Ойылып алынатын жолдардың тереңдіктері 3—4 мм-ден аспауы керек.
Оң қолдарыңа пышақты қыса ұстап, бас бармақтарыңмен пы- шақ сабының үстінен баса жүрулерің керек, сонда пышақтың жүзі сендердің бұрған бағыттарыңа қарай қозғалып тұрады. Қолдарың- нан пышақтың жүзі 35—40 мм шығып түруы қажет. Пышақты дүрыс қолдана білгеннен кейін параллель сызықтарды қиып алуға кірісеміз.
Пышақты тік ұстап, өткір ұшын орталық сызыққа салып 3-4 мм терең батыра, аяғына дейін кесіп шығамыз. Қайтадан пышақ-

тың сол орталық жолдардың оң жағындағы қосымша жолдың ба- сқы сызығына батыра кіргізіп шамамен 45—50° көлбеу ұстап, аяғы- на дейін жүргіземіз. Оны әбден болған соң, тақтайымызды 180°-қа бұрып бекітіп, сол бірінші жолдағыдай, екінші жағынан қиып өтеміз. Екі жағын кескеннен кейін пайда болған жоңқаны бастарынан көлде- нең кесіп алып тастаймыз. Екі қырлы ойық бұрышты сызық пайда болады. Сөйтіп қалған жолдарды да қиып бітіреміз (49-сурет).

2-САБАҚ: ҮШ ҚЫРЛЫ ҮШБҮРЫШТЫ ҚАШАП ОЮ

Жабдық: үстел, сөре, ұстатқыш ағаш.
Шикізат: көктерек, қара терек, жөке ағаштары.
Керекті қурал-саймандар: сызғыш, үш бұрышты сызғыш, пы- шақ, қарындаш, қашау.
Жоғарыда айтқандай, геометриялық қашап, кесіп оюдың бірнеше түрі бар. Біз атап көрсеткелі отырған ою солардың негізгі әліппесі ретінде болады.

Бірінші түрі: бұл осы үшбұрышты оюлардың ішіндегі оңай және ең қарапайымы. Беті мұқият тазаланған тақтайшаның бетіне екі параллель сызығын жүргізіп, соларды ортасына биіктіктері 15- 20 мм шамасында тең бүйірлі үшбұрыштарды сызып дайындай- мыз, қашап кесу жұмысы мына көрсеткендей болады. Пышақта- рыңды тік ұстап, үшбұрыштың жоғарғы бұрышын басына қойып, бірінші бір қабырғасын, содан кейін екінші қабырғасын қолдарың- ның күші келгенінше қатты басып кесесіңдер.

Егер үшбұрыштың басында пышақтарыңның 3-5 мм кірсе, ал үшбұрыштың аяғына таман пышақтарыңның жүзін сәл көтеріп көлденең сызықты кеспейтіндей жағдайға әкеліңдер. Үшбұрыштың төменгі негізгі сызығынан бастап, жоғарғы бұрышының басына қарай пышақта- рыңды батыра жүргізіп, пышақтың кесуінен пайда болған жаңқа- шықты алып тастайсыңдар. Қолдарың әбден жаттықсын десеңдер, осы параллель сызықтардың ортасындағы үшбұрыштарды аяғына дейін ойып шығыңдар. Қорыта келгенде, екі қабырғасы тік, бір қыры тақтайдың бетімен теңдесіп шектелген, сәл көлбеу жазық- тықта пайда болған үшбұрышты көреміз.
Екінші түрі: үш тең қабырғалы үшбұрышты қашап алу.

Тақтайшаның бетіне екі сызық жүргізіп, орталарына тең үш- бүрыштар сызамыз. Әр үшбүрыштың ортасынан төбесіне дейін түзу сызық жүргіземіз, сөйтіп олардың өзін тең үш бөлікке бөлеміз. Пышақтарыңның өткір үшын үшбұрыштың орталық нүктесіне қойып, сол орталық нүкте арқылы жүргізілген үш түзу сызық- тардың бойымен қатты басып кесесіңдер.

Орталық нүктеге пышақтарыңның ұшы бойлай 3-5 мм шамасында кіреді де, ал сыртқы көлденең үшбұрыштың қабырға сызығын кеспей соған келіп тіреледі. Енді пышақтарыңды сәл жантайТа салып, үшбұрыштар- дың төменгі қабырғаларынан бастап орталық нүктеге қарай баса кіргізіп жонасыңдар, орталық нүктеге жеткенде, бүрын шеттері қиылған үшбүрышты жаңқалар қиылып өтеді. Осы әдіспен үш- бүрыштардың барлық қабырғасын жүріп шығасыңдар.

Міне, осы әдіспен терең қашалған үш қабырғалы үш жазық- тағы үшбұрыш аласыңдар. Егер, балалар, әрі қарай ағаш жұмы- сымен айналысқыларың келсе, ерінбей осы әдістердің негізінде тағы өздерің ойлаған композиция бойынша бір не екі зат жасап шығыңдар.
Енді, балалар сендерді көркемөнерді меңгеруге арналған құрал- саймандармен және жұмыс істейтін орындармен таныстырмақпыз. Бұл сабақтар мектеп шеберханасында практикалық, тәжірибе са- бақтар арқылы өтеді.

0

Автор публикации

не в сети 2 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля