• Без рубрики
  • 0

АҚ-ғы мүліктерінің аудитін жүргізу.

23 февраля, 2020 19:48

 

 

Жоспар

 

 

Кіріспе

 

1Бөлім “ Облгаз”  АҚ-ның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы және оның есебін ұйымдастыру

  • “Облгаз” АҚ-ның экономикалық жағдайы
  • “Облгаз” АҚ-ның бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы

 

2 Бөлім   АҚ аудиттің жүргізілу тәртібі

2.1 АҚ-ның аудитінің жүргізілу маңыздылығы

2.2 АҚ-ның  ақша қаражаты аудитінің жүргізілу тәртібі

2.3 АҚ-ның негізгі құралдарын тексеру тәртібі

2.4 АҚ-ның қаржылық қорытындыларының аудиті

2.5 Аудиторлық қрытынды

 

Қорытынды және ұсыныстар

Қолданылған әдебиеттер

 

Кіріспе

 

 

Осы курстық жұмыстың тақырыбы “АҚ-ғы мүліктерінің аудитін жүргізу” болып табылады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста “Облгаз” АҚ –ның экономикалық жағдайына талдау жасалып, оның ұйымдастырылуы қарастырылды.

Осы курстық  жұмыста келесідей мәселелер қарастырылды:  бірінші бөлімінде  “Облгаз”  АҚ-ның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы:    акционерлік қоғам қаржылық  жағдайын жақсарту бағытында, осы екі, үш жылда  газды сату көлемін үлкейтіп, оның жұмысын жақсарту, ал сатып алушылармен газдың тұрақты құнын орнату болып табылады;

акционерлік қоғам өзінің  жұмысындағы негізгі күш бағытын тұрғындармен әр түрлі төтенше жағдайлардан сақ болып, газбен дұрыс қолдану, сонымен қатар газ құралдарын тұрмыс жерлерде жандандырып және уақытында жөндеу жөнінде қызмет етуде және оның есебін ұйымдастыруына жазылды.

Екінші бөлімінде АҚ аудиттің жүргізілу тәртібі АҚ-ның аудитінің жүргізілу маңыздылығы; АҚ-ның  ақша қаражаты аудитінің жүргізілу тәртібі; АҚ-ның негізгі құралдарын тексеру тәртібі: аудит барысында осы өндіріс шығынын есептеу бабының бухгалтерлік есебін жүргізу ерекшеліктерін жан-жақты тексеруі қажет. Осы орайда аудитор тексеру барысында сол шаруашылық субъектілерінің “есеп саясатын” басшылыққа алады. Негізгі  құралдардың  түсуі  негізгі  құралдардың  түсуі —   жіберілуі  актісімен  берілген  объектіге  деген  техникалық   құжаттармен  бірге  толтырылады.

АҚ-ның қаржылық қорытындыларының аудиті толығымен , зерттеліп қарастырылды.

Бұл тақырыптың негізгі масаты болып жоғарыда айтылған мәселеледі жан- жақты, мән мағынасын ашып көрсету табылады. Кейін аудиторлық қорытынды жасалып, ұсыныстар айтылады. Осы сұрақтарды толықтай келесі беттерде таныса аласыз.

 

 

1 Бөлім “ Облгаз”  АҚ-ның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы және оның есебін ұйымдастыру

1.1“Облгаз” АҚ-ның экономикалық жағдайы

Батыс Қазақстан облысындағы газ шаруашылығына биыл 45 жыл толып отыр, 1960 жылы құрылған.

Кәсіпорынның негізгі мақсаты болып, тұрығындарды газбен қамтамасыз ету, яғни газды жағу, орнату, ал соңынан тұрғандарды және облыстағы кәсіп орындарды табиғи газ жүйесімен қолдануға мүмкіншілік беру болып табылады.

Қазіргі кезде табиғи газды қолдану қашықтығы 1 855,8 шақырымды құрап тұрғанын, соның ішінде облыстағы 89409 жанұяға қосулы, Ақсай қаласында және 7/11 облыс райондары алып жатыр.

Акционерлік қоғамның негізгі қызметтері:

  • коммунальдық- тұрмыстық объектілерді және тұрмыс жерлерді газдандыру жүйелерін жөндеу және қолданысқа әкелу;
  • үй ішіндегі сенімсіз құралдарды ауыстыру және дұрыс жөндеуден өткізу;
  • газ счетчиктері және газ құралдарын орнату;
  • тұрмыста қолданатын газды орнатуды монтаждау және керімонтаждау;
  • және таағы басқа.

Акционерлік қоғам қаржылық  жағдайын жақсарту бағытында, осы екі, үш жылда  газды сату көлемін үлкейтіп, оның жұмысын жақсарту, ал сатып алушылармен газдың тұрақты құнын орнату болып табылады.

Акционерлік қоғам өзінің  жұмысындағы негізгі күш бағытын тұрғындармен әр түрлі төтенше жағдайлардан сақ болып, газбен дұрыс қолдану, сонымен қатар газ құралдарын тұрмыс жерлерде жандандырып және уақытында жөндеу жөнінде қызмет етуде. Осы қызметтерді жасауда Облыстық төтенше жағдай мекемесі, арнайы жөндеу цехтары, облыс райондарындағы  мекемелерде қосылуда.

“Облгаз” АҚ-ның экономикалық жағдайын  сипаттау барысында төмеде келесідей кестелер қарастырылады.

 

 

кесте  №1

 

“Облгаз” ААҚ-ның  2003 –2005 жж  аралығындағы  өндіріс көлемі

 

Өндіріс  көлемінің  аттары 2003 2004 2005 Ауытқуы
 2003-2004 2004-2005
1 Тауар  сатудан  кіріс 164156 360932 410325 196776 49393
2 Негізгі  құралдар 541180 544834 3065314 3654 2520480
3 Жұмысшылар  саны 452 471 475 19 4
4 Еңбек  ақы қоры 105039,3 125658,6 143579,7 20619,3 17921,3
5 Дебеторлық  бережа 304961 35423 25435 -269538 -9988
6 Кредиторлық  бережақ 504747 448370 349590 -56377 -98780
7 Таза  табыс -105369 181346 173642 286715 -7704

 

 

Облгаз ААҚ-ң өндіріс  көлемін  талдау  кестесі  бойынша  тауар  сатудан  кіріс  бойынша  базистік  жылы,  яғни  2003 жылы  164156,  ал  өткен  жылы, 2004 жылы  360932  мың тг. болып  көбейді,  яғни  ауытқуы  196776 мың тенгеге  тең  болып  отыр.  Есепті  жылы  өткен  жылға  қарағанда  410325 мың  тенгеге  көбейіп,  ауытқуы 49393 мың тенгеге  жетіп  отыр.  Негізгі  құралдар  бойынша  жылдан  жылға  көбейіп,  яғни  2003  жылы  541180  мың  теңге  болса,  2004  жылы  544834 мың тенгеге  өсті,  ауытқулары  3654 мың тенге  болып  табылса, 2005 жылы 3065314 мың тенге  дейін  күрт  өсіп,  ауытқу  айырмашылығы 2520480 мың тенгеге  дейін  тең  болды.  Жұмысшылар  саны  бойынша  2003 жылы 452 адамға,  2004 жылы 471  адамға  дейін  өссе,  есепті  жылы,  яғни  2005 жылы  475  жұмысшы  болып  отыр, ал  олардың  ауытқуы  2003  және  2004 жылдар  аралығында  19  адам  болса,  2004  және  2005 жылдары  4  адамға  дейін  көбейді.  Ал еңбек  ақы  қоры  бойынша    кәсіп  орында  жыл  сайын  өсіп  отырғанын  көреміз,  яғни  2003 ж 105039,3 мың тенге  болса,  2004 жылы 125658,6 мың тенгеге  дейін  барып,  ауытқуы  20619,3 мың тенге  болып  отыр,  2005 жылы  143579,7 мың тенге.  Ол  2004  және  2005  жыларында  17921,1 мың тенге  ауытқуы  болғын,  яғни  2003  және  2004  жылдарға  қарағанда  төмендегіні  байқаймыз.  Дебиторлық  бережақ  бойынша  өткен  және  есепті  жылдарға  қарағанда  базистік  жылы  пайда  болғанын,  ал  2003  және  2004  жылдар  аралығында  -269538 мың тг. зиян  шексе,  2004  және  2005  жылдар  аралығында  -9988 мың тг. дейін  зиян  болған.  Бұнда  дебиторлық  бережақ  жылдан  жылға  аз  сомма  болған.  Кредиторлық  бережақ  дебиторлық  бережақ  сияқты  2003  жылы  504747 мың  тенге  болып  отырса,  2004  жылы  448370 мың  тенгеге  дейін  түскенін,    яғни  ауытқуында –56377 мың тг. зиян  көріп  тұрғанын,  ал  2005  жылы  349590 мың тенге  ауытқуы 2004  жылда  98780 мың тенгеге  дейін  зиян  болғанын, яғни  кәсіп  орын  шығынға  ұшырағанын  бастадық.  Ал  таза  табыс  бойынша  2003  жылы,  яғни  базистік  жылы –105369 мың  тенгеге  зиян  болса,  2004  жылы  181346 мың тенге  болып,  ауытқулары  286715 мың тенгеге   тең  болып  отырса  2005  жылы  173642 мың тенге  азайғаны,  ауытқуы –7704 мың тенге  дейін  төмендеп  отыр.

 

Кесте №2

“Облгаз” ААҚ-ның  2003 –2005 жж  аралығындағы

негізгі  құралдардың  құрылымы

Негізгі құралдардың

аты

2003 2004 2005
тыс. тг. % тыс. тг. % тыс. тг. %
Негізгі құралдар, — барлығы

—   ғимарат және құрылғылар

—   машина және жабдықтар

—   транспорттық құралдар

—   басқа негізгі құралдар

—   аяқталмаған құралдар

541180

 

33574

 

476799

 

30807

6946

100

 

6,2

 

86,8

 

5,7

1,3

544834

 

27575

 

479363

 

24981

5969

6946

100

 

5,1

 

87,9

 

4,6

1,1

1,3

 

3065314

 

26106

 

2997698

 

27081

7483

6946

100

 

0,9

 

97,8

 

0,9

0,2

0,2

 

“Облгаз” ААҚ-ң  негізгі құралдардың құрылымын қорытындылай келе, біріншіен негізгі құралдардың барлығы 2003 жылы 541180 мың тг. құрап отырса, 2004 жылы 544834 мың тг. дейін өсті, 2005 жылы 3065314 мың тг. дейін көбейгені, үлес салмағы 100 пайыз болып отыр. Негізгі құралдардың, соның ішінде ғимарат және құралдар бойынша 2003 жылы 33574 мың тг.болса, үлес салмағы 6,2 пайыз, 2004 жылы 27575 мың тг.  төмендегені, ал пайыз бойынша 5,1, ал 2005 жылы ғимарат және құрылғылар сомасы 26106-ға дейін төмендегені,үлес салмағы 0,9 пайыз болғаны. Ал машина және жабдықтар бойынша 2003 жылы 476799 мың тг.болып отыр, ал үлес салмағы 86,8 пайызға тең болып отыр. Ал 2004 жылы 479363 мың тг. болғанын, пайыз бойынша 87,9 пайызға дейін көбейгені, 2005 жылы 2997698 мың теңгеге өскені, яғни 97,8 пайызға дейін көтерілді. Транспорттық құралдар бойынша 2003 жылы еш өзгеріс болмағаны, 2004 жылы 24981 мың тг. болғанын  пайыз түрінде 4,6 пайызға тең болып, 2005 жылы 27081 мың теңгеге төмендегені, яғни үлес салмағы 0,9 пайыз болып отыр. Басқа негізгі құралдар бойынша 30807 мың тг. болса, ал үлес салмағы 5,7 ге тең. 2004 жылы 5969 мың тенгеге азайғаны, оның үлес салмағы 1,1 пайызға тең болғаны, ал 2005 жылы 7483 мың теңгеге көбейгені, пайыз түрінде 0,2-ге  тең. Ал аяқталмаған құрылыс бойынша базистік жылы 6946 тенге болып, 1,3 пайызға тең болды. өткен жылы және есепті жылы еш өзгермегені, яғни соңғы үш жылда да бірдей болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте №3

 

Облгаз ААҚ-ң 2003-2004 жж.. аралығындағы қаржылық есеп көрсеткіштері (мың, тг.)

 

Көрсеткіштердің

аты

2003 2004 2005 Орташа құны
1 Дайын өнімнің сатылу кірісі (тауар, жұмыс, қызмет) 164156 360932 410325 311804
2 Дайын өнімнің сатылған өзіндік құны (тауар, жұмыс, қызмет) 146454 308499 542012 338322
3 Жалпы табыс 17702 52433 83441 51192
4 Кезең шығындары, -соның ішінде:

—   сату бойынша шығындар

—   жалпы және әлеуметтік шығындар

121054

 

 

2710

 

 

 

118344

166910

 

 

2398

 

 

164512

171895

 

 

2185

 

 

158635

153286

 

 

2431

 

 

147164

5 Негізгі қызмет табысы(зиян) -103352 -114477 -101563 -37653
6 Негізгі емес қызмет табысы (тауар, жұмыс, қызмет) -2017 304396 307586 203322
7 Салық салудан жай қызметке дейінгі табыс(зиян) -105369 189919 198731 94427
8 КТС шығындары 8573 9315 8944
9 Салық салудан кейінгі жай қызмет шығыны(зиян) -105369 181346 215405 97127
10 Таза табыс(зиян) -10369 181346 173642 83206

 

Қорыта келе, Облгаз ААҚ-ң 2003-2004 жж.. аралығындағы қаржылық есеп көрсеткіштері бойынша дайын өнімнің сатылу кірісі бойынша 2003 жылы 164156 мың тг. болғанын, 2004 жылғы көрсеткіш бойынша 308499 мың, тг., ал 2005 жылы 542012 мың тг-ге дейін көбейген. Үш жылдық орташа құнды алатын болсақ 311804 мың тг. тең болып отыр.дайын өнімнің сатылған өзіндік құны бойынша, 146454 мың тг., ал 2004 жылы 308499 –ға жеткен болса, 2005 жылы 542012 мың тг. пайда болған, ал орташа құн бойынша 338322 мың тг. болып отыр. Жалпы табыс бойынша базистік жылы 17702 мың т. өткен жылы 52433 мың тг.  болғанын, ал есепті жылы 83441 мыңға көбейгені, үш жылдық көрсеткіш бойынша 51192 мың тг-ге тең болып отыр. Кезең шығындары бойынша орташа үш жылдық көрсеткіш ьойынша 153286 мың тг болса, соның ішінде сату бойынша шығындар 2003 жылы 2710 мың тг. болса, 2004 жылы 2398 мың тг., ал 2005 жылы 2185 мың тг, болып отыр. Негізгі қызмет табысы(зиян) бойынша 2003 жылы –103352 мың тг. болып зиянға ұшыраған, ал 2004 және 2005 жылдары –114477- -101563 мың тенгеге зиян шегіп отыр. Бұл зиян орташа құн бойынша –37561 ге тең болып отыр. Негізгі емес қызмет табысында 2003 жылы –2017мың тг. көрсеткішімен зиян болған болса,  қалған екі жылд табыс алғанын байқаймыз, ал үш жылдық орташа құн бойынша 203322 мың тг-ге тең боып отыр.  Салық салудан жай қызметке дейінгі табыс(зиян) бойынша базистік жылы –105369 мың тг-ге зиян қөрген болса, өткен жылы 189919 мың тг, ал 2005 жылы 198731 мың тг-ге табыс болғанын орташа құндық көрсеткіш бойынша 94427 мың тг-*ге тең болып отыр. КТС шығындар көрсеткіштері бойынш 2003 жылы шығын болмаған, 2004 жылы 8573 мың тг., ал 2005 жылы 9315 мың тг. болып отыр, орташа құн бойынша 8944 мың тг. тең. Салық салудан кейінгі жай қызмет шығыны(зиян) бойынша 2003 жылы  салық салудан жай қызметке дейінгі табыс(зиян)  мен бірдей зиян шеккен, ал 2004 жылы 181346 мың тг. көбейгені, 2005 жылы 215405 мың тг. болған. Орташа жылдық құн бойынша  97127 ге тең болып отыр. Таза табыс(зиян)  -105369 мың тг-ге   базистік жылы зиян көрсе, өткен жылы 181346 мың тг. көбейгені, 2005 жылы 173642 мыңға төмендегені орташа есеп бойынша 83206 мың тг-ге тең болып отыр. 2003 жылғы  қаржылық есеп көрсеткіштері бойынша  зиян мен табыс бірдей болғанын, ал 2004-2005 жылдары  “Облгаз” ААҚ-ның  қаржылық жағдайы  жоғарлағаның байадық.

 

Кесте №4

 

“Облгаз” ААҚ-ң 2003-2004 жж.. аралығындағы жұмысшылар саны және еңбек ақы қоры

жұмысшылар саны және еңбек ақы қоры атаулары

 

2003 2004 2005
мың, тг. % мың, тг. % мың, тг. %
1 Жұмысшылар саны, орташа еңбек ақыны есептеуге алатын,- барлығы, адам

соның ішінде:

негізгі жұмысшылар персоналы

 

 

 

449

 

 

433

 

 

 

100

 

 

96,4

 

 

 

467

 

 

467

 

 

 

100

 

 

100

 

 

 

485

 

 

485

 

 

 

100

 

 

100

2 Еңбек ақы қоры (ақшалай және натуралды нысанда) сызылған және сызылмаған жұмысшылар саны – барлығы, мың,тг. (оңдық белгі)

соның ішінде:

негізгі жұмысшылар персоналы

 

 

 

 

 

 

 

105039,3

 

 

 

101081,8

 

 

 

 

 

 

100

 

 

 

96,2

 

 

 

 

 

 

125658,6

 

 

 

125658,6

 

 

 

 

 

 

100

 

 

 

100

 

 

 

 

 

 

163493,6

 

 

 

163493,6

 

 

 

 

 

 

100

 

 

 

100

 

Қорыта келе, жұмысшылар саны және еңбек ақы төлеу қорының көрсеткіштері орташа еңбек ақыны есептеуге алатын жұмысшылар саны 2003 жылы 449 адам , ал үлес салмағы 100 пайызды көрсетсе, соның ішінде негізгі жұмысшылар персоналы 433 адам болып, 96,4 пайызды құрап отыр. 2004 жылы 467 адам 2005 жылы 485 жұмысшылар саны, орташа еңбек ақыны есептеуге және негізгі жұмысшылар персоналының үлес салмағы 100 пайыздан келіп тұр. Еңбек ақы қоры сызылған және сызылмаған жұмысшылар саны 105039,3 мың тг. оның үлес салмағы 100 пайызға тең, ал негізгі жұмысшылар персналы 101081,8 мың, тг. үлес салмағы 96,2 пайыз болып табылады. 2004 жылы 125658,6 мың, тг. негізгі жұмысшылар персналы да 125658,6 мың тг. болса, 2005 жылы  Еңбек ақы қоры  сызылған және сызылмаған жұмысшылар саны соның ішінде: негізгі жұмысшылар персоналы 163493,6 мың, теңгені құрап отыр.ал 2004-2005 жылдардағы пайыз көрсеткіші 100-ге тең. 2004 жылы 2003 жылға қарағанда жұмысшылар саны 18 адамға және негізгі жұмысшылар персоналы 44 адамға дейін өссе, 2005 жылы 2004 жылдан сонша есеге дейін өсті. Еңбек ақы қорыда жылдан жылға өсіп персонал саныда оң деген бағаны көрсетіп тұр.

 

 

1.2 Облгаз” АҚ-ның бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы

Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында, әр жұмысшы өз міндеттерін атқарады. Сол міндеттер “Облгаз” АҚ-дағы есепшілердің міндеттері қалай жүргізілетіні сипатталады:

  1. Алмухамбетова Ларилла Газизовна – бас есепшінің орынбасары.

Касса, негізгі құралдарды, жинақтаушы кассамен есеп айырсу және аудандық желінің байланысын бастапқы құжаттарды өндеп журнал-ордерге енгізеді. Негізгі құралдарды күрделі жөндеуден, құрылыстан амортизация есептегенде құжаттарды өндеу. Негізгі құралдарға  аналитикалық есепті енгізу. Қорға, табысқа, шығысқа журнал-ордерге үйлестіру. Бас кітапқа енгізу. Есептің дұрыстығын бақылау.

  1. Найзина Светлана Ароновна – газ есебін жүргізуші бухгалтер.

Газ қозғалысын өндеу және қабылау есебі. Есептеуге салыстыруды жүргізу, кредиторлық бережақ, дебиторлық бережақты құжаттар көрсету, тұтынылған газды есептеуді аналитикалық есепке енгізу, бухгалтерлік жазуларды құру.

  1. Журавлева Любовь Иванвна –жабдықтаушылармен есеп айырсу бухгалтері.

Бережақты талдаудың құрылуы, есептеуге салыстыру жүргізу, жабдықтаушылармен дебиторлық және кредиторлық бережақтың құжаттарын көрсетуді жабдықтаушылармен есеп айырсуды аналитикалық есепке №6 журнал-рдерге енгізу.

  1. Жумагазиева Гульнара Ивановна – есептеу столының жүргізуші бухгалтері.

Еңбек келісім –шартын, бұйрықты, нарядтарды, табельдерді, зейнет ақы есептеуді, барлық еңбек ақы түрлерін келістіруді есептеу. Еңбек ақы бойынша табыс салығын, касса арқылы төлеуді және басқа да құжаттарды ұстау. әлеуметтік салықты, зейнет ақыны есептеуді, еңбек ақыны есептеу және айлық бухгалтерлік жазуларды көрсету. Еңбек ақыдан әр түрлі ұстауларды және кредиттік, ссудаларды аналитикалық есеп арқылы есептеуді негізу.

  1. Плетнева Татьяна Яковлевна –маиериалдық столдың бухгалтерлік жүргізушісі.

Қоғамдық аматандыруға есеп, төлеу қызметіне есеп және материалдық есептердің өнделген құжаттарды қабылдау. Жиынтық шешімді келтірудің қозғалысын ТМЗ және олардың берілгенің салыстыруды құру.

  1. Дзюба Тамара Ивановна – есепті талдаудың есептегендегі жүргізуші бухгалтер.

Орталық қоймадан ТМЗ қозғалысын және бастапқы құжаттарды өндеу және қабылдау. Кассалық есепті салыстыру, РЭУ бойынша есептің абоненттерінің өздік шотын қабылдау.

  1. Таспихова Сымбат Сатыбалдиевна – материалдық столың бухгалтері.

РЭУ төлеу қызметінің есебі және материалдық есептің өнделуін  және қабылдау. АҚ шығындарын аналитикалы есебін жүргізу.

  1. Вахитова Клара Зулхижаевна – салық есебін жүргізуші бухгалтер.

Бюджеттен салықпен есеп айырсудың аналитикалық есебін жүргізеді айлық берілгендерін жинайды:салық органдарына салық төлемдеріне және жолдар бойынша декларацияны, оның есебін құрап тапсырады. Олардың уақытында төленуін бақылайды. Салық түрлеріне аналитикалық есеп жүргізеді.

  1. Щедрова Любовь Ивановна – бухгалтер- кассир

Құрылған құжаттар бойынша  ақша құралдарын береді және қабылдайды. Кассадағы ақша құралдарының сақтығына материалық жауапкершілік және кассалық есепті құрайды. №7 журнал-ордері есебін жүргізіп, аванстық есеп беру сомасы бойынша өтеу ай сайын №2 журнал-ордерді компьютерге енгізіп, оны шығарады, күнделікті көшіру жасап, мемлекетік банк арқылы төлеу туралы құжаты болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 2 Бөлім   АҚ аудиттің жүргізілу тәртібі

  • АҚ-ның аудиттің жүргізілу маңыздылығы

 

Негізгі  құралдар  аудитінде  колданылатын  ақпарат көздері  кәсіпорын  қабылдаған  есеп  саясатына  тәуелді  болады.Бұл  есеп  формасын  таңдауда  көрінеді: журнал-ордерлі, мемориалды – ордерлі,қарапайымды, сонымен  қатар  қолданыстағы  регистрлер  тізімінде, олардың  құрылуында, кезектілігінде  және  оларда  жазу  жүргізу  тәсілінде. Бірақ  есептің  кез- келген  формасында  негізгі  құралдар  бойынша  операциялар  алғашқы  есептік  құжаттаудың  бірыңғайлы  ведомісті аралық  формалары  мен  толтырылуы  тиіс  екендігін  есте  сақтау  керек:

НҚ-1 формасы – негізгі  құралдарды  қабылдау —  жіберу  актіісі;

НҚ-3 формасы – жөнделген, қайта  құрылған  және  жетілдірілген  объектілердің  қабылдау – тапсыру  актісі;

НҚ-4 формасы – негізгі  құралдарды  жою  актісі;

НҚ-4а  формасы – автокөлік құралдарын  жою  актісі;

НҚ-6 формасы  — негізгі  құралдар есебінің

НҚ-14 формасы – қондырғыларды  қабылдау  туралы  акті;

НҚ-15 формасы  — қондырғыларды  монтажға  қабылдау – жіберу  актісі;

НҚ – 16 формасы қондырғылардың  анықталған  кемістігі  туралы  акті.

Негізгі  құралдар  қозғалысы мен  олардың  тозуның  синтетикалық  есебі №13,10 және 10/1 журнал – ордерлерде  жүргізіледі, ал  компьютерлік  ақпараттық  технологияларды  қолданған  кезде 01, 02  шоттары  бойынша  дебеттік  және  кредиттік  айналымдар  машинаграммосында  жүргізіледі.

Негізгі  құралдар  есебінің  аудитінің  негізгі  бағыттары  келесілерді  қамтамасыз  ету  керек:

  • Негізгі құралдардың  тұтастығы  мен  бар болуын  бақылау;
  • Жабдықтардың негізгі  құралдарға  жатқызылу  дұрыстығы;
  • Негізгі құралдардың  есепте  бағалану  дұрыстығы;
  • Негізгі құралдардың  түсуі  мен  шығуы  бойынша операциялардың  есепте  көрінуі  мен  толтырылуы  дұрыстығы;
  • Негізгі құралдардың  тозуы  мен  жөнделуінің  есепте  көрінуі  мен  есептелу  дұрыстығы;
  • Бухгалтерлік есеп  пен  есеп  беруде  негізгі  құралдардың  бар  болуы  мен  қозғалысы  туралы  мәліметтердің көріну  дұрыстығы.

 

2.2 ААҚ-ның  ақша қаражаты аудитінің жүргізілу     тәртібі

 

Бухгалтерлік есеп стандартының талабына сәйкес шаруашылық субъектісінің қаржылық есебінің құрамына төртінші стандартқа сәйкес жасалатын ақша қаржысының есебі кіреді. Бұл есепке кәсіпорын ақша қаржысының кіріс – шығыс операциялары үш топқа бөлініп көрсетіледі: операциялық, инвестициялық аржы кәсіпкерлігі.

Төртінші, бухгалтерлік есеп стандарты бойынша ақша қаржысының есебіне анықтама мақсатымен қамтитын әрекеттеріне  түсінктеме берілген. Осы стандартқа байланысты ақша қаржысы есебінің негізгі мақсаты, ол әрбір заңды тұлғаның қаржылық  жағдайын анықтау, ақша қаржысының кіріс – шығыс әрекеттеріне толық мәлімет беру, оны өз кезегінде іс-әрекеттік инвестициялық және қаржы кәсіпкерлік тобына  бөліп көрсету.

Төртінші станарт бойынша берілген анықтамалар:

  1. Ақша қаржысы кассадағы, банкідегі, есептегі нақты ақша;
  2. Ақша қаржысының қозғалысы – ақша қаржысының кіріс – шығыс әрекеттері;
  3. Операциялық кәсіпкершілік – заңды тұлғаның ақша қаржысымен кәсіпкерлік жасап табыс табуы;
  4. Инвестициялық кәсіпкерлік – ұзақ мерзімдік активтік сатып алу, сату әрекеттері;
  5. Қаржы кәсіпкерлігі – заңды тұлғаның кәсіпкершілік барысындағы меншікті қорына және несие қаржысына әсерін тигізетін әрекеттер.

Заңды тұлға өзінің ақша, қаржы әрекеттерінің мазмұн, мағынасын екі түрлі  әдіспен анықтайды:

  1. Тікелей әдіс – онда ақша қаржысының іс -әрекеті кіріс- шығыс құжаты негізінде көрсетіледі.
  2. Қосалқы немесе жанама әдіс – ақша қаржысының құбылысы инвестициялық кәсіпкерлік әсеріне байланысты және қаржы кәсіпкерлігі іс-әрекетінің әсерінен табыстылықты реттейді.

Шаруашылық субъектілері қазіргі бухгалтерлік стандарт бойынша осы жоғарыда көрсетілген үш түрлі қаржылық есебін тапсырады. Аудит тұрғысынан оларды тексеру өте күрделі. Аудиттің негізгі мақсаты кәсіпорындарға аудитор бір жылдық  жұмыс қорытынылығын анықтап, өзінің аудиторлық қорытындысын беру үшін осы қаржылық есептерді түгелдей тексеруе міндетті. балансты тексеру үшін аудитор оның әр бабын  жеке-жеке анықтауы қажет. Ол үшін “Бас кітап” көреткішін аналитикалық есеп кестелеріндегі жазушы салыстырып, оның жеке-жеке жүргізілетін аналитикалық есептізбегімен салыстырып, одан кейін ең соңында түгелдеу ұжаттарымен беттестіру, қарама-қарсы анықтау жасау арқылы түгелдеу барысының  құжаттарына талдау жасағаннан кейін ғана тексеру толық жүргізілді деуге болады.

Қаржы- шаруашылық нәтижесінің есебін тексеру үшін аудитор алдымен бухгалтерлік есеп жұмысының ұйымдастыруын, есеп жүргізі әдісін анықтауға міндетті. есептің әрбір жолын тексеру үшін оның есебін жүргізу тәртібін анықтап одан кейін ғана тексеруге болады.

  1. Дайын өнімді сатудан түскен табыс – бұл көрсеткіштің анықтығын шаруашылық субъетісінің “есеп саясатының” талабына сәйкес, табысты есептеу әдісіне сәйкес анықтау қажет. Онда “кассалы әдіс” немесе “есептің есептеу әдісі” қлданылуына сәйкес анықталады.
  2. дайын өнімнің өндірістік өзіндік құны – бұл көрсеткішті тексері үшін аудитор кәсіпорынның технологиялық ерекшелігіне сәйкес өндіріс өнімнің өзіндік құнын анықтау әдісіне сүйене отырып оның “калькуляциясын” тексеруі қажет, ал оның әр бабын тексеру үшін өндіріс шығынын есептеуді тексеру қажет.

Қазақстан Республикасы Президентінің “бухгалтерлік есеп” туралы Указында (№2732, 26.12.1995 ж.) өндіріс өнімнің шығының есептеу жүйесі анықталған. Онда өндіріс шығынын есептеу үшін келесі топтау – бабы белгіленген:

  • материалдар шығыны;
  • негізгі құрал тозу табысы;
  • еңбек ақы төлем;
  • әр түрлі қорларды есептеу: әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті медицина, емдеу қоры, жолдар, жұмыссыздыққа қарсы қамсыздандыру қоры;
  • суға төлем, табиғи ресурс шығыны, заңды төлем үшін төлем, геолгияық шығындарға төлем, тағы басқалай мінетті(заңды) шығындар;
  • тағы басқа шығындар.

Аудит барысында осы өндіріс шығынын есептеу бабының бухгалтерлік есебін жүргізу ерекшеліктерін жан-жақты тексеруі қажет. Осы орайда аудитор тексеру барысында сол шаруашылық субъектілерінің “есеп саясатын” басшылыққа алады.

  1. Жалпы және әкімшілікшығыны – 821 есептегі тікелей өндіріс процесінеқатысы жоқ, әкімшілік және жалпы шаруашылық шығыны есептелінеді. Аудит барысында осы топқа жататын шығындар аналитикалы есебін тексеру арқылы аныталады.
  2. Тауарды сату шығыны – 811 есептегі топталған тауарларды сату барысына қатысты шығындар аналитикалы есебін тексеру арқылы аныталады.
  3. “Процент” төлеу шығыны – 831 есептегі әртүрлі несие алғаны үшін төленетін “процент” шығыны және шығарылған құнды қағаз үшін аренда келісім шарты бойынша төлемдер көрсетіледі.

Өндіріс өнімнің өзіндік ұның анықтауда көптеген қосалқы есеп көрсеткіштерін дұрыс анықтау өте күрделі жұмыс. Мысалы, бітпеген өнім табысы анықтау, өндірісте бүлінген өнім сомасын анықтау, жалпы өндірістік шығындарды бөлу, тағы басқа көрсеткіштерді анықтау.

Шаруашылық субъектілерінің “ақша – қаржысының есебі ақша операцияларының негізіне сәйкес үш түрде жасалынаы: нақты ақша қаржысының әрекеттері. Касса кіріс – шығыс әрекеттері нақты құжаттар арқылы  тексеріліп анықталады. Аудит барысында есеп кестелері, касса есептері тексеріледі. Кәсіпкершілік операциясы – касса есебінде алғашқы құжаттар арқылы жеке-жеке негізгі құралдың сату табысы, материалдық емес активті сату табысы, тағы басқа түрлі кірстер жеке-жеке көрсетіледі .

Үшіншіден, касса арқылы жүргізілген инвестиция әрекеттерінде алғашқы құжат арқылы жеке-жеке көрсетледі. Мысалы, құнды қағаз шығарудан түскен табыс несие алу нәтижесінде түскен табыс тағы сол сияқты кіріс әрекеттері. Шығыс болған табыстары несиені төлеу, құнды қағаз сатып алу, тағы басқа осы топтағы төлемдер. Аудит барысында алғашқы құжат есеп кестелері арқылы олардың заңдылығын, дұрыстығын анықтау жасалынады.

 

  • АҚ-ның негізгі құралдардың тексеру тәртібі

 

Негізгі  құралдардың  бар  болуы  мен  тұтастығының  аудиті. Аудиторға келесілерді  тексеру  қажет:

  • Кәсіпорында негізгі  құралдарды  қабылдау  және  оның  нәтежелерін   толтыру  бойынша  комиссияның  құрылғандығын;
  • Негізгі құралдарды стау – сатып алу  келісім  шарттары  толтырылғандығын;
  • Келісім шарттың  бағалардың протоколдардың  толтырылғандығын;
  • Негізгі құралдарды қабылдау – жіберу актілерінде  бастапқы  құнның  дұрыс  көрсетілгендігін;
  • Объектілердің жөндеуден  және  қайта  қалпына  келтірілуінен  кейінгі бастапқы  құнының  дұрыс  көрсетілуін.

Негізгі  құралдар  объектілерінің  есебі  мен  бақылауының  жағдайын  тексеру  мәліметтері  бойынша  аудитор  бақылау  тиімділігі  жөнінде  қортынды  жасай  алады.

Негізгі  құралдардың  тұтастығын  қамтамасыз  етудің  маңызды  талабы – олардың  қаттауының  сапалы  түрде  өткізілді.  Сондықтан  бақылау  процессінде  оның  толықтылығын  және  өз  уақытылығын  және  бухгалтерлік  есепте  нәтежелердің  дұрыс  көрсетілуін  тексеру  қажет.  Аудиторға  бұл  аудиторлық  тәуекелділікті  азайту  үшін  кәсіпорында  жүргізілген  қаттау  нәтежелеріне  қаншалықты  сенуге  болатындығына  көз  жеткізу  үшін  қажет.

Негізгі  құралдар  есебінің  жағдайын  тексере  отырып,  аналитикалық  есептің  ұйымдастырылуының  дұрыстығына  көз  жеткізу  керек.

Негізгі  құралдар  есебі  мен  бақылауымен  терең  танысу  мақсатында  аудитор  кәсіпорыннан  есеп  беруді  жасаған  күнге  дейін  ие  болған  негізгі  құралдың  типтері  бойынша  сарапталған  тізімін  талап  етеді.  Бұл  тізімге  негізгі  құралдар объектілерінің  құнының  төмендетілуі  мен  қайта  бағалануы  туралы  мәліметтер  енгізілуі  тиіс.

Негізгі  құралдар  есепте  жүйелі  емес,  операциялардың  жасалу  шегіне  байланысты  көрінеді,  бұл  амортизацияның  дұрыс  есептелуіне  және  оның  өндіріс  пен  айналым  шығындарына  жатқызылуына  әсер  етеді.

Жинақталған  амортизациялық  шығындар  есеп  беру  күніндегі  жағдай  бойынша  есептелінеді.  Негізгі  құралдар  тізімінің  олардың  бар  болуы,  қозғалысы  туралы  ауқымды  ақпараты  болғанына  қарамастан  аудиторға  негізгі  құралдардың  түсуі,  шығуы  және  озғалысы  туралы  құжаттарды  алу  керек.  Құжаттар  мен  бухгалтерлік  жазбалар  бойынша  негізгі  құралдар  қозғалысы  бойынша  барлық  операциялар 01 “негізгі  құралдар”  шоты  бойынша  дұрыс  жүргізілгендігіне  көз  жеткізуге  болады.

Шот – фактура,  келісім – шарт,  жалдау  туралы  келісімдер  сақтандыру  полисі,  салық  инспекциясының  жазбалары  сияқты  құжаттарды  тарту  аудиторға  тексеріс  объектісі  жөнінде  сенімді  ақпарат  алуға  мүмкіндік  береді.

Негізгі  құралдар  бойынша  шаруашылық  операцияларының  құжаттық  бекітілуі – бұл  шот  статьяларын  таңдау  және  кері  тәртіпте  бақылау  процессі,  яғни  есеп  жазбаларының  дұрыстығын  дәлелдеуші  бастапқы  құжаттарды  іздеу.  Негізгі  құралдар  бойынша  аудиторлар  таңдау  жасай  алады.  Сонымен  қатар  кездейсоқ  таңдау  әдісін  қолдануға  болады.  Осылайша  есепте  көрсетілген  негізгі  құралдарды   сақтандыру  бойынша  салықтар  мен  шығындарды  таңдауға  болады.

Негізгі  құралдар  аудиті  процессінде  қайта  есептеу  тәсілі  жиі  қолданылады.  Жинақталған  шығын  арифметикалық  шама  ретінде  көрінеді,  сондықтан   оның  нақтылығына  тек  қайта  есептеу  тәсілі  арқылы  көз  жеткізуге  болады.

Негізгі  құралдар  қозғалысының  аудиті.  Негізгі  құралдардың  кәсіпорынға  түсу  жолдары:

  • Жабдықтаушылардан төлем  арқылы  алу;
  • Қайтарымсыз түсу;
  • Жалданған негізгі  құралдар  құны  тәртібімен;
  • Бірге қызмет  істеу  туралы  келісім – шарт  бойынша  негізгі  құралдардың  қайтарылуы.

Негізгі  құралдардың  түсуі  негізгі  құралдардың  түсуі —   жіберілуі  актісімен  берілген  объектіге  деген  техникалық   құжаттармен  бірге  толтырылады.

Кәсіпорында  негізгі  құралдардың  есептен  шығу  себептері:

  • Объектінің тозу  нәтежесінде  және  кездейсоқ  жағдайларға  байланысты  істен  шығуы;
  • Қайта құру,  жетілдіру  нәтежесінде  істен  шығу;
  • Негізгі құралдарды басқа  ұйымдарға  беру.

Негізгі  құралдардың  жарамсыздығын анықтау үшін кәсіпорында арнайы комиссия құрылады. Объектілердің істен шығуын комиссия орын басқарушымен бекітіледі, ал бухгалтер карточкада объектінің есеп шығу күні мен акт номерін қойы.

Негізгі  құралдардың қолдану орындарында(цехтар мен бөлімдерде) негізгі  құралдардың хаттамалық тізімі (Негізгі  құралдардың формасы) жүргізіледі, мұнда қолданыстағы негізгі  құралдар объектілері туралы ысққаша мәліметтер беріледі.

Кәсіпорын ішіндегі түскен, есептен шыққан және орын ауыстырылған негізгі  құралдарға хаттамалық карточкаға сәйкес жазудан кейін ай соңына дейін бөлек сақталады. Бұл ай сайын солардың негіінде негізгі  құралдар амортизациясын(тозуын) есептеу жасалатындықтан қажет.

Негізгі  құралдардың бағалануының дұрыстығын тексеру қажет, себебі дұрыс бағаламау жалпы көріністі бұзып қана оймай, сонымен қатар келесідей келеңсіз жағдайларға әкеледі:

  • амортизацияның қате  есептелуіне;
  • есептелген салық  сомаларының  өзгерісіне;
  • негізгі құралдардың  шамасының  бухгалтерлік  (қаржылық) есеп  беруде  дұрыс  көрсетілмеуіне.

Негізгі  құралдар  қозғалысы  бойынша  операцияларды  аудиторлық  тексеру  кезінде  келесідей  сәттерге  назар  аудару  керек:

  • негізгі құралдарды  жарғылық  капиталдарға  салым  ретінде  беру  негізінде  олардың  бастапқы  құны,  тозуы  және  беру  кезіндегі  келісілген  құны  келтірілген  тізімі  берілуі  керек;
  • негізгі құралдарды  алған  кезде  бастапқы  құны,  тозуы  және  стаып  алу  құны  көрсетілген сату – сатып  алу келісім- шарты толтырылуы;
  • негізгі құралдар  объектілерін  комплект  түрінде (мысалы, кеңсе  жиһазы) алған  кезде  хаттамалы  карточкаға  комплектке  кіретін  бөлек  бөлшектірінің  тізімі  енгізілуі  тиіс;
  • Негізгі құралдар объектілерін  шет ел  валютасы мен  алған  кезде  объектінің  бастапқы  құны  алған  кездегі  есептелген  курспен  есепке алыну  тиіс;
  • Негізгі құралдардың  пайдасыздығын,  оларды  жөндеудің  мүмкін  еместігін  және  тиімсіздігін,  сонымен  қатар  оларды  есептен  шығаруды  құжаттау  бойынша  керекті  құжаттарды  толтыру  үшін  кәсіпорында  басшының  бұйрығы мен  арнайы  комисия  құрылуы  тиіс;
  • Қондырғыларды өзгертуден  және  бұзудан  шыққан  барлық  бөлшектер, желілер  және  агригаттар  егер  олар  әрі  қарай  пайдалануға  жараса,  оларды  қоймаға  тапсырып, ол  операцияны  бухгалтерлік  есепте  сәйкес  жазумен  (Д10-К47)  көрсету  керек.

Тозуды  есепке  алу аудиті.

Аудит  барысында  негізгі  құралдардың  барлық  объектілеріне  амортизацияны  есепке  алуды  есепте  барлығын:  тозу  негізгі  құралдар  қозғалысының  есебімен  есептелінетіндігін  және  амортизация  нормаларының дұрыс  қолданылуын  анықтау  керек.

Тозу  кәсіпорын  балансындағы  негізгі  құралдардың  барлық  түрі  бойынша  (жер  және  табиғи  ресурстар,  тұрмыстық  қор  нысандары,  кітапханалық  қор,  мұражайлық  және  сәулет  құндылықтарынан  басқа) есептелінеді.

Негізгі  құралдар  нысаны  бойынша  амортизациялық  есептеулер  осы  нысанды  бухгалтерлік  есепке тіркеген  бойдан  кейінгі  айдың  бірінші  күнінен  басталады,  және  осы  нысанның  құның  толық  өшіргенше  немесе  оны  бухгалтерлік  есептен  жойғанша  есептелінеді.

Негізгі  құралдар  нысаны  бойынша  амортизациялық  есептеулер  осы  нысанды  бухгалтерлік  есептен  жойған  немесе  оның  құның  толық  өшірген  айдан  кейінгі  айдың  бірінші  күнінен  бастап  тотылады.

Негізгі  құралдар  нысаны  бойынша  амортизациялық  есептеулер  бухгалтерлік  есептеуде  бөлек  шотта   сәйкес  соманың  жинақталу  жолымен  көрсетіледі.

Есептік  жыл  бойына  негізгі  құралдар  нысаны  бойынша  амортизациялық  есептеулер  ай сайын  есептеу  тәсіліне  арамастан  жылдық  соманы  1/12 мөлшерінде есептеледі.

Негізгі  құралдардың амортизациялық есептеулердің сәйкес тобына  жатқызылуының дұрыстығын анықтау өте маңызды.

Тозудың шығындар немесе басқалай көздер шотына жатқызылуының дұрыстығын тексеру үшін негізгі  құралдардың өндірістік немесе өндірістік емес мақсатта екендігін анықтау қажет.

 

2.4 А-ның қаржылық қорытындыларының аудиті

 

Аудиттің негізгі мақсаты шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебін тексеру болғандықтан, оның мәлімет негізі – бухгалтерлік есеп және топталған мазмұндағы қорытынды есебі болады. Осы орайда мәлімет көзі ретінде есеп кестелері ерекше орын алады, себебі қандай есеп  болсада есеп көрсеткштері есеп жасау үшін есеп кестелері арқылы бір жүйеге келтіріледі. өз кезегінде есеп көрсеткіштері сол есеп кестелерінің топталған екі жақты жазу әдісін қолданып негізделген мәліметтер арқылы жасалынады..

Аудти тұрғысынан мәлімет көзінің ең негізгісі – ол қаржы есебі. Қаржы есебі арқылы шаруашылық субъектісінің барлық жағынан жетістіктері, қаржылық жағдайы, табыстылығы толығымен көрсетіледі.

Қазіргі кезде біздің елімізде қабылданған “Бухгалтерлік  есеп стандарты” заңына сәйкес кәсіпорындар үш түрлі қаржылық есебін тапсырады:

  1. бухгалтерлік баланс;
  2. қаржылық –шаруашылық нәтижесінің есебі;
  3. ақша қаражатының есебі.

Қандай құрылымдық түрде  болса да, шаруашылық саласына қарамастан, әр түрлі меншіктегі шаруашылық субъектілері қазіргі мемлекетіміздің  заңды талабына  сәйкес, кәсіпорындар және жалпы кәсіпкерлікпен айналысатын мекемелер жылдық бухгалтерлік есебін жасайды. Оның негізгісі жылдық бухгалтерлік баланс, қаржы – шаруашылық нәтижесінің есебі.

Бухгалтерлік есебі, баланс өте күрделі бухгалтерлік есеп әдіс. Ол кәсіпорын мүлкін арнайы экономикалық топтау арқылы, оның қаржыландыру көзімен жүйелеуге келтіріп, оларды экономикалық топтаумен немесе, кәсіпорын нақты қаржыландыру көзімен байланыстырып көрсетеді. Қазіргі кездегі бухгалтерлік баланстың ерекшелігі, инвистиция жолымен келген мүлікті және қаржыны да осы баланста көрсетеді.

Бухгалтерлік баланс көрсеткішіне сәйкес, кәсіпорынның шаруашылық құрылымын, өндірістік деңгейін, қаржылық көлемін, негізгі құнмен қуаттылығын, шаруашылық тиімділігін, табыстылық денгейін тағы басқа жан-жақты мәліметтерді анықтауға болады. Қазіргі кезде бухгалтерлік баланс “Бухгалтерлік есеп стандарты” талабына сәйкес жасалынады. Онда бухгалтерлік баланс қаржы есебі тұрғысынан қаралынып, оның мақсаты, міндетті, жалпы кәсіпкерлік шаруашылық алатын орны анықталған.

Стандартта бухгалтерлік баланстың мақсаты, ол – біріншіден, қаржы есебі оның мазмұны қаржылық мәліметті толық көрсету және онда болған өзгерістерді анықтау. Екіншіден, пайдаланушыларды қажет мәліметпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, қаржы есебінің негізгі принціптері көрсетілген.

Біздің елмізде қазіргі баланс, халықралық үлгідегі сәйкес формада іске асырылуда. Ондағы мақсат баланс мәліметі өте тұжырымды, көлемі жағынан өте тиянақты, мазмұны жағынан түсінікті болуы қажет. Оның негізгі принципі баланс-нетто немесе өлшемі тазаланған, баланс баптарының көрсеткіштері қайталанбайды деген сөз. Мысалы, баланстың активіндегі негізгі құрал бабының қасында, оның төзу сомасы көрсетіледі. Ал, қорытынды сомасы саналған кезде негізгі құрал таза табысы шығарылып тасталады. Ондағы мақсат негізгі құрал бабындағы көрсетілген негізгі құралдың қалдық бағасын анықтау. Сол сияқты өндіріс қорының өзіндік құнын анықтауда материалдық емес активтің, тауардың  өзіндік құнын анықтауда баланс баптарының нақты құнын шығару үшін екінші сатыдағы толықтыру баптары қолданылады.

Балансты тексеру, оның бухгалтерлік есеп көрсеткіштерімен анықталады. “Бас кітап” көрсеткіші баланс көрсеткішіне дәлел болуы қажет. Ал одан әрі нақты тексеру қажет болған жағдайда бухглтерлік есептің аналитикалық көрсеткіштерімен дәлелденуі қажет.

 

Республикамыздағы “Бухгалтерлік есеп” департментінің белгіленген бухгалтерлік балансының үлгісі (үлгі №1)

Актив                                                                              Баланс 01.01.1997 ж.

Шаруашылық субъектісі мүлкінің баптары Е Шаруашылық субъектісінің қаржыландыру көзінің баптары

Негізгі құрал

Жиналған тозу табыс сомасы

Негізгі құралдың қалдық табыс сомасы

Бітпеген құрылыс табысы (сомасы)

Ұзақ мерзімділік инвестиция

Өндірістегі бітпеген өнім табыс сомасы

Дайын өнім

Дебиторлардың берешек табыс сомасы

Қысқа мерзімділік инвестиция

Ақша қаржысы

Жарғылық қор (капитал)

Қосымша төленген капитал

Қосымша төленбеген капитал

Резервтік капитал

Осы жылғы бөлінбеген табыс

Ұзақ мерзімділік, кредиторлық алажақ табыс

Қысқа мерзімді несие

Кредитордың алажақ табыс сомасы

Келешекте болатын табыс сомасы

Баланс

Баланс

 

Қаржы – шаруашылық нәтежесінің  есебін жасаудың алдында  кәсіпорын табысына түсініктеме беру қажет. Бесінші бухгалтерлік есеп стандарты шаруашылық субъектісінің табыс сомасын анықтауға арналған. Бұл заңның ерекшелігі сол, ол шаруашылық субъектісінің өнім, тауар сатудан, қызмет көрсетуден алған төлемі  кәсіпорын табысы деп анықталған. Сонымен қатар табысқа басқа шаруашылық субъектілерінің несие түрінде пайдалануы  әсерінен алынған “процент”, акцияға жұмсалған қаржыдан девиденд, құнды қағаз операциясынан түскен табыстар жатады.

Стандарт талабына сәйкес “қаржы – шаруашылық нәтежесінің есебін” жасаған кезде шаруашылық субъектісі  өзінің  түсініктеме хатында анықтама беруге тиісті:

  1. Кәсіпорын табысын анықтауға арналған есеп саясатында көрсетілген ереже нұсқауға түсініктеме беруге;
  2. нақты табыстар түріне түсініктеме беруге міндетті; тауар сату табысына; қызмет көрсету табысына; “процент” несие беру операциясынан; рояти – компьютер программасын, патенит, сауда маркасын пайдаланғаны  үшін төлем, девиденд табысына “акцияға” жұмсалған ақша қаржысынан түскен табысқа;
  3. бухгалтерлік есеп стандарты бойынша қаржы – шаруашылық нәтежесінің есебі

Қаржы – шаруашылық нәтежесінің есебі

1. Дайын өнімді сатудан түскен табыс                                           (+)

  1. Дайын өнімнің өндірістік өзіндік құны (- )
  2. Дайын өнімнің жиынтық табысы (%) (1-2)
  3. Кәсіпорын шығыны: жалпы және әкімшілік шығыны (- )

4(а) Тауарды сату шығыны                           (- )

  1. “Процент” төлеу шығыны (- )
  2. Негізгі кәсіпкершілік табысы (зияны) (3-4,4а-5)
  3. Қосалқы кәсіпкершілік табысы (зияны) (+,- )
  4. Салық төленге дейінгі табыс (6+7-8)
  5. Табыс салығы (%) (%)
  6. Салық төленгенге кейінгі табыс                                             (8-9)
  7. кездейсоқ апаттан түскен табыс(зиян) (+,- )
  8. Таза табыс (зиян)                              ?

 

2.5  Аудитор қорытындысы

Дербес аудитордың  Облгаз АҚ-ның аудиторлық қорытындысы. Біздер,2005 ж. Қаржы есебіне аудиторлық тексеру жасадық. Қаржы есебінің мәліметіне субъект басшысы  жауапты. Біздің міндетіміз сол қаржы есебіне тексеру жасап, аудиторлық қорытынды беру.

Біз аудиторлық тексеруді Қазақстанның аудит стандртының талабына сәйкес жүргіздік. Ондағы анықталған мақсат бойынша, қаржы есебінің дұрыстығын, айтарлықтай кемшілігінің жоқ екенін анықтап бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін негізге ала отырып аудиторлық қорытынды мазмұнын анықтау. Сол үшін субъектінің шаруашылы барысының тапсырушы шартында көрсетілген объектілер тексерілді. Нақты айтқанда, банк операциясы, касса операциясы, өндіріс процесі, дайын өнім сату және қызмет көрсету әрекеттері, еңбек ақы, төлем есебі, бюджет пен әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерімен есеп айырсу, негізгі құрал және материалдық емес активтер, несие алу және оны төлеу операциялары тексерілді.

Біздің ойымызша, тапсырушының қаржы есебі 31.12.2003 жылғы, шаруашылық субъектісінің  01.01.2005 жыл аралығындағы барлық бөлімдерінің қаржылық жағдайын толы, дұрыс көрсеткен. Бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүргізілген.

Аудитор                Газезова Анара Мураткалиевна

Күні                       01.02.2005 жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытыңды және ұсыныстар

 

Осы курстық жұмысты қорыта келе,  төмендегідей мәселелерге тоқтала кеткенді жөн көрдім. Бірінші бөлімде  Облгаз АҚ-ның ұйымдық- экономикалық сипаттамасына  және оның ұйымдастырылуына, яғни  Батыс Қазақстан облысындағы газ шаруашылығына биыл 45 жыл толып отыр, 1960 жылы құрылған.

Кәсіпорынның негізгі мақсаты болып, тұрығындарды газбен қамтамасыз ету, яғни газды жағу, орнату, ал соңынан тұрғандарды және облыстағы кәсіп орындарды табиғи газ жүйесімен қолдануға мүмкіншілік беру болып табылады. Акционерлік қоғам қаржылық  жағдайын жақсарту бағытында, осы екі, үш жылда  газды сату көлемін үлкейтіп, оның жұмысын жақсарту, ал сатып алушылармен газдың тұрақты құнын орнату болып табылады және өзінің  жұмысындағы негізгі күш бағытын тұрғындармен әр түрлі төтенше жағдайлардан сақ болып, газбен дұрыс қолдану, сонымен қатар газ құралдарын тұрмыс жерлерде жандандырып және уақытында жөндеу жөнінде қызмет етуде.

Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында, әр жұмысшы өз міндеттерін атқарады. Сол міндеттер “Облгаз” АҚ-дағы есепшілердің міндеттері қалай болатынын, яғни есепті, айлық қорытындыларды, әр түрлі бухгалтерлік жазуларды кім және қай есепші қай уақытта тапсыратыны, одан басқа тағы жұмыстарды қалай орындалатыны сипатталды.

Ал, екінші бөлімде АҚ аудиттің жүргізілу тәртібі, маңыздылығы,  ақша қаражаты аудитінің жүргізілу тәртібі, негізгі құралдарын тексеру тәртібі және қаржылық қорытындыларының аудиті қарастырылды.    Негізгі  құралдар  аудитінде  колданылатын  ақпарат көздері  кәсіпорын  қабылдаған  есеп  саясатына  тәуелді  болады.Бұл  есеп  формасын  таңдауда  көрінеді: журнал-ордерлі, мемориалды – ордерлі,қарапайымды, сонымен  қатар  қолданыстағы  регистрлер  тізімінде, олардың  құрылуында, кезектілігінде  және  оларда  жазу  жүргізу  тәсілінде

Бухгалтерлік есеп стандартының талабына сәйкес шаруашылық субъектісінің қаржылық есебінің құрамына төртінші стандартқа сәйкес жасалатын ақша қаржысының есебі кіреді. Бұл есепке кәсіпорын ақша қаржысының кіріс – шығыс операциялары үш топқа бөлініп көрсетіледі: операциялық, инвестициялық аржы кәсіпкерлігі.

Негізгі  құралдар  есебінің  жағдайын  тексере  отырып,  аналитикалық  есептің  ұйымдастырылуының  дұрыстығына  көз  жеткізу  керек.

Негізгі  құралдар  есебі  мен  бақылауымен  терең  танысу  мақсатында  аудитор  кәсіпорыннан  есеп  беруді  жасаған  күнге  дейін  ие  болған  негізгі  құралдың  типтері  бойынша  сарапталған  тізімін  талап  етеді.  Бұл  тізімге  негізгі  құралдар объектілерінің  құнының  төмендетілуі  мен  қайта  бағалануы  туралы  мәліметтер  енгізілуі  тиіс.

Аудиттің негізгі мақсаты шаруашылық субъектісінің бухгалтерлік есебін тексеру болғандықтан, оның мәлімет негізі – бухгалтерлік есеп және топталған мазмұндағы қорытынды есебі болады. Осы орайда мәлімет көзі ретінде есеп кестелері ерекше орын алады, себебі қандай есеп  болсада есеп көрсеткштері есеп жасау үшін есеп кестелері арқылы бір жүйеге келтіріледі. өз кезегінде есеп көрсеткіштері сол есеп кестелерінің топталған екі жақты жазу әдісін қолданып негізделген мәліметтер арқылы жасалынады.

“Облгаз” АҚ-на  есеп жүргізген кезде есепші мамандарына компьютермен жұмыс жасағаны және компьютерлік технологиямен қамсыздандыру деген ұсыныс.

Осы жоғарыда айтылған жағдайлармен ұсыныстарды ғылыми эксперименттермен және  шет ел опыттарымен бөлісіп дұрыс қаралған жөн болар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

  1. Воронина Л.И. “Основа современного бухгалтерского учета и аудита” учебная пособия часть ІІ //Москва 2000г.//

 

  1. дюсенбаев К. “Анализ и аудит система управления финансами” //Алматы 2000г.//

 

  1. Данилевский Д.А. “Аудит” учебная пособия //Москва 1999г.//

 

  1. Ержанова А. “Теория и практика аудита” // Алматы 1997г.//

 

  1. Кеулимжанов М.Н. “Бухгалтерлік есеп принціптері” //Алматы 2003г//.

 

  1. Ковалев О.В. “Аудит” учебная пособия //Москва2000г.//

 

  1. Комошанов П.И. “Практическая пособия по аудиту” //Москва 2000г.//

 

  1. Мокольская А.К. “Внутренний аудит” учебно-практическая пособия //Москва 2000г.//

 

  1. Подольского “Аудит” //Москва 1998г.//

 

  1. Сәтмырзаев “Аудит теориясы //Алматы 2001ж.//

 

  1. Сейдахметов “Современный бухгалтерский учет” //Алматы 2000г.//

 

  1. Шеремет “Аудит” // Москва 1997г.//

 

  1. Заочная школа №2 02.2005г

 

  1. Бухгалтер бюллетень №3 01. 2000г.

 

  1. Бухгалтер бюллетень №5 06. 2003г.

 

 

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан аграрлы- техникалық университеті

 

 

 

 

 

Есеп және аудит кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: “АҚ   мүліктерінің аудитін жүргізу”

 

 

 

 

 

Орындаған: БУА-41 студенті

Газезова Анара

Тексерген:   оқытушы

Джакупова Асель Қ.

 

 

 

 

 

 

Орал 2005 жылы

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля