• Без рубрики
  • 0

Синтаксис 

27 апреля, 2019 22:42

 

Синтаксис      -­­­­­ грамматиканың өзекті саласының бірі, ол сөз тіркесінің және сөйлемнің грамматикалық жүйесін, құрылымын зерттейді. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынандай негізгі екі салаға бөлінеді: 1.Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады. 2. Сөйлем синтаксисі. Онда сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады.

Синтаксис бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі ілімнен бөліп алып, олардан оқшау тұрған нәрсе деп қарамайды, өзара тығыз байланыста қарастырады. Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы синтаксистің де грамматикалық талдауының негізі болады. Лексикология мен морфология тіл ғылымының дербес салалары болуымен қатар олар да синтаксистен байланысын үзбейді.

Сөз тіркесі- сөйлем құраудың материалы да, сөйлем- адам ойын айтудың негізгі формасы.

Сөз тіркесіне, сөйлемге материалдық негіз болатын- сөз. Сөз тіл білімінде лексикология мен семасиологияның зерттеу объектісі болуымен қатар грамматикада да әр түрлі ыңғайда қарастырылады. Сөздер өзара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді. Осыдан келіп сөздердің тіркесе алу қабілеттілігі олардың басты грамматикалық қасиетінің бірі болып есептеледі.

Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі әрбір грамматикалық топтағы сөздердің мағыналық және грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді. Оның үстңне тіркескен сөздер тобының сапасы әр уақытта бір түрлі болмайды, әр алуан болады. Мысалы, екі кейде одан да көп сөздер тіркесіп, бір лексикалық түйдек жасалады(аққайың, кетіп бара жатыр); кейде екі не одан да көп сөздер тіркесіп, синтаксистік тізбек жасалады(нұрлы әлем, күн сайын келу т.б.).

Лексикалық және басқа түйдекті тіркестер «сөз тіркесі» деген категорияға жатпайды. Лексика- грамматикалық мағыналары айқын сөздердің біріне бірі сабақтаса бағынып барып жасалған синтаксистік тобы ғана «сөз тіркесі» деп есептеледі. Өзара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп тану үшін оның мынадай белгілеріне қарау керек:

  1. Сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады.
  2. Ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады. Олар салаласа байланыспайды, тек сабақтаса байланысады.
  3. Тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.

Осындай синтаксистік қатынас тек толық мағыналы сөздердің не түйдекті тіркес пен толық мағыналы сөздердің сабақтаса байланысу нәтижесінде пайда болады. Басқаша айтқанда, лексика- грамматикалық дербестігі бар сөздерден басыңқы- бағыныңқылы сөз тіркесі жасалады, ол сөздердің бұрынғы мағыналары бірігіп, жаңа лексикалық мағына пайда болмайды; мүшелік қарым қатынасты білдіретін қосымша грамматикалық (анықтауыштық пысықтауыштық не болмаса шақтық, мекендік, мееншіктілік т.б.) мағына пайда болады.

Сөйтіп,синтаксистңік қарым қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз.

Сөз тіркесі сөйлем құраудың шоғырланған материалы. Сөз тіркестерін құрауда зат есім мен етістіктердің қызметі ерекше.Олар көбіне сөз тіркестерінің басыңқы сыңары болады да, сапалық есімдер(сын есім, сан есім, есімше, сілтеу есімдіктері)мен үстеулер, еліктеуіш сөздер мен көсемшелер көбінесе сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде жұмсалады.

Академик В. В. Виноградов сөз тіркестерінің тілдің коммуникативті және номинативті құралдарының қатарына енетіндігі жайында былай дейди: «Сөйлем құрамында ғана және сөйлем арқылы сөз тіркестері тілдің коммуникативті құралдарының жүйесіне ене алады. Сөйлемнен тыс, тек соган керекті құрылыс материалы ретінде қаралатын сөз тіркестері сөздер тәрізді болады да, тілдің номинативті құралдарырың саласына, заттарды, құбылыстарды, процестерді белгілеу құралдарының қатарына енеді» [2,3].

Тіл білімінде еркін сөз тіркестері сөйлем құрамында және сөйлем арқылы тілдің                               коммуникативті құралдарының қатарына енеді дейтін пікір бар. Сөз тіркесі сөйлем құрамында белгілі бір сапаны атап қана қоймайды, сөздердің бір- бірімен байланысуының синтаксистік амалдары(құралдары) арқылы заттың аты мен сапаның аты тіркесінде, зат белгілі бір сапаны иеленуші ретінде сипатталады да, олардың тізбегінен жасалған сөз тіркесі сол зат туралы белгілі бір хабар ретінде танылады. «Сөз тіркестерінің көпшілігінде коммуникация  бағыты біреу, ол заттар, құбылыстар, процестер және т.б. туралы тыңдаушыға немесе оқушыға бұрыннан белгілі болғандарды нақтылау тәптіштеу және дәлдей түсу [3,32]. Зерттеушілер сөз тіркесінің осы аталған коммуникация сипатын ескере келіп және оны сөйлемді сипаттайтын жалпы коммуникативтіліктен ажыратудың қажеттілігін есепке ала отырып, сөз тіркесінің коммуникативтілігін жартылай коммуникативтілік деп атаса, оның бұл қасиетінің сөйлем құрамында ғана толық көріне алатындығын ескеріп және оны сөйлемге тән абсолютті немесе толық коммуникативтіліктен ажырату үшін шартты коммуникативтілік деп атайды. Сөз тіркесі осы аталған жартылай (шартты) коммуникативтілік белгісі бойынша сөзден де, сөйлемнен де лексикаланған тұрақты сөз тіркестерінен де, толық мағыналы сөз бен көмекші сөздің тіркесінен де ажыратылады.

Сөз тіркесінің құрамында толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесуі сөз тіркесінің семантикалық тиянақтылығына негіз болып, оның мағыналық және құрылымдық қаңқасын құрайды.

Сөздердің салалас қатарынан сөз тіркесін ажырата білу үшін оның құрылымдық ерекшелігіне назар аудару қажет. Сөз тіркестері құрылымдық тұйықтылық қасиетімен сипатталады. Сөз тіркесінің құрылымдық тұйықтылығы оның құрамындағы сыңарлардың бірінің басыңқы, ұйтқы мүше болып, екіншінің оған бағыныңқы, тәуелді мүше болуынан көрінеді. Мысалы, ақ орамал, үйге бару, ағаштың жапырағы деген сөз тіркестерінің соңғы сыңарлары- басыңқы, ұйтқы мүше де, алдыңғы сыңарлары- бағыныңқы, тәуелді мүше. Бұлар тәріздес сөз тіркестері сөйлем құрамына енгенде және басқа сөздермен тіркескенде, ұйтқы, басыңқы мүшесі арқылы тіркеседі де, басыңқы мүше болған сөз тиісінше түрленеді, ал бағыныңқы мүше ретінде қызмет атқаратын сөз түркі тілдерінде және т.б. кейбір тілдерде сөз тіркесіндегі қалпын, грамматикалық формасын өзгертеді. Ал сөздердің салалас қатарында басыңқы (ұйтқы) мүше, бағыныңқы  (тәуелді) мүше дегендер болмайды, олардың сыңарлары тең дәрежедегі сыңарлар ретінде бір- бірімен салаласа байланысады. Бірнеше сөздердің тізбегінен құралған салалас қатардың құрамынан бір сыңар түсіріліп айтылуы мүмкін, бірақ мұның өзі салалас қатардың ыдырауына немесе жойылып кетуіне соқтырмайды. Сабақтаса байланысқан сөз тіркесінің басыңқы сыңары да, бағыныңқы сыңары да, әдетте, түсіріліп айтылмайды. Салалас қатардың құрамына енетін сөздер сөйлемде бірыңға мүшелер ретінде қызмет атқарады.Осыған орай, салалас қатардың құрамындағы сөздер бір формада қолданылады.

Сөз тіркесінің сыңарлары бір бірімен бағыныңқы грамматикалық байланыс арқылы тіркеседі де, ол предикативті қатынастың негізінде тіркескен сөздердің тізбегінен ажыратылады. Предикативті қатынас негізінде тіркескен сөздердің тізбегін сөз тіркесі дейміз бе, жоқ па деген сұраққа лингвистер әр түрлі жауап беріп келді. «Сөйлемді сөйлемдік қасиеттеріне қарап, сөз тіркестерін де өзіндік қасиеттеріне қарап танып, мысалы, жазық дала дегенді сөз тіркесі деп танысақ, атқа мінді дегенді әрі сөз тіркесі деп қарау керек» [1,24].

«Бұлайша бір ғана құбылысты әрі сөйлем, әрі сөз тіркесі деп қарау сөйлем мен сөз тіркесінің жігін ажыратуға , оларды бір- бірімен араластырып жіберуге әкеп соғады» [4,486].

Қазақ тілінің сөз тіркестері сөздердің өзара тіркесу қабілетіне қарай есімді және етістікті болып екіге бқлінеді. Есімді сөз тіркесінеде есім сөздердің бірі басыңқы болады да, етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы сыңар болады.Есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамдары, түр- тұрпаты әр түрлі болады. Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын және сөз тіркестерін жіктеуге критерий болатын синтаксистік тірек- сөздердің байланысу формалары.

Есімді және етістікті сөз тіркестері сол байланысу формаларына қарай өзара бірнеше топқа бөлінеді.

Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса және меңгеріле байланысады; етістікті сөз тіркестері қабыса және меңгеріле байланысады.

Сонымен сөз тіркесі жайында жоғарыда айтылғандарды жинақтай келгенде, мынадай қорытындылар жасауға болады:

  1. Сөз тіркесі- кемінде екі дербес толық мағыналы сөздің бағыныңқы- басыңқы грамматикалық байланыстың негізінде тіркесуінен жасалған синтаксистік бірлік. Сөз тіркесі күрделі сөзбен де, фразеологиялық сөз тіркесімен де, атауыш сөз бен көмекші сөздің тіркесімен де, сөздердің салалас қатарымен де сырттай ұқсас келгенімен, олардың түбірлі айырмашылықтары бар.
  2. Сөздің, соның ішінде күрделі сөздің бөлшектерінің арасындағы байланыс сөз тіркесінің сыңарларының арасындағы байланыстан анағұрлым басым және бекем болады. Осыдан келіп күрделі сөз, жалаң сөз тәрізді сөйлеу кезінде жасалмай, даяр тұрған единицаретінде сөз тіркесінің немесе сөйлемніңқұрамына оның бір мүшесі ретінде емін- еркін енеді де, еркін сөз тіркесі сөйлеу кезіндебелгілі бір үлгілер бойынша жасалады, оның құрамындағы сыңарлар ыңғайына қарай басқа бір сыңарлармен ауыстырыла алады.Сыңарлардың басқа бір сыңарлармен ауыстырылуынан еркін сөз тіркесінің грамматикалық табиғаты өзгерілмейді.
  3. Сөз заттарды, құбылыстарды, сапа- белгіні, іс- әрекетті және т.б. жеке- дара күйінде атаса, сөз тіркесі оларды бір-бірімен байланысында, өзара қарым- қатынасында атайды.
  4. Синтаксистік сөз тіркесі сырттай фразеологиялық единицалармен ұқса болғанмен, олардан түбірлі айырмашылықтары бар. Сөз атаулының сөйлеу кезінде жасалмай, даяр тұрған единица ретінде сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамына енетін сияқты фразеологиялық единицалар да бұрыннан жасалып қойған, даяр тұрған единицалар ретіндес интаксистік сөз тіркесінің және сөйлемнің құрамына енеді. Ал синткасистік сөз тіркесі даяр тұрған тіркес емес, ол сөйлеу кезінде дербес сөздердің тілдің грамматикалық заңдары бойынша еркін тіркесуінен жасалады.
  5. Жеке сөздің эквиваленті ретінде жұмсалатын фразеологиялық оралымды құрастырушы сыңарлар дербестігінен айырылып, бүтіндей фразеологиялық оралым сөйлемде бір ғана мүше ретінде қызмет атқарса, синтаксистік сөз тіркесінің сыңарларының әрқайсысы дербестігін сақтап, сөйлемнің дербес мүшелері бола алады.
  6. Синтаксистік сөз тіркесі үшін сөздердің лексикалық тіркесімділігі міндетті шарт болса, фразеологиялық единицалар үшін сөздердің лексикалық тіркесімділігі міндетті шарт бола бермейді.
  7. Салалас қатардың құрамындағы сыңарлар тең дәрежедегі сыңарлар ретінде өзара салаласа байланысса, сөз тіркесінің сыңарлары басыңқы, бағыныңқы сыңарлар болып, бірі екіншісіне бағына байланысады. Сөз тіркесінің құрамындағы сыңарлардың орнының алмасуы оның мазмұны мен грамматикалық табиғатына әсер етсе, салалас қатардың сыңарларының орнының алмасуы оның мазмұны мен грамматикалық табиғатына әсер етпейді.
  8. Бағыныңқы байланыстың негізінде сөз тіркесі жасалса, предикативті байланыс негізінде предикативті тізбек жасалады. Предикативті емес сөз тіркесі номинативті қызмет атқарса, предикативті қызметке ие бола алмайды. Сөз тіркесінің формалар жүйесі ұйтқы сөздердің формалар жүйесіне негізделсе, предикативті тізбектің парадигмасы грамматикалық шақ пен объективті модальдылыққа негізделеді.

Әлі күнге дейін өзінің құнын жойған жоқ.

Бұл кітаптарда сөз тіркесі тек сөз арасында ауызға алынады. 1940 жылдары қазақ тілінің бірнеше грамматикасы мықты, синтаксиске арналған бірді екі зерттеулер шағын мақалалар жарияланды. Мұнда да жай және құрмалас сөйлемдер синтаксисінің негізгі мәселелері баяндалады да, сөз тәркесінің синтаксисі атаусыз қалады. Қазақ тілінің бүтіндей синтаксистік терминдерін жасаушы А.Байтұрсынов бұл мәселе сөз болмайды да. Міне, осылайша бірде сөз болып, бірде есептелмей келген сөз тіркесі қазіргі кезде синтаксистің үлкен бір саласына айналды. Қ.Жұбанов еңбегінде сөз тіркесінің кейбір элементтері сөз болып, онда байланысу формалары айрылмағанымен, онда бір сөз екінші сөзбен қиысады, меңгереді, қабысады, жанасады, тіпті матастырылады дейтін етістік түрінде берілгені белгілі [5,27].

1939 жылы С.Аманжолов пен Н.Сауранбаев бірігіп жазған оқулықтары шықты және 1940 жылы «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» деген атпен С.Аманжоловтың кітабы шықты. Бұл кітап 1950 жылы және 1994 «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» деген атпен қайта басылып шықты. Онда С.Аманжолов сөйлемдегі сөздердің қарым қатынасын субъектінің басқа мүшелерге түсірген әсерінен болатын түрліше құбылыс деп түсіндіріледі. Бұл тілдік тұрғыдан қарағанда сөздердің бір- біріне жалғастырушы элементтерін тексеру болып шығады. «Бұл орайда сөйлемдегі жалғаулар мағынасы, сөйлем мүшелерінің орны ескеріледі»,-дей келіп, сөйлем мүшелерінің өзара грамматикалық байланысының төрт түрін көрсетеді: қиысу, меңгеру меңгерілу, қабысу, жанасу [6,145]. Автор бұл байланысу формаларының әрқайсысының жалғасуын айта келіп, кейде сөз тіркесін басыңқы сыңарына қарай: етістікті және субъективті деп көрсете білді. Сонда бұл еңбекте бірінші рет есімшенің субстантивтеніп барып басыңқы сыңарда жұмсалуы арнайы сөз бола білді деп білеміз.

С.Аманжоловтың «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» студенттер үшін жазылған бірінші оқу құралы.

Қазақ тілі синтаксисіне елеулі еңбек сіңірген ғалым С.Жиенбаев болатын. Оның жай құрмалас сөйлем мәселелеріне арналған құнды зерттеулерінің қатарында сөз тіркесі бөлек талданбайды. Бірақ «үйірлі мүше» деген атпен қай сқздің қандай сөздермен топ құрай алатыны жөнінде айтқандарының, сөздердің толықтауыштық, пысықтауыштық қызметтерін айыру жөніндегі дәлелдерінің есімді, етістікті сөз тіркестеріне қатысы бар.

Жалпы түркологиялық әдебиеттерде сөз тіркесі бөліп қарамай ақ, «анықтауыштық есімдер тобы» дегенге ерекше көңіл бөлінді. Оның себебі:түркологтар түркі тілдерінің синтаксистік құрылыстарында кездесетін өзгеше құбылыстарды айқындауды басты міндет етті.

Расында, зат есім мен зат есімнің, сын есім мен сан есімдердің зат есімдермен жалғаусыз қатар тұру арқылы байланысқа еніп, анықтауыштық қатынаста жұмсалуы түркі тілдерінің елеулі өзгешелігі болып саналады. Бірақ олар ондай есімдер тобын сөз тіркесі деген тұрғыдан емес, сөйлем мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін айқындау тұрғысынан қарастырды. Кейбір авторлар есімдер тобын сөз тіркесі деп танығанмен, олардың басты ерекшелігі біртұтастығы деп есептеді. Мысалы, профессор А.П.Поцелуевский сөз тіркесін сөзге балап, бір бүтін дейді, олардың соңғылары септеледі де, бағыныңқылары орыс тіліндегідей септелмейді ойын айтады. Бұл анықтама бойынша лексикалық тіркестерді ғана сөз тіркесі деп тануға болатын тәрізді. А.П.Поцелуевский сөз тіркестрін былай бөледі:

  1. Детерминативті.
  2. Салалас.
  3. Сабақтас.
  4. Сөйлем.

Бұндай бөліністің қандай принципке негізделгенін түсіну қиын.

Н.К.Дмитриев сөз тіркесін сөйлемнен айырып тану керек екеніне ерекше көңіл бөледі. Сөйлем байымдауды білдіреді, сөз тіркесі оны білдірмейді дейді [7,43].

Байымдау, біріншіден, грамматикалық категорияларға тән емес, логика ғылымына тән. Оны елемегенде сөз тіркесі болып есептелетін синтаксистік топтар сөйлем сияқты кісінің кісінің ойын білдірудің, қарым- қатынас жасаудың да формасы болуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды.

Н.К.Дмитриев те, Н.А.Баскаков та атрибуттық топтарды ғана сөз тіркесі деп қарастырады.

Түркі тілдерін зерттеушілердің ішінде сөз тіркесін жан- жақты зерттеу объектісі еткен- Е. И. Убрятова. Ол «Исследования по синтаксису якутского языка» деген кітабында сөз тіркестерінің түрлерін синтаксистік байланыс формаларының ізімен қарастырады. Сөйте отырып сөз тіркесін «бір бүтін мағыналық единица» деп танып, екінші жағынан, сөз тіркестерін «предикативті», «предикативті емес» деген тұрғыдан да қарастырады да, сөз тіркесі дегеннің аясын дамытып, жай сөйлем ғана емес, құрмалас сөйлем де сөз тіркесі болады деген пікірді ұсынады. «Предикативные словосочетания, являясь ядром предложения, так как они выражают законченную мысль, теми же способами сочетаются с другими предикатвными словосочетаниями, образуя сложноподчиненные предложения»[8,82].

Е. И. Убрятова да сөз тіркестерін, сөйлем мүшелері мен сөз таптарының басын біріктіріп жан- жақты қарастыруды көздеген. Сондықтан оның зерттеуінде сөз тіркесіне бай материалдар негізінде жасалған қорытындыларымен қатар лексикаға және сөйлемнің синтаксисіне тән мәселелерді олармен араластырып алған жайлары да бар. Жалпы алғанда, бұл аталған кітап- құнды еңбектің бірі.

Сөйтіп, түркі тілдерін зерттеушілер сөз тіркесінің көп мәселелерінің әлі күнге дейін дұрыс шешімін тапқан жоқ. Орыс тіл білімінде де ғалымдар пікірі бір арнадан шыға бермейді. Дегенмен соңғы жылдары орыс тілі мамандарының дені академик В. В. Виноградовтың сөз тіркесі жөніндегі көзқарастарына ойысты. Ол сөз тіркесін күрделі атау, сөйлем құраудың құрылыс материалы деп танып, оны сөйлемнен айырғанда, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктерін, қарастыратын объектілерінің жігін айырып көрсетеді.

Сөз тіркесі тарихи құбылыс. Олардың жасалуы ғасырлар бойы қалыптасқан тілдің ішкі заңдылықтарына негізделген. Сөздің басқа бір сөзбен тіркесіп белгілі бір номинативтік мәнге ие болуы, ең алдымен, оның лексика- грамматикалық мүмкіндігінен туады. Тіл құрамында болып отыратын ір түрлі өзгерістердің салдарынан жаңа сөз пайда болуымен байлансты жеке сөздің қолданылуының кеңеюне таралуына сәйкес тілдің ұшталуы процесіне лайық сөздің синтаксистік қызметінің кеңеюімен байланысты сөздердің тіркес құрау қабілеті де белгілі бір өзгерістерге ұшырап отырады. Соған лайық бір дәуірде қолданыста болмаған тіркестер тілдің екінші бір дәуірінде жиі кездесетін болады[9,3].

Осы сөздердің қолданылуының кеңеюі не таралуына сәйкес сөз тіркестерінің ыңарларының тіркесу қабілеттілігі де өзгеріске ұшырайды.

Жалпы тіл ғылымында сөйлем синтаксисіне қарағанда сөз тіркесі синтаксисі кейін қалыптасты. Дегенмен қазақ тілі мен басқа түркі тілдеріндегі сөз тіркесі мәселесі тіптен соңғы кезде сөз болмағанымен, славян, үнді европа тілдерінде жалпы синтаксис сөз тіркесін немесе сөйлемді зертеуінде қайсысына назар аудрылуы жағынан ертеден сөз болып келе жатқаны белгілі. Қазіргі кезде сөз тіркесі синтаксистің үлкен бір саласы дәрежесіне көтеріліп, оның өзінің:

  • байланысу формалары;
  • байланысу тәсілдері;
  • синтаксистік қатынастары;
  • түрлері сияқты объектілері айқындалды.

С.Аманжоловтың А.Әбілқаев, И.Ұйықбаев сияқты ғалымдармен бірлікте шығарған мектеп грамматикасының соңғы басылымдарында ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздердің тіркесін енді меңгеруден жеке бөліп алып, матасу деп бергені белгілі[10,33].

Академик Н.Сауранбаев изафет, оның түрлері туралы айта кетіп, оның үш түрін атап көрсетеді:

  • бас киім;
  • Арал теңізі;
  • колхоздың малы;

Автор осы түрдің а,ә топтарын лексикалық изафет, ал соңғы үтірін синтаксистік мәнде айтылады.

Қазақ тілі оқулығында «сөз тіркесі» деген термин 1950 жылдардан кейін оқта текте аталады, бірақ оны авторлардың қай мағынада жұмсап отырғаны аян емес, оған берген анықтамалары басқа жайды меңзейді.

1954 жылы «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен көлемді кітап шықты. Бұл кітап қазақ тіл білімінің фонетика, лексика және грамматика мәселелерінен жан- жақты мағлұмат беретін елеулі табысы. Онда көп мәселелер жүйеге салынып, ғылыми тұрғыдан дұрыс баяндалған, көптеген жаңалықтар енгізілген. Синтаксистегі ол кітаптың бір жаңалығы сөз тіркесі синтаксисін жай сөйлем синтаксисінен бөліп алып, өзіндік өзгешеліктері бар мәселелер ретінде қарастырды. Бірақ мұнда сөз тіркесі әрі сөз таптарының, әрі сөйлем мүшелерінің тіркесі ретінде салаласатын, сабақтасатын байланыстағы сөздер деп қаралған ды. Дұрысында, сөз тіркесі сөйлем мүшелерінің тіркесі емес, сөз таптарының тіркесі. Сөз тіркесіндегі сөздер тек сабақтаса байланысады, салаласа байланысатын бірыңғай мүшелер сөз тіркесі деп есептелмейді.

Сөз тіркестерінің байланысын зерттеуші ғалымдардың бірі- В.П.Малащенко өз еңбегінде септік жалғаулары тұлғасында байланысқан сөздердің объектілік, бірлесу, мақсаттық, меншіктік қатынастарды білдіретінін айта келіп, «Эти словосочетания объединяет не только близость выражаемых  отношений, но и характер синтаксической связи между их компонентами. Глаголы, существительные, прилагательные или наречия, выступающие в роли господствующих слов, требуют при помощи определенного предлого единственно возможной формы»,- деп көрсетеді[11,6].

Сөз тіркестері туралы орыс тіл білімінде салалы пікірлер айтқан ғалымдардың бірі- Н.Н.Прокопович. Ол өзінің «Вопросы синтаксиса русского языка» атты еңбегінде сөз тіркестерінің синтаксис жүйесіндегі орны, оның маңыздылығы туралы өзіне дейігі ғалымдардың пікірлерін толықтыра отырып, В.В.Виноградовтың ізімен сөздердің сабақтаса байланысуы туралы сөз етеді.

1980 жылы жарық көрген «Связи слов в современном русском языке» атты еңбегінде Л.Д.Чеснокова сөз тіркестеріне қатысты бірқатар мәселелерді қарастырады. Онда бұған дейін де айтылып келген көмекші сөздердің сөз тіркесіне қатысы туралы айтып, олардың сөз тіркесін құрай алмайтындығы, соған сәйкес синтаксистік қатынастарды білдіре алмайтындығы туралы айтады.

Өзбек, қазақ, қырғыз, түрік тілдерінің зерттелуіне айтарлықтай үлес қосқанА.Н.Кононов сөз тіркесінің байланыстары туралы да бірқатар тұжырымдамалар жасаған. Ол сөз тіркесіне берген В.В.Виноградовтың анықтамасын негізге ала отырып, сөз тіркесі лексикалық және синтаксистік болып бөлінеді, екі жағлайда да олар синтаксистік қатынаста болады деп көрсетеді. «Грамматика современного турецкого литературного языка» деген еңбегінде сөз тіркестерінің байланысу түрлерін меңгеру, қиысу және қабысу деп бөледі. Олардың сөз таптарына қатысы туралы айтылады.

Академик В.В.Виноградов сөз тіркестерінің тілдің коммкникативті және номинативті құралдарының қатарына енетіндігі жайында былай дейді: «Сөйлем құрамында ғана және сөйлем арқылы сөз тіркестері тілдің коммуникативті құралдарының жүйесіне ене алады. Сөйлемнен тыс, тек соған керекті құрылыс материалы ретінде қаралатын сөз тіркестері сөздер тәрізді болады да, тілдің номинативті құралдарының саласына, заттарды, құбылыстарды, процестерді белгілеу құралдарынң қатарына енеді».

Сөз тіркесі сөйлем құрамында белгілі бір затты немесе белгілі бір сапаны атап қана қоймайды, сөздердің бір бірімен байланысуын синтаксистік амалдары арқылы заттың аты мен сапаның аты тіркесінде, зат белгілі бір сапаны иеленуші ретінде сипатталады да олардың тізбегінен жасалған сөз тіркесі сол зат туралы белгілі бір хабар ретінде танылады.

Сөз тіркестерінің көпшілігінде коммуникация бағыты біреу, ол заттар, құбылыстар, процестер және т.б. туралы тыңдаушыға немесе оқушыға бұрыннан белгілі болғандарды нақтылау және дәлдей түсу. Зерттеушілер сөз тіркесінің осы аталған коммуникация сипатын ескере келіп және оның сөйлемді сипаттайтын жалпы коммуникативтіліктен ажыратудың қажеттілігін есепке ала отырып, сөз тіркесінің коммуникативтілігін жартылай коммуникативтілік деп атаса, оның бұл қасиетінің сөйлем құрамында ғана толық көріне алатындығын ескеріп және оны сөйлемге тән абсолютті немесе толық коммуникативтіліктен ажырату үшін а шартты коммуникативтілік деп атайды. Сөз тіркесі осы аталған жартылай коммуникативтілік белгісі бойынша сөзден де сөйлемнен де, лексикаланған тұрақты сөз тіркестерінен де, толық мағыналы сөз бен көмекші сөздің тіркесінен де ажыратылады.

Сөз тіркесінің құрамында толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесуі сөз тіркесінің семантикалық тиянақтыоығына негіз болып, оның мағыналық және құрылымдық қаңқасын құрайды.

Жалпы алғанда тіл- тілде зерттеліп жүрген сөз тіркестері және олардың арасындағы байланыстар туралы айтылған пікірлер әрқилы. Және де бұл мәселе төңірегінде әлі де болса жүйелілік, бірізділік қалыптаспаған.

     1.2. Қазақ тіл біліміндегі сөз тіркестерінің тіркесу қабілетіне қарай түрлері.

Сөз тіркесіне,сөйлемге материалдық негіз болатын­ сөз.Сөз тіл білімінде лексикология мен семасиологияның зерттеу объектісі болуымен қатар грамматикада да әр турлі ыңғайда қарастырылады.

Сөз, негізінде, дараланған ұғымды, лексика- грамматикалық мағынаны білдіреді. Олар мағыналық үйлесімділігіне қарай тілдің синтаксистік ережелері негізінде әр алуан лексикалық және синтаксистік топ құрау арқылы сөйлем ішінде айтылады. Сөздер өзара тіркеседі, тіркесу алқылы сөйлемге енеді. Осыдан келіп сөздердің өзара тіркесе алу қабілеттілігі олардың ең басты грамматикалық қасиеттерінің бірі болып есептеледі.

Сөздердің өзара тіркесе алу қабілеттілігі әрбір грамматикалық топтағы сөздердің мағыналық және грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді. Сөз тіркесінің синтаксисінде жеке сөз таптарының, олардың бөлшектерінің басқа сөздермен және өзара тіркесу қабілеті, байланысу тәсілдері сөздердің сөз тіркесін құраудағы қызметі айтылады.

Қазақ тілінің сөз тіркестері сөздердің өзара тіркесу қабілетіне қарай есімді және етістікті болып үлкен екі салаға бөлінеді. Есімді сөз тіркесінде есім сөздердің бірі басыңқы болады да,и етістікті сөз тіркеінде етістік сыңар басым болады.

Есімді, етістікті сөз тіркестерінің құрамдары, түр- тұрплы әр түрлі болады. Сөз тіркесіндегі сөздердің басын құрайтын және сөз тіркестерін жіктеуге критерий болатын синтаксистік тірек сөздердің байланысу формалары.есімді және етістікті сөз тіркестері сол байланысу формаларына қарай өзара бірнеше топқа бөлінеді.

      Есімді сөз тіркестері қабыса, матаса және меңгеріле байланысады, етістікті сөз тіркестері жанаса және меңгеріле байланысады. Меңгеріле байланысу шылаулы және шылаусыз болуы мүмкін.

Есімді сөз тіркесінің басыңқы сөзі әр уақытта есім, көбінесе зат есіммен болады. Ол есімдердің бірқатары сөз тіркесін құрау үшін өзара қабыса байланысады.

      Қабысу- түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде жиі қолданылатын синтаксистік байланыс формасының бірі. Егер қиысуда бағыныңқы сөз басыңқы сөздің грамматикалық мағынасына, тұлғасына бейімделе, тиісті жалғауда айтылып байланысса, қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаулықсыз тек қатар тұру арқылы тіркеседі. Сонда қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы сөздердің орын тәртібі болады.

Қабыса байланысатын сөз тіркестерінің жиі қолданылатын бір түрі зат есімнен құралатын тіркестер. Екі зат есім атау күйінде қабыса байланысып, сөз тіркесін құрау үшін алдыңғысы соңғысына бағынып тұрады. Мысалы, ағаш күрек, жібек орамал.

Осындай тіркесте айтылатын зат есімдер тобы көбінесе екі сөзден құралады. Олар өзара анықтауыштық қатынаста айтылады. Зат есімдерден құралған сөз тіркестері тұрған орнына қарай байланысқанда, әрбір анықтауыштық тіркес фразалық бір екпінге бағынып, екпін жағынан бір түйдек болып тұрады.

Зат есімдерден құралған сөз тіркестері мынадый мағыналық қатынаста жұмсалады:

  1. Заттың неден, қандай заттан жасалғанын білдіреді: күміс қасық, ағаш күрек.
  2. Салыстыру, теңеу мағынасында жұмсалады: пісте мұрын- мұрны пістедей, құрыш білек- құрыштай қатты білек.
  3. Бір затты басқа затқа арнау мағынасында қолданылады: ат қора- ат тұратын қора, кір сабын- кір жууға арналған сабын.
  4. Бір зат екінші затты мекеніне қарай анықтайды: тау теке, қалта сағат.
  5. Заттың өлшемдік мағынасын білдіреді: бір қора қой, екі саба қымыз, қап қап астық.
  6. Кәсіп дәрежені білдіреді: шәкірт бала, инженер Мұқан.
  7. Адамның жынысын білдіреді: ұл бала, әйел адам.
  8. Даралау мағынасында жұмсалады: нар түйе, алма ағаш.

Сын есімдер мен сан есімдер де есім сөздермен тіркесіп, қабыса байланысады. Мысалы, қызық думан, үлкен үй, қырық саулық т.б.

Сан есімдер уақыт, салмақ, көлем өлшемін білдіретін сөздерге және жасар, жастағы сөздеріне қатыстыболу арқылы да күрделі есімді сөз тіркесін құрайды: үш күндік жол, алты айлық бала, жүз метр мата.

Зат есімдермен қабыса байланысатын сөздердің тағы бір тобы есімшелер.

Есімшелердің зат есімдермен тіркесуі арқылы анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркестері жасалады: жайнаған дала, келген кісі, айтар сөз.

Есімдіктердің ішінде қабыса байланысқан есімді сөз тіркетерінің бағыныңқы сыңары болып жиі кездесетіндері сілтеу, сұрау және жинақтау есімдіктері. Сілтеу есімдіктері заттың айтушыға алыс- жақындық бағдарын нұсқап көрсетіп анықтайды: осы өзен, сонау ауыл, бұл сөз.

Сұрау есімдіктері ол құрамда заттың сұраулық — сапа қатынасын білдіреді: қай қала? нешінші қатар?

Жинақтау есімдіктері есімді сөз тіркетерінің бағыныңқы сыңары қызметінде заттың жинақталған мөлшерлік сапасын білдіреді: барлық ел, бүкіл дүние.

      Матасу- қиысу, меңгеру сияқты синтаксистік байланыс формаларының бір түрі. Ол- изафеттік құрылыстағы сөз тіркесінің байланыс формасы. Р.Әміров матасуды арнайы байланысу формасында қарастырады. Оны толық құрамда және толық құрамда емес деп екіге бөледі. Мысалы, колхоздың малы- толық құрамда, колхоз малы- тоық емес құрамда деп ілік септігінің жасырын түрін де матасуға жатқызады [12,21].

Матаса байланысқан сөздердің білдіретін негізгі  мағыналары мыналар:

  1. Ілік жалғау меншік иесі бола алатын сөзге жалғанып,меншіктілік қатынасты білдіреді. Ол дара және қоғамдық    меншіктіоік  болуы  мүмкін.  Мысалы,  менің  киімім – дара меншіктілік,   мемлекеттің    мүлік – қоғамдық  меншіктілік.
  2. Ілік жалғаулы сөздер туған – туысқандық  қатынасты білдіреді.
  3. Ілік жалғаулы зат   есімдер  сол  заттарға қатысы бар  басқа   зат  есімдермен  тіркесіп,  зат  пен  заттың  табиғи  байланысын   білдіреді:

Қойдың жүні,  түйенің  терісі.

  1. Бөлшектеу, талғау   мағыналарында жұмсалады:  аттың  жүйрігі, оқушылардың   бірі.

Изафеттік  құрылыстағы  сөз тіркесінің    бірінші компоненті жалғаусыз  айтылған  анықтауыш  болғанда  оларды  Р.Әміров Матасуға жатқызса, М.Балақаев  қабысуға  жатқызады.

Меңгеріле   байланысқан   есімді  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы   сыңарлары  барыс,  шығыс,  жатыс,  көмектес  жалғауларының   бірінде  жұмсалады да,  басыңқылары    көбінесе  баяндауыш  қызметіндеді  есімдер  болады:   сөзге   шорқақ,   мінуге   жасқы, маған түсініксіз.  Есімдердің   есімдерді   меңгеруі  етістікті    тіркестердегідей   әрі мағыналық, әрі   синтаксистік  тығыз  байланыс   негізінде  емес,  әлсіз байланыс  ыңғайында  пайда болады.  Меңгеріле  байланысқан   есімді   сөз  тіркестерінің  басыңқы сыңары  мына  сөз  таптарынан   жасалады:

  1. Сын есімнен: өзіңе жақсы,  ақшаға   сараң,  жусаннан   аласа.
  2. Зат есімнен:  ерге  сын,   оған   қонақсың
  3. Бар, жоқ, көп,  аз   модаль   сөздерінен үйінде  бар,   менде  көп.

         Етістікті   сөз  тіркестерінің  грамматикалық    діңгегі  етістік болады  да,  соның   негізінде  басқа   сөздер    етістіктің   маңына   топтанады.  Сөз  таптарының   қайсысымен    салыстырсақ  та,  етістіктердің    сөз  тіркесін   құрау  қабілетінің  молдығын    байқаймыз.   Толып жатқан   есім  сөздер    етістіктермен   ешбір   қосымшасыз   тіркеседі.   Бұл    ретте   етістіктер  мен  есімдердің    өзара   байланыс  түрі   қабысу   болады.  Етістікті   сөз   тіркестерінің    енді  бір      тобы    есімдердің    барыс,   жзатыс,  шығыс, көмектес,  сабақты   етістіктермен  меңгеріле   байланысады.

Қабыса   байланысқан  етістікті  сөз  тіркестерінің құрамы  әр  түрлі  болады.  Етістіктермен  қабыса   байланысатын   сөздер,   жалғаусыз  зат  есімдер.  Есімдіктердің     ішінде  тек     сұрау  есімдіктері    ғана   етістіктермен  қабысу  жолымен қалай оқиды? Қашан   келеді? Тәріздес   сөз  тіркестерін    құрайды.

Етістікті   сөз  тіркестерінің  бағыныңқы  сыңары  қызметінде   жұмсалатын    еліктеуіш    сөздер     етістіктерді    мәнерлі түрде  еліктеу  тұрғысынан     сипаттайды.  Оның   ішінде   бір   буынды     еліктеуіш сөздері бар  тіркестер  қимыл — әрекетінің   шапшаңдық қарқынын  меңзейді.

Мысалы, жалпы  бұрылу,   тарс жабылу.   А л қосарланып  айтылған  еліктеуіш   сөздері   бар  етістікті   тіркестер  қимыл-әрекеттің  созылыңқылығын  көрсетеді.  Мысалы, бұрқ – бұрқ  қайнау,   тарс-тарс   соғу.

Еліктеуіш сөздер  қуану,  сағыну, түсіну тәрізді   адамның    ішкі   күйін   білдіретін   етістіктермен  тіркеспейді.  Олар    көбінесе   қимылды   немесе   заттың   әрекетін   білдіретін  салт  етістіктермен   тіркеледі. Мысалы,  жалт   бұрылу,   морт  сыну  т.б.

Еліктеуіш    сөздерге     етіп,  еткізіп   түбірлес  көмекші   етістіктердің   жалғасуы арқылы   олардың  негізгі     етістіктермен  тіркесу    қабілеті  арта   түседі. Бұл  жағдайда дща  ондай    сөз  тіркестері   жұмсалады.   Мысалы,   мырс   етіп  күліп  жіберді,  сақ  еткізіп   ұрып  жіберді.

Сын  есімдердің  етістіктермен  тіркесуі сирек  кездесетін   құбылыс.  Барлық   сын  есім  етістікпен   тіркесе    бермейді,    барлық   етістікке  сын  есім  бірдей  қатысты   бола бармейді, қимылға   не  күйге   тән  қасиетті   сапаны   білдіреді.  Барлық   етістік   бірдей  ондай   саналық   пысықтауыш    болуды  керек   етпейді.

Сын есімді   сөз   тіркестерін құрайтын  етістіктер   сан  жағынан   көп  емес,   тек  қабілетін   білдіретін   сөйлеу, түсіну, оқу,  жазу, секіру,  ойнау   сияқты   және  кейде  қимылды, қозғалысты   білдіретін    кес, піг, байла, тура   тәрізді   сабақты  етістіктер   бірқатар  сын  есімдермен  мығыналық   байланыста   бола   алады.

Сапалық   сын  есімдердің  ішінде   мұндай  сөздер  етістікті  сөз  тіркестерінің бағыныңқы    сыңары болады.  Мысалы,  жақсы   сөйлейді, ұзын   кесті  т.б.Мұндай   етістікті  сөз  тіркестері  пысықтауыштық қатынасты   білдіреді.

Сан   есімдер  заттың  сандық  сапасын   білдіретін   сөз   тіркестерінің   құрамында жиі   қолданылатыны   белгілі. Сонысына   қарап   сан  есімдерді   есіммен  тіркесу  үшін жаратылған сөздер   деуге болады.   Дегенмен   олар   етістіктермен   де  тіркесе  береді.   Сан есімдер   етістікті   сөз  тіркестері  құрамында   пыс ықтауыштық қатынаста  қимыл  процесін  сандық  сапа   тұрғысынан   пысықтайды.  Бұл   қызметте сан   есімдер   атау тұлғасында  етістіктермен қатар  тұрады.  Сонымен   қатар  сан  есімдер рет,  есе  тәрізді сөздермен  қосарланыпта  жұмсалады: үш   рет келеді,  екі   есе  қөбейді  т.б.

Есептік   сан   есімдер    ал,   айт,  сөйле,  кел,   қара,   жүр, тіріл  тәрізді   етістіктермен   қабыса   тіркескенде,    сан  есімдер қимыл  мен   күйдің   қайталану  мөлшерін   білдіреді.   Қосарлы сан  есімдер    етістіктермен   тіркесіп,  іс-әрекеттің  шамамен  алғандағы   қарқынын   білдіреді.  Мысалы,  бір – екі  тартты, екі-үш қонды.

Сан  есімдер етістікті   сөз тіркесі   құрамында   рет,   дүркін  сөздерімен  қосарланып, қимылдың   дүркінділік   дәрежесін   көрсетеді.  Мысалы,   екі   дүркін   сөйледі,   екі-үш  рет сілтеп өтті.

Сан есімдер есе  сөзімен  қосарланып   келіп,  етістіктермен  тіркескенде,  қимылдың  сандық  тұрғыдан    даму  дәрежесін   білдіреді.  Мысалы,  үш есе  ұлғайды, бес  есе  артты.

Қабыса   байланысқан  етістікті   сөз  тіруестерінің   үлкен бір  тобы   зат  есімді  тіркес болады.  Зат   есімдер  арқылы   әрі   мағыналық,  әрі  гармматикалық    тығыз  байланыстағы    сөздер    тобын   құрайды. Сөз  тіркестерінің  бұл   түрі  тура объектілік қатынаста   жұмсалады.

Жалғаусыз   табыс    септіктегі   зат   есімге   сабақты   етістіктің   қимылы  ауысып  түсіп,   онымен  біте  қайнасқан,   байланыста тұрады.   Мысалы,   жер   жырту,    киім  тігу,  бала оқыту.

Қабыса  байланысқан  зат  есім  мен  етістікті сөз  тіркестерін   тіркесу  ерекшелігіне   қарай  екі  топқа бөлуге болады.

  1. Нақтылы зат есімдердің  қимылды,  қозғалысты  білдіретін етістіктермен   тіркесі.  Мысалы, ағаш  кесу,  кілем  тоқу, шам  жағу.

Осындай сөз    тіркестерінің  бағыныңқы сыңарларын  етістіктердің  мағыналық ерекшеліктеріне  үйлесімді  болып ыңғайласа  тіркеседі.

  1. Абстракт зат  есімдердің күйді, сезімді  білдіретін  етістіктермен тіркесі. Сөз  тіркестерінің бұл түрі сирек   құралады.. Өйткені  ақыл , мінез, қылық тәрізді  абстракт зат  есімдердің   объектілік қызметі   солғын болады. Оның  үстіне  мұнда й  сөздері  бар  тіркестер   сөйлем  құрамында көбінесе   лексикалық тіркес  ретінде  ұғынылады.  Бұлар жақсылық   қылу,   сыр білдіру,    ақыл  беру  тәрізділер.

Етістіктермен   меңгеріле    байланысып,   әр  түрлі  қарым – қатынаста  жұмсалатын  сөздер – есімдер. Есімдер байланысу үшін  барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік   жалғауларының    бірінде айтылады.  Бұл  жалғаулар – есімдерді  етістіктермен ұластырушы  ғана   емес, сөздердің    синтаксистік қызметтерін  де  саралайтын  тұлғалар.  Сондықтан   меңгерудің    етістікті   сөз  тіркесін   құрауда    мәні   ерекше.

Аталған   септік   жалғаулардың  синтаксистік  қызметі,   негізінде    етістіктердің    лексикалық    мағыналарымен байланысты   болады да, сөз  тіркестерінің   бағыныңқы   сыңарларына    ыңғайына  қарай  жалғанады.

Меңгеру —    синтаксистік байланыс  формаларының   ең   жиі  ұшырайтын  түрі.  Меңгеруде   де  сөз  тіркесінің бағыныңқы  сөздің   ыңғайына еріп,  белгілі   жалғауда  тұрады. Бірақ ол екеуінің   үлкен   айырмашылығы бар.  Егер   қиысуда   бағыныңқы   сөз (баяндауыш)  басыңқы сөздің (бастауыштың)  грамматикалық  мағынасына,  тұлғасына қарай   райлас  болып  тұлғаланса,  меңгеруде  сөз   тіркесіндегі   сөздердің    арасындағы  тұлғалық   райласу    болмайды, тек  бағыныңқы сөз басыңқы  сөздің  лексикалық мағынасының   әуеніне  қарай  тұлғаланады. Меңгеріле  байланысатын  етістікті    сөз тіркестері   бағыныңқы    сөздің    тұлғасына   қарай былай  бөлінеді: 1) табыс  жалғаулы  сөз  тіркестері;  2) Барыс жалғаулы сөз тіркестері; 3) жатыс жалғаулы сөз   тіркестері; 4)  шығыс жалғаулы   сөз   тіркестері; 5) көмектес  жалғаулы  сөз  тіркестері;

Көптеген тілдерде қиысы  байланысқан   сөз   тіркестеріне    бастауыш  пен   баяндауыштың  арасындағы  байланысты  жатқызады. Бірақ   түркологиялық   еңбектерде осы  қиысу  байланысу формасын  сөз  тіркесі ме,  әлде   сөйлем  бе,  қай топта қарау туралы  түрліше  көзқарастар  бар.

М.К.Дмитриев, И.А.Батманов,  П.Н. Коконов бастауыш пен   баяндауыштың  арасындағы  байланс   негізінде   аяқталған  ойды  білдіреді. Сондықтан да   ол  сөз  тіркесі  емес,  сөйлем   аясында  қарастырылуы   керек деп ондай  құрамды сөз   тіркесі  синтаксисінен   шығарып   тастайды.

Түркологиядағы   қиысу  туралы  бұл   пікір көбінесе   орыс   тілі  еңбектеріне    сүйенгендіктен   туған  еді. өйткені   орыс  тілінде   сөйлемдегі  сөздердің   тіркесі  неізінде    законченное и   незаконченное  деп   екіге  бөлып,   біріншісін  сөйлемге, екіншісін сөз  тіркесіне   жатқызу  туралы  пікірлер  негізінде  түркологияда  да  баяндауыштың   өзара   байланысын    сөйлем аясында    қарайық дейді. И.А. қырғыз тіліндегі  сөз тіркестері  мәселесін талқылай  келіп,  ондағы  байланысу  формаларын  қиысу,  меңеру, қабысу деп   береді. Н.К.Дмитриев пен А.Н.Коконов та  қиысу деген  терминді  пайдалана   отырып, қиыса  байланысқан   сөз  тіркестеріне  ілік жалғаулы  сөз бен  тәуелдік   жалғаулы   сөздердің   тіркесін  жатқызады [13,142].

Жанаса   байланысқан  сөздердің бағыныңқы сыңары  көбінесе  үстеу  сөздер мен көсемшелі  сөз  тіркестерінен  жасалады. Үстеулер – сөздерінің   лексикалық  мағыналарына  лайық  заттың  қимылдың сапасын  айқындайтын  сөздер. Солай болатындықтан  олар көбінесе  етістіктерге   қатысты болып,   етістікті сөз  тіркесінің  құрамында  жиі  қолданылады. Үстеулердің  есім  сөздермен  тіркесуі  де  кездейсоқ құбылыс емес. Қазақ тілінің материалдарына  қараған да,   мезгіл  үстеулері   сөйлем ішінде  зат   есім,  сын  есім, сан есім және  бар жоқ сөздеріне  қатысты  болып,  солармен қабыса  байланыста  көп ұшырайды.  Мысалы,   бүгін  жайлауда, енді   көңілді  қазір   жас.

Бірақ  бұлар – мағыналық   байланысы берік сөздердің   үйлесуі   негізінде   жасалған  бүгін  келді,   енді   айтады,   қазір    барамын  сияқты   тіркестер   арқылы  бас  тіркестер.  Олай дейтін  себебіміз – мезгіл  үстеулері  есімдерімен  тіркескендей, олардың тіркесу  қабілеті  айқын  болғандықтан   және  мағыналық  байланысы  берік  болғандықтан  тіркеспейді,   сөйлемнің   жалпы  мазмұны керек    ететіндіктен,   ғана   есімді сөйлемнің  құрамына    еніп,   есім   баяндауышқа  мезгілдік   мағына   үстеу үшін  тіркеседі.

Үстеулер етістікті  сөз   тіркестерінің  құрамында   пысықтауыштық   қатынаста   мезгіл, мекен, себеп, мақсат  мағыналарында   жұмсалады.

Мұндай сөз   тіркестерін ек і   топқа   бөлген  жөн.

а) негізгі үстеулер  қатысты сөз  тіркестері;

ә) туынды   үстеулер  қатысты  сөз  тіркестері;

Негізгі   үстеулер   деп қазіргі  кезде  морфологиялық    тұрғыдан бөліп жазауға  келмейтін үстеулерді   айтамыз.  Негізгі  үстеулер мен  етістіктерден  құралған сөз   тіркестері м ынадай  мағыналарда   жұмсалады.

  1. Мезгілдік. Қазіргі   қазақ тңілінде  мезгіл үстеуі тіркеспейтін бірде – бір  етістік  жоқ деуге   болады.  Етістіктермен жанаса  байланысатын мезгіл үстеулерінің сөз   тіркестері   құрамыдағы  орын   тәртібі  еркін   болады. Мезгіл үстеуі   етістікпен қатар   тұрып   та,  арасына  сөз салып тұрып та   байланыса   береді. өйткені мезгіл   үстеулері   сөйлемнің  қай    шенінде   тұрмасын,  тек өздері   қатысты  етістіктермен  ғана  тіркесе алады,   сын  есім, сан  есім, есімшелер  сияқты қай     сөздің   алдында   тұрса, сол   сөзге   қатысты  бола  алмайды. Сондықтан  кеше   келді,  жаңа   білдім   тәрізді сөз  тіркестерінің  арасына   есімдер  қойып,  үстеуді етістіктен қашықтатуға  болады.  Мысалы,  Кеше    қарындасым қаладан  келді.  Қаладан    қарындасым  кеше  келді.  Қаладан кеше  қарындасым  келді.

         Мезгіл үстеулерінің  етістікпен тіркескенде,    мезгілдік мағыналары   әр  түрлі    болады. Мысалы,  бүгін,  кешке,  кеше,    ерте, кеш,    күндіз,   түнде   тәрізді   мезгіл  үстеулері  қатысқан  етістікті сөз  тіркестері  бір  тәулік ішіндегі  мезгілдің   кезеңдерін   білдіреді.

Биыл,  былтыр, жылда,   жылма-жыл,   қысы-жызы    тәрізді  үстеулер   қатысты    сөз   тіркестері   жыл   мезгілі   кезеңдерін  көрсетеді.

Жаңа,  енді,    әуелі,  енді-енді,   алдымен  үстеулері   етістіктермен   тіркесіп, істі ң    алғашқы  кезеңін   білдіреді.

Ұдайы,  үнемі,  ылғи  үстеулері   етістікті   сөз   тіркестерінің   құрамында  жұмсалып,  істің   созылу   мерзімін   білдіреді.

Лезде, қазір,   тез, шапшаң, қайта  үстеулері   етістіктермен   мезгілдік   қатынасқа   түсіп,  істің   шапшаңдық,  қайталау  кезеңін   немесе    дүркінділігін   мезгілдік  ыңғайда   білдіреді.

  1. Амал.  Мұндай   сөз   тіркестері   пысықтауыш    қатынаста   істің әр  түрлі   істелу   амалын,   тәсілін  білдіреді.  Мысалы,   тез,   тез-тез, шапшаң, ақырын,  әрең, жай сияқты   үстеулер   етістіктермен    тіркесіп,  істің    қарқынын,  даму   дәредесін   көрсетеді. Тез-тез   қайталап  жіберді,   жалма-жан  тұрып   қалды.

Басқа есім  сөздерге – ша/ — ше, — дай/-дей,  — сыз/-сіз т.б.   аффикстері    жалғану  арқылы   туынды   үстеулер мақсаты    етістікті   сөз   тіркестері   әр  түрлі   анықтауыштық —   пысықтауыштық   қатынастарда   жұмсалады: -ша//-ше қосымша  үстеулерімен  келген  сөз  тіркестері   қимылдың     әр    түрлі  мезгілдік    кезеңдерін білдіреді.   Бұл  үшін  ол   үстеулер   көбінесе  қимыл    етістіктермен тіркеседі:   биылша   барма,  бүгінше  тоқтай  тұр,   әзірше   жүрмейтін,   артынша  қарадым.

— ша//-ше тұлғалы  жанды  зат  есімдерден    жасалған үстеулер   салт  етістіктермен  тіркесіп,  сол  заттарға  тән  істің  тәсілдерін    білдіреді.

Мысалы, боташа  боздау,   өгізше  өкіру,  қазақша сөйлеу.

Барынша , көбінше   тәріздес  үстеулер   қатысты  етістікті   сөз тіркестері  істің  сан – мөлшерлік  және   салыстырма    мезгілдік   дәрежесін   білдіру   үшін   жұмсалады.

Мысалы,  осынша   күттірді,  көбінше   үйде  боламын.

Кейде – ған  тұлғалы   есімшелер   де – ша//-ше,  жұрнағын қабылдап,    мезгіл үстеулеріне  айналады.  Ал   мұндай   үстеулер   көбінесе  өзі   меңгеретін,   есім  сөзбен   бір  тіркесте  қолданылыды да,   осы    күйінде   тұтасымен  етістікке   қатысты   болады.  Қаратауға   жеткенше   басылмады,  қолымнан  келгенше, қарамып    көрейін т.б.

Көсемшелер – синтаксистік қызметі жағынан  етістіктің үстеуге  ұқсас   бір   түрі.  Олар  жіктік  жалғауларын   қабылдап,   көсемше   тұлғаларында    оқшау  тұрып, күрделі   мүшенің  мысалы    баяндауыштың, құрамында, сонымен  қатар толық    мағыналы  сөз  ретінде етістікпен жанаса  байланысып, пысықтауыштық қатынаста  да айтылады.  Соңғы  екі  жағдайда да  көсемшелік тұлғалар  бір  етістікті   екінші   етістікке   бағынышты  ететін  қосымша  қызметінде  жұмсалады. Солай  болғандықтан  көсемшелер   тек  етістіктерге   қатысты   болып,  тек  етістіктермен ғана  тіркесе  алады.

Етістіктің  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы  сыңары   қызметінде  көсемшелер  барлық  тұлғада   бірдей  жұмсалмайды. Бұл  қызметте –ып//-іп, -п   тұлғалы  көсемшелерді   болымды   түрі   жиі жұмсалады да, — а/-е, -й  тұлғалы көсемшелер  сиректеу, ал – ғалы//-гелі, -қалы//-келі тұлғалары  одан   гөрі   сирек кездеседі.

Көсемшелі сөз  тіркестері   пысықтауыштық  қатынастарды,  атып айтқанда,   қимылдың   амалын,   мезгілін және   мақсатын  білдіреді.  Сонда   көсемшелер   етістіктің  қимыл  процесін  білдіретін   сөздердің  қимылдың сапасы ретінде  жұмсалады.

-ып//-іп, -п  тұлғалы  көсемшелер  амал пысықтауыш қызметінде   көбіне   салт етістіктермен  тіркеседі.

Ғайша сызылып жеңгесінің   қасына   отырды.

-ып//-іп,-п тұлғалы   көсемшелер  өздеріне  қытысты   есімдермен  бірге күрделі сөз  тіркесінің  құрамында да қимылдың  амалын,  мақсатын білдіреді.

Мысалы, Қаланың  солтүстік  жағында нардай  шөгіп  бір   тау  жатыр.  Кісілер   салқындайық   деп  далаға  шықты.

     Қос сөз түрінде  келген  көсемшелер етістіктермен тіркесіп, қимылдың дүркінділігін, созылыңқылығын білдіреді.

Мысалы, Сөйлей-сөйлей  шешен боларсың. Ұрып-ұрып ұрыны  үйден   қуып жіберіпті.

Бұлардың  барлығы  көсемшелердің  мағыналық  жағынан да, тұлғалық   жағынан да   етістіктермен   жанасу жолымен    тіркесіп,    етістікті сөз  тіркестерінің    ең   көп таралған тобын  қарайтындығын   дйлелдейді.

 

 

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля