Азия қауіпсіздігі Шанхай ынтымақтастық ұйымы.

28 января, 2020 23:04

Кіріспе

 

Курстық жұмыстың өзектілігі

Азия қауіпсіздігі туралы айтқан кезде Шанхай ынтымақтастық ұйымы  туралы айтпай кетуге болмайды. Бұл ұйым КСРО мен ҚХР арасындағы күрт егес жағдайында қиындықпен тамыр жайды. Кеңес-Қытай қатынастары қалпына келе бастағаннан кейін шекара ауданында сенім шараларын нығайту туралы мәселелерді қарау үшін бірлескен топ құруға шешім қабылдады. Бұл уағдаластыққа сол кездегі министрлер Э. Шеварднадзе мен Цянь Цичэнь өз қолдарын қойып ресімдеді. Топтың кеңестік бөлігінде сол кезде осы күрделі үдерістің алға жылжуына зор үлес қосқан тәжірибелі қытайтанушылар Генрих Киреев пен Виталий Воробьев жұмыс істеді.

КСРО тарағаннан кейін осы аса маңызды салада одан әрі жұмыс істеу туралы мәселе тұрды. Әлі есімде, 1992 жылы наурызда мені Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақырып, жұмысты жаңа пішімде жалғастыру қажетттігі туралы ұзақ түсіндірген-ді: бір тарап – Қытай, ал екінші тарап – біртұтас делегацияға біріккен жаңа тәуелсіз мемлекеттер болмақ. Келіссөздерді осындай пішімде жүргізу жөнінде ҚХР – мен жарты жыл бойы қызу пікір талас жүрді. Ресейліктер КХР мен ортақ шекарасы бар бұрынғы кеңес елдері құрамында біртұтас делегация құруды талар етті. Мемлекеттер бөлектеніп кеткен екен, онда оларға Қытаймен келіссөздерді әрқайсысы өздері жүргізгендерді дұрыс деген басқа да пікір болды. Бірақ түптеп келгенде, салауатты ой жеңді және осынау күрделі жағдайда Қытай жағы сындарлық көрсетті. Пекин Ресей жағының өкілі басқаратын бірлескен делегациямен жұмыс істеуге дайынбыз, егер бұған басқа мемлекеттер қарсы болмаса деп мәлімдеді.

Біз Қазақстанда бұл мәселені талқылаған кезде біздің жас мемлекетіміз үшін Қытаймен шекара ауданында сенім шаралары проблемасы төтенше маңызы бар екендігін негізге алдық. Сондықтан Қытаймен келіссөздерді жалғастыруға шешім қабылданды. 1992 жылғы 8 қыркүйекте мен Президенттің тапсырмасымен Минскіде шекара ауданында сенім шараларын қамтамасыз ету жөнінде Қытаймен келіссөздер үшін Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан құрамында бірлескен делегация құру туралы баяндалған хаттамаға қол қойдым[1].

«Шанхай бестігі» кездесуінің өзі өте жемісті өтті. Цзян Цзэмин бес шекарамаңылық мемлекеттің ынтымақтастығын дамытудың мәні жөнінен бағдарламасы іспетті болған сөзі баршаның есінде қалды.[2] Кездесуге қатысушыларға Қытай «Шанхай бестігін» дамытуға бірінші дәрежелі маңыз беретіндігі және оны іске қабілетті ұйымға айналдыру мақсатын көздейтіні кездесуге қатысушылардың бәріне де түсінікті болды. Біздің Презитентіміз

Н.Ә.Назарбаевта осы тұрғыда сөйледі. Оның ұсынысы бойынша Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды, онда Азия құрлығындағы қауіпсіздік және ынтымақтастықты кеңейту проблемаларын қарау үшін сыртқы істер министрлері, үкіметтер басшылары және мемлекеттер басшылары деңгейінде ұдайы кездесіп отыру қажеттігі туралы айтылды.[3]

Жаңа ұйымда бұрын бірде бір блокқа, бірде-бір ұйымға кірмеген Қытай басшылық рөлді өзіне алғаны атап айтар жәйт. 70 – жылдары Қытайдың халықаралық лексикасында ешқандайда себеппен, қандай да бір халықаралық ұйымға кірмеу деген мағына беретін «бу цземэн» деген термин болатын. Бірақ геосаяси ақиқаттың өзгеруімен Пекин айтарлықтай икемділік танытып, іс жүзінде Орталық – Азия сияқты маңызды аймаққа өз ықпалын жүргізу ниетін аңғартты.

Баспасөз маслихатының алдында Қытай премьері Чжу Жунцзи: «АҚШ-ғы жаратылыстардан соң бір түн ішінде ғана Қытайда алтын-валюта қоры 10 миллиард доллорға азайып кетті»,- деп мәлімдеді. Қытайлық әріптесімнің Нью-Йорк мэрі Р. Джулианидің зәулімдер үйіндісінің орнына одан да сәулетті жаңа ғимараттар салумен айналысатын боламын деп мәлімдеген қылығына күйінгені есімде қалыпты: «Ол камера алдында қаздиа қалғанша, әлі де құтқаруға болатын адамдар туралы ойласайшы»,- деп мәлімдеді Қытай басшысы Цзян Цзэмин. Жалпы алғанда үкіметтер басшыларының Алматы кездесуі кезінде үлкен өкініш және халықаралық лаңкестіктің төніп келе жатқан жаңа қатеріне алаңдаушылық көңіл ауғанын қатты сезіліп тұр.

Сондықтан «Шанхай бестігінің» Алматы отырысы қалыптасып келе жатқан ұйым аясында өзара іс-қимылды дамытуда өзіндік серпіліс болды деп сеніммен айта аламын[4].

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев рәсімде бес мемлекет басшылары қол қойған шекара ауданындағы әскери саладағы сенімді нығайту жөніндегі келісімге қол қойылуы Азия-Тынық мұхит аймағындағы осындай әскери саяси деңгейдегі және географиялық ауқымдағы алғашқы құжат болып табылатындығын мәлімдеді. Осындай бірегей келісімнің әрекет ету аясында орасан зор әскери әлеуетті өзара бақылау, ал кейіннен оны қысқарту көзделіп отыр. Осындай келісім Азия-Тынық мұхит аймағында және жалпы алғанда Жер шарының бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдап, одан әрі нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.

Осы келісім елдеріміздің арасындағы байланыстарды екі жақты да, көп жақты да дәйекті әрі жемісті дамыту үшін берік негіз қалап отыр.

Осы актінің бірегейлігін мынадан көруге болады: бес мемлекет ұзақ уақытқа созылған келіссөз барысында аса маңызды проблемаларды шешуге деген біртұтас тұжырымдамалық көзқарасқа келді.[5]

Президент Н. Назарбаев келісімнің тағы бір маңызды басымдығын атап өтті. Онда келісімдерді орындау процедурасына және өзара бақылауды жүзеге асыруға байланысты барлық мәселелер мен мерзімдер әбден айқын ескерілген.[6]

2006 жылы 13 маусым күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекет басшылар кеңесінің кезекті саммитіне қатысу үшін Шанхайға келді. Қазақстан өз кезегінде ШЫҰ – ның белсенді мүшелердің бірі ретінде бас қосудың тұжырымдық қорытындысына айрықша мән береді.

ШЫҰ негізінде аймақтық қауіпсіздігі негізінде нығаюмен қатар оған мүше елдер арасындағы өзара сенімділік серпіні жаңа бағыт алуда. Атап айтқанда инвестиция игілігінің  нәтижесі және сауда-экономикалық байланыстардың жақсаруы – жоғарыда айтып отырған ұйым жұмысының жемісті болуының арқасы.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев КХР-дің төрағасы Ху Цзиньтао мен кездесіп, екі ел арасында экономикалық және көршілік қарым-қатынастарды жақсартудың болашағы жағдайында әңгіме өрбітті. Бұл бас қосу «Шанхай бестігінің» он жылдығына арналғандықтан Қытай жағы аталмыш Саммиттің мерекелік деңгейде өтуіне жақсы жағдай жасалған. [7]

ШЫҰ-ның ұстанып отырған бірегей саясатына Батыс елдері де назар аудара бастаған.  Өйткені  жыл өткен сайын ұйымның бейбіт ұстанымы мен саяиси көрегендігі әлемдегі тұрақтылықты талап етеді. Сондықтан да жаңа өмірлік бастамалар аталмыш ұйымның кеңесінде дүниеге келіп жатқаны мәлім. Осының айқын айғағындай, саммит жұмысын әлем қауымдастығын насихаттау үшін әлемнің әр түпкірінен үш жүзге жуық журналистер келген. [8]

Мелекет басшысы Н. Назарбаев Қытайдың жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілеріне сұхбат бере отырып, журналистардің « Қазақстан  — Қытай  қарым-қатынасының келешегі кандай?»,- деген сұрауға толық қанды жауап қайтарды.[9]

Естеріңізге сала кетейік, — деді Елбасы. – Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Қытаймен қарым-қатынасын « нөлден» бастады деуге болады. Ал, бүгінде екі жақты қарым-қатынастар стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріліп отыр. Екі жақты байланыстарды дамытудың бірінші маңызды нәтижесін ерекше атап өткім келеді. Біріншіден, 2002 жылғы желтоқсан айындағы Қазақстан мен Қытайдың арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. Бұл екі жақты қатынасты әрі қарай дамытудың тарихи ірге тасы. Екіншіден шекара мәселесі толық реттелді. Үшіншіден эконоимкалық ынтымақтастық нығайтылды. Бүгінгі күні екі ел арасындағы тауар айналымы 6 миллиард доллордан асып отыр. Былтыр төраға Ху Цзиньтао екеуміз тауар айналымы көрсеткішін 10 миллиард доллорға жеткізу туралы міндет қойдық. Біз Қытай сияқты қарқынды дамушы елмен өзара тиімді байланыстарға балама жоқ деп санаймыз.[10]

Тақырыптың зерттелу деңгейі —  ШЫҰ туралы жазылған деректер, құжаттар, шыққан еңбектер, мақалалар көптеп табылады. Бұл ұйым туралы саяси көзқарас бейнелерді, болған оқиғаларды, өткен кездесулер мен скммиттер, сонымен бірге оның көптеген қарама-қайшылықтары жетерлік болып табылады. Осы ұйымға байланысты мақалалар мен тарихи ойлар жазылып шығарылған. Солардың негізгілері мыналар болып табылады:

Н.Ә.Назарбаев, «Сындарлы он жыл»., Алматы, Атамұра 2003ж, Н.А. Назарбаев «На пороге XXI века», -Алматы 1996г, -с 220, Н.Ә. Назарбаев «Тарих толқынында», -Алматы 1999. -197 б, С.Абдулпаттаев « Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» — 75-80беттер, 1-2-3-ші кітаптарынан, Тоқаев К.Қ. «Беласу»., Дипломатиялық очерктер., -Алматы., 2003ж, -386-396 беттер, Тоқаев К.Қ. «Тәуелсіздік туы астында», -Алматы 1997 ж., — 192-194, Г.Б. Хан, Л.С. Суваров, Г.Б. Рахманов. «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» Монография., -Алматы 2003ж, -165-188 беттер.

«Егемен Қазақстан» газеттерінен 6 шілде, 2005ж «Тереңдей түскен түсіністік»,  5-б, «Әріптестік», «ШЫҰ-ға қатысу қазақ мемлекеттілігін бекемдеу факторларының бірі», «ШЫҰ Қазақсатан сыртқы саясатының басым бағыты», «ШЫҰ-ның негізгі жетістіктері», «ШЫҰ-ның тиімділігін арттыру» -5-6-шы беттер,. «Егемен Қазақстан» 2005ж, 6 шілде №150-151(24109) Алып Азияның ұлы ұйымы, -1-2беттер, ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшыларының Декларациясы – 1-2 беттер., «Заң газеті» 2005ж, 6 шілде, №56 Ұйымның беделі артып келеді, -1б., «Егемен Қазақстан» 2005ж, 1 шілде, Қауіпсіздік пен тұрақтылық – қоғам дамуының алғышарттары, -1-2 беттер., «Дала мен Қала» 2005ж, 8 шілде, №27 (104) Елорда тізгінді Пекинге берді, -5б, Қазақстан үшін бұл ұйымның экономикалық, саяси маңызы бар, -6б, Маңыздысы өз ерекшелігіңді сақтай білу, -5-6беттер., «Жас Қазақ»2005ж,8 шілде №27 (27) ШЫҰ әлі сәбидің жасында, -5, Кеше «бестік», бүгін «алтылық». Ертең ше? -1-4 беттер, Бізге масыл болып отыратын одақтас керегі жоқ, -4б, АҚШ қарап қалмаса кере-ті, -5-6 беттер., «Егемен Қазақстан», Әлем Астанаға көз тігеді, -6 б, Азия алыптары ШЫҰ-ға ұмтылады, -5б., Қ.К. Тоқаев Қазақстан және қауіпсіздік // Егемен Қазақстан 2004ж, 27 қазан.,

«Егемен Қазақстан» газеттері, Астана хабары, Ақиқат № 8, Дипломатия жаршысы, ШЫҰ Хартиясын бекіту туралы  Қазақстан Республикасының заңы №422, Дала мен Қала, Алматы ақшамы, Пезидент және Халық, Жас қазақ, ҚР-ның Парламентінің жаршысы №11,  ШЫҰ Хартиясын бекіту туралы ҚР-ның Заңдары №465, Ақ Орда, т.б деректер мен еңбектер оның тарихи маңыздылығы мен міндеті төменде көрсетіледі.

Курстық жұмыстың мақсаты – негізінен бұл ұйымның қалыптасу жағдайы мен оның себептеріне және де кезеңдер төңірегіндегі саяси белсенділікке тұжырымдар жасаумен олардың ішкі және саяси күштерінің қалыптасып дамуына оны халық бұқарасының белсенділігінің артуымен сипатталады. Осы себептерге байланысты курстық жұмыстың да алдына қойған мақсаттары мен міндеттерінің келесі тұжырымы мыналар болып табылады:

— ШЫҰ алдына қойған мақсаттары мен қызметі;

-Басшылардың бір-бірімен кездесуі нәтижесіндегі қол қойылған құжаттар;

— Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасы;

— Сауда, қауіпсіздік, экономика, инвестиция саласындағы қызметтері және саясаттарының қорытындыларын пайымдап, кеінгі мәселелерге талдау жасау болып табылады.

Зерттеу жұмысының қолданбалық маңызы – курстық жұмыс ШЫҰ мәселелелерін қазіргі уақыттағы талапқа сай және оның белсенділігінің сонымен қатар жаңашылдылығының көзделуін, жаңа көзқараспен зерттелген құжаттардың қатарын толықтыра түседі. Осы зерттеу барысындағы жұмыстар, құжаттар және қорытындыларды ШЫҰ саяси және құқықтық ойлар дерегі, сонымен бірге тақырыпта қозғалатын мәселелер мен міндеттердің жиынтығын болашақ жұмыстарда пайдалану.

Зерттеу жұмысының деректік негізі – осы курстық жұмысты жазу барысында, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасынан, Ы. Алтынсарин кітапханасынан, Ғылым Академиясының Орталық кітапханасынан және университеттетдегі кітапханалардан, сонымен қатар интернет желісіндегі мптериялдарға сүйене отырып, осы тақырыпқа арналған әдебиеттерден алынды.

Курстық жұмыстың құрылымы – негізгі кіріспеден, басты екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Міне, осы басты деген курстық жұмыстың негізгі талаптарына сай өрбу жүргізіледі.

I тарау.Қазақстан- Қытай ынтымақтастығының  негізгі мақсаттары.

Қазақстан-қытай ынтымақтастығын жөнге салу бірінші қадам Кеңес Одағының кезінде Қазақ ССР–ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1991ж. шілдеде Қытай Халық Республикасына барған сапарынан басталады. Ол кезде өз тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан Кеңес Одағының бір бөлігі болып қалды, сондықтан тікелей серіктестік ретінде біздің елмен шекараласқан Шынжан –Ұйғыр автономиялық аймақпен байланысу таңдап алынған. Қазақ ССР және Шынжан арасындағы принциптерімен негізгі ынтымақтастық бағыттары туралы Келісімге қол қойылды.[11]

Тараптар келісімде ең жақын көрші ретінде бір біріне сенушілік және ынтымақтастықты қатынас ретінде мәлімдеді.

Екі жақ тауар айырбасын, қаржы қызметі және экономика саласында ынтымақтастықты нығайту үшін қолайлы жағдайды жасауды міндеттеді.

1990 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы темір жолдың ашылуына ризашылық білдірлді. Қазақстанның тынық мұхит жағалауына қысқа жолмен жетуіне үміт пайда болды.

Сол кезде екі ел үкіметтерінің арасында Сауда келісіміне қол қойылған болатын.

Бес жылдан кейін Н.Ә.Назарбаев өзінің естелігінде: « Біз үшін Қытаймен дұрыс достық қатынас – бұл тағы да бір бейбітшілікке жол. Қазақстанға ол кезде тек қана ресей арқылы өтетін жол болған. Солай істеу Орталыққа тиімді блды. Осындай жағдай пайда болғандықтан сыртқы рынокқа балама жол іздедік».[12]

Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасында дипломаттық қатынас 3 қаңтар 1992 жылы орнатылды. Дипломатиялық қатынасты орнату туралы біріккен коммюникеде: «Екі ел халықтарының мүдделерін сәйкес Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Үкіметтері арасында елшілер деңгейіндегі дипломатиялық қатынас 3 қаңтар 1992 жылы орнатды шешті. Екі ел Үкіметтері екі ел арасындағы достықты, ынтымақтастықты нығайту үшін екі жақты тәуелсіздікті құрметтеу және аумақтың тұтастығын, жеке басқа қол сұқпушылық, бір бірінің ішкі істеріне араласпаушылық, теңдік пен екі жақты пайда және бейбітшілікте өмір сүруге клісім жасажы.

Қытай Халық Республикасының Үкіметі Қытайдың жалғыз заңды Үкіметі болғанын және Тайвань Қытайдың бөлінбейтін бір бөлігі екенін Қазақтан Республикасының үкіметі мойындайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі Тайваньмен қандай түрде болса да ресми қатынас орнатпайтынын дәлелдейді». [13]

1992 жылы қарашада Алматыға ҚХР Сыртқы істер министрі Цянь Цияэнь ресми сапармен келді.

1993 жылы қазанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың ҚХР–на алғашқы ресми сапары болды. [14]

Н.Ә.Назарбаев ҚХР Төрағасы Цянь Цзэминмен кездесуінде Қазақстан халықаралық істерде барлық мемлекеттердің үлкен де, орташа, кіші тнң құқықтылығын батыл қолдайды және ҚХР-мен қарым-қатынаста басымдылық сипат көрсетуде деп атап өтті. Ол Біріккен Декларация ынтымақтастықтың ұзаққа бағытталған негізгі құқықтық құжаты деп сипаттайды.

Әсіресе Президент шекараны бөлуге, қарулы күштерді қысқарту және шекара аумағында сенім шараларын нығайтуға айрықша көңіл бөлді. Ол Лобнордағы ядролық жарылыс туралы мәселені көтерді, өтіп жатқан сынақтар Қазақстан тарапын алаңдатып отырғанын атап өтті.

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан қытай Тынық мұхит порттарына шығуы туралы ойын айтты[15]

ҚХР Төрағасы Цзянь Цзэминьді келіссөздің ағымы мен мазмұны толығымен қанағаттандырады. «Біз екі жақтың қарым-қатынастарының дамуын қолдаймыз және Сіздің Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен ынтымақтастыққа қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз, Қазақстан мен ҚХР Азияда көрнекті орын алатын мемлекеттер,- деп қытай басшысы атап көрсетті»[16]. Ол Қазақстанмен достық және ынтымақтастықты нығайтуда ҚХР барлық мүмкіндіктерді жасайтынын баса айтты. Ұлттық сепаратизмге деген ҚХР-ның ұстанымын Н.Ә.Назарбаевтың қолдағаны үшін ҚХР Төрағасы алғысын білдірді. Ол былай деді: «Біз ҚХР-ын бөлшектеу әрекеттернің кез келген түріне үзілді-кесілді қарсымыз. ҚХР-да және Орта Азия аумағындағы тұрақтылық – бір біріне әсер ететін, өзара байланысты үрдістер».

«Жоғары деңгейдегі кездесу- бұл екі жақты қатынастың бетбұрыс кезеңі екенін барлық келіссөзге қатынасушылар түсінеді,- деп Қ.К. Тоқаев тұжырымдады. Қол қойылған Декларация келісім-шарт түріндегі қазақстан-қытай қатынастарының негізгі қағидаларын бекітті». Бұл құжаттың аса маңызы ішкі істерге араласпау, тәуелсіздікті өзара құрметтеу және аймақтың тұтастығы туралы ережелер болды».[17]

1995 жылы қыркүйек айында Президент Н.Назарбаевтың ҚХР-на екінші ресми сапары болып өтті. Президент Н.Ә.Назарбаев пен Төраға Цзянь Цзэминьнің келіссөзі, сондай-ақ Президент пен ҚХР Мемлекеттік кеңес Премьері Ли Пзннің кездесулері болды

Сапар нәтижесінде екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды ары қарай дамыту және тереңдету туралы Біріккен Декларацияға қол қойылды. Онда Қазақстан Республиеасы мен ҚХР тату көршілік, достық және өзара тиімді ұзақ және тұрақты ынтымақтастықтық қатынастарды қолдау және дамыту, екі елдің және халықтың түпкілікті мүдделеріне сәйкес келетін, Азиядағы және бүкіл әлемдегі бейбітшілік, тұрақтылық пен дамытуды сақтау және нығайтуға қолайлы жағдайлар тудырады деп есептейтінін атап көрсеткен.[18]

Екі ел Үкіметтері арасында қазақстандық жүктерді өңдеу және тасымалдау үшін Қытай теңіз порты Ляньюнганды пайдалану туралы Келісімге, Қазақстан Министрлер Кабинеті жанындағы гидрометеороллгия Бас басқармасы және ҚХР Метеорология басқармасы арасындағы мемерология саласында ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы Келісімге, сонымен қатар қазақстан-қытай мемлекеттік шекара туралы Келісімін бекіту туралы Грамота алмасу туралы Хаттамаға қол қойылды.

Қытай басшылығы Азиядағы өзара әрекет және сенімділік шаралары бойынша Мәжіліс шақыру туралы Президент Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысын тағы да қолдайтынын білдірді[19].

 

 «Шанхай бестігінің» қызметі.

Ұйымның тарихы алғаш рет Өзбекстаннан өзге мүше бес мемлекет: Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Кырғызстан басшылары 1996 жылғы сәуірде қол қойған «Шекара ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы» келісімнен бастау алды, ал келесі 1997 жылы «Шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы» екінші келісімге қол қойылды. Бұл екі құжаттың алғашқысына бес мемлекет басшылары Қытайдың Шанхай қаласында кездесіп қол қойған соң-ақ, көп ұзамай «Шанхай бестігі» аталған термин саяси айналымға түсті. «Шанхай бестігінің» пайда болуы Қытай Халық Республикасымен бұрынғы кеңестік төрт республика арасындағы қарым-қатынастардың жаңа парағын ашты. Мемлекеттердің бір ұйым астына бірігуіне аймақтың қауіпсізлігі мен тұрақтылығына, байыпты дамуына төнетін сыртқы қауіп-қатерлердің, әсіресе терроризм мен экстремизм бейнесінде бой көрсетуі, сондай-ақ жаханданудың қайшылықты процестерін бастан кешіп жатқан қазіргі әлемнің экономикалық сипаттағы проблемалары шешуші ықпал еткені мәлім. [20]

1997 жылғы 24 сәуірде Мәскеуде «Шанхай бестігі» шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімге қол қойды. Тараптар шекараның екі жағы бойынша жүз шақырымдық аймақта өз әскерлерін едәуір қысқартуға міндеттенді. Осы аймақта тек шекара әскерлері қалдырылатын болды. Қандай да әскери жаттығулар жөнінде бес мемлекет бір-бірін алдын ала хабардар етіп отыруға міндеттенді. [21]

Бұл орайда біздің еліміз үшін аса маңыздысы, жоғарыда аталып өткен екі келісімді орындау бойынша ҚХР-мен ортақ шекара ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және қарулы күштер балансын сақтайтын Бірлескен бақылаушы топ механизмін айтуға болады. Бұл бірегей институттың тиімділігі ҚХР мен ортақ шекара ауданында әскердің жеке құрамалары мен әскери техниканың саны 100 шақырымдық қауіпсіздік аймағында қабылданған нормалардан әлдеқайда төмен.

1998 жылы 3 шілдеде Алматыда Шанхай және Мәскеу келісімдеріне қатысушы 5 мемлекет басшыларының кездесуі өтті. Міне, тап осы кездесуден кейін “Шанхай бестігі” деп аталатын ұйым өмірге келді. Оған қатысушылар осы құжаттардың екі жақты және көп жақты ынтымақтастықты, аймақтағы қауіпсіздікті нығайтуға оң ықпалын тигізгенін атап өтті. Делегациялар басшылары 5 мемлекеттің өзара іс – қимылы әскери – саяси және шекара мәселелерімен шектелмеуі тиіс деген пікір білдірді. Өйткені қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың проблемелары бойынша тұрақты механизмді қалыптастыру қажеттігі пісіп – жетілді. [22]

Сыртқы істер министрлері қол қойған Алматы кездесуіне қатысушылардың бірлескен мәлімдемесінде “қырғи – қабақ соғыс” аяқталғаннан кейін туындаған қауіпсіздіктің нығайып келе жетқан жаңа тұжырымдамасы туралы айтылды. Сыртқы саяси ведомстволар басшылары 5 мемлекеттің арасындағы өзара іс – қимылдың ашық сипаты бар екендігін және басқа елдерге қарсы бағытталмағандығын атап көрсету қажет деп тапты.

Тараптар аймақтағы нақты болмыстарды негізге ала отырып, қауіпсіздік мәселесі бойынша екі жақты және көп жақты консультацияларды белсенді түрде жүргізуге уағдаласты. Кездесуге қатысушы 5 мемлекет ХХI ғасырда жалпыға бірдей бейбітшілік пен гүлдену үшін жаңа әділетті және ұтымды халықаралық саяси сондай – ақ экономикалық тәртіп құру қажет деп мәлімдеді. Олар тату көршілік, достық және ынтымақтастық қатынастарын бүкіл Еуразиялық кеңістікте тұрақтылықтың, қауіпсіздіктің және дамудың тұрақты жұмыс істейтін факторына айналдыруға бекем бел буғандарын білдірді.[23]

1999 жылғы тамызда болған «Шанхай бестігінің» Бішкек мәжілісінде маңызды саяси оқиға болды. Оның қатысушылары сенім білдіру тетіктерін әзірледі, олар мыналарды көздейді: әскери қызметтің транспаренттілігі және оны шекара алабында азайту; шекаралық мәселелерді реттеу және әскери қызмет туралы тұрақты ақпарат алмасу. Бес мемлекеттің басшылары көп тараптылық осы заманғы дамудың ортақ үрдісі болып табылады және халықаралық жағдайдың ұзақ мерзімді тұрақтылығына жәрдемдеседі деген пікір білдірді.

1999 жылы Қарулы күштерді қысқарту туралы келісімнің күшіне енуіне байланысты оған қатысушылар 100 километрлік географиялық аймақтардағы жеке құрам, қару-жарақ және әскери техника туралы ресми ақпарат алмасуды жүзеге асырды. Мұндай акцияның азиялық дипломатиялық практикада ұқсас нұсқасы жоқ. Сондықтан аймақтағы қарусыздану процесі практикалық нәтижелерге айналды деп кәміл сеніммен айтуға болады. Қазақстан үшін бұл әсіресе маңызды, өйткені әңгіме шекара арасындағы қытайлық тарап іс-қимылының толық ашық жүргізілетіндігі туралы болып отыр.[24]

Аталған келісімдерді орындау мақсатында 2000 жылы инспекциялар өткізілді, олар, сөз жоқ, «Шанхай бестігіне» қатысушы мемлекеттердің қарулы күштерінің арасында ашық ой- ниеттің нығаюына және өзара сенім білдірудің өсуіне ықпал етті.

Соңғы уақытта «Шанхай бестігі» шеңберіндегі ынтымақтастықта жаңа элементтер көзге түсуде. Аймақтағы күрделеніп келе жатқан жағдай, террорирзм мен экстремизмнің таралуы, есірткімен және атыс қаруымен сауда-саттықтың кеңеюі азиялық мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастарды кешенді түрде қайта қарауды талап етті.[25]

2000 жылғы сәуірде Астанада өткен Қорғаныс министрлерінің кездесуі және 2000 жылы Душанбеде өткен «бестіктің» саммиті жаңа қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл жасау жөнінде тиісті елдердің батыл шараларға бару дайындығын паш еткен маңызды оқиғалар болды. Саммит қорытындылары бойынша қабылданған Душанбе декларациясында «бестікке» қатысушылар өз аумағын барлық қатысушы мемлекеттердің егемендігіне, қауіпсіздігіне және қоғамдық тәртібіне нұсқан келтіретін қызмет үшін пайдалануға жол бермейтіндігін қадап айтты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШЫҰ құрылуы.

Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың дербес тұлғасы ретінде өмір сүрген алғашқы күнінен бастап, елдің басшылығы ұлы көрші Қытай Халық Республикасымен ұзақ мерзімді, тұрақты тату көршілік, достық және өзара ынтымақтастық қатынастарын қуаттап, өрістете беру ұлттық мүддемізге сай келетінін айқындады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Меніңше, адамзаттың XXI ғасырдағы дамуы көбіне-көп Қытаймен байланысты болады. Көптеген елдер Қытаймен арақатынасты өз саясатының негізгі өзегі деп түсінеді. Ал Қазақстан үшін осынау болашағы зор, экономикасы қарышты қадаммен дамып келе жатқан мемлекетпен ойдағыдай қарым-қатынас орнату айрықша маңызға ие.» [26]

Қытаймен шекараның заңды түрде бекітілуі, Қытай басшылығы тарапынан Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік берілуі ынтымақтастықтың барлық саласындағы екі жақты қарым-қатынасты нығайтып, тұрақтандыра түсті. Қазақстан-Қытай шекарасының өн бойында қауіпсіздіктің сенімді белдеуі жасалды. 2001 жылғы қараша айында Пекинде делимитация бойынша Қытай-Қазақстан бірлескен комиссиясының оныншы кеңесі аяқталып, шекара бағаналарының үлгісі бекітілді.

Қытайдың, Қазақстанның, Ресейдің және Орталық Азияның басқа да мемлекеттерінің өзара іс-қимылы сенім білдіруді нығайтуға және әскери текетірес деңгейін төмендетуге қатысты проблемаларды шеше білудің үлкен дәлелі бола алады. Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметіне негіз болған Шанхай мен Мәскеуде қол қойылған келісімдердің әлемдік дипломатияда бұрын-соңды үлгісі болған жоқ. Демек олардың аймақтағы тұрақтылықтың кепілі ретінде қызмет ететіндей практикалық құндылығы бар.[27]

Шанхай келісімінің шеңберінде шекаралық проблемаларды реттеу және бастапқы сенім білдіру шаралары жөніндегі жұмыстың басталуы 1990 жылдың сәуір айына тура келеді, сол кезде Кеңес-Қытай шекарасы ауданының қарулы күштерді өзара қысқартудың басшылыққа алынатын принциптері мен әскери салада сенім білдіруді нығайту туралы КСРО Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы келісімге қол қойылды. Сол уақытта бұл Сенім білдру мен қарулы күштерді қысқарту туралы бірыңғай келісім блады деп көзделді. Барабар нұсқа ретінде Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы шарт пайдаланылды, егер еуропалық келісім оған қатысушы мемлекеттердің бүкіл аумағында қолданылса, біз сөз етіп отырған келісім шекаралық аймақта ғана қолданылады.[28]

Парасатты түрде тұжырымдалған мүдделердің негізінде осы саладағы ынтымақтастықтың төмендегідей принциптері белгіленді:

  • тату көршіліктің және достықтың ұзақ мерзімді қарым-қатынасын нығайту және дамыту;
  • шекара аумағында қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту;
  • Азия-Тынық мұхит аймағында және бүкіл әлемде бейбітшілікті қолдау;
  • Біржақты әскери үстемдікті болдырмау;
  • Шекара аумағында орналасқан қарулы күштерді қысқарту және шектеу, оларға бірыңғай қорғаныс сипатын беру.

КСРО ыдырағаннан кейін осы еркше маңызды келіссөздерді жалғастыру үшін Бірлескен тарап делегациясы құрылды. Оның құрамына Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы енді. Одан кейінгі келіссөздерде әскери саладағы сенім білдіруді нығайтатын саяси шешімдер қабылданды[29].

Алайда шешім қабылдау барлық уақытта оңайға түскен жоқ. Бұл ең алдымен келіс сөздердің басты тақырыбына – қысқарту процесі аяқталғаннан кейін қалатын жеке құрамның, қару – жарақтың және әскери техниканың шекті деңгейін айқындауға қатысты болды. Пікірлердегі белгілі бір алшақтық жұмыс ырғағын елеулі түрде бәсеңдетті. Жүз шақырымдық аймақта саны аз әскері мен әскери техникасы бар Қытай тарапы біржақты қысқартуды талап етті және де ТМД елдері әскерінің үлкен бөлігі тап осы шекаралық аймақта тарихи және географиялық  тұрғыдан қалыптасып кеткен орналасуы ескерілмеді. Осы мәселені шешудің қытайлық нұсқасы Қтайдың шектес әскери округтеріндегі әскерлердің негізгі бөлігін Келісім қолданысынан тыс сақтап қалуды көздеді[30].

Келіссөздерді тұйыққа тіремес үшін  Бірлескен тарап делегациясы шекара ауданындағы әскери саладағы сенім білдіру шараларына қатысты мәселелерді жеке құжатқа көшіруді ұсынды. Тынымсыз дипломатиялық жұмыстың нәтижесінде тиісті Келісімге бес мемлекеттің басшысы 1996 жылғы 26 сәуірде Шанхайда қол қойды.[31]

Одан әрі келіссөздер қысқарту, шектеу, бақылау мен тексерудің деректерімен алмасу мәселелеріне қатысты жүргізілді. Қытай Бірлескен тараптың шекті деңгейлергі қатысты ұсыныстарымен келісті. 1997 жылы 24 сәуірде Мәскеуде қол қойылған Қарулы күштерді қысқарту туралы келісім біртұтас құжат болып табылады, оның мынандай қосымшалары бар:

  • Келісімді қолданудың географиялық шектері туралы хаттама, оған географиялық шектерді белгілейтін сызықтар түсірілген және осы сызықтардың өтуінің мәтіндік сипаттамасы бар карталар қоса тіркеледі;
  • Келісім шеңберінде деректер алмасудың санаттары мен үлгілерін белгілейтін ақпарат алмасу туралы хаттама;
  • Келісім қамтитын қару – жарақ пен әскери техниканы қысқартуды жүргізудің нақты түрлері мен әдістерін белгілейтін қысқарту тәртібі туралы хаттама.[32]

Шекара ауданында сенім білдіру шараларын нығайту және қарулы күштерді қысқарту туралы келіссөздер процесі Қазақстан – Қытай мемлекеттік шекарасын делимитациялау процесінен, сонда – ақ даулы учасклерге қатысты проблемаларды шешумен тығыз байланысты болды. Осындай жолмен көпжақты келісімді жасасу екі жақты Қазақстан – Қытай шекаралық проблемаларын реттеуге жәрдемдесті. Шанхай мен Мәскеуде қол қойылған, аталған келісімдердің пайдасы мен маңызы осыдан көрінеді.

Шекара ауданындағы сенім білдіру шаралары және қарулы күштерді қысқарту туралы уағдаластықтар әлемдік практикада теңдесі жоқ үлгі болып табылады. Бұл уағдаластықтарды әлемдік қоғамдастық оң бағалады. Төтенше маңызды жағдай мынадан көрінеді, халықаралық құқықтық тұрғыдан алғанда бәсендік процесіне Қытай тартылды.

Түпкі нәтижесінде аталған келісімдер шекаралас елдерге Еуразияның ұлан – байтақ аумағындағы қауіпсіздікке қатысты мәселелердің анағұрлым кең ауқымы бойынша келіссөздерге кірісуге мүмкіндік берді. [33]

Шанхай ынтымақтастық ұйымының рөлі мен әлеуеті зор екендігін нық сеніммен айта аламыз. Бұл ұйымның үлкен болашағы бар. Қазір ШЫҰ-ға Пәкістан мен Үндістан сияқты ірі державалар, сондай-ақ Монғолия кіруді ойластырып отырғандары бекер емес. Бұл орайда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары таяу келешекке, бірден-бір дұрыс жолды таңдап алды. Ол – ШЫҰ-ның ұйымдық негіздерін күшейтуге бірінші дәрежелі көңіл бөлу, оған барынша пәрменділік пен тиімділік беру, ұйымның халықаралық беделін нығайту, содан соң барып оған жаңа мемлекеттерді қабылдау туралы мәселелерді қарау.[34]

ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшыларының Астанадағы 2005 жылғы 5 шілдедегі Декларациясы Қазақстан Республикасының, Қытай Халық Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының басшылары кеңес мәжілісінде жиналып,мына мәселелер туралы мәлімдейді[35]:

Мемлекет басшыларының Ташкентте 2004-жылғы 17 маусымдағы кездесуінен кейінгі үлкен кезеңде сол кезде ШЫҰ-ны одан әрі дамыту және нығайту мақсатында алға қойылған барлық міндеттер іс жүзінде орындалды.[36] Ұйымға мүше мемлекеттердің көп жақты ынтымақтастығын өрістету жолымен алға қарай нық басып,басқа халықаралық ұйымдармен және елдерімен өзара ықпалдастыққа белсенді қосылып отыр.

ШЫҰ-ның 2004 жылдан бастап жұмысқа кіріскен тұрақты әрекет ететін органдары — Пекиндегі Хатшылық және Ташкенттегі Өңірлік антитеррорлық құрылым — Ұйымның үздіксіз қызметін қамтамасыз ететін ықпалды ұжымдық құралдарға айналуда. ӨАТҚ-ның басшы органы-Кеңестің өсе түсуге тиісті маңызды рөлі атап өтілді.ШЫҰ-ның оның барлық органдары мен тетіктері жұмысының тиімділігі мен үйлесімділігін арттыру мақсатында мемлекеттер басшылары 2006-жылғы жоғары деңгейдегі келесі кездесуге Ұлттық үйлестірушілер кеңесі Хатшылықтың рөлін күшейту жөнінде және оның жетекшісінің лауазымын ШЫҰ бас хатшысы деп өзгерту туралы ұсыныстар әзірлейді деп уағдаласты. [37]

Мемлекеттер басшылары ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 2005-жылғы екінші маусымда Астанада болған екінші кездесуінің барысында қол жеткен уағдаластықтарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.

ӨАТҚ-ға Терроризммен, сеператизммен күрес туралы Шанхай конвенциясын іске асыруда жәрдем көрсету үшін мемлекеттер басшылары Хатшылық жанынан мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдері институтын белгілеуге келісті.

Мемлекеттер басшылары саммит барысында қабылданған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризммен, сепаратизммен және экстремизммен күрестегі ынтымақтастық айқындамасы мұндай ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға,ӨАТҚ қызметіне бұрынғыдан нақты мақсаткерлік сипат беруге мүмкіндік туғызатынына сенім білдіреді.[38]

Мемлекеттер басшылары 2005-жылғы күзде Мәскеуде болатын Үкімет басшылары (премьер — министрлер) кеңесінің мәжілісі  2004 жылғы қыркүйекте Бішкекте қабылданған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтағы бағдарламасын орындау жөніндегі шаралар жоспаын іске асыруға, сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметі, көлік, қоршаған ортаны қорғау, төтнеше ахуалдарды жою, мәдениет пен білім беру үшін жауап беретін министрліктер мен ведомостволар жүйелері бойыеша өзара ықпалдастықты практикалық арнаға көшіруге нақты серпін беретінін, сондай-ақ ШЫҰ-ның ұтымды қаржы –бюджет саясатын бекітетін негізге алады.[39]

Ұйым аясында интеграциялық үрдістерді ынталандырудың жаңа ресурсы қалыптасуы қорвтвнды кезеңге көшкен ШЫҰ-ның Іскерлік кеңесі болуы тиіс. Тараптар келісілген қағидаттар негізінде ШЫҰ –ның Даму қорын құруды жеделдетті. Сонымен бірге тараптар өңірлік ынтымақтамтық жобаларын жүзеге асыруға қаржылай қолдау көрсету мақсатында банкаралық өзара ықпалдастықты күшейтуге келісті. [40]

Мемлекеттер басшылары ШЫҰ жанындағы бақылаушы мәртебесінің Пәкістан, Иран мен Үндістанға берілуі Ұйымның түрлі бағыттар бойынша көпжақты және өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту мүмкіндігін кеңейте түсетініне сенім білдірді. [41]

2004 жылғы желтоқсанда Ұйымға БҰҰ Бас Ассамблеясының жанындағы бақылаушы мәртебесірің берілуі, 2005 жылғы сәуірде ШЫҰ мен АСЕАН, ШЫҰ мен БҰҰ араларындағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылуы ШЫҰ-ның әлемдік аренадағы өсе түскен беделінің маңызды көрсеткіштері болып табылады.

Мемлекеттер басшылары жаһанданудың қарама-қайшылықты үрдісі жағдайында баршаға ортақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға тең құқылық және өзара құрмет, егемен елдердің ішкі істеріне қол сұпаушылық, егестік емес тұрғыда ойлау, халықаралық қатынастарды демократияландыру жағына қарай дәйектілікпен жүру қағидаттары негізіндегі көпжақты ынтымақтастық жәрдемдесетінін атап өтеді, және идеологияларындағы, қоғамдық құрылымдағы және өзгешеліктерге қарамастан халықаралық қоғамдастықты өзара сенімге, өзара тиімділікке, теңдік пен өзара негізделген қауіпсіздіктің жаңа тұжырымдамасын қалыптастыруға шақырады.

Мемлекет басшылары ұтымды әділ дүние тіртібі өзара сенім мен тату көршілікті нығайтуға, халықаралық істердегі монополиямен өктемдікке иек артусыз шынайы әріптестік қатынастарды орнатуға негізделуге тиіс екеніне сенімді. Мұндай тәртіп халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларының, ен алдымен, БҰҰ –ның Жарғысымен үстемдігінен неғұрлым арқа сүйеген сайын соғұрлым тұрақты да қауіпсіз болады. Адам құқығы саласында әр халықтың тарихи дәстүрлерімен ұлттық ерекшеліктерін, барлық мемлекеттердің егемендік теңдігін қатаң да дәйекті түрде құрметтеу қажет. [42]

Мемлекеттер басшылары БҰҰ-ны осы ұйымның тиімділігі мен беделін арттыруға бағытталған ұтымды да реформалауды жақтайды. Реформаларды жүргізу кезінде барынша кеңінен келісуді, БҰҰ-ны реформалау үшін ғана шектеулер таңбауды, сондай-ақ елеулі қарама-қайшылықтар сақталып отырған жобалар бойынша дауыс беруді ұстану маңызды екені қуатталды.

Мемлекеттер басшылары XXI ғасырда Азия Тынық – мұқиты өңірі бейбітшілік пен дамуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруға тиіс болатынын негізге алады » және тұтастай алғанда АТӨ-де, сонымен бірге оның жекелеген құрамдас бөліктерінде межелеу сызықтарының иайда болмауын; мемлекеттер арасындағы кез-келген түсінбеушілік пен даулар  бейбіт құралдармен, келіссөздер жолымен шешілуін;осынау серпінді қозғалыстағы өңірде достық, өзара түсіністік, өзара ықпалдастық және сындарлылық ахуалы берік орнатуын жақтайды. Осыған жәрдемдесу — ШЫҰ қызметінің негізгі бағыттарының бірі[43].

Мемлекеттер басшылары Орталық Азия мемлекеттерінің өз елдерінде және тұтастай өңірде бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігеріне қолдау білдіріп, Орталық Азияның тұрақтылығы мен экономикалық дамуын нығайтуда ШЫҰ белсенді рөл атқаруын жақтайды.

Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылыққа төнетін жаңа сынақтар мен қатерлерге тиімді қарсы тұру үшін мүше мемлекеттердің күш — жігерін біріктіруді талап етіледі деп санайды.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер өз аумақтарында терроризм актілері, соның ішінде басқа мемлекеттердің мүдделеріне қарсы бағытталған актілер әзірлеу және жүзеге асыру әрекеттерін тиып тастайтын болады, террорлық, сепаратистік және экстремистік қызметі үшін айыпталған немесе соларды жасады деп күмән келтірілген адамдарға баспанаға рұқсат етпейді жіне мұндай адамдарды ШЫҰ-ның басқа мемлекеті тарапыынан тиісті қайырылым болған жағдайда мүше мемлекеттің қолданыстағы заңнамасына қатаң сәйкестікке береді.

ШЫҰ-ның Өңірлік антитеррорлық құрылымының жұмысын жетілдіру және тиімділігін арттыру мақсатында шаралар қолданылатын болады.

ШЫҰ халықаралық терроризм мен күрес аясында оның материалдық базасын ең алдымен қару-жарақтың, оқ-құралдарының, жарылғыш заттар мен есірткінің заңсыз айналымына, транс шекаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес арқылы жоюға байланысты проблемаларды шешуі маңызды. Терроршылардың жаппай қырып жою қаруының компоненттері мен оларды жеткізу құралдарын және ақпараттық террорды пайдаланудың алдын алуға айрықша назар аударған жөн. [44]

Терроризмді, сепаратизмді және экстремизмді қаржыландыруға, соның ішінде заңсыз жолмен алынған табыстар мен құралдарды жария етуге қарсы тұру ШЫҰ аясында терроршылыққа қатысты деп күмән келтірілген адамдар мен ұйымдардың ақша  аударымдары, қаржы-қаражаттарының қозғалысы мониторингінің біріңғай көзқарастары мен стандарттарын талдап жасауды, сондай-ақ ШЫҰ-ның тиісті халықаралық күш-жігерге белсенді қосылуын тегеурінді қажеттілікке айналдырып отыр.

Есірткі құралдарынның психотроптық заттар мен олардың   прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы 2004 жылғы 17 маусымдағы келісімге сәйкес есірткі құралдарының, психотропттық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастықты тереңдету басым назар аударатын тақырып болуы керек.[45] ШЫҰ Ауғанстанның төңірегінде есірткіге қарсы белдеу қалыптастыру жөніндегі халықаралық күш жігерге, Ауғанстанның әлеуметтік экономикалық және гуманитарлық ахуалын тұрақтаныру мақсатында оған көмек көрсету жөніндегі арнаулы бағдарламаны талдау жасауға және жүзеге асыруға белсене қатысуға әзір. [46]

Біз Ауғанстанда антитеррорлық операция жүргізіп жатқан халықаралық коалицияның күш жігерін қолдаймыз және алдағы кезде де қолдайтын боламыз. Бүгінде біз Ауғанстандағы ішкі саяси ахуал тұрақтануының он динамикасын атап өтеміз. ШЫҰ-ның бірқатар елдері коалицияға қатысушы мемлекеттердің әскери континетін уақытша орналастыру үшін өзінің жердегі инфрақұрылымдарын, сондай-ақ антитеррорлық операциялар мүддесіндегі әскери транзит үшін өзінің аумағы мен әуе кеңістігін берді.

ШЫҰ құрлықта, теңізде, әуе және ғарыш кеңістігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне сындарлы үлес қосатын болады.[47]

Ұйымға мүше мемлекеттердің терроризммен, сепаратизммен, экстремизммен және басқа сынақтармен және қатерлермен күрес, әлеуетін арттыру мақсатында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын және оны орындау жөніндегі шаралар жоспарын басшылыққа ала отырып, экономикалық бағытта ынтымақтастықты дәйектілікпен кеңейтетін болады.

«Шанхай бестігі» жұмысына Өзбекстан да басқаша қарай бастады[48]. Бұл мемлекет басшысы И. Кәрімов «Шанхай бестігіне» мүше елдерден Өзбекстанды толық құқылы мүше ретінде қабылдауды сұрап өтініш жасады. Бұл тақырыпқа үлкен талас болған жоқ. Қытай және Өзбекстанмен шекараласатын ортаазиялық мемлекеттер бұл мемлекеттің әскери-саяси және экономикалық әлеуетін біледі, сондықтан И.Кәрімовтің өтінішін қанағаттандырған келісілген шешім қабылданды. 2000 жылғы 5 шілдеде «Шанхай бестігінің» бесінші саммиті барысында Өзбекстан тұңғыш рет бұл форумның жұмысына қатысты. «Бестік» «алтылыққа» айналды.[49]

Қытаймен ортақ шекарасы жоқ мемлекет Өзбекстанның ШЫҰ-ға қосылуымен осы ұйымның алдында жаңа міндеттердің туындайтыны белгілі болатын. Бұл, ең алдымен, терорризмге, сепаратизмге және экстремизге қарсы іс –қимыл жасау. Аталған теріс үрдістер Орталық Азия аймағының ғана емес, сонымен бірге Қытайдың да қайғылы шындығы болып табылады. ШЫҰ-ға енген елдердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне төнген ортақ қауіп-қатер олардың бірлескен іс-қимылға дайындығының алғы шарты болды.[50]

Шанхай ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер Ауғанстандағы жағдайға алаңдаушылық білдірді. Бұл позицияны Өзбекстан да бөліседі, ол азаптан көз ашпаған осы мемлекеттегі жағдайды бейбіт реттеуге жәрдемдесу үшін келісілген саясатты жүзеге асыру талап етіледі. Бұрынғысынша бейбітшілік пен қауіпсіздікке кепілдік беруге қабілетті әмбебап ұйым болып табылатын БҰҰ мен ШЫҰ-ның консультациялар жүргізуінің ерекше маңызы болды.      ШЫҰ-ға мүше алты мемлекеттің басшылары Санкт-Петербургте Ұйымның  қызметін жандандыруға және өзара іс-қимылдың аясын кеңейтуге қатысты міндеттерді тар шеңберде талқылауға мүмкіндік алды. Осы заманғы халықаралық жағдаяттың өзекті проблемалары төңірегінде тыңғылықты пікір алмасылды. [51]

2001 жылғы маусымның ортасында алты мемлекет басшыларының Шанхайдағы кездесуінің зор маңызы болды. Саммитке қатысушылар жаңа халықаралық ұйым құрылғаны туралы жариялады және Шанхай Ынтымақ-тастық ұйымын құру туралы Декларацияға қол қойды[52].

Жаңа ұйымда бұрын бірде-бір блокқа, бірде бір ұйымға кірмеген Қытац басшылық ролді өзіне алғаны атап айтар жәйт. 70-ші жылдары қытайдың халықаралық лексикасында ешқандай да себеппен, қандай да бір халықаралық ұйымға кірмеу деген мағына беретін «бу цземэн» деген термин болатын. Бірақ геосаяси ақиқаттың өзгеруімен Пекин айтарлықтай икемділік танытып, іс жүзінде Орталық Азия сияқты маңызды аймаққа өз ықпалын жүргізу ниетін аңғартты.

Мұндай шешім АҚШ-тағы қасіретке және Ауғанстандағы әскери қимылдарға байланысты елеулі оқиғалардың боларын күні бұрын болжап білгендей дана шешім болып шықты. 2001 жылғы маусымда нақ Шанхайда Лаңкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күрес туралы конвенцияға қол қойылғаны атап айтуға лайық. Бұл құжат Орталық Азия аймағында американ әскери базалары пайда болғаннан кейін өзінің іс жүзінде өзектілігін дәлелдеп берді.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Еуразия кеңістігінің жер аумағының бестен үшін ал жалпы ауданы 30 миллион 189мың шаршы шақырым жерді алып жатыр. Халық саны 1миллиард 455миллион адамды қамтиды, яғни мұның өзі жер шарын мекендеген тұрғындардың төрттен бірі осы ұйымның мүшелері болып отыр деген сөз. [53]

2001 жылғы 15 маусымда Шанхайда Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, ресей және Тәжікстан Президенттерінің қатысуымен «Шанхай бестігі» мемлекеттер басшыларының кезекті кездесуі болып өтті. Осы форумның жұмысына бірінші рет Өзбекстан Президенті қатысты. Форум жұмысының нәтижесінде төмендегі құжаттар өмірге келді:[54]

— Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы декларация;

-Терроризмге, экстремизмге сондай-ақ сепаратизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы.

Жаңа аймақтық ұйымның құрылғаны туралы қабылданған Декларацияда оның алға қойған міндеттері: қатысушы мемлекеттер арасындағы өзара сенім, достық және тату көршілікті сақтау, саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, білім, энергетика, көлік, экологиялық, тиісті халықаралық және аймақтық ұйымдармен пікір алмасу, байланыстар жасауға және ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдіреді. ШЫҰ ұйым шеңберіндегі мақсаттар мен міндеттерді  бөлісетін басқа елдер үшін ашық деп қарастырылды. Ұйымның орталығы Бішкек қаласы болып бекітілді. «Шанхай бестігіне» алтыншы болып Өзбекстанның қосылуына байланысты оны ендігі жерде «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» деген жаңа атаумен атау ұйғарылды.

Шанхай саммитінде ұйымның ұлттық үйлестірушілерінің кеңесі туралы ереже бекітілді, ол құжатта сыртқы істер министрлері қол қойды.Сол жылы 8 қарашада ҚР Сыртқы істер министрлігінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Қазақстанда тіркелген елшілері клубының бірінші мәжілісі болды[55].

Қ.Тоқаевтің пікірінше, ШЫҰ-ның аймақтық ұйым ретінде зор әлеуеті бар, оны қазіргі заманның көкейкесті проблемаларын шншу мақсатында толық іске қосу қажет, әңгіме ең алдымен халықаралық терорризмге қарсы күрес туралы болып отыр. Ол сондай-ақ Бішкекте биылғы қыркүйекте болған ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер үкіметтері басшыларының мәжілісінде қабылданған шешімдердің маңыздылығын атап айтты.[56]

Шанхай ынтымақтастық ұйымын ұйымдық жағынан рәсімдеу жөнінде рәсімдік жұмысы 2002 жылы жүргізілді. Сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Ұлттық үйлестірушілер кеңесімен бірге Ұйым хартиясын, Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылым туралы келісім және Мемлекеттер басшылары декларациясының жобаларын әзірлеу. Бұл құжаттардің бәріне 7-ші маусымда Санкт-Петербургте қол қойылды. Бұдан басқа мемлекеттер басшылары штаб-пәтері Пекинде болатын ШЫҰ Хатшылығын құруға кірісуге уағдаласты. ШЫҰ Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде елеулі рөл атқаратын беделді халықаралық ұйымға айналды[57].

Осында өз шешімін тапқан күрделі мәселенің тағы бірі – Қазақстан, қырғызстан, Өзбекстан Республикалары арасындағы мемлекеттік шекаралардың түйісер нүктесі жөніндегі келісім. Мұнда үш ел арасындағы делимитация ісін биыл аяқтау жоспарланды. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев саммитте сөйлеген сөзінде «Шанхай бестігінің» арқа сүйеп келген қағидаттары жаңа құрылып жатқан «Шанхай ынтымақтастығы ұйымының» алдағы қызметіне де негіз етіп алынғаны жөн болатыны, елдер арасындағы ынтымақтастықтың негізгі мақсаты шекарадағы жағдайды қалыпқа түсіру екендігін бөлекше көрсетті. Ел басы келесі саммитке дейін «Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясын» дайындау, онда елдердің бір-бірінің қауіпсіздігіне кепілдік беру қағидаларын көздеу жөнінде ойларын ортаға салды. [58]

Қазақстанның осы маңызды ұйымды құрудағы және дамытудағы қомақты үлесін ескере келе, сыртқы істер министрлерінің 2002 жылғы қарашадағы Мәскеудегі кеңесінде ШЫҰ төрағалығының міндеті Н. Назарбаевқа көшеді және саммит 2003 жылы көктемде біздің еліміздің аумағында өтеді деген уағдаластыққа қол жетті.

Қазақстанға қатысты айтқанда, онда Министрдің айтуынша, ШЫҰ-да біздің еліміз оған пәрменділігін және қазіргі заманғы халықаралық қауымдастықтағы позицияларын нығайту мақсатындағы белсенді жұмысын одан әрі жалғастыратын болады. Астана ШЫҰ-ның 2005 жылғы маусымдағы кезекті саммитін өзінде қабылдауға әзірленуде.

Алты мемлекеттің басшылары Шанхай ынтымақтастық ұйымы қатысушы мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастығының орасан зор әлеуетін және ауқымы кең мүмкіндіктерін сауда-экономикалық салада пайдалануға, екі жақты және көп жақты негізде аймақта ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесуге ниеттеніп отыр деп мілімдеді. Саммитте сөйлеген сөзінде Президент Н.Назарбаев «Шанхай бестігі» аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге нақты үлес қосты деп атап өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II тарау. ШЫҰ халықаралық және өңірлік қауіпсіздігін сақтау саласындағы қызметі.

 Әрбір өтпелі уақыт сол кездегі мемлекеттердің қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, танымдық және аймақтық қауіп төндірген.  Халықаралық қауіпсіздік жүйесі әлемдік саясаттың тоқтаусыз және тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін қажет. Басқаша айтқанда, қатысушы мемлекеттер басым көпшілігінің мүдделерін жүзеге асыру үшін халықырылық ортадағы тұрақтылықты ұстау үшін керек. Халықаралық қауіпсіздік осы уақытқа дейін болған және қазіргі бар ғаламдық өмірлік қауіпсіздіктің бәрін толық торпедалап бітті. Бірінші соққыдан әді де есін жия қоймаған дүние, осы уақытқа дейін жаңадан болатын қатерге қарымта боларлық қауіпсіздік жүйесі мен дүние реттілігінің жаңа үлгісін ұсына алмай отыр. Қалай болғанда да, қауіпсіздік, ғаламдық та, аймақтық та тұрғыда азайып не көбеймей тұр.

Халықаралық қоғамдастық тарапынан жаңа халықаралық жүйе қалыптастыру қажеттілігі мойындалды. Бірінші кезекте мұны қауіпсіздік мәселелеріндегі көп қырлы проблемаларды шешуде бірізділіктің жоқтығымен байланыстырған жөн. Осының салдарынан ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күрт әлсіреп кетті деуге негіз бар[59].

Қалыптасып отырған бүгінгі жағдайда кейбір мемлекеттер өзінің қауіпсіздігін және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды өз мойнына алуға мәжбүр. Бұл жерде мемлекеттер пайда болатын қатерлер мен олардың жолын кесу туралы ұстанымдарында тек өздерінің ғана түйсіктеріне арқа сүйейді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты тарқатып айтар болсақ, халықаралық қатынастар жүйесі толықтай әрі түбірінен трансфармацияланған кезеңде тәелсіздігін алған Қазақстан үшін әлемдік дамудың жағалауында қалып қоймау өз алдына, сондай-ақ аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелерінде тұрақтандырушы факторға ие болудың маңызы орасан зор еді. ҚР-ның Президенті Н. Назарбаев Қазақстанның қауіпсіздік жүйесі аймақтық және планетарлық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі болуы тиіс екенін нақты айқындап берді.

Бұл төңіректегі алаңды жәйттер ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының ағымдағы 2 маусымда Астанада өткен жиынында жан-жақты талқыға түскені белгілі. Қауіпсіздік органдарының жетекшілері өңірдегі жаңа қатерлер мен сынақтардың бет-әлпетін тағы бір бағамдай келе, құқықтық базаны одан әрі нығайту және антитеррорлық шараларды тиімді өткізу жағын кеңесіп пысықтаған болатын. Осы саладағы тиісті органдардың жедел ақпарат алмасу мен ширақ қимылдарға бейімділігінің арасында мүше мемлекеттер аумағында белсенді әрекет ете бастаған болатын. Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің қызметтері бірін-бірі қайталайды деген мағынада пікір білдіргені бар. Бұл орайда мына жәйітті ескерген абзал. АӨСШК- ұйым емес, ол – форум немесе Елбасы айтқандай,

«Азия қауіпсіздігі мәселелері бойынша консультациялар және пікір алмасулар өткізетін алаң». Демек, екі құрылымның арасында елеулі айырмашылықты ажырата білу қажет дейміз.[60]

ШЫҰ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Қытай және Ресей тәрізді екі бірдей тұрақты мүшесі болуы бұл ұйымның халықаралық аренада үлкен саяси беделге ие болуына және аумақта осы державалармен АҚШ мүдделерін теңгермешілік дәрежеде ұстауға мүмкіндік беруде. Сыртқы қатынаста ШЫҰ өзге мемлекеттерге қарсы бағытталмаған және ашық саясат принциптеріне

Жоғарыда санамалап көрсетілген ШЫҰ органдарының сипаты ұйым қызметінің көп салалығынан әрі жан-жақтылығынан хабардар етеді. Стратегиялық тұрғыдан аса маңызды геосаяси кеңістіктікті қамтитын Шанхай ынтымақтастық ұймының халықаралық саясатта жетекші рөлге ие болары кәміл. Мемлекет басшысы таяда өткен Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде еліміздің ШЫҰ-ның қызметіне айрықша мән беретінін атап өтті. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің екі бірдей тұрақты мүшесі – Ресей және Қытай қатысатын бұл салмақты халықаралық бірлестікте бірге болу, Қазақ елін Еуразиялық шеңберіндегі өңірлік бастамаларын алға жылжытуға қолайлы мүмкіндіктер туғызады. [61]

Демократияны құруда табысқа жетудің басты шарты-тиімді экономикалық реформалар жолымен халықтарымыздың өмір деңгейін ұдайы көтеріп отыру. Ең алдымен, демократия қуатты да, бәсекеге қабілетті экомикаға негізделуі тиіс. Өйтпеген жағдайда бұл-өңіріміздің қауіпсіздігі тұрғысынан алғанда, ең күрделі салаларын қалдыратын бей-берекеттікке алып келген болар еді. Ғасырдың бірінші онжылдығындағы сынақтардың тек жаһандық ғана емес, өңірлік те табиғаты бар. Азия қазір басым экономикалық күшке  ғана емес, сонымен бірге әлемнің неғұрлым кикілжіңге бейім өңіріне айналып келеді[62].

Қауіпсіздік, экономикалық және ынтымақтастық өзара байланысты болуымен өзіндік ерекшелігі бар үштіктің маңызы зор. Ең тиімді экономикалық жобаның өзі қауіпсіз ортаны құрып алмай стратегияның жүзеге аспайтыны, конфессиялық бітімсіз өңірдің шынайы қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейтіндігі сеніммен айтуға болады. Қалыптасқан экономика мен қауіпсіздік ынтымақтастығының еуропалық және еуроатлантикалық құрылымдарының ұзақ тарихи платформасы бар. ШЫҰ-ның шекара мәселелері жөніндегі бір ғана шешімнің өзі бұл ұйымның шынайы тиімділігін дәлелдейді. Азиялық ынтымақтастық институттарының маңыздылығы мемлекет аралық қатынастардың жаңа және дербес қалыптас-уымен айқындалады. Халықаралық құқықта проблемалардың пайда болуы, болашақ әлем құрылысына қатысты әр түрлі радикалдық тұжырымдардың белгілінуі жағдайында азиялық ынтымақтастық аясындағы өңірлік бірлестіктің өзіндік моделін құру осынысымен де өте маңызды.

ШЫҰ хартиясының ережелерін басшылыққа ала отырып, Ұйым басқа да халықаралық ұйымдар және елдермен өзара диалог, тығыз ықпалдастық және берік байланыстар орнатуға қол жеткізді. Ұйымның халықаралық деңгейдегі беделінің бір көрінісін — оған 2004 жылғы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесі берілді, сондай-ақ ШЫҰ – АСЕАН және ШЫҰ – ТМД бағытындағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылған болатын. Жоғарыда айтылғандай Монғолия мемлекеті бірінші болып Ұйымның бақылаушысы мәртебесіне ие болды. Алдымызда болатын астанадағы саммитте Үндістан, Иран, Пәкістан сынды Азиядағы аса ірі мемлекеттер ШЫҰ бақылаушы мәртебесіне ие болуы ҚР-сы белсенді мүшесі болып табылатын бұл ілгері халықаралық ұйымның өңірдегі, сондай-ақ жалпы әлемдегі орнын айқындай түсері анық.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мәселелерімен қатар, экономикалық ынтымақтастықтың, транзиттік-көліктік әлеуетті тиімді түрде іске қосудың перспективаларына мұқият көңіл бөлу форумның ерекше сипатына айналды, бұл жерде ШЫҰ мемлекеттерінің көпшілігінің ашық теңізге шығатын жолы жоқ екендігі ескерілді. Осындай жоспарларды нақтылау үшін тиісті бағдарламаларды ұсынды. 2001 жылы 15маусымдағы саммитте Ресей Прези-денті Владимир Путин «Қауіпсіздікті ынтымақтастық арқылы» жүзеге асыру идеясын ұсына отырып келесі жылы Санкт-Петербургте өтетін ШЫҰ-ның саммитінде оның Жарғылық құжаттарын айқындау қажеттігін атап көрсетті. [63]

Бірден мына мәселенің басын ашып алу керек. ШЫҰ мен АӨСШК бірінші кезекте тұрақтылық  пен қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етуге қатысты ұқсас мақсаттар мен міндеттерді бөлісетін құрылымдар болып табылса да, бірін-бірі қайталамайды,екі бастан бір-біріне қайшы келмейді. Керісінше Азиядағы қауіпсіздіктің ұжымдық жүйесінің өзара толықтырғыштары, өзінше бір қосылғыштары туралы болып отыр. Егер Шанхай ұйымы оған қатысушылардың барлығының нақты құқықтары мен міндеттемелеріне негізделген бірлестік болса, АӨСШК көкейде жатқан проблемаларды емін-еркін талқылауға және шешуге арналған анағұрлым кеңейтілген форум болып табылады. [64]

 

 

 

 

 

Саяси қызметі: терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күресі.

 

Қазіргі кезде лаңкестікпен күрес мәселесі барлық жерде ауқымды сипат алып отыр. Бұл Шанхай ынтымақтастық ұйымы Лаңкестікке қарсы аймақтық құрылым кеңесі аясында лаңкестікпен, экстремизммен және сепаратизммен күрес барысында өзара ынтымақтастықты аса қарқынды дамыту қажет екендігін көрсетеді. Лаңкестікке қарсы аймақтық құрылым кеңесі лаңкестік және экстремисттік сипаттағы қатерлерге қарсы шаралар жүйесін ұйымдастырушы және ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің өзара ынтымақтастығы мен іс-қимылы тетіктерін жетілдіруші құрылым болуы тиіс. Өйткені, бұл елдің аса ауқымды жұмылдырылған күші осындай трансшекаралық лаңкестік пен экстремизм секілді көріністермен күрес жүргізуі жеткіліксіз[65].

Атап айту керек, өздерінің геосаяси орналасуы жағдайына байланысты Орталық Азия мемлекеттері халықаралық лаңкестікпен күресте аса қырағылықты қажет ететін басты басты бағыттардың бірінде қалып отыр. Себебі, әлемдік сыртқы саясатта болып жатқан өзгерістер, Орталық Азия өңіріне географиялық орналасуы жағынан жақын тұрған Ауғанстандағы тұрақсыздық, Таяу және Орта Шығыстағы жағдайлар осылай етуге мәжбүрлейді. ШЫҰ-ның қызметіне кіретін ең айқымды мәселелердің бірі – Ұйымға мүше мемлекттер аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осы функцияны жүзеге асыру ШЫҰ Лаңкестікке қарсы аймақтық құрылым кеңесіне жүктелегн, бұл құрылым ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшыларының 2002 жылғы 7 шілдедегі келісіміне сәйкес өткен жылғы қаңтардың 1-нен жұмыс істей бастады. Бір жарым жыл уақыт ішінде құрылым өз қызметінің бағыттарын айқындап, біршама іс-шараларды жүзеге асырды. Ол жұмыстарға еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және Сыртқы істер министрлігі қатысты.[66]

Қазіргі уақытта ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Лаңкестікке қарсы аймақтық құрылым кеңесінің қызмет етуші тетіктерін іске қосуға баса көңіл бөліп отыр. өткен уақыт ішінде Құрылым кеңесінің төрт отырысы болды, онда ШЫҰ Лаңкестікке қарсы аймақтық құрылым кеңесі атқару комитетінің міндеттерін айқындау мәселелері қаралды.

Қазіргі кезде ШЫҰ Лаңкестікке қарсы аймақтық құрылым кеңесі аясында есірткі тасымалы, заңсыз көші – қон, экстремизммен күресудің құқықтық негізі құрылған болатын. Сонымен қатар ШЫҰ-на мүше мемлекеттер арасындағы есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күресу ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойды[67]. Осыған байланысты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тиісті органдары бірлесе отырып, есірткі заттарының заңсыз көші-қонның алдын алу жөнінде белсенді шаралар жүргізілуде. Ұлттық қауіпсіздік органдары Қазақстан аумағы арқылы өткізілуі мүмкін есірткі транзиті мен контрабандалық есірткі тасымалы арналарының жолын кесу және ұйымдасқан трансұлттық есірткі топтарын, сондай-ақ өзінің қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыру үшін республика аумағын пайдаланушыларды жою мақсатында қажетті шаралар қолға алынды. ШЫҰ-на мүше мемлекеттер негізінен БҰҰ шеңберінде дайындаған лаңкестікпен күрес жөніндегі халықаралық конвенциялар мен хаттамалардың барлығына қатысушы болып табылады. Ал ШЫҰ құрылғаннан бергі орындалған жұмыстарға тоқталатын болсақ, ШЫҰ-ның лаңкестікпен, экстремизммен және сепаратизммен күрес аясындағы қызметінің құқықтық базасы мынадай құжаттардан тұрады:

  • ШЫҰ –ны құру туралы Декларация,
  • ШЫҰ-ның Хартиясы
  • Лаңкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күрес жөніндегі Шанхай конвенциясы
  • ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы Лаңкестікке қарсы аймақтық құрылым кеңесі туралы келісім[68].

Сонымен қатар Лаңкестікке қарсы аймақтық құрылым кеңесі мынадай құжаттарды бекітіп, Ұйымға мүше мемлекеттердің тиісті органдарына: ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің аумақтарында қызметтерін жүргізуге тиым салынған лаңкестік, сепаратистік және экстремистік ұйымдардың тізбесін және лаңкесттік, сепаратистік және экстремистік сипаттағы қылмыстар жасаған немесе күдік келтіру бойынша халықаралық іздестіруде жүрген адамдардың тізімін жіберді[69].

ШЫҰ-ның қызметіне қатысты бұдан  басқа да  құжаттар бар. Осы жылдың екінші жартысында Өзбекстан Республикасы аумағында лаңкестікке қарсы бірлескен отырыстар. ШЫҰ Лаңкестікке қарсы аймақтық құрылым кеңесі өз қызметін бастағалы бері БҰҰ-ның Орталық Азиядағы есірткі және қылмыстар жөніндегі басқармасының өкілдігімен, Өзбекстандағы ынтымақтастық және қауіпсіздік жөніндегі Еуропалық орталықпен, Өзбекстанда тіркелген дипломатиялық миссиялармен өзара іс-қимыл жолға қойылды. Сондай-ақ ШЫҰ-ның хатшылығы Ауғанстанның арнаулы қызмет және құқық қорғау органдарымен жұмыс бабындағы байланыстар орнату жөнінде ұсыныс жіберді[70].

Халықаралық терроризм және сепаратизм дегенімз бар болғаны адамзаттың жасырын дертінің сыртқы көрінісі ғана екенін барынша айқын сезінуге тиіспіз.Сондай – ақ бұл дерт жеке емдеуге көнбейді, ол барша елдер мен қауымдастықтардың ұжымдық консилиумын қажет етеді. Ол аз болса, бұл дерт біреулерден белгілі дәрежеде ынтымақтастық пен татуластықты талап етеді. Терроризм өзінің болжаусыздығымен және тосындығымен нақтылы үрей сезімін ұялатып, жұртшылықтың бәрін дерлік шарасыз да жазмыштық қауіп – қатермен шырмап тастайды. Оның тарапынан келетін соққының бағыт – бағдары мен уақыты болжаусыз, сондықтан да айрықша алаңдатады. Террордың мақсаты әлеуметтік құбылыс. Қалай болғанда да, осынау құбылысты сипаттап – сараламай тұрып пікір айтуға болмайды. Терроризм белгілі бір мақсат пен міндетті жүзеге асыру үшін күш көрсету идеалогиясын тұғыр етеді. Терроризм көз қарастар мен идеялардың емес, әрекеттердің жүйесі, өйткені ол қара басының қамын күйттемейді. Ол өзінен өзі әлеуметтік құндылық бола алмайды, алайда қызмет көрсетудің бір түрі ретінде айтарлықтай әрекетшілдік пен сұранысқа ие[71].

Жеке террористер немесе террористік топтар түрінде көрініс табатын терроризмнің геосаяси себебінің бастау бұлағы қандай болса да, терроризмнің әлемдік және аймақтық державалардың бақылауынан бір жола шығып кеткені айдан анық. Мемлекеттер мен мемлекет топтарының арасындағы қайшылықтар әрі оның өсіп отырғаны, терроризммен күрес жұмыстарын үйлестіріп отыру. Сонымен қазіргі терроризм ұйымдас-тырылған құрылымы бар, өзінің қаржы жүйесі бар және бір қарағанда міндеті мен мақсаты мүлде басқаша болып көрінетін, көптеген террористік ұйымдардың қызметін үйлестіріп отыратын эксаумақтық штаб – пәтері бар бұқаралық сипат алып отыр. Терроризм мен экстремизмнің халықаралық интернационалдық сипат алып отырғанын мойындап, онды әлемдік қауымдастықтың аймақтық және ғаламдық қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырған осы құбылыспен күресте тек қана халықаралық үйлестірімнің де тиімділігін мойындау керек. Терроризммен күресті үйлестіру жұмыстары халықаралық деңгейде көптен бері жүргізіліп келеді және бұл ретте, дүнйе жүзінде бүгінгі таңда терроризмге қарсы әрекет ететін айтарлықтай тәжирбие жинақталған[72].

Сонымен қоса Декларацияда: «Біз Ауғанстанда антитеррорлық операцияларды жүргізген халықаралық коалицияның іс-әрекеттерін қолдай-мыз. Бүгінгі Ауғанстан ішкі саяси тұрақтылыққа қол жеткізді. Антите-ррорлық операциялардың аяқталғанын ескере отырып, ШЫҰ-ға мүше елдер өз аумағына коалицияға қатысушы мемлекеттердің әскери контингентін әкетуге және уақытша пайдалануға берілген нысандарды өз қожайындарына қайтарып беруді қажет деп санайды » деп айқын жазылған. [73]

Ресей президенті Владимир Путин болса, адамзатқа төнген қауіп-қатерлерге қарсы күресу үшін ШЫҰ-ға мүше елдердің біртұтас ақпараттық жүйесін қалыптастыруды ұсынды. Халқына қарсы қару көтерген Өзбекстан президенті И. Каримов Әндіжандағы оқиғаларға байланысты қол ұшын сөзған Қытай мен Ресей басшыларына ақ жарылып алғысын айтты. Сондай-ақ саммитте Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов, Қырғызстан президентін міндетін атқарушы Құманбек Бакиев Монғолия президенті Намбарын Энхабаяр, Пәкістанның премьер-министрі Шаухат Азиз және Үндістан мен Иранның өкілдері кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырып, аса қонақ жайлылық танытқаны үшін Қазақстан президентіне жылы лебіздерін білдірді[74].

 

 

Мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастардың дамудағы рөлі.

 

Қазіргі кезде Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси және экономи-калық салада айтарлықтай қауіп-қатерлер жоқ. Бірақ проблемалар болмай қоймайды да, біріншіден, саяси салада – егер де Қазақстанда саяси элитадағы ауыс-күйісті назарға алар болсақ, онда Қытай, Ресей, АҚШ бұған белсенді түрде қатысады. Өйткені Қырғызстан мен Өзбекстанға қарағанда Қытай Қазақстанға инвестиция салып қойды. Сондықтан да Қытай Қазақстанның саясатына тікелей болмаса да жанама түрде араласа алады. Екіншіден, демографиялық жағдай. Қытайдың посткеңестік елдер аумағына халқын жылжыту турасында ойы бар. Қиыр шығыста бұл процесс әлдеқашан басталып та кеткен. Қытайлық жұмыс күшін көптеп тартудың өзіндік салдары бар. Қытайлардың тарихи тәжірибесі бойынша олар біркелді ме, яғни мәңгілікке қоныстануды мақсаттайды. Қытай диаспорасы қатарының ұлғая түсуі уақыт өте олардың экономикалық саяси қатынастарға белсенді түрде араласуына алып келеді. Сондықтан да қандай да бір қақтығыстар болуы мүмкін де. Ал экономика саласында айтарлықтай проблемалар болмайды. Өйткені, Қытай мен сауда-саттықтағы жетістіктеріміз миллиард-тармен саналып отыр. Осы түрғыдан алғанда бұл мемлекет экономика саласында стратегиялық әріптес болып табылады. Біз Қытай үшін кішігірім елміз, әрине халқымыз жағынан, нарығымыз да ауқымды емес. Сондықтан да біз кун асты елін тек шикізат көзі ретінде қызықтырып отырмыз. Біріншіден, мұнай — газ мәселесі, ал екіншіден, қауіпсіздік жағдайы[75].

Расында да Қазақстанның бүгінгі жағдайы оңай емес. Олай дейтін себебіміз, Ресей және Қытай сияқты алып әріптесі бар, бұған қоса АҚШ, Еуропалық Одақ бар. Егер де осы мемлекеттер арасында экономикалық тұрғыда нақты түсінбеушіліктер орын алатын болса, Қазақстанға нақты шешім қабылдауға тура келеді. Ондай жағдайда Қазақстан Ресейді таңдайды. Өйткені екі мемлекеттің тарихы, саяси байланысы тереңде жатыр. Сондай-ақ Ресей бірінші орындағы әріптес[76]. Көп жақты экономиканы ұстанып отырғанымызбен де Ресей Қазақстан үшін басымдық болып табылады. Саммит барысында қандай мәселелер талқыланғандығы жайында нақты айту қиын, дегенмен де ШЫҰ бастапқы кезде шекара жағдайын реттеу үшін құрылды. Ол өз миссиясын орындады да. Егер де ШЫҰ-на әр түрлі мемле-кеттер мүше болатын болса, олар қалай экономикалық ынтымақтаса алады? Өзбекстан-Қазақстан, Ресей-Қырғызстан әртүрлі экономикалық жүйе?! Сон-дықтан, ШЫҰ жол айрығында тұр. Саммитте Орта Азиядағы даму жайына қатысты мәселе көтерілді, бірақ ШЫҰ ТМД аумағында тиімсіз ұйым болып қала ма деген қауіп бар. Қытай бұл ұйымды тек шекара мәселесін шешу үшін емес, Орта Азияға төте жол деп қарастырып отыр. Бұл посткеңестік кеңістікте Қытайдың тікелей қатысы бар  бірден-бір ұйым. Сондықтан да Қытай ШЫҰ-ны сақтап қалуға тырысады. Егер де ШЫҰ тарап кететін болса, онда Қытай Орталық Азия  және Ресеймен байланысын жоғалтып алмақ. Ал Қазақстанның не көздегені бар десек, біріншіден, шекара мәселесі, екінші-ден, Пекинмен тікелей қатынаста болу, үшіншіден, өзін үнемі назарда ұстау. Еліміз барлық ұйымдарға мүше. ШЫҰ мүшелікте болуы қосымша алып державалармен қатар бір сатыға көтерілуге мүмкіндік берелі. Ал басқа жолы-экономика. Қазақстанның Қырғыстан мен Өзбекстаннан айырмашылығы күн асты елімен экономикасын нығайтқысы келеді. Әрине,бірінші кезекте мұнай-газ секторында,сондықтан да Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы ШЫҰ аясында ғана тиімді. Егер де бұл ұйымның болашағы болмаса, онда Қазақстанның ШЫҰ-на деген қызығушылығы жоғалып, ұйымның басқа мүшелері бір-бірімен жеке ынтымақтасқанды жөн көреді[77].

ШЫҰ елдерінде тұрақсыздық бары байқалып тұр. Қырғызстанда наурыз айында – революция болды, ал Өзбекстанды мамыр айында — Әндіжандағы бүліншілік сілкілеп алды. Аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікке төнген қатер, оның Орталық Азиядағы оқиғалардан көрінуі үлкен мәселе туындатары анық. Проблема Сыртқы істер министрлерінің екі кездесуінде  және ұйымға кіретін алты елдің қауіпсіздік кеңес басшыларының кездесуінде талқыланды. Бұл мәселеде ұйымның потенциялын қалай пайдалану керектігі туралы ойлар қазірдің өзінде бар. Бірақ екі елдегі ауыр дағдарыс кезінде ШЫҰ өзін ықпалды күш ретінде көрсете алады. ШЫҰ-ға қатысты даулы екі пікірді оған мүше мемлекеттер салмақтары әр түрлі болғандықтан өмір сүре алмайтын уақытша жасанды ұйым санайды. Ал өзгелер болса, бұл ұйымнан керемет үміт күтеді – ШЫҰ бір ғажайып жолмен Орталық Азияда жақсы тұрмыс, тұрақтылық және қауіпсіздік орната алады деп пайымдайды[78]. Мұнымен бірге ұйымның мүмкіндіктерін көрсететін өмір шындығы бар. ШЫҰ әскери – саяси одақ та, экономикалық блок та. ШЫҰ әлі сәби жасында және көптеген ауыр міндеттерді орындауға оның әзірге шамасы келмейді. Осы жерде әйгілі қытай мақалын келтірген орынды: сәбізді тым тез өсіруге тырысқан күннің өзінде оған сабағынан тартып көместесуге болмайды. ШЫҰ елдерінің тарихы тәжірибесі, мүмкіндіктері, материалдық, интеллектуалдық ресурстары әр түрлі[79].

ШЫҰ аясында ұзақ мерзімдік 20-25 жылға арналған экономикалық ынтымақтастық мақұлданды. 2004 жылы шамамен 130 поэициядан тұратын осы бағдарламаны іске асыру жоспары қабылданды. Осы жылы үкімет басшылары кейбір нақты жобаларды да қабылдады. [80]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

«Шанхай ұйымы бір-біріне бауырлас, дос ниетті елдерді террор ажалы қаупінен қорғайтын қалқан болуы керек. Тосын оқиғаларға жедел үн қату, шара қолдану механизмдерін тез арада ойлап табуға тиіспіз. Террорлық актілерге тосқауыл қою үшін көп кешікпей қызметіне тиым салынатын террорлық ұйымдардың тізбесін жасауымыз қажет» деп мәлімдеді Н.Назарбаев[81]. Сондай-ақ президент мына мәселелерді қадап айтты: жер бетіндегі бейбітшілік пен татулықты нығайту үшін БҰҰ реформалау мәселесі қазіргі таңда аса маңызды. БҰҰ-ның Бас хатшысы жанынан аймақтық ұйымдар істері жөніндегі кеңес ашатын кез жетті. Себебі, БҰҰ адамзатқа қарсы қолданылатын ядролық қаруды таратпау ісіне зор үлес қосады. Өкінішке орай, ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім ғаламдық зұлымдықпен күресте тиімді құралға айнала алмай отыр. Осынау адам шошырлық қарудың халықаралық терроршылардың қолына түсіп кету қаупі бар. Қазір қауіпсіздік, экономикалық ынтымақтастық, діни және мәдени диалог мәселелерін бөлек-бөлек алып қарауға болмайды. Азия ірі-ірі әлемдік діндердің отаны. Ал әлемдегі діни жанжалдардың оты өрши түсуде. ШЫҰ тарихи дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқанда ең алдымен осыған назар аударғанымыз абзал.

Ал ҚХР-ның төрағасы Ху Цзиньтао «Ең алдымен барлық күш-жігерімізді аймақтағы қауіпсіздік ынтымақтастығын жақсартуға жұмсайық. Мен болашақта Орта Азияның бейбіт, тұрақты аймаққа айналатынына кәміл сенемін. Қытай қай кезде болсын бейбіт жолмен даму, өркендеу саясатын ұстанады» деп мәлімдеді[82].

Мемлекеттер басшылары қауіпсіздікті қамтамасыз ету Ұйым әлеуетін кеңейту мақсатында ШЫҰ аясында күш жігерді біріктіру басқа елдердің мүдделеріне нұқсан келтірмейтін және қандай да бір блок құру жағына қарай жүруді білдірмейтінін, ШЫҰ-ның ашықтық қағидатына жаңа сынақтар мен қатерлерге қарсы тұрудың кең ауқымдағы халықаралық өзара ықпалдасу рухына толық сай келетінін негізге алады.

Мемлекеттер басшылары жаһанданудың қарама-қайшылықты үрдісі жағдайында баршаға ортақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға тең құқылық және өзара құрмет, егемен елдердің ішкі істеріне қол сұпаушылық, егестік емес тұрғыда ойлау, халықаралық қатынастарды демократияландыру жағына қарай дәйектілікпен жүру қағидаттары негізіндегі көпжақты ынтымақтастық жәрдемдесетінін атап өтеді, және идеологияларындағы, қоғамдық құрылымдағы және өзгешеліктерге қарамастан халықаралық қоғамдастықты өзара сенімге, өзара тиімділікке, теңдік пен өзара негізделген қауіпсіздіктің жаңа тұжырымдамасын қалыптастыруға шақырады[83].

Қорыта келгенде, Қазақстанның, Қырғызстанның, Қытайдың, Ресейдің, Тәжікстанның және Өзбекстанның Президенттері негізге алынған көптеген мәселелерді шешіп, сонымен қатар көптеген мақсат-мүдделерді қорытындылады. Ең алғашқы құжат айрықша назар аударуды талап етеді, өйткені, ол Ұйымның өзінше бір Жарғысы болып табылады. Осы құжатты қабылдамас бұрын сарапшылық деңгейде тынымсыз жұмыс жүргізілді, соның нәтижесінде Ұйым оның өзіне тән барлық рәміздерімен бірге толыққанды халықаралық форумның мәртебесін алды. Президент Н. Назарбаев атап көрсеткеніндей, ынтымақтастық үшін ашық ұйым ретінде Хартияда ШЫҰ-ға қатысудың түрлі басқышының көзделуі маңызды болып табылады. Бұл Ұйымның әлеуетін еселеу үшін және диалогты дамыту үшін кең мүмкіндіктер ашады деп атап көрсеткен болатын.

Тұтас алғанда, жоғарыдағы аталғандардың бәрі дерлік мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастық пен сенім шаралары, оған мүше мемлекеттер мәселелердің кең ауқымы бойынша ынтымақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған толыққанды халықаралық ұйым ретінде өмірге келді деп нық сеніммен айтуға болады.

Форум барысындағы қорытындыға келер болсақ, дүниежүзілік қоғамдастықтың басқа да мүшелері тарапынан үлкен қызығушылық туғызды, Ұйым Азия құрлығындағы қазіргі фактор ретінде танылды. Осы айтылғандар ынтымақтастық пен қауіпсіздіктің маңызды міндеттерін шешуде ШЫҰ мемлекеттері жұмсап жатқан күш-жігерді тағы да қуаттай түседі[84]       .

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Н. Назарбаев. “Ғасырлар тоғысында”. -Алматы 1996 ж. 129-130-243б.

2.Н. Назарбаев. «Сындарлы он жыл», Атамұра, Алматы 2003ж, -110-120б.

  1. Қ. Тоқаев. “Беласу”.-Алматы 2003ж -377-384-386-396 б.
  2. С. Абдулпаттаев “Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты” -1-2-3, 75-80 б.- Алматы 2005 ж.
  3. Қ. Тоқаев «Тәуелсіздік туы астында», — Алматы, 1997, с 192-193.

6.Г.Б. Хан, Л.С. Суворов, Г.Б. Рахманов «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» — Алматы 2003ж 13-65-165-183 беттер.

7.Қ. Тоқаев «Қазақстан Республикасының дипломатиясы», -Алматы, 2002ж, — 365-371 б.

8.Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. Экономическая и социальная география мира, М., 1993г с229.

9.Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы Бірлескен Декларация // Егемен Қазақстан 1995ж 16 қыркүйек, -6-8 беттер.

10.ШЫҰ: Шанхай 2001ж 14-15 маусым, Алматы 2001ж, 12б.

11.ШЫҰ Хартиясын бекіту туралы  Қазақстан Республикасының Заңдары 2003ж 3 маусым №422. -10-11б.

12.«Президент және Халық», 2006 9 маусым, -4-5б.

13.Выступление Н.А.Назарбаева на расширенном заседании коллегии МИД // Казахстанская правда 1997, 15 сентябрь, с 2-3.

14.Н.Ә.Назарбаев Еліміздің сыртқы саясаты Қазақстан мемлекетінің маңызды бөлігіне айналады // Егемен Қазақстан -1998ж 1 желтоқсан. – 6-8 беттер.

15.Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның халықаралық беделін нығайту жолында // Егемен Қазақстан 1999ж, 15 қыркүйек, — 2-3 б.

16.«Егемен Қазақстан», 2002ж, 8-11 маусым, -1б; -1-3б.

17.«Егемен Қазақстан», 2003ж, 8-9 тамыз, -3-6 б.

18.«Дипломатия жаршысы», 2004ж  №1-2. 18-21б.

19.Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның күш-жігері және бастамалары: АӨСШК және ШЫҰ, Тоқаев Қ. Қазақстан Республикасының дипломатиясы. –Алматы 2002  ж, 365 б.

 

 

[1] Қ. Тоқаев. «Беласу» Дипломатиялық очерктер. Алматы 2003ж, -377б.

[2] Сол кітаптан, — 384б.

[3] Н. Назарбаев « Тарих толқынында» Алматы 1999ж 197 б.

 

[4] Қ.Тоқаев. «Беласу» Дипломатиялық очерктер. 2003 ж. – 378б.

[5] Қ. Тоқаев. «Қазақстан Республикасының дипломатиясы» Алматы, 2002ж -365б

 

[6]Егемен Қазақстан 1996ж 1 маусым. Қ. Тоқаевтың мәлімдемесі – 2-3 б.

 

[7] Қ. Тоқаев « Тәеуелсіздік туы астында» Алматы 1997 ж. -192 б.

[8] Н.Назарбаев.Ғасырлар тоғысында.Алматы 1996 ж. -129б.

 

[9] Н. Нзарбаев « Ғасырлар тоғысында»  Алматы 1996 ж. -13-15б.

 

[10] Егемен Қазақстан 2000ж 4-қаңтар Н. Назарбаевтың  мәлімдемесі -3-4 б.

[11] Г.Б. Хан, Л.С. Суваров, Г.Б. Рахманов « Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» Алматы 2003ж -13-15 б.

 

[12] Н. Назарбаев « Тарих толқынында», Алматы 1999ж -25-27 беттер.

 

[13] Сол кітаптан,  -16-17беттер.

[14]С. Абдулпаттаев « Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» Алматы 2005ж

 

[15] Г.Б. Хан, Л.С. Суваров, Г.Б. Рахманов « Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» Алматы 2003ж -18-20б.

 

[16]Алып Азияның ұлы ұйымы // Егемен Қазақстан 2005 ж, 6 шілде №150-151 (24109) -1-2 беттер.

 

[17] Сонда: -2-3-4беттер

[18]Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы Бірлескен Декларация // Егемен Қазақстан 1995 ж. 16 қыркүйек, -6-8 беттер

 

[19] Гладкий Ю.Н.., Лавров С.Б.., Экономическая и социальная география мира, М., 1993г. с – 229

 

[20]Шанхай ұйымы саяси айналымға түсті // Егемен Қазақстан 2000 жыл 4 қаңтар

 

[21] «Шанхай бестігі»  деп аталатын ұйым өмірге келді //Егемен Қазақстан 1997 жыл 6 шілде 6- бетте

 

[22] ҚР-ның Парламентінің жаршысы 2003жыл № 11 48 — бетте

[23]Н. Назарбаев. Еліміздің сыртқы саясаты Қазақстан мемлекетінің маңызды бөлігіне айналды. // Егемен Қазақстан 1998ж, 1 желтоқсан -6-8 б.

 

[24]Н. Назарбаев Қазақстанның халықаралық беделін нығайту жолында // Егемен Қазақстан 1999ж 15 қыркүйек, -2-3 б.

[25]Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның күш жігері және бастамалары: АӨСШК және ШЫҰ, Қ.Тоқаев Қазақстан Республикасының Дипломатиясы. – Алматы 2002 ж. 365б.

[26] Ақиқат №3 2002ж Тарих ғылымдарының докторы, профессор С. Абдулпаттаев.

[27] Тереңдей түскен түсіністік // Егемен Қазақстан 2002ж. 6 шілде. -5б.

[28]Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы Бірлескен Декларация // Егемен Қазақстан 1995 ж. 16 қыркүйек, -1-3 беттер

[29]ШЫҰ: Шанхай 2001ж 14-15 маусым, Алматы 2001ж. 12б.

[30] ШЫҰ Хартиясын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Заңдары 2003ж, 3 маусым № 422. -10-12б.

[31] С. Абдулпаттаев « Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» Алматы 2005ж 78-79б.

[32]ШЫҰ: Шанхай 2001ж 14-15 маусым, Алматы 2001ж. 14б.

[33] Н. Назарбаев Қазақстанның халықаралық беделін нығайту жолында // Егемен Қазақстан 1999ж 15 қыркүйек, -2-3 б.

 

[34] Қазір ШЫҰ-ның пәрменділігімен тиімділігіне мән беру // Алтын орда 2002ж, 12 шілде, -4-6б

[35] Шанхай ынтымақтастық ұйымының рөлі мен әлеуеті // Егемен Қазақстан 2005ж 11-17 маусым -2-3-6 беттер

[36] Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекет басшыларының отырысы // 2005 ж 6 шілде, -2-5б.

[37] Ұйымның үздіксіз қызметін қамтамасыз ететін ықпалды ұжымдық құралдарға айналуда //  Жас қазақ 2005 ж 8 шілдедегі №27

[38] Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның күш жігері және бастамалары: АӨСШК және ШЫҰ, Қ.Тоқаев Қазақстан Республикасының Дипломатиясы. – Алматы 2002 ж. 365б.

[39] ШЫҰ: Шанхай 2001ж 14-15 маусым, Алматы 2001ж. 14б.

[40] Шанхай ынтымақтастық ұйымы Даму қорын жеділдіруді жеделдетті //Жас қазақ 2005 жылғы 4-8 шілдедегі №27-№27

[41]  Ынтымақтастық ұйымын дамыту мүмкіндігін кеңейте түсті //  Final Report. International Colloquium Asian security in the Framework of the Conference. Алматы 21-23 қазан 1998 жыл.

[42]Егемен Қазақстан 2005 жылғы 29 маусым.

[43]Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның күш жігері және бастамалары // Астана хабары 2005ж 12шілде, -3-5б

[44] ШЫҰ халықаралық терорризммен  күрес аясында  // Заң газеті  6 шілде, 2005 жылғы №56 Т. Әлиұлы

[45]Қауіпсіздік пен тұрақтылық – қоғам дамуының алғы шарттары // Егемен Қазақстан 2005 ж.1 шілде, -1-2б

 

[46]  ШЫҰ Ауғанстанның төңірегінде есірткіге қарсы белдеу // Егемен Қазақстан 2005 жылдың 6 шілде №56 1- бетте

[47]Болашаққа бағдарланған бедерлі әріптестік // Егемен Қазақстан 2005 ж. 1 шілде Е. Смайыл

[48]Кеше «бестік»,  бүгін «алтылық». Ертен ше?  //  Жас Қазақ 2005ж 8 шілде -1-4б

[49] ШЫҰ Хартиясын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Заңдары 2003 ж. 4 шілде №465 -9-10б.

[50] ШЫҰ алдында тұрған міндеттердің туындайтыны белгілі // Заң газеті  2005ж 6 шілде -4б

[51] Алты мемлекеттің басшылары Снкт-Петербургте бас қосты // Егемен Қазақстан 2005 жыл 6 шілде 5-бетте

[52]Декларация о создании Шанхайской Организации Сотрудничества. Шанхай, 15 июня,, 2001. С. 442.

[53] Жас Қазақ 2006 жыл 8 шілде №27

[54]Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы Бірлескен Декларация // Егемен Қазақстан 1995 ж. 16 қыркүйек, -1-3 беттер

[55] А лты мемлекеттің басшылары Санкт-Петербургте бас қосты // Егемен Қазақстан 2005 жыл 6 шілде 5-бетте

 

[56] Дипломатия жаршысы 2004ж №3-4 -86-89 б

 

[57]Выступление Н.А. Назарбаева на расширенном заседании коллегии МИД // Каз правда.1997 г. 15 сентябьря с2-3.

 

[58] Маңыздысы өз ерекшелігіңді сақтай білу // 2005ж  8 шілде  Заң газетінің сарапшысы Әзімбай Ғали -5-6б.

 

[59]Болашаққа бағдарланған бедерлі әріптестік. // Егемен Қазақстан 2005ж, 1 шілде Е. Смайыл.

 

[60]Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның күш жігері және бастамалары // Астана хабары 2005ж 12шілде, -4-5 б.

 

[61] Халықаралық бірлестікте бірге болу //  2005 жылы 1 шілде Егемен Қазақстан Ә. Құланбай

[62]Н.Назарбаев. Еліміздің сыртқы саясаты Қазақстан мемлекетінің маңызды бөлігіне айналды. // Егемен Қазақстан 1998ж, 1 желтоқсан -6-8 б.

 

[63] Жарғылық құжаттардың айқындау қажеттігі // Егемен Қазақстан 2005 жылы 1 шілде 2-3 беттер

[64] Дипломатия жаршысы № 1-2 , 2004ж, -18-21 б.

 

[65] Шанхай ынтымақтастық ұйымының  тиімділін арттыру // Сол газеттен -7б

[66] Орталық Азия мелекеттері халықаралық лаңкестікпен күресте // Алматы ақшамы2005ж, 5 желтоқсан, -4-5б.

 

[67] Әлем Астанаға көз тігеді // Егемен Қазақстан 2004ж. 29 маусым -2-4 б.

 

[68] Азия алыптары Шанхай ынтымақтастық ұйымына ұмтылады // Астана хабары 2005ж. 8 шілде -4-5б.

 

[69] Қазақстан және қауіпсіздік // Қ. Тоқаев Егемен Қазақстан 2005ж.

[70] ШЫҰ Хартияны бекіту туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2003ж, 3 маусым, №422 -10-11б.

 

[71] Тероррдың мақсаты әлеуметік құрылыс // Жас Қазақ 2005 ж. 6 шілде №56 -1б

 

[72]Мемлекеттер мен мемлекет арасындағы қайшылықтар // Евразия – kz 2005ж 7 шілде -5-7б.

[73] Егемен Қазақстан 2005 жыл 5 шілде № 150-151 -2-бетте

 

[74]ШЫҰ мүше елдердің басшыларының лебіздері // Евразия – kz 2006ж, 16 маусым -2-3б.

 

[75] Қазақстан үшін бұл ұйымның экономикалық, саяси маңызы бар // Дала мен Қала 2005ж, 8 шілде., № 27 (104). Д. Сәтпаев

 

[76]Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ауқымды перспективалары, www.xinhuanet.com.

[77]Ресей – Қырғызстан  әртүрлі экономикалық жүйе?! // Евразия – kz, 2006ж. 16 маусым., -5-6 б.

[78]Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. Экономическая и социальная география мира. М., -1993г. С221.

 

[79]ШЫҰ әлі сәбидің жасында // Жас Қазақ 2005ж 8 шілде -5б.

[80]ШЫҰ Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыты // Дала мен Қала 2005ж, №27 -6-7 б.

[81] Н. Назарбаев « Ғасырлар тоғысында» Алматы 1996ж. -129б

 

[82] Г.Б. Хан, Л.С. Суваров, Г.Б. Рахманов « Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» Алматы 2003ж -165-183 б.

[83] Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстанның күш жігері және бастамалары // Астана хабары 2005ж 12шілде, -4-5 б

 

[84]Болашаққа бағдарланған бедерлі әріптестік // Егемен Қазақстан 2005 ж. 1 шілде Е. Смайыл

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля