Азияның табиғат кешеніне физикалық географиялық сипаттама.

29 января, 2020 17:08

                                                           Ф-ОБ-001/035

                                      Мазмұны

 

 

Кіріспе————————————————————————————-3

I-тарау Азияның өсімдік топырағының жамылғысына физикалық

географиялық       сипаттама

  • Азияның өсімдік жамылғысына сипаттама———————————-4
  • Азияның топырақ жамылғысына сипаттама———————————6

II-тарау Азияның табиғат кешеніне физикалық географиялық сипаттама

  • Азияның жер бедері————————————————————-10
  • Азияның геологиялық құрылымы мен пайдалы қазбалары————-14

 

Қорытынды—————————————————————————-20

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі————————————————22

                                                       Ф-ОБ-001/035

                                        Кіріспе

Евразияның Голарктика және Палеотропика флоралық әлемі ауқымындағы жағдайы материктің солтүстік және оңтустік бөліктері флораларының қалыптасуы тарихындағы айырмашылықтарды, бір жағынан флораның бүкіл кайнозой бойы үздіксіз дамуын және материктің оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс аралдарындағы тропиктік сипатын, ал екінші жағынан климат жағдайларынын, күрт өзгерістеріне байланысты солтүстік бөліктің флорасының біршама жастығын және оның күрделі генезисін көрсетеді.

Евразияның голарктикалық флорасынын құрамында осы территорияда мұз жамылғысының пайда болуына әкеліп соққан жаппай суық түскенге дейін, кайнозойдын алғашқы жартысында қалыптасқан ежелгі жылу сүйгіш орман флораларының элементтері бар. Бұл флоралардың элементтері негізінен екі мұхит — Атлант және Тынық мұхиттары жағалауларындағы секторларда сақталған: Материктің ішкі аудандарының флорасы мен жер бетін топырақ, өсімдік жамылғысының қалыптасуы үшін материктің оңтүстігіндегі тау жүйелерінің неотектоникалық көтерілуіне байланысты күн суытуының және одан соңғы климат құрғауының үлкен мәні болды.

Ішкі аудандар релъефі мен климатының шұғыл өзгерістеріне байланысты флора қалыптасуының мұхит маңайындағы орталықтары бір-бірінен орасан зор құрғақ кеністіктермен бөлініп қалып, каинозойдың екінші жартысында бір-біріне байланыссыз дамыды. Евразия мен Африканың тропиктік аудандарымен алмасуды материктің батыс секторында теңіздер, ал оның ішкі бөліктерінде ау-мақты шөлді кеңістіктер қиындатып жіберді. Шығыс мұхит пен шектес секторда Голарктика мен Палеотропик арасында флоралық элементтер алмасуы жүріп жатты.

 

I-тарау Азияның өсімдік топырағының жамылғысына  физикалық географиялық сипаттама

1.1 Азияның өсімдік жамылғысына сипаттама

Қазіргі топырактық-өсімдіктік жағдайларды сипаттағанда, сондай-ақ, адамзат қоғамының көп ғасырлар бойғы іс-әрекетінің әсерімен болып жатқан өзгерістерді де ескермесе болмайды. Биосфера компоненттері географиялық қабықтың басқа компоненттеріне қа­рағанда адам әсерінен көбірек өзгереді, әсіресе адамзат қоғамынын іс-әрекетінің   жағымсыз   жақтарынан  көп   зақымданады.  Орман ағаштарын қосу мен жерді жырту, ағаштарды қолдан отырғызу, батпақтарды құрғату және топырақтың ирригация әсерімен сор-таидануы, өсімдіктерді жердің басқа аудандарынан әкеліп өсіру мен тарату тағы сол сияқтылардың бәрі Евразияның, әсіресе оның халық бұрыннап қоныстанып тығыздала түскен бөліктері жері бетінін бастапқы топырақ өсімдік жамылуының елеулі өзгерістерге ұшырауына әкеліп соқты. Мысалы, Евразияның кейбір елдерінде жер бетінің топырақ және өсімдік пен табиғи жабылуы өзінің бас­тапқы сипаты мен құрамын 90%-ке жуық өзгертті: Ұлы Қытай жазығында, Хуанхэ бассейнінде, топырақ өсімдік жамылғысын бастапқы қалпына келтіру мүмкін болмай отыр, өйткені халық өте тығыз орналасқан бұл жерде мыңдаған жылдар бойғы егіншілік мәдениетінің әсерінен ол толық жойылып кеткен.

Сондықтан, қазіргі кезде жер бетін топырақ, өсімдік жауып жатуын сипаттағанда оның пайда болуының ерекшеліктерін, қазіргі табиғи жағдайларын және антропогендік фактордың ықпал ету дәрежесін ескеру керек.

Евразия көлемінің байтақтығын және оның әр түрлі бөліктеріндегі топырақтар мен өсімдіктердің үлкен айырмашылықтарын ескере отырып, топырақтар және өсімдіктер типтерінің алмасу ерекшеліктерің оның мұхит жағалауларындағы әрбір секторлары және құрлықтың ішкі бөліктері үшін бөлек-бөлек  алып қарастырған дұрыс.

 

                                                                                                Ф-ОБ-001/035

Евразияның шеткері шығыс аудандарындағы жалпақ жапырақты ормандар орнын орманды далалар және далалар алып жатыр. Континенттік климат пен ылғалдың жеткіліксіз жағдайында Евразияның ішкі аудандарында далалар кеңінен етек алған. Шетелдік Европада байырғы далалар мен орманды далалар ортаңғы және төменгі Дунайдың қоңыржай континенттік климатты және қалыпты ылғалды аллювиальды жазықтарында ғана болған. Топырақтары — әр түрлі типті қара топырақ. Құрамында 6%-тен астам гумусы бар құнарлырақ нағыз қара топырақ Румыния ауқымындағы Төменгі Дунай жазығына тән. Оңтүстікке қарай, Солтүстік Болгарияда, олардың орнын гумусы аз оңтүстіктің қара топырақтары басады. Орта Дунай ойпатында құрамында 3—6% гумус бар және едәуір сортаң сілтісізденген қара топырақ орын алған. Осы аудандардың бәрінде бұрын кей жерлерінде жалпақ жапырақты орман­дар ұшырасатын шалғынды далалар болған. Топырақтың құнарлылығы мен ауа райының қолайлылығы егіншіліктің, бақ және жүзім шаруашылығының дамуына ықпал еткен. Қазіргі кезде Дунай жазығында өнделген жерлер мен қолдан отырғызылған емен, терек, ақ қараған (Robinia pseudacacaia) ормандар көп.

Қысы жылы, ылғалды, ал жазы құрғақ болатын Жерорта теңізінің жағалауларындағы субтропиктік белдеудің батыс, Атлантика жағалауы секторына топырақтар мен өсімдіктердің ерекше типтері тән. Сондай-ақ Жерорта теңіз алқабының флоралық құрамы қазіргі жағдайларға байланыссыз флораның өте кенелілігімен және мәңгі жасыл өсімдіктердің де, жапырағы түсетін ағаштардың да ежелгі тропиктік элементтерінің болуымен ерекшеленеді. Негізінен Жерорта теңізі флорасы неоген дәуірінде қалыптасқан, бірак плей­стоцен дәуірінің барысында климаттың өзгеруінің әсерімен ол біраз өзгерістерге ұшыраған. Осыған байланысты Жерорта теңізінің фло­расы түр құрамының аса күрделілігімен сипатталады.

                                                                            

                                                                                                Ф-ОБ-001/035

1.2 Азияның топырақ жамылғысына сипаттама

Жазықтарда топырақ пен өсімдік жамылғысы ендік аймақтар құрайды. Ендік топырақ аймақтары Солтүстік Азияда айқын көрінеді. Солтүстік Мұзды мұхит жағалауын түгел бойлай, тундра топырақ аймағы жатыр. Ол оңтүстігінде бүкіл Сібір мен Қиыр Шығыстың көп жерін алып жатқан күлгін топырақ аймағына өтеді. Батыс Сібірдің оңтүстігінде, Қазақстан мен Орта Азияда солтүстіктен оңтүстіке қарай топырақ өзгеріп отырады (қара топырақ, қоңыр топырақ, шөлейттің сұр топырағы және бозғылт топырақ). Батыс Сібір мен Қазақстанның қара топырақты далалары СССР-дің негізгі астықты аудандары қатарына жатады. СССР-де тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты егіншілік қоңыр топырақ аймағында да өркендеді. Қиыр Шығыстың оңтүстігіндегі (Тынық мұхит жағалауы) жалпақ жапырақты ағаш өсетін және аралас орманды жерлер қоңыр топырақты келеді. Оңтүстік Сібір тауларында биіктік аймақтарға сәйкес таудың қара топырағы, тау орманның күлгін топырағы, тау шалғынның топырағы, тау тундрасының топырағы кездеседі. Орта Азия тауларының топырақ жамылғысы мұнан ерекше. Климаттың құрғақ, континентті болуынан далалық жердің топырағы (таудың қара топырағы мен қоңыр топырағы) кең тараған. Көп жағдайда вертикаль белдеуліктерде тау орманның топырақ аймағы болмайды, тау даласының топырағы бірден тау шалғынның топырағына ауысады. Климаты құрғақ Батыс және Орталық Азия мен ылғалды әрі ыстық Оңтүстік және Оңтүстік — Шығыс Азияда топырақ жамылғысының бір-бірінен айырмасы үлкен. Батыс және Орталық Азияда сұр, құба топырақ басым. Орталық Азияның солтүстігіндегі енсіз өңірде қоңыр, Тибетке биік тау шөлдерінің шала түзілген топырағы, тау жоталары беткейлеріне тау шалғынның топырағы тән. Сұр, құба және қоңыр топырақтың аралықтарында сор мен сортаңдар жиі кездеседі. Азияның көп жерін сусымалы құм, сазды және тастақты шөлдер алып жатыр. Батыс Азиядағы климаты жерорта теңіздік аудандардың топырағы қошқыл. Оңтүстік және Оңтүстік-

                                                                                                Ф-ОБ-001/035

Шығыс Азияның жері негізінен тропиктік және субтропиктік қызыл топырақты келеді. Үндістан тропиктік қара топырақты (регур), Солтүстік Үндіқытай мен Оңтүстік Қытай таулары, Гималайдың оңтүстік беткейлері орманға тән сұр топырақты, тропиктік және субтропиктік саванналар қызыл-қоңыр топырақты болады. Азияның ежелгі егіншілік аудандарында топырақ құралу процесіне адам әрекетінің үлкен әсері тиген. Орта Азия оазистерінде жүздеген, мыңдаған жылдар бойы жер суарудың нәтижесінде тұнбалардың жиналуынан ерекше бапталған суармалы мәдени топырақ қалыптасқан (топырақ горизонтының қалыңдығы 1-2 м, онан да артық).

Алайда егіншілігі, мал шаруашылығы және теңізде жүзу ici жоғары дамыған Евразиядағы ежелгі адамзат мәдениетінің бесігі болған Жерорта теңізінін. жағалаулары өзінің табиғи өсімдіктерінен біздін дәуірімізге дейін-ақ едәуір шамада жұтап қалған.

Тіпті Орта Европаны түгел дерліктей орман басып жатқан кезде-ақ Жерорта теңізі алқабында орманы мүлде жойылып кеткен тау баурайлары мен ішінара өңделген, ішінара құнарсыз қу далаға айналған теңіз жағалауындық жазықтар болған. Ағаш кесу, мал таптау және өрт Оңтүстік Европа мен Батыс Азияның, бастапқы өсімдіктер дүниесінің жойылып кетуінің негізгі себептері. Бұрынғы мәнгі жасыл ормандардың орнында кейіннен, аласа ағашты ормандар мен бұта қаулары пайда болған, олар осы күнге дейін көп ауқымды алқаптарды алып жатыр. Жауын-шашынның мөлшеріне, түбінде өсетін шөптер құрамы мен топырақтардыц типтеріне байланысты бұл өсімдіктердің түрі мен флоралық құ-рамы әр түрлі. Түр құрамы жағыиан жауын-шашыны мол және топырақтары жақсы жетілген Жерорта теціз алқабы аудандарының бәріне тараған маквис немесе маккия деп аталатын тоғайлар әсіресе бай. Маквистің ерекше қалың қау-лары Қорсикада, Пиренеи түбегінін. оңтүстігінде және Грецияда сақталған. Олар аласа ағаштардан немссс 3- 5метрге жететін биік бұталардан тұрады. Түр құрамы үшін аймақтық айырмашылықтар тәп, алайда барлық жерде дерлік мәңгі

                                                                                                Ф-ОБ-001/035

жасыл емендер, бүлдірген ағашы. (Areutus unedo, A. andrachne). Жабаны пісте (PistaceaBentiscus), розмарин (Posmapurus officinalis), арша (Zuniperus macrocarpa), ағаш тектес арша гүл (Егісаогвегеа) жабайы зәйтүн (Оіеа) көбірек болады. Маквистің. көптеген өсімдіктері хош иісті, кейбірі ірі ашық түсті гүл ашады.

Құрғақ, әкті әр жерін топырақ басып жататын беткейлер үшін сирек аласа бұталар мен бұршақ тектес, ладан тектес т. б. өсімдіктерден тұратын ксерофиттік бұталар әлдеқайда тән болып келеді. Батыста (Испания мен Францияда) мұндай тоғайлар гаррга, Бал­кан түбегі мен Кіші Азияда фригана деп аталады. Олардың түр-тұқымдық құрамы біршама өзгешелеу.

Жерорта теңіз алқабының шығыс бөлігінде тек мәңгі жасыл өсімдіктерден ғана емес, сондай-ақ карамала (Paliurus acnlcatus), бояулы ағаш (Rhus coriaria), сирень (Syringavulgaris) сияқты жапырақ тастайтын өсімдік түрлерінен де тұратын бұта каулары өседі. Кейде едәуір биіктікте кездесетін бұл   тоғайлар шибляк деп талады.

Өсімдіктерді қалпына келтіруге қолайсыздау жерлерде ормандар жойылған сайын тау беткейлері тез жаланаштанып, шайыла түседі, жыралар үлкейіп, сусымалы болып тұрады. Әк тасты жер­лерде қарсталық процестер жедел дамиды. Сондықтан Жерорта теніз алқабында топырағы мен өсімдігінен айрылған құнарсыз жерлер өте көп. Алайда, мұнымен қатар жағалаудағы ойпаттар мен террасаларда тау беткейлерінде мұқият өнделген жерлерде зәйтүн ағаштар тоғайлары, жүзімдіктер, бидай мен жүгері егістігі кеңінен шалқып жатады. Оңтүстік аудандарда жыл бойы гүлдеп, жемісі пісіп тұратын апельсин, лимон, померанец сияқты цитрус өсімдіктері көп өседі. Елді мекендер маңайында пальма, бугенвиль, райхан т. с. с. жергілікті және тропиктік флораның сәндік өсімдіктерінің қолдан отырғызылған бақтары кең тараған.

Евразияның Атлантика жағалауы секторының жер бетін жауып жататын топырақ, өсімдік жамылғысы типтерін зерттеуді қорытындылап отырып,

                                                                                                Ф-ОБ-001/035

материктің бұл бөлігінде коныржай белдеу, субтропиктік белдеу де шегінде табиғи жағдайдағы орман топырақтары мен мұз басу дәуіріне дейінгі флораның көптеген элементтері бар өсімдіктердің болуы тән екендігін атап өту қажет.

Қиыр шығысы мен оңтүстік шығысын қоспағанда Азияның негізгі бөлігі енетін Евразияның ішкі материктік секторы флорасының түр құрамы мен жер бетін жауып жаткан топырақ өсімдіктердің аймақтық типтерін белу түрғысынан қарағанда бұдан елеулі айырмашылықтары бар. Материктің бұл бөлігінің жер бетін жабатын топырақтар мен өсімдіктері бұған дейін айтылғандай, неоген-антропоген дәуіріндегі климат пен рельефтің қатты өзгеруінің әсерімен геологиялық тұрғыдан біршама бертін келе түпкілікті қалыптасқан.

Қазіргі климаттық жағдайларына қоңыржай белдеуден тропиктік белдеуге дейін байқалатын және орография ерекшеліктерімен күшейе түсетін континенттік және аридтік тән. Сондықтан Атлант жағалаулық бөлігі материктің ішкі аудандарына қарама-қарсы, мұнда топырақ пен өсімдіктердің ормандық типтері аздау, далалар, шөлейттер мен шөлдер көп болуы тән.

Азияиың Совет Одағының шегіндегі солтүстік бөлігіне тундра мен орманды тундраныц кецеюі, тайганың етек жаюы Уралдан аспайтын аралас және салпақ жапырақты ормандардың болмайтыны тән сипат. Орманды далалар енсізденіп барып далаға айналады, ол Азияда қылқан жапырақты ормандар жапқан таулармен кезектесіп жататындықтан тұтас алқап бола алмайды. СССР шегіндегі Азияның жерін жауып жатқан топырақ, өсімдіктер курста егжей-тегжейлі қарастырылады. Мұнда біз шетелдік Азия жер бетін жауып жатқан топырақ пен өсімдіктсрді қарастырамыз.

Моңғолияның солтүстігіндегі Селенга өзенінің  бассейнінде жазық далалы учаскелер қылқан жапырақты ормандар немесе тау дала өсімдігі жапқан тау жоталарымен алмасып отырады. Шетелдік Азияның қоңыржай белдеуі далаларында сарғыш топырақты құрғақ дәнді және бұталық-дәндік өсімдіктер өсетін дала түрлері басымдау болады.

                                                                                                Ф-ОБ-001/035

II-тарау Азияның табиғат кешеніне физикалық географиялық сипаттама

2.1 Азияның жер бедері

Шетелдік Азияның жер бедері түзілгенде үш ірі морфоқұрылымның типті ажыратуға болады. 1 – платформалық жазықтар, 2 – эпиплатформалық таулар, 3 – эпиорогендік зоналық таулар.

Платформаның жазықтық жер бедерінің негізгі типтері акумлятифтік денудациялық жазықтар және денудациялық үстірттер. Фунданың шығып тұрған жерлерде денудациялық таулы үстірттер және жазықтар пайда болады. Шеткі және ішкі иімдерде месопатамия және акумлятифтік Үндіганга жазықта қалыптасқан.

Платформаның таулы облыстар платформаның шеттерін алып жатыр. Ливан, Антиливан, Хиджан, Иемен, Батыс және Шығыс Гхат ол Декан үстірт бұлардың биіктігі 2000 – 3000 метр аралығында. Эпиорогендік таулар күрделі түзіліске ие. Азия териториясының үсті мен Альпі Гималай белдеуі созылып жатыр.

Шетелдік Азияның қоңыржай белдеуінің шөлдері жазы ыстық, қысы суық, жылдық мөлшері 200 мм-ден аспайтын, көбінесе  100 мм-ден кем болатын, ылғал түсуі жыл бойына біркелкі бөлініп топырақтың 0,5 метр тереңдікте ылғалдануын қамтамасыз ететін өзгермелі континенталды климат жағдайында қалыптасады. Шөл далалардың өсімдіктері мен топырағы айрықша әркелкі болып келеді,   өйткені  жер  қыртысы  жағдайларындағы,  рельефтегі   немесе ылғалдану мөлшеріндегі  болмашы ғана   өзгерістер   топырақ пен өсімдіктердің   өзгеруіне әкеліп соғады.   Әсіресе ежелгі   мен  жерлерде пайда болған мол карбонатты сұр-қоңыр топырақтардағы формациялар көп тараған.

 

 

 

                                                                                                Ф-ОБ-001/035

Плиоцен дәуірінен қалыптасқан аридтік жағдайлар сондай-ақ Евразияның субтропиктік белдеуінін, ішкі бөлігіне тән, оның үстіне Жерорта теңізіндік климат алдыңғы Азия таулы қыратты аймағының ішкі бөліктерінің, континенттік климатына біртіндеп ауысады. Аридтік  Анатолий  тау  үстіртінде-ақ  байқалып,  шығысқа  қарай Иран таулы қыратына және Месопотамияға тарайды. Бірақ осы аудандардын барлығында жауын-шашынның көктемгі-қысқы макси­мумы сақталады, бұл, өсімдіктер мен топырактардың калыптасуы-на елеулі әсер етеді. Жылдық ылғалдануы   300 мм-ден асатын   аудандарға сұр қышқыл топырақпен құрғақ далалардың ұсақ бұталы өсімдіктері тән.   Ылғал мөлшері 300 мм және одан да аз   болатын қатты булануға, температуранын күрт өзгеруіне және кыстың біршама темен температурасына бейімделген жерлерге субтропиктік шөлейттердің сұр топырағы мен астрагалдар, трагаканттылар тұ-қымдас тікенекті жатаған бұталар және аласа бойлы ксерофиттер сәйкес келеді. Бұл формация таулы қыраттық ксерофиттер деген атпен белгілі. Сұр қышқыл топырақпен сұр топырақта қошқыл қоңыр топыраққа қарағанда гумус аздау, бірақ шөлді жерлердін сұр қо­ныр топырақтарындағылардан көбірек (шамамен 2—4%), сонымен бірге бойында өсімдікке қажетті қордың химиялық   элементтердің барлығы дерлік бар. Оларды ауыл шаруашылығына тиімді пайда-лану үшін қолдан суландыру қажет, бұл Түркия мен Иранның құрғақшылық аудандарында дәнді дақылдар, жеміс ағаштары, мақта өсіруге жағдай жасайды. Иран таулы қыраттарының таумен мейлінше қоршалған учаскелерінде жауын-шашын мөлшері 100 мм-ге дейін және одан да төмендейді. Онда өсімдігі жоқ дерліктей тастақты және сортанданған құмды шөлдер етек алған.

Субтропиктік белдеудің шығысырақ аудандарында дүние жүзінің ең, биік таулы қыраттары (Тибет т. б.) бой көтереді. Оларға құрамында қатты дәнді тұқымдастар мен жатаған бұтақтар басым таулы қыраттық шөл далалар тән. Өзенді алқаптарды бойлай бүргендік (Нуррорһас rhamnoides) аласа бұталары

 

                                                                                                          Ф-ОБ-001/035

мен қатты тибет қияғынын шалғындары кездеседі. Жазық, жақсырақ ылғалданатын жерлерде батпақтар бар.                                                               

Жапырақ түсіретін мезофильді мәнгі жасыл ағаштары ормандардың ауқымды да қалың массивтері Каспий теңізінің оңтүстік жағалауында және жауын-шашыны мол әрі климаты мұз дәуіріне дейінгі кезден бері елеулі өзгерістерге ұшйырамаған Эльбурс тау жүйесі беткейлері кездеседі.

Аридтік жағдайлар Евразияның Аравия түбегін, Месопотамияны және Үнді бассейнінін, едәуір бөлігін қамтитын тропиктік белдеуде де сақталуда. Қысы жылы, құрғақ та ыстық тропиктік климат жағдайларында тау етектерінде субтропиктік және қоныржай белдеудің шөлдерінін, топырақтарына ұксас сұр-қоныр топырақ типі қалыптасады. Жазықтарда аумақты кеңістіктерді кұмдауыт   және тастақты   шөл далалар алып жатады. Өсімдіктер арасында анда — санда бір жауып өтетін өткінші жанбырдан соң өсетін   эфемерлер, қатты бұтақты шағын бұталар және құрғақ дәнді өсімдіктер басым. Құрғақ жылғаларды бойлай мимозалар мен қарағандар, оазистерде аса маңызды өсімдік — құрма пальмасы  (Phoenix dactiliera)  кездеседі.

Субэкваторлық және экваторлық белдеулердің өсімдіктері — саванналар және әр түрлі тропикалық ормандар болып келеді. Өсімдіктердің осы типі мен оларға сәйкес топырақтар типтерінің орналасуы мен арақатыпастары жауын-шашынның мөлшері мен ылғал түсудің ұзақтығына, рельеф пен жер жынысына айқын тәуелді болады. Үнді мен Ганг жазықтары және Үндістан түбегі Азия-ның оңтүстік-шығыс аудандарын дағыға қарағанда орография ерекшеліктерінің, оның муссондық ауа ағыстарымен өзара әрекеттерінің салдарынан және ылғалдануы жеткіліксіз аудандардың көптігінен ксерофитті формациялардың кен етек алуымен ерекшеленеді. Олар материктің ішкі бөліктерінін аридтік аудандарының жалғасы іспетті, ал Оңтүстік-Шығыс Азия материктін. ылғалдырақ, орманы көбірек Тынық Мұхит секторының жалғасы болып тұр. Үнді және Ганг бассейндерінің табиғи өсімдіктеріне жазғы жауын-шашын

                                                                                                Ф-ОБ-001/035

мөлшеріне байланысты алмасып отыратын (құрамында жоғарғы қабатта жапырағы түсетін ағаштар, шілігінде мәңгі жасыл ағаштар басым болатын) муссондық ормандар, нағыз саванналар, жапырағы түсетін құрғақ ормандар, аласа бойлы жапырағы түсетін тікенді ағаштар мен мәңгі жасыл суккуленттерден тұратын тікенді ксерофильді ормандар тән. Орман флорасынын. құрамында бағалы ағаш сүрегін беретін тик (Teetonia graHdis), сал (ShorrearoBusta), терминалия, манго (Mangifera ingica) т. б. ағаштар көбірек. Орман аясында қарағандар, альбициялар өседі. Саванналарға аталған ағаш тұқымдарынан басқа астық тұқымды биік өсімдіктер: жабайы қант құрағынын түрлері (Saccharum тұқымдас), аланг-аланг т.б. тән. Үндістан мен Үнді бассейнінің саванналары негізінен адамның шаруашылықтық әрекеттерінін әсерінен тозу нәтижесінде пайда болған екінші типті өсімдіктер болып табылады деген көзқарас кейінен тараған.

Қарастырылып отырған аудандардың топырағы кристалды және ежелгі тұнба заттарды жауып жататын қыртыстарда қалыптасады. Олар топыраққа әр түрлі қызыл түсті рен, беретін темір мен алюминий гидроокистерімен байытылған. Құрамындағы гумус мөлшері 2—4%-ке жетеді. Ылғалдану жағдайларына байланысты маусымдық ылғалды ормандар мен саванналар өсетін жерлерде — Қы­зыл латериттік (ферралиттік) топырақтар, ксерофиттік ормандар өсетін жерде — қошқыл-қоңыр, құрғақ саванналар өсетін жерде қызыл-қоңыр топырақтар қалыптасады. Олардың бәрі, әсіресе Қы­зыл топырақтар қолдан суландырылса, құнарлы болады. Оларда әр түрлі дақылдар өсіріледі. Орталық Үндістанның жер бетін базаль және жел ұшырып әкелген базальт қалдығы жабу нәтижесінде қалыптасатын топырағы ерекше қасиеттерге ие. Бұл топырақ шымқай қара түсті, құрамында кальций мол болады, суды жақсы ұстайды және жоғарғы құнарлылығымен ерекшеленеді. Ол әсіресе мақта өсіруге қолайлы, сондықтан мақталық топырақ деп аталады. Оның арнаулы әдебиетке енген жергілікті аты — регурлар.

                                                                                                Ф-ОБ-001/035

2.2 Азияның геологиялық құрылымы мен пайдалы қазбалары

Азия дүние бөлігінің бірігуінің негізінде Сібір, Арабия, Үндістан, Қытай платформалары жатыр. Бұл платформаның кембриалды қатпарлы фундаменті магмалық және метоморттық жыныстарын құрылымға ол фундаметтін жасы 2,5 милиард жыл. Осы платформаның фундаменті Арабия Нубилік Үнді және Қытай платформасын Шандунь, Лалодунь т.б. қалқандар түрінде жарыққа шығып жатыр. Азияның батысынан солтүстік шығысқа қарай Альпі Гималай Монғол охот және тынық мұхиттың геосинкияналдық белдеулер орналасқан.

Азиның платформалары қозғалмалықтан өзгереді. Ең қозғалмалы Қытай платформасы. Қытай платформасы бөлек масифтерге ыдырап кетті. Солтүстік Қытай, Оңтүстік Қытай, Үнді Қытай, Тибет, Кариб, Синоберман, Үнді Синиялық, Қытай  платформаның қалыптасқанда мезазой кезіндегі Арагенз күштерінің ықпалы күшті болды. Осы әрекеттің нәтижесінде платформаның қатпарлы – жатпарлы құрылымдар пайда болды. Цинлин жотасы Оңтүстік Қытай таулары осы кезде Ордос Сичуан сиақты платформалардың синеквизалар көтеріле бастады. Арабия, Үндістан платформалары болжам бойынша Палиозой, Мезазой кезінде болған Гондфана материктің бөлігі Азияға олар неоген кезінде Альпі Гималай қалыптасқан сон қосылды. Платформаның синэквизалары (Тхар, Руб, Эль, Хар және шеткі иірмелер.) Ұзақ уақыт бойы шөгуге ие болған. Палеозой жастағы каледон және Герцен Азияда кең таралған. Олар Монғол Охот қатпарлы белдерін қалыптастырады. Коледон құрылымдарына Тянь – Шань, Циклин жатады. Перценге Тянь – Шаньның оңтүстік шығысы, Монғол Алтайы Кунлун жатады. Жас койнозой құрылымда Альпі Гималай және Тынық мұхиттарының геосинквин алды белдеулер қалыптасқан. Азиядағы ең жас Тынық мұхиттың геозин белдеулер Тибет Гималай болжам бойынша Тибеттің ортақ масиві терең орналасқан кембриялдық мезазой мен палеоген шөгінділері жатыр.

 

                                                                                                Ф-ОБ-001/035

Оңтүстік Азияда өсімдіктердің табиғи жамылғысы адамзаттың іс-әрекетімен қатты өзгерген. Мындаған жылдар бойы Индияның, Пакистанның, Шри-Ланканың территорияларындағы ормандар кеме жасау қажетіне, отын және егістік жер әзірлеу үшін кесілген. Ормандарға бір жағынан артта қалған кесіп, өртеп жер өңдеу тәсілдері, екінші жағынан плантациялық шаруашылық көп зиянын тигізді. Үнді-Ганг жазығында, Деканның солтүстік бөлігінде, Шри-Ланкада аумақты жерлерді күріш, тары, мақта егістіктері шай және гевея плантациялары алып жатыр. Көптеген аудандарда биік діңді ормандар «кесіліп, оның орнына шаруашылық маңызы жоқ қосалқы джунглилер пайда болуда. Аса бағалы есімдіктер тұқымдарын (мысалы тик ағашы) қолдан отырғызу жолымен орман өсімдіктерін қалпына келтіру әрекеттері жасалуда.

Евразияның шығыс, Тынық мұхит жағалауы секторы флора мен жер бетің қазіргі кезгі табиғи өсімдіктер жамылғысы қалыптасуының ерекше жағдайында тұр. Бұл процесте төмендегідей жайттардың мәні зор. Азияның шығыс бөлігіне барлық климаттық белдеулерде айқын байқалатын атмосфераның муссонды циркуляциясы тән сипат, оның үстіне температуралық жағдай солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп өзгереді, оған негізгі орографиялық элементтердің меридианды бойлай созылып жатуы басым орография қолайлы жағдай туғызады. Жалғыз субендіктік орографиялық аралық — Циньлин жотасы, бірақ ол да Тынық мұхитқа жетпейді. Мұндай жағдайлар солтүстік пен оңтүстіктін, былайша айтқанда, Голарктика мен Палеотропиканың арасында флоралық алмасуды жеңілдетеді және әр түрлі ендіктерде жатқан аудандар флораның байытылуына жағдай жасайды. Азияның шығысының климаттық жағдайлары плиоцен дәуірінен бері елеулі өзгерістерге ұшырамаған, климаттын суытуы мен құрғауына байланысты солтүстік және батыс аудандарда толық құрып кеткен мұз дәуіріне депінгі Торғай флорасы осы жерде сақуалған. Осы аталған себептерге байланысты Азияның шығысы мен оңтүстік-шығысына флораның

                                                                                      

                                                                                                Ф-ОБ-001/035

көнелілігі мен байлығы, барлық ендіктерде топырақтар мен өсімдіктердің ормандық типтерінің басым болуы тән сипат.

Шығыс Азияның шетелдік белігінде солтүстіктен оңтүстікке қа­рай солтүстіктегі қоңыржай белдеудің қылқан жапырақты ормандарынан бастап оңтүстіктегі ылғалды экваторлық ормандарға дейін жер бетінің топырақ пен өсімдіктер жамылғысы типтері ауысып отырады.

Оңтүстік Сибирь ормандарына құрамы жағынан жақын қылқан жапырақты ормандар солтүстікте Үлкен Хинган беткейлерін және оның маңайындағы солтүстік-шығыс аудандарды алып жатыр. Олар сондай-ақ Хоккайдо аралының солтүстігінде өседі, олардың мұндағы құрамында май қарағай шыршаның сибирлік және жергілікті түрлері, қиыр шығыстық тис, ұсақ жапырақты қайың, қандыағаш, көк терек, тал көп. Жапонияның оңтүстіктегі аралдарында, Кореяда және Солтүстік-Шығыс Қытайда қылқан жапырақты ормандар тау басына қарай ығысқан, ал тау баурайлары және жазықтар бу­рый (ішінара қазір де) қылқан жапырақты ағаштар аралас әрі теңірегі қалың тоғай болып келетін жапырақ түсіретін және жалпақ жапырақты ормандар мекені болған. Бұл ормандар едәуір дәрежеде Торғай флорасының реликті болып табылады және Европаның Атлантика жағалауындағы ормандарына көп ұқсас, бірақ басқа, көбіне, эндемик түрлерден тұрады. Осы ормандардың топырақтары да Батыс Европа орманының қоныр топырағына ұқсайды.

Қарастырылып отырған аймақтың жалпақ жапырақты ағаштарынын басты түрлері — емен, шамшат, үйеңкі, шетен, жеке, жаңғақ. Қылқан жапырақты ағаштардың негізгілері — қарағай, май қара-рай, шырша, криптомериялар, туйя тұқымдастары. Одан басқа әдемі, ашық бояулы гулдері бар магнолиялар, павловниялар, қызғалдақ ағашы (liriodendron chinense) кездеседі. Рододандрондар, бир­ючина, сирень (Syringa amurensis) ырғай орман шілігінде қалын жыныс болып өседі. Көптеген лиандар мен эпифиттер орманға тропиктік

 

                                                                                                          Ф-ОБ-001/035

сипат береді. Өзен аңғарларын бойлай аллювиальды топырақтарда қалың шалғынды өсімдіктер өседі.

Шығыс Азияда аңғарлар мен ойпаттарға халық тығыз орналасқан, жері өңделген. Ормандар тек тауларда ғана сақталған. Қөптеген аудандарда олардың орнын көбінесе қылқан жапырақты ағаштардан тұратын қолдан отырғызылған ормандар басқан, олардын ішінде неғұрлым бағалы ағаш — криптомерияға бірінші орын берілген. Ұлы Қытай жазығында мыңдаған жылдардан бергі егіншілік мәдениетінің табиғат жағдайларын өзгертіп жібергені соншалық, жер бетін табиғи өсімдіктер жауып жатуын қалпына келтіру мүмкін емес. Осымен бірге Жапония елдің жалпы жер көлемінін 60%-тен астамын алып жатқан ауқымды» орманды алқаптарға ие. Ормандылық проценті Корей түбегінде бұдан да жоғары, алайда ондағы ормандардың едәуір бөлігі жаңадан өскен немесе қолдан отырғызылған ағаштар.

Маңызды флоралық шек болып табылатын Циньлин жотасынын оңтүстік жағында, Янцзы өзені бассейнінде, қоныржай типті жапырақ түсіретін ормандар қызыл және сары топырақты жерлерде бірте-бірте мәңгі жасыл субтропиктік ормандармен алмастырылуда. Осы ормандардың құрамында шамшат, емең сияқты жалпақ жапы­рақты ағаш түрлерімен қатар комфорлы лавр, саговник, магнолия тұқымдастардың көптеген түрлері, кейбір пальмалар сияқты ежелгі жылу сүйгіш ағаштардың рөлі біртіндеп арта түсуде. Соңғы аталған ағаш тұқымдасының Шығыс Азиядағы солтүстік шегі Жапон аралдарында 45° солтүстік ендікке дейін жетеді. Бірақ субтропиктік ормандарда да солтүстік флорасының кейбір өкілдерін кездестіруге болады, олар осы ормандардың өзіндік ерекшелігі мен әдеттегіден өзгеше флоралық контраст құрайды.

Қазіргі кезде мәңгі жасыл субтропиктік ормандар, әсіресе Қытайдың материктік бөлігінде, тек тауларда ғана сақталған. Tay бау­райлары мен жазықтарды сан алуан мәдени өсімдіктер өсірілетін өңделген жерлер алып жатыр.

                                                                                                Ф-ОБ-001/035

Үндіқытай түбегі мен Зонд және Филиппин архипелагтары аралдарының едәуір бөлігін ылғалды тропиктік ормандар басқан. Олар бұл аудандарда Оңтүстік Азияның осыған сәйкес ендіктеріндегіден көбірек жерлерді алып жатыр,  бұл ормандар   мұнда да   оңтүстік Азиядағыдай саванналармен және жалпақ жапырақты ормандармен алмасып отырады.

 

  № 1 сурет 

  Шетелдік Азияда кейбір өсімдіктердің таралуы

 

 

 

Ф-ОБ-001/035

№ 2 сурет

Шетелдік Азияның ботаникалық географиялық аудандастырылуы

                                                                                                Ф-ОБ-001/035

Қорытынды

Жоғарыда айтылғандай, 60-параллельге жуық- жерде қылқан жапырақты тұқымдастарға жапырақты ағаштар (ең алдымеп емен) араласа бастайды, былайша айтқанда, қылқан жапырақты  ормандар аралас орманға ауысады.

Оңтүстік-Шығыс Азияның ылғалды тропиктік ормандары тұр жағынан өте бай. Бұл ормандарда биік діңді тік пальмирадан (Borassus flaBellifopgis) бастап, арасында биіктігі 300 метрге дейін жететін пальма ротанг бар, бұйра пальма — лианаға дейін 300-ге жуық пальма түрлері бар. Диптерокарповтық, бигнониевтік, анакардиевтік тұқымдастар және басқалардың да түрлері көп. Мұндағы ормандар, сондай-ақ бамбук түрлеріне өте бай. Әлемнің ең жерінде бамбуктар мұндағыдай сан алуан емес және еш жерде мұндағыдай кеңінен пайдаланылмайды. Олар тұрғын үйлерді салуға, мебель, жоғарғы сортты қағаздар жасауға пайдаланылады, жас өскіндері азық-түлік ретінде, ал жіңішке бұтақтары әр түрлі бұйымдарды тоқуға қолданылады. Бамбук Оңтүстік Шығыс және Шығыс Азияда тек жабайы ғана емес, мәдени түрінде де көп таралған.

Малайя архипелагының ормандарында әр түрлі эпифиттер мен паразит өсімдіктер мүкті, папоротниктер, орхидеялар сияқты өте кеп. Сy басқан теңіз жағалауларындағы ылғалды тропиктік орман­дар тұзды суда, су басқан былқылдақ топырақта өсуге бейімделген нип пальмасынан (Nipa fruticanc), мангролардан, ланданустардан т.с.с. өсімдіктерден тұратын мангро тоғайларымен алмасады.

Тазартылған жерлерде жергілікті жердің әр түрін немесе басқа тропиктік елдерден әкелінген өсімдіктерді дақылдандырады. Филип­пин және Зонд аралдарының теніз жағалауындағы аудандарында кокос пальмаларының плантациялары кеңінен етек алған.

Индонезияда көптеген жерлер каучукты   гевея (Hevea   вгаsіlеnsis) плантациялары үшін бөлінген, көптеген аралдарда тағам дәмін арттыратын өсімдіктер өсіріледі. Су басқан аллювиальды ойпаттарда күріш себіледі, тау

                                                                                                Ф-ОБ-001/035

беткейлеріндегі сатылана тегістелген жерлерге шай бұталары егіледі. Тропиктік ормандарда, сондай-ақ қазіргі кезде дақылдандырылған қауын ағашы (Carica papaya), нан ағашы (Artocarpus түрі), манго (Mangifera infica), мангустан (Пагсіпіа mangostana)  сияқты бағалы жеміс ағаштары өседі.

Аса бай, сан алуан флоралы Евразия дақылдандырылған және жібайы өсетін пайдалы өсімдіктердің басым көпшілігінің отаны болып табылады. Олар: қара бидай, бидай, тары, қарақұмық, күріш, бұршак тұқымдастардың көпшілігі (соның ішінде соя), тамыр жемістілер, шай бұталары, қант құрағы, жеміс ағаштарының көбі (сондай-ақ цитрустылар), тағамға дәм беретін, көптеген сәндік өсімдіктер.

Жаңбырдың көп жауатын мезгілі маусым-шілде айлары. Жаңбыр кейде нәсерлетіп жауады да, топыраққа сіңбей, жер бетімен ағып кетеді соңынан буланып, тез құрғап қалады.

Евразия даласында доминант болып аумақты ландшафт алып жататын боз Остеге / ковыль/, лаз ортасында желмен тербелген бетеге теңізге ұқсап тербеліп теңселіп дала сәнін беріп тұрады.  Евразия жерінде  көп түрлері  өседі. Барлығы да  құрап, жіңішке жапырағы бұралып, түтікшеге ұқсап тұрады. «Түтікшенің» іш жағына орналасқанда, өсімдікті мөлшерден тыс буланбау тежеп, тіршілігін қамтамасыз етеді де, өсімдікті құрғақ анықтаған сақтайды.

Бетегеден басқа Евразия далалы жерінде — көде, қоңырбас сияқты шым түзейтін шақтар өседі. Евразия далалы мерінде солтүстікке қарай жалпақ жапырақты орман мен шектеседі де бұл жерлер ылғалдылау,  оңтүстікке қарай құрғақшылық арта түседі. Климатына байланысты дала өсімдігінің құрамы да түрлері де солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеріске ұшырайды.

 

 

 

 

                                                                                                Ф-ОБ-001/035

                              Пайдаланылған әдебиеттер тізімі                

 

  1. Абдеев В.Д. Что такое степь?- Ботанический журнал.- 1964.- № 1          с.75-83.
  2. Алехин В.Б. География растений.- Учпедгиз.-
  3. Атлас ареалов и ресурсов лекарственных растений Казахстана.-          Алматы.- 1 166 с.
  4. Ахмедсафин У.М. Новые данные о связи растительности с грун­          товыми водами.- Вестник АН КазССР.-
  5. Бабаев А. Пустыня как она есть.- М.- 1980. с 207 с.
  6. Байтуллин И.О. Строение и работы корневой системы растений.-          Алма-Ата.-
  7. Байтуллин И.О. Биологическая продуктивность растительности          Казахстана.- Алма-Ата.- 289 с.
  8. Берг Л.С. Географические зоны Советского Союза.- География.-          1947.
  9. Бобринский H.A. Зоогеография и эволюция.- М-Л.-
  10. БобринскийA. Животный мир и природа СССР.- М., 1960.
  11. Бунге В. Теоретическая география- — 1967.
  12. Вавилов Н.И. Ботаника-географические основы селекции.- М-Л.-
  13. Вальтер Г. Алехин В. Основы ботанической географии.- М.-1936.
  14. Вегенер А. Происхождение материков и океанов.- М-Л.- 19
  15. Власлова Т.В. Материктер мен мұхиттар географиясы.
0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля