27 февраля, 2020 19:38
Мазмұны
КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………..3
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН САЛЫҚ ЕСЕБІНІҢ МӘНІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ…………………………………….………………………………5
1.1 Салық жүйесі, оның міндеттері мен құрылымы……………………………………..5
1.2 Бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша үнемдеу……………………11
- КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ САЛЫҚТАР БОЙЫНША БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ
ЖҮРГІЗІЛУІ……………………………………………………………………………………………..14
2.1 Бюджетке төленуге тиіс салық түрлері…………………………………………………14
2.2 Салық кезеңі және салық декларациясы……………………………………………….27
3 АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУМЕН САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ӘКІМШІЛІКТЕНДІРУ………………………………………………………………………………37
3.1 Бюджетпен салық есебін жасауда соно бағдарламасы мен салық төлеушінің кабинетінің мүмкіндіктері……………………………………………………….37
3.2 1 С:Бухгалтерия бағдарламасы……………………………………………………………43
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………..48
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………….…………………………….50
ҚОСЫМШАЛАР………………………………………………………………………………………51
КІРІСПЕ
Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуінің және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, — деп жазылған.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады.
Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.
2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетгі төлемдері туралы» (өзгертулермен және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекетгік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Салық Кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып табылады.
Салық Кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.
Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана Салық Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.
3100 «Салық бойынша міндеттемелер» кіші бөлімі ұйымның салық төлеу жөніндегі міндеттемелерін есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3110 – «Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы», мұнда төлеуге жататын корпорациялық табыс салығы есепке алынады;
3120 – «Жеке табыс салығы», мұнда жеке табыс салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3130 – «Қосылған құн салығы», мұнда қосылған құн салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар есепке алынады;
3140 – «Акциздер», мұнда акциздерді есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3150 – «Әлеуметтік салық», мұнда әлеуметтік салықты есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3160 – «Жер салығы», мұнда жер салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3170 – «Көлік құралдары салығы», мұнда көлік құралдарына салық есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3180 – «Мүлік салығы», мұнда мүлікке салық есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3190 – «Өзге салықтар», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге салықтарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады.
Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетті болады. Бұл кезде: салық салынатын объектісі және салық салумен байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінің міндеттемесі де пайда болады.
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН САЛЫҚ ЕСЕБІНІҢ МӘНІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
1.2 Салық жүйесі, оның міндеттері мен құрылымы
Салыктар дегеніміз мемлекеттік бюджетке занды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.
Салықтар — шаруашылық жүргізуші субъектілердің жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға туындайтын қаржылық қатынастарды көзі юмикалық категория.
Салықтардың экономикалық мәні мынада:
— біріншіден, салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді;
— екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылык көзі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта қүрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде каржы көздері қажет.
Салықтар — мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі.
Мемлекет салықтарды, экономиканы, дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Салықтар — тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салықтың экономикалық мәні шаруашылық субьектілерінен, азаматгардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Банктер 2002 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №210-11 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне сәйкес салық саясатын жүргізеді.
Осы Кодексті іске қосумен байланысты Қазақстанда бухгалтерлік есептің салық салу жүйесінің заң негізінде бөлінуі жүзеге асты, осыған байланысты, бір уақытта екі есеп түрін бірге жүргізу қажеттілігі туындады: бухгалтерлік және салықтық. Салық есебі салық міндеттемелерінің пайда болуын және шамасын дұрыс анықтау, табыстар мен шегерімдерді есепті кезеңдерге жатқызу және ақырында заңмен бекітілген мерзімде бюджетке төленуі тиіс салық сомасын алу мақсатында туындайды.
Қазақстан Республикасының салық заңы салық салу принциптеріне негізделеді:
- міндеттілік (салық төлеуші салық заңдарына сәйкес мемлекет
алдында туындайтын салық міндеттемелерін толық көлемде
және белгіленген мерзімде орындауға міндетті); - анықтаушылық (салық заңдылықтарына салық төлеушінің салық міндеттемелерінің барлық негіздері мен туындау тәртіптерін, орындалу мен тоқтатылуын белгілеу мүмкіндігі);
- әділдік (жеке сипаттағы жеңілдіктер беруге тыйым салынады, Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей болып табылады);
- біртұтастық (Қазақстан Республикасының салық жүйесі республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады);
- жариялылық (салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік
құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануы тиіс).
Кәсіпорындар салық салу мақсатында табыстар мен шығыстарды Қазақстан Республикасының салық заңымен белгіленген тәртіпте және жағдайларда есептеме әдісі бойынша анықтайды. Салық салу базасын анықтау бойынша салық есебі мемлекеттің қазыналық саясатына негізделіп жүргізіледі және салық әкімшілігінің құралы болып табылады. Бухгалтерлік есептің басты мақсаттарының бірі өнімнің (жұмыс және қызмет) өзіндік құнымен және банктің нақты қаржылық нәтижесін (табысын немесе шығынын) анықтау болып табылады, ал салық есебі салық салынатын базаны есептеуге арналған. Соңғысы бухгалтерлік есеп мәліметтерінен алынған банктің қаржылық нәтижесіне байланыссыз анықталады.
Осы айырмашылықтарға қарамастан, есептің бұл екі түрі өзара тығыз байланысты, себсбі, салық есебіиде қолданылатын ақпараттар бухгалтерлік есеп мәлімеітерінен алынып, содан кейін салық заңның талаптарна сәйкес түзетулер жүргізіледі.
Салық есебі және есептілік ережелері салық салу мақсатында шетел валютасында операцияны жүргізген күні валютаны айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып ұлттық валюта теңгеде есептелуі» қадағалап отырады. Валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы: Қазақстанның қор биржасының иегізгі есесиясында қарас-тырылған және ҚР Ұлттық банкпен біргс Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бекітілетін тәртінпен анықталған шетел валютасының теңгедегі өлшенген орташа биржалық бағамы. Қазақстанның қор биржасымда сауда-саттық жасалмайтын Шетел валютасына шаққандағы теңге бағамы кросс-бағамын қолдану арқылы есептелінеді.
Жаңа кодекспен салық салудың ерекше жағдайлары қарастырлған:
- қаржы лизингі алушының негізгі кұралдарды сатып алуы ретінде қарастырылады. Бұл жерде лизингті алушы негізгі құралдардың иесі, ал лизинітік төлемдер лизинг алушыға берілген несие бойыниіа төлемдер ретінде қарастырылады;
- кәсіпкерлік қызметті бірлесіп жүргізу уағдаластық не заңды
тұлға құрмай, екі және одан да коп иеленуші болуын көздейтін өзге уагдаластық болған жағдайда, әркайсысына салық салынады; - есеп жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда, есеп құжаттамалары
жоғалған немесе жойылған кезде салық қызметі органдары
салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналымдар, Шығындар, піығысіар) негізіидс анықтайды.
Салық есептілігі дегеніміз салық төлеуші салық органдарына табыс етстін, салық міндеттемелерін есептеу туралы ақиараты бар құжаттама:
- салықтың әрбір түрі және бюджетке төленетін басқа да
міндезті төлемдер бойынша, сондай-ақ жииақтаушы зейнетақы қорына төлейстін міндетті төлемдер бойынша салық төлеуші жасайтын салық декларациясы, есеп айырысу; - арнаулы салық режимін қолдануға патент алуға өтініштер;
- салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды тіркеу картозкаларын алуға өтініш; қосылған кұн салығын бюджеттен қайтарып алуға өтініштер;
- қосарланған салық салуды болғызбау туралы келісімдер
нормаларын қолдануға берілген өтініштер; - осы кодекске сәйкес электрондық мониторингке жататын,
салық төлеушілер табыс ететін құжаттама.
Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген салықтар, жиындар және міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңымен анықталған тәртіпке сәйкес тиісті бюджеттерге түсіп отырады.
Салықтар тура және жанама салықтарга бөлінеді. Жанама салықтарға ҚҚС және акциздер жатады. Басқалары тура салықтарға жатады. .
Банктер резидент ретінде келесі салық түрлерін төлейді:
- қорпорациялық табыс салығы;
- жеке табыс салығы:
- қосылған құн салығы;
- акциздер;
- кен орындарын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы
төлемдері; - әлеуметтік;
- жер;
- көлік құралдарына салынатын салық;
- мүлік салығы;
- заңмен қарастырылған арнайы алымдар мен баждар.
Қазақстан Республикасының Салық Кодексі жобасында Қазақстан Республикасының салық жүйесі салық заңдылығын бұзған салықтық бақылау мен жауапкершіліктің формалары мен тәсілдерін, сондай-ақ осы Кодекс арқылы қарастырылған салықтар мен жинақтар, олардың орнату формалары мен тәсілдері, өзгерістері немесе бас тартулар жиынтығын көрсетеді».
Салық жүйесінің міндеті — ұлттық табысты қайта бөлістіру көмегімен мемлекетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайлар жасау; әлеуметтік бағдарламалдарды жүзеге асыру. Салық жүйесінің басты функциясы — кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайлар құру. Басқа да функциялар — сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы өндірістің құрылымы мен көлеміне әсері, табыстар бойынша қоғамның дифференциациясы; сыртқы экономикалық қызметті реттеу.
Салық жүйесінің тиімділігі екі фактормен анықталады.
Бірінші-салық салу мақсатында көздерді шығару толықтығы,
Екінші — салық алу бойынша шығындарды минимизациялау. Тиімділік мемлекетті салық салудан босату таза табыс ретінде анықталады, яғни жалпы табыс пен шығындарды алып тастау арасындағы айырма. Жоғарыда келітірілгендер салық жүйесінің құрылымын көрсетеді.
Әлемнің кептеген елдерінде салық салудың үш деңгейлі жүйесі қабылданған. 90 жылдардың басынан бастап Ресейде енгізілді. Салықтар федеральдық, республикалық және жергілікті болып бөлінген. Бұл бөліну басқарудың әрбір деңгейіне бюджеттк федерализмнің принципіне сәйкес қалыптастырудың меншікті тұрақты көздерін қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталған.
Салық жүйесінің құрылымын салық салудың формалары мен тәсілдері, принциптердің тізімдері қарастырады.
Салық жүйесінің құрылымы оның жұмыс жасалуын қамтамасыз ететін органдарды қарастырады. Салық органдары ретінде Мемлекеттік салық қызметінің органдары, салық полициясының органдары және Мемлекеттік кедендік комитеттің органдары танылады.
Мемлекеттік салық қызметі салық заңдылықтарын, соның ішінде салықтар төлеу мен жинаудың дұрыстығын сақтауда методологиялық басшылық пен бақылауды жүзеге асырады. Ол көп деңгейлі иерархиялық ұйымдардың: республикалық, жергілікті және облыстық деңгейлердің принциптері бойынша құрылған. Әрбір деңгейдің өзіндік функциялары мен ерекшеліктері бар.
Мемлекеттік Кедендік комитеттің органдары тауарларды кеден шекарасынан алып өткенде, соның ішінде салықты төлеу мен алып тастаудың, кедендік баждар мен басқа да кедендік төлемдердің дұрыстығын салықтық және кедендік заңдылықтардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
Салық полициясының органы салық органдарындағы салықтық құқық бұзушылық, коррупция мен басқа да құқық бұзушыларды ескерту, табу, бұлтартпау бойынша функцияларды орындайды.
Салық жүйесінің негіздері Салықтардың, жинақтардың, баждар мен басқа да төлемдердің жиынтығы орнатылған тәртіппен салық жүйесін құрайды. Салық төлеушілер заңдық актілерге сәйкес салықтарды төлеу міндеті жүктелген заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
Салық салудың объекітісі табыс, белгілі бір тауарлардың құны, салық төлеушілердің жеке түрлері, бағалы қағаздармен операциялар, табиғи ресурстарды пайдалану, заңды және жеке тұлғалардың мүліктері, жұмыстар мен қызметтер болып табылады. Салық салу кезеңінде белгілі бір заңмен объект салық салумен бір рет қана салынады. Салық төлеуші міндетті:
— салықтарды уақытылы және толық көлемде төлеуге;
— бухгалтерлік есеп жүргізуге, қызметтің қаржылық-шаруашылық есептерін құруға;
— салық органдарына салықтарды төлеу мен алып тастау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға;
— салық туралы заңдылықтарды бұзуды жоюда салық органдарынын талаптарын орындауға.
Салық төлеушінің құқықтары:
— салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді пайдалануға;
— салық органдары арқылы жүргізілген тексеру актілерімен танысуға:
— салық органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының іс әрекеттерін шешуді қайта қарауға. Субъект бойынша салықтар заңды және жеке тұлғалардан алынады. Бірінші топқа қосылған құнға салық, табыс пен акциздерге салықтар жатады. Екінші топқа кіріс салығы, мүлікке салықтар және т.б. жатады.
Бірақ заңды және жеке тұлғаларға ортақ салықтар тобы бар. Бұл жер салығы, жол қорларына — транспорттық құралдардың басшыларынан салықтар, ыстық -майлайтын материалдарды жүзеге асыруға салықтар.
Пайдалану сипаты бойынша салықтар жалпы мағыналы және мақсатты болып бөлінеді. Жалпы мағыналы салықтар бюджетке, ал мақсатты -бюджеттен тыс мақсатты қорларға есептеледі.
Салық салудың формаларынан тәуелді тікелей және жанама салықтар болып бөлінеді.
Тікелей салықтар тікелей салық төлеушіге оның табыстары мен мүліктеріне тиесілі. Заңды төлеуші бұл кезде үйлеседі.
Тікелей салықтар — салық салудың ерте кездегі формасы. Алғашқылар қатарына жан басы салықтар, жер асты салықтары, үй асты салықтары пайда болды. Қазіргі уақытта кіріс салығы, жер салығы, мүліктерден салықтар —олар барлық салықтардың үлкен бөлігін құрайды.
Жанама салықтар жүзеге өткізілетін тауарлардың бағасына үстеме түрінде орнатылады және сондықтан ол төлеушінің табысымен немесе мүлкімен байланысты емес.
Заң түсімдер есебінен қызметтер көрсететін, тауарларды өткізетін немесе өндіретін салықтың соммасын кәсіпорынның қазынасына енгізуді жүктейді. Шын мәнінде бұл салықты жанама салықтар соммасына көтерілген бағалары бойынша осы тауарлар мен қызметтерді иемденетін тұтынушы төлейді. Осындай жанама салықтарға акциздер, қосылған құнға салықтар, сатудан түскен салықтар жатады.
Салықтар — бұрынғы қаржы институттарының бірі: олар мемлекеттің пайда болуымен бірге пайда болды және мемлекеттік үкіметтің органдарын мазмұндау үшін қаражаттардың негізгі көздері ретінде пайдаланылды. Қазіргі уақытта мемлекет алдында басқа да міндететер тұр, бірақ салықтардың ең басты тағайындалуы мемлекеттің жұмыс жасауын қамтамасыз ететін қаражаттардың көздері ретінде қалып қойды.
Салықтар — қаржы қатынастарының жиынтығы, олар мемлекеттің ақшалай табыстарын қалыптастырумен байланысты. Мемлекет салық жүйесін, оның құрылымы мен еліміздің қаржы жүйесінде жұмыс жасау механизмін жетілдіреді. Салықтар экономиканы мемлекеттік реттеудің, өндіріс, бөлістіру мен тұтыну процестерінің басты құралдары болуы керек.
Салық жүйесінің негізгі кемшілігі кәсіпорынның табысын бюджет тапшылығынан алып тастауға бағытталады. Салық жүйесі және кәсіпорын бір-бірімен әлсіз байланысқан. Өзара байланыстың жоғалуы салық жүйесінің өздігімен дамуына, ал кәсіпорын оның шамадан тыс қысымын сынай отырып өздігінен дамиды.
Салық жүйесі қоғамның – кәсіпкерлердің, жұмысшылардың, мемлекеттік қызметкерлердін, оқушылардың, зейнеткерлердің және т.б. барлық әлеуметтік қатарларының мүддесін оптимизациялауға негізделеді. Мемлекеттік салықтардың әлеуметтік функция қоғамдағы әлеуметтік тепе-тендіктің қамтамасыз етілу үшін үлкен мазмұнға ие.
Салық жүйесі жеке тұлғалардың табыстарына прогрессивті салық салу жолымен жұмсартуға шақыртылған. Салық жүйесі осы функцияларды жеткілікті мөлшерде орындамайды, сондықтан оның кемшілігі болып табылады.
Салық жүйесін оптимизациялау жолдары:
- Мемлекеттік шығындарды жоспарлау мен қаржыландыру сапасын жоғарылату керек;
- Бюджеттік жүйенің табыс базасын нығайту керек;
- Мемлекеттік қаржылық ресурстарды пайдалану тиімділігіне бақылаудың қажетті механизмін құру керек.
Осы контексттегі салық реформаларының негізгі бағыттары:
1) бюджеттен тыс қорларға төмен коэффициентті салықтар мен шегерімдерді алып тастау жолымен салық жүйесін оңайлату;
2) салықтық жеңілдіктер қатарын алып тастауға байланысты салық базасын кеңейту; «салықтық талаптар» принципіне сәйкес салық төлеушілер мен салынатын табыстардың аясын кеңейту;
3) кәсіпорыннан жеке тұлғаларға салық жүйесінің тұрақты түрде орналасуы;
4) салық заңдылықтарын сақтауды бақылау мен салықтарды жинаумен байланысты кешенді проблемаларды шешу.
1.2 Бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша үнемдеу
Салық заңы кәсіпкерлік қызметтен түсетін шегерім залалдары келешекте салық кезеңдерінің салық салынатын табысы есебін өтеу үшін белгілі мерзімге есептелініп ауыстырылады.
Салық міндеттемелері (талаптар) есепті күнгі салық мөлшерлемесін қолдану арқылы салық органдарына төленетін сома бағалануы қажет.
Кейінге қалдырылған салық талаптары (міндеттемелер) талаптарды өткізіп, ал міндеттемелерді ісінің кезеңдерде қолданып алатын салық мөлшерлемесін пайдаланумен байалануы қажет. Талаптар да, міндеттемелер де дискотталмауы қажет.
Кейнге қалдырылған салық талаптары мен міндеттемелерінің баланстық құн уақыт айырмасына сәйкес өлшеммен жүргізілмесе де өзгеруі мүмкін. Бұл кейінге қалдырылған салық активтерін қалпына келтіру қайта бағалау салығының мөлшерлемесінің өзгеруімен немесе оның орнын толтыру үшін болжанатын әдісінің өзгеруінің нәтижесінде болуы мүмкін.
Төлеуге тиісті салық әдісінен міндеттеме әдісіне ауысу кезінде қызмет басынан бастап барлық уақыт айырмаларын қайта есептеу және мерзімі өткен салықтарды көрсету қажет.
Табыс салығы бойынша салық тиімділін анықтау үшін жыл соңында салық және бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезең бойынша дербес табыстар мен шығыстар туралы мәміле жасалады.
Банктің түзетулері ескеріліп, шеккен залалдары сомасына азайтылған салық салынатын табысы 30 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
Құрылтайшы-мемлекеттердің аймағында орналасқан банктер және оның филиалдарының табыстарына (пайдаларына) сол елдің заңына сәйкес мөлшерлемемен салық төлейді. Салық ретінде төлеуге кіріс сомалар арнайы шотта жинақталып, жыл қорығындылары бойынша банк кеңесінің шешімімен бөлінеді: банк капиталын ұлғайтуға;
— қатысушы-мемлекеттер бюджетіне.
Жыл бойы бюджетке төленуі тиіс қорпорациялық табыс салығы 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» арнайы шотында жинақталады және жыл соңында банк кеңесінің шешімімен құрылтайшы-мемлекеттің бюджетіне төлеу кезінде осы шығын жинақталағы қаражат сомасы айырылып тасталады. Банк салық қызметі органдарына жылдық табыс туралы және ағымдағы жылдағы жүргізілген тексерістер жайында Декларацияны белгіленген тәртіппен банк кеңесінін банк капиталын ұлғайту туралы шешім қабылданған кезінде ұсынады.
Қызметін жүзеге асыру нәтижелері бойнша жылдық жиынтық табыс туралы және ағымдағы жылдағы жүргізілген кірістер жайында Декларацияны кейінгі жылдың 31 Наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
Салық есебі мезгілінде бухгалтерлік есепте келесі өткізбелер жүргізіледі:
— ағымдағы жылдың бір ай нәтижелері бойынша корпорациялық табыс сомасына (пайда): Дт 5999 «Табыс салығы»
Кт 2851 «Салық және басқада міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»;
— егер банк қызметінің нәтижелері бойынша ұлғаймалы қорытындылар бойынша шығын немесе пайда өткен айға қарағанда аз болған жағдайда, есептеліп ең корпорациялық табыс салығы сомасы түзіледі:
Дт 2851 «Салық және басқада міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»;
Кт 5999 «Табыс салығы».
Жылдық жйынтық табыс туралы және ағымдағы жылда жүргізілген шегерістер жайында Декларацияға сәйкес жыл соңында бухгалтерлік есепке соңғы өткізген жүргізіледі. Егер кеңес шешімі бойынша есептелінген корпорациялық табыс салығы сомасы бюджетке аударылатын болса:
Дт 2851 «Салық және басқада міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»;
— Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің
корреспонденттік есеп шоты».
Бухгалтерлік есепте салық әесрі бойынша өткізбе тек уақыт айырмасы сомасына жылына бір рет жүргізіледі. Уақыт айырмалары сомаларын анықтау кезінде:
— Егер бухгалтерлік есепте сома салық есебіне қарағанда аз болса;
Дт 5999 «Табыс салығы»
Кт 2857 «Кейінге қалдырылған табыс салығы»
Егер есептелінген уақыт айырмалары сомасы бухгалтер есепте сома салық есебіне қарағанда көп болса:
Дт 1857 Мерзімінен бұрын салынған табыс салығы»
Кт 5999 «Табыс салығы».
Салық кезеңі декларациясы 110.00 нысандағы қорпорациялық табыс салығы бойынша Декларация заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алған табыстары жайында ақпараттарың ұсынуы үшін арналған. Декларацияда алынған табыстар, жүргізілген шегерімді шеккен шығындар және салық салу мақсатында берілген жеңілдіктер бойынша есепке алулар көрсетіледі.
Қазақстап Республикасының салық заңына сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларация есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді. Заңды тұлғаның басқарушысы және Бас бухгалтердің қолы қойылатын 110.00 нысандағы аудиторды құрастыру бойынша жұмысқа шақыру кезінде оның қолы қойылып, салық төлеуші ретінде тіркеу номері аудитор куәлігінің нөмірі көрестіліп, мөр қойылады. Декларация салық органына салық төлеудің заңды тұлғаның салықтық тіркеу орны бойынша келу тәртібімен немесе хабарламасы бар, сонымен қатар электронды түрде ұсынылады.
Декларацияда көрініс тапқандар есепке алу құжаттамасында куәләндірілуі қажет.
Салық төлеуші мемлекеттік бюджетпен салық кезеңінің қорытындысы бойынша түпкілікті есеп айырысуды белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады. Корпорациялық табыс салығын төлеудің соңғы күні болып Декларацияны ұсыну күніне байланыссыз есепті кезеңнің кейінгі жылдын 10 сәуірі болып табылады.
Толтыру кезінде қосымшалардың мәліметтері қолданылады.
Салық төлеуші корпорациялық табыс салығы бойынша декларация тапсырғанға дейінгі кезең ішінде төленуге тиіс аванстық төлемдер сомаларының есебін 101.01 нысанында және декларация тапсырылғаннан кейін төленуге тиіс аванстық төлемдер сомаларының есебін 101.02 нысанда декларация тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде табыс етеді.
- КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ САЛЫҚТАР БОЙЫНША БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ
2.1 Бюджетке төленуге тиіс салық түрлері
Корпорациялық табыс салығының объектісі жылдық жиынтық табыс пен белгіленген шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептелінген салық салынатын табыс болып табылады.
Корпорациялық табыс салығын төлеушілер Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен мемлекеттік мекемелерден басқа Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын бейрезидент заңды тұлғалар.
Банктің жылдық жиынтық табысы (ЖЖТ) Кодекстің 122-бабына сәйкес жүргізілетін түзетулер есебімен Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерден алынуға тиіс табыстардан тұрады.
ЖЖТ-қа келесі табыс түрлері кіреді:
— банк қызметінен:
— пайыздық;
— дилингтік операциялар бойынша;
— комиссиялық;
— басқа да операциялық;
— төтенше;
— айыппұл, өсімпұл, тұрақсыздық шығындары түрінде;
— үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыс;
— жалпы үлестік меншіктен табысты бөлу кезінде алынатын табыс;
— өтеусіз алынған мүліктер;
— мүлікті жалға беруден түскен табыс;
— банктер жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түскен табыс;
— күмәнді міндеттемелер бойынша;
— міндеттемелер мен талаптарды есептен шығарудан түсетін табыстар;
— айыппұлдар, өсімпұлдар және санкциялардың басқа да түрлері;
— дивидендтер;
— сыйақылар;
— бағамдық оң айырма;
— ұтыстар;
— әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстардың шығыстардан артылуы;
— шығып қалған тіркелген активтер құнының ішкі топтың құн балансынан асып түсуінен алынған табыстар.
Жылдық жиынтық табыс Салық кодексінің 91-бабына сәйкес түзетілуі тиіс. Осы жерде жылдық жиынтық табыстан мыналар шегерілуі тиіс:
— Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен бұрын салық салынған, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларынан алынған дивидендтер;
— эмитент өз акцияларын орналастыру кезінде алған олардың құнының атаулы құнынан асып кетуі және акцияларын өткізу кезіндегі құн өсімі;
— қор биржасының «А» және «В» ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен алынған табыс;
— мемлекеттік кәсіпорынның Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік органнан немесе мемлекеттік кәсіпорын өтеусіз негізде алынған негізгі құрал-жабдықтардың құны;
— Қазақстан Респуликасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жіберілген инвестициялық табыстар.
Бухгалтерлік есепте есептелген және алынған табыстар 4000-4999 баланстық шоттарда көрініс табады және банктің ағымдағы жылдағы жалпы жылдық табысын құрайды. Бұның құрамына енгізілмеген табыстар арнайы дербес шоттарда көрсетіледі және салық салу мақсатында ЖЖТ-қа түзетулер жүргізіледі.
Салық кодексінің 92-бабына сәйкес шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің жылдық жиынтық табысты алумен байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезінде шегерілуі тиіс.
Шегерімдер жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде салық төлеуші жүргізеді. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады. Болашақтағы кезеңдердің шығыстары қай салық кезеңінде болса, сол кезеңде шегерілуі тиіс.
Егер шығыстардың бірнеше баптарында белгілі бір шығындар көзделсе, салық салынатын кірісті есептеу кезінде көрсетілген шығындар тек бір рет шегеріледі.
Жылдық жиынтык табыс табуға байланысты салынған немесе танылған айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы мемлекеттік бюджетке енгізілуіне тиістілерінен басқасы шегеріліп тасталуға тиіс.
Шегерімге жатпайтын шығыстар:
— жылдық жиынтық табыс алуға байланысты емес шығыстар;
— құрылысқа және тіркелген активтерді иемденіп алуға жұмсалған шығыстар мен күрделі сипаттағы басқа да шығыстар;
— мемлекеттік бюджетке енгізуге жататын (енгізілген) айып-пүлдар мен өсімпұлдар;
— шегерімге жатқызудың салық кодексімен белгіленген норма-сынан асып түсетін жылдық жиынтық табыс алуға байла-нысты шығыстар;
— Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актіле-рінде белгіленген нормадан артық төленуге тиіс (төленген) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы;
— кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын объектілердің салу, пайдалану мен күтіп ұстау жөнідегі шығындар;
— салық төлеушінің өтеусіз негізде берген мүлкінің, орындал-ған жұмыстарының, көрсеткен кызметтерінің құны шегерімге жатпайды.
Шегерілуі тиіс шығындар:
— қызмет бабындағы іссапарлар кезіндегі және өкілдік шығыс-тар бойынша өтемдер сомалары;
— сыйақы бойынша шегерімдер;
— төленген күмәнді міндеттемелер бойынша шегерімдер;
— күмәнді талаптар бойынша шегерімдер;
— резервтік корларға аударымдар бойынша шегерімдер;
— ғылыми зерттеу, жобалау, іздену және тәжірибе-конструк-торлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар бойынша шеге-рімдер;
— сақтандыру сыйақылары бойынша шығыстарды шегеру;
— әлеуметтік төлемдерге жұмсалған шығыстарды шегеру;
— табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндіруге әзірлік жұмыстарына жұмсалған шығыстар бойынша шегерімдер және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шегерімдері;
— теріс бағамдық айырма бойынша шегерімдер;
— салықтық шегерімі;
— түрақты активтері бойынша;
— жөндеу шығындары.
Қызмет бабы бойынша іссапар кезіндегі өтемақы сомасын шегеріп тастауға келесілер жатады:
— іссапар орнына жету үшін жол және сақтап қалу шығындарымен бірге тұрғын жайды жалдау бойынша нақты жасалған шығындар;
— Қазақстан шегінде тәулігіне екі айлық есеп көрсеткіштерінен кем болмайтын көлемде іссапар кезінде төленетін тәуліктік;
— ҚР Үкіметі бекіткен норма шегінде Қазақстан Республика-сынан тыс іссапарға шыққан уақытында төленетін тәуліктік.
Өкілдік шығыстарға салық төлеушінің өзара ынтымақтастық орнату немесе оны қолдау мақсатында адамдарды, акционерлер жиналысын өткізуге, сондай-ақ директорлар кеңесінің, тексеру комиссиясының отырысына келген қатысушылардықабылдауға және оларға қызмет көрсетуге жұмсаған шығыстарға жатады. Аталған адамдарды ресми қабылдауды өткізу, оларды көлікпен қамтамасыз ету, келіссөз кезінде дәмхана (фуршет) қызметін көрсету, ұйым штатында тұрмайтын аудармашылардың қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар, банкеттер, бос уақытта ойын-сауык немесе демалыстар ұйымдастыруға жұмсалған шығыстар жатады. Өкілдік шығыстар Қазакстан Республикасының Үкіметімен белгілеген нормалар шегінде шегерімге жатқызылады.
Сыйақы бойынша шегерімдерге мына сыйақылар жатқызылады:
— құрылысқа алынған және құрылыс кезінде несиелер (қарыз-дар) бойынша сыйақыдан басқа, алынған несиелер (қарыз-дар) бойынша, оның ішінде қаржы лизингі түріндегі сыйақы;
— сенімгерлік басқаруға алынған мүлік үшін сыйақы;
— депозиттер бойынша сыйақы;
— борыштық бағалы қағаздар иесіне оларды шығару және орналастыру шарттарына сәйкес эмитент төлейтін дисконт немесе купон (дисконтты немесе сыйақыларды есепке ала отырып).
Кодекспен белгіленген көлемде сыйақы бойынша шегерімдер жасалады:
— теңгемен алынған және (немесе) орналастырылған кредиттер (қарыздар), оның ішінде қаржы лизингі бойынша, депозит-тер, борыштық бағалы қағаздар бойынша, сондай-ақ сенім-герлік басқаруға алынған мүлік үшін — Қазақстан Респуб-ликасының Үлттық банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін екі еселеп қолданып есептелген сома шегінде;
— шетелдік валютамен алынған және орналастырылған кре-диттер, оның ішінде қаржы лизингі бойынша, депозиттер, борыштық бағалы қағаздар бойынша — Лондон банкаралық нарығының мөлшерін екі еселеп қолданып есептелген сома шегінде жүргізіледі.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландырудың мөлшері және Лондондық банкаралық нарығының мөлшері депозиттерді, борыштық бағалы қағаздарды, мүлікті, сондай-ак несиені беруді рәсімдеу кезінде қолданылады. Шартқа сәйкес несие үшін сыйақыны есептеу үшін құбылмалы мөлшері белгіленген жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және Лондон банкаралық нарығының мөлшері шартқа сәйкес құбылмалы мөлшері өзгерген күні қолданылады.
Күмәнді таляптар — Қазақстан Республикасының занды тұлга-лары (резидент және бейрезидент) мен жеке кәсіпкерлеріне тауарлар өткізу, жұмысты орындау, қызмет көрсету нәтижесінде туындаған және туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар. Күмәнді болып сонымен қатар өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да танылады.
Күмәнді талаптар келесі шарттарды сақтағанда жылдық жиынтық табыстан шегеріледі:
— шегерімге жатқызған кезде олар бухгалтерлік есепте көрсетілген жағдайда;
— белгіленген тәртіппен рәсімделген мына құжаттар: фактура-шоттар салық төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органының осы шыгыстарды шегерімге жатқызу туралы жазбаша хабарламасы болған жағдайда.
Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, дебиторды банкрот деп тану туралы сот шешімі мен оны мемлекеттік тіркелімнен шығару туралы әділет органдарының шешімін қосымша тапсыру кажет. Салык төлеушімен жоғарыда аталған жағдайлар сақталған кезде дебитор банкрот деп танылған салық кезеңінің қорытын-дылары бойынша күмәнді талаптың сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.
Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төмендегі күмәнді және үмітсіз активтерге шартты міндеттемелерге: басқа банктерге орналастырылған корреспонденттік шоттарды қалдықтарды коса депозиттерге; басқа банктер мен клиенттерге берген несиелерге (қаржы лизингін қоспағанда); құжаттаМалық есептермен кепілдіктер бойынша дебиторлық берешекке; шығарылған немесе кепілдіктермен растал-ған өтелмеген аккредитивтер бойынша шартты міндеттемелерге қарсы мәжбүрлі шығындар (резервтер) жасау жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. Активтер мен шартты міндеттеме-лерді күмәнді және үмітсіз санатқа жатқызу тәртібін уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып Қазақстан Республикасының ¥лттық банкі анықтайды.
Ғылыми зерттеу, жобалау, іздену және тәжірибе-конструкторлық жүмыстарга жұмсалатын шығыстар — негізгі құралдарды, оларды орнатуға жүмсалатьш шығыстарды және күрделі сипаттағы басқа данышандарды қоспағанда, табыс алуға байланысты шығыстар шегерімге жатады. Жобалау-сметалық құжаттама, орындалатын жұмыстар актісі және тиісті ғылыми-зерттеу, жобалау, іздену және тәжірибе-конструкторлық жұмыстары жүргізілгенін растайтын басқа да құжаттар осындай шығыстарды шегерімге жатқызу үшін негіз болып табылады.
Сақтандыру сыйақылары бойынша шығыстарды шегеру. Жинақ-таушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйақыларын қоспағанда, сақтанушының сақтандыру шарттары бойынша төленуге тиісті (төленген) сақтандыру сыйақылары сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Респу-бликасының Қаржы министрлігімен келісе отырып, белгіленген шектерде сақтандыру сыныптары бойынша шегерілуі тиіс.
Жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) ұжымдық кепіл-дендіру (сақтандыру) жүйесіне қатысушы банктер жеке тұлғалар-дың салымдарын (депозиттерін) кепілдендіруге (сақтандыруға) байланысты аударылған міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналардың сомаларын шегерімге жатқызуға құқылы.
Әлеуметтік төлемдерге жүмсалган, яғни салык төлеуші қызметкерлердің уақытша еңбекке қабілетсіздігіне, жүктілігіне және босануына байланысты демалысына ақы төлеу бойынша есептелген шығыстары шегерімге жатады. Шегерімге сондай-ақ өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін орындау кезінде мертігуіне не денсаулығының өзге де зақымдануына байланысты қызметкерге келтірілген зиянның өтемін төлеуге жүмсалған шығыстар да Қазақстан Респу-бликасының зандарында белгілеген мөлшерде шегерімге жатады.
Теріс багамдық айырма, яғни салық төлеушінің жылдық жиынтық табысты алуына байланысты теріс бағамдық айырма келесі тәртіппен шегерімге жатқызылады. Құрылысқа алынған кредиттер (қарыздар) бойынша және қүрылыс кезеңіндегі туындаған теріс бағамдық айырма объект құнына енгізіледі. Шегерімге жатқызылуы тиіс теріс бағамдық айырманың ең жоғары сомасы салық салынатын табыс салық төлеушінің бағамдық айырма бойынша табыстары мен шығыстары есепке алынбай, оның жылдық жиынтық табысы мен шегерімдері арасындағы айырма ретінде анықталған салық төлеушінің салық салынатын табысының 50 пайызы мөлшеріндегі сома қосылған оң бағамдық айырма түрінде алған табыс сомасымен шектеледі. Теріс бағамдық айырма орын алған салық кезеңінде шегеруге жатқызуға болмайтын теріс бағамдық айырманың қалған сомасы талап қою мерзімі ішінде осы тармақтың ережелеріне сәйкес келесі салык кезеңдерінде өтеледі.
Есептелген шектерде мемлекеттік бюджетке төленген салықтар шегерімге жатпайды, оларға: жылдык жиынтық табыс анықталғанға дейін есептен шығарылған салықтар, Қазақстан Республикасының аумағы мен басқа мемлекеттерде төленген корпорациялық табыс салығы мен табыс салығы, үстеме пайдаға салынатын салық.
Салықтар төлем жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады.
Тіркелген активтер бойынша шегерімдерге ішкі топтың барлык активтері шығып қалғаннан кейін осы ішкі топтың салық кезеңінің соңындағы құн балансы, ішкі топтың құн балансының сомасы салық кезеңінің соңында 100 айлық есептік көрсеткіштен кем болмаған жағдайдағы ішкі топтың кұн балансының көлемі. Салық төлеуші тіркелген активтер бойынша қосымша шегерімдер жасауға құқылы.
Тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар есептеу амортизациялық ішкі топтар бойынша жүргізіледі. Аморти-зациялауға жатпайтын тіркелген активтерге мыналар жатады:
- жер;
- өнім беретін мал;
- мұражай кұндылықтары;
- сәулет және өнер ескерткіштері;
- жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, жаға-жолдар, бульварлар, саябақтар;
- аяқталмаған күрделі құрылыс;
- фильм қорына жататын объектілер;
- Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін салық зандарына сәйкес бұрын құны толығымен шегеруге жатқызылған негізгі кұралдар;
- инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген негізгі құралдар.
Әрбір ішкі топ бойынша амортизациялық аударымдар салық кезеңінің соңында ішкі топтың құн балансына амортизация норма-ларын, бірак осы Кодекстің 110-бабында белгіленген шектен асырмай, қолдану жолымен есептеледі.
Салық төлеуші тартылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда амортизациялық аударымдар салық кезеңіндегі қызмет кезеңіне сәйкес түзетіледі. Үйлер, құрылыстар мен ғимараттар бойынша амортизациялық аударымдар әрбір объект бойынша жеке-жеке белгіленеді.
Амортизацияға жатпайтын тіркелген активтер амортизацияның шекті нормаларымен мынадай топтарға және ішкі топтарға бөлінеді
Салық төлеуші пайдалануға алғаш берілген активтер бойынша, осы тіркелген активтерді жылдық жиынтық табыс алу мақсатында кемінде үш жыл пайдаланған жағдайда, пайдаланудың алғашқы салық кезінде амортизациялық аударымдарды, екі есе нормасы бойынша есептеуге құқылы.
Ішкі топтың барлық тіркелген активтері шығып қалғаннан кейін осы ішкі топтың құн балансы салық кезеңінің соңында шегерімге жатады. Сонымен қатар, ішкі топтың құн балансының сомасы салық кезеңінің соңында 100 айлық есептік көрсеткіштен кем болса, салық төлеуші ішкі топтың құн балансының көлемін шегерімге жатқызуға болады.
Қаржы лизингіне берілген немесе алынған активтердің құны лизинг алушының ішкі тобының құн балансында ескеріледі, ал егер активтер оларды қаржы лизингіне бергенге дейін ішкі топтың құн балансына енгізілген болса, лизинг берушідегі тиісті ішкі топтың құн балансы қаржы лизингіне берген тіркелген активтердің құнына азайтылуға тиіс.
Әрбір топ бойынша негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалган нақты шыгыстар сомасы топтың салық кезеңінің соңындағы құн балансының 15 пайыз шегінде шегеріледі. Көрсетілген шектен асып кеткен сома топтың құн балансын ұлғайтады.
Егер, салық төлеуші жаңа өндіріс құруға, кеңейтуге жаңа істеп тұрған өндірісті жаңарту мақсатында негізгі қорларға инвестиция жасайтын болса, онда оған заңға сәйкес корпорациялық табыс бойынша, мүлік салығы бойынша салық жеңілдіктері, яғни ЖЖТ-тан қосымша шегерімдер жасауға құқық беріледі.
Корпорациялык табыс салығы бойынша жеңілдіктер салық төлеушіге ЖЖТ-тан жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар құнын инвестицияның көлеміне және мерзіміне байланысты (бірақ, ол бес жылдан аспауы қажет) анықталатын жеңілдіктерінің жүзеге асуы мерзіміне байланысты бірдей бөліктермен шегерімге жатқызуға құқық береді.
Банктің жылдық жиынтық табысы, жүргізілген шегерімдер және қаржылық есептілігінің құрылуы жайында Декларацияны толтыру кезінде бухгалтерлік және салық есебінде бірдей табыстың (шы-ғынның) болуы өте сирек болады. Бұл салық заңының бухгалтерлік есеп талаптарынан ерекшелінуімен байланысты. Осының нәти-жесінде банктің бухгалтерлік табысы мен салық салынатын табысы арасында айырма пайда болады, ол сальқ эсері деп аталады.
Салық әсері, мемлекеттің фискалдық функциясын атқара отырып, бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша алынған қаржылық нәтижеге байланыссыз салық салу базасын анықтайды. Нәтиже-сінде, табыстар мен шығыстарды бағалау (олар өз кезегінде тұрақты және уақытша болып бөлінеді) кезінде айырмалар пайда болады.
Түрақты айырмалар бухгалтерлік табысты анықтау кезінде есепке алынатын қаражаттардың бір бөлігі салық салынатын табысты анықтау кезінде есепке алынбайды.
Тұрақты айырмаларға мыналар жатады:
— мемлекеттік облигациялар бойынша пайыз (есептелінетін табыстың бір бөлігі ретіндегі);
— гудвил амортизациясы (есептілікте негізгі қызметтен түскен табыс болып табылатын, бірақ салық салынатын кезде табыстан шегерілмейтін);
— бухгалтерлік есептегі несиелер (қарыздар) бойынша пайыз-дарды төлеу бойынша шығыстар толық көлемде шығыстарға жатады, ал салық зандылықтарына сәйкес ҚР ҮБ белгілеген қайта қаржыландырудың екі еселенген ресми мөлшерлемесін пайдаланумен есептелген сома шегінде және т.б.
Олардың мәні банктің жылдық қаржылық есебінің түсініктеме хаттамасында ашылады.
Уақытша айырмалардың пайда болу себебі — табыстар мен шығыстар баптарының бөлігін салық салу табысына енгізу кезеңі олардың бухгалтерияға енгізілген кезеңімен сәйкес келмейді. Тұрақты шығындарға қарағанда, олар бір есепті кезеңде пайда болып келесі кезендерде жойылып отырады.
Уақытша айырмаларға мыналар жатады:
— амортизациялық аударымдарды есептеудің әр түрлі әдістерін қолдану (бухгалтерлік есепте — біркелкі әдіс, салықта -кему қалдығы әдісі);
— техника құрал-жабдықты бухгалтерлік есепте есептен шығару және оны салықты есепте құн балансы тобынан есептен шығаруы арасындағы сәйкес келмеушілік;
— банктің кредиттік қызметін жүзеге асыру барысында пайда болған шығындарды жабуға арналған резервтердің (прови-зиялардың) қалыптасуы нәтижесінде туындайтын айырмалар;
Бухгалтерлік есептің Халықаралық стандарттарына сәйкес есепті кезендегі салықты төлеумен байланысты шығындар қаржылық нәтижелер туралы есеп бойынша міндеттемелер әдісін немесе баланс бойынша міндеттемелер әдісін қолдануы арқылы уақыт айыр-маларының салық әсерін есепке алу негізіне анықталынуы тиіс.
Демек, салықтар табыс табу барысындағы кәсіпорынның шы-ғыстары ретінде қарастырылады. Пайда болатын уақыт айырма-сының салық әсері қаржылық шаруашылық нәтижелері жайындағы есептегі салық төлеумен байланысты шығыстарға енгізіледі.
Міндеттемелер әдісіне сәйкес ағымдағы уақыт айырмаларының салық әсері баланста «Мерзімі ұзартылған салықтар» бабы бойынша міндеттеме ретінде немесе өз алдына болашақтағы салықтарды мерзімінен бұрын төлеу болып табылады «Мерзімі ұзартылған шығыстар-салықтар» бабы бойынша активтер ретінде аньщталынып көрініс табады. Сальдо табыс салығы мөлшерінің өзгеруіне сәйкес түзетіліп отырады.
Осы әдіске сәйкес есепті кезендегі салық төлеумен байланысты шығыстар мыналардан:
— төленуге тиіс есептелінген салықтар;
— ағымдағы кезенде туындайтын немесе жойылатын уақыт айырмаларына сәйкес төленетін немесе төленген аванс болып есептелінетін салықтар сомасы;
— табыс салығы мөлшерінің өзгерістерін бейнелеу үшін қажет-ті баланстағы «Мерзімі ұзартылған салықтар» бабы бойынша түзетулер.
Табыс салығын қаржылық есептерде келесі жолмен керсету қажет:
— осы сәтте төленуге салықтарды міндетгеме ретінде сыныптау;
— болашақта төленуі тиіс немесе олар бойынша салық жеңіл-діктері қолданылуы мүмкін мерзімі ұзартылған салықтар акционерлік капиталға кірмейді және активтер немесе міндеттемелер баптары бойынша баланста активтер немесе міндеттемелер баптары бойынша көрініс табатын мерзімі ұзартылған салықтар .
1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндеттемелер әдісінің тағы бір түрі енгізілді, оны кейде баланс бойынша міндеттемелер деп атайды. Бұл жерде барлық назар уақыт айырмаларына активтің немесе міндеттеменің салық базасы мен оның баланстық құн арасындағы айырмаға аударылады.
Активтің салық базасы — осы активке немесе міндеттемеге салық салу мақсатында берілетін шама.
Уақыт айырмалары салық салынатын, яғни болашақ кезендердің салық салынатын табысын (салықтық шығынын) анықтау кезінде салық салынатын туындауына алып келетін болса есептелінеді. Немесе, егер болашақ кезендерде осы активтің немесе міндетте-менің өтеліп немесе орны жабылған кезінде салық салынатын табысты (салықтьщ шығын) есептеу кезінде шегерілетін сома туындаса, онда бұл шегерілетін айырма болып табылады.
Салық салу мақсатында активтің салық базасы компаниямен активтің баланстық құнының орнын жапқаннан кейін алынатын кез келген экономикалық табыстан шегеріледі.
Егер экономикалық табыстарға салық салынбайтын болса, активтің салық базасы оның баланстық құнына тең болады.
Міндеттеменің салық базасы оның баланстық құнынан болашақ кезеңдердегі осы міндеттемелерге қатысты салық салуға арналған кез келген соманы шегергендегі сомаға тең.
Табыс, алынған авансқа қатысты туындайтын міндеттеменің салық базасы оның баланстық құнынан болашақ кезеңдерде салық салынбайтын табыстың кез келген сомасын шегергендегі баланстық құнына тең.
Кейінге қалдырылған салық міндеттемесі — болашақ кезең-дерде төмендегілерге қатысты төленуі тиіс табысқа салынатын салық сомасы.
— болашақ кезеңдерге аударылған шегерілетін уақыт айырма-лары;
— болашақ кезендерге аударылған қабылданбаған салық шығындары;
— салық несиелерін қолданбау.
Берілген міндеттеме барлық айырмалар үшін белгілі шекте мойындалуы тиіс. Яғни ол салынатын табысты алу ықтималдығы, оған қарсы уақыт айырмасы қолдануы мүмкін, егер әрине ол амортизациясы кейінге қалдырылған болып есептелінетін немесе компаниялардың бірігуі болып табылмайтын және орындалу сәтінде есепті және салық салынатын табыстарға ықпал етпейтін, активті немесе міндеттемені мәмілеге байланысты алғаш мойындау теріс гудвилден туындамаса.
Жиынтық қаржы есептілігінде уақыт айырмалары бос салық декларацияларының юрисдикцияларында анықталатын салық база-сына сәйкес активтердің және міндеттемелердің баланстық құнын салыстыру жолымен анықталады.
Шегерілген уақыт айырмасын қалпына келтіру болашақ кезеңдерде салық салынатын табыстың азаюында көрініс табады. Алайда компания салықтық төлемдерді азайту түріндегі экономи-калық пайданы тек оған қарсы шегерімдер жүргізілуі мүмкін болатын жеткілікті көлемде салық салынатын табыс тапқан кезде ғана ала алады.
Салық шығындары талаптарын мойындау үшін шегерілетін уақыт айырмалары нәтижелерінде туындайтын кейінге қалдырылған салық талаптарын мойындау үшін қолданылатын критерийлер пайдаланылады. Алайда қабылданбаған салық шығындарының
болуы болашақ кезеңде салық салынатын табыс болуына күмән туғызады. Осылайша, егер компания алдындағы кезеңдерге есепте-лінген шығындары болса, ол қабылданбаған салық шығындарын немесе пайдаланылмаған салық несиелерін тек өзінде бар жеткілікті салық салынатын уақыт айырмаларымен немесе басқа да жеткілікті салық салынатын табысты алатындығына көз жеткізулері болған жағдайда (оған қарсы алдында кабылданбаған салық шығынын немесе қолданылмаған салық несиелерін жүзеге асыра алады) кейі-нге қалдырылған салық талабын мойындайды.
Салық төлемі бойынша үнемдеу Салық заңы кәсіпкерлік қызметтен түсетін шегетін залалдарды келешекте салық кезеңдерінің салык салынатын табысы есебінен өтеу үшін белгілі мерзімге есептелініп ауыстырылады. Жіберілген шығын салықты есепке алу нәтижесінде салык төлемін азайту есебінен әлуетті (потенциалды) үнемділігін қамтамасыз етеді. Мұндай үнемділікті таза (залалды) есеп айырысуға қосқанда есепті кезең өзгеруі мүмкін. Салық кодексінде «кәсіпкерлік қызметтен шегетін залалдар, сондай-ақ салык төлеушінің кәсіпкерлік қызме-тінде пайдаланылған үйлерді, қүрылыстарды, ғимараттарды өткізуден шеккен залалдар үш жылға дейінгі мерзімге ауыстырылады… — деп белгіленген. Қор биржасының «А» және «В» ресми тізімдегі акциялар мен облигацияларды өткізуден шегетін залалдарды қоспағанда, бағалы кағаздарды өткізу кезінде туындай-тын залалдар кор биржасының «А» және «В» ресми тізіміндегі акциялар мен облигацияларды өткізуден түскен табысты қос-пағанда, басқа бағалы кағаздарды өткізу кезінде алынған кұн өсімінен түскен табыстар есебінен өтеледі. Егер осы залалдар орын алған кезеңінде алмайтын болса, олар алдағы уақытқа үш жылға дейінгі мерзімге ауыстырылып, кор биржасының «А» және «В» ресми тізіміндегі акциялар мен облигацияларды өткізуден түскен табысты қоспағанда, басқа бағалы кағаздарды сату кезінде алынған кұн өсімінен түскен табыстар есебінен өтелуге тиіс».
Шығынға байланысты, есептелінген салық сомасының әлуетті азаюы болашақгағы салық салынатын табыс осы шығынды жабу үшін жеткілікті болатынына күмән болмаған жағдайда шығын шеккен есепті кезеңде табыс есебіне енгізіледі.
Багалау
Салық міндеттемелері (талаптар) есепті күнгі салық мөлшер-лемесін қолдану арқылы салык органдарына төленетін сомада
бағалануы қажет.
Кейінге қалдырылған салык талаптары (міндеттемелер) талап-тарды өткізетін, ал міндеттемелерді өтейтін кезевдерде қолданы-латын салық мөлшерлемесін пайдаланумен бағалануы кажет.
Талаптар да, міндеттемелер де дисконтталмауы кажет.
Кейінге қалдырылған салық талаптары мен міндеттемелерінің баланстық құны уақыт айырмасына сәйкес өлшеммен жүргізілмесе де өзгеруі мүмкін. Бұл кейінге калдырылған салық активтерін қалпына келтіру қайта бағалау салығының мөлшерлемесінің езге-руімен немесе оның орнын толтыру үшін болжанатын әдісінің өзгеруінің нәтижесінде болуы мүмкін.
Төлеуге тиісті салық әдісінен міндеттеме әдісіне ауысу кезінде қызмет басынан бастап барлық уақыт айырмаларын кайта есептеу және мерзімі өткен салыктарды көрсету қажет.
Табыс салығы бойынша салык тиімділігін анықтау үшін жыл соңында салық және бухгалтерлік есеп бойынша есепті кезең бойынша дербес шот негізінде табыстар мен шығыстар туралы тізімдеме жасалады.
Табыс салыгының корпорациялық мөлшерлемесі Банктің түзетулері ескеріліп, шеккен залалдары сомасына азай-тылған салык салынатын табысы 30 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
Құрылтайшы-мемлекеттердін аймағында орналаскан банктер және оның филиалдарының табыстарына (пайдаларына) сол елдің заңына сәйкес мөлшерлемемен салық төлейді. Салық ретінде төленуге тиіс сомалар арнайы шотта жинакталып, жыл коры-тындылары бойынша банк кеңесінің шешімімен бөлінеді:
— банк капиталын үлгайтуға;
— қатысушы-мемлекеттер бюджетіне.
Жыл бойы бюджетке төленуі тиіс корпорациялык табыс салығы 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» арнайы шотында жинақталады және жыл соңында банк кеңесінің шешімімен кұрылтайшы-мемлекеттердің бюджетіне гөлеу кезінде осы шоттан жинакталатын қаражат сомасы шығарылып тасталады. Банк салық кызметі органдарына жылдық жиынтык табыс туралы және агымдағы жылдагы жүргізілген шегерістер жайында Декларацияны белгіленген тәртіппен банк кеңесінің банк капиталын үлғайту туралы шешім кабылдаған кезінде үсынады.
Қызметін жүзеге асыру нәтижелері бойынша жылдық жиынтық табыс туралы және ағымдагы жылдағы жүргізілген шегерістер жайында Декларацияны кейінгі жылдың 31 наурызынан кешік-тірмей табыс етеді.
Салық есебі негізінде бухгалтерлік есепте келесі өткізбелер жүргізіледі:
- ағымдагы жылдың бір ай нәтижелері бойынша корпорация-лык табыс сомасына
Дт 5999 «Табыс салығы»
Кт 2851 «Салық және баска да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»;
— егер банк қызметінің нәтижелері бойынша ұлғаймалы ко-рытындылар бойынша шығын немесе пайда өткен айга карағанда аз болған жағдайда, есептелінген корпорациялық табыс салығы сомасы түзетіледі:
Дт 2851 «Салык және баска да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»;
Кт 5999 «Табыс салығы».
Жылдық жиынтык табыс туралы және ағымдағы жылдағы жүргізілген шегерістер жайында Декларацияға сәйкес жыл соңында бухгалтерлік есепте соңғы өткізбе жүргізіледі. Егер кеңес шешімі бойынша есептелінген корпорациялык табыс салығы сомасы бюд-жетке аударылатын болса:
— Дт 2851 «Салық және баска да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»;
— Кт 1051 «Банктің Қазакстан Республикасы Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есеп шоты».
Бухгалтерлік есепте салық әсері бойынша өткізбе тек уақыт айырмасы сомасына жылына бір рет жүргізіледі. Уақыт айырмалары сомаларын аныктау кезінде:
— Егер бухгалтерлік есепте сома салык есебіне карағанда аз болса: Дт 5999 «Табыс салығы»
Кт 2857 «Кейінге қалдырылған табыс салығы»
— Егер есептелінген уакыт айырмалары сомасы бухгалтерлік есепте сома салык есебіне карағанда көп болса:
Дт 1857 «Мерзімінен бүрын салынған табыс салығы» Кт 5999 «Табыс салығы».
2.2 Салық кезеңі және салық декларациясы
110.00 нысандағы корпорациялык табыс салығы бойынша Дек-ларация занды түлғаның кэсіпкерлік кызметін жүзеге асыру нәтижесінде алған табыстары жайында акпараттарды үсынуы үшін арналған. Декларацияда алынған табыстар, жүргізілген шегерімдер, шеккен шығындар және салык салу мақсатында берілген жеңіл-діктер бойынша есепке алулар көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының салык заңына сәйкес корпорация-лык табыс салығы бойынша декларацияны есепті салык кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді. Заңды түлғаның басқарушысы және Бас бухгалтерінің колы қойылады. 110.00 нысандағы аудиторды күрастыру бойьшша жүмысқа шақыру кезінде оның колы қойылып, салык төлеуші ретінде тіркеу нөмірі, аудитор куалігінің нөмірі көрсетіліп, мөр койылады.
Декларация салық органына сальщ төлеуші заңды тұлғаның салықтық тіркеу орны бойынша келу тәртібімен немесе хабар-ламасы бар, сонымен қатар электронды түрде ұсынылады.
Декларацияда көрініс тапқандар есепке алу құжаттамасында куәләндірілуі кажет.
Салық төлеуші мемлекеттік бюджетпен салық кезеңінің қоры-тындысы бойынша түпкілікті есеп айырысуды белгіленген мерзім-нен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады. Корпорациялык табыс салығын төлеудің соңғы күні болып Декларацияны ұсыну күніне байланыссыз есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 сәуірі болып табылады.
Толтыру кезінде қосымшалардың мәліметтері қолданылады.
Салық төлеуші корпорациялық табыс салығы бойынша деклара-ция тапсырғанға дейінгі кезең ішінде төленуге тиіс аванстық төлемдер сомаларының есебін 101.01 нысанында және декларация тапсырылғаннан кейін төленуге тиіс аванстык телемдер сомаларының есебін 101.02 нысанда декларация тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде табыс етеді.
Қосылған құн салығы (ҚҚС) тауарларды жүмыс және қызмет көрсетуді өндіру және олардың айналысы үдерісінде қосылған, оларды өткізу бойынша сальщ салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумагындағы тауарлар импорты кезіндегі ауда-рымды білдіреді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуі тиіс ҚҚС сатылған тауарлар, жүмысы мен қызмет көрсеткені үшін есептелген косылған күн салығының сомасы мен алынған тауарлар, жүмысы мен қызмет көрсеткені үшін төленуге тиісті қосылған қүн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
Бұл салықтың төлеушілері болып ҚҚС бойынша есепке түрған немесе тұруға міндетті заңды немесе заңды тұлға қүрмай кәсіп-керлік қызметін жүзеге асырушы жеке тұлғалар, түрақты мекеме арқылы кызметін жүзеге асыратын Қазакстан Республикасының бейрезидент тұлғалары табылады.
Қосылған құн салығының салық салу объектілері болып салық салынатын айналым және салық салынатын импорт болып табы-лады. Сальқ салынатын айналым қосылған құн салығынан босатылған және өзінің өндірістік кажеттіліктері үшін жасалатын, қосылган қүн салығын төлеуден босатылғандарын есепке алмаган-дагы, Қазақстан Республикасыньщ шегінде жүзеге асырылатын, тауарларды өткізу, жұмысы мен қызмет көрсетуі бойынша жасаған айналымы, сонымен қатар қатысушысы Қазақстан болып табылатын халықаралық келісімшарттарда қарастырылған жағдайларға сәйкес анықталынған айналым болып табылады. Сонымен катар, бір кәсіп-орынның кұрылымдык бөлімшелері арасында тауарларды (жұмыс немесе қызмет көрсетуді) тиеп жөнелтуде косылған құн салығы салынатын айналымға жатады (егер бұл бөлімшелері қосылған кұн салығының дербес төлеушілері болса).
Қосылған құн салығының мөлшерлемесі
Қосылған кұн салығының салық салу мөлшерлемесі салық салынатын айналымның 16 пайызына тең мөлшерде анықталады. Нөлдік мөлшерлеме бойынша төмендегілерге салык салынады:
- түсті және кара металдар сынығының экспортын коспағанда, экспортқа тауарлар өткізу;
- шетелдік, дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдік-тердің ресми пайдалануына арналған тауарлар немесе көрсетілетін кызметтерді еткізу;
- тазартылған бағалы металдарды — алтын мен платинаны алғашкы нарықта өткізу (Қазақстан Республикасының ¥лт-тык банкісінің жобасы бойынша);
- халыкаралық тасымалдарға байланысты орындалатын жұмыс пен көрсетілген кызметтер тізбесі бойынша босатылады.
Бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасы салық салынатын айналым бойынша есептелінген қосылған құн салығының сомасы мен есепке жатқызылған салык сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
Салык төлеушімен есептеме әдісін колданған жағдайда, нөлдік мөлшерлеме бойынша айналымды қоса есептегендегі салық салына-тын айнальш мақсаттарына колданып жүрген немесе кейін қолданылатын, есепті кезең аралығындағы нақты түскен тауарлар, орындалган жұмыстар немесе көрсетілген кызметтер есепке жатқызылатын ҚҚС сомасы болып табылады.
Өтеусіз алынған мүлікке қатысты қосылған құн салығы есепке жатқызылмайды.
Қосылған кұн салығын төлеушіде салық салынатын және косылған құн салығынан босатылған айналымдар болған кезде қосылған кұн салығы сомасы салык төлеушінің тандауы бойынша барабар немесе бөлек есептеу әдісімен анықталынып есепке жатқызылады.
Салык төлеуші болып табылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет-тер) жабдықтаушыларымен төленген, төленуі тиіс қосылған құн салығы сомасы есепке алынады. Банктер каржылық кызметтері бойынша салык төлемейді.
Қазақстан Республикасының салык төлеушісі болып табылмай-тын жабдықтаушылармен төленген (төленуі тиіс) косылған кұн салығы, Кодекс бабында (халыкаралык келісімдер) қарастырылған жағдайлардан баска, салық телеушіден осы аталған тауарлардың (жұмыстар, кызметтер) сатып алу бағасында, белгіленген тәртіппен шығынға жатқызып есептен шығару аркылы есепке жатқызылады.
ҚҚС салынатын тауарларды (жұмыстар, қызметтер) тиеп жө-нелтуді жүзеге асыратын салық төлеуші осы аталған тауарларды (жұмыстар, кызметтер) алатын тұлғаны, белгіленген нысанда жа-зылған, барлык ҚҚС төлеушілеріне міндетті кұжат болып табыла-тын фактура-шотты көрсетуі қажет.
ҚҚС төлеушісі болып табылмайтын тұлға «косылған құн са-лығынсыз» деген белгісі бар фактура-шот жазьтп беруге міндетті. Салықтан босатылған тауарлар (жұмыстар, кызметтер) бойынша жазылған фактура-шотқа да осындай талап қойылады.
Қосылған кұн салығын есептеу және төлеу кезінде келесі бухгалтерлік өткізбелер жүргізіледі:
- ағымдағы төлемдерді есептеген кезде: Дт 5761 «Қосылған кұн салығы»
Кт 2851 «Салық және баска да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»;
- ағымдағы төлемдерді төлеген кезде:
Дт 2851 «Салык және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»
Кт 1051 «Банктің Қазакстан Республикасы ¥лттык банкіндегі корреспонденттік есепшоты».
Әр салық төлеуші:
а) әр есепті жыл кезеңінде есепті жылдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей 300.00 нысандағы 300.01 және 300.02 нысандағы косымшалар косылған құн салығы бойынша Декларация ұсынылу қажет;
ә) декларацияны ұсынылуы бойынша белгіленген мерзімге дейін немесе сол күні бюджетке әр есепті кезең салығын төлеуге;
б) салық салынатын айналымның 150000 теңгеден асқан кезін-де декларациямен бірге фактура-шот тізіліміне ұсынуға міндетті.
Жеке табыс салығының төлеушілері салык жылында салық салынатын табысы бар тұлғалар болып табылады.
Жеке табыс салығын төлеушілерге жеке тұлғалы Қазакстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар жаткызылады.
Салық кодексінде көрсетілген табыстарды есептемегендегі, жеке табыс салығынын салык салу объектісі болып келесі табыстар:
— төлем көзінен салык салынатын (кызметкерлер табысы, бір жолғы төлемдерден алынатын табыс, жинақтаушы зейнетакы корларынан берілетін зейнетакы төлемдері, дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс, стипендиялар, жинақ-таушы сактандыру шарттары бойынша табысы);
— төлем көзінен салык салынбайтын (мүліктік, жеке кәсіпкер-дің, адвокаттар мен жеке нотариустардың салык салынатын табысы, т.б.).
Шегерімдер
Жеке тұлғалардың шегерімдер жүргізуге құқығы бар:
— салық жылы ішінде табыс алынған әрбір айға белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сома;
— салық жылы ішінде табыс алынған әрбір айға белгіленген асырауындагы отбасының әрбір мүшесіне айлық есептік керсеткіш мөлшеріндегі сома;
— жинактаушы зейнетакы корларына Қазақстан Республи-касының зандарында белгіленген мөлшерде төленетін мін-детті зейнетақы жарналары.
Төлем көзінен салық салынатын жеке табыс салығын есептеу есепті жыл аралығында ай сайын жүргізіледі (17-кесте). Ол үшін қолдануға «қайта есептесу коэффициенті» және «салық салынатын жылдық табысты есептеу сомасы» енгізіледі.
Қайта есептесу коэффициенті бұл салық салынатын табыстың және оған салынатын табыс салығының есептесу сомалары анықталатын мерзімге айлар санының қатынасы, яғни қаңтарда -12 (12:1), ақпанда — 6 (12:2), наурызда — 4
Жеке табыс салығын банк қызметкерлерімен төлеу табыс көзінен салықты ұстап қалу арқылы жүзеге асырылады. Төлемді жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар оны есептеуді жүзеге асыруға міндетті. Төлеушілер орналасқан жері бойынша салықты төлейді.
Жеке табыс салығы банк шығыстарына жатады. Бұлар бойынша шығындар есептелінген жағдайда банк келесі өткізбелерді жүргізеді:
— еңбекақыны есептеу:
Дт 5720 «Еңбекке акы төлеу және міндетті аударымдар бойын-ша шығыстар»
Кт 2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»
2851 «Салык және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» — табыс салығы сомасьша
— кейіннен жалақы берумен
Дт 2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
Дт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» — табыс салығы сомасына
Кт 1051 «Банктің Қазакстан Республикасы Үлттық банкіндегі корреспонденттік есеп-шоты бойынша».
Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығымен есеп айырысу
Төлем көзінен салык салынатын жеке табыс салығын есептеу банк қызметкерлеріне табыс салығын есептеу төлем көзінен салык салынатьш табыс төленетін күннен кешіктірмей жүргізіледі. Төлем көзінен салық салынатын жеке табыс салығын ұстап қалуды еңбек мәмілесі (келісімшарт) немесе жалдау келісімшарты негізінде жеке тұлғаларға көрсеткен жұмысы үшін төлемді жүзеге асыратын заңды немесе жеке түлғалар жүзеге асыруға міндетті.
Салыкты үстап калатын түлғалардың міндеті:
1) жалақыны төлеуге каражаттар алынған кезде, салықты бюд-жетке осы каражаттарды алумен қатар бір уақытта есептеп аудару, басқа жағдайларда төлем жүргізілген ай аяқталғаннан кейін банктік бес күн аралығында;
2) табыс алатын жеке тұлғаға жалақы берілген кезде, өзінің талабы бойынша оның аты-жөні, табыс түрі және сомасы, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-де үсталынып алынған салық сомасы көрсетілген аныктама береді, тіркеу орны бойынша салық орган-дарына төлем көзінен салық үсталатын 200.00 нысандағы төленген табыстар бойынша жеке табыс салығының Декларациясын және 201.03 жеке табыс салығы бойынша есептесуін үсынады;
3) жеке тұлғаның талабы бойынша оған салык төлеуші ретін-дегі тіркеу нөмірі, аты-жөні, табыстың және үсталынып қалған салықтың жалпы сомасы көрсетілген, төленген табыс сомалары есепті салық кезеңінде ұсталынып қалған салықтар жайында анықтама беруі тиіс.
Уәкілетті мемлекеттің белгілеген нысандағы жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент-салық төлеушілер:
— төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бар адамдар;
— тұрғын үй салу мен осындай күрылыс үшін құрылыс мате-риалдарын сатып алуды коспағанда, салық жылында 2000 айлық есепті көрсеткіштен жоғары сомаға бір жолғы ірі сатып алуды іске асырған салық төлеушілер;
— Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыс-тар алатын жеке түлғалар;
— мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген эскери кьтзмет шенін-дегілерді қоспағанда, мемлекеттік кызметшілер үшін көздел-ген заң нормаларын колданатын адамдар;
— Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар.
Мүлікке салынатын салық
Банк мүлік салығының төлеушісі болып табылады. Салық салу объектісі болып негізгі құралдар және материалдық емес активтер болып табылады.
Төмендегілер салық салу объектісі болып табылмайды:
— жер салығының салык салу объектісі болып табылатын жер;
— осы себеппен көлік күралдары;
— Қазакстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консер-вацияда тұрған негізгі кұралдар;
— жалпыға ортак пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдары мен оларға салынған жол кұрылыстары;
— инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға жаңадан енгізілген негізгі кұралдар.
Заңды тұлғалар, соның ішінде банктер бухгалтерлік есеп мәлі-меттері бойынша есептелінген салық салу объектілерінің орташа жылдық күнына 1 пайыз мөлшерлеме бойынша мүлік салығын есептейді. Жаңадан құрылған кұрылыстар, ғимараттар, мекемелер бойынша сальщ олардың қүрылу жылынан кейінгі салық жылында жүргізіледі. Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік құқықтары берілген жагдайда, салық сомасы бастапқы төлеушіге ағымдагы жылдың 1 каңтарынан бастап, ол меншік қүқығын берген айдың басына дейін есептелген салық сомасы, одан кейінгі төлеушіге оның меншік құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең ішінде есептелген салық сомасы көрсетіледі.
Банктердің салық салу объектілері бойынша салық базасы бух-галтерлік есеп мәліметтері бойынша есептелінген орташа жылдық қалдық қүны болып табылады.
Бухгалтерлік есеп негізінде банктің негізгі қаражаттарының келіп түсуін және есептен шығуын анықтау үшін тізімдеме толтырылады. Жыл соңында мүлік салығын есептеу үшін салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдығын анықтау қажет, ол
ағымдағы салык жылынын әр айының і-ініегі және одан кейінгі айдың 1-індегі салық салу объектілерінің орташа жылдык қалдык құндарын қосу нәтижесінде алынған соманың он үштен бір бөлігі ретінде анықталады.
Мысал:
Өндірістік қайта багалауды есепке ала отырып, банктің негізгі каражаттарының қалдык құны 2002 жылдын 1 каңтардағы жағдайы бойынша 20 млн. теңгені құрады.
Негізгі қаражаттар келіп түсті:
қаңтарда — 1 млн.тг
ақпанда — 2 млн.тг
маусымда — 3 млн.тг
тамызда — 3 млн.тг
қазаңда — 5 млн.тг
Есептен шығарылған негізгі қаражаттар:
ақпанда — 1 млн.тг
маусымда — 2 млн.тг
қыркүйекте — 2 млн. тг
желтоқсанда — 3 млн. тг
31 желтоқсандағы жағдайы бойынша банктің негізгі қаражаттарының кұны 26 млн. теңгені (20+14-8) құрады, соның ішінде салық кезені аралығындағы әр ай басындагы негізгі қаражаттардың құны:
1 қаңтарға — 20 млн.тг
1 ақпан -21 млн.тг
1 наурыз — 20 млн.тг
1 соуір — 22 млн.тг
1 мамыр — 22 млн. тг
1 маусым — 25 млн. тг
1 шілде — 23 млн.тг
1 тамыз -23 млн. тг
1 қыркүйек — 26 млн.тг
1 қараша — 24 млн.тг
1 қазан — 24 млн.тг
1 желтоксан — 29 млн.тг
1 қаңтар — 26 млн.тг
Негізгі қаражаттардың орта жылдық құны салықты есептеу үшін қолданылып, келесі тэртіпке сойкес анықталынады: (20 + 21 +20 + 22 + 25 + 23 + 26 + 24 + 24 + 29 + 26) : 13 = 23,5 млн. тенге. Орташа жылдық кұнды анықтағаннан кейін оны белгіленген 1% мөлшерлемесіне кебейтіп, есепті жылдағы салық сомасын анықтаймыз (23.5. млн тенге х 1% = 0,235 млн. тенге).
Банк жер салығы, көлік кұралдарына салынатын салықты және 700.00 нысандағы мүлік салығы бойынша Декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдъщ 31 наурызынан кешіктірмей салық орган-
дарына табыс етеді. Декларация екі нысанада толтырылады, біріншісі орындалған күні және жауапты инспектордың қолы қойылып, Салық комитетіне беріледі, екінші күні және жауапты инспектордың қолы нысанасы банкте қалады. Сонымен қатар 700.03 нысандағы Декларацияға мүлік салығы бойынша қосымша толтырылады. Есепті кезеңнің 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша есептелінетін нақты тиесілі салықты төлеу немесе артық төленген соманы қайтарып алу есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуіріне жасалады.
701.00 нысандағы мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер-дің есебін банк есепті жылдын 20 ақпанына дейін үсынуы қажет.
Мүлік күнынын 1 пайызы мөлшері бойынша есептелінген ағымдағы салық сомасын төлеу бірдей үлестермен салық жылының, 20 ақпанда, 20 мамырда, 20 тамызда және 20 қарашада жүргізіледі.
Мүліктің табыс әкелетіндігіне немесе әкелмейтіндігіне байла-ныссыз осы салыкты төлеуден босатылмайды. Салық салу объекті-лері басқа облыстарда (аудандарда) орналасқан, тармақталынған филиалдар желісі немесе өкілдіктері (занды тұлға қүрмай) бар банктер төленуге тиісті салықтар сомасын объектілердің орналасу жері бойынша төлейді.
Заңды тұлғалар өзінің орналасқан жері бойынша сәйкес салық органына жер салығы, көлік кұралдарына салынатын салық және 700.02 нысандағы «Көлік кұралдары салығы» бойынша Деклара-цияға қосымша ұсынулары міндетті.
Нақты төленуге тиіс салық сомасын төлеу немесе артық төленген соманы қайтару есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінде жүргізіледі.
Жер салығы
Қазакстан Республикасы Президентінің 22 желтоқсан 1995 жылдағы №2717 «Жер туралы» күші бар Жарлығының 8-бабына сәйкес жерді иелену және пайдалану ақылы болып келеді, ал бұл өз алдына жерге мемлекеттік меншікті жүзеге асырудың экономи-калык формасы.
Жер үшін төлем жер салығы түрінде алынады. Жер салығын белгілеудің және өндіріп алудың негізі болып:
1) Қазакстан Республикасының салык кодексі;
2) Жерді иелену немесе пайдалану актісі немесе жер учаске-лерін иелену немесе пайдалану күкықтарын растайтын өзге де күжататар;
3) Ағымдағы жылдың 1 каңтардағы жағдайы бойынша жерлер-дің мемлекеттік сандык және салалык есебінің мәліметтері.
Салық салу базасы жер учаскесінің ауданы болып табылады.
Банк меншігінде жер учаскелері болғандықтан ол салық телеуші болып табылады.
Банктер жер салығын өз бетімен әрбір салык салынатын жер учаскесі бойынша тиісті салык мөлшерлемесін колдану арқылы есептейді. Егер банктің жер немесе жерді пайдалануы әр түрлі мөлшерлемесімен салык салынатын жер учаскелерінан тұратын болса, онда салыктың жалпы мөлшері учаскелер бойынша сома-ларын қосып анықтаймыз. Базалық мөлшерлеме жердің негізгі мақсатты пайдалануының санаты бойынша белгіленген.
Сонымен катар, банктер салык кезеңі аралығында жер салығы бойынша агымдағы төлемдерді есептеуте және төлеуге міндетті. Бірінші төлем мерзіміндегі ағымдағы төлем мөлшері бұрынғы салық кезеңінде іс жүзінде теленген сомалардың төрттен бірі мөлшерінде белгіленеді, екінші, үшінші және төртінші мерзімдерде төленуге тиіс ағымдағы төлемдердін. сомалары бұрынғы салық кезеңінде жер салыгы бойынша салық Декларациясында керсетілген накты салық міндеттемелерінің сомалары негізге алына отырып анықталынады. Бұл ретте ағымдағы төлемдердің сомалары бірінші төлем мерзімінде төленген ағымдағы төлем ескеріле отырып тең үлеспен төленеді.
Егер банк жерді жыл аралығында сатып алса, онда жер салығы бойынша ағымдағы міндеттемелер пайда болады, оларды төлеудің бірінші мерзімі міндеттеме туындаған күннен кейінгі мерзім болады. Міндеттеме жер сальтғы бойынша ағымдағы төлемдердің соңғы төлеу мерзімінен пайда болса (20 казан), банк салық сомасын келесі айдың 20-нан кешіктірмей төлеуі тиіс.
Жер салығы міндеттемелері бойынша, жер салығы, көлік күралдарына салынатын салық және мүлік салығының Декларация-ларына қосымша — 700.01 нысандағы «Жер салығы» және 701.01 нысандағы жер салығының ағымдағы төлемдері бойынша есептеу толтырылады.
Банктің бухгалтерлік есебінде жер салығы бойынша өткізбелерді жүргізу тәртібі:
- ағымдағы төлемдерді есептеу кезінде: Дт 5764 «Жер салығы»;
Кт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»;
- ағымдағы төлемдерді төлеу кезінде:
Дт 2851 «Салық және баска да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»
Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есеп шоты».
Банк әлеуметтік салық төлеушісі болып табылады. Салық салу объектісі жұмыс берушіге материалдык, әлеуметтік игіліктер немесе басқа да материалдық пайда түрінде көрсетілген табыстарды қоса алғандағы жұмысшыларға акшалай немесе заттай нысавда төленетін жұмыс берушінің шығыстары болып табылады. Әлеуметтік салық қалыптасу көздеріне байланыссыз, сәйкес салықтарды ұстап қалғанға дейін есептелінеді.
Келесі төлем түрлеріне салыктар есептелінбейді:
1) жинактаушы зейнетакы корларына қызметкерлердің міндетті зейнетакы жарналары;
2) пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін төленетін өтемдер;
3) жұмыстан босату кезіндегі төленетін өтемдер;
4) сәбидің дүниеге келуі кезінде, ақылы медициналық опера-циялар жасау үшін, жерлеу кезінде қызметкерлерге көрсетілетін материалдык жәрдем;
5) уакытша жүмыс кабілеттілігін жоғалтқан күндеріне төлем;
6) жүкті болу және босанумен байланысты демалыс уақытына төлем.
Банктер әлеуметтік салықты еңбекақы корынан 21 пайыз мөл-шерлемесі бойынша төленеді. Қазакстан Республикасының резидент занды түлғалары, сондай-ақ кызметін Қазақстан Республикасыңца түрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент шетелдік әкімшілік-басқарушы, инженер-техник кызметкер мамандар үшін 11 пайыз мөлшерлемесі бойынша әлеуметтік салық төлейді.
Әлеуметтік салықты төлеу салык төлеушінің тіркеу есебіне алынған жері бойынша есепті айдан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей жүргізіледі.
600.00 нысандағы әлеуметтік салык жөніндегі декларация салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмей тоқсан сайын толтырылып отырады.
Салык салынатын табысты анықтау кезінде төленген әлеуметтік салық сомасы есептелінген салық сомасы шегіде шегерімдерге жатқызылады.
Шегерім мына өткізбеде көрініс табады:
Дт 5763 «Әлеуметтік салығы»;
Кт 2851 «Сальқ және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»
Әлеуметтік салықты бюджетке аудару:
Дт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп
айырысу»
Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттык банкіндегі
корреспонденттік есепшоты».
3 АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУМЕН САЛЫҚ
ЖҮЙЕСІН ӘКІМШІЛІКТЕНДІРУ
3.1 Бюджетпен салық есебін жасауда Соно бағдарламасы мен салық төлеушінің кабинетінің мүмкіндіктері
«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемеңдікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қантардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар еңгізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестеңдіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міңдетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлыры шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-іңдегі заң күші бар жарлыға Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сыңдағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының зандарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізілді.
Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерiн, яғни салық түрлерiнiң нақты атауларын, сондай ақ оларды қолдану тәртiбi мен әдiстерiн iс – қимылдарының тәсiлдiрiн кiрiктiретiн салық механизiмiнқұруға және оның жұмыс iстеуiне саяды. Салық механизiмiнде өзара байланысты элементтерден тұратын арнаулы нұсқаулық қолданылады.
Қазақстан Республикасының қазiргi салық жүйiсi салықтарды құру мен алудың нақтылы әдiстерiн анықтайды, салықтың тиiстi элеметтерi арқылы салық салудың тәртiбiн белгiлейдi.
Негiзгi салық элементтерiне мыналар жаттады: салық субьектiсi, салық салынушы, обьектiсi, салық базасы, салық салудың өлшемi, салық мөлшермесi, ұлес (квота ), салықпұл, салық жеңiлдiктер салықтарды төлеу мен бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшiн санкциялар және басқалары.
Салық субьектiсi немесе салық төлеушi. Ол салықты және бюджетке басқа төлемдердi төлеушi тұлға, алайда нарық механизмi арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға – салық салынушыға аударылуы мүмкiн.
Салық салынушылар – нақты салық ауыртпалығы түсетiн жеке тұлғалар, түпкiлiктi салық төлеушiлер, яғни мемлекет азаматтары.
Салық обьектiсi. Мүлiк пен iс — әректтер салық обьектiлерi және салық салуға байланысты обьектiлер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушiнiң салықтық мiндеттемесi туындайды.
Салық базасы. Салық базасы – салық салу обьектiсi мен салық салуға байланысты обьектiнiң құндылық, заттай немесе өзге де сипаттамалары, олардың негiзiнде бюджетке төленуге тиiс салықтар және басқа да мiндеттi төлемдердiң соммасы анықталады.
Салықтың негiзгi базасы мыналар болып табылады:
Табысқа салынатын салық. Бұған корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығы жатады;
Тауарларға салынатын салықтар. Олар қосылған құнға салынатын салықтарды, кеден баждарын кiрiктiредi;
Капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлiкке салынатын салық және басқалары жатады.
Салық өлшемi – есеп – қисап үшiн белгiленген салық обьектiсiн өлшеу бiрлiгi ( тенге, табыс, айналым т.б. )
Салық мөлшерлемесi. Салық мөлшерлемесi салық базасының өлшем бiрлiгiне салық есептеулерiнiң шамасын бiлдiредi. Ол салық базасының өлшем бiрлiгiне пайызбен немесе обсолюттiк сомамен белгiленедi.
Салық кезеңi. Жекелеген салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдерге қатысты белгiленген уақыт кезеңi салық кезеңi деп түсiнiледi, ол аяқталған соң салық базасы анықталады және бюджетке төленуге тиiстi салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы есептелiнедi
Салықпұл – субьектiнiң бiр обьектiден төлейтiн салық сомасы.
Салық жеңiлдiктерi – заңнамаға сәйкес төлеушiлердi салықтан толық немесе iшiнара босату.
Жанама салықтар –жоғарыда атап өткенiмiздей, бағаға немесе тарифке үстеме түрiнде белгiленген салықтар, олар салық төлеушiлердiң табыстарына немесе мүлкiне тiкелей байланысты емес.
Жанама салықтардың iшiндегi ең маңыздысы 1992 жылы енгiзiлген құнға қосылатын салық – ҚҚС болып табылады.
Салық төлеушi мемлекетке оны төлеу нәтижесiнде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеудi сатып алушыға аударады.Салық салу обьектiсi материалдық шығындарсыз өндiрiлген өнiм болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнiмге кешендi шығыстар, мысалға жарнама жұмсалатын және бiрқатар шығындар кiрiктiрiлуi мүмкiн.ҚҚС қазiргi кезде Қазақстан Республикасының бюджет кiрiстерiнiң аса маңызды көздерiнiң бiрi болып саналады. Мемлекеттiк бюджет кiрiстерiнiң жалпы сомасында бұл төлемнiң үлес салмағы 27,1 проценттi құрайды.
Салық және бюджетке төленетiн төлем ақылар туралы Қазақстан Республикасының кодексi боойынша қосылған құнға салынатын салық деп тауарларды өндiру және олррды өткiзу бойынша салық салынатын айналым құнының бiр бөлiгiн бюджеттке аударуды, сондай – ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импортты кезiндегi тауарды айтады.
Жұмыстарды, қызметтер көрсетудi өткiзу бойынша айналым кез келген жұмыстарды орындауды немесе қызмет көрсетудi, соның iшiнде олрдың тегiн орындалуын, сондай – ақ тауардың өткiзуден өзге сыйақы үшiн кез келген қызметтi бiлдiредi.
Қосылған құнға салынатын салық – көп дүркiндi, тауарды өндiру мен өткiзудiң әрбiр сатысында өндiрiп салынатын салық, ол өзiне тауар қозғалысының өткен стадициясында алынған қосылған құнға салынатын салық түседi. Сонымен бiрге кәсiпкерлердiң салық жүйесi алдындағы теңдiгi пайда болады.
Өнiмдi бөлу туралы келiсiм шарттар және кең таралған пайдалы қазбалар және жер асты суларын өндiруге жасалған келiсiмшарттар бойынша қызметтi жүзнге асыратындарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар осы келiсiмшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемеген жағдайда, үстеме пайдаға салық төлеушiлер болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушы пайданың iшкi нормасынның 20 пайыздан астамы алған салық кезеңiндегi әрбiр жекелеген келiсiмшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушының таза табыс соммасы үстеме пайдаға салық салу обьектiсi болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдаға салынатын салығы — салыстырмалы жақсы табиғи жағдайлардағы қызметiнен алынған немесе рыноктың салыстырмалы жағдайындағы шығарылған өнiмдi атудан алынған қосымша пайда үшiн төленетiн төлем.
Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әр түрлі анықтама мен түсініктеме берілген. Мәселен, Салық кодексінде «Салықтар — мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар» деп атап көрсетілген.
Салық — занды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін міндетті төлем.
Салық — белгілі бір объектілерден төленетін төлем.
Салық дегеніміз — белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.
Қорыта айтқанда, барлық анықтамалар бір негізді құраушы жүйе екендігін байқауға болады.
Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі — бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.
Қазақстан Республикасының мемлекетгік бюджетінде салықтардың меншікті салмағы 70 пайызын құрайды.
Салықты материалды тұрғыдан алғанда — бұл, салық төлеушінің белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады (салық натуралдық тұрғыда материалдық құндылық болып саналады).
Салықтың материалдық белгісі — салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді.
Материалдық салықтық қатынастар — ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекетгік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді.
Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық — салық төлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қозғалысы болып саналады.
Ал, құқықтық тұрғыдан карайтын болсақ, бүл мемлекеттік бекітілім, яғни тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын беруін (төлеуді) көздейтін міндеттеме.
Салық құқығы — мемлекеттің салықтық әрекеті процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Салық материалдық тұрғыда белгілі бір ақша сомасын (ақшалай нысанда) немесе салық төлеушілердің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір заттардың санын (натуралдық заттай нысанда) білдіреді.
Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:
Материалдық категория жағынан — бұл белгілі бір ақша сомасы болса;
Экономикалық категория ретінде — бұл мемлекеттің табысы;
Заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген
міндеттеме болып табылады.
Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетіл-
гендерді атауға болады:
Салық — мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді
бөледі;
Салық — ақшалай нысанда төленеді;
Салық — қайтарылмайтын төлем болып табылады;
Салық — баламасыз сипатта болады;
Салық — салықты телеген кезде меншік нысандары ай-
қындалады;
Салық — тұрақты экономикалық қатынас туғызады.
Мемлекеттік аппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді. Сондықтан мемлекет жеке және заңды тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы өндіріп алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы мемлекет салықты белгілеу және өндіріп алу арқылы өндірілген коғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.
Натуралдық нысанда төленуі де мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында жиналған өнімнің бір бөлігі салық ретінде төленеді.
Салық кодексінде салық ақшалай нысанда төленуі тиіс деп атап көрсетілген.
Салықты төлеген кезде ақша тек бір бағытта ғана қозғалады, яғни салық төлеушіден мемлекетке бағытталады.
Мұньң қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік қарыз) айырмашылығы:
Біріншіден, ақша салық төлеушілерден мемлекетке карай қозғалады
Екіншіден, кері қайтады, яғни мемлекеттен салық төлеушілерге бағытгалады (қайтарылады).
Ал, қайтарымсыздық дегеніміз — ақшаны мерзімсіз алуды білдіреді, яғни ол соманың қашан қайтатыны белгісіз.
Салық құнның ақшалай нысанда бір бағытга қозғалысын айқындайды. төлеген салыққа қарсы тауар түрінде болса да қозғалыс жоқ. Толығырақ айтқанда, салық қандай да бір тауарға, немесе мемлекеттік қызметке төлем болып есептелмейді, яғни ақшаның өтеусіз алынуын көрсетеді.
Салықты төлеген кезде меншік нысандары ақша қаражаттарына, немесе материалдық құндылықтарда жеке меншіктен мемлекетгік меншікке өтеді (ауысады). Анығын айтқанда, салық салу мемлекетке тиесілі меншіктерді иеліктен шығарады, ал меншік иелері арасындағы туындайтын салық қатынастарында мемлекет жеке меншіктен мемлекеттік меншікке салық төлемдерінде меншік құқықтарын өзгерте алады.
Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда болады. Тұрақтылықты мынадан байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мәселен, бір тұлғаның нақты салық салу объектісі бар болса, ол салық міндеттемелерін орындаушы болып табылады.
Салық қатынастарының тұрақтылығы салық төлеу арқылы жүйелі төлемдерге алып бармауы тиіс. Кейбір салықтарда салық төлеушілер үшін салық төлеу жеке төлемдік сипатта болады (мысалы, мүлік салығын жеке азаматтар жылына бір рет төлейді) немесе кейде кенеттен салық төлеу сипаты пайда болады (мәселен, ойламаған жерден жасаған жұмысына жалақы алады).
Азаматтардың мүлік салығын төлеген кезде, оның салық қатынастары қысқартылмайды, қайта салық төлеушілердің ағымдағы кезеңде төлеген салықтарымен қоса, келесі салық кезеңдерінде де салық төлеуге міндетті болады. Бұл процесс салық төлеушілердің меншік иесі ретінде құнынан айырылғанға дейін жалғасын таба береді.
Сонымен қатар салықтың құқықтық бірнеше белгілері бар, атап айтқанда:
салықты — мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган белгілейді;
салық — құқықтық нысанда жүзеге асады;
салық — мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;
салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды;
салық – мәжбүрлеме сипатта болады;
салық төлеу аркылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырылады.
Салықтың осы құқықтық белгілеріне кеңірек тоқталып өтейік.
Салықты тек мемлекет қана белгілейді. Мемлекеттік органның ешбірі салықты бекітуге және енгізуге құқы жоқ. Салық — бұл мемлекеттің белгіленімі болып саналады.
Салық — осы белгісі арқылы басқа да міндетті төлемдерден ерекшеленеді.
Сондықтан көптеген мемлекеттің салық заңдылықтарында салықты былайша қарастырады:
біріншіден, салықты уәкілдік берілген мемлекеттік орган ғана бекіте алады;
екіншіден, салықты белгілеу белгілі бір заң немесе нормативтік-қүқықтық акгілермен қатаң түрде жузеге асырылады;
үшіншіден, осы қабылданған құқықтық акт белгілі бір тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
3.2 1 С:Бухгалтерия бағдарламасы
. «Қысқа мерзімді міндеттемелер» 3 бөлімінің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйым міндеттемелерін есепке алуға арналған.
«Қысқа мерзімді міндеттемелер» 3 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
3000 – «Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер»;
3100 – «Салықтар бойынша міндеттемелер»;
3200 – «Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер»;
3300 – «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;
3400 – «Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері»;
3500 – «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер».
Сурет №1 Меню → Зарплата → Налоги → Расчет ИПН, ОПВ и удержаний (Жеке табыс салығы мен Міндетті зейнетақы төлемі).
3000 «Қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері» кіші бөлімі қысқа мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, бір жылға дейінгі мерзіммен қысқа мерзімді қаржы міндеттемелерін есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3010 – «Қысқа мерзімді банктік қарыз», онда бір жылға дейінгі мерзіммен алынған банктік қарыздар есепке алынады;
3020 – «Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар», онда уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар есепке алынады;
3030 – «Қатысушылардың дивидендтері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда жарғылық капиталда үлесі бар заңды тұлға қатысушыларына акциялар бойынша дивидендтерді және кірістерді есептеу және төлеу бойынша операциялар көрініс табады;
3040 – «Ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі», мұнда ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі, мысалы қаржылық жал, қарыздар бойынша міндеттемелер есепке алынады;
3050 – «Өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері есепке алынады.
3100 «Салық бойынша міндеттемелер» кіші бөлімі ұйымның салық төлеу жөніндегі міндеттемелерін есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3110 – «Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы», мұнда төлеуге жататын корпорациялық табыс салығы есепке алынады;
3120 – «Жеке табыс салығы», мұнда жеке табыс салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3130 – «Қосылған құн салығы», мұнда қосылған құн салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар есепке алынады;
3140 – «Акциздер», мұнда акциздерді есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3150 – «Әлеуметтік салық», мұнда әлеуметтік салықты есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3160 – «Жер салығы», мұнда жер салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3170 – «Көлік құралдары салығы», мұнда көлік құралдарына салық есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3180 – «Мүлік салығы», мұнда мүлікке салық есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3190 – «Өзге салықтар», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге салықтарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады.
3200 «Басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер» кіші бөлімі, салықты алып тастағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеуге тиісті міндетті және ерікті төлемдерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3210 – «Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер», мұнда әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3220 – «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер», мұнда зейнетақы аударымдарын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3230 – «Басқа міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер», мұнда басқа міндетті төлемдер, мысалы алымдар, мемлекеттік баждар, төлемдер бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3240 – «Басқа ерікті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер», мұнда басқа ерікті төлемдер бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады.
1С «Кәсіпорын» жүйесінде Салықтар тіркелімі келесі үлгіде толтырылады.
Сурет №2 Меню → Зарплата → Налоги → Расчет СН и СО (әлеуметтік салықтар мен әлеуметтік аударымдар).
3300 «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» кіші бөлімі бір жылға дейінгі мерзіммен кредиторлық берешекті есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3310 – «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылдан кем төлеу мерзімімен қорларды жеткізу немесе қайта өңдеу бойынша шығыстарды қоса алғанда, сатып алынған активтер мен пайдаланылған қызметтер үшін жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысулар жөнінде операциялар және жеткізушілердің мердігерлерге өзге қысқа мерзімді берешегі көрініс табады;
3320 – «Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылға дейінгі мерзіммен сатып алынған активтерге және пайдаланылған қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және еншілес ұйымдарға өзге қысқа мерзімді берешек көрініс табады;
3330 – «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда бір жылға дейінгі мерзіммен сатып алынған активтерге және пайдаланылған қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға өзге қысқа мерзімді берешек көрініс табады;
3340 – «Филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда филиалдар және құрылымдық бөлімшелер шоттарына ақша қаражатының түсуі және оны есептен шығару жөніндегі операциялар және филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады;
3350 – «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек», мұнда қызметкерлерге қызметкерлер тиісті қызметтерді көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде толық көлемде төлеуге жататын сыйақылар (демалыс жәрдемақыларынан және үлескерлік құралдарымен өтемақы төлемдерінен басқа) және еңбекақы төлеу бойынша өзге қысқа мерзімді берешектер есепке алынады;
3360 – «Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек», мұнда қысқа мерзімді жалдау бойынша жалдау міндеттемелерін төлеумен байланысты операциялар және жалдау бойынша өзге қысқа мерзімді берешек көрініс табады;
3370 – «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі», мұнда ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігін төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3380 – «Төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар», алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар көрініс табады;
3390 – «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады.
3400 «Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» кіші бөлімі белгісіз уақытпен және сомамен міндеттемелер ретінде анықталған қысқа мерзімді бағалау міндеттемелерін есептеуге арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3410 – «Қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелер», мұнда бір жылға дейінгі кепілдік мерзімімен іске асырылған өнімдер және көрсетілген қызметтер бойынша кепілдік міндеттемелер жөніндегі резервті құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелері көрініс табады;
3420 – «Заңды наразылықтар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер», мұнда қарау мерзімі бір жылға дейін өтетін сот қуынулары бойынша резервті құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар және заңды наразылықтар бойынша өзге қысқа мерзімді міндеттемелер көрініс табады;
3430 – «Қызметкерлерге сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда қызметкерлерге ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында қысқа мерзімді сыйақылар төлеуге болжалды шығындар, сондай-ақ пайдаға қатысуға және сыйлық төлеуге болжалды шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері көрініс табады;
3440 – «Өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері», мұнда шоттардың алдағы топтарында көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері есепке алынады.
- 3500 «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер» алдағы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3510 – «Алынған қысқа мерзімді аванстар», мұнда тауарларды, шикізатты, материалдарды жеткізу, қызметтер көрсету негізінде, сондай-ақ тапсырысшыларға ішінара дайындық бойынша өндірілген өнімге ақы төлеу бойынша алынған аванстар және өзге алынған қысқа мерзімді аванстар есепке алынады;
3520 – «Алдағы кезеңдердің кірістері», мұнда ағымдағы айда алынған, бірақ есепті кезеңнің болашақ айларына жатқызылатын кірістер көрініс табады;
3530 – «Сатуға арналған қатардан шығатын топтың міндеттемелері», онда сатуға арналған қатардан шығарылатын топтың міндеттемелері көрініс табады;
3540 – «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер», мұнда алдағы топтарды көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді міндеттемелер есепке алынады.
Қорытынды
Қорыта келе, Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.
Салық базасы деп құқықтық, физикалық базасын айтады және де салық салу объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін. Салық базасының негізінде салық сомасы және баска да төлеулердің мөлшері анықталады. Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсолюттік сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне қарап белгіленеді.
Салық кезеңі — бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және Салық кодексінің басқа да міндетгі төлемдеріне қолайлы етіп белгіленеді, сол кезең біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын салық пен басқа да міндетті төлемдері есептелінеді. Қазақстан Республикасындағы салық заңы — мүліктің кірістелген және тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне қарамастан, салықтық есептің әдісіне орап есептеу әдісі бойынша құрылады. Кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысу операциялары 3200 «Басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер» кіші бөлімі, салықты алып тастағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеуге тиісті міндетті және ерікті төлемдерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3210 – «Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер», мұнда әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3220 – «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер», мұнда зейнетақы аударымдарын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3230 – «Басқа міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер», мұнда басқа міндетті төлемдер, мысалы алымдар, мемлекеттік баждар, төлемдер бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
Экономикалық белсенділікті ынталандыру жөніндегі шаралар шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға, оның ішінде әкімшілік кедергілерді одан әрі азайтуға бағытталатын болады. Отандық кәсіпорындарды қолдау мақсатында оларға мемлекеттік органдардың, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың сатып алуларына кең қол жетімділік берілетін болады.
Жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыру үшін Үкімет 2009 жылы үлестік құрылысқа қатысушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты жалғастырады және арнайы ипотекалық кредит беру бағдарламасын іске асыруға кіріседі.
2009 жылы Үкімет қызметіндегі негізгі басымдық – жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау болады. Үкімет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өндіріс көлемінің азаюы нәтижесінде уақытша босаған қызметкерлерді ірі кәсіпорындармен ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандумдар шеңберінде жұмыспен қамту және босатылатын қызметкерлерді кәсіби даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.
Жұмыс орындарын құру, оның ішінде қоғамдық жұмыстар, инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілер салу, заңсыз еңбек көші-қонын бақылауды қатаңдату есебінен қосымша ауқымды шаралар кешені көзделеді.
Барлық әлеуметтік міндеттемелер, оның ішінде Мемлекет басшысының 2009 – 2011 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік төлемдерді, зейнетақыларды және бюджет саласының қызметкерлеріне жалақыны ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде толық көлемде әрі уақтылы қаржыландырылады.
Салық-бюджет саясатының шаралары экономикаға салық жүктемесін азайту арқылы экономикалық белсенділікті ынталандыруға және мемлекеттік шығыстардың теңгерімді саясатын жүргізуге бағытталатын болады.
Жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыру, атап айтқанда
2009 жылы корпорациялық табыс салығының ставкасын 30 %-дан 20 %-ға дейін, қосылған құн салығын 13 %-дан 12 %-ға дейін азайту, сондай-ақ салық төлеушілердің шегерімдер жүйесін ырықтандыру кәсіпорындар үшін нарықтардың қолайсыз конъюнктурасын жұмсартуға және олардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Абрютина М.С. «Анализ финансово-экономической деятельности предприятия», Москва, 1999 г.
- Артеменко В. Г., Беллендир М. В. Финансовый анализ – М.: «ПРИОР», 1996.
- Байсеитов А.Р. «Бухгалтерский учет и Аудит», Алматы 1999г №11 «Финансовый менеджмент, анализ и управленческий учет»
- Балабанов И. Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. – М.: Финансы и статистика, 199
- Дүйсенбаев К. Ш., Төлегенов Э. Т., Жұмағалиева Ж. Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001.
- Дюсембаев К.Ш. «Аудит и анализ финансовой отчетности» Алматы «Қаржы-Қаражат», 1998г.
- Ковалев А.И. «Анализ финансового состояния предприятия», 1999г.
- Крейнина М. Н. Анализ финансового сотояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ. – м.: АО «ДИС», «МВ-Центр», 1994.
- Любушин Л.М. «Анализ финансово-экономической деятельности предприятия», Москва, 1997 г.
- Маркарьян Э. А., Герасименко Г. П. Финансовый анализ – М.: «ПРИОР», 1996.
- stat. ru & www. kkb.kz
Қосымша №1
Жеке тұлғаның салық салынатын табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:
10еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін | Салық салынатын табыс сомасының 5 проценті |
10 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 20 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін | 10 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы+одан асып түсетін 10 проценті |
10 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 30еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін | 20 еселенген есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы+одан асып түсетін 15 проценті |
10 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін | 30 еселенген есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы+одан асып түсетін 20 проценті |
10 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 50 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін | 40 еселенген есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы+одан асып түсетін 30 проценті |
50 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен және одан жоғары | 50 еселенген есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы+одан асып түсетін соманың 40 проценті |
Төменде салықтың ішкі ставкасын салыстыра тексеру мысалы келтірілген.
Есептік пайда 2,500 3.000
Ішкі ставка бойынша салық 30% 750 900
Салық салу мақсаттары үшін
шегерілмейтін шығыстардың салыққа әсері 60 30
В еліндегі неғұрлым төмен
салық ставкаларының әсері (50) (150)
Салық бойынша шығыстар 760 780
Төменде әрбір ұлттық заңдылық үшін жекелеген салыстыра тексерулерді біріктіру жолымен әзірленген салыстыра тексеру мысалы келтірілген. Осы әдіске сәйкес есеп беруші компанияның өз ұлттық салық ставкасы мен басқа заңдылықтардағы ішкі салық ставкасы арасындағы айырмашылық нәтижесі салыстыра тексеруде жеке бап ретінде көрсетілмейді. Компанияның 81(d)-параграфта талап етілетініндей, қолданылатын салық ставкасындағы (ставкаларындағы) өзгерістерді түсіндіру үшін не салық ставкаларындағы, не түрлі заңдылықтарда тапқан пайданы ажыратылмас бөліктерінің біріктірмесіндегі елеулі өзгерістердің әсерін, бәлкім, түсіндіруіне тура келеді.
Бухгалтерлік пайда 2,500 3,000
Осы заңдылықтағы пайдаға
қолданылатын ішкі ставкалар бойынша 700 750
Салық салу мақсаттары үшін
шегерілмейтін шығыстардың салыққа әсері 60 30
Салық бойынша шығыстар 760 780
КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ
Мысал
Ұйым шегерілетін 300 сомасындағы уақытша айырмашылығы бар еншілес компанияны сатып алды. Сатып алу сәтінде салық ставкасы 30%-ға тең болды. 90 сомасындағы кейінге қалдырылған салық активінің қорытынды мәні сатып алу кезінде пайда болатын 500 мөлшеріндегі іскерлік беделдің мәнін есептеу кезінде сәйкестендірілетін актив ретінде мойындалған жоқ. Сатып алғаннан соң 2 жылдан кейін компания болашақ салық салынбайтын пайда, тегінде, барлық шегерілетін уақытша айырмашылықтардан алынатын пайданы өтеу үшін жеткілікті болады деп бағалады.
Ұйым кейінге қалдырылған салық активін 90 сомасында және пайда мен залалда салық өтеуден кейінге қалдырылған табысты 90 сомасында мойындайды. Ұйым сондай-ақ іскерлік бедел құнын 90-ға азайтады және осы соманың шығыстарын пайдада немесе залалда таниды. Тиісінше іскерлік бедел құны 410-ға дейін, яғни кейінге қалдырылған салық активі 90 сомасында бизнес біріккен күнгі сәйкестендірілетін актив ретінде мойындалғанда ескерілетін мөлшерге дейін кемиді.
Егер салық ставкасы 40%-ға дейін ұлғайған болса, компания кейінге қалдырылған салық активін 120 сомада (40% ставка бойынша 300) және кейінге қалдырылған салық өтемін пайда мен залалда 120 сомада мойындайды. Егер салық ставкасы 20%-ға дейін кеміген болса, компания кейінге қалдырылған салық активін 60 сомада (20% ставка бойынша 300) және және кейінге қалдырылған салық өтемін пайда мен залалда 60 сомада мойындайды. Екі жағдайда да ұйым іскерлік бедел құнын 90-ға кемітеді және осы сомадағы шығыстарды пайдада немесе залалда таниды.
А мысалы
Активте 100 баланстық құн және 60 салық базаcы бар. Актив сатылған жағдайда 20% салық ставкасы қолданылаған болар еді, басқа табыстарға 30% салық ставкасы қолданылған болар еді.
Компания, егер активті болашақта пайдаланусыз сатуды көздейтін болса, 8 (20% ставка кезінде 40) кейінге қалдырылған салық міндеттемесін және егер активті сақтауды және оның баланстық құнын оны пайдалану арқылы өтеуді көздейтін болса, 12 (30% ставка кезінде 40) кейінге қалдырылған салық міндеттемесін мойындайды.
В мысалы
Өзіндік құны 100 және баланстық құны 80 актив 150 сомаға дейін қайта бағаланады. Салық салу мақсаттары үшін баламалы түзету енгізілмейді. Жинақталған амортизация салық салу мақсаттары үшін 30-ға теңеледі, ал салық ставкасы 30% болады. Егер актив өзіндік құннан жоғары баға бойынша сатылатын болса, жинақталған салық амортизациясы 30 салық салынатын пайдаға қосылатын болады, бірақ сатудан түсетін, өзіндік құннан жоғары болатын түсімдерге салық салынбайды.
Активтің салық базасы 70-ке тең, сонымен қатар, салық салынатын уақытша айырмашылық бар — 80. Егер компания баланстық құнды активті пайдалану жолымен өтеуді көздейтін болса, ол 150 сомасында салық салынатын пайда алуға тиіс, бұл жағдайда ол амортизация ретінде тек 70-ті ғана шегере алады. Нәтижесінде 24 сомасында (ставка 30% кезінде 80) кейінге қалдырылған салық міндеттемесі пайда болады. Егер компания баланстық құнды активті 150-ге дереу сату жолымен өтеуді көздейтін болса, кейінге қалдырылған салық міндеттемесі былайша есептеледі:
Салық салынатын Кейінге уақытша Салық қалдырылған айырмашылық ставкасы салық міндеттемесі
Жинақталған салық
амортизациясы 30 30% 9
Нақты өзіндік құннан тыс түсімдер 50 нөл —
Жиынтығы 80 9
С мысалы
В мысалдағыдай фактілер бар, оған егер актив өзіндік құннан асатын баға бойынша сатылатын болса, жинақталған салық амортизациясының салық салынатын пайдаға қосылатыны (30% салық ставкасы бойынша), ал сатудан түскен түсімдерге инфляция ескере түзетілген өзіндік құн – 110 шегерілгеннен кейін 40% салық ставкасы бойынша салық салынады.
Егер компания баланстық құнды активті пайдалану жолымен өтеуді көздейтін болса, ол салық салынатын пайда 150 алуға тиіс, бірақ бұл жағдайда ол амортизацияны тек 70 сомасында ғана шегере алады. Нәтижесінде салық базасы 70-ке, салық салынатын уақытша айырмашылық 80-ге, және В мысалындағыдай (30% ставка бойынша 80) кейінге қалдырылған салық міндеттемесі 24-ке тең болады.
Егер компания баланстық құнды активті 150-ге дереу сату жолымен өтеуді көздейтін болса, ол индекстелген өзіндік құнды 110 мөлшерінде шегере алады. Таза түсімдер 40-қа 40% ставка бойынша салық салынады. Сонымен қатар, жинақталған салық амортизациясы 30 салық салынатын пайдаға 30% салық ставкасы кезінде қосылатын болады. Осы негізде салық базасы 80-ге тең болады (110 минус 30), салық салынатын 70-ке тең уақытша айырмашылық және кейінге қалдырылған салық міндеттемесі 25 бар (40% салық ставкасы бойынша 40 және 30% ставка бойынша 30). Егер салық базасы осы мысалда жеткілікті түрде айқын көрінбейтін болса, бәлкім, 10-параграфта баяндалған іргелі принциптерді қарау пайдалы болар.
Қосымша №2
Структура задолженности организации по обязательным социальным отчислениям | ||||||
Период: желтоқсан 2009 ж. | ||||||
Отбор: | ||||||
Показатели: Сальдо начальное, Исчислено (возврат), Перечислено, Сальдо конечное | ||||||
Итоги по: Организация Элементы, Вид платежа Элементы, Месяц Элементы, Работник Элементы | ||||||
Работник | Сальдо начальное | Исчислено (возврат) | Перечислено | Сальдо конечное | ||