28 января, 2020 22:53
Мазмұны
Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
І тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және нысандары
1.1. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі. . . . . . . . . . . . . . . . …5
1.2. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі туралы пікірлер….16
1.3 Азамматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрі және нысандары . .. .. .21
1.4 Жауапкершілік түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . 28
1.5 Құқық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік. . . …………36
ІІ тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
2.1 Құқыққа қарсы мінез. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . .40
2.2 Себепті байланыс. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .42
2.3 Кінә. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . 46
2.4 Зиян. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .54
2.5 Тұтынушылардың құқығын қорғау құралы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . …..55
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . 57
Библиографиялық тізім………….. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 59
Кіріспе
Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық- құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.
Алайда, жауапгершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін. Жауапгершілік заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қолдану үшін «жауапкершілік» түсінігін анықтап алуымыз қажет. Жауапкершілік туралы ғалымдардың әртүрлі пікірі қалыптасқан.
Азаматтық құқық жауапкершілікті қолдану арқылы әділетке жету үшін барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында түсінігі туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады.
Азаматтық-құқықтық белсенділік қалыптастыруда мүліктік жауапкершілік иеленуші роль атқарады. Бұл туралы Азаматтық кодекстің екінші бөлімі «ерекше бөлімінде» жан- жақты қамтылған. Осы тұрғыдан алып салыстырғанда, азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің, соның ішінде әсіресе, мүліктің төлем мақсаты бар мүліктік жауаптылықтың тәрбиелік функциясы айырықша мәнге ие.
Зерттеу тақырыбымыздың мақсаты мен мазмұны ескере отырып, негізінен, азаматтық- құқық жауапкершіліктің тәрбиелік аспектілерін қаралап көрелік. Аталған мәселелерді зерттеумен айналысып жүрген Қазақстандық ғалымдар Ю.Г. Басин, М.К.Сүлейменов, А.Г.Диденко, О.Ихсанов және ресейлік ғалым Е.А.Сухановтың пікірінше азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ескерту-тәрбиелік функциясының айқындаушы маңызы зор.
Бәрімізге мәлім, жауапкершілік әлеуметтік өмір аясында адам, қоғамның табиғи өмір сүруі үшін қажетті жағдай туғызуға себепті салдарын тигізетін еркіндікті (соның ішінде ой еркіндігінде) қамтамасыз етуге қабілетті, жауапкершілікті адамдардың мінез- құлқын қалыптастыру құралы болып табылады. Олай болса, жауапкершілік пен еркіндік өзара байланысты әрі бір-біріне себепті салдарлық құбылыстар. Еркіндік істің байыбын барлай отырып, дұрыс шешім қабілеттілігінен басқа ешнәрсе емес. Еркіндік немесе шешім қабылдауға жағдай тудырған болса, жауапкершілік те арта түседі. Еркіндік шектелген, шектелілген жерде жауапсыздыққа, заңға қайшы келетін мінез-құлыққа әкеліп соқтыратын психологиялық деформацияға жол ашылады.
Нарықтық қатынастарға негізделген қазіргі экономикалық жүйеге көшу кезінде шаруашылық қызметінде толық еркіндік және сонымен бір мезгілде экономикалық қызмет нәтижесі жолында фирмалардың, кәсіпкерлікпен, сауда–саттықпен айналысып жүрген барлық адамдардың толық жауапкершілігі талап етіледі. Бұл процесс меншіктің барлық түрлерінің тепе-теңдігіне, меншік қатынастарын белсенді реформалауға сүйенеді. Меншік иесінің дербестігі мен тәуелсіздігі творчествалық белсенділік пен икемділікті дамыта отырып, оның инициативасына, өз мүлкін ұқыптылықпен пайдалануға, сақтауға және жауапкершілігін арттыруға жол ашады. Жауапкершілік бір мезгілде түрлі әлеуметтік байланыстарға тән нәрсе. Жауапкершілік сезімі адамгершілік санаты (категориясы) болып табылады. Алайда, жауапкершіліктің мұндай қасиеті құқықтық жағынан негізделгенде ғана құқықтық реттіліктің көрінісі ретінде жауапкершілік ұғымы түрлі аспектілерге жиі қолданылады. Кейбір жағдайларда міндеттерді, тапсырмаларды, жүктелген жұмыстарды орындау мен оның нәтижелері ,өзге жағдайларда олардың бұзылу, сақталмау жөніндегі жауапкершілігі туралы сөз болды. Бірінші жағынан алып қарастырғанда тұтас құбылыс мінез-құлықтың ондай қылығына тәуелсіз, ал екінші жағынан алып қарастырғында міндеттердің салдары ретінде туындап тәуелдікке ұшырайды.
І – тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі
1.1. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі
Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық құқықтық қатынастың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақ та бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына да қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз – заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне қолданылатын мүліктік өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай өкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.
Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық-құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтуда, осы мақсаттың алдын алуда тәрбиелік маңызы айрықша. Азаматтық құқық қатынасының субьектілері болып табылатынтараптар өзіне жүктелген міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер, әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтық-құқықтық жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Сондықтан да, борышқор өзі істеуге міндетті нәрсені орындамағанда ғана емес, оны орындаудан өз бетімен бас тартқан кезде де оған жауапкершілік бәрібір мойындатылады. Азаматтық құқықтық қосымша мүлікті өндіртіп алу тәрізді өзіне тән жауапкершілік қасиеті болмаса, несие беруші міндеттемесін орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын қолдана алмайды және оның іс-әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:
А) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару;
Ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;
Б) борышқорды міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;
В) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткә болу (өйткені, контрагенттің дұрыс болмауынан пайла болатын шығынды өтеуді қамтамасыз етеді);
Г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше айғақтау болып табылады.
Ықпалы әр түрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі. Мұндай жауапкершіліктің қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін заңнан ( мысалы, міндеттемені бұзғаннан келетін залалдың орнын толтыру ), әр жақтың өзара жасасқан шарттарынан, міндеттеменің келісілген жағдайларынан туындайды. Жауапкершілікті белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады. Мысалы, оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай жасалатын келісімді жатқызуға болады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік – Азаматтық құқықтың Жалпы бөлімінің институты болып табылады, өйткені, жалпы ереже бойынша азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі.
Жауапкершілікті түсінуде көп жағдайда ретроспективті көзқарас белең алады, сондықтан да ол тәртіптің бұзылуы, санкциясы жүзеге асыру (мемлекеттік мәжбүрлеу) ретінде ұғындырылады. Оның үстіне тәртіп бұзушылықтағы жауапкешіліктің мән-маңызын ұғынуда екі бағыт тілге тиек етіледі. Бұл мәселеге қалам тартқан авторлар заңды жауапкершілік тәртіп бұзушылар үшін қосымша ауыртпалық түсіру мен (қолайсыз жеке және мүліктік зардаптар) міндетін орындауға мәжбүрлеу деп болжайды, ең бастысы – ол жауапкершілік, сондықтан заңдық, жауапкершілік те –міндет, алайда олмәжбүрлеу арқылы орындалады. Осыдан кейін заңдық жауапкершілік адамға тәртіп бұзуға жол бергенге дейін болмайды деген қорытынды жасалады.
Жауапкершілікті ретроспиктивті көзқарас ретінде түсінудің гносеологиялық себептері неде? Қоғамдық ой-пікір дәстүрінде жауапкершілік жазалаумен, құн алумен байланыстырылады. Құқықтық ұғымда қоғамдық пікір мен ғылым неліктен міндеттеуге, жазалауға, мемлекеттік мәжбүрлеу, қылмыстық-құқықтық шараларға жүгінеді?
Құқық тек жарлық пен тиым салынғын тенденцияларға тән қарапайым құбылыс болғаны ма?
Бірден және кездейсоқ пайда болмаған бұл сауалдарға жауапты жауапкершілік теориясындағы қиғаштық себептерін мемлекеттік құбылыстың тарихи тәжірибелерінен, басқарудың өміршеңдік, биліктік-әкімшілік, бюрократтық тәсілдерінің белең алу практикасынан іздеу керек.
Біздің құқықтық жүйеміздің қазіргі реформалары ең алдымен оны орнықтыру тәсілдерін жаңғыртуды көздейді. Бұл жерде ең басты гуманизм әділеттілік бастауларын нығайту адамдарға деген құрмет сезімін қалыптастыру, олардың заң алдындағы құқықтары мен бостандығын, теңдіктерін қатаң сақтау, әркімнің өз әрекеті үшін жауапкершілігінің заңдылығын мойындау.
Заңдылықты нормативті-мәжбүрлеуді шектен тыс арттырудан сақ болған жөн. Құқықты тар ауқымда ұғыну-құқықтың демократиялық, акдамгершілік, гуманистік потенциялының жан-жақты ашылуын барлық қоғамдық соның ішінде құқықтық құбылыстарды орталықтандыруды қамтамасыз ете алмайды.
Нақты алғанда құқық күрделі құбылыс. Оның мазмұнында адамдардың еркін олардың творчестволық дербестігінің мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін компоненттер маңызы мен құқықтың мінез-құлқын механизміне ықпал ету мүмкіндік беретін ынталандыру және еркін беру нормаларының үлес салмағы арттырылуда.
Сонымен, заңдық жауапкершілік міндеттерді орындалмағаны үшін санкцияларды, айып салуды, жазалауды күшейту жолымен емес, адамдардың келісім-шарт міндеттері мен заңдылықты қатаң сақтаудағы позитивті жауапкершілігін, салалы қатынастарын күшейту жолымен жүргізген жөн. Бұл жауапкершілікті өркен жайдыратын нақты тарихи даму жолы.
Қ. Мұздытаев атап көрсеткендей жауапкершілік ретроспиктивті бағыттан перспективті көрінеді. Бұл ретте адамдардың болашақ іс-әреетінің нәтижелерін алдын-ала аңғару қабілеті емес, олардың қоршаған ортаны қайта жаңғыртуға белсенді қатысу жөніндегі ұмтылыстары да есепке алынады. Бұл жағдайда біз заңды жауапкершілікті моральдық, ішкі жауакершілікпен шатастыруға қарсымыз. Тек позитивті заңдық жауапкершіліктің бір-бірімен тығыз байланысты моральдық құқықтың негізі болатынына көңіл аударғымыз келеді.
Позитивті заңдық жауапкершілікті негіздеуге және оның табиғатын ашып көрсетуге көшпес бұрын құқықтық тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыру ісінде және азаматтық-құқықтық белсенділікті қалыптастыруда
методологиялық маңызға ие жауапкершілік ұғымына жан-жақты тоқталып өтейік.
Бірден-ақ ашығын айтайық жауапкершілік ұғымы күштеу мен және жазалаумен сәйкес келмейді. Сонымен бірге, цивилистердің өзі азаматтық құқықтың жауапкершілікті құқық бұзушылықтың және санкцияны іске асырудың салдары немесе мемлекеттік күшпен қорқыту ретінде түсінбегені жөн. Біздің социологиялық зерттеулеріміз көрсетіп отырғандай респонденттердің 21 проценті жауапкершілікті тар ауқымды ретроспективті деңгейге түсінеді. Бір қызығы сол, респонденттердің арасында қылмыстыры үшін бас бостандықтарынан айрылғандыр және еңбек пен түзеу мекемелерінің қызметкерлері болады. Сонымен бірге қазірге дейін цивилистердің өзі азаматтық құқықтың жауапкершіліктің белгіленуі деп жазалауды, құқық бұзушылыққа жол бергені үшін сотқа тартылуды таниды және оны санкциялармен, адамдардың мүдделеріне нұсқан келтіру мен тығыз байланыстырады. Олардың пікірі бойынша тәрбиелік ықпалын ерекшеліктерді құқықтық тәртіп бұзуға мемлекет пен қоғамның айыптауын адамдарға сезіндіру болып табылады. Кейбіреулер азаматтық-құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік оргондар құқық бұзушыға қолданатын құқықтық нормаларды сақтауға мәжбүрлеу шаралары ретінде бағалайды. Мәжбүрлеу жауапкершіліктің маңызды белгісі.
Әрине, мәжбүрлеудің мүмкіндігі заңдық жауапкершіліктен міндетті түрде тыс тұрады (сондықтан бұл категориялар бір-біріне сәйкес келмейді), мәжбүрлеу жауапкершіліксіз де бола алады (мысалы реквизация), жауапкершіліктің мәжбүрлеусіз де жүзеге асуы мүмкін.
Профессор В.М. Хвостов құқұқтық мәжбүрлеуді дөрекі, механикалық мағынады түсінбеу қажеттілігіне көңіл аудара келсе, істің мәніне баға бергенде құқық нормасын оның аржағында жағалаудың бір түрі ретінде санкция тұрған жаза қорқынышынан атқарылатын мінез-құлық тәртібі деп, есептемеу қажет. Құқық нормасын оның тасасында қалып қоятын талабы міндетті болып толып табылатын жоғары биліктің құдіреті беделді адамдар тұрғанда ғана мәжбүрлеу сипатына ие болатынын айтады.
Екінші жағынан, мәжбүрлеуді мемлекеттік аппаратының араласуынсыз жүзеге асыруға болады. Бұл жағдай бірнеше кезекте азаматтық–құқықтық қатынас нормаларында әділеттілікті талап етеді. Мысалы, азаматтық – құқық мәжбүрлеуге қарағанда ықпалды келеді, міндеттердің орындалуын қамтамасыз етудің заңдық құралы болып табылады.Азаматтық-құқықтық қажеттіліктің құқықтық үлес сипаты болғандықтан және құқықтық үлестің қатысты құқықтық қатынастарын екі келетіндігінен азаматтың міндеттердіорындауда басты ынталандырушы күш мәжбүрлеу емес,субъектінің құқықтық қатынастарда субъективті құқықтық жүзеге асыруға ынтасы болып табылады.Қатынастарда азаматтық-құқықтық ықпал ету механизмі, — деп жазады В.Ф. Яковлев, — құқықтық қатынас субъектілерінің мүліктік мүдделері тікелей пайдаланумен сипатталады. Ынталандырудың заңдық құралы адамдардың субъективиті құқықитағы үлесі, қабылданатын міндеттердің эквиваленті болып табылады. Азаматтық құқық субъектілерінің құқықтық белсенділігін азаматтық нормаларына тән болып келетін мемлекеттік мәжбүрлеудің бүркемелі сипатын ашуға болмайтыны да міне, сондықтан.
Қазіргі жағдайда міндетті белгілеу мен жазаны нақты орындаумен байланысы жоқ қылмыстық жауапкершіліктің сондай формаларын кең қолдануға айқын перспектива ашылып отыр. Қылмыстық жазаны, қоғамдық ықпал ету шараларымен ақырында ауыстырудың жаза қолдану аясын тарылтудың диалектикалық процесі қылмыстық жауапкершілік ақтау кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Сонымен жауапкершілікті жазалау мен салыстыруға болмайды. Біздің зерттеулеріміз көрсетіп отырғандай, респонденттердің 63 проценті жауапкершіліктің жазалаусыз, мәжбүрлеусіз болатынына сенімді. Заңдық жауапкершілік құқықтық нормаларды орындамағаны үшін жаза қолдануға немесе құқықты мінез-құлықты, азаматтық-құқықтық белсенділікті ынталандыру мақсатымен орнықтырылады.
П.А. Варул мен И.Н. Грязин заңдық жауапкершілік тұрғысынан келгенде жауапкершілікті арттыру қажеттігі «өз міндеттерін түбегейлі орындамаған немесе орындамаған кінәлі адамдарды қатаң жазалау қажеттігін білдіреді. Мұндай жаза, ақтық нәтижеде қоғамның әрбір мүшесінің өз міндеттерін жақсы орындауда мемлекеттік масштабта қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен, әңгіме жауапкершіліктің тиімділігі жөнінде болып отыр». Мұндай қорытынды тарихи практикамен әрдайым сәйкес келе бермейді.
Мысалы, еңбек тәртібін нығайту жөніндегі 1940 жылғы заңдарды, нақты айтқанда 1940 жылғы 26 маусымдағы КСРО Жоғарғы Кеңес президиумының «Сегіз сағаттық жұмыс күнімен, жеті күндік жұмыс аптасына көшу туралы жұмысшылармен қызметкерлердің кәсіпорындар мен мекемелерден өз беттерінше кетуіне тиым салу туралы» жарлығын қолдану тәжірибиесі қатаң жазалау жүйесінің еңбекшілердің инициативасы мен дербестігінің тиімді жұмыс істеуін әлсірететін жауапсыздыққа әкеліп соғатын, жазаланғандардың өшігі түсетінін, бұрынғыдан да үлкен тәртіпсіздіктерге жол берілетіндігін көрсетті. Кәсіпорындар басшылары өздеріне артық жауапкершілік алмауы үшін мәселерді өз бетінше шешуден қашқақтайды.
Көріп отырғанымыздай адамдардың жеке бостандықтарына нұсқан келтірген жазалау жауапсыздыққа әкеліп соғады. Азаматтардың жауапкершілігі олдардың еркін мінез-құлықтан тыс жауапкершілік те жоқ.
Осыған байланысты Е.В.Черныхтың «адамдардың жауапкершілігі мен жауапсыздығы соңынан келетін зардаптардан емес, олардың іс-әрекеттерінен көрінеді» деген пікірмен толық келісуге болады. Іс-әрекеті сипаты қандай болса, оның зардаптары да сондай. Егер адамның мінез-құлқы қалыпты болса, жазалау жөнінде мәселе қойылмайды, себебі ол жауапты әрі жағымды мағынаға ие. Позитивті жауапкершіліктің салдары жазалауға ұшырайды. Жауапкершіліктің теріс аспектісі тәртіптің бұзылуынан көрінеді.
Бұл жерде оның салдарынан жазалау, жауапкершілікке тарту, тәртіп бұзушыға шара қолдану болып табылады. Заң шығарушының бірінші орынға жазалауды жауапкершілік ктегориясын қоятыны сондықтан.
Жауапкершілік пен жазалаудың арақатынасы жөніндегі мәселені қорытындылай келе қызіргі жағдайда жауапкершіліктің заңдылық идеясына көңіл аудару қажет. Жауапкершіліктің заңдылығы жөніндегі ереже жалпы құқықтық сипатқа ие және заңдылықтың маңызды принциптерінің бірі болып табылады. Жауапкершіліктің заңдылығы бірде-бір құқық бұзушылықтың табылмай қалуғы тиіс емес екендігін және олардың әрқайсысы үшін жауапты адамдардан есеп талап етілетіндігі білдіреді. Мұндай есептің нәтижесінде жауапты адамның мінез-құлқы айыпталу мен жазалауға, жауапкершілік шараларын қолдануға лайықтылығы көрінеді.
Оның үстіне өз іс-әрекуеттеріне есеп беру міндеттілігі кейбір жағдайда тікелей заңда қарастырылады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі,272 бап), кейбір ретте құқықтық негізгі принциптерінен туындайды.
Сонымен, заңдық жауаптылық — өз іс-әрекеттеріне есеп беру құқықтық реттелетін міндеттілік.Респонденттердің 59 пайызы осындай қорытындыға келеді.
О.Э. Лейст жауапшылықтың мұндай ұғымымен келіспейтіндігін білдіреді.Ол міндеттілігі арқылы жауап беру, есептеу мүліктік жауапкершіліктің мазмұнын аша алмайды, себебі келісім-шарт міндеттемелерін бұзушы немесе мүлікті ұғым зиян келтіруші жәбірлеуші алдында жасаған зиянды әрекеттері үщін есеп беріп қана қоймай шығынның орнын толтыруға, айып төлеуге заң алдында жауапты.Істің шын мәнінде келгенде негізделген айып тағылып отырғанда келісім-шарт бұзушының немесе зиян келтірушінің жәбірленушіге жауап ретінде өзінің қызыметі, жеткен жетістіктері, қиыншылықтары, кемшіліктері жіберілгендігі, құқық бұзушылықтың жай күйі жөнінде құлаш-құлаш есеп беріп отырып, ал жәбірленушінің шығынды қайтарып алу үшін сотқа немесе арбитражға берудің орнына қарсы жақты есебін оқып, отырумен шектеліп қалуы дұрыс па? — дейді.
О.Э.Лейст жауаптылық жөніндегі біздің ұғымызды түбірімен әжуалдауға тырысады: есеп жазылды жауапкершілікті мойындадың, сонымен іс бітті. Бұл жөнінде не деуге болады.
Алайда, біріншіден біз кең ауқымды жауапкершілікті теріске шығармаймыз, олай етсек кең ауқымды жауапкершіліктің ғана барлығы жөнінде ұғым қалыптасады. Жауапкершілікті проблемасындағы негізгі кемшілік оның құқық бұзушыларға қолданылытын іс-әрекет шаралары болып табылады.Айталық шығын мен айыпты өндіру азаматтық құқықтық жауапкершілік шарасы. Ықпал ету шарасын қолдану көп жағдайда жауапкердің іс-әрекетіне есеп беруіне тікелей байланысты әрі міндетті. Үшіншіден, жауапкершіліктің тәрбиелік-ескертпелік маңызы жөнінде ұмытпау керек.
Жауапкершіліктің тәрбиелік мүмкіндіктерін адамның есеп беру отыру мүмкіндігі туғызылған жағдайда ғана нақты пайдалануға болады. Есепті талап-жауапкершіліктің негізгі белгісі әрі маңызды. Есеп берілгеннен кейін жазалау немесе айыптау жүргізіле ме, жоқ па бұл басқа мәселе. Біздің қызметіміздегі басты кемшілік сол, есеп беріп отырудың жиі талап етілмейтіндігі. Бұл жауапсыздыққа әкеліп соғады.
Осы ретте «кімге есеп беру керек» деген мәселе төңірегінде ойланып көрейік. Бұған жауап ретінде әрбір саналы азамат ең алдымен мінез-құлқы туралы өз-өзіне есеп беріп отыруы тиіс деген В.А. Тарховтың тұжырымымен толық келісеміз. Бұл жеке адамдардың іске жауапкершілік қатынастарының даму процесін таңдау кезінде принципті маңызды мәнге ие болады.
Бұл жерде жауапкершіліктің екі түрін назарда ұстаймыз: қоғам (мемлекет) алдындағы жауапкершілік және үлкен рухани құндылыққа ие адамның өз-өзіне жуапкершілігі. Бірінші жағдайда жауапкершіліктің мақсаттары, реформалары мен шаралары мемлекетпен бекітіліп қолданылады (сырттай бақылау). Екіншіден, жауапкершілік жеке адамның өз-өзін ұстап жүру қабілетіне, өзінің өмірдегі орны мен ролін терең сезінуіне, нақтылап айтқанда индивидтің өзінің мінез-құлқын іштей реттеп отыру механизміне тікелей байланысты. Жауапкершіліктің көрсетілген түрлері бір қатар жағдайда дербес болса да өзара диалектикалық тығыз бірлікте.
Оның үстіне ішкі бақылауы жақсы дамыған адамдар қазіргі жағдайда бейімділігін танытады. Олар, белсенді, конструктивті мінез-құлқы тұрақты. Керісінше, сыртқы бақылауға бейімделгіш адамдарда құқықтық белсенділік пен жауапкершіліктің төменгі дәрежесі, азаматтық позициясының солқылдақтығы аңғарылады. Міне, сондықтан құқықтық тәрбие қызметінде азаматтардың мінез-құлқының жауапкершілігін қалыптастыру мәселесін шеше отырып, ішкі бақылауды күшейтуге қол жеткізу қажет. Соңғысы өзіне есеп беруді нығайтусыз жеке адамдардың бірінші кезекте өзіне, өз-әрекеттеріне есеп беру міндеттерін орындап отыруынсыз мүмкін емес.
Баршаға мәлім, кез-келген заңдық міндет қандай да бір болмасын өзге объектінің (азаматтың, органның, мемлекеттің) құқығымен тікелей байланысты. Оның алдында жауапты адам жеке міндеттер орындауға тиісті мінез-құлқына есеп беріп отыру керек. Есепті талап ету-тәрбиенің маңызды құралы, жауаптылықтың заңдылығы. Есеп беру барысында міндеттілікті орындауды қамтамасыз етуде, міндетті адам мен қоршаған ортаның ықпалында шара қолдану аясы айқындалады.Жоғарыда айтылғындардың негізінде жауапкершілік белгілерін бөліп қарауға болады. Олардың, түпкі мәні, біріншіден жауапкершіліктің мемлекетпен белгіленіп, бекітілуінде құқықтық нормалармен қарастырылуында жатыр. Екіншіден, адамнан есеп беруді тек заң құқығы бар азаматтан ғана талап ете алады. Басқа адамдардың түрлі сылтаулармен есеп беруді талап етуі заңды жауапқа жатпайды.
Кез-келген құқықтық міндеттіліктің заңдық жауапкершілікпен негізделіп отыруы тиіс екендігін естеріңізге саламыз.Онсыз міндеттілек белгісі — бір мінез-құлық қажеттігі сипатын жоғалтады.Осыдан келіп мынадай қорытынды шығаруғы болады: құқықтық міндеттілік және оны нығайтатын жауапкершілік – бұл бірдей емес. Жауапкершілік – бұл да міндеттілік, алайда әрдайым өзге міндеттіліктермен жалғастырылып отырады. Мысалы, заңдарды сақтау міндеттілігі оларды сақтауына есеп беріп отыру міндеттілігімен нығайтылып жатады.
Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқық бұзушылықты жою шарасы ретінде қолданылады. Азамматтық құқықтық қатынастың дұрыс қалыптасуы үшін тараптар міндеттерін орындап отырады. Егер де міндеттеме орындалмаса, немесе тиісінше орындалмаса, онда міндеттеме бұзылады деп келтіріп қоймай, сонымен ақша-тауар қатынасына әсер етеді. Құқық бұзушылықтың алдын алу және зиянды нәтиже болмау үшін азаматтық құқықта міндеттемені бұзғаны үшін санкция ретінде азаматтық құқықтық жауапкершілік қолданаылады.
Алайда кейбір санкция түрлерінде азаматтық құқықтық жауапкершілік туындай бермейді. Егер де міндеттеменің орындалмауы салдарынан мүлік қайтарылмаса, онда мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы борышқордан мүлік алынып қойылып несие берушіге айтарылады. Іс-әрекеттің орындалуы үшін, қатынастың дұрыс қалыптасуы үшін мәжбүрлеу жүзеге асырылса да бұндай санкцияны азаматтық құқықтық жауапкершілік ретінде қарастыруға болмайды.
Азаматтық құқықтық жауапкершілік ретінде құқық бұзушыға қосымша міндет жүктеумен байланысқан санкцияларды түсіну керек. Яғни, құқық бұзушыға жауапкершілік жүктелінеді. Бұл міндеттер құқық бұзушыға қосымша азаматтық құқықтық міндеттеме жүктеуі мүмкін немесе оған тиісті азаматтық субъективті құқығынан айырылады. Егер де тараптар мәміле жасасқан кезде мәміле алдау жолымен жасалған болса, онда алданған тарап әміле жасау құқығынан айырылады. Мәміле азаматтық заңдылықты бұзу жолымен жасалынбаған болса, бұндай шаралар қолданылмас еді. Құқық бұзушыға қосымша міндет жүктейтін санкция түрі азаматттық қатынастағы қатысушыларға әсер етеді және құқық бұзушылықтың алдын алуға көмектеседі.
Сонымен, азаматтық құқықтың жауапкершілік ретінде құқық бұзушыға қосымша азаматтық құқықтың міндет жүктейтін немесе оған тиесілі азаматтық құқығынан айыратын санкция түрлерін түсіну қажет. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің түсінігі заң ғылымындағы дау тудыратын сұрақтың бірі. Кейбір автордар позитивті жауапкершілікті бөліп қатыстырады. Бұндай жауапкершілік міндеттеменің орындалуымен сәйкес келіп жатады. Әзірге міндеттеменің орындалуы көп кездеседі, алайда жауапкершілікке шектеулі немесе керісінше, жауапкершіліктің туынды міндеттемені орындаудан босатады.
С.Н. Братусь жауапкершілік деп мемлекеттік немесе қоғамдық мәжбүрлеу шараларын, сонымен қатар борышқордың өзіне жүктелген міндеттемені орындауын түсіндіреді.
Қорғау шаралары ретінде құқық бұзушылықтың алдын алу және тоқтату, ал егер ол болмаса жағдайды қалпына келтіру санкция түрлерін жатқызуға болады. Бұндай қорғау шараларына құқықты мойындау: міндеттемені орындауға мәжбүрлеу, дау туғызған мәмілені жарамсыз деп тану, құқық бұзатын жағдайды қалпына келтіру және т.б. жатады. Азаматтық құқықтың жауапкершілікте осындай тұжырымға келу құқық бұзушының кінәсінен тәуелсіз жүзеге асырылуы мүмкін.
1.2. Азаматтық –құқықтық жауапкершілік түсінігі туралы пікірлер.
«Жауапкершілік» термині әртүрлі аспектіде қолданылады. Жеке айтатын болсақ: әлеуметтік, рухани, экономикалық және юридистикалық жауапкершілікті кездестіруге болады.
«Әлеуметтік жауапкершілік» түсінігі жалпылама ұқсас. Онымен қоғамдағы болып жатқан жауапкершіліктің барлық түрі қамтылады. Осы тұрғыдан қарағанда рухани, экономикалық юридистикалық жауапкершілік — тек әлеуметтік жауапкершіліктің түрі ғана.
Алайда әлеуметтік жауапкершілік ерекше мағынаға ие болып, әлеуметтік психологиялық сипатта болады. Әдебиеттерде осы жауапкершілік түсінігіне ұқсастыруға тырысады. В.А. Тархованың пікірі бойынша: «өзінің істеген әрекетіне жауап бере отырып міндеттеменің реттелу құқығы- юридистикалық жауапкершілік », -дейді. Юридистикалық жауапкершіліктің осындай түсінігі жауапкершілік түсінігін шектен тыс үлкейтіп, оның тәжірибелік мағынасынан айырады.
Қоғамдық өмірде «рухани жауапкершілік» категориясы үлкен маңызға ие. Ол ұнамдылықты бұзу нормасымен байланысқан және қоғамға жат қылықты қоғамдық айыптау түрімен ерекшеленеді. Әдебиеттерде және заңдылықтарда «экономкалық жауапкершілік» түсінігі екі түрлі мағынада қолданылады. Барлығынан бұрын ол «Мүлікті жауапкершілік» түсінігімен астасып жатады. Және бұнда ешқандай қорқыныш жоқ. Нарықтық экономикаға өтуімізге және әкімшілік халықтық әдістің экономикалық әдіске өту,осындай түсінікті құқыққа сиымды етіп көрсетеді. Яғни нарықтық қатынастарды реттеуде жол ашады. Экономиканың ықпаламен экономикалық әдістердің заңмен бекітілуі «экономикалық жауапкершілікті» құқық бұзушыға мүліктік ықпал ету шарасы ретінде экономикалық жауапкершілікті юридистикалық жауапкершіліктің бір түріне айналдырады.
Заң әдебиеттерінде «экономикалық жауапкершілік» түсінігіне юридистикалық жауапкершіліктің ерекше бір түрі ретінде қатыстыруға тырысады.
Бұл жағдайда әкімшілік-құқықтық шара туралы сөз болып, ал азаматтық құқықтық жауапкершілік түсінігі қарастырылмады. Алайда, нарықтық экономика жағдайында «экономикалық жауапкершілік » түсінігі мағынасын жоғалтады.Азаматтық-құқықтық жауапкершілік юридистикалық жауапкершілікті құрайтын, өзіне тиісті барлық белгісімен юридистикалық жауапкершіліктің бір түрін құрайды.
Юридисдикалық жауапкершілік үшін оған негізгі төрт белгі тән: юридистикалық жауапкершілік құқық нормасын бұзушыға қолданылатын мемлекттік мәжбүрлеуге ықпал ететін шаралардың тек бір түрі; екіншіден, ол құқықтың бұзылуына жол берген тарапқа ғана қолданылады; үшіншіден, құқық бұзушыға тек қана мемлекеттік немесе басқа құзіретті орган қолданады; төртіншіден, жауапкершілікті қолдану үшін юридистикалық жауапкершілік болып табылатын құқық бұзушыға қолданатын санкция заңымен белгіленуі керек.
Юридистикалық жауапкершілік құқық бұзушыға қолданатын мемлекеттік мәжбүрге ықпал ету шараларының ерекше бір түрі ретінде саналады. Сонымен қатар адамдардың іс-әрекетіне әсер етет ін басқа да тәсілдермен ерекшеленеді. Мысалы, мемлекеттік мәжбүрлеуші шара -ретіндегі реттеуші сипатқа ие болатын, бірақ юридистикалық жауапкершілік бола алмайтын оперативті ықпал ету шаралары болып табылады.
Жоғарыда көрсетілгендей юридистикалық жауапкершілікті азаматтық құқықта ерекшеліктері бар. Бұл қасиеттер қоғамдық қатынасты реттеуші азаматтық құқықтық пәні және әдісі ретінде, сонымен қатар жалпы құқық жүйесі ретінде азаматтық құқықтың қызметін атқарады.
Азаматтық құқықты реттейтін ерекше қатынастар секілді мүліктік сипатқа ие болып, мүліктік қатынастарды қүрайды. Азаматтық қүқық бойынша жауапкершілік қүқық бұзушыға қолданылатын экономикалық ықпал ету қызметін орындай отырып, қоғамдық қатынастарды реттейтін экономикалық әдістерінің бірі болып табылады.
Бірақ азаматтық құқық жеке мүліктік емес қатынастарды, сонымен қатар тікелей мүліктік емес қатынастарды да реттейді.Осы уақытқа дейін жеке мүліктік емес қатынастарды бұзу мүліктік сипатта болады деген пікір қалыптасты. Яғни ол үшін жауапкершілік мүліктік сипатта болмауы тиіс.
Алайда, өмірдің өзі көрсеткендей, көп жағдайларда азаматтардың немесе ұйымдардың жеке мүліктік емес құқықтарын бұзу, тиімсіз мүліктік сипаттағы жауапкершілікке әкеліп соғуы мүмкін.
Сонымен, азамат туралы жалған мәлімет жариялау, оған жұмысқа тұруға немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қиындық тудыруы мүмкін. Сондықтан жаңа заңдылық бойынша жәбірленушіге жалған мәлімет жариялау арқылы келтірілген рухани залалды өтеу құқығына ие болады. Ал азаматтар үшін құқыққа қарсы іс-әрекет арқылы келтірілген физикалық кемсітушілікті өтетуге құқылы.
Азаматтық Кодекстің 1-ші бабында былай деп көрсетілген:
- Азаматтық заңдармен тауар–ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзгеде мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады.
- Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені оларды бұзу құқық бұзушыға мүліктік сипаттағы жауапкершілікке әкеп соғады.
Ал заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 44-бабында көрсетілгендей, меншік иесі қаржыландыратын мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардан басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
Меншік иесі қаржыландыратын мекеме немесе қазыналық кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша тиісті мүлікті меншіктенуші жауапты болады.
Азаматтық құқық тауар иелерінен тәуелсіз және тең құқықты қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық қатынас міндеттеме бұзылған жағдайда екіншісіне жүктейтін тең құқылы талаптар арасында құрылады. Азаматтық талап жауапкершілікте болу фактісін көрсетеді.
Талапкердің пайдасына өндірілетін құқық бұзушыға жүктелетін мүліктік санкциялар қолданылады. Алайда кейбір жағдайларда құқық бұзушы зиян келтіріп қана қоймай арам ниетпен жасалса және қоғамдық, мемлекеттік қызығушылықты тудырса, онда заңда белгілегендей белгілі мөлшерде мемлекет кірісіне ұсталатын мүліктік санкциялар қолданылуы мүмкін.
Азаматтық құқықпен реттелетін тауар-ақша қатынастары эквиваленті өтелетін сипаттак болады. Бұдан шығатын қорытынды, талапкерге зиян немесе шығынды эквиваленті түрде өтейді. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ерекшелігі оның концепциялық сипатта болуында. Оның мақсаты-талапкердің мүліктік сферасын қайта қалпына келтіру.
Көрсетілген жағдай өз кезінде азаматтық құқықтың жауапкершіліктің шегін анықтайды. Талапкерге мүліктік сфераны қалпына келтіру тек қана оған келтірген зиянды немесе шығын мөлшерімен жауапкершілік мөлшерінің сәйкес келуі.
Бұл жалпы ереженің кейбір қолданылмайтын кездері бар. Егер де жауапкершілік мөлшері заңмен шектелмеген болса, берілген жағдайды түсіндіре отырып, азаматтық құқық экономикалық қатынастарды реттеумен қоса тәрбиеленуші және контрагентке міндеттемені орындату үшін ықпал етуші сипатқа ие.
Азаматтық құқық қатынастағы тараптардың заң бойынша бір-біріне ұқсас теңдей жауапкершіліктер әрқашан қатал қолданыла бермеді. Бұл жерде негізгі қатысушышаруашылық іс-әрекеттер жеңілдіктермен артықшылық-тарды пайдалана білді. Осыған ұқсас жауапкершілік мөлшерінің шектеулі құрылыс, транспорт, кәсіпорындарда және тағы да басқа ұйымдарда етек алды. Үкімет мүліктік жауапкершіліктен жыл сайын шарттағы міндеттемені бұзған кәсіпорындар және ұйымдарды жеңіл өнеркәсіп саласын мәжбүрлеу шараларын босатып жіберіп отырды. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты осындай жағдайлар заңның кейбір тұстарының өзгертулеріне әкеп соқты.
Жоғарыдағы мысалдан бір шешімге келетін болсақ, азаматтық құқықтық жауапкершілік мүліктік сипаттағы санкция қолданумен байланысқан, бұзылған құқықтарды реттейтін және азаматтық айналымға қатысушылардың тең құқығын экономикалық тұрғыда әсер ететін мемлекеттік мәжбүрлеу түрлерінің бірі.
1.3. Азаматтық — құқықтың жауапкершілік нысандары
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің нысаны ретінде құқық бұзушыға жүктелетін косымша міндеттер түсіндіріледі. Азаматтык заңдылық жауапкершіліктің әртүрлі формасын карастырады. Жауапкершілік шығынды өтеу арқылы (20-бап, Азаматық Кодекс), айып төлеу арқылы (Азаматтық Кодекс 298-бап), кепіл жоғалту арқылы (Азаматық Кодекс 337-бап) жүзеге асырылады.
Азаматтық кодекстің 20-бабында былай деп көрсетілген:
- Азамат өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлікпен
жауап береді, бұған заң құжаттарына сәйкес ақы өндіріп алуға болмайтын
мүліктер кірмейді. - Азаматтардың ақы өндіріп алуға болмайтын мүлкінің тізбесі
Қазақстан Республикасының АІЖК белгіленеді.
Азаматтық кодекстің 298-бабында: «Міндеттемені бұзғаны үшін борышқор жауапқа тартылатын жағдай болған кезде міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін айып өндіріп алынады».
Борышқор кінәлі болған кезде, егер заңдарға немесе шартта өзгеше көзделмесе, міндетемені орындамағаны және тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауап береді. Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда, мерзімін өткеріп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңмен немесе шартпен белгіленген ақша соммасы айыптөлеу (айыппұл, өсім) деп танылады. Айып төлеу туралы келісім, негізгі міндеттеменің нысанына қарамастан, жазбаша жасалады. Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеп соқтырады.
Немесе беруші тараптардың келісімінде айып төлеу міндетті көзделген көзделмегеніне карамастан, заңдарда белгіленген айып төлеуді талап етуге құкылы. Егер заңдарда тиым салынбаса, тараптардың келісімімен заңда айып төлеу мөлшері көбейтілуі мүмкін. Айып төлеу мөлшері нақты ақша соммасында немесе орындалмағанына не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына шаққандағы процентпен белгіленеді.
Егер төлеуге тиісті айып немесе берушінің шеккен залалдары мен салыстырғанда тым көп болса, сот борышқордың міндеттемені орындау дәрежесін және борышқор мен несие берушінің назар аударуға лайықты мүдделерін ескере отырып, айып төлеу мөлшерін азайтуға құқылы.
Міндеттемені бұзғаны үшін борышқор жауапқа тартылатын жағдай болған кезде міндеттемнің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін айып өндіріп алынады.
Азаматтық кұқықтық жауапкершіліктің келесі түрі кепілпұл. Кепіл шартқа сәйкес пайда болады. Кепіл заң құжаттарының негізіңде, егер заң күжаттарында қандай мүлік және қандай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілде жатқан деп танылатаны көзделсе, оларда көрсетілген міндеттемелердің пайда болуы кезінде де туындайды.
Егер шартта немесе заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, кепіл талапты оның нақты қанағаттандырылатын кезіндегі көлемді проценттерін қоса алғанда, орындау мерзімін өткізіп алу арқылы келтірілген шығындардың өтелуін, айып салуды, кепілден алынған мүлікті үстау жөніндегі кажетті шығындарды, сондай-ақ өндіріп алу жөніндегі шығындарды өтеуді қамтамсыз етеді.
Кепіл туралы шартта өзгеше көзделмеген, кепіл құқығы кепілі тіркелуге жататын мүлік жөніндегі шартты тіркеу кезінен бастап, басқа мүлік жөнінен — бүл мүлікті кепіл ұстаушыға берген кезден бастап, ал егер ол беруге жатпаса, кепіл туралы шарт жасасқан кезден бастап пайда болады. Егер борышқор міндеттемені тиісті дәрежеде алу үшін өзіне байланысты шаралардың барлығын қолданып дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады. Кәсіпкерлік кызметті жүзеге асырған кезде міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған адам, егер бой бермейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жағдайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) салдарынан тиісті дәрежеде орындауға мүмкіндік болмағандығынан дәлелдей алмаса, мүліктік жауаптылықты көтереді.
Заңдарда немесе шарт жауапкершіліктің және одан басталудың өзге негіздері ескерілуі мүмкін.
Міндеттемені қасақана бұзғаны үшін жауапкершілікті жою немесе шектеу туралы алдын-ала жасалған шарт жарамсыз болады.
Қазақстан Респуликасы Азаматтық Кодексінің 337-бабы бойынша:
- Уағдаласушы тараптардың біреуінің шарты бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасаумен орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сомма кепілпұл деп танылады.
- Кепіл пұл туралы келісім кепілпұлдың соммасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Бүл ереже негізгі міндеттеме нотариалдық жолмен куәландыруға тиіс болатын жағдайда да колданылады.
Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамай кепілпұл келісімін
жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады деп көрсетілген.
Шартта өзгеше көзделмесе, міндеттеменің орындалмауына жауапты тарап екінші тарапқа кепілпұл сомасын ескере отырып шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.
Жоғарыда айтылған баптардың ішінен шығынды өтеу ерекше орынды алады. Олай дейтін себебіміз азаматтардың қүқықтарының бұзылуы көп жағдайларда шығынға әкеп соғады. Егер заңда немесе шартта көзделмесе, азаматтық қүқықтық жауапкершіліктің осы түрі үлкен мағына беріп, азаматтық құқық бұзушылықтың көп ретінде қолданылады.
Егер арендаға алушы мүліктің нашарлауына жол берсе, онда арендаға беруші аренда туралы занда немесе шартта көзделмеседе оған келтірілген шығынды өтеуге құқылы. Арендаға беруші арендаға берілген мүліктің нашарлағаны үшін айып төлетуді тек қана арендаға алушымен шартта көзделсе және бекітілсе ғана жүзеге асырылады.
Азаматтық құқықтардың бұзылуымен байланысты көп жағдайларды шығынды өтеу белгіленгендіктен азаматтық құқықтық жауапкершіліктің осы түрі жалпы шара ретінде саналады.
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің жалпы шарасы ретінде келтірілген зиянды өтеу міндеттеменің кез келген түрінде колданылады. Азаматтық Кодекстің, 349 бабы міндеттемеге анықтама береді:
- Міндеттемені орындамау, не тиісті дәрежеде орындамау (мезгілінде орындамау, тауарлар мен жүмыстарды толық орындамау, міндеттеме мазмұнында белгіленген басқа жағдайларды бұзып орындау) –тиісінше орындамау оның бұзылуы деп түсініледі. Тиісті дәрежеде орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда борышқор бүл туралы несие берушіге дереу
хабарлауға міндетті. - Міндеттемені бұзғандығы үшін борышқорды жауапқа тарту несие берушінің талап етуі бойынша жүргізіледі.
Міндеттемені бұзу оның кез-келген жағдайына қатысты: орындаудың уақыты, орны, әдісі, саны және сапасы. Құқық бұзушылықтың әртүрлілігіне байланысты оларды екі түрге бөлуге болады: орындамау және тиісінше орындамау. Міндеттемені орындамау — бұл борышқордың негативті әрекеті немесе әрекетсіздігі. Егер борышқор несие берушіге хабарлап, алайда зиян несие берушінің кінәсінен болса, борышқордың жауапкершілік мөлшерін азайтуы мүмкін. Жауапкершілікке тарту азаматтық құқық нормаларының санкциясын іске асыру кызыметін атқарады.
Құкық бұзушылық үшін жауапкершілік, біріншіден, борышқордың міндеттемені орындауға ықпал етеді; екіншіден, оның тиісінше орындалмағаны немесе орьндамағаны үшін жазалайды; үшіншіден, несие беруші келтірілген зиянды өтеу үшін міңдеттемеге қатысады; төртіншіден, осындай шығындарды өтейді; бесіншіден, басқа тараптардың көз алдында борышқордың тәртіпсіздік фактілерін әшкерлейді.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік мына жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін:
А) несие берушінің талабын қанағаттандырып борышқордың жауапкершілікті өз еркімен өтеуі;
Б) жауапкершілік мөлшерін келімсіз тәртіпте ұстайтын несие берушінің бір жақты әрекеті:
В) міндеттеменің тиісінше орындалмағаны немесе орындалмағаны үшін борышқорға кұзіретті органдардың жауапкершілікті орындатуға шығарылған шешімі.
Шығынды өтеу — азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы тараптын екінші тараптың адцында жауапкершілікте болуын көрсетеді.
Сонымен, шығынды өтеу құқық бұзушының есебінен талапкердің мүлкін келтіруге бағытталған. Шығынды өтеу компенсациялық сипатка ие. Шығын ретінде қүқық бұзушының талапкерге мүліктік сипатта бағытталған кертартпа салдарлары жатады. Солдардың алғашқы бөлімі ретінде мүлікке нақты кемшілік келтіру кіреді. Ол айқын шығын деп аталады. Екінші бөлім талапкердің мүлкі арқылы табысынын көбеймеуіне байланысты айырылып қалған пайда деп аталады. Айырылып қалған пайда өзіне әдеттегі азаматтық айналымдағы секілді құқығы бұзылмағанда түсетін табысты қамтиды. Егер арендаға алушының кінәсінен алынған саяжай өртеніп кетсе, онда арендаға берушіге кайта жөндеу бағасы және калпына келтіру барысында түспеген аренда ақшасы да өтеледі (оған келтірілген шығынды өтетуге құқылы).
Арендаға беруші арендаға берілген мүліктің нашарлағаны үшін айып төлеуді тек қана арендаға алушы мен шартта көзделсе және бекітілсе ғана асырылады да келтірілген зияннын толық өтелуі қағидасын қамтамасыз етеді. Азаматтық кодекстің 9-бабының 4 бөлігіне сәйкес құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзіне келтірілген залалдың толық өтелуін талап ете алады.
Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бірақ алынбай калған табыстары (айырылып қалған пайда) залалдар деп түсініледі.
Егер тәртіп бүзудың құқықтың салдарынан пайда болуы тәртіп бұзушының кінәсіне байланысты болса, заң қүжаттарында өзгеше көзделгеннен басқа жағдайларда ол кінәлі деп ұйғарылады.
Бұл ереже бойынша өтелуге екі шығын жатады нақты нұқсан және айырылып қалған пайда. Жоғарыда көрсетілген мысалдағыдай арендаға алушы қайта жөндеу құқығын және жөндеу кезінде төленбей қалған аренда ақысын өтеуі тиіс, егер де заңда немесе шартта шығында өтеу көлемі аз мөлшерде деп көрсетілмесе туындайды.
Алайда, белгілі бір қызметпен байланысты заңмен келтірілген шығынды өтеу кейбір міндеттемелердің түріне байланысты шектелуі мүмкін.(АК 358-бап)
- Міндеттеменің кейбір түрлері бойынша және кызметтің бір түрлеріне байланысты міндеттемелер бойынша заң құжаттары залалды толық өтеу құқығын шектей алады. (шектелген жауапкершілік) 3. Егер міндеттеменің осы түрі немесе осындай құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мөлшері заңмен белгіленген болса, қосылу шарты бойынша немесе тұтынушы ретінде азамат несие беруші болып табылатын өзге шарт бойынша борышқордың жауапкершілік мөлшерін шектеу жөніндегі келісім жарамсыз болады.
Транспорттық кодекстер мен жарлықтар тасымалданушының шектелуі Жауапкершілігін құрайды. Мысалы СССР-дың әуе кодексінде көрсетілгендей келісілген бағамен жүктің жеткізілуін, егер тасымалдаушы жүктің жеткізу құнының өскендігін дәлелдесе, онда келісілген баға көлемінде өтейді. Ал бұндай жағдайларда айрылып калған пайда өндірілмейді.
Баға әрқашан ауысуымен инфляция шартына сәйкес шығын есепке алынбайды. Бұндай ереже Азаматтық Кодекстің 385-бабында бекітілген: 1-ші шарттың орындалуы тараптардың келісімімен белгіленген баға бойынша төленеді. Заң құжаттарында көзделген жағдайларда оған уәкілдік берілген мемелекеттік органдар белгілейтін немесе реттейтін баға (тарифтер, бағалар. ставкалар және т.б. қолданылады.
З. Шарт жасалғаннан кейін бағаны өзгертуге шартта, заң кұжаттарында көзделген реттер мен жағдайларға немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша жол беріледі.
- Ақылы шартта баға көзделмеген және шарт ережелерін негізге ала отырып оны анықтау мүмкін болмаған реттерде шартты орындау шарт жасау кезінде осыған ұқсас жағдайларда әдетте осы сияқты тауарлар. жұмыс немесе қызмет үшін алынатын баға бойынша жүргізілуге тиіс деп есптеледі.
Шығынды өтеу кезінде тиісінше орындалмағаны немесе орындалмағаны үшін сол күнгі баға есепке алынып, ал егер борышқор мойындамаған ретте талап арыз берген күнгі баға есепке алынады. Көрсетілген ереже тек қана заңмен, басқа нормативті актімен немесе шартта бекітілмесе ғана орындалады. Істің жағдайына қарай сот шешім шығарған күнгі бағаны белгілей алады. Айырылып қалған пайданы есепке алу кезінде несие берушінің оны алу үшін дайындық шаралары ескеріледі.
Егер құқық бұзған азамат осының салдарынан табыс тапқан болса, онда несие беруші алынбаған пайданың табыстан кем немесе мөлшерде шығынды өтеуге құқылы. Мысалы, арендаға алушы арендаға алған мүлікті бір мерзім кешіктіру арқылы табыс тапқан болса, онда арендаға беруші айырылған пайданы табыстан кем немесе мөлшерде өтеуді талап ете алады. Себебі арендаға алушы құқыққа сыйымсыз әрекет арқылы арендаға алынған мүлікті пайдаланған.
1.4. Жауапкершілік түрлері.
Жауапкершілік түрлері – Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің түрлерге бөлінуі оның алға қойған мақсаттарының белгілеріне қарай жүзеге асырылады. Сонымен негізгі мағына шартты және шарттан тыс жауапкершілікке бөлеміз. Шарттан тыс жауапкершілік құқық бұзушыға тек қана шартта белгіленбеген санкция қолдану кезінде пайда болады. Мысалы, сатылған заттың кемшілегі үшін тутынушының алдында сатушымен қатар затты дайындаушы да жауапкершілікте болады. Алайда сатушы тұтынушының алдында шартты қатынаста құрылғандықтан шартты жауапкершілікте, ал дайындаушы – тұтынушы мен затты дайындаушының арасында шартттық қатынас болмағандыктан шарттан тыс жауапкершілікте болады.
Заңдылық мағынасына қарай шартты және шарттан тыс жауапкершіліктің заңмен және шарттың жағдайларына қарай белгіленеді. Тараптар шартқа отыру кезінде заңда қарастырылмаған жауапкершілікті құқық бұзушылык үшін белгілей алады немесе заңмен салыстырылғанда жауапкершілік мөлшерін көбейтуге немесе азайтуға құқылы.
Шартта және шарттан тыс жауапкершілікті ажыратудың қажеттілігі олардың әртүрлі ережеге бағынуына байланысты туындап отырады. Сонымен, егер зиян талапкерге шарт жасамай-ақ келтірілсе, онда ол өтелутиіс. Тараптық шартқа отыру кезінде зиян келтіргені үшін жауапкершілік көзделіп, бірақ ол міндеттемені орындаудан бас тартса, осы шарттың құқықтық қатынасты реттейтін заң бойынша жауап береді. Жауапкершіліктің сипатына байланысты бірнеше түрге: үлесті, солидарлы және субсидиарлы жауапкершілік деп ажыратуға болады.
Үлесті жауапкершілік егер несие берушіге борышқорлардың әрқайсысы заңға және шартқа сәйкес үлесті түрде жауапкершілікте болса орын алады. Үлесті жауапкершілік жалпы ережедегі мағынаға ие заңмен мөлшері белгіленген болса, онда тараптардың әрқайсысына теңдей үлес мөлшері пайда болады.Мысалы, тұрғын үйдің меншік иелері сатып алушының алдында үйдің кемшілігі үшін жалпы үлесті меншікте болады.
Солидарлы жауапкершілік егер заңмен немесе шартпен бекітілген кезде қолданылады. Залалды бірігіп келтірген тараптар солидарлы жауапкершілікте болады. Солидарлыжауапкершілікте несие беруші кез-келген жауапкерден бөлшектей немесе толық көлемде өндіріп алуға құқылы.
Солидарлы жауапкершілік несие берушіге тиімді болып табылады. Өйткені, ол кез- келген жауапкерден толық көлемде өндіре алады. Мысалы, егер азаматқа бірнеше тараптар бірлесіп зиян келтірсе, онда ол зиянды зиян келтірушінің ішінен залалды қалпына келтіруі мүмкін немесе ақшалай қаражаты бар тарапынан толық көлемде өндіре алады.
Азаматтық кодекстің — 77 бабының бөлігіне сәйкес бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан құны шегінде тәуекел етеді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестің салымды толық қоспаған қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым төлемеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады.Субсидиарлы жауапкершілік егер міндеттемеде екі борышқор болып, оны біреуі негізгі, ал екіншісі қосымша (субсидиарлы)болғанкезде орын алады. Бұл кезде несие берушінің алдына субсидиарлы борышқор негізгі борышқорға қоса қосымша жауапкершілікте болады. Осындай субсидиарлы жауапкершілік заңмен, басқа нормативті актімен немесе міндеттеменің шартымен белгіленуі мүмкін.
Азаматтық Кодекстің 72 бабына сәйкес: Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзін бүкіл мүлкімен (толық серіктестіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушымен қатар, жауапкершілігі толық серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік Азаматтық сенім серіктестігі деп танылады.
Азамматтық кодекстің 257-бабы субсидиарлы жауапкершілікке арналған:
- Заңдарға немесе міндеттеменің шарттарына сәйкес негізгі борышқор болып табылатын (субсидиялық жауапкершілік) басқа адамның жауапкершілігіне қосымша жауапты болатын адамға талап қойғанға дейін кепіл беруші талапты негізгі борышқорға қоюға тиіс.
- Егер негізгі борышқор несие берушінің талабын қанағаттандырудан бас тартса, не оны толық орындамаса немесе несие беруші одан қойылған талапқа ақылға қонымды мерзімде жауап алмаса, бұл талаптың орындалмаған бөлігі субсудиялық жауапкершілігі бар адамға қойылуы мүмкін.
- Егер бұл талап негізгі борышқорға қарсы қойылған талапқа жатқызу (осы кодекстің 370-бабы) не негізгі борышқордың есебінен өндіріп алу арқылы қанағаттандырылуы мүмкін болса, несие беруші өзінің негізгі борышқорға қоятын талабын субсудиялық жауапкершілігі бар адам оған несие беруші қойған талапты қанағаттандыруға дейін бұл туралы негізгі борышқордың несие берушіге қарсы айтайындеген қарсылықтарын субсидиялық жауапкершулуктері барадамның регрестік талабына қарсы қоюға құқығы бар. Міндетте бұзылған жағдайда алғашқы талапнегізгі борышқа қойылады және одан талап толық қанағаттандырылған жағдайда талаптың өтелмеген бөлігі субсидиялы борышқа өтеді.
Субсидиялы борышқорға талап қою үшін алдын-ала негізгі борышқорды банкрот деп тану немесе оны мүлкіне мәжбүрлеп өндіру қолдану міндетті емес. Ол үшін міндеттемені толық көлемде орындау талабына бастарту (айып төлеу және зиянды өтеуді қосқанда) немесе осындай талапты нақты орындамау жеткілікті.
Талапты қанағаттандырған субсидиялары борышқор міндеттеменің негізгі борышқордың бұзылуымен болған, бірақ өзі өтеген барлық шығындарды регресті талап қоюы арқылы негізгі борышқордан өндіріп алуға құқылы. Несие берушінің субсидиялары борышқорға осындай талап қоюға құқылы төмендегі шарттардың болуымен байланысты:
А) негізгі борышқор несие берушінің талабын қанағаттандырудан бас тартса;
Б) несие беруші қойылған талаптан ақылға қонымды мерзім ішінде жауап ала алмас.
Алайда несие беруші өзінің талабын субсидияларын борышқордың қанағаттандыруын көрсетілген жағдайлардың бар болғаны өзінде де қоя алады. Егер бұл талап негізгі борышқорға қарсы талап қою арқылы негізгі борышқордан даусыз өндіруге мүмкіндік туса осылай деуге себеп, ұқсас жағдайлардан несие берушіден ешқандай қиындықсыз субсидиялары борышқорға талап қоймай-ақ өзінің талабын негізгі борышқордан қанағаттандыра алады. Несие беруші негізгі борышқорға ақшалай қарызды өндіруге талап қойып, өндіре алмаған жағдайда бұл туралы талапты субсидия арлы борышқорға қоюға құқылы емес. Азаматтық Кодекстің 368-бабымен мен 370-бабы осының дәлелі:
- Міндеттеме тиісті дәрежеде орындалғанда тоқтатылады.
- Міндеттеме борышқор несие берушінің келісімімен оны орындауды өзгерткенде тоқтатылуы мүмкін.
Азаматтық Кодекстің 370-бабы бойынша:
- Міндеттеме мерзімі жеткен, не мерзімі көрсетілмеген немесе мерзімі талап ету негізінен белгіленген біртектес қарсы талапты есепке жатқызу арқылы толық немесе бөлек-бөлегімен тоқтатылады. Есепке жатқызуға бір тараптың өтініші жеткілікті:
- Мына талаптарды: 1) егер тараптардың бірінің өтініші бойынша талапқа заңды талап мерзімі қолдануға болса және ол мерзім өтіп кетсе, 2) азаматтықөмірінің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы, 3) алимент өндіріп алу туралы, 4) өмірбойы асырау туралы талаптарға, 5) заңда немесе шартта көзделген басқа да жағдайларды есепке жатқызуға жол берілмейді.
- Талап борышқор талап етуді беру туралы хабарды алған кездегі негізінен туындаса және талап мерзім оны алғанға дейін туса, не ол мерзім көрсетілмесе немесе талап ету кезімен белгіленсе ол есепке жатқызылады. Субсидияларды жауапкершілігі бар тарап несие берушінің талабы бойынша талапты қанағаттандырғанға дейін, бұл туралы негізгі борышқорды ескертуі қажет.
Негізгі борышқор несие берушінің міндеттеменің орындау туралы талабын қанағаттандырылмаған жағдайда бұл талап орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлімделуі мүмкін екендігі заң құжаттарында немесе несие берушімен борышқордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін. Ал, егер негізгі борышқорға талап қойылған болса, негізгі борышқорды іске қатыстыруы қажет. Несие берушіге қарсылығын негізгі борышқор субсидияларды борышқорға қарсы талап қою арқылы білдіре алады.
Субсидияларды жауапкершіліктен борышқордың үшінші жақтардың әрекеттері үшін жауапкершіліктен ажырата білуімізқажет. Бұл тек қана міндеттемені орындалуы борышқормен үшінші жаққа жүктелген кезде орын алады. (Азаматтық Кодекстің 276-бап).
- Егер заңдарда немесе шарттарда көзделсе, сол сияқты үшінші жақ тиісті шарт арқылы тараптардың бірімен байланысты болса, міндеттеме орындау түгелдей немесе бөлшектеп үшінші жаққа жүктелуі мүмкін.
- Егер заңдардан міндеттеме шарттарынан немесе оның мәнінен борышқордың міндеттемені жеке өзі орындау міндеті туындамаса, несие беруші борышқор үшін үшінші жақ ұсынған орындау ісін қабылдауға міндетті.
- Несие берушінің борышқор мүлкінен ақы өндіріп алуы салдарынан өзінің бұл мүлікке құқығынан пайдалану, иелену, кепілге салу құқығы және басқа құқықтарынан айырылу қаупі төнген үшінші жақ несие берушінің талабын борышқордың келісімінсіз өз есебінен қанағаттандыра алады. Бұл ретте міндеттеме бойынша несие берушінің құқығы үшінші жаққа өтеді.
Субсидиялар борышқорға қарағанда үшінші жақ несие берушімен азаматтық құқықтық қатынасқа түспейді. Жалпы ережеге сәйкес несие
беруші өзінің орындалмаған немесе тиісті дәрежеде орындалмаған міндеттеме үшін талабын орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған үшінші жаққа емес, тек қана өзінің борышқорына қояды. Бұндай жағдайларда талапты міндеттеменің орындалмаған немесе тиісінше орындалмағаны үшін үшінші жаққа емес борышқор жауапкершілікте болады. (Азаматтық Кодекс 363-бап).
- Үшінші жақтардың борышқор алдындағы өз міндеттеріне қатысты әрекетіне әрекетсіздігі міндеттемені бұзудың себебі болғанда да борышқор несие берушінің алдында жауап береді. Егер заңдарда тікелей орындаушы жауап береді деп белгіленбесе, борышқор несие беруші алдындағыөз міндетін жүктеген үшінші жақтардың әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін де жауап береді.
- Борышқор үшінші жақтардың әрекеттерінен немесе әрекетсіздігіне міндеттемені жауапкершіліктен олардың кінәсіздігі дәлелденгеннен кейін босатылуы мүмкін.
Кәсіпкерлік қызметі жүзеге асырған кезде борышқор үшінші жақтардың әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершіліктен егер оған дүлей күштер себепші болса басы босатылады.
- Үшінші жақтардың құқықтары мен міндеттеме нысанын ауырлатуға байланысты міндеттеме бұзылғанда, егер ондай ауырлаты несие берушімен шарт шарт жасағанға дейін пайда болса және несие берушіге ол туралы шарт жасау кезінде ескертілсе ғана, борышқор жауапкершіліктен босатылады.
- Заңдарда немесе шартта үшінші жақтардың әрекеттері үшін борышқор жауапкершілігін өзге жағдайлары көзделуі мүмкін.
Кейбір жағдайларда борышқор үшінші жаққа несие берушінің алдында өзінің міндеттемесін толығымен немесе бөліктей орындауды тапсырады. Арбитраждық тәжірибеде мынадай жағдайболған, жеткізіп беруші сатып алушыға бірнеше жұмысшы тракторын әперген. Шартта трактордың барлық құралдарының тізімі көрсетілген.Басқа тарап бекіткен тасымалдау шартынан шығатын егер міндеттемені тікелей орындаушы бұзса, орындаушының іс-әрекеті үшін жеткізіп беруші, яғни шартты бекіткен тарап жауап береді. Міндеттемені негізге ала отырып, несие берушінің алдында үшінші жақтың іс-әрекеті үшін борышқор жауап береді.Өйткені осы іс-әрекетті орындаушыға жүктеуді борышқордың өзі тапсырады.
Үшінші жақтың іс-әрекеті үшін міндеттеме бойынша несие берушіге борышқор тиісті ақша сомасын төлеуі мүмкін. Басқаадамның міндеттемесін орындаған борышқор орындалған міндеттеме мөлшерінде сол адамға кері талап (регресс) қоюға құқылы.
Үшінші адамның әрекеттері салдарынан міндеттемені орындамаған борышқор осы адамнан залалдарын өтеу талап етуге құқылы.
Сонымен қатар үшінші тараптың жауапкершілікте болуы заңмен белгіленуі мүмкін. Бұндай ретте борышқор үшінші жақтың әрекеті үшін жауап бермейді. Борышқордың үшінші жақтардың әрекеттері үшін жауапкершіліктерінен борышқордың өз қызметкерлері үшін жауапкершілігін ажыратуымыз қажет. (Азаматтық Кодекс 362-бапқа сәйкес). Борышқордың міндеттемесін орындау жөніндегі лауазымды адамдардың немесе өзге қызметкерлерінің әрекеттері борышқордың әрекеттері болып есептеледі.
«Борышқор бұл әрекеттері үшін, егер олар міндеттемені орындамауға немесе тиісті дәрежеде орындамауға әкеліп соқтырса, жауап береді». Борышқордың қызметкерлері болып онымен еңбек қатынастарын құрған азаматтар танылады. Борышқордың қызметкерлерінің міндеттеменің орындалуына іс-әрекеттері борышқордың өзінің жасаған іс-әрекеті болып саналады. Малдәрігерлік шарт бойынша заңдытұлға қызметкерлерінің шарт талабын тиісті дәреже орындалмағаны үшін заңды тұлға жауапкершілікте болады. Бұлжерде борышқорға қатысты жұмысшылар үшін жақ болып есептелмейді. Кезкелген заңды тұлға өзінің қызметкерлері арқылы азаматтық айналымға қатыса алады. Осыған байланысты заңды тұлға қызметкерлерінің өзінің қызметтік немесе еңбек міндеттемелерін орындау әрекеттері заңды тұлғаның өзінің іс-әрекеті ретінде қатыстырылады. Сондықтан борышқордың өзінің қызметкерлері үшін жауапкершілігі туралы шартты түрде айтуға болады. Заңдытұлғаның міндеттеме тиісті дәрежеде орындалмағаны үшін қажетті шара қолданбағаны үшін кінәсі оның қызметкерлерінің кінәсән көрсетеді. Алайда заңдытұлға өзінің қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін ғана жауап береді: тауарларды қабылдап алу, банкке ақшалай төленетін құжаттарды уақытылы жіберіп отыру және т.б. Егер қызметкер қызмет істеу барысында құқыққа қарсы әрекет жасаса (мысалы өзіне алған мебельге ақша төлемесе) заңды тұлға бұндай әрекетке жауап бермейді.
1.5 Құқықтық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің кейбір ерекшеліктері ақшалай міндеттемені орындамағаны үшін жауапкершілікпен сипатталады. Бұл жауапкершілік борышқор ақша сомасы проценттік құқыққа сыйымсыз пайдаланған кезде туындайды. Басқаберудің ақшалай қаражатын құқыққа сыйымсыз пайдалану үшін әр түрлі себептер болуы мүмкін: борышқордың ақша сомасын қайтару мерзімі келген кезді өткізіп жіберу; ақша қаражатын басқа біреудің есебінен пайдалану немесе сақтау. Процент мөлшері несие берушінің тұрғылықты жеріндегі ақшалай міндеттемені орындалатын күнгі банкілік проценттің есеп ставкасымен беріледі. Сот тәртібінде қарызды өндіру кезінде сот несие берушінің талабын қанағаттандыра отырып, талап қойған күнгі немесе шешім шыққан күнгі процент мөлшерін қолдану мүмкін. Бұл ереже егер заңмен немесе шартпен проценттің басқа мөлшері белгіленбеген кезде қолданылады.
Азаматтық кодекстің 353-бабында ақшалай қаражатын заңсыз пайдаланғандық үшін жауапкершілік көзделген.
- Ақша міндеттемесін орындамау нәтижесінде, біреудің ақша қаражатын заңсыз пайдаланғаны немесе оларды төлеу мерзімін өткізіп жібергені, не оларды негізгі алғаны немесе басқа адамның есебіне сақтағаны үшін осы құжаттардың сомасында проценттер төленуі тиіс. Проценттердің мөлшері ақша міндеттемесін немесе оның тиісті бөлігін орындаған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгіленген банкілік проценттің орташа есептеу ставкасы негізінде есептеліп шығарылады. Борышты сот тәртібімен өндіріп алу кезінде сот талап арыз берген немесе шешім шығарылған не ісжүзінде төленген күнгі банкілік процентті орташа есептеу ставкасын негізгі ала отырып, несие берушінің талабын қанағаттандыра алады. Егер заң құжаттарында немесе шартта проценттің өзге мөлшері белгіленбесе осы ережелер қолданылады.
- Бөтен қаржыны пайдаланғаны үшін проценттер егер заң құжаттарында немесе шартта проценттерді есептеудің неғұрлым қысқа мерзімге белгіленбесе, бұл қаржы несие берушіге төленген күнге дейін өндіріліп алады.
- Егер несие берушінің ақшалай қаражатын заңсыз пайдаланудан оған келтірілген залал осы баптың бірінші тармағының негізінде оған тиесілі проценттердің сомасынан асып кетсе, ол борыштардан осы соманы асып түскен бөліктегі залалды талап етуге құқылы.
- Өткен жылғы проценттерді борыштың негізгі сомасына қосу заңдармен көзделген реттерді қоспағанда, процентті проценттерге есептеуге жол берілмейді.
Жалпы ережеге сүйене отырып Азаматтық Кодекстің 365-бабы борышқордың мерзімі өткізіп алғандығы үшін жауапкершілікті белгілейді:
- Міндеттеменің орындалу мерзімін өткізіп алған борышқор несие берушінің алдында мерзімді өткізіп алу арқылы келтірілген залал үшін және мерзімін өткізіп алу кезінде туындаған кездейсоқтықтан орындай алмауының салалары үшін жауап береді.
- Егер борышқордың мерзімді өткізіп алуы салдарынан міндеттемені орындау несие берушіге керексіз болып қалса, ол міндеттемені орындауды қабылдаудан бас тартып, залалды өтеуді талап ете алады.
- Несие берушінің мерзімді өткізіп алуы себепті міндеттеме әзірше орындалмайтын болса, борышқор мерзімді өткізіп алушы болып саналмайды. Мысалы, арендаға алушы арендаға алынған мүлікті уақтылы қайтармаса, онда ол арендаға алынған мүліктің жойылуына кінәсінің болмауына қарамастан, арендаға берушінің алдында арендаға алынған мүліктің кездейсоқ жойылуына және оған келтірілген барлық шығын үшін жауап береді.
Азаматтық айналымда несие берушінің мерзімді өткізіп алуы да кездеседі. Азаматтық Кодекстің 366-бабы осыны көрсетеді:
- Егер несие беруші борышқор ұсынған тиісті дәрежедегі орындауды қабылдаудан бас тартса, немесе заңдарда не шартта көзделген, не іскерлік айналым дәстүрлерінің немесе аяқталғанға дейін борышқор өзміндетін атқара алмаған міндетінің мәнінен туындайтын әрекеттерді жасамаған болса ол мерзімді өткізіп алған болып есептеледі.
Борышқордың міндеттемені орындамағанын тиісті түрде растаудан бас тартқан жағдайдада несие беруші мерзімді өткізіп алған болып есептеледі.
- Егер несие беруші мерзімді өткізіп алу не өзі, не заңдар бойынша немесе несие берушінің тапсыруымен міндеттеменің орындалуын қабылдап алу жүктелген адамдар жауап бермейтін жағдайларға байланысты болғанын дәлелдеп бермесе, несие берушінің мерзімді өткізіп алуы борышқорға мерзімді өткізіп алудан келтірілген залалдың орнын толықтыруға құқық береді.
Мерзімді өткізіп алған несие берушіге мерзімді өткізіп алған кезде міндеттемені орындаудың кездейсоқ мүмкін болмай қалуының қолайсыз салдары жүктеледі.
- Ақшалай міндеттеме бойынша борышқор несие берушінің мерзімзі өткізіп алғаннна кейінгі уақытына процент төлеуге міндетті емес. Мысалы, егер ол тасмалдаушының жүкті тиісті адреске жеткізу кезінде жүкті іс-әрекетін жасамаған болса, одан жүк қабылдаушы мерзімді өткізген болып есептеледі. Несие берушінің мерзімді өткізіп алуына байланысты борышқор шығынға ұшырауы мүмкін. Мысалы, несие берушінің мүлікті қабылдаудан бастартуына байланысты мүлікті ұстау шығындары.
II-тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
Азаматтық құқық бұзушылық құрамын азаматтық-құқықтық жауапкершілік қолдануға қажетті жағдайлардың жиынтығы құрайды. Жалпы ережеге сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қажетті жағдайлары ретінде борышқордың кінәсі және құқыққа қарсы мінез танылады. Шығынды өтеу жауапкершілігіне тарту үшін шығынның бар болуы, сонымен қатар борышқордың құқыққа қарсы мінезімен және келген шығынның арасында себепті байланыс болуы қажет. Шығынды өтеу негізінде азаматтық-құқықтық бұзушылықтың құрамы басқа элементтері толығымен қамтиды.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жалпы негіздеріне жататындар:
- тұлғаның құқыққа қайшы қылығы (іс-әрекет не әрекетсіздік)
- жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы;
- құқық бұзушының құқыққа қайшы іс — әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасындағы болатын себепті байланыс;
- құқықбұзушының кінәсі.
Нақты тұлғаға азаматтық — құқықтық жауапкершіліктің жүктеу үшін жалпы ереже бойынша қажетті келтірілген негіздер жиынтығы – азаматтық — құқық бұзушылықтың құрамы болып табыладын. Көрсетілген негіздердің біреуі болмай қалса, жауапкершілікке тарту мәселесі туындамайды. Бірақта, кейбір жағдайларда заң азаматтық — құқықтағы құқық бұзушылық құрамынынң бар болуы мүліктік жауапкершілікке тарту үшін жалпы талаппен санаспайды; мысалы: жоғары қауіптілік көзін иеленуші заңды тұлға жәбірленушінің алдында кінәсіз жауап береді. (АҚ-тің -931 бабы). Енді азаматтық-құқық бұзушылықтың құрамының әлгінде айтылған элементтерінің әрқайсысына тоқтала кетейік.
2.1. Құқыққа қарсы мінез
Құқыққа қарсылық құқылық бұзушының өзінің іс-әрекетінің құқыққа қарсыек ендігін білген немесе білмегендігіне қарамастан құқық нормасын бұзуы танылады. Басқа сөзбен айтсақ, азаматтық айналымға сәйкес келмейтін мінез жатады.
Азаматтық заңдылық нормаларымен азаматтық айналымға қатысушыларға әртүрлі талаптар белгіленген. Азаматтық заңдылық негіздерінде сәйкес тараптық құқыққа қарсы мінез ретінде жеке тұлғаға немесе азаматтық мүлкіне немесе заңды тұлғаға келтірілетін залал саналады. Сонымен қатар борышқордың міндеттемені орындауға байланысты талаптарға жауап бермеу құқыққа қарсы мінез болып табылады. Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға байланысты талаптар тек қана заңмен шектелмейді, сонымен қатар борышқордың міндеттемені орындауға байланысты тараптарға жауап бермеу құқыққа қарсы мінез болып табылады.
Азаматтық заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға байланысты талаптар тек қана заңмен шектелмейді, сонымен бірге іскерлік айналымдағы басқа нормативті актілерден немесе міндеттеменің пайда болуымен туындайтын негіздерде құрылады. Сондықтан борышқордың құқыққа қарсы мінезінің белгісі ретінде міндеттеменің құрылуындағы кейбір негіздер болуы мүмкін. Әкімшілік актідегі туындаған міндеттемедегі құқыққа қарсы мінез болып, осы әкімшілікактімен борышқордың іс-әрекетінің сәйкес келмеуі жатады. Егер міндеттеме шарттан туындаса, онда борышқордың шарт талабын бұзуы құқыққақарсы мінез болып табылады. Егер бір жақты мәмілеге байланысты болса, борышқордың құқыққа қарсы мінезіретінде бір жақты мәміленің талабын бұзуы танылады.
Құқыққа қарсы мінез құқыққа қарсы іс-әрекет немесе құқыққа қарсы әрекетсіздік түрінде де болуы мүмкін. Егер заңмен немесе нормативті құқықтың актімен тиым салынған немесе заңға немесе басқа нормативті актіге, шартқа бір жақты мәмілеге немесе міндеттеме талабының негізіне қайшы келетін борышқордың іс-әрекеті құқыққа қарсы сипатқа ие болады. Сонымен азаматтық кодекстің 273-бабы осының дәлелі: Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын бір жақты өзгертуге жол берілмейді.
Азаматтық заңдылық негізіне сәйкес бір тараптың басқа бір тараптың есебіне мүлкін негізсіз сақтауға тікелей тиым салынады. Алайда осы ережеде негізсіз сақтау құқыққа қарсы болып табылады.Шартпен белгіленген сапаға сай келмейтін тауарды сатып алушыға берудегі сатушының әрекеті құқыққа қарсы саналады.
Егер тиісті жағдайларда тарапқа юридистикалық міндеттеме жүктеліп, бірақ ол орындалмаса, онда әрекетсіз құқыққа қарсы деп танылады. Шартпен бекітілген жағдайларға сәйкес міндеттеме туындауы мүмкін. Тасымалдау шартымен бекітілген тауарды жеткізбеген тасымалдаушының әрекетсіздігі құқыққақарсы болып табылады. Міндеттеме тараптың қызметтік міндетінен де туындау мүмкін. Мысалы, құтқару станциясының қызметкерлері суға батып бара жатқан адамды құтқару үшін барлық қажетті және мүмкін болатын шаралардың барлығымен қолдануы тиіс. Осы міндетті орындамау оның құқыққа қарсы мінезін көрсетеді. Жағада демалып жатқан азаматтардың әрекетсіздігі құқыққа қарсы сипат алмайды, оларға тек суға батушыны құтқару рухани міндеттеме жүктеледі. Белгілі бір міндеттемені орындаудағы іс-әрекет заң шеңберімен шығуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 188-бабымен үшінші бөлігінде былай делінген: «Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез-келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттілігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы». Жоғалған мүлікті тауып алған тарап егесіне қайтару немесе жоғалтушы азаматқа қайтаруы тиіс.
2.2. Себепті байланыс
Азаматтық Кодекс талаптарында көзделгендей өтелуге тек қана борышқордың құқыққа қарсы мінезімен келтірілген шығындар жатады. Бұл борышқордың құқыққа қарсы мінезі және несие берушіге келтірілген шығынның арасындағы себепті байланысты көрсетеді. Көп жағдайларда міндеттеме бұзылған кездегі себепті байланыстың бар болуы немесе жоқ болуы қиындық туғызбайды. Ал кейбір жағдайларда себепті байланысты анықтау қиындықтар туғызуы мүмкін. Мысалы, шофер өз машинасын он үш жасар жасөсмпірімге дұрыс айдай білмегендігі себепті тыйым салынған белгіге қарамастан өтіп кетіпті. Колхоздың төрағалық етушісі қызмет бабын пайдаланып оқушыларды жүк машинасында өзінің ауласындағы жұмысқа жіберді. Жүргізуші жол ережесін бұзуы салдарынан бірнеше оқушы жарақат алды. Дәрігердің сілтеуімен мейірбике нәрестенің көзіне дәрі тамызғандықтан ол толығымен көру қабылетінен айырылды. Анықталғандай дәрігердің мейірбике қателесіп кетіп, басқа дәріні тамызған. Көрсетілген мысалдардан кімнің іс-әрекеті құқыққа қарсы нәтиже себеп болғандығын нақты анықтау қиын.
Осындай жағдайларда себепті байланыстың дамыған ғылыми-теорияларын басшылыққа алуымыз керек. Теорияда және практикада себепті байланыс тікелей және жанама теориясын ұсынады. Бұл теория жалпы философиялық себепті оқытудағы екі негізгі жағдайда сүйенеді. Біріншіден, себептілік құбылыс арқылы объективті байланысты көрсетеді және ол біздің санамыздан тыс өмір сүреді. Сонымен қатар құқық бұзушының зиянды нәтижені көре білуі себепті байланыс туралы сұрақты шешуге көмектеспейді. Шығынның болатынын алдын-ала сезе білу субъективті сипатқа ие және себепті байланысты анықтауға көмектеседі. Екіншіден, себеп және салдар тек қана белгілі оқиғаларға қолдануда маңызы артады. Себеп және салдар ұқсас болғандықтан әрдайым орын ауыстырып отырады және біз оны материалдық өмірдің қарым-қатынас тізбегімен байланыстырамыз.
Жоғарыда көрсетілген мысалдар дәрігердің сілтемесінен істелген мейірбике әрекеті салдар туғызады және сонымен қатар нәрестенің көру қабілетін жоғалтуға себеп болады. Егер қаралып жатқан іске тереңірек үңілсек, онда дәрігердің себепті әрекеті бөлім басқарушысының бұйрығынан туындайды. Сондықтан жауапкершілік туралы мәселені шешу кезінде болған оқиға жағдайларынан алысқа кету дұрыс емес. Тікелей себептің пайда болуымен шектелу қажет, яғни зиянның туындауына жақын қатынастар есепке алынады.
Тараптың құқыққа қарсы мінезі зиянның себебі болып тек қана ол осы зиянмен тікелей байланысқан болса ғана пайда болады. Тараптың құқыққа қарсы мінезі мен зиянының арасындағы жанама себепті байланыс болып, ол нақты оқиғаның шегінен ауытқып және юридистикалық себеп байланыстың маңызына ие бола алмайды. Сонымен қатар іс-әрекеттің жасалуына басқа факторлардың әсері тиюі мүмкін.
Алайда бұл факторлардың қайсысы болсын юридистикалық жауапкершілік мағынасына ие бола алмайды және сондықтан тараптың құқыққа қарсы мінезі мен зиянының арасындағы жанама себепті байланыс болып табылмайды. Ал басқалары — юридистикалық жауапкершілікке әсер етеді және сондықтан тараптың құқыққа қарсы мінезі мен болған нәтиженің арасындағы байланысты көрсетеді жасөспірімдердің келтірген зияны үшін бермейді және әрекет қабілетсіз деп таниды. Ал ата-аналар құқыққа сыйымсыз мінезі үшін жауап береді (тиісті қадағалау жасамағаны немесе тәрбиелемегені) және болған зиянының арасында юридистикалық жауапкершілікке тартуға жеткілікті тікелей себепті байланыс пайда болады. Керісінше балық аулаумен шұғылданатын колхоз мүшесінің броконьерлерге ауды сатуды және броконьерлер заңсыз балық аулау арқылы балық ресурстарына зиян келтірсе, броконьерлердің құқыққа қарсы іс-әрекетін көрсетеді және бұл жерде тек қана жанама себепті байланыс бар.
Сондықтан тараптың құқыққа қарсы мінезімен және зиян арасында азаматтық – құқықтық жауапкершілік маңызы бар жағдайлар болмаса тікелей себепті байланыс орын алады. Егер құқыққа қарсы мінез және зиян арасында жауапкершілік туралы сұрақты шешуде азаматтық заңды маңызы бар жағдайлар болса, онда жанама себепті байланысты көрсетеді. Жоғарғыдағы мысалға сәйкес жасөспірімнің әрекет қабілетінің жоқ болуымен байланысты 13 жасар жасөспірімді азаматтық құқықтық жауапкершілікке тартудың маңызы жоқ.
Сондықтан бұл мысалдар — шофер құқыққа қарсы мінезі мен жол ережесінің бұзылуы тікелей себепті байланысты көрсетеді.
Күнделікті өмірде бірнеше тараптық іс-әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде зиянның пайда болуы жиі кездеседі. Бұндай жағдайларда тікелей нәтижемен байланысқан барлық құқыққа қарсы әрекеттері егер оларды жеке ерекшеліктеріне байланысты себеп ретінде қарастыру керек. Тікелей және жанама себепті байланысты шектеу қажеттігі тек қана теориялық шарттардан шығып қана қоймай, сонымен бірге тәжірибенің өзімен тұжырымдалады. Бұл теория тәжірибеде оңай қолданылады. Ол сот тәжірибесімен кездейсоқ туындаған жоқ.
Әдебиеттерде сонымен қатар себепті байланысты басқа да теориялары кеңінен таралады. Қажетті шартта теориясына қатысты құқыққа қарсы нәтиженің себебі ретінде болмауы мүмкін кез-келген жағдайлар болуы мүмкін. Бұл теорияның өкілдері субъективті белгілерінің көмегімен ссебеп — салдар байланысының тізбегін шектеуге тырысады. Қарастырылып жатқан теорияның себебінің байланысындағы юридистикалық маңызы кінәға және құқыққа қарсылыққа тәуелді. Егер қылмыстық құқықта қылмыстық жауапкершілікке тарту өзінің тәжірибесінде бұл теория көпшілігінде теоретикалық маңызға ие.
Басқа теорияларда кінәсі және себепті байланыс жабық сипатта болады. Мүмкіндік және шындық теориясына қатысты, бір фактілерге құқыққа қарсы нәтижеге мүмкіндік туғызса, ал екіншілері — осы мүмкіндіктерді әрқашан да құқыққа қарсы нәтижемен себепті байланыста болады. Құқыққа қарсы нәтижеге мүмкіндік туғызушы фактілер көрсетілген нәтижеге қарағанда юридистикалық маңызы болуы немесе болмауы мүмкін. Егер тараптың іс-әрекетінен нақты мүмкіндіктің себепті байланысты болса, онда жауапкершілікке тартуға жеткілікті. Ал егер тараптың іс-әрекетінде құқыққа қарсы нәтиженің абстрактілі мүмкіндігі болса, онда себепті байланыстың юридистикалық маңызының аз болуына айланысты жауапкершілікке тартуға болмайды. Нақты мүмкіндік ретінде жағдайлардың объективті қайталануын шындыққа айналдырушы мүмкіндік танылады. Абстьрактілі мүмкіндікте берілген жағдайлар объективті қайталанбайды. Егер объективті қайталанатын жағдайларда сәйкес мүмкіндік шындыққа айналса, онда осындай мүмкіндік туғызушы құқыққа қарсы нәтижені көре білуі тиіс. Және керсінше егер мүмкіндік объективті жағдайлардың қайталанбауынан керісінше егер мүмкіндік объективті жағдайлардың қайталанбауынан шындыққа айналса, онда осындай жағдайлардың объективті қайталанбайтындығы себепті мүмкіндік туғызушы құқыққа қарсы нәтижені көре алмайды. Бұл сондықтан теорияның себепті байланысының юридистикалық маңызды кінә секілді жауапкершіліктің субъективті жағдайларына тәуелді.
Осындай кемшілік себепті байланыстың қажетті және кездейсоқтық теорияларында бар. Бұл теорияның авторларының пікірінше жауапкершілік болуы үшін құқыққа қарсы мінез және нәтиже арасында қажетті себепті байланыс болуы тиіс. Кездейсоқ себепті байланыс нәтиженің туындауымен байланысты жауапкершілікке тартуға негіз бола алмайды. Осы тоериядан себепті байланыстың юридистикалық маңызы құқыққа қарсы нәтижемен кінәсі үшін жауапкершілік шектелгендігін байқауға болады. Егер тараптың әрекеті және пайда болған нәтиже арасында қажетті себепті байланыс болса, онда осы нәтижені алдын ала көруге болады және білуі тиіс. Егер тараптың әрекеті және құқыққа сыйымсыз нәтиже арасында кездейсоқ сипат алса онда осындай нәтижені көре білуі мүмкін емес. Сондықтан көре білуге қол жетпейтін құқыққа қарсы нәтижемен қарастырып отырған теориядағы себепті байланыстың юридистикалық маңызы бар.
2.3. Кінә
Азаматтық құқықтық жауапкершілік шаралары тек-қана талапкердің мүліктік қанағаттандыруына бағытталып қоймай, сонымен бірге азаматтық құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік белгілі бір превентивтік қызметін атқарады. Сондықтан азаматтық айналымның қатысушылары жауапкершілікке тартылмас үшін өзінің іс-әрекетімен басқа тараптың заңмен қорғалатын құқығын бұзбауға тырысады. Алайда жауапкершілікке тартудың артылуы қатардағы азаматтық айналымға қатысушылардың инициативасын төмендетеді. Осындай жағдайлардан арылу үшін азаматтық айналымға қатысушыларға өздерінің іс-әрекетінің нәтижесін алдын-ала көре алмауына байланысты жауапкершілікке тартылмайды. Осындай сенімділік егер азаматтық-құқықтық жауапкершілік кінәлі құқықы бұзушылық үшін қолданған кезде пайда болады. Азаматтық кодекстің 359-бабының 1-ші бөлігі осыны көрсетеді: «Борышқор кінәлі болған кезде егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, міндеттемені орындамағаны және тиісті дәрежеде орындалмағаны үшін жауап береді. Егер борышқор міндеттемені тиісті дәрежеде орындау үшін өзіне байланысты шаралардың барлығын қолданғанын дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады». Сондықтан жалпы ережеге сәйкес азаматтық құқықта жауапкершілік кінәсіне байланысты құрылады.
Құқыққа қарсы мінез және себепті байланысқа қарағанда азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің субъективті шарты болып табылады. Осы тараптың құқыққа қарсы мінездегі психикиялық қатынасын анықтайды. Кінәнің осы түсінігі теңдей заңды тұлғаларға және азаматтарға қолданылады. Заңды тұлғалардың кінәсі көрінбеуі мүмкін, өйткені оның қызметін міндеттемеге байланысты қызметкерлері атқарады. Мысалы, жұмыс күшінің немесе құралдың жетіспеуіне орай өнімді жеткізуде мерзімді өткізіп жіберсе, осы кемшіліктерді жоюға тиісті шаралар қолданбағаны үшін үшін коммерциялық ұйымның жетекшісі кінәлі іс-әрекетінен көрініс табуы мүмкін. Мысалы, қызметкердің өнімді дайындаудағы кемшіліктері.
Сонымен қатар әдебиеттерде берілген сұраққа басқа да тұжырымдар айтылады. Заңды тұлғаның кінәсі оның жеке қызметкерлерінің кінәсімен емес, сонымен бірге бүкіл ұжымның бүтіндей кінәсін көрсетеді.
Кінә қасақаналық және абайсыздық түрімен ажыратылады. Өз кезегінде абайсыздық ауыр және жеңіл түрінде кездеседі. Азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің субъективті шарты ретінде кінә адамның санасында болатын психикалық процестермен байланысқан. Алайда қоғамның өзіндік дамуына орай жауапкершілік туралы сұрақты шешу кезінде құқық бұзылғандағы адамның санасында болатын психикалық процестерді зерттей аламыз. Осы ішкі процестер туралы тек қана адамның мінезіндегі сыртқы көріністерін талқылай аламыз.
Егер тарап өзінің іс-әрекеті арқылы құқық бұзушылыққы саналы түрде жол берсе, онда кінәнің қасақаналық түрі орын алады. Азаматтық айналымдағы пайда болатын кәдімгі құбылыстар ретінде азаматтық құқықта кінәнің қасақаналық түрі жиі кездеседі. Сонымен қатар әдеттегі жағдайларды басқа тараптардың заңмен қорғалатын құқықтарын қасақана бұзады. Мысалы, тәжірибеде жеткізіп беруші сатып алушының өнімді ұстағаны үшін тиісті адреске өнімді жіберуді тоқтатады. Себебі міндеттеменің қасақана бұзушылық сферасын шектейді. Кінәнің абайсыздық түрімен жасаған азаматтық құқық бұзушылық жиі кездеседі. Бұндай жағдайларда адамның іс-әрекетінде көрінбеу істердің элементтері болмайды. Ол саналы құқық бұзушылыққа бағытталмаған, алайда адамның іс-әрекетінде мұқияттылық және байқаушылық болмайды. Қажетті байқаушылықтың және мұқияттылықтың болмауы абайсыздықтың екі түріне де тән. Кінәнің екі формасының арасында белгілі ерекшеліктер болады. Осы ерекшеліктер заңдылықта және жоғары сот органдарының түсініктерінде де жауабын таппайды. Сот тәжірибесі белгілегендей адамның адамның денсаулығына келтірілген залал үшін абайсыздықтың қайсы түрі болмасын нақтылы жағдайларды анықтауды қажет етеді.
Осы екеуін ажырату үшін одан да тереңірек бағдарлау қажет. Бұл бағдарлар ғылым дамуымен жетілген. Абайсыздықтың менмендік түрінде тараптың іс-әрекетіне байқаушылық және мұқияттылық болмайды, алайда құқық бұзушылықтан арылуға жеткіліксіз. Мысалы, азамат светофор жасыл жанған кезде өтсе, онда абайсыздықтың қарапайым түрі, ал трамвай жолында ұйықтап жатқан азамат мұқияттылық және байқаушылық элементтері болғанымен, абайсыздықтың менмендік түріне жол береді.
Жалпы ережеге сәйкес азаматтық заңдылыққа кінә жауапкершілікті шарасы ретінде емес, шарты болып саналады. Егер кінә болған жағдайда құқық бұзушы азамат кінәнің формасына қарамастан келтірілген зиянды толық көлемде өтейді. Алайда заңмен немесе шартпен кінә формасы көзделсе, онда азаматтық-жауапкершілік мөлшерінде әсер етуі мүмкін. Бұл жалпы ережеден ауытқиды, бірақ қылмыстық құқықтағыдай кінәні төрт түрге бөлу қажеті жоқ. Көп ретте жоғарыда көрсетілгендей кінәнің үш мүшелігі кінәнің ауапкершілік мөлшерінде әсер ететін болса жеткілікті. Азаматтық құқықта аралас кінә кездеседі. Аралас кінә төмендегі белгілермен сипатталады:
а) зиян тек қана несие берушінің мүліктік сферасында жинақталады.
б) зиян бүтіндей бірлікті құрап, борышқордың кінәлі әрекетін және несие берушінің кінәлі әрекетін анықтауға мүмкін болмайды.
Аралас кінә түрінде борышқордың зиянды әрекеті қанша, ал несие берушінің кінәсінің қанша екендігін анықтау мүмкін болмаған кезде, осылардың арасындағы зиянды анықтау кезінде тек бір белгі ретінде борышқордың және несие берушінің кінәсімен дәрежесін (формасын) анықтауға қолданады. Бұл кезде міндеттеме қайсы тараптың кінә дәрежесі көбірек болса, зиянның көп бөлігі соның есебінен өтеледі.
а) зиян несие берушінің мүліктік сферасына пайда болады.
б) зиян екі немесе одан да көп тараптардың құқыққа қарсы әрекетімен келтіріледі.
в) тараптардың қайсысының әрекетіне зиян келтіру мөлшерін анықтау болмайды.
г) бірлесіп зиян келтірушілер несие берушінің алдында солидарлы жауапкершілікте болады.
Кінәнің болмауынан міндеттемені бұзған тарап дәлелдейді.
Қылмыстық құқыққа қарағанда азамматтық құқықта құқық бұзушының кінәлі презумпциясын көрсетеді. Соңғы өзінің кінәсіздігін дәлелдегенше кінәлі деп танылады. Егер азаматтық айналымға қатысушылардың біреуі құқыққа қарсы әрекетімен азамматтық айналымды бұзатын болса, әрекет салдарынан зиянның болғанын зиян келген тарап қана біледі. Сондықтан осы тарапқа зиянның болуы және құқыққа қарсы әрекетімен азаматтық айналымды бұзатын болса, әрекет салдарынан зиянның болғанын зиян келген тарап қана біледі. Сондықтан осы тарапқа зиянның болуы және құқыққа қарсы әрекетімен құқық бұзушының арасындағы себепті байланысты себепті байланысты дәлелдеу фактілері жүктеледі.
Алайда талапкер құқық бұзушының міндеттемені орындауда қандай шаралар қолданғанын және оның санасында қандай психикалық процестер қалыптасқанын, құқық бұзушының байқаушылық дәрежесі қандай болғандығы біле алмайды. Сол уақытта құқық бұзушыға осының барлығы белгілі болады.Талапкерге қарағанда өзінің дәлелдемелерін келтіре отырып құқық бұзушы кінәсіздігін дәлелдей алады. Сондықтан азаматтық құқықта құқық бұзушы өзінің кінәсіздігін дәлелдегенше кінәлі болып есептеледі. Сонымен қатар азаматтық заң бекіткендей құқық бұзушының кінәлілік презумпциясы туралы сотқа талапкер де өзінің дәлелдемелерін де келтіре алады.
Азаматтық айналымдағы қатардағы субъеатілермен бірге өзінің кәсіпкерлік қызметін тәуекелге бел буып жүргізетін тауар-ақша қатынасындағы кәсіпкерлер де қатыса алады.
Осыған байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы азамматтық құқықтық жауапкершілік тәуекел кезінде құрылады.
Азаматтық Кодекстің 359 –бабында 2-ші бөлігі және 360 — бабында былай делінген: «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған адам, егер бой бермейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі төтенше жән тойтаруға болмайтын мән-жайдың (дүлей-құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) салдарынан тиісті дәрежеде орындауға мүмкіндік болмағандығын дәлелдей алмаса, мүліктік жауаптылықта болады. Ондай мән-жайларға, атап айтқанда міндеттемені орындау үшін қажетті тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудің рынокта болмауы жатпайды.
Егер міндеттемеде кәсіпкердің тапсырысы бойынша әлде бір жұмысты орындау көзделсе, жұмыстың нәтижесін пайдалануды мүмкін еместігі немесе оны пайдаланудың тиімсіз болу тәуекелі кәсіпкерге жүктеледі.
Кәсіпкерге міндеттемені орындамағаны немесе тиісті дәрежеде өзінің кәсіпкерлік қызметін орындамағаны үшін жауапкершілікте болады.
Алайда, кәсіпкерлік қызметпен байланысты міндеттеме кәсіпкер қатысы оның жауапкершілігі тәуекел ету барысында емес, кінәсіне қарай болады. Кәсіпекерлік қызметті жүзеге асырудағы кәсіпкердің жауапкершілігі шексіз емес. Егер міндеттемені орындауда бой бермейтін күштің әсерінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мүмкін болмағандығын дәлелдей алса, кәсіпкер жауапкершіліктен босатылады.
Бұл ереже диспозитивті сипатта екендігін естен шығармау керек. Осы сұрақтың басқа шешімі заңда немесе шартта көзделуі мүмкін. Азаматтық заңдылық негіздеріне сәйкес келтірілген зиян үшін жауапкершілік егер оның кінәсінен болмағандығын дәлелдей алса, залалды өтеуден босатылады.
Тасымалдау шартын бекіту кезінде тараптарегер кінәсі болмаған жағдайда жауапкершіліктен босатуды белгілеуі мүмкін.
Көтеріңкі қауіппен байланысқан (транспорт ұйымдары, өндірістік кәсіпорындар,құрылыстар, автотранспорт құралдарының иелері және т.б. азаматтар және заңды тұлғалар, егер бой бермейтін күштің немесе талапкердің қасақана әрекетінен зиянның келгендігін дәлелдей алмаса, көтеріңкі қауіптің қайнар көзімен келген зиян үшін жауап береді.Көтеріңкі қауіптің қайнар көзіретінде көрсетілген обьектімен толық адам басқара алмайтын,өзінің зиянды қасиеттерімен ерекшеленетін материалдық обьектілер танылады. Мысалы, томобильді қас қағым сәтте тоқтату мүмкін емес, өйткені қоршаған ортаға көтеріңкі қауіп туғызады. Көтеріңкі қауіптің қайнар көздерінің иелері көтеріңкі жауапкершілікті қолдану (кінәсіне қарамастан) оларды көтеріңкі қауіп қайнар көздеріне әрдайым мұқият бақылап отыруға ықпал етеді.
Сақтау қызыметімен байланысты ұйым мүліктің зақымдану немесе кемшілігі бой бермейтін күштің әсерінен болмаса, жауапкершіліктен босаылады.
Алайда азаматтық заңдылықпен бекітілгендей кінәсіне тәуелсіз жауапкершілікті белгілеу шексіз емес.Кейбір жағдайларда егер талапкердің қасақана әрекетінен болса жауапкершіліктен босатылады.Мысалы,көтеріңкі қауіп қайнар көзінің иесі егер зиян талапкердің қасақана әрекетінің салдарынан болғандығын дәлелдей алса,жауапкершіліке тартылмайды.Көп ретте бой бермейтін әрекеті орын алса жауапкершілік қолданылмайды.
Ежелден тыс СССР – дің әуе кодексінің 101- бабына сәйкес самолетті қондыру, ұшыру кезінде жолаушыға келтірілген зиян үшін бой бермейтін күшке қарамастан әуе транспорт кәсіпорын жауапгершілікке тартылады. Осыған байланысты оқиға және бой бермейтін күшті ажыратып алуымыз қажет.
Оқиға – бұл алдын-ала ешкім көру мүмкін емес жағдай. Егер орқиға орын алса, онда кінәнің да болуы да мүмкін емес. Алдын-ала көріп білуге мүмкін болмағандықтан, оқиға субъективті қарсы тұра алмаушылығымен сипатталады. Сонымен қатар тарап болатын оқиға туралы білсе, онда оның алдын- алуға мүмкін болар еді. Мысалы, сауда ұйымы халықтың әкелінген тауарға сұраныстың төмендейтінін білген болса, онда өзінің сауда айналымын тоқтатпас үшін басқа тауар әкелетін еді.
Егер оқиға субъективті алдын-ала алмаушылық тән болса, бой бермейтін күшке объективті алдын алмаушылық тән. Оны көріп білу ғана емес, сонымен бірге оның алдын алуға мүмкіндік болса, да оған тараптың іс-әрекеті жеткіліксіз. Мысалы, кеме жүк тасымалдау міндеттемесіне сәйкес жүк иесі тиісті күнде жеткізе алатындағын білсе де, сол күні теңізде дауыл болуына байланысты жеткізе алмауы.
Бой бермейтін күші ретінде табиғат құбылыстарын жатқызамыз (жер сілкінісі, су тасқыны, дауыл т.б.) сонымен қатар қоғамдық құбылыста(әскери іс-әрекет, көтеріліс, міндеттемеде көзделген іс-әрекетке тиым салушы құзретті билік органдарының бұйрығы және т.б.). Алайда міндеттемені орындауда бой бермейтін күштің белгілі болуы үшін оған төтенше және жоя алмаушылық белгілері тән осы аталған екеуін біреуі жоқ болса, онда тиісті міндеттеме бой бермейтін күш ретінде саналмайды. Жыл мезгілдеріне ауысуына жоя алмаушылық тән, алайда ол төтеншілік белгісі жоқ әдеттегі құбылыс. Сондықтан берілген жағдай бой бермейтін күшінде саналмайды. Бой бермейтін күш ретінде кісі өлімін қарастыруға болмайды, өйткені оның төтенше қасиеті жоқ.
Бой бермейтін күшке берілген мысалдағыдай төтеншілік және жоя алмаушылық қасиеті тән. Ал басқа жағдайларда міндеттемені орындау кезінде тарапқа бой бермейтін күш әсер етуі мүмкін, ал кейбірінде міндеттемені орындауға кедергі болатын әдеттегі құбылыс ретінде қарастырылады. Дауыл туралы хабарлаған кезде кеме теңізге шығып кеткен болса және жақын жердегі портқа келе алмаса онда дауыл бой бермейтін күш болып табылады.
Егер кеме иесі дауыл туралы хабарлаған кезде портқа жақын болса, және тиісті шаралар қолданбаса, онда бой бермейтін күш ретінде қарастырылмайды. Орман өрті өрт сөндіруге құралы жоқ тарапқа бой бермейтін күш ретінде саналады, ал өрт сөндіру құралы бар тарапқа бой бермейтін күш ретінде қарастырылмайды.
Ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен байланысты бой бермейтін күш түсінігі туралы пікірлер көбеюде. Бұрынғы бой бермейтін күш ғылым және техника жетістіктеріне байланысты төтеншелік белгісі болып немесе жоя алмаушылық белгісінің бірі ретінде саналып, бой бермейтін күш маңызын жоғалтып отыр. Мысалы: найзағай бұрын бой бермейтін күш ретінде саналған. Қазір техника жетістіктеріне байланысты азаматтық қатынасқа қатысушылар оны бой бермейтін күшке жатқызбайды.
2.4. Зиян
Зиян — заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды. Залалдың ақшалай баламасы шығын деленеді.
Азаматтық кодекстің 9-шы бабында құқығы бұзылған адам, егер заң мен шартта аз мөлшердегі шығын қаралмаса, өзіне келген залалды толық қалпына келтіруді талап ете алатындығы бекітілген. Залалдың орнын толтыру жөніндегі норма императивті тұрғыда келеді, ол барлық азаматтық құқықтық қатынастарға жүреді және жақтардың шартында шығынды келтіру қаралды ма, жоқ па, оған қарамай әрекет ете береді.
Мемлекеттік өкімет билігі органының, өзге де мемлекеттік органының заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан азаматқа немесе заңды тұлғаға Қазақстан Республикасы немесе тиісінше әкімшілік аумақтық бөлініс өтеуге тиіс.
Залалдар мынадай екі түрге бөлінеді:
1) Құқығы бұзылған тұлға жасаған немесе жасауға тиісті шығыстар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан);
2) Сол тұлғаның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда).
Мысалы: тасымалдау шарты бойынша мүлік бүлінсе немесе зақымдалса, онда тасымалдаушы тек қана нақты нысан мөлшерінде шығынын төлейді. Ал айырылып қалған пайдаға, мәселен, азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзге де зақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан немесе анық иелене алатын табыс, сондай-ақ денсаулыққа зақым келтіруден туындайтын шығындар (емделуге, қосымша тамақтануға т.б.) жатады.
Егер құқықты бұзған тұлға кейін кіріс түсіретін болса, онда құқығы бұзылған тұлға өзге де айырылып қалған пайдасымен қоса түсуге тиісті кірістен кем емес мөлшерде орын алған залалды қалпына келтіруді талап ете алады.
Мүліктік емес зиянға тұлғаның дене кемтарлығы мен психикалық ауруына байланысты моральдік адамгершілік зардап, іскерлік беделге келетін залал, біреудің атын пайдаланып оған залал және т.б. жатады.
2.5. Азаматтық –құқықтық жауапкершілік тұтынушылардың құқығын қорғау құралы.
Тұтынушылардың құқығын қорғау ретінде мүліктік жауапкершілік ерекше орын алады. Нарықтық экономикаға өтуімізге байланысты мүліктік жауапкершіліктің ролі артып келеді. Оның негізгі мақсаты құқығы бұзылған тараптың мүліктік сферасын қайта қалпына келтіру болып табылады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік юридистикалық жауапкер-шіліктің бір түрі. Осыған байланысты оған юридистикалық жауапкершілік белгілері тән. Құқық бұзылған кездегі мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары ретінде жауапкершілік кеңінен таралған.
В.П.Грибановтың пікірі бойынша мүліктік жауапкершілік мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың мәжбүрлеу формасы.
Тұтынушылардың құқығын қорғау құралы ретінде азаматтық –құқықтық жауапкершілікті қарастыра отырып оның қызметін анықтап алуымыз қажет. Әдебиеттерде азаматтық-құқықтық жауапкершілік компенцациялық сипатта кеңінен таралған.
Нарықтық экономикасы таралған елдерде дайындаушының шығарған затының кемшілігі арқылы келтірген зияны үшін тікелей жауапкершілік шектелген. Англо-американдық құқықтар деффектілі өнімді шығарғаны үшін жауапкершілік прецедент ретінде қалыптасады.
Қызмет көрсетуі кезінде келтірілген зиян үшін жауапкершілік жұмысшылар немесе ұйым мүшелерінің қызметінің нәтижесінде құқыққа қарсы іс-әрекетінде пайда болады. Ұйым тек қана оның қызметкерлерінің немесе жұмысшыларының ұйым тапсырмасын орындау кезінде ғана іс-әрекетіне жауап береді. Ұйым қызметкерлері мен мүшелері талапкерлер алдында еңбек құқығының нормалары негізінде жауап береді. Мүліктік залал келтірілген ұйымның кінәсі мен юридистикалық міндеттемені бұзу арқылы келтірілген зиян арасында себепті байланыс болуы қажет. Азаматтық заңдылыққа сәйкес келтірілген зиян үшін ұйымды жауапкершіліктен босату оның кінәсінің жоқ болуымен байланысты.
Азаматтық құқықта келтірілген зиян үшін жауапкершілік объективті болып табылады. Халықтың денсаулығы мен қауіпті тауарлар шығару және қызмет көрсету жауапкершіліктің ерекше түрін көрсетеді. Азаматтық –құқықтық жауапкершілікте халықтың денсаулығы мен өміріне қауіпті тауар шығару және қызмет көрсетуден пайда болған келтірілген зиян үшін жауапкершіліктен босатылмайды. Басқа сөзбен айтқанда бұл жауапкершілік түрі абсолютті.
Тағы да маңызды сұрақ етінде тұтынушылардың құқығымен байланысты мүліктік жауапкершілікпен қатар моральдік зиян өтеу қолданылады. Ұзақ уақыт бойы советтік құқық ғылымында моральдік зиянды өтеу буржуазиялық құқықтың белгісі ретінде қалыптасып келеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Нарықтық экономикаға өтуімізге байланысты азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ролі артып отыр. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өзін демократиялық, құқықтық, зайырлы мемлекет құруды алға мақсат етіп қойды. Ал құқықтық мемлекет құру заңдылықты оқу, білу және заң бұзушылыққа жол бермеу қажет. Заң бұзушылықты болдырмау үшін жауапкершілікті қолданамыз.
Қылмыстық құқыққа қарағанда азаматтық құқықтық жауапкершілік жиі қолданылады. Жауапкершілік мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының түрі. Сондықтан мемлекет тарапынан шығарылатын заңдар, нормативті құқықтық актілерді жауапкершілік шегі көрсетіледі.
Сонымен қатар жауапкершілікті үлесті, солидарлы және субсолидарлы деп бөлудің өзіндік себептері бар. Несие берушінің құқығын қорғауда жан-жақты қарастырылып отырған жауапкершілік түрлерінің маңызы артады. Яғни несие берушінің құқығы бұзылған кезде борышқордың кез келгенімен өндіріп алу артықшылығы туындайды.
Қылмыстық заңда көрсетілгендей кінәсіз адамды жауапкершілікке тартуға болмайды. Қашан соттың үкімі шықпағанынша ол кінәсіз деп танылады. Осыны кінәсіздік презумпциясы дейді. Ал азаматтық заңдылықта кінәсіздік презумпциясы қолданылмады. Борышқордың кінәсін бар-жоғына қарамастан келтірілген зиян үшін несие берушінің алдында жауап береді. Бұл да азаматтық құқықтық жауапкершіліктің артықшылығын көрсетеді. Азаматтық Кодексте көрсетілгендей материалдық және материалдық емес игіліктер заңмен қорғалады. Материалдық емес игіліктерге азаматтың рухани залалын айтуға болады. Ал несие берушінің жеке басына, денсаулығына зиян келсе, онда рухани залал орын алады. Онда екі залал да өтелуі тиіс.
Азаматтық құқықтық жауапкершілік шартты және шарттан тыс жауапкершілікті белгілейді. Шарттан тыс жауапкершілік шартты жауапкершілік көзделмеген кезде туындайды.
Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқық бұзушылық алдын алу шарасы. Жауапкершілікке тартылатынын білген борышқор құқық бұзушылыққа жол бермейді. Тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кеңінен жол ашады. Бұл ретте Президент тарапынан бірнеше игі шаралар жасалды. Атап айтқанда, «Кәсіпкерлік қызмет» туралы Президент Жарлығы. Көбіне кәсіпкерлік жүзеге асырғанда азаматтардың құқығына нұқсан келеді. Кәсіпкердің жаупкершілігі ол кәсіпкерлік қызметті орындауда тәуекелге буған кезде пайда болады.
Азамматтық құқықтық жауапкершілікке тарту үшін оның шарттарына сүйенеміз. Жауапкершілікке тарту үшін осы шарттардың бар болуы жеткілікті. Бұл шарттар туралы жоғарыда біз айтып өттік. Азамматтық құқықтық жауапкершілік мағынасы жылдан — жылға арта береді. Осы түсінік туралы пікірлер тәжірибеде және теорияда ғалымдардың жаңа түсініктерін қалыптастыруға бастау болады.
Библиографиялық тізім:
- Қазақстан Республикасы Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз.
- Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ халқына «Қазақстан-2030» Жолдауы.
- Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі. 2000 жылдың 1 сәуіріне дейінгі өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Алматы // Жеті Жарғы.
- Гражданско-правовая ответственность. Васькин В.В., и Овчиников И.Н.. 1998 г.
- Гражданское право. Под ред. доктора профессор юридических наук.
А.П. Сергеева. Санкт-Петербург 1996 г.
- Основы гражданского право. М.Г. Маркова.
- Гражданский Кодекс РК коментарии. Общая часть. Алматы.
М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин.
- Гражданское право. Е.А.Суханов.
- Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства. Алматы, «Әділет-Пресс», 1997 г.
- Гражданское право. Учебник / Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого. М., 1997г.
- Юридическая ответственность и законность. Братусь С.Н. Москва, 1996 г.
- Гражданское право, часть вторая в вопросах и ответах. Москва юристь 2001г.
- Алексеев С.С. Проблемы теории права – М., 1972г.
- Гражданский Кодекс РК толкование и комментирование, Алматы, 1997 г.
- Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. Ғ. Сапарғалиев. 1995 ж.
- Гражданская правовая ответственность за пречинение вреда. Теория и практика. Белякова М. А. 1996 г.
- Ответственность за нарушение гражданских прав и обязанностей. Грибанов В.П., Москва 1993 г.
- Ответственность в коммерческом обороте. Комаров А.С. Москва 1991 г.
- О возмещение ущерба гражданам. А.Бризиский, 1992 г.
- Вина как субъективное основание гражданско-праовой ответственности. Учебник. В.А.Варул. 1996 г.
- Причинная связь как условие юридической ответственности. Егоров Н.Д., Москва 1991 г.
- Правонарушение, понятие, причины, ответственность. Малейн Н.С. Москва 1995 г.
- Правовое экономика. Проблемы становления. Угинский Б.И., Сафиуллин Д.Н., 1991 г.
- Гражданско-правовая ответственность за вред, причинный преступлением против личности. А.Т.Ашеулов, Г.А.Жайлин. Алматы, Издательства Каз ГЮУ 2000 г.
- ҚР азаматтық құқығы. Ғ.Төлеуғалиев, І том. Алматы 2001 ж.
- ҚР Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім 1995 ж. 1 наурыз).
- ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 6 қаулысы «Азамматтардың және ұйымдардың ар-намысын және абыройын қорғау» 18 желтоқсан 1992 ж.
- ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» заңы 1997 ж., 17 сәуір.