Шешім қабылдау және басқару

17 сентября, 2014 20:10

Бүгінгі таңдағы кітапханаларға жаңа заман талабына сай келетін елеміздегі болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер, білім мен мәдениеттегі болып жатқан жаңа мемлекеттік тапсырмалары іске асырудағы шешуші қадамдар ең алдымен кітапханашыға келіп тіреледі.

Дипломдық жұмысының алға қойған мақсаты, менеджменттің міндетін, мақсатын негізге ала отырып, менеджер және ұйымның сипаттамасы мен ұйым өміріндегі әр түрлі құбылыстарды, құрылымдарын, шешім қабылдау  логикасын, еңбек мотивациясын, топты және жеке адамдарды басқару, оларға басшылық жүргізу қазіргі замандағы менеджмент пен әлемнің дамыған елдерінің менеджментке  деген көзқарасын,  қазіргі басқарудағы  болжау мен үлгілеудің рөлін анықтай отырып басқару функцияларының заманауи түрлерін енгізу және т.б. болып табылады.

Зерттеудің өзектілігі:  Басқару — демек басқармаларды табысқа әкелу. Кез-келген жаңашылдықтың пайда болуы зерттеу жұмыстарынан басталады. Оның барысында жаңашылдықты жасау мақсатында анықталады. Бұл шешім шығары және басқару жаңа технологиясы.

«Басқару» термині — бұл жоспарлау, бағалау, жобаларды жүзеге асыру, бақылау процестерімен қоса шешім қабылдайтын жалпылама түсінік. Бір жағынан жоспарлы және оперативті шешімдердің белгісі, олардың ілесіп отыру тәртібі.

Бұл ғасырда мемлекет басқару жүйесі түрлі өзгерістерге ұшырады, экономикалық саясатта өзгерді. Сондай-ақ дербес мемлекетті басқару жүйесіне баса назар аударыла бастады. Нарықтық экономиканы жетік басқару үшін арнай білім көзі болуы керек.

Басқару теориясы ғылым ретінде (оның аңықтамасынан ерекшелігі) өткен ғасырдың аяғында пайда болды және осы уақытқа дейін көптеген өзгерістерге ұшырады.

Әлбетте, басқарудың теориясы мен тәжірибе эволюциясы өнеркәсіп пен жалпы ғылымның дамуымен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деп аталған халқына Жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушысыз біз инновациялық экономика құра алмай-мыз» деп атап көрсеткені мәлім. Бұл талап жаңа ғасырдағы білім және мәдениет саласы қызметкерлеріне жауапты міндеттер жүктейді.

Қазіргі мәдениеттің жаңашыл бағытының өзгеруі, қоғамға жоғары білімді, рухани-адамгершілігі мол, өздігінен шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа қабілетті, бейімділігі мен жауапкершілік сезімі биік адам қажет. Бұған жету үшін басқаруды дамытуға бағытталған жаңа модель керек. Кітапханалық менеджмент адамдардың өзін-өзі дамыту, еркіндік және шығармашылығын дамыту болып табылады.

Қазіргі таңда кітапханаларда алға талпыну өзгерістері болып жатыр. Заман ағымына қарай, білім талабына сай оқырмандардың да сұранысы өзгеруде. Республика кітапханашыларына көмек ретінде ҚР ҰК «Кітапханашының кітапханасына» атты сериясымен іс-тәжірибелік құралдарды шығарады. Ұсынылып отырған әдістемелік құрал кітапханалық маркетингті қамтитын екі күрделі тақырыптардан тұрады: фандрейзинг және жарнама. Әсіресе, ағымдағы ақпараттар мен соңғы шығарылып жатқан анықтама басылымдар оқырмандарды көп қызықтырады. Әрине, оқушының ордасы ретінде мұндай сұраныстарға кітапхана қызмет көрсете алады, бірақ қалай?

Кітапханаға әрдайым қосымша қаржылық толықтырылу жұмысы іске асырылып отыру керек. Бұл қосымша қаржылық көздерін екі топқа бөлуге болады:

—    ішкі (өз мүмкіндіктеріп барынша қолдану)

—    сыртқы (өзгенің кемегін өз игілігіне жарату).

«Өзге» өздігінен көмек бермейді, ол қорларды да кітапхана жоспарларымен, алға қойған келелі мақсаттарымен таныстырып, баулу керек. Кітапхананың басында екі жақты күрделі мәселе тұрады — дәстүрлі сарқылмас қорды қолдау мен сақтап қалу және жаңа технологияларды басқару қызметіне мекемені енгізу. Электронды технология дәуірі жаңа қаржылық көздерді кітапхананың даму игілігіне қарай өзіне тартуын талап етеді.

Объекті: Шешім қабылдау және басқару әдісі.

Пәндік: Қазақстан Республикасында кітапханалардың шешім қабылдау және басқару технологиясының даму жолындағы жұмыстар.

Диплом жұмысының мақсаты – кітапханадағы шешім қабылдау, басқарушылықтың және лидерлікті – басқару қызметінің негізгі компоненті ретінде көрсетуге.  Сонымен бірге міндеттер:

  • шешім қабылдау және басқару ғылымының ерекшеліктерін зерттеу;
  • кітапхана ұйымдастыру қызметі және басқару негіздерін анықтау;
  • басқарудағы еңбегінің мәдениетің жоғарылату жолдарын көрсетуге.

Зерттеудің ғылыми жаңалықтары: елеміздегі болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер, білім мен мәдениеттегі болып жатқан жаңа мемлекеттік тапсырмалары іске асырудағы шешуші қадамдар ең алдымен кітапханашыға келіп тіреледі. Жаңа ақпараттық технологияға көшу, басқарудың экономикалық амалдарын қолдану, оған еңбек ұжымының қатыстырылуы кітапхана жұмысшыларының жаңа жоғары кәсіби деңгейін және жалпы мәдениет пен қарым-қатынас мәдениетін игерген жаңа түрін қалыптастыруда талап етеді. Нарықтық экономика кітапхана мамандарына бәсекелестікке бейімділу талабын қояды, соған байланысты әркім өз білімін ұдайы жаңартып, іскерлік пен шығармашылығын жүзеге асырады.

Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімдері: І. Шешім қабылдау және басқару ғылымының негіздері ІІ. Шешім қабылдау мен қарым-қатынас өнері. ІІІ. Қазіргі кітапхана басқарудағы болжау мен үлгілеудің рөлі және кіріспе мен қорытынды, пайдаланған әдебиеттер бар.

Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғарғы эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алар орны ерекше. Сондықтан кітапхана мәдени-ағарту және ақпарат мекемесі облыстағы баспа шығармларын сақтайтын, оны тарату мен насихаттау жөнінде қызмет атқаратын мәдениет ошағы. Кітапханада тәлім-тәрбие жүйесінің толымдылығын қамтамасыз ету үшін тәрбиенің де, ағартушылықтың да әдістемелік жүйелерін жасап, оларды жұмыс практикасы мен қоғамдық өмірге кеңінен енгізу міндеті тұр.

«Басқару шешімі»  термині екі негізгі мәнде қолданылады. Бірінші жағдайда ол белгіленген басқару актісін, қабылдаған іс-әрекет жоспарын, қаулы-қарарларды т.б. екінші жағдайда – проблемалар мен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы вариантын  білдіреді.

«Менеджмент» термині ағылшын тіліндегі шыққан, яғни «басқару», «меңгеру», «басшылық жасау» деген ұғымдарды береді. Менеджмент   сөзінің   жалпы түсінігі — басшының алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуге, басқа адамдардың еңбектерін, қабілеттерін жұмылдыра білуі. Басқа сөзбен айтқанда, менеджмент — ғылым мен адамдарды және әлеуметтік процестерді басқару өнерін біріктіру.

Басқару шешімінің ең маңызды белгісі, объектісі: кітапхана немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады.

Шешім туындаған проблема болған жағдайда қабылданады. Проблема дегеніміз, жүйенің қажетті (үміт еткен) және  қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай. Жалпы әрекеттесетін жүйелерде (басқарушы және басқарылатын) шешім қабылдамаса да болады. Алайда іс жүзінде бұлай болуы мүмкін емес, өйткені өндірісте көптеген  ауытқу, теріс ықпал ету жағдайлары (ауа райы жағдайы, техникалық ақаулар, еңбек тәртібінің нашарлығы т.б.) кездесетіндіктен, оны түзету үшін шешім қабылдауға тура келеді.

Басқару субъектісі бойынша шешімдерді былайша бөлуге болады:

  1. Әкімшілік шешімі.
  2. Қоғамдық ұйымда шешімі т.б.

Басқару объектісі бойынша шешімдерді жалпы және жекелей, күрделі және қарапайым деп бөледі. Жалпы шешім, әдетте, бүкіл шаруашылықтың мүддесін қозғайды. Жекелей шешімнің жедел сипаты болады, бұл көбінесе басқарудың төменгі буынына тән.

Ықпал ету объектісі бойынша шешімді сыртқы және ішкі деп бөледі.

Басқару ғылымында жетекшілік және басшылық деп айыруға болады. Басшылық әрқашан өкіметпен байланысты, басшыларды тағайындайды  және  олар өкілеттікті қолға  алып,  ресми түрде  әрекет істейді.

Көшбасшы-жетекшіні айналасындағылар сайлайды және оны мойындайды. Әдетте лидер деп сол адамды есептейді, егер қаңдай да бip мәселеге шешім қабылдағанға лидердің жоғары дәрежедегі ықпалын көпшіліктің мойындауы.

Кітапхана менеджер үшін оның қоршаған адамдарға білдіретін әсері өте маңызды, сондықтан ол өзінің жеке имиджін қалыптастыру үшін этикет ережелерін білуі қажет және өзін-өзі осы ережелерге сәйкес ұстауы тиіс.

Қазіргі танда іскерлік этикет демократиялық принциптер негізінде жаңартылады, бірақ, сонымен қатар этикеттің негізінде ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан ережелер салынған, мысалы: сыпайылық, тәрбиелік, әдептілік, жақсы міңез және басқалары. Тәрбие көрген адам үшін бұл ережелерді орындау әдет, оларды сақтап жүру қиынға соқпайды.

Этикет — бұл адам қылықтарын реттеудің нысандарының біреуі болып табылады, бірақ, этикет ережелері формалды болғандықтан, олар адамға еркін таңдау мүмкіндігін бермейді. Бұл ережелерді біліп, орындап отыру қажет. Этикеттің тілі негізінде жалпы адамдар арасындағы әдептілік талаптарын білдіреді, сонымен қатар, ол адамдар арасындағы жасқа, қызметке байланысты және басқа да айырмашылықтар иерархиясын реттейді. Этикет тілінде нақты қалыптасқан жағдайға сәйкес жүзеге асырылатын әрекеттердің дайын үлгісі ұсынылады.

Әpбip менеджмент — бұл ең алдымен шешімді қабылдау. Қызметіне қарай менеджер — батыл адам, ол әр түрлі шаруашылық,   коммерциялық,   кадрлық   және   т.б.   сұрақтар  бойынша үздіксіз    шешім    қабылдай  отыру   керек.    Шешімді қабылдау оны орындалуының бақылау тапсырмасымен толықтырылуы қажет. Шешім және    бақылау  бip-бipiн толықтырады.    Шешім көбінесе мақсатты белгілеумен, көптеген нәтижесі және оған жету    жолдары, жоспарлаумен байланысты болып табылады.

Басқарудың жақсы жолын білеттін менеджер:

  • қоғамдық ұйымдарға, басшылықтарға, ұжымдарға қатынасты өзінің
    pөлін талдап отыратын
  • қызметкерлерге тапсырма белгілейді,  негізгі  мақсатты  ықыласпен,
    терең талдайды.
  • өкілеттікті бөледі.
  • жақсы жұмысты мақтаумен ынталандырады, қызметте жоғары көтеру.
  • бағыныштыларымен байланысты белсенді қолдайды және орнатады.
  • әр түрлі күрделі, қиын адамдармен тіл табысады, яғни жалқаулармен, ашулы, дәрменсіз, қатыгез адамдармен.

Басқару шешімдерінің қасиеттері:

Басқару шешімі — іс-қимылдың мүмкін түрінің, жағдайының болуын білдіреді және бір түрін қалыптасқан, қажетті жағдайға, тұтынушылармен, мүдделерімен сәйкес таңдауды білдіреді. Іс-қызмет түрін, тәсілін, жолын таңдау және қабылдау адамның саналы ойлы-психологиялық қызметінің нәтижесі болып саналады. Басқару шешімінің қажеттілігі және негізгі мазмұны оның мақсатымен анықталынады және оның мазмқнына бағытталынады. Басқару шешімдері ұйымдастырушы және жандандырғыш күште болады.

Шешім бір мәселе жағдай туындаған кезде қабылданады. Жүйенің – керекті қажетті және қазіргі күйлері арасындағы айырмашылық сипаттау жағдайы деп аталынады. Шешімдерді қабылдау жолдары (тәртіптері, кезектері). Шешімдерді қабылдаудың үйреншікті түрі. Басқарушы атқарушымен іске асырылу бағдарламасын келісіп алуы. «Ми шабуылы» әдісі. Оның мәнісі, эксперттер негізінде және проблемадағы әр-түрлі көзқарасты ескере отырып, проблеманы дәл тұжырымдау, оны шешу амалдарын қарастыру. Пікір жинау тәсілі. Проблеманы жекеленген міндеттерге жіктелі. Эксперттерге қойылған проблемалар тұтастай хабарланып, олардың қызмет бабына жататын жекелеген міндеттерді шешу үшін ұсыныс енгізу тапсырылады. «Дельфа» тәсілі. Эксперттер мен мамандарды белгілі бағдарлама бойынша (мүмкін жауаптар аймағын, санын қысқартатын бағдарламалар) сұрау. Бағдарлама мүмкін жауап аймағын азайту мақсатында жасалынады. Морфологиялық тәсілі (элементтер бойынша талдау). Проблемалар көптеген міндеттер мен мәселелерге (элементке) бөлінеді. Әрбір элементке мүмкін және белгілі шешімдер қойылады, содан кейін олардың бір-бірімен салыстырылары болады. Одан кейін қажетті шешімдер таңдалынып, олар проблеманы түгел шешу үшін жинақталынады.

Басқару шешімдерін қабылдауға ықпал жасаушы факторлар:

  • Басшының жеке бағалау. Әрбір адамға өзіндік қымбат заттар, жағдайлар жүйесі болады, олар оның іс-қимылын анықтайды және қабылданбақ шешімге ықпал жаайды;
  • Шешім қабылдау ортасы. Шешім анықталған, яғни белгілі жағдайда, тәуекелділік немесе белгісіз жағдайларда қабылданады.
  • Мәліметтік /ақпараттық/ шектеулер. Басшы шешім қабылдауда білуі керек – сапалы, қосымша мәліметтер алуға кететін қрсымша шығындар түсетін пайданы қайыратындығын, өтейтіндігін.
  • Мінез-құлық факторлары. Мысалға, бір заттарға жағымсыз қарау, мәліметтерді өзіндік құштарлықпен және кедергілерімен сезіну шешім қабылдау жолындағы шектеулер болып саналады.
  • Жағымсыз зардаптары. Әрбір маңызды шешім келісімдерімен, жағымсыздықпен /соңынан болатын/ байланысты. Сол себепті басшы оларды күтілетін пайдамен, нәтижемен салыстыру қажет.
  • Шешімдердің бір-бірімен байланысы. Маңызды шешім көптеген кейін шешілетін шешімдерден тұрады және ұйымның барлық сегменттеріне ықпалын тигізеді.
  • Уақыт өлшеміне қарай шешімді: перспективалық, күнделікті (ағымдағы), және жедел деп бөледі.
  • Болашақ шешімнің орындалуына ұзақ уақыт (3-5 жыл және одан астам) керек. Мәселен, ірі мал шаруашылық кешендерін салу, кәсіпорынды дамытудың әлеуметтік-мәдени жоспарлары т.б. перспективалық шешімге жатады. Мұндай мәселелер күрделі қаржы бөлуді, еңбек, материалдық және басқадай ресурстарды қамтиды. Перспективалық шешім бағдарламалық сипат алатындықтан, перспективалық жоспарларда көрсетіледі.
  • Жедел шешім, әдетте қысқа уақыт ішінде (бірнеше апта, күн, ай) жүзеге асырылады.

Басқару шешімі ұйымдастырылуына қарай жекелей алқалы және ұжымдық болып бөлінеді.

Қабылданатын шешімнің нәтижелік межелеушін таңдау – күрделі, әрі жауапты кезең. Критерий (межелеуіш) дегеніміз, қабылданатын шешімнің әр түрлі варианттарының тиімділігін салыстыруға мүмкіндік беретін көсреткіш немесе бірнеше көрсеткіш.

Мақсатты тұжырымдау мен өлшемдерді таңдау арасында басқару шешімі үшін әрқашанда тікелей байланыс болуы керек. Межелеуіштер көмегімен қойылған мақсатқа  жетуге жұмсалатын шығын деңгейі анықталады. Сонымен, межелеуіштерді таңдаумен басқару шешімін ойластыру жөніндегі жұмыстың әзірлік кезеңі аяқталады.

Шешім қабылдаудың дәстүрлі нышанымен қоса, басшы шешімді орындаушылармен, оны жүзеге асырудың нақты бағдарламасын да ақылдасады.

Қорыта келгенде, өткір бәсекелестік жағдайындағы кітапхананың  өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін кітапхананы «дәстүрлі түрде» емес, жаңаша басқарып  үйрену қажет. Ең алдымен, адамдарды жаңаша басқара  білу керек. Бұның өзі нарықтық конъюнктураны алдын-ала болжап бағалай білетін, дер кезінде стандартты емес басқару шешімдерін қабылдап, оларды іс жүзіне асыратын ұжымда жетекшілк етуді қазіргі заман талапары деңгейінде жүзеге асыра алатын жаңа типті басшы – менеджерлерді дайындауды талап етеді.

Дипломдық жұмыста көрсетілген шешім қабылдау және басқару жаңа технологиясы АҚ «Медициналық Ұлттық Академиясының» кітапханасының жұмыс барысында практикалық негізінен қолданылып болашақта жүзеге асыруға болып табылады және көптеген басқа кітапханаларына іс-тәжірибелік мағынасы зор деп ұсынуға болады.

Дипломдық жұмысының алға қойған мақсаты, менеджменттің міндетін, мақсатын негізге ала отырып, менеджер және ұйымның сипаттамасы мен ұйым өміріндегі әр түрлі құбылыстарды, құрылымдарын, шешім қабылдау  логикасын, еңбек мотивациясын, топты және жеке адамдарды басқару, оларға басшылық жүргізу қазіргі замандағы менеджмент пен әлемнің дамыған елдерінің менеджментке  деген көзқарасын,  қазіргі басқарудағы  болжау мен үлгілеудің рөлін анықтай отырып басқару функцияларының заманауи түрлерін енгізу және т.б. болып табылады.

0

Автор публикации

не в сети 1 год

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля