28 февраля, 2020 15:01
Жоспар.
Кіріспе.
- Ақшаның мәні және түрлері.
1.1 Ақша реформасының қажеттілігі мен түрлері.
- Қазақстандағы ақша реформалары.
1922 жылғы ақша реформасы.
2.1 1947 жылғы ақша реформасы.
2.2 1961 жылғы ақша реформасы.
2.3 Теңге – тұрлаулы валюта.
2.4 ҚР 1993 жылғы ақша реформасы.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Ақша реформасын жүргізудегі қажеттілігі мен мәні атты жұмысымыз негізгі екі бөлімнен тұқрады. Мұндағы қаралған мәселе Кеңес үкіметі тұсындағы ақша реформалары туралы және егеменді ел болып өз теңгемізді енгізумен қатар Қазақ- стандағы ақша реформасының жүргізілуі қарастырылады.
Ақша реформасы мемлекеттің билігі мен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің екіншісіне немесе ақшаның бір белгісінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Ақша реформасы капитализм жағдайында буржуазиялық мүддесі үшін жүргізілді, оның ақыры халықты қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкелді. КСРО және басқа да социалистік елдер еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды, ол ақша реформасы кезінде еңбекшілердің әл – ауқатын жақсартуға бағытталған арнаулы экономикалық шараларды жүргізуден байқалады.
КСРО – да ақша реформасы екі рет — жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдарында 1922 – 1924 жылдары және Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін 1947 жылы жүргізілді. Азамат соғысы одан кейін Ұлы Отан соғысы кезінде Совет үкіметі Отан қорғау шараларына байланысты көп шығындарды өтеу мақсатымен ақшаны айналыс қажетінен артық шығара беруге мәжбүр болды. Бұған қоса көпшілік қолды тұтыну тауарларын өндіру мен сату мөлшерінің кемуі салдарынан нақты ақшаның айналыс қажеттілігі де азайды. КСРО Комитетінің 1947 жылғы “Ақша реформасын жүргізу және азық – түлік пен өнеркіәсіп тауарларына карточкалық жүйені” жою туралы қаулысына ақша реформасын жүргізу еңбекшілердің әл – ауқат дәрежесін арттыруға, халық шаруашылығын қалпына келтіруге және Совет үкіметінің күш қуатын одан әрі нығайта беруге көмектеседі деп көрсетілді. КСРО – ның қаулысына бойынша 1960 жылы бағалардың масштабын өзгерту және осы күнгі айналыстағы ақшаны жаңа ақшаға ауыстыру туралы қаулы қабылдынды.
Егеменді еліміздің ұлттық теңгесі 1993 жылы 15 қарашада қабылданды. Осы кезде ақша реформасы Қазақстанда жүрді. Ол еркін айырбасталатын валюталарға шектеусіз айырбасталды.
. Ақшаның мәні және түрлері.
Ақша — өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынандай үш қасиеттің біртұтастығынан байқалады:
жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
айырбас құнының дербес формасы;
еңбек өлшемінің заттай (материалдану) формасы;
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар. Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – аверс, артқы жағы – реверс және жаны гурт деп аталады. Алғашқы монеталар ҮІІ ғасырда б.э.б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталарымен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді.
Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай обьективті қажеттіліктері болған:
алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады;
жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады;
алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады;
Алтын айналысы не бары бірінші дүние жүзілік соғысқа дейін болды және соғысушы елдер өздерінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты.Соның нәтижесінде, алтын айналыстан шыға бастады.
Толық құнсыз ақшалар – номиналдық құны нақты құнынан жоғары болып келетін ақшалар. Оларға мыналар жатады:
құнның металлдық белгілері – арзан бағалы металлдардан жасалған ұсақ монеталар; мысалға жез, алюминий, т.б
құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінеді: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар.
Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Метал ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері:
металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
бағалы металлдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбаттылығы;
эмиссиондық табыс алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;
бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылуы;
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарды. Олардың айналыста көбеюі мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты шығарумен түсіндірілді. Қағаз ақшалар тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептері:
айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитетке деген сенімнің төменденуінен төлем баланысының қолайсыздық жағдайынан болды.
Несие ақшалар – тауарлардың сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге байланысты пайда болған ақшалар. Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты. Несиелік ақшалардың басты мақсаты – ақша айналымын икемді ету, ақшаларды үнемдеу, қолма – қолсыз ақшалардың дамуына мүмкіндік жасау. Несие ақшалары өте ерте заманнан пайдаланып келді. Сол кездегі төлем міндеттемесінің жай түрі қолхат болды. Қазіргі несие ақшалардың эвалбциясы: Вексель, Банкнота, Чек, Несие карточкалары болып есептеліненді.
1.1 Ақша рефомасының қажеттілігі мен түрлері.
Ақша реформасын өткізудің қажеттілігі ревалюцияға дейінгі Қазақстанда жүргізілген 1895 – 1897 жж. ақша реформалары нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын, күміс және мыс монеталар жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92 %алтынмен қамтамасыз етілген Мемлекеттік банктің несиелік билеттері жатты. Ақша массасының басты бөлігін алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдыры құрады, яғни оларға деген халықтың сенімі мол болды.
…1924 жылдың ақпанында майда ақшалар: 1 рубль құнындағы күміс мәнеттер, 50 тиындық шығарылды. Бұрынғы Одақтық Қаржы халық комиссариаты мен Мемлекеттік банкінде кеңестік белгілерді қазынашылық билеттерге айырбастау 1924 жылдың 30 мамырыа дейін жүргізілді. Осы уақыттан бастап 1919 жылдың наурызынан күшіне ие болған кеңестік белгі айналыстан алынып тасталды. Кейінірек, кеңестік кезеңде екі рет 1947 және 1961 жылдары ақша реформасы жүргізілді. Осынау реформаларды жүргізудің кейбір шарттары мынандай:
- жылдағы ақша реформасы:
– жаңа үлгідегі ақша билеттері;
– 1 жаңа рубль 10 ескіге теңестірілді; – бұрын шығарылған металл мәнет айырбасқа жатпады
және өз атауын айналасыта сақтады;
– салымдар жеңілдетілген арақатынастар бойынша
айырбасталды;
– 300 – ге дейін мүлдем қайта бағаланбады;
– 3 – тен 10 мың рубльге дейін – 3: 2:
– 10 мың рубльден жоғары – 2 :1 .
1961 жылдағы ақша реформасы:
– бағалар мен ақша міндеттемелерін бір мезеттік қайта бағалағандағы 10 ескі рубльдің 1 жаңа рубльге арақатынасы;
– жаңа рубльдің алтындық маңызы 10 есе емес, 4,7 есе көтерілді.
. . . Өз ұлттық валютамызды енгізу қажеттігі 1991 жылдың аяқ шені мен 1992 жылдың бас кезінде айқын болды. Валютамыздың күрделі процесі ақша реформасымен тұспа – тұс келіп және сонымен ілесе жүргізілу тиістілігінің мән – жайы белгілі бір қиындық туғызды. Оның үстіне ақша реформасы өз ақшасы, өз валютасы бар жерде жүргізілетінні белгілі ғой.
Сонымен бірге, алтынның, күмістің және басқа да асыл металдардың жекеменшік банктер мен жеке тұлғаларға жылыстауы туралы қауіптер айтылды. Бұл қауіптер Мәскеудегі Орталық, Ұлттық, Резервтік және басқа да Мемлекеттік банктерді орағыта алтын – құймалық жинақтамалардың даму ү.рдісін ескере отырып, орын алды. Осы жағдайда республикамызда Жоғарғы Кеңес төралқасы мен сессиясының шешімін шапшандатқаннан басқа амал қалмады. 1991 жылдан 1993 жылдың бас кезіне дейін 1 доллардың шамамен 100 рубльге арақатынасы 1 доллар – 980-990 рубль арақатынасына дейін көтерілді. Уақыт өтіп жатты және жорамалданған 1 теңге – 100 рубль арақатынасының орнына 1993 жылы 1 теңге – 1000 рубль арақатынасы туралы айтуға тура келді.
Күндер сырғи берді, ал жорамалданған қаржылық және материалдық шығындардың көлемдері өсе берді. Бұл кезеңде Ресейде және оның үкіметтік пен қаржылық топтарында негізінен жаңа рубль аймағының идеологиясы, тұжырымдамасы белсенді түрде жасақталып, насихатталды. Өз ұлттық валютамысын енгізген және бұрынғы тәуелсіз мемлекеттермен көпвалюталық ақшалай айналыс кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өз ұлттық валютасы мен алтын – валюталық қорын рынокқа республиканың валюталық биржасы арқылы шығаруы және басқа елдердің қажетті валютасын: РФ рублін; Украина гривнасын; литтерді; латтарды; манаттарды; сомдарды; маркаларды; юаньдарды; швейцар франкілерін; йендерді және тағы басқа алуы тиіс болды. Мәселе өте күрделі бола бастады, сондықтан Достастық елдерінде жаңа рубль енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен оның валюталық биржасы теңгенің айырбас бағамының 1 – ші сатысында теңге тек ғана РФ рублімен, АҚШ долларымен және ФРГ маркасымен жұмыс істейтін болды.
- Қазақстандағы ақша реформалары.
1922 жылғы ақша реформасы.
Өскелең халық шаруашылығына тұрақты ақша қажет болды, онсыз қала мен ауыл арасындағы тауар алмасуы қалыптастыру, өндірісте есеп жұмыстарын ұйымдастырып, оған шаруашылық есепті енгізу, еңбекке экономикалық жағынан ынталандыру мүмкін емес еді. Сондықтан рубльді, тұрақтандыру мақсатында 1922 жылдың күзінде ақша реформасын жүргізу басталды.
Ақша реформасы деп мемлекеттік ақша жүйесіне өзгеріс енгізуді айтамыз. Ақша реформасы жүргізілгенді бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементерін өзгертеді.
1922 – 1924 жылдардағы ақша реформасын жүргізуге мына жағдайлар әсер етті.
Біріншіден, 1917 жылғы қазан төңкерілісінен кейін патшалық Ресейден қалған тауар – ақша айналымын елдегі азамат соғысы мен шетел әскерлік интервенциясы одан әрі бұзылуына жол ашты. Оның мәні – шаруалар өндірген өнімнің өз қажетінен артығын, кей жағдайда өзіне қажетті бөлігін де мемлекетке нақты бағамен өткізіп отырды. Сонда да өткізген өніміне шаруалар қолма – қол ақша ала алмай қарызға берді. Осының салдарынан нарықта сатылатын тауарлар күрт азайып, бағалар өсіп отырды. Халық азық – түлікпен және керекті заттармен тек карточкамен қамтамасыз етілді және де жалақы заттай түрде беріліп отырды. Ақшаның қызметі тек жалақыны есептеумен шектеліп қолма – қол ақшаны әскер қатарындағылар ғана алды.
Екіншіден, ақша айналымына жүйелі түрде көп мөлшерде ақша шығару да ақша жүйесінің бұзылуына әсер етіп отырды. Оккупацияланған аймақтарда ақша шығаратын эмиссиялық орталықтар пайда болды. Сонымен қатар кейбір үкімет орындары да өз алдына ақша шығарымен шұғылданды. Нәтижесінде қағаз ақша мөлшері көбейіп тауар бағасы өсіп отырды.
Елдегі шаруашылықтың күйзелуін азық – түліктің, тауарлардың жетіспеушілігін және Кеңес үкіметін сақтап қалуға жұмсалған әскери шығындарды өтеу үшін және халық шаруашылығын қалыпына келтіру үшін еңбек өнімділігін арттыратын шараларды іске асыру қажет болды.
1921 жылғы наурызында болған РКП(б) – ның Х съезінде жаңа экономикалық саясат қабылданды. Онда шаруалар өнім салықтарын мемлекетке төлегеннен кейін артық өнімдерін базарға сатуға мүмкіндік алды. Қаламен ауыл арасында нарықтық қатынас дами бастады. Жеке меншік капиталдың саудаға және ұсақ өнеркәсіпке арласуына жол берді. Бұл ақша реформасының арқасында ғана мүмкін болды.
1921 жылғы қазанда Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасында мемлекеттік банкі ұйымдастырылып, ол елдің басты эмиссиялық орталығы болып саналды. Бұл Мемлекеттік банктің басты міндеті ақша реформасын жүргізуге дайындық жасау болды.
Ақша реформасын өткізүдің экономакалық алғышарттарына жаңа экономикалық саясат жүргізудің нәтижесіндегі шаруашылық жағдайдың жақсаруы әртүрлі өнеркәсіп салаларындығы өнімдер көлемінің өсуі, еңбек өнімділігінің артуы ауыл шаруашылығының басты өнімдерінің өсуі бидай, мақта тауар айналымының артуы жатты. Осы кездегі ақша реформасының мазмұны екі кезеңде жүргізілді.
1922 жылы 25 шілдеде және 11 қазанда Мемлекеттік банк бағасы 1, 2, 3, 5, 10, 25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құқық берілді. Бұл червонец соғысқа дейінгі алтын монетадағы ( 7,74234 грамм алтын) 10 рубльге теңесті. Червонецтерді кәсіпорындарда вескельдік және тауармен қамтамасыз етілген қарыздар беру арқылы шығарып отырды. Бұл тауар айналысының қажеттілігінен байланысты чераонецтерді шығаруға мүмкіндік берді. Червонецтер ірі ақша болғандықтан олар көбіне көтермен шаруашылық айналымына қызмет етті. Кеңестік ақша белгілері өздерінің ұсақ құндылығына қарамай олар ұсақ бөлшек сауда және базар айналымына қызмет еттілді. Шын мәнінде елде екі валютаны қосарлы айналысының жүйесі қалыптасты: Мемлекеттік банктің несиелеу барысында шығарған червонецтер және Халықаралық қаржы комитетінің бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарған Кеңес ақшасының белгілері екі валютаның қосарлы айналысы – халық пен елдің экономикалық жағдайына қатты әсер етті. Шаруалар өздерінің өнімдерінің құнсыз Кеңестік ақша белгілеріне сатқылары келмеді. Кеңестік ақша бірліктерінің құнсыздануы шаруаларға үлкен зиян келтірді. Червонец қаланың валютасы болып, іс жүзінде ол ауылға жетпеді. Мұның бәрі ақша реформасын тезірек аяқтауды талап етті.
Ақша реформасы 1922 жылдың қазанынан басталып 1924 жылдың наурызында аяқталды. Оның негізгі маңызы елдегі ақша жүйесін қайта құру. Реформаға дейін бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында қағаз ақша шығарылса, енді тауарлармен және алтынмен қамтамасыз етілген несие ақшалар шығарылатын болды.
Айналымдағы ақшаның тез көбеюіне қарамастан 1924 – 1925 жылдары ақша массасы төрт есе өсті. Ақшаның сатып алу мүмкіндігі тұрақтанды, яғни елдің экономикасының нығаюына оң әсер етті. Ақша айналысын реттеуді, ақша белгілерін эмиссиялауды қатаң орталықтандырып, Ұлы Отан соғысына тұрақты ақша жүйесімен қатаң басуға мүмкіндік жасады.
2.1 1947 жылғы ақша реформасы.
Соғыс зардаптары өмірдің барлық саласын күйзелткен. 40 — жылдарды екінші жартысы мен 50 – жылдардың басы КСРО
азаматтарының басым көпшілігі үшін аса ауыр кезең болды. Осыған қарамастан аға ұрпақ өкілдері арасында сол уақытты ризашылық сезіммен еске алып кейде оны “Алтын ғысыр” деп атаушыларды табылады.
Шындығында да, 1947 жылғы желтоқсанда карточка жүйесі және еңбекшілерді азық – түлік және өнеркәсіп өнімдерімен өлшеулі қамтамасыз еру жойылды. Сол жылы ақша реформасы жүзеге асырылды. Негізгі өнімдердің, нан және бидайдан жасалған өнімдердің, еттің, өнеркәсіп өнімдерінің бағасы арзандады, кооперативтік сауданың даму нәтижесінде базар бағасы төмендеді. Ақша реформасы екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан басқа елдерде де өткізілді. Бірақ, дүние жүзінде соғыстан кейін алтын құрамы көтерілген бірден бір валюта тек рубль ғана болды. Рубль халықаралық есеп айырысуда қолданылып, достас мемлекеттер арасында тауарлар рубльмен бағаланып, несиелер рубльмен өлшенді.
Ұлы Отан соғысы елдің экономикасын орасан зор шығынға ұшыратып, 27 млн. адам өмірін қиды, елдің ұлттық байлығының 30 % жойды. Соғыс мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысын өзгертті, соғыстың алғашқы екі жылында өндірістен түсетін табыс азайып, халықтан түсетін кіріс артты. Халыққа табыс салығынан басқа әскери салық, баласыздық салығы, аз отбасылық және жалғыз бастылар салығы салынды. Мемлекеттік бюджеттің кемшілігі ақша эмиссиясымен толықтырылды, бұл айналыстағы ақша массасын өсірді. Тұтыну тауарларын өндіру мен оны сауда орындарынна түсіру қысқарып отырылды. Халықты азық – түлікпен қамтамасыз ету үшін оларды бөлудің картоякалық жүйе енгізілді, белгілі бір норма бойынша соғысқа дейінгі тұрақты бағамен, ал нормадан артығы нарықтық бағамен сатылды. Ақшаның көптеген мөлшерінің саудагерлердің қолына шоғырлануы ақшаның сатып алу мүмкіндігін төмендетті. Осы кемшіліктерді жою үшін, біріншіден, мемлекеттік тауар ресурстарының белгілі бір мөлшерін қалыптастыру, екіншіден, бір уақытта артық ақшаны айналымнан шығару, үшіншіден, бюджеттің енгізгі қаржы жүйесін нығайту қажет болды. Мұның барлығы 1947 жылғы ақша реформасын жүргізуге материалдық және қаржылық мүмкіндік туғызды. Ақша реформасы 1947 жылдың 16 желтоқсаннында айналымға жаңа үлгідегі сом шығарылды; екіншіден, ескі қолма – қол ақша жаңа үлгідегі ақшаға 10 – ның 1 – ге арақатынасымен айырбасталды, майда тиындарп айырбасталмай, бұрынғы құнымен айналымда қалды; үшіншіден, ақшаны айырбастауды мемлекеттік банк бір апта мерзімде өткізді, алыс аудандарда екі аптада өткізілді; төртіншіден, бұрынғы шығарылған мемлекеттік облигицияларының жағдайларын, мерзімін, төленетін процент мөлшерін өзгертіп, жаңасына айырбастады. Қорыта айтқанда, 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде халық жалақысын және басқада табыстарын жаңа ақшамен алды, халықты карточкамен жабдықтау жүйесі жойылды. Мемлекеттік бөлшке сауда ашық шектелмей біртектес бағамен жүргізілді. Нанның және кейбір азық – түліктердің бағасы карточкалық бағамен салыстырғанды 10 – 12 % арзандатылды. Колхоз базарындағы азық – түліктің де бағасы төмендетілді. Ұлы Отан соғысынан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтірудің бірінші бесжылдық жоспары артығымен орындалып, ақша реформасынан кейінгі жылдарда тауарлардың бағасы төмендетілді.
2.2 1961 жылғы ақша реформасы.
Ақша реформасы мен карточкалық жүйенің жойылуы-
ның экономикаға маңызы орасан зор болды, шаруашылық-та ақшаның мәні көтерілді, совет сомының құны толығынан қалпына келтірілді. КСРО Жоғарғы Советінің қаулысына сәйкес КСРО Мин.Советі 1960 жылы 4 мамырда “Бағалардың масштабын өзгерту және осы күнгі айналыстағы ақшаны жаңа ақшаға ауыстыру туралы” қаулы қабылдады. 1961 жылдың 1 қаңтарынан бастап айналысқа құны 1, 3, 5, 10, 25, 50, 100 сомдық ақша билеттерінің жаңа үлгісі шықты және 1, 2, 3, 5, 10, 15, 20 тиындық ұсақ ақша, сондай-ақ 50 тиындық және 1 сомдық күміс ақша шығарылды. Сомның алтын бағамы таза алтынның 0,222168 граммынан 0,987412 граммына дейін артылды, яғни Американың 1 доллоры жаңа ақшаның 90 тиынына тең болды. Осымен байланысты барлық ескі ақша жаңа ақшаға 10 сомына 1 сом есебімен айырбасталды. Осы есеппен барлық тауарлардың бағалары, еңбекақы мен басқа табыстар, жинақ кассаларындағы аманат ақша, мемлекетттік үш проценттік ішкі ұтыс заемы облигация – лары өз құны қайта есептелді.
Баға масштабын ірілендіру нәтижесінде ақшаның сатып алу мүмкіншілігі он есе ұлғайып, халықтың табысы, зей- нетақысы сонша есе азайды. Тек ақша есебі жеңілдетілді.
Баға масштабын ірілендіру ақша есебін дың техникалық қызмет көрсетуін жеңілдетті. Ақша билеттернінің пішімдері шағын болып келуі, оларды айналысқа қолайлы етті. Баға масштабын ірілендіру мен бірге рубльдің алтындық құрамын көтерді және оның шет ел валюталарына деген бағамын жоғарлату жүзеге асты. Рубльдің жаңа алтын құрамы рубльде бейнеленген алтынның ресми дүниежүзілік бағасын тауарлар бағасымен теңестіріп, мемлекеттік бюджетпен сыртқы сауда арасындағы күрделі қайта есептеулерді қалпына келтірілді.
1964 жылы экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық банкінің құрылуымен байланысты, 1991 жылға дейін экономикалық өзаракөмек кеңесіне мүше елдердің арасында көп жақты клирингтік есеп айырылысулар үшін қолданылатын ақша бірлігі — аудармалы рубль енгізілді.
Ақша реформасына мемлекеттің билігі мен ақша жүйесінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің екіншісіне немесе ақшаның жаңа түріне ауыстырылуы жатады. Кеңес Одағы тұсында үш рет – 1922 – 1924, 1947, 1960 жылдары ақша реформасы енгізілді.
2.3 Теңге – тұрлаулы валюта.
Қазақстанда 1991 жылы тәуелсіздік жарияланғаннан кейін кеңестік кезеңде құрылған Үкіметіміз экономикалық әлеуетті сақтап қалуға тырысты. Дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданды. Оның материалдық және қаржылық базасы бар еді. Себебі республика шетелге сатып — өткізетін экспорттық тауарларға, шикізат өнімдеріне, атап айтқанда, мұнайға, металл мен астыққа ие болды. Алайда, энергия тасымалдаушылар мен ауыр өнеркәсіп өнімі әлемдік рынакта сұранысқа ие тұғын. Сөйтіп, біз бұрынғы социалистік елдермен ежелгі сауда – саттық байланыстарының орнына өз тауарларымызды сатып — өткізудің жаңа арналарын таба алар едік. Мұның орнына ең үздік кәсіпшіліктер мен өндірістер шетелдіктерге сатылып кетті.
Біз жекешелендірудің заңға кезең – кезеңмен жүргізілуі үшін ұмтылдық. Экономиканың бастапқы салаларын, шикізат- ты қазып алу мен өңдеуді мемлекеттің қабылдауында. Ал, саудада сұраныс пен ұсыныстың тетіктерін пайдалана отырып нарықтық қарым – қатынастарды дамыту көзделген.
Біздің сол кездің өзінде өз өніміміздің Қытайға, Иранға және басқа да елдерге сата алғанбыз. Мұның орнына Қазақстандықтардың еңбегімен жасалған материалдық құндылықтар талан – таражға салынды. Кәсіпорындардың активтері су тегін сатылды, еліміздің экономикасы күйрей бастады, ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпті тоқырау жайлады. Халық шаруашылығының тұтас бір салалары шетелдік компаниялардың қолдарына тапсырылды.
Осы себептердің салдарынан мемлекеттік қаржылық жүйесі күйрейтіндей қауіп төнді. Сондықтан да рубльдік аймақтан шығу сәтіне алдын – ала ұлттық валютамен қордаланатындай шешім шығарылды. Теңгеге даярлдық Жоғарғы Кеңесте жүргізілді. Сол кезеңде экономикалық реформалар комитетінің республиканың бұрынғы мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы басқарды. Ұлттық банк теңгенің дизайнын әзірлеу үшін “Қазақстан дизайн орта- лығы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің суретшілерін тартты. Портретсіз, күрделі қазақ ою — өрнекті банкноттар, долларға, голландық валютаға ұқсастау купюрлар болды. Соңғы нұсқаны суретшілер портреттерді салып әзірледі. Олар тарихшылармен кеңесіліп, таңдап алынды. Іс барысында “теңге” атауы туды. 1992 жылы теңге дизайндағы тарихи қайраткерлердің тұлғалары мұрағат құжаттармен салғастырыл – ды, олардың портреттерін Ғылым Академиясы мойындау керек болды. Ұлы тұлғалардың көпшілігі таныс, тәрбиелік, тарихи – саяси қырлары да бар.
1993 жылға дейін айналыста Кеңес рублі болды, сонан соң Ресей жаңа рублін енгізді. 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты.
2.4 Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша
реформасы.
Қазақстан Республикасында 1993 жылғы ақша реформасының жүргізудің негізгі себебі ақша белгісін тұрақтандыру. Себебі КСРО ыдырағаннан кейінгі екі жыл аралығында Кеңестік рубль бұрынғы одақтас республикалардың орнына құрылған тәуелсіз елдерде біртектес ақша ретінде қолданылды.
1993 жылы 23 шілдеде Ресей Орталық банкі 1961 – 1991 жылдардағы Кеңес ақшаларының белгілерін, сондай – ақ 1992 жылғы 5000 және 10 000 рубльдерді айналыстан алу туралы хабарланды. Бастапқыда оладың айырбасына бір апта берілді.
Қазақстан республикасының Президентінің Жарлығымен екі күн өткенсоң айырбас мерзімі 1993 жылдың 1 қыркүйек айына дейін ұзартылып, айырбас бір адамға 100 мыңға дейін ұлғайтылды.
Ресейдегі ақша рефоромасы ескі үлгідегі ақшаларды ТМД елдеріне оның ішінде Қазақстанға қарай жаппай ығысуына жол берілді.
1992 жылы бірінші жартысында – ақ Қазақстан Республикасының жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бет – бұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның “Хариссон”
фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 жылы 1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізілді. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.
1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы “Жарғыға қол қойды”. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8 – ден бастап ұлттық валюта — теңге енгізілді. Ақша реформасын жүргізуге Қазақстан басшылары бір жарым жыл уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион доллар сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды. Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап Қазақстанда өндірілген алтын мен күміс енді Мескеуге жіберілмей, оны Ұлттық банк сатып алып, резерф қорына айналдырды. Сондай – ақ резерф қорына экспорттық валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарында Ұлттық банк сатып алып, қорға түсіріп отырды. Халықаралық валюта қоры Қазақстанда Ұлттық валюта енгізу акциясын қолдап, Ұлттық банкке 90 миллион доллар стендбай несиесін және Жапония біздің елдің төлем балансын қолдау мақсатында Қаржы министрлігіне 180 миллион доллар берді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі теңгенің валюталық бағамын: 1 доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында белгіленді. Келесі жылдары ол бірден өсіп кетті. Соған сәйкес баға мен жалақы да өсті.
Инфиляцияның өсуі біршама ірі ақша купюларын қажет етті. 1994 жылдан бастап 200, 500, 1000, 2000 купюрдағы ақшалар айналысқа шығарылды. 1995 жылы ұсақ тиындар бірдіндеп айналыстан шығып қалды, олардың орнына мыс – никельден жасалған 1, 3, 5, 10, 20 теңгедегі монеталар шыға бастады. Сонымен қатар Абай Құнанбай ұлының 100 жылдық мерейтойының құрметіне 100 теңгелік күміс монеталар шығарылды. 1995 жылдың аяғында Жібек жолы жиынтығын құрайтын жоғары сыныпты төрт алтын монеталар шығарылды. Жалпы салмағы 57,54 грамм құрайтын жиынтығынан 1, 2, 5 және 10 мың теңгелік алтын монеталар кірді. Жиынтығы 816 доллар тұрды.
Қазақстан теңгесі тұрақты төлем құралы болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталарға шексіз айырбасталды және тұрақты валюталар қатарына кірді. Қазақстанға Ұлттық валютаны сәтті енгізілуі, әрі қарай оның сыртқы және ішкі тұрақтылықтылығын қамтамасыз етуді талап етті.
Қазіргі кезде теңге тұрақталып келеді ал, оның тұрлаулы валюта болуы үшін біраз істерді жүзеге асыруымыз керек. Атап айтқанда: өз өндірісімізді нығайтуымыз қажет, шикізаттық экспорттық жүйеден біртіндеп жаңа иновациялық өнеркәсіптік салаға көшуіміз керек. Біздің тауарларымыз әлемдік сұранысқа ие болса, әлемдік сауда ұйымына мүше болуымызға джа болады. Дүние жүзілік нарықта валюта теңге десек, біздің теңгеміз бағыт – бағдарын нық ұстап, еркін жүзетіне сеніміміз мол болуы ке
Қорытынды.
Бұл “Ақша реформасының мәні және түрлері” атты курстық жұмыста тақырып бойынша қаралған негізгі ақша реформасының түрлері мен жүргізілген кезеңдерін қарастырыл- ды. Сондай – ақ ақша реформасының қажеттілігі мен мәні қарастырылды. Ақша – бұл тауар айналысының құралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша бір – бірінен бөлінбейді. Ақша өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Нарықтық экономикада ақашаның маңызы зор. Себебі әртүрлі меншік жағдайында жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өгімнің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алады.
Мемлекетіміздің егемендігін және республика банк жүйесінің дербестігін нығайту мақсатында 1993 жылдың екінші жартысында қазіргі техникамен жарақтандырылған монет сарайы іске қосылды, ол металл тиындарын шығарып отырды.
Ұлттық валютаны жасау еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жеке басшылығымен жүргізілді және осы мәселе бойынша барлық шаралар қатаң құпияда сақталынды, әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сонымен бірге, ол қысқа мерзімде — бір жыл екі ай ішінде Англияда аяқталды.
Дайындық жұмыстары бітер кезеңде сол кездегі Премьер – министр С.А. Терещенконың төралығымен мемлкеттік комиссия құрылып, “теңгені енгізу тұжырым да- масы” әзірленді. ҚР Президенті ұлттық валютаның 1993 жылы 15 қарашасында айналысқа енгізілетіні туралы Жарлыққа қол қоцйды.
Осылайша 1993 жылдың 15 қарашасы ұлттық валютаның туған күні деп саналады. Ұлттық валютаны тұрақтандыру жөнінде қадамдар есептелінді, теңгенің бағамы сол кезде бір АҚШ доллары үшін 4,6 теңге деңгейінде белгіленді. АҚШ долларына қатысындағы теңге бағамы еліміздің алтын қорының тұрақтануы мен мүкіндіктерін, экономикалық — әлеуметті, ақша айналымын секере отырып есептелінді. Бірақ ол ұзақ сақталмады, тағыда құлдырай берді. Ал теңгені біз ерекше шиеленістерсіз енгіздік.
Бүгінгі күні Қазақсатан өз егемендігінің мүшелі тойын атаған кезеңде, біз ұлттық валютамыз теңгемізді енгізгелі бүкіл өркениетті әлем секілді өзіміздің дербес экономикалық саясатымызды жүргізудеміз. Мемлекеттер бір – бірімен санасып, өзара тиымды мүдделерінде іс – қимыл жасасуы тиіс. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы дәйекті түрде көтеріліп келеді. Бұл ішінара өнеркәсіп өндірісінің, жалпы өнімнің өсуімен дәлелденуде. Көптеген кәсіпорындар бүгіндері қайта жанғырып, қайта бейімделуде, бұл экономиканың жанданып өркендей бастағанын білдіреді. Валюталық түсімдер негізінде республиканың келешегі үшін “Ұлттық Даму” қоры құрылды. Ойластырған бюджет тамақ, жеңіл өнеркәсіп, машина жасаудың өрендеуіне көмектеседі. Яғни, қазіргі таңда біз дербес саясатты жүргіземіз және біршама мезгіл өткеннен соң көптеген елдердің АҚШ долларына байланған секілді, біріңғай валютаға келуіміз ғажап емес.
Қолданылған әдебиеттер.
- Сейітқасымов Ғ.С. – Ақша, несие, банктер. Оқулық — Алматы
- – 466 бет.
- Мақышев С.Б. – Ақша айналысы және несие. Оқу құралы.
Алматы. 2004. – 448 бет.
- Тұрғынбаев Ж.Қ. – Теңге шежіресі. “Жас алаш”. 2001. — №163.
- Тобаяқов Б. – Теңге төзімділігі. “Ақиқат” 2003. — №10 11 – 23 б.
- Шаденов Ө.Қ. – Жалпы экономикалық теория. Оқулық.
Ақтөбе. 2004. – 455 бет.
- Оманбаева А.Ж. – Ақша, қаржы және несие. Оқу құралы.
Қарағанды. 1997. – 120 бет.
- Титова Н.Е. Кожаева Ю.П. — Денги, Кредит, Банк.
Масква. 2003.- 480 бет.
8.Жуков М.П. – Денги, кредит, банки.
Масква. ЮНИТИ, 2002. – 640.
- Көшенова Б.А. – Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары.
Оқу құралы. Алматы. Экономика. 2000 – 328 б.