Ақпарттық өнімдерді өткізудің ақпараттық жүйесі.

27 февраля, 2020 20:43

 

Жоспар:

  1. Кіріспе………………………………………………………………………………………..2

Ақпараттық өнім дегеніміз не?

  1. Негізгі бөлім

а) Қолдану саласы………………………………………………………………………..3

ә) Ақпарат өнімі……………………………………………………………………………3

б) Ақпараттық жабдықталуы…………………………………………………………7

в) Құжаттар: кіріс және шығыс…………………………………………………….15

III.      Қорытынды…………………………………………………………………………………19

  1. Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………..20

Кіріспе

Ақпарат – латынның informatio деген сөзінен шыққан, яғни істің жай-күйі немесе біреудің іс-әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.

Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрлері себеп болады. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады.

Кез-келген жүйені зерттеу мен тұрғызу және ендіру әдістемесінің негізіне өзара бір-бірімен қатынаста, байланыста болатын, әрі бүтіндей бірлікті құрайтын жүйе элементтерінің бірігуін жатқызуға болады. Жүйенің элементі деп, нақты функцияны орындайтын және берілген есеп көлемі бойынша әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объектіні айтамыз. Мысалы, егер нарықты жүйе ретінде қарастырсақ, онда оның әр түрлі ортадағы элементтеріне мыналар жатуы мүмкін: тауарды өңдеушілер, сатып алушылар, маркетологтар, тауарлар, бағалар, сұраныс, бәсекелестік, жарнама және т.б.

Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайда болатын, қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды – түсінікті – бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.

Ақпарат өнімі – бұл әдеттегідей жолмен немесе электронды техника көмегімен алынған өндірістік шаруашылық әрекеттер, өнер туындысы және көңіл көтеру мен ақпараттың басқа да түрлері туралы әр түрлі мәлімдемелер, мәліметтер, білім жайлары.

Ақпараттық өнімдердің қазіргі кезде қажеттілігі өте маңызды. Өнімдердің, әсіресе, ақпараттық жүйеге қатысы бар адамдарға тікелей байланысты. Ол өнімдерді өткізу кезінде оған белгілі бір талаптар қойылады. Оның лицензиясы, оны растайтын құжаттар, сертификаттар, сапа құжаты болуы керек. Өнімдерді өткізу барысында бұл құжаттар белгілі орын алады.

Курстық жобаны жазудағы басты мақсатым ақпарат өнімдерді өткізудің ақпарат жүйесін тұрғызу.

 

 

Ақпарат өнімі

«Өнім» термині адам қызметінің әр алуан салаларында кең қолданылады. Өнім әр түрлі болып бөлінеді, мысалы: халық шаруашылығының әр түрлі салаларының өнімі – ауылшаруашылық өнеркәсіптік және басқа да болып бөлінеді.

Өнім – адам еңбегінің нәтижесі қоғамды ақпаратпен жабдықтау болатын және оның тұтынушылығын қанағаттандыруға арналған ақпарат технологияларының қуатты индустриясын туындататын өнімді, яғни ақпарат өнімін қарастыратын боламыз.

Ақпарат өнімі – бұл әдеттегідей жолмен немесе электронды техника көмегімен алынған өндірістік шаруашылық әрекеттер, өнер туындысы және көңіл көтеру мен ақпараттың басқа да түрлері туралы әр түрлі мәлімдемелер, мәліметтер, білім жайлары.

Ақпарат өнімі ретінде алгоритмдерді, қолданбалы программалар пакетін, мәліметтер қоймасын, ақпаратпен қызмет көрсетуді және тағы басқаларды қарастыруға болады. Сондықтан ақпарат өнімі мен оны соңғы қолданушыға елеулі мөлшерде жеткізетін жабдық ақпарат технологиясы индустриясының нәтижесі болып табылады.

Тұрғызылған немесе өндірілген ақпарат өнімінің құндылығы, оның мазмұгы мен дәлдігіне және тұтынушыға дер кезінде жетуіне байланысты. Осыған орай ақпарат өнімін өндіруші мен оны тұтынушы екеуі де өз беттерімен  тауар өндірушіге саналып және шаруашылық есеп айырысу негізінде жұмыс жасағанда, олардың арасындағы экономикалық қатынасты талдауға байланысты, тағы да бір мәселе туындайды. Бұл жағдайда ақпарат өнімі тауар түріне саналы және сатып алу-сату затына айналады.

Біздің қоғамда ақпаратпен жабдықтауды қазіргі кезеңінде, осы саланың негізгі мәселелерінің біріне ақпарат өнімінің мемлекеттік (ұлттық) нарығы және оны реттеу механизмін тұрғызу жатады. Экономикадағы түбегейлі қайта құрулар, тауарлы-ақшалай қатынастардың белсенділігіне байланысты нарық саласын кеңейтеді.

Нарықтық қатынас, «әдеттегідей емес» ауыстыру объектілеріне көбінесе ғылыми-техникалық ой-пікірлер мен технологияларға, «ноу-хау», программалық және математикалық қамтамасыз ету мен басқа да ақпарат өнімдеріне таралған.

Ақпарат өнімін сатып алу-сатуға байланысты туындаған жағдайдың жаңалығы мен күрделілігінің себебі сонда, көп жылдар бойы бізде мемлекеттік бюджеттегі қаржы есебінен жұмыс істеген ақпарат өнімін өндірушілер (ғылыми-зерттеу, жобалау ұйымдары және басқалар) өз қызметтерінің нәтижесін іс жүзінде ақысыз тегін беріп отыратын тәртіп болды. Мұндай жағдайда өндірушінің тұтынушы алдындағы ақшалай жауапкершілігі болмады, ал жоғарғы нәтижеге қызығушылықпен тұтынушының барлық тілек-мұқтажын ескеруге ұмтылушылық әлсіз жүзеге асырылды. Себебі ол тұтынушыға қаржы бойынша тәуелді болып бекітілмеді.

Шаруашылық есеп айырысуы негізіне ауысуға байланысты, ақпарат өнімін өндіруші мен тұтынушының өзара қатынасының сипаты ды өзгереді. Ақпарат өнімін тұтынушылар, әсіресе өзін-өзі қаржыландыру жағдайында жұмыс істейтін мекемелер меи фирмалар, қосымша тиімділік әкелетіндей ғылыми-техникалық өңдеулерді иемденуге тырысады. Басқаша айтқанда, тұтынушылар ақиқат әрі бағалы ақпарат өнімін сатып алуға және оның құны қанша болса да, сонша төлеуге әзір тұрады. Бұл жағдайда ақпарат өнімін беру кезеңі сатып алу-сату кезеңіне, яғни тауарлы-ақшалай алмасу кезеңіне айналады. Сонымен бірге тауарлы-ақшалай кезеңіне қатысатын ақпарат өнімі тауар түрінде жұмыс істей бастайды.

Ақпараттық тауар – бұл тауарлы-ақшалай алмасу кезеңіне қатысатын немесе сатып алу-сатуға арналған ақпарат өнімі. Ақпарат өнімін өндіру мен тұтыну кезеңдерін тауарлы-ақшалай қатынастар саласына қосу, ақпараттық тауар нарығы, құны, бағасы сияқты және басқа ұғымдарды пайдалануды ұсынады. Әсіресе ақпарат өніміне жекеменшіктілік құқықты сақтау мәселесі бізде де, шетелдерде де ақпарат өнімін өндірушілердің экономикалық және заңдылық құқықтарын толық қорғаудың жан-жақты тәсілдері әлі табыла қоймағандықтан, қиын жағдайда тұр. Бұл мәселенің мәні сонда, яғни алмасу кезеңінде өндірушінің өзі өндірген өнңмге деген жекеменшіктілік құқы еріксіз түрде алынып, ол тұтынущыға ауысады. Дегенмен мұндай жағдай, ақпарат өнімінен басқа барлы материалдық өнімдерге қатысты. Ақпарат өнімін сату барысында, нақты мағынадағы оны иемденушілер қатарына — әрі сатушылар да, әрі сатып алушылар да жатады. Себебі, ақпарат өнімінің тұтынушылық бағасы оның қандай да бір материалдық тасығыш ретінде емес, қайта оның мазмұнына байланысты болады. Сондықтан ақпарат өнімінің бір ғана түрі бір уақытта саны шексіз тұтынушыларға сатылып, ал олар оны өз кезегінде бірнеше рет пайдалануы мүмкін. Мұндай жағдайда ақпарат өнімінің жалпы санын анықтау (тираждау) кезеңі бақылаудан тыс қалады. Ақпарат өнімін жеке түрде өндіру, оның жаппай таралып, қолданылуына қайшы келеді. Сол себепті ақпараттық тауардың ерекшелігі сонда, ол сату барысында тұтынушыға ауысып және нақты мағынада ол өндірушіде де қалады. Бұо жерде ақпарат өніміне әрі қарайғы (сатылып кеткен соңғы) иемденушілік құқық туралы сұрақ туындайды. Ақпараттық тауардың тағы басқа ерекшелігі, оның тұтынушылық сапасын жоғалтпай отырып, көбірек қолдану тәсілінің бар болуы. Бұл мағынадағы ақпараттық тауар үнемлеуді қажет етпейтін жалғыз тауардың түрі.

Ақпараттық тауардың ерекшелігі басқа да өзара байланысқан бірқатар жайларға байланысты болады. Көбінесе ақпарат өнімінің құны, жалпы қабылданған шығын негізінде емес, «тиімділік әсеріне» байланысты бағаның қалыптасу концепциясы негізінде тұрғызылады. Басқаша айтқанда, ақпарат өнімінің құны «шығын және рентабельділік» үлгісінде емес, тұтынушыға тиімді әсер ету негізіне байланысты қалыптасады. Бірақ ақпарат өніміне бағаны қалыптастырудың мұндай концепциясы, оның пайдалану мүмкіндігі көптеген факторларға, дәлірек айтқанда құқылық жайлары шешу, ақпарат өнімін тұрғызу мен тұтынушылық жағдайлары және басқаларға сүйенетін қойылымдық тұрғыда ұсынылады,

Ақпараттық тауар – бұл ерекше түрдегі тауар және оған материалдық өнімдерге тән қасиеттерді ойланбай көшіріге болмайды. Ақпараттық тауардың ғажап ерекшелігінің өзі сонда, бір жағынан ол басқа тауарларға тән қасиетке ие болса, бір жағынан тек өзінің жаратылысына сәйкес пайдалау мүмкіндіктеріне тән қасиеттерге де ие болады. Басқа тауарлар секілді ақпараттық тауардың да құны және тұтынушылың құны бар. Дегенмен де, өндіруші мен тұтынушы арасындағы нақты айырбас жүзеге аспайынша, ақпараттық тауардың құны оның тек жай белгісі болып қалады. Бұл тұтынушылық құны өз күшінде қалатын ақпараттық тауар өнімінің белгілі бір түрлерінің үлгісінде көрнекті түрде байқалады. Мысалы: мемлекеттің қоғамдық саясаты мен экономикалық саясатын; негізгі ғылыми білімдерді; дүние тану мен идеологиялық сипаттағы білімдерді жайып тарату қоғамдық маңыздылығына қарай тегін жүзеге асырылады. Ондай жағдайда, жоғарыда аталған ақпарат өнімінің тауарлық қасиеті жүзеге асырылмай, өз күшінде қалады.

Ақпараттық тауардың бірден бір сирек қасиетіне – оның қор сақтаушылың мүмкіндігі жатады. Ол басқа тауарлар секілді үнемдеуді қажет етпейді, қайта ол неғұрлым қолданылса, қоғам соғұрлы байи түседі. Сонымен бірге ақпарат өнімі қанша рет сатылса да, өзінің тұтынушылық қасиетін төмендетпейді. Ақпарат қорының сирек қасиеті туралы да осыны айтуға болады. Сондай-ақ АҚШ-та, Жапонияда, Батыс Еуропада жүргізілген және ақпарат саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға бағытталған көптеген зерттеулер ақпарат қорына басқа қорлар сияқты. Атап айтқанда: табиғи, капитал, жұмысшы күші, өндірістік қуат және басқаларша қарау керек екендігін дәлелдеді.

Қоғамды ақпаратпен жабдықтау деңгейі барынша әлемдік тұрғыға жетіп дамыған капиталистік елдердегі ғалымдардың ақпаратты қор ретінде қарастырғандағы зерттеулері келесі түрде айқындалады:

— ақша, шикізат, тауар, жұмысшы күші сияқты ақпаратта негізгі құндылықты бейнелейді;

—   ақпарат – бұл фирманың белгілі бір мақсатқа жетуі үшін тиімді өнімді өндіруге болатын шикізат түрі;

—   ақпаратты алу нақты шығынды қажет етеді, сонымен бірге ол – табыс көзі де болып саналады;

—   ақпарат – жинау және қолдану тәсілі, өмірлік айналым мерзімі, басқа қорларға алмасу мүмкіндігі сияқты ерекше белгілермен сипатталады;

—   ақпарат  — басқару үшін шешімдерді таңдау мүмкіндігінің қайнар көзі болып табылады;

—    ақпарат ақшаға сатылып, сақтау, іздеу, өткізіп беру үшін шығынды керек етеді және нарықтық құн мен тұтынушылық бағаны иемденеді.

Қорлардың көптеген түрлерінің ішінен тек ақпарат қана өз иемденушісін бәсекелесінің алдында едәуір басымдылықпен қамтамасыз ететін қор түріне айналады. Бірақ ақпарат қоры, бұл тек ақпарат қана емес, себебі американдық ғалымдар Д. Марчанд пен Ф. Хортонның пікірлерінше, ақпарат қорына ақпараттан басқа мыналар да қатысты:

—   ақпарат саласындағы мамандар мен жұмысшылар;

— ақпараттық техникалар (құралдық жабдықтар мен программалық жабдықтаулар);

— ақпаратты сақтайтын орындар: кітапханалар, архивтер, ақпарат орталықтары және т.б.;

— ақпаратты жеткізіп берушілер: зерттеушілер тобы. өкімет ұйымдары, делдал фирмалар және басқалар;

— ұйымдардың мәліметтері, мәлімдемелері, ақиқат айғақтары;

— өңдеулер туралы есеп берулер, патенттер, ноу-хау, сарапшылар тәжірибесі;

— бәсекелестік барлау мәліметтері, яғни бәсекелестер қызмет туралы, нарық туралы, өз елемізбен экспортты ұсынатынелдердің экономикалық және демографиялық жағдайлары.

Сонымен жоғарыда айтылғандарды қорыта отырып, ақпарат қорына келесі анықтаманы беруге тырысайық.

Ақпарат қоры – бұл әр түрлі ақпараттың (мәліметтердің, мәлімдемелердің, ақиқат айғақтардың, құжаттардың, есеп берулердің және т.б.), оны сақтайтын орындардың, жеткізіп берушілердің, ақпарат саласындағы мамандардың, сондай-ақ оны иемденушілердің бизнестегі өз бәсекелестерінің алдында басымдылығын едәуір түрде жабдықтайтын ақпарат техникасының жиынтығы болып табылады.

Дамыған елдер ақпарат қорының көп жағдайда, оны аз мөлшерде пайдаланатындықтан, тек дәрежелік күшбайлығы болатын үлкен көлеміне ие болып отыр. Сонымен бірге ғылыми, іскер және басқару шеңберлерінде өнімділікті көтеру тек қорларды үнемдеп және шығынды азайтудан ғана емес, жоғарғы сапалы ақпарат қорын алу есебінен де жүзеге асады. Сондықтан ақпаратты білу мен өнімділік арасындағы нақты байланыс, яғни өзара байланысатын кезеңдер болады.

Ақпарат қорын пайдалану әдісін зерттеу тәсілінің болашағы зор. Озық дамыған елдер қатарынан орын алуға талпынып отырған біздің мемлекетімізге осы саланың жетістіктерін белсенді түрде қолданып және оны дамыту қазіргі уақыт талабы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпараттық жабдықтау ресурстарына қойылатын талаптар

Ақпараттық ресурстар жүйені тұрғызуға қажетті ақпараттық өнімдерді өткізу барысында құжаттарға және сапасына және ол Мемлекеттік кеден комитетіне өте қажетті мәліметтер жиынтығы.

 

Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар

Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.

 

Ақпараттық жүйенің жабдықтау жүйелері, функционалды ішкі жүйелеріне қарамастан барлық экономикалық ақпарат жүйелеріне бірдей болады. Оның құрамы белгілі бір пәндік аймаққа қатысты емес. Жабдықтаушы ішкі жүйелеріне: ұйымдастырушылық, техникалық, математикалық, программалық, ақпараттық, лингвистикалық, және технологиялық ішкі жүйелері кіреді.

Ақпараттық жабдықтау – АӨӨАЖ-де қолданылатын техникалы-экономикалық ақпараттарды сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйелері, құжаттар жүйесінің және ақпараттар ауқымының үйлестірілген жүйелерінің жиынтығы.

Шешім қабылдаудың тиімділігі айналымдағы ақпаратты толықтығына, сапасына, сенімділігіне және жеделдігіне байланысты:

  • басқару жүйесінде болатын үрдістерді объективті бейнелеу;
  • практикалық нысаналылықтың болуы, яғни АЖ-ды жобалауда шешілетін мәселелерді ескере отырып атқарылуы қажет;
  • тікелей бақылау және өлшеу үрдістерінде алынбайтын есепті-талдамалы ақпараттардың болуын қамтамасыз етеді;
  • басқаруды ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде ақпаратты пайдаланудағы коэфициентті көтеру;
  • ақпарат жүйелерінің барлық түрінің ақпараттық сиымдылығын қамтамасыз ету.

Ақпаратты жабдықтауды жобалау – бірқатар жұмыстар атқаруды қажет ететін күрделі және еңбекті көп керек ететін үрдіс:

  • ақпаратты жабдықтауды ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін жасау;
  • ақпаратты сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйесін құру;
  • ақпарат көлемдері мен ағындарын анықтау;
  • деректер базасының құрылымы мен құрамын анықтау;
  • деректер базасын бақылау және түзету тәсілдерін таңдау;
  • тұтынушылардың сұраныс тілі мен деректердің сипаттамсын сәйкестендіру.

Осыған байланысты ақпараттық жабдықтауды, ақпараттық базаны құрудың  құралдары мен әдістерінің жиынтығы ретінде қарастырып анықтауға болады. Ақпаратпен жабдықтау машинадан тыс және машина ішіндегі база болып бөлінеді. Сыртқы машиналық база деген бұл басқару функцияларды жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құжаттар, заңдар және анықтамалар. Ішкі машиналық ақпараттық база кіріс және шығыс құжаттарынан тұрады.

АӨӨАЖ-нің машинадан тыс ақпараттық жабдықтау.

АӨӨАЖ-нің машинадан тыс ақпараттық жабдықтауға мыналар кіреді:

  • Өнімді өткізу ақпарат ұғымы, оның сыныптамасы және құрылымы;
  • Сыныптау және кодтау;
  • Нормативті-анықтамалық құжаттар.

Ақпараттық өнімдерді өткізу ұғымы өнімді сатып алу-сату кезінде кеден комитетіне, тұтынушы, сатушыларға қажетті мәліметтер, ақпараттар.

Сыныптау дегеніміз – берілген жиындағы объектілерді әр түрлі белгілері бойынша ретке келтіріп тарату болып табылады. Объектілер сыныпталатын топтық белгілер мыналар: сынып, қосымша сынып, топ, қосымша топ, түр, қосымша түр, тип.

Кодтау – объектілерге кодтық белгілер беру үрдісі. Кодтау жүйесі дегеніміз – бұл объектілерге код беру ережелерінің жиынтығы.

         Нормативті-анықтамалық құжаттарға есептеуде ұзақ уақыт өзгеріссіз пайдаланатын, әр түрлі реттемелік нормативтер, мөлшерлер және басқа деректер кіреді.

Жедел ақпарат берілген уақыт ішіндегі объектінің жай күйін бейнелейді, яғни бұл бастапқы өңделмеген ақпарат.  

Ішкі жабдықтау – АӨӨАЖ-нің жұмыс істеу кезінде пайдаланатын машиналық тасығыштардағы деректер ауқымдарының жиынтығын құрайтын ақпараттық қордың бөлігі. Машиналық тасығыштар, ЭЕМ немесе ДЭЕМ-де ақпаратты автоматты түрде енгізуге жарамды материалдық объектіні көрсетеді. Оған қатты магниттік табақшалар, магниттік барабандар, магниттік карталар, фотохромдық тасығыштар, микрофильмдер және тағы басқалар жатады.

         Ақпараттық ауқымдар – белгілі тәсілмен атауланған және ұйымдастырылған, өзара семантикалық байланыста болатын деректер жиынтығы. АА-дың деректемелер (реквизиттер) тізбесі, әрбір деректеменің ұзындығы және олардың АА-ға орналасу тәртібі анықталады. АА-дың тағайындалуы бойынша енуші, аралық және шығушы болып бөлінеді. Енуші ауқымдарға жедел немесе бастапқы ақпарат және объектінің басқару бойынша мәселені шешуге деген сұраныстар кіреді. Шығару ауқымы экранға немесе баспаға берілетін деректерден тұрады. Осы ақпараттар негізінде пайдаланушылар шешім қабылдайды, яғни ақпараттарды пайдаланады.

Ұйымдастырушылық жабдықтау — жүйені құрудағы мақсаттар мен бағыттарын айқындаудағы ақпарат жүйесінің маңызды ішкі жүйесі болып табылады. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы.  Оның құрамында төрт топты атап көрсетсе болады.

Бірінші  топ құру және фунционалдау үрдісінде маңызды әдістемелік құжаттарды қамтиды:

  • ақпараттық жүйені құрудағы жалпы басқару әдістемелері;
  • типтік жобалар шешімі;
  • кәсіпорынды алдын ала тексерудегі жобалау және өткізудегі әдістемелік материалдары;
  • құжаттаманы құру және іске қосу сұрақтарының әдістемелік материалдары.

Екніші  компоненті ақпарттық жүйені жобалауға және ақпараттық жүйені функционалдануында  керекті тиімді құралдардың жиынтығынан тұрады.

Үшінші компонент тексеру кезінде алынатын техникалық құжаттама болып табылады. Жүйені жобалау мен енгізу: техника-экономикалық негіздеме, техникалық тапсырыс, техникалық және іскерлік жобалар мен құжаттар.

Ұйымдастырушылық жабдықтаудың төртінші компоненті «Іскер». Онда жүйенің басты құрастырушыларды және функионалдық бөлімінің мамандарының тізімі берілген.

Құқықтық жабдықтау ішкі жүйесі ақпараттық жүйені енгізу және эксплуатацияға беруге арналған, ол жерде заңнамалық актілерді, құжаттарды қалыпқа келтіру, сақтау, өтпелі және нәтижелік жүйе ақпаратында қайта түзету.

Жүйені тұрғызу барысында құқықтық құжаттарға: тапсырушы мен атқарушының келісім-шарты, жүйені тұрғызушылар арасындағы құжаттар кіреді.  Ал, жобаны енгізу кезінде оған мынадай құжаттар жатады: жасалып жатқан жүйе деңгейінің мінездемесі, ақпарат жүйесі бөлімдерінің құқығы, ақпартты өңдеудегі жеке құжаттардың құқықтық орындамасы, техникалық құралдарды қолдану кезіндегі қолданушылардың құқықтық қатынасы.

 

Техникалық жабдықтау – бұл рейтингті талдаудың ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу барысында қолданылатын техникалық құралдар кешені.

Басқарудың ақпараттық үрдісі жеке амалдар мен олардың кешендерінің орындалуы арқылы жүзеге асырылады. Барлық амалдарды үш сатыға топтауға болады: ақпараттарды қабылдау, түрлендіру және тұтыну.

Бірінші сатысы, экономикалық объектілердің қызмет үрдісі кезінде пайда болатын бастапқы ақпаратты жинақтау және тіркеу операцияларының тобынан тұрады.

Ақпараттарды түрлендіру операцияларының тобы (екінші саты) ақпараттартың мағыналарын, нысандарын, құрылымдарын кеңістік және уақыт бойынша өзгертуге бағытталған.

Үшінші саты, басқару шешімдерін қабылдау үшін және басқарудың ақпараттық үрдісін жалғастыру үшін тұтынылатын мәні бар операциялар тобын біріктіреді.

 

Техникалық конфигурациясына қойылатын талаптар:

Түрі Көрсеткіші, мәні
1 Компьютердің қуаттылығы 2400 Ггц
2 Жедел жадының көлемі 512 Мб
3 Қатты жадының көлемі 40 Гб
4 Дисковод Қажет
5 CD – ROM Қажет
6 Микропроцессор Pentium (R) 4 CPU
7 Модем қажет емес
8 Файлдық жүйесі NTFS
9 Монитор түс беру сапасы 32 бит
10 Монитордың экрандық рұқсаттамасы 1152 нүкте 864 нүктеге
11 Видеокарта 128 Мб

 

Программалық жабдықтау – бұл техникалық құралдар кешенінің қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің функциясын (атқарымын) жүзеге асыратын программалар жиынтығы. Пограммалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы ПЖ және арнайы ПЖ.

Жалпы ПЖ – бұл кең көлемді пайдаланушыларға арналған, есептеу үрдісін ұйымдастыру мен ақпараттарды өңдеуде жиі кездесетін есептерді шешуге бағытталған программалар жиынтығын құрайтын КБРТ-дағы ПЖ бөлімі. Жалпы ПЖ-ға мынадай негізгі компоненттер кіреді: операциялық жүйе, программалық өнім және сынақтық-тесттік программалар.

Арнайы ПЖ-ға АӨӨ-дің әр түрлі атқарымдық қосалқы жүйелері үшін нақты мәселелерді шешуге және жеке функцияларды орындауға арналған программалар.

 

Программалық жабдықталуына қойылатын талаптар:

 

1 Жалпы жүйелік программалық жабдықталуы Microsoft 2000, NT, XP
2 Офистік бағдарламасы Office 2002
3 Қолданбалы программалық ортасы Delphi 7 программалық ортасы
4 МББЖ Paradox, Oracle
5 Көмекші программалар Драйвер, утилиталар, тексттік-кестелік редакторлар

 

Технологиялық жабдықталуы – ақпараттық технологиялар және олардың ішінен нақты есептерді шешуге арналған ең қолайлысын таңдау әдістерінің жиынтығы.

Математикалық жабдықталуы – ең озық есептеу техникасының көмегімен банк рейтингін талдаудың ақпараттарын өңдеу және есептерді шешуге арналған математикалық әдістердің, үлгілер мен алгоритмдердің жиынтығы. Математикалық жабдықтау экономикалық моделін, блок-схемасын, алгоритмін құрып программалау жобасын жасаймын. Жабдықтау белгілі бір нақты міндеттерді шешуді қамтамасыз ету керек және міндеттерді шешу барысындағы дербес ЭЕМ-нің қызметін басқарып, оның орындалуын бақылап отырады.

Математикалық жабдықтауға блок-схеманы көрсетіп кетейін:

 

 

Лингвистикалық жабдықтау – бұл, ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның ақпараттық техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін пайдаланатын тілдік, құралдардың, ғылыми-техникалық терминдердің, табиғи тілді қалыптастыру ережелірінің жиынтығы. АӨӨАЖ-нің лингвистикалық жабдықтауына алгоритмдік тілдер: Паскаль мен DELPHI жатады, ал ақпараттық тілдерге: Paradox, Database Desktop кіреді.

Эргономикалық жабдықтау – жұмыстың әр түрлі сатысындағы адамның жоғары тиімділікпен жұмыс істеуіне дұрыс жағдайлар жасау және сонымен бірге оны игеру мақсатына бағытталған әдістер мен құралдар жиынтығы. АӨӨАЖ-нің эргономикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:

  • жұмыс орындарында, ақпараттық үлгілерге және жұмыскерлер құрамына эргономикалық сараптауды қалыптастыруды қамтамасыз ететін құжаттар пакеті; бұл талаптарды іске асырудың мақсатқа сай тәсілдерін таңдау; оларды іске асыру деңгейінің эргономикалық сараптамасын жүзеге асыру;
  • жұмыскердерді даярлау деңгейіне және іріктеу жүйесіне қойылатын талаптарды негізге ала отырып тұжырымдауды қамтамасыз ететін әдістер, оқу-әдістемелік құжаттар және даярлаудың техникалық құралдар кешені.

 

Ақпараттық өнімдерді өткізудің ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы.

Концептуалды схема  ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік  тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттық жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік  аспектілерін  бейнелейді және негізгі  құралдарды анықтайды.

Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне  қарай екі бөлшекке бөледі. Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі жатады, ол жабдықтаушы бөлшекке  жабдықтаушы жүйешелер жатады.

 

 

 

Концептуалдық схема

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәселе қойылымы. Ақпараттық өнімдерді өткізудің ақпараттық жүйесіндегі негізгі мәселе Ақпарат және мәдениет министрлігіне дер кезінде ақпараттарды беріп отыру.

         Кіріс ақпараттары

Кіріс ақпараты – бұл пернетақтадан түскен сигналдар, мәліметтер, құжаттар түрінде түскен ақпарат және ақпараттық жүйелердің функцияларын орындау үшін қажет.

Кіріс құжаттары және олардың негізінде алынған файлдар өз кезегінде шапшаң және шартты – тұрақты болып бөлінеді, бұл жерде материалдық, еңбектік, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер және барлық керекті мәліметтер көрсетілген.

Қайта өңдеуге түсетін ақпарат бақылаудан өтуі қажет. Ең аз қажет етілетін бақылау пайдаланушының визуалды бақылауы болып табылады, сонымен қатар ақпаратты пакетке енгізу кезінде бағдарламалық бақылау қарастырылған. Есепті шешу кезінде қосымша әдістер мен бақылау формалары қарастырылуы қажет.

 

Кіріс Құжат Ақпарат көзі
Белгіленуі Аты Ұсыну түрі
Lice Лицензия құжат Министрлік
R Өнімді  растайтын құжаттар құжат Кеден комитеті
Ser Сертификаттар құжат Министрлік
ISO Сапа құжаты құжат ДСҰ

 

 

 

«Лицензия» кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

 

Құжат аты: Лицензия
Белгіленуі

 

Көрсеткіштер
реквизит белгі Реквизит негіз
Year Уақыты 5
Nomeri номері 10
onim typi  түрі 15
Pred бағытталуы 7

 

«Өнімді  растайтын құжаттар» кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

 

Құжат аты: Өнімді  растайтын құжаттар
Белгіленуі

 

Көрсеткіштер
реквизит белгі Реквизит негіз
year Уақыты 5
ieger ati Иегер аты-жөні 5
onim kolemi өнім көлемі 12
kuni өнім құны 10

 

«Сертификаттар» кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

 

Құжат аты: Сертификаттар
Белгіленуі

 

Көрсеткіштер
реквизит белгі Реквизит негіз
ISO-nomeri Сертификат номері 5
ISO-ati Сертификат аты 10
Sapa сапа жиыны 10

 

«Сапа құжаты» кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

 

Құжат аты: Сапа құжаты
Белгіленуі

 

Көрсеткіштер
реквизит белгі Реквизит негіз
year Уақыты 5
Sapa сапасы 10
perspektiva перспектива 12
rentable рентабелділік 7

 

Шығыс ақпараттары

Шығыс ақпараты – бұл басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне берілетін құжаттар, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат.

Шығыс Құжат Ақпараттың берілуі
Белгіленуі Аты Ұсыну түрі
Ministr Ақпарат және мәдениет министлігіне берілетін есеп

 

құжат Ақпарат және мәдениет министлігі
OO Өнім өтімділігі

 

 

құжат Ақпаратқа қажеттілігі бар органдарға

 

«Ақпарат және мәдениет министлігіне берілетін есеп» шығыс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

 

Құжат аты: Ақпарат және мәдениет министлігіне берілетін есеп

 

Белгіленуі

 

Көрсеткіштер
реквизит белгі Реквизит негіз
korsetkish Өнім өткізу көрсеткіші 2
Sapa Өнім сапасы 10
year Уақыты 15
baga Алған бағасы 7

 

«Өнім өтімділігі» шығыс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

 

Құжат аты: Өнім өтімділігі

 

Белгіленуі

 

Көрсеткіштер
реквизит белгі Реквизит негіз
year Уақыты 5
korsetkish Көрсеткіш 10
Orni Өтімділігі 5
Onim dengei Өнім денгейі 2
Onim kolemi Онім көлемі 3
Onim turi Өнім түрі 7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Курстық жұмысымды қорытындылайтын болсам, оны  жазу барысында ақпараттық өнімдерді қазіргі кездегі нарық жағдайында өткізудің ақпараттақ жүйесін тұрғыздым.

Егер де біз экономика салаларының барлығында автоматтандырылған жұмыс орнын құратын болсақ біз тек қана жылдам қызметке қол жеткізіп қоймаймыз, сондай-ақ сапалы өнімдерге де ие боламыз.

Бірінші бөлімде ақпараттық өнім дегеніміз не, оның атқаратын қызметтері қандай, қандай түрлері болатынын, оның қалай іске асатынын көрсеттім. Дүниежүзіндегі саясатта болсын, нарықта болсын дамыған елдер маңызды орын алады, сондай-ақ нарық жағдайы, нарық ауа райы сол елдерге қарап өзгеріп отырады. Сондықтан ба онда ақпараттық өнімдерді өткізуді анықтайтын бірнеше жақсы тәсілдер бар.

Екінші негізгі бөлімде ақпараттық өнімдерді өткізудің ақпараттық жүйесіне кеңірек тоқталып, оны құрдым. Ақпарат жүйесі негізінен ақпарат көздеріне сүйенетіндіктен онда кіріс және шығыс ақпараттарын атап көрсетіп, оларға жеке-жеке кестелер құрып, анықтап көрсеттім. Кіріс ақпараттары өңделіп, шығыс ақпаратына негіз болады. Шығыс ақпараттары екеу: «Ақпарат және мәдениет министлігіне берілетін есеп» және «Өнім өтімділігі» болып табылады.

Осы курстық жұмысымдағы ақпарат жүйесін тұрғызғандағы өнімді өткізудің әдістері мен  әдістемелері іске асатын болса, әрі сапалы, әрі стандарттарға сәйкес келетін өнімдерді аламыз деп үміттемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Мақыш С.Б. “Коммерциялық банк операциялары” Алматы 2002 ж.
  2. Смирнова Т. и др. “Проектирование экономических информационных систем ”.
  3. Стороженко Л.А., Матвеева И.А. Информационно-ком­пьютерные системы учета в Республике Казахстан./ Сборник статей “Информационные системы в экономике”. — Алматы: Экономика – 1997 г. — с.87-93.
  4. Қ.С. Байшоланова Ақпараттық жүйелер теориясы, Алматы: Экономика -2002ж.
  5. Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова, Н.Л.Гагарина “Экономикадағы ақпараттық жүйелері”. Оқу құралы. Алматы, 2001 ж.
  6. Н.Б.Бралиева, Л.А.Байбөлекова, Қ.Т.Балашов “Ақпараттық менеджмент негіздері”. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2000 ж.
  7. Н.Б.Бралиева, В.Ф.Тимошенко, Н.Л.Гагарина “Информационные системы бизнеса”. Алматы, 1994 ж.
  8. Бралиева Н.Б., Куличихин А.А. “Информационные аспекты создания и функционирования автоматизированных информационных систем”.
  9. “Информационные системы в экономике”. Учебник под редакцией Дика В.В., Москва, 1999 ж.
  10. Төлегенов Е.Т. “Бухгалтерлік ақпарат жүйелері”. Оқу құралы Экономика 2001 ж.

 

 

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля