Қазақ халқының Ресей империясына қосылуының пайдасы мен зияны:

[add-bookmark]

Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының Ресей империясына қосылуының пайдасы мен зияны:
Сабақтың типі: қорытындылау.
Сабақтың түрі: Дебат (пікір-сайыс) сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының Ресей империясы құрамына кіруінің пайдасы мен зияны туралы оқушылардың алған білімдерін тексеру және тереңдету, бекіту.
Дамытушылық: Тарихи оқиғаларды, өзгерістерді дұрыс таңдау және тұжырымдай білу, деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып, қажетіне сай пайдалану, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік : Оқушылардың бойында адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік, достық қасиеттерін тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:. Қазақстан картасы,
Әбілқайыр, т.б. портреттері, 1822, 1824, 1867-1868 жылдардағы реформалар (кесте, схема, буклеттер).
“Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына кіруінің пайдасы мен зияны” тақырыбына арналған дебат сабағын бастаймыз.
I топ. “Азамат” тобы-жақтаушылар.
II топ. “Алаш” тобы-даттаушылар.
Әділқазылар алқасы.
Тайм киперді сайлау.
Дебат
Ой бөліс дегеніміз – бір нәрсеге назар аудару, ынта қою.
Ойбөліс сайыстарын жүргізудің негізгі мақсаты: Оқушының ой – өрісін дамыту, іздендіру, мәдениеттілікке тәрбиелеу, болашақ маман иелерінің сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Ой бөліске оқушылардың сөйлеу мәдениеті, өзін – өзі ұстай білуі, шыдамдылығы, ойын тиянақты жеткізілуі ескеріледі.
Қатысушылар ойбөліс ережесін қатаң сақтауы тиіс. Тақырып алдын – ала айтылады. Ой бөліске екі топ қатысады. Әр топта 3 оқушы болады.
Ой бөліске қатысушылардың омырауында аты-жөні немесе есімі жазылған бейджик тағылуы керек.
Бейджик анық етіп, үлкен әріппен жазылуы тиіс.
Ойбөлістің уақытын белгілейтін тайм кипер болады.
Әр топтағы скиперлер өз нақты деректермен дәл әрі тез де мәнерлі оқиды, не ауызша айтады.

I-спикер. Саламатсыздар ма, әділқазылар, қарсылас топ, тайм кипер, қонақтар! Мен “Азамат” тобының спикері………………..
Біз “Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына кіруінің пайдасы” көзқарасымен келісеміз!
Біздің аргументіміз: Қазақ жерінің Ресейге қосылуы өлкенің әлеуметтік-экономикалық даму барысына әсер етіп қана қоймай, білім беру, ағарту саласының күшеюіне жергілікті халық дәстүрлері мен мәдениеттің жаңа сипат алуына барынша әсер еттті. XVIIIғ Қазақ жері жан жағынан анталаған жау арасында қалды. Батысы қалмақтар мен башқұрттар, оңтүстігі Қоқан мен Хиуа хандығы, шығыстан ең қауіптісі Жоңғар хандығы еді.
Жоңғар мемлекетінің мақсаты қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, оны бағындырып, ұлан байтақ жерді өзіне қарату еді. Ел билігін қолына ұстаған хандар мен сұлтандар халықтың басына түскен ауыр күндерді жоңғар басқыншыларына қарсы күресті ойдағыдай үйлестіре, ұйымдастыра алмады. Тіпті қалмақтар ауылдарды тонап, талқандап жатқанда, Шыңғыстың тұқымдары өздерінің ескі кәсібін ұмытпады. Олар бір бірімен қырқысып, халықтың хал ахуалының тіпті қиындап кетуіне себепші болды.
1-дәлел. Сөйтіп ірі феодалдардың арасындағы бақталастық жоңғар тепкісінен толық құтылуды кешеуілдетті. Халықтың бостандық үшін күресі аяғына дейін жеткізілмеді. Солай бола тұрса да, қазақ елі өзінің дербестгін сақтап ала алды. Жоңғар қаупінің жойылмауы мемлекет билеушілерінен Қазақстанды сыртқы қауіптен құтқаратын жол іздеуді талап етті.
2-дәлел. Қазақ елінің халықаралық жағдайының шиеленісуі Әбілхайыр ханның Ресей империясына үміт артуына себепші болды.Ол көрші мемлекеттермен тығыз байланыс орнату арқылы қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ елін мазалауын тоқтатуға тырысты. Әбілхайыр сонымен қатар Петербург билеушілерне арқа сүйеп, Қазақ жерінде өзінің қарсыластарының сағын сындыруды да көздегені анық.
Ханның ең басты мақсаты батысттағы көрші Ресеймен сенімді байланыс орнатып, бар күшті қалмақтарға жұмылдыру еді.
Сөйтіп, Әбілхайыр ханның 1731жылы қазан айының 10-дағы Ресей билігін мойындау Жоңғарлардың қазақ жерінен шапқыншылығына белгілі дәржеде шек қойды. Ресейдің отаршылдық саясатына қарамастан, бұл қазақ елі үшін маңызды прогресстік құбылыс болды деп санаймын. Қазақ халқының шаруашылық саяси қоғамдық қатынастарда феодалдық патриархалдық шыңыраудан шығаруға жол ашылды.

І-скипер: Саламатсыздар ма, әділқазылар, қарсылас топ, тайм кипер, қонақтар! Мен “Алаш” тобының І спикері………………
Біз “Алаш” тобы Қазақ халқының Ресей империясының құрамына кіруінің пайдасы” көзқарасымен келіспейміз. Біздің оған қарсы төмендегідей аргументтеріміз бар.
1-қарсы дәлел: ХҮІІ ғ аяғы мен ХҮІІІ ғ басында Тәуке хан басын біріктірген қазақ феодалдық мемлекеті Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарда белді орын алды. 1718 жылы Тәуке өлгеннен кейін де қазақ жерінің бірлігін ойлаған Кіші жүз билеушілердің бірі Әбілхайыр хан 1723 жылы жетекші хан болып сайланды. Қазақ жерінің жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне бас болған билеуші ретінде қолбасшылық, дипломатиялық қабілеттерін барынша көрсете білді.Қалмақтардың соққысының ауыр болғандығы соншама, қазақ жерінің белгілі өкілдері Қарақұм маңында бас қосып, жоңғарларға қарсы төтеп беру мәселесін талқылады.
Осы кеңестің шешіміне сай бірыңғай халық жасағы құрылып, жоңғар әскерлерін шығысқа қарай ығыстырды.Күшті біріктіру кейінгі жылдары да тамаша нәтиже берді. 1711 жылы жоңғарларға қазақ жасақтары мықты соққы берді, тіпті 1712 жылықазақ жасақтары Жоңғарға кірді. Есімдері аңызға айналған Есет, Баян, Жәнібек, Райымбек тағы басқа батырлар жеке қолдарға бас қосып, күресті тоқтатпады.Атақты жыраулардың толғауларында ерліктері сипатталған халық батырлары атамекенді жаудан тазартуда ерекше орын алды.Әсіресе, бір-бірінен алшақтаған рулардың басын біріктіріп, Жоңғарларға қарсы біртұтас әскер ұйымдастыруда , әсіресе, Қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті.Қазақтың үш жүзінің жасақтарының басқыншыларға қарсы тізе қосып, біріккен қимылдары 1726 жылдан басталды.Осы жылы Сарысудың орта ағысы алқабында Бұланты өзенінің жағасында біріккен қазақ жасағы жоңғарға қарсы ойсырата соққы берді.Зеңбірекпен және мылтықпен жете қаруланғанжоңғарлардың қалың қолы қазақ батырларының жасағына төтеп бере алмады.Қалмақтардың тас –талқаны шыққан соң жер кейіннен”Қалмаққырылған”деп аталып кетті. Бұл жеңіс қазақ халқының әскери, моральдық рухын көтерді.
Қазақ руларының ұш жүздің басын құрап қана Жоңғар қаупінен құтылуға болатындығына сенімі күшейді.
1729 жылдың көктемінде Балқаш көлінің оңтүстігінде “Аңырақай шайқасында “Әбілхайырдың басшылығымен үш жүздің ортақ әскері қалмақтарға күйрете соққы берді.Тарихта бұл шайқас “Аңырақай шайқасы” деп аталып кетті.Талқаны шығып жеңіліп, күніренген қалмақтардың хабарын алған қонтайшы Цеван-Рабдан сенер-сенбесін білмей , Іле өзенін бойлап еліне қарай шегінді. Алайда осындай жауапты сәтте, қазақ хандары арасында туған ала ауыздық жоңғарларды толығынан талқандауға кесірін тигізді.
2-дәлел. Петербург билеушілері қазақ жерінің Азияға кіретін «кілті мен қақпа” екенін ескере отырып, қандай жолмен болса да өз ықпалын нығайтуда империяның шығыстағы саясатының күретамыры ретінде қарады. Орыс үкіметінің қазақ жеріндегі жоспары тіпті басқаша еді.
Қазақтардың Жоңғарлармен алысып жатқанын пацдаланып, жергілікті көшпенді халықтың игілігіне бекіністер салу арқылы қазақ жерін біртіндеп жаулап алуды ойлады. Қазақтарды башқұрттарға, башқұрттарды қазақтарға айдап салу арқылы отаршылдық саясатын жұргізуге тырысқан орыс үкіметіне Әбілхайырдың елшілігі күтпеген олжа болды.

ІІ-скипер: Саламатсыздарма? Мен “Азамат” тобының 2-скипері…..
Біз өз көзқарасымызда қаламыз және оны одан әрі жақтауға, өрбітуге біздің аргументтеріміз жеткеілікті.
1-дәлел. Кіші жүз қазақтарының Ресей империясы құрамына кіру екі халықтың өзара байланысындағы үлкен бетбұрыс болды.Қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі Ресей сияқты үлкен елден қолдау алуына жол ашты.1864-1866 жылдары Ресей әскерлерінің Қоқан хандығы мен Бұхар хандығының жеріне кіруі, сондай-ақ 1873 жылы Хиуа хандығын Сыр бойы, Маңғыстаудан Жетісуға дейінгі аралықта қазақтардың осы елдерге тәуелділіктен құтылуға жол ашты. Екі ел арасында ХҮ ғасырдыңортасынан басталған орыс-қазақ қарым-қатынасы орыс елімен өзара сенімге, түсінушілікке негізделген Тобольск, Тара,Томск және басқа да қалалар мен елді мекендер орыс – қазақ сауда байланыстарының да жолға қойылуына алғышарттар жасалды. Ресей мен Қазақстанның экономикалық және саяси байланыстары екі халықтың өзара қатынастарының обьективті заңды негіі болғандығын көрсетті.Патша үкіметінің отарлау саясатына қарамастан, қазақ-орыс сауда байланыстары, Қазақ елінің шет елдермен қатынастары, өзара тиімді жағдайда дамыды. Қазақ елінде шаруашылық, саяси және қоғамдық дамуындағы өзгерістерге де Ресейдің ықпалы өте зор.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап-ақ жергілікті өнеркәсіп, кәсіпшіліктің жаңа саласының дамуына жол ашылды.Түсті металл, тас көмір, тұңғыш кен орындары игерілді. Қазақ ауылдарынан кедейленген орыс-қазақ еңбекшілері кен орындарына, алғашқы өндіріс ошақтарына жұмысқа жалданып, әлеуметтік өзгерістер болып жатты.
2-дәлел. 1822,1824,1867-1968 жылдары Ереже реформалар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында белді орын алып, әлеуметтік және шаруашылық өміріне прогрес капиталистік құбылыстар енгізіп, бай патриархалдық құбылыстарды артқа тастады.
Қазақ жерінің Ресейге қосылуы өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуы барысына әсер етіп қоймай, білім, ағарту саласының кеңеюіне жергілікті халық дәстүрлерімен мәдениетінің жаңа сипат алуына барынша әсер етті. Олай болса ,”Қазақ халқының Ресей империясының құрамына кіруінің пайдасы болды” деуге толық негіз бар.

ІІ-скипер: Саламатсыздар ма? Мен “Алаш” тобының 2-скипері……
Біз өз көзқарасымызда қала береміз және қарсы пікірімізді одан әрі жалғастырамыз.
1-қарсы дәлел. 1730 жылы кіші жүздің ықпалды билері Әбілхайырға қарсы күресі үшін Ресеймен одақ құруды тапсырды.Алайда хан билері мәжілісінің шешімін бұзып, Петербургке аттандырылған елшілерге әскери одақ құру емес, Ресейдің құрамына кіруді қуаттайтын құжатқа қол қоюды тапсырды.Орыс өкіметінің Қазақстан жеріндегі жоспары тіпті басқаша еді.1714-1720жылдары .Ертіс өзенінің жоғары ағысына Жәміш,Омбы, Колбасинск, Железинск, Семей, Коряков,Өскемен бекіністерін бірінен кейін бірін тұрғызған патша өкіметі қазақ жеріне ауыз сала бастады. Сонымен қатар Жайықтың бойында жыпырлатып бекіністер тұрғызып, егін шаруашылығына қолайлы өңірлерде саясатын ашық түрде жүргізді. Жоңғарлармен соғысында қазақтарға Ресей көмектесуді тіпті асықпады. 1734 жылы Сенат И.И.Кириллов басқарған арнайы экспедиция жабдықтап, Қазақстан мен Орта Азия жерінің табиғат байлығын зерттеу арқылы, Сырдария бойына қала тұрғызып,біртіндеп өзен флотилиясын құра отырып, Ресейден алшақ жатқан Қоқан, Хиуа, Бұқар хандығына жорық ұйымдастыруды көздеді.
ХҮІІІ ғ 30-40 жылдары Кіші жүз Ресейге қосылғаннан кейін де жағдайы өте ауыр болды.1740 жылы Иран әміршахы Нәдіршах Хиуаны талқандап, Сырдария өңіріне жақындауы,қазақ руларының онсыз да ауыр жағдайын күрделендірді.Иран шахының қазақ жеріне шабуылынан шошынған ӘбілхайырРесеймен байланысын нығайтуға мүдделі болды.
Ресей Алтайдан табылған түсті металдарға қарық болып, бірнеше кен байыту зауытының және кеніштерінің негізін салды. Қазақ жерін қорғау деген желеумен Оралдан, Сібірден әкелінген зеңбіректерді, әскери бөлімдерді Ертіс, Алтай өңіріндегі бекіністерге орналастырып, Ресей өзіндік экономикалық мүдделерін бірінші орынға қойды.
2-қарсы дәлел.. Ресей империясы қазақ-жоңғар тартысын пайдаланғанСібір губерниялық басқармасы Петербургтің талабын орындай отырып, кенге бай Алтай өңірін отарлауды тезірек аяқтауға тырысып бақты.
Орта жүзді қалмақтардың уақытша билігінен босататын күш тек қазақтардың өздері болатынын 1734 жылдан осы жүздің ханы болған Әбілмәмбет те,беделді сұлтан Абылай да түсінді.
Қамалдар қыспағында қалған қазақтардың көшіп-қонатын жерін тарылтты.
ХҮІІІғ 50-60 жылдары Ресей үкіметі Қазақстанды тәуелді ету жоспарларын іске асыру барысында Жайық, Сібір, Орынбор казактарын ұйымдастырып,бекіністерге орналастырып, Ертіс, Есіл, Жайық бойындағы ғасырлар бойы қазақ көшпенді мал шаруашылығының өрісі болған өңірлерге казактардың көз алартуы орыс-қазақ байланыстарын шиеленістірді. Шұрайлы, суы мол жерлерден қазақтарды ығыстыру біртіндеп казактарды осы аудандарға кеңінен орын тепкізу еді.
1756 жылы қыркүйектің 2-де қабылданған шешімде Жайық жағасына қазақтардың малын жаюға ресми шек қойылды.
Міне, осындай отаршылдық саясатқа қарсы қазақ шаруаларының ұлт азаттық 1783-1797 жылдардағы С.Датұлы көтерілісі, 1836-1838 жылдары Исатай мен Махамбет бастаған Бөкей Ордасындағы т.б. көтерілістерді қанжоса қылып басып-жаныштады, патша үкіметі өзінің әділетсіз отаршылдық саясатын жүргізе отырып, көршілері есебінен жерін ұлғайтты.
1822 жылғы реформа арқылы Орта және Кіші жүздегі хандық билікті жойып, патша осы жерлердің иесі болып саналды. 1867-1868 жылдырдағы реформалар арқылы әскери-әкімшілік билік генерал-губернатордың қолына шоғырландырылды, қазақтардың арасында әлеуметтік жік тасталды, оған дәлел Шыңғыс ұрпақтарына берілген жеңілдіктер, өмірлік зейнетақы мен салықтардан босатылды. Реформа арқылы отарлық басқару, билік нығайтылды.

ІІІ-скипер: Саламатсыз ба? Мен “Азамат” тобының 3-скипері…….
Сіздерді мұқият тыңдап отырып, Ресей үкіметінің сол бір қиын да күрделі жылдары қазақ халқына істеген жақсы да жақын істерін одан әрі дәлелдеуден басқа еш амалымыз жоқ.Өйткені, “Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына кіруінің пайдасы” деген көзқарасы күн тәртібімізден түспейді, біз оны нық қолдаймыз!
Оған дәлелдерім:
1.Орыс үкіметінің Ресей билігіндегі қазақтарды қорғауға дайынекендігін ескетруі қалмақтардың әскери қимылдарына біршама шек қойылды.
2.1742 жылы 2 қыркүйекте Орынбор комитетінің бастығы И. Неплюев Қалдан Церенге хат жолдап, Ресейдің қарамағындағы қазақтарға қысым жасамауды талап етті.
3.ХҮІІІ ғ ІІ-жартысында қазақ-орыс саудасының орталықтары Жәміш, Железинск, Омбы, Семей, Бұқтырма бекіністерінің негізі салынды.Бұл қазақтардың Орта азия хандықтарының Ресеймен сауда көлемінің өсуіне, тауарлардың түр-түрінің көбеюіне мүмкіндік жасады. Қазақстанмен сауданың тиімділігіне көңіл аударған орыс үкіметі бекіністерде мешіттер салғызды.
4.Тіпті 1801 жылы патша үкіметі қазақ руларын өздерінің тарихи қонысы Жайықтың оң жағасына өтуіне, малын жаюына рұқсат берді.
5.Қазақстанның Ресейге қосылуының пайдасы ХІХ ғ І-жартысынан байқалды. Елде өндіргіш күштерді игеру нәтижесінде шаруашылықтың жаңа салалары пайда болды.Ол тұз өндіру, балық аулау, кен орындарын ашу, су және жел диірмендерін салу, былғары және май зауыттарын іске қосу.
6.Қазақстанда тұңғыш ресми сауда орындары ашылды.Оған мысал 1822 жылы Кіші Ордадағы жәрмеңке.
7. 1822 жылы “Сібір қазақтарының жарғысы”, 1824 жылы “Орынбор қазақтарының жарғысы”, 1867-1868 жылдары Ережелер қазақ елінің дамуына елеулі өзгерістер әкелді. Қазақстанды басқару жеңілдеп, өзара рулық қақтығыстарға біршама соққы берілді, бай өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы шарт жасалды. Әлеуметтік, шаруашылық өмірге капиталистік құбылыстар енгізді. Кедейленген қазақтар қалаларға, өндіріс орындарына жұмысқа тартылды.
ХІХғ мен ХХ ғ басында Қазақстанда жаңа 19 қала пайда болды.
8. Қазақ-орыс халықтарының достығы шыңдалды. Пікірімізді қорыта келе,”Қазақ хандығының Ресей империясының құрамына кіру пайдалы болды” деген көзқарасында қаламыз.
Осындай ұлы халықтың арқасында прогреске, өркениетке жеттік деп нық айта аламыз.

ІІІ-скипер.Саламатсыздар ма? Мен”Алаш” тобының 3-скипері…
Біз қарсылас топты зейін қоцып тыңдадық. Соған қарамастан өз көзқарасымызды өзгертпейміз.
Делеліміз:
1.Патша үкіметі империясының саясаты ұлттарды ұлттарға айдап салды.Оның дәлелі 1755 жылы башқұрттардың патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күресін басуда Кіші жүз қазақтарын пайдаланды.
2.Қазақ жеріне бекіністер сала отырып, қазақтардың көшіп-қонатын жерлерін тарылтты.
3.Қазақ жерлерін түгел отарлауы, қазақ елін толық тәуелсіздігіненайырып, ендігі жерде Ресей империясыныңменшігі болды деп жариялауы.
4.Жердің байлығы Ресей патшасының меншігі болып есептелді.
5.Бекіністерге Жайық, Сібір, Орынбор, Дон казактарын әкеліп орналастырып,оларды жазалаушы ретінде пайдаланды.
6. 18-19 ғ С.Датұлы, Исатай мен Махамбет бастаған т.б. отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық көтерілістерді аяусыз басты.
7. 1822,1824,1867-1868 жылдарда ереже-реформалар жүргізе отырып, хандық билікті жоцып, әкімшілік-азаматтық билікті генерал-губернатордың қолына шоғырландырды.
8. Қазақтардың ішіне әлеуметтік жік тасталды. Оған дәлел Шығыс ұрпақтарына артықшылықтардың берілуі.
9.Білім жүйесінде өзгерістер-тілмаштар мен патша үкіметіне адал қызмет ететін мамандар дайындау мақсатында Қазақстандағы білім жүйесін түбірінен өзгертті.
10.Қазақстанның шұрайлы жерлеріне қоныстанушыларды орнықтырып, қазақ шаруаларын сусыз иен далаға ығыстырды. Олай болса, қазақ халқы 300-ден астам жыл өз тәуелсіздігінен айырылып, Ресей империясының боданына айналды. Отар болып, еліміздің дамуынжүздеген жылға шегеріп тастады емес пе. Ендеше біз өз…”қазақ хандығының Ресей империясы құрамына кіруі зиян болды” көзқарасында қаламыз.Сөзімізді қорыта келе, қазақ халқының қайта өрлеудегі алғашқы қадамы 1991 жылғы 16 желтоқсанда басталды.Еліміз егемендігіне қол жеткізіп,бүгінгі күні өз лайықты орнын тапты деп ойлаймын.

Рейтинг: 0
0

Сізге ұнау мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *