Шешімдер және олардың түрлері

17 сентября, 2014 20:30

Әpбip менеджмент — бұл ең алдымен шешімді қабылдау. Қызметіне қарай менеджер — батыл адам, ол әр түрлі шаруашылық,   коммерциялық,   кадрлық   және   т.б.   сұрақтар  бойынша үздіксіз    шешім    қабылдай  отыру   керек.    Шешімді қабылдау оны орындалуының бақылау тапсырмасымен толықтырылуы қажет. Шешім және    бақылау  бip-бipiн толықтырады.    Шешім көбінесе мақсатты белгілеумен, көптеген нәтижесі және оған жету    жолдары, жоспарлаумен байланысты болып табылады.

Жоспарлау есеп алу және есеп беру жүйесін болжайды; не жоспарланса, сол есепке алынып отырылуы қажет. Есеп алу және есеп беру өз алдына әрекетін бақылаудың шарты және сілтемесі, бip жағынан — шешім қабылдауға, eкінші жағынан — есеп алу және есеп беру мәліметтері шешім (бұйрық, жарлық және т.б. түрінде) осылай жоспарлау (жоспар және бағдарлама түрінде), осылай бақылау (акт, тексеру анықтамалары және т.б. түрлері), осылай есеп алу және есеп беру де лайық келетін құжаттарды қабылдау, бекіту, пайдалану және сақтау, яғни құжат айналымы болып табылады. Басқару шешімінің сәйкес қатынасы және өзара байланысы, бақылауды жоспарлау, есеп алу және есеп беру, құжат айналымы осының барлығы ақпаратты механизмді құрайды.

Бірінші кезекте басшының міндеті – мәселелерді шешу, сондықтан олардың жұмыстарына осы сферадағы тәжірибе маңызды болып табылады. Әрине, әpбip пайда болған мәселе (мысалы, кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту, қызметкердің кешегyi) нақты жағдайларға байланысты басшыдан ыңтайлы шешімге келуін талап етеді. Мәселені шешудің бip жолы жаппай кітапханаға тән, басқасы – ғылымиға. Ауыл кітапханаларына жаңа оқырмандарды тарту үшін үйді үйге кіріп шығу тиімді, ал қалада мәдени, оқу, aғapтy, қоғамдық мекемелердің қатысуымен үлкен шаралар өткізілген дұрыс. Keшігіп келетін қызметкердің мәселесін шешуде басшыға ең жақсы нақты жолын табуы қажет; жаза, немесе өзінің жеке проблемасын шешуге көмек беру (мысалы, баласын бала бақшаға орналастыру, немесе тағы басқа). Менеджерлерге дайын жауап беру мүмкін емес, бipaқ әpбip басты мәселелерді шешу қабілетін дамыту қажет. Мәселелерді дұрыс шеше алатын менеджердің ерекшелігі: сол жағдайға қолайлы әдісті талдау, жүйелі, жинақты әдістi қолдану, әр қызметкердің жұмысына мәселелерге жауапкершіліктерін нақты белгілеу, тиімді жоспарлау, талдау, бақылау, үйлестipy.

Басшының мінездемесінде айналасына ықпал ету қабілеті болу керек. Басшының идеясын, көзқарасын, ескертпелерін бағыныштылары есепке алу. Бедел — күрделі ұғым, бұл — бұйрық беруді бөлу, айналасына ықпалы, айналасымен қатынаста болу. Беделді менеджер өзіне сенімді, өзінің ойын анықталмай алатын, дәл нақты жарлық беретін, табанды болу керек.

Менеджердің кeлeci қасиетті басқару стилімен байланысты — бұл менеджменттің практикасын және стилін түciнy. Тиімді басқарудың кілті басшының жағдайды мұқият, тиімді талдау қабілетінен тұрады, оcы негізінде ыңғайлы менеджмент филисофиясын тaңдay.

Басқарудың жақсы жолын білеттін менеджер:

  • қоғамдық ұйымдарға, басшылықтарға, ұжымдарға қатынасты өзінің
    pөлін талдап отыратын
  • қызметкерлерге тапсырма белгілейді,  негізгі  мақсатты  ықыласпен,
    терең талдайды.
  • өкілеттікті бөледі.
  • жақсы жұмысты мақтаумен ынталандырады, қызметте жоғары көтеру.
  • бағыныштыларымен байланысты белсенді қолдайды және орнатады.
  • әр түрлі күрделі, қиын адамдармен тіл табысады, яғни жалқаулармен, ашулы, дәрменсіз, қатыгез адамдармен.

Менеджер — бұл оқытушы, қызметкерлердің білім алуына, шеберліктерінің дамуына ұжымда қолайлы жағдайлар жасайды. Басшының оқытушы қабілетінің пайда болуы, ол айналасындағылардың мықты және әлсіз жақтарын бөлу, бағыныштыларға күрделі тапсырма береді, олардың алдына мақсат қояды, қызметкерлерді бақылайды және олардың әлеуетін бағалайды.

Менеджер – тәрбиеші, оның міндеті — тату, берік ұжым құру. Қазіргі тұрақсыз, бeлгiciз жағдайда әр кітапхана басшысына ұжым жұмысының маңызы көр екенін сезіну қажет.

Ұжым қалыптастыруға қабілеттi басты, ұжым идеясын қолдайды, кадрды дұрыс таңдайды, ер адамға қамқор болады, психологиялық жайлы климат құрады.

Қaзip және келешекте менеджерден талап ететін қабілеттер:

  1. өзін-өзі басқару қабілетті, жігерлілік, белсенділік, өмip қиыншылығын жеңіп шығу.
  2. өзінің көзқарасы болу керек, жауапкершілік беделді болу,
  3. өмірлік мақсаттан білетін, ұжым мен бағыныштылардың қызметіне
    әділ баға бере алатын.
  4. өзiн-өзi жетілдіріп отыратын, өз бетімен білімін жетілділіп отыратын
  5. мәселелерді шеш білетін, қолайлы әдістемені таңдай білетін, нақты
    дәл мақсатты белгілеу.
  6. шығармашылық қабілетті, адамдар үстінен басқару білетін.
  7. адамдарға ықпал   ете   алатын,  өзіне   сенімді, өзінің дәлеледеріне нандыру, мақсатына жету үшін табандылық көрсететін
  8. басқару жұмысын     ерекшелігін     түсінетін,     бағыныштылармен
    қатынаста болатын
  9. ұжымды қалыптастыру      қабілеті,  ұжым  идеясын      қолдау,
    қызметкерлерді, кадрларды таңдай білетін, бағыныштыларына қамқор
    жасау.

Басшының жинақталған суреттемесіне оның жеке мінезінің epeкшеліктеpi де кіреді. Психологиялық зерттеуден кейін, мінездемеге мыналарды жатқызуға болады: өзіне сенімділік, сабырлылық, қиындыққа төзімін, жеңіске талпыну, жауапкершілік, кәсіпкер, тәуелсіз, ceнімді, үйірсек. Психологтардың ойынша, басшы — еркек және басшы — әйелге қажет қасиеттері бірдей болмайды. Әйел және еркек басшыларға арналған талаптар:

Әйелге қойылатын талаптар:

көңіл-күйі тұрақты, зиялы, ұйымдастыру қабілеті, жәрдемдесуге дайын, өз жұмысын жетік білетін, дұрыс мәлімет ала білу, ақылды.

Еркек-басшыға қойылатын талап:

өз жұмысын жетік білетін, ақылды, ұйымдастыру қабілеті, дұрыс мәлімет ала білу, көңіл-күй тұрақты, зиялы, жәрдемдесуге дайын тұратын.

Басқару процесінде шешім қабылдау ең түйінді мәселе. Ол басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. «Басқару шешімі» термині екі негізгі мәнде қолданылады. Біріншісі – белгіленген басқару актісін, қабылдаған іс-әрекет жоспарын, қаулы-қарарларды, екіншісі – проблемалар мен міндеттер, шешім қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы жағдайын (түрін).

2-топ талаптары – түпкі, соңғы шешімнің тұжырымдалғандығын сипаттаушы сапа көрсеткіштері тобының талаптары:

А) Энтрпия көрсеткіші, яғни менеджмент жүйесінің элементтері мен шешімнің арасындағы байланыстың сандық анықталынуы;

Б) Мақсатқа жету тәуекелділігі немесе болжамның таралу аймағы (алаңы);

В) Фирманың мақсат «бәйтерегін» жасаудың деңгейлерінің саны;

Г) Шешімдерді қалыптастыру үшін қатыстырылған иерархиялық деңгейлер саны;

Д) Шешімдерді қабылдауға қатыстырылған иерархиялық деңгейлер саны;

Е) Шешімдерді қабылдауға қолданылған әдістер саны: Функционалдық-құндық (баға) талдауы, болжамдау, экономикалық-математикалық әдіс, модельдеу.

(баға) талдауы,

Шешімдерді ықшамдау – бұл қорытындыға, нәтижеге әсер ететін әртүрлі факторларды тексеру, бағалы  /тиімділік, ұтымдылық тұрғысынан/.

Ықшамданған шешімдер – бұл таңдалған ықшамдау критериясы бойынша таңдаған барлық баламалы  шешімдердің ең тиімді варианты (жолы).

 

Шешім бір мәселе жағдай туындаған кезде қабылданады. Жүйенің – керекті қажетті және қазіргі күйлері арасындағы айырмашылық сипаттау жағдайы деп аталынады.

 

Басқару шешімдері келесі белгілер бойынша топтастырылады.
Уақытша әсер ету (қабылданған шешімнің мерзімі бойынша)
Шешілетін сұрақтардың көлемі бойынша (бүкіл барлық шаруашылық, бөлек салалар, ауылшаруашылық кәсіпорындарының бөлімдері)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Функционалды белгісі бойынша

Басқарылу жүйесінің, ортасының және  параметрлерінің мәліметтену дәрежесіне байланысты шешімдерді топқа бөледі.
1 топқа анықталған жағдайда қабылданатын шешімдер кіреді, онда ортаның барлық факторлары және қабылданатын белгілі бір шешімнің нәтижесі анықталады
2 топқа тәуекел жағдайында шешім қабылдау, онда ортаның факторлары мүмкіндікті жағдайды сипаттайды.
3 топқа белгісіз жағдайдағы шешімдер, онда операцияларды орындау жағдайы және ортаның факторларын статистикалық сипаттайтын белгісіз немесе мағынасы жоқ.

Сан түрлі басқару шешімдерін бағдарламалы және бағдарламалауға болмайтын деп бөледі.

 

Бағдарламалы шешімдер – бұл жиі қайталанатын шешімдер. Мұндай шешімдерді қабылдау тәртібі (жолы, бағыты) техникалық құралдар күшімен жөнделген мәліметтер негізінде жаалануы мүмкін.

Бағдарламалауға болмайтын шешімдер, нақты құрылымсыз болады. Бұл негізінен жаңа жағдайларға, жұмыстарға іс-қызметтерге байланысты шешімдер, олардың іске асырылу нәтижесі әлі белгісіз.

«Ми шабуылы» немесе ұжымдық идеяларды (көзқарастары) генерациялау әдісі. Проблемаларды шешу жолдарын, тәсілдерін топ болып талқылау негізінде жаңа идеяға, көз-қарасқа (ұтымды, тиімді жолдарға) қол жеткізу. Негізгі ерекшелігі, қиын асырылмайтын кездерде көлемді творчестволық ізденіс негізінде ұтымды жолдары табу. Эксперттердің белсенділігін арттыру мақсатында оларды сынауға тиым салынады.

«Ми шабуылы» сеансына қатысушылар анкетасы

 («Ми шабуылы» сеансынан кейін алқалы отырыспен толықтырылады)

 

Рет саны №№ Ұсынылған идеялар мазмұны Идеяның маңыздылық  дәрежесі 1-ден 10-ға дейінгі шкала аралығында
1 2 3

 

«Ми шабуылы» идеясын ұжымдық генерациялау нәтижесі бойынша мақсат «бәйтерегін» (тармағын) құру.

 

Мақсат

«Бәйтерегі»

(мақсат тармағы)

Деңгейдегі элементтер саны Элементтер атауы
  1. Басты мақсат
  2. Проблемалардың негізгі мақсатынан туындайтын кейінгі мақсаттары
  3. Міндеттер
  4. Жүйені жобалауға тапсырмалар
Біреу

Сеансқа қатысушылар айқындайды

Сеансқа қатысушылар айқындайды

Сеансқа қатысушылар айқындайды

 

 

 

 

Басқару шешімдерін қабылдауға ықпал жасаушы факторлар:

  • Басшының жеке бағалау. Әрбір адамға өзіндік қымбат заттар, жағдайлар жүйесі болады, олар оның іс-қимылын анықтайды және қабылданбақ шешімге ықпал жаайды;
  • Шешім қабылдау ортасы. Шешім анықталған, яғни белгілі жағдайда, тәуекелділік немесе белгісіз жағдайларда қабылданады.
  • Мәліметтік /ақпараттық/ шектеулер. Басшы шешім қабылдауда білуі керек – сапалы, қосымша мәліметтер алуға кететін қрсымша шығындар түсетін пайданы қайыратындығын, өтейтіндігін.
  • Мінез-құлық факторлары. Мысалға, бір заттарға жағымсыз қарау, мәліметтерді өзіндік құштарлықпен және кедергілерімен сезіну шешім қабылдау жолындағы шектеулер болып саналады.
  • Жағымсыз зардаптары. Әрбір маңызды шешім келісімдерімен, жағымсыздықпен /соңынан болатын/ байланысты. Сол себепті басшы оларды күтілетін пайдамен, нәтижемен салыстыру қажет.
  • Шешімдердің бір-бірімен байланысы. Маңызды шешім көптеген кейін шешілетін шешімдерден тұрады және ұйымның барлық сегменттеріне ықпалын тигізеді.

 

 

 

0

Автор публикации

не в сети 11 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля