Қазіргі кітапхана басқарудағы еңбегінің стилі, мәдениеті, этикасы және тұлғасы

[add-bookmark]

Кітапхана менеджер үшін оның қоршаған адамдарға білдіретін әсері өте маңызды, сондықтан ол өзінің жеке имиджін қалыптастыру үшін этикет ережелерін білуі қажет және өзін-өзі осы ережелерге сәйкес ұстауы тиіс.

Этикет — бұл адам қылықтарын реттеудің нысандарының біреуі болып табылады, бірақ, этикет ережелері формалды болғандықтан, олар адамға еркін таңдау мүмкіндігін бермейді. Бұл ережелерді біліп, орындап отыру қажет. Этикеттің тілі негізінде жалпы адамдар арасындағы әдептілік талаптарын білдіреді, сонымен қатар, ол адамдар арасындағы жасқа, қызметке байланысты және басқа да айырмашылықтар иерархиясын реттейді. Этикет тілінде нақты қалыптасқан жағдайға сәйкес жүзеге асырылатын әрекеттердің дайын үлгісі ұсынылады.

Қазіргі танда іскерлік этикет демократиялық принциптер негізінде жаңартылады, бірақ, сонымен қатар этикеттің негізінде ғасырлар бойы қолданылып келе жатқан ережелер салынған, мысалы: сыпайылық, тәрбиелік, әдептілік, жақсы міңез және басқалары. Тәрбие көрген адам үшін бұл ережелерді орындау әдет, оларды сақтап жүру қиынға соқпайды.

Этикеттің ерекшелігі диалогиялық болып табылады, басқаша айтқанда, этикет ережелеріне сәйкес бір-бірімен қатынасатын адамдар осы ережелерді біліп, «бір сәтте сөйлесуі» тиіс. Мысалы, егер адамдар міндетті түрде бір-бірімен амандасуға әдеттенбеген болса, сіздің амандасқанынызға олар тан қалып қарауы мүмкін. Сондықтан, мәдениетті ортада этикеттің жалпы ережелерін білім сақтау қажет. Адамның жалпы мәдениеті көптеген белгілерден құралады, солардын ішіндегі біреуі-тәрбиеліктін сыртқы көрінісі. Іскер адам киім стилін тандағанда қоғамдағы өзінің жағдайын, толықтығын, жасын және қайда баратынын ескеруі тиіс.

Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Бір ғажабы, осы заманғы ақпарат тасымалдаушы технология жүйесінде де кітапхана маңызды буын болып саналады.

Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алатын орны ерекше.

Кітапхана мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени-ағарту қызметінің негізгі болып табылады. Кітапханаларда оқу феноменін тиімді пайдалану мен дамытудың сан ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі сақталған. Олар кітаптарда жинақталған адамзат жадының, ұлт жадының алтын қоры, ал кітапханашылар – сол теңдесіз қазынаның шырақшылары іспеттес.

Кітапхана ғасырлар бойы келе жатқан шырағы бтік парасатталық пен білімділіктің киелі ордасы. Заманымыздың әр кезеңінде кітапханашы қызметі туралы ұғым жоғары болуы тиіс. Кітапханашы кітапханада тек кітап береді деген тар ұғым орнына, қоғамда кітапханашы мамандығының қажеттілігін мойындайтын оң пікірлер мен көзқарастар қалыптастыру керек. Кітапханашы маманы туралы түсінік терең мәнді, қажеттілігі жоғары болуына көңіл бөлінуі тиіс.

Бүгінгі кітапхана ұжымдары өздерінің дәстүрлі болмысына табан тірей тұрып, осы заманғы ақпараттық жаңа технологиялар қоғамның тірек элементтеріне айналуға ұмтылған әлеуетті, әлеуметтік топқа жатады. Кітапхана қызметін автоматтандыру мен компьютерлендіру деңгейі, бұл процестерді электрондық үкімет жүйесінде пайдалану мүмкіндіктері осыған меңзейді. Қазір жекелеген электронды кітапханалар ғана емес, мемлекеттік деңгейде орталықтандырылыған электрондық кітапханалар жүйесін құру мәсілесі де күн тәртібіне қойылып отыр. Мұндай ірі жобалар мемлекеттік бюджеттің қолдауымен белсенді түрді жүзеге асырыла бастады.

Кітапханашы қызметі – ол танымал кітапхана оперциясын кітапханада  және осыған ұқсас ақпараттық мекемлерде орындайтын кітапханалық білім бар маман. Әрбір ақпараттық жүйе – бұл құжаттардың жүйелі ұйымдасына және ақпараттық технологиямен электрондық техниканы қолданады, іске асырады. Ақпараттық процесс бұл жинақтау, өңдеу, іздестіру, сақтау және тарату, ақпарат болғанымен кітапхананы осы процестер жүретін әлеуметтік институт деп атайды.

Кітапханашының басты мақсаты – елдің ұрпағын білім дариясына бағыттау үшін қызмет ету. Сонымен қатар оқырмандардың кітап оқуына жеткешілік ету жұмыстарының арасынан әдебиеттерді насихаттаудағы көпшілік  жұмыстарының алатын орны ерекше. Жас ұрпаққа тәрбие беруде олардың жан-жақты дамуына, еңбекті сүюіне, үлкен өнегеге тәрбимелеуде кітапқа қатысты тәрбие жұмысының әртүрлі әдістерін кеңінен қолданады және сол әдістерді жетілдіруге тырысады.

Кітапхана өмірі – сырт көзге біліне, байқала бермейтін ағысы, баяу, тулаған толқындар ішінде жататын өмір. Сол өмірге бойлап, дендеп енген адам ғана бұл шаңырақтың қасиеттілігін, кітапханашы мамандығының қыры мен сырын аңғара алмақ.

Кітапхана — мәдениеттің жоғары деңгейі және ақпарат пен білім әлемі ретінде онда жұмыс істеген адамнан еріксіз жоғары стильді талап етеді. Жақсы сөзді дайындау өз алдына, оның мазмұның тыңдаушылардың жаны мен жүрегіне дұрыс жеткізе білу басқа шаруа. Осының барлығына дұрыс жолға  қойылған сөйлеу мәнері арқылы  қол жеткізуге болады [16, Б.24-26].

Журналист, мұғалім мамандықтары тәрізді кітапханашы маманына да сөйлеу мәдениетін, сөз өнерін меңгеру өте қажет. Жоғары кәсіби деңгейде белгілі бір кітапты насихаттау, болмаса, өзінің көзқарасын білдіріп, адамдармен қарым-қатынасқа түсу үшін білім ғана жеткіліксіз, кітапханашыға сөйлеу мәдениетінің негізі аса  қажет.

«Сөйлеу мәдениеті» ұғымына адамның сезімі мен жүрегіне қозғау салып, оларды белгілі бір мақсатқа жұмылдыра білу өнерін жатқызуға болады. Дұрыс сөйлей білу — өмірдегі жетістіктердің бастауы, кәсіптік деңгейдің жоғарылығын көрсетеді. 1893 жылы орыстың жазушысы А.П.Чехов Москва университетіне риторика пәнінің енгізілетінін естіп қолдау көрсетеді. А.П.Чехов зиялы адамның дұрыс сөйлей алмауы, дұрыс жаза және оқи алмауымен бірдей деген.

Сөйлеу мәдениетін меңгерген адам, өзінің ойын дұрыс жеткізе алады, тыңдаушының ойын басқа арнаға бұрып әкететіндей артық сөз айтпайды. Өз уақытында және орнымен айтылған сөз қандай жағдайлардан да жол тауып кетуге көмектесетіні сөзсіз.

Көптеген атақты жазушылар, кітапханатанушылар сөз — дұрыс пайдаланушының қолында болса, мықты қару болып есептеледі, ешқандай кітап, плакат адамның сөзін алмастыра алмайды деп есептейді. Гете кітап көп нәрсеге үйретеді, бірақ ұстаз бен уағыздаушының күшіне жетпейді деген. Орыс жазушысы А.Гончаров болса, қандай да бір керемет кітаптар өзінің дұрыс насихаттаушысын таппаса, ол сол беті әлі дүние болып  қалады дейді.

Сөйлей білу кітапханашы маманға аса қажет, себебі ол оқырмандармен, әріптестермен, қоғамдық мекемелермен үнемі қарым-қатынаста  болады.

Сөйлеу мәдениетінің түп-тамыры Көне Грециядан бастау алады. Біздің эрамызға дейінгі V ғасырда Эллодада соттылардың мектебі ашылады, олар сөзді жоғары деңгейге көтеруге күш салады, азаматтарды өз сөздерін дұрыс жеткізе білуге, сотта сөз сайысына түсуге үйретеді, себебі ол кезде сотта әркім өзін-өзі қорғайтын. Соттылардың оқуы шындықты айтуға негізделмеген, тек сөзбен иландыруға ғана негізделетін. Соттылардың оқуы Платон мен Сократтың сынына ұшырады. Әрине әр ғасырда көптегөн шешендер өмір сүрген, олардың барлығын мысал ретінде айта беруге болады. Жалпы, сөз өнеріне бейімділікті әр адамның жеке қасиеті деуге болады, бірақ та мына мысалға қараңыздаршы.

Тарихта Демосфеннен артық шешен жоқ деп айтады. Бала күнінде қамқоршыларының әкесінен қалған үлкен мұраны дұрыс бөлмегеніне ыза болған Демосфен кәмелетке толғаннан кейін сотта өз мұрасын даулап алмақ болады, бірақ ол ісі іске аспайды. Себебі, ол дұрыс сөйлей алмайтын еді, тұтығып, сөзінің аяғын жұтып қойғаон Демосфенді тыңдаушылар күлкіге айналдырады. Оның кескін-келбеті де адамды тартпайтын, ол өте арық, еңкіш тартқан денесіне қолын орынсыз сөрмегенің қоссаңыз өте  күлкілі жағдайға  кенелесіз [10, Б.12-16].

Осы жағдайдың барлығы болашақтағы ұлы шешенді тоқтатпайды. Ол жердің астынан өзіне орын жасап алып шешендік өнерге үйрене бастайды. Сыртқа шықпау үшін шашын жартылай алып тастайды. Алдын ала датайды. Сыртқа шықпау үшін шо тү йындап алған сөздерді ол сағаттап сөйлейді, тілін құрмет сөйлейтін кемшілігін жою үшін, дем алмастан тауға күніне неше рет шығады, теңіз жағасына келіп, тілі мен тіс еттерінің қанағанына қарамай аузына ұсақ тастарды толтырып алып теңіз шуынан да қатты айғайлап тілінің кемшілігін жоюға тырысады. Ал иығы өз қалпынан төмен түсіп кетсе, алдын ала дайындап қойған өткір семсер арқасына қадалатын. Міне, осындай жанқиярлық еңбектің арқасында Демосфен өзінің алдына қойған мақсатына жетіп өзіне тиесілі әкесінен қолған мұраны даулап алады. Ол кереметтей шешен болып шығады, мындаған тыңдаушылардың құрметіне ие болып, сөз құдіретінің арқасында қаншама мелллекеттердің тағдырына ықпал етеді. Бұл мысалдан қандай қорытынды шығаруға болады, өзінді өзің тәрбиелесең, еңбектенсең сөз сөйлеу өнерін де меңгеруге болатынын  көрсетеді.

Қазақ халқы да сөз өнеріне үлкен мән берген қандай да бір даулы мәселелерде Төбе бидің сөзіне тоқтап мәмлеге келген, әсіресе өздерінің шешендігімен, даналықтарымен қазақ халқының тарихында есімдері өшпес із қалдырған үш жүздің шешендері Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке  билер.

Кітапханадағы қарым-қатынас сөйлеу мәдениетінің негізі.

Кітапханадағы қарым-қатынастың өзіне тән маңызы  бар, олар:

— коммуникативтік — бұл кітапханалық қарым-қатынастың түрі;

— кітапханалар  ортасындағы   қарым-қатынастық қызметтің құралы болып есептеледі;

— ақпараттық — кітапхана оқырманға ақпарат беріп отырады. Ақпарат    пайдаланушыға беріледі,  пайдаланушы   мен   ақпараттың  арасында   байланыс   болмаса ақпарат өзінің    маңыздылығын жоғалтады. Сонымен бірге кітапханашы өзінің білімін үнемі көтеріп отыруы қажет. Осы   мақсатпен   кітапханашылар   әр түрлі   әдістемелік   ғылыми   семинарларға,   өндірістік кеңестерге, іс-тәжірибе  алмасу шараларына, кітапхана ассоциациясының отырыстарына қатысып,  баспасөз   беттері   арқылы   өз   іс-тәжірибелерін   бөлісіп отыруы  керек;

—   реттеушілік  қызмет  —   кітапханашыға   кітапхана ортасында қарым-қатынасын  реттеп,  кәсіби ұжымда өз орнын табуға, пайдаланушымен қызметтік қарым-қатынас   шекарасын      орнатып,   этикалық   тұрғыдан дұрыс жолға  қоюға  көмектеседі;

—  тәрбиелік қызмет — кітапханадағы  орнықты  әрі лайықты  қарым-қатынас оған  қатысушыларға  жақсы әсер етеді, кітапханашы оқырманмен қарым-қатынас кезінде қызмет көрсетуді жақсартуға ақпарат алады, оқырманның білімі  мен  мәдениетінен   өзіне  қажетті жақтарын   пайдалана   олады,   сол   сияқты   оқырман да  кітапханашыдан тәрбиелік әсер алады:  ақпарат беруде,   оны  іздестіруде,   кітапхана   қабырғасында өзін қалай    ұстау  қажеттігі және қарым-қатынас нәтижесінде екеуінің істері бір мақсатқа тоғысады.

Бірақ, үнемі олай бола да бермейді, қейде әр түрлі даулы мәселелер туындап жатады. Кітапхананың тәрбиелік қызметі кітапханада жұмыс дұрыс жолға қойылған  ортада жүзеге асады. Кітапханада әртүрлі көлеңсіз жағдайлар да ұшырасады, олар кітапханашының немесе оқырманның дөрекілігі, оқырманға қажетті кітаптың болмауы, оқырманға дұрыс ақпарат берілмеуі, міне осы жағдайлар оқырман мен кітапханашының ортасын алшақтатып, оқырман кітапханаға жолағысы келмей, кітапханашы оқырман жайлы бөтен ойда  қалатын  кездер де кездеседі.

Кітапханадағы сөйлеу қарым-қатынасы үш алғы шартты басшылыққа алуы қажет: адамдарды дұрыс тани білуі, олардың іс-әрекеті неге бағытталғанын түсініп, оқырмандар мен әріптестердің әрқайсысына жеке ерекшелігіне қарай қарым-қатынасты таңдап алса, тіпті көп.

«Кітапханашы-оқырман» арасындағы қарым-қатынас еңбек қарым-қатынас жүйесі болып құрылады.

Оқырман кітапханашыны барлығын білетін, білімді, қайырымды, кез келген уақытта көмекке келетін маман ретінде қабылдайды. Осы түсініктен ауытқыған жағдайда «кітапханашы-оқырман» арасындағы қарым-қатынас қайшылыққа ұшырап, оқырман кітапханашыға сыни көзқараспөн қарай бастайды.

Тәжірибелі мамандар қазіргі уақытта кітапханашылар мәдениетті, тәрбиелі, көп оқыған, көп білетін, жайлары, ой өрісі дамыған, сыпайы, елгөзек, адал, жауапты, оқырманға құрметпен қорайтын, жеке тұлғаның психологиясын түсінетін, педагогикадан хабары бар, жаны жомарт, сонымен қатар, әрине кәсіби біліктілігі жоғары адам болу керектігін айтады.

Кітапханашыға оқырманға өз ойын, сөздің мағанасын дұрыс, әдемі етіп жеткізуі үшін сөз сөйлеу мәдениетін меңгеруі қажет. Сөйлеу әдісін дұрыс меңгерген кітапханашы сөзі анық, тыныс алуы қалыпты, тыңдаушылармен дұрыс қарым-қатынас орната алады.

Кітапхана — мәдениеттің жоғары деңгейі және ақпарат пен білім әлемі ретінде онда жұмыс істеген адамнан  еріксіз жоғары  стильді талап етеді.

Кітапханашының сөйлеу мәдениетіне қойылатын талап, ол сөйлеп тұрған тілінің (орысша, қазақша) сөйлеу қалпына сәйкес келіп, грамматикалық жағы дұрыс, мүмкіншілікке қарай қысқа, нақты, әрі дауыс мәнері анық болып, кез-келген аудиторияда естілуі қажет.

Кітапханашының дұрыс сөйлеуі — сөйлеу мәденнетінің негізі. Сөйлеудің грамматикалық ережесін сақтамай, қателіктер жіберіп, сөзді дұрыс пайдаланбай және айта алмай тұрған кітапханашының сөзін оқырман дұрыс түсінбесе, оқырманның алдында  кітапханашының беделі төмендейді.

Кітапхана жұмысында кітапханашы өзінің сөйлейтін сөзін берілген уақыт шеңберіне сыйғызып, сөзін қысқа да түсінікті етіп жеткізуі қажет. Бір сөзді бірнеше  рет қайталамау керек.

Кітапханашы ақырын, ұғынықсыз, бір сарында сөйлеп, сөйлеген сөзіне м-м-м, сонымен, т.б. керексіз сөздерді қосып, қайталап, тілін шұбарлауға мүлде болмайды.

Кітапханашының тілі дауыс ырғағына байланысты құрылады. Кітапханашының дауыс ырғағы, сөйлеуі қарым-қатынасының негізі болғандықтан, кәсіби шеберліктің маңызды сипаттамасы болып табылады.

Кітапханашының аудитория алдында сөйлегенде қатты, ашық дауысты игеруімен қатар, көпшілікті өзіне баурап алатын дұрыс дауыс мәнері болуы да керек. Дауыс мәнері — кітапханашының сөйлеу мәдениетінің негізгі қасиеті. Жақсы сөзді дайындау өз алдына, оның мазмұнын тындаушылардың жаны мен   жүрегіне   дұрыс   жеткізе   білу   басқа   шаруа. Осының барлығына дұрыс жолға қойылған сөйлеу мәнері арқылы қол жеткізуге болады. Анық дауыс мәнеріне жету үшін тілді, ерінді, беттің төменгі жағын үнемі жаттықтыру қажет. Кітапханашыға кітапханашы жазуы (библиотечный почерк) қандай қажет болса, дауыс мәнері де сондай қажет. Жақсы дауыс мәнеріне жету үшін әріптер мен дауыстарды қатты айтып, жаңылтпаштар, өлеңдер, көркем қара сөздерді оқып, арнайы жаттығулар жасау арқылы үнемі еңбектену шарт.

Сөз — кітапханашының көпшіліктің алдында сөйлеуінің көрінісі: ол әр түрлі өндірістік жиналыстарда, оқырмандармен жеке және көпшілік жұмыстар өткізген  кездерде сөйлейді.

Сендіру тілі — мұндай тіл үш мақсатты алға қояды: тыңдаушыларды белгілі мақсатқа жігерлендіреді, өзінің айтып тұрған ұсынысының маңыздылығына көзін жеткізеді, тыңдаушылардың сезімдіне түрткі жасап, оларды  белгілі бір мақсатқа  қарай  итермелейді.

Сендіру тілі арқылы кітапханашы кітапхананың жұмысының ерекшеліктеріне тоқталады, оның қазіргі мүмкіншіліктері жайлы хабар береді, Интернет қызметі, анықтамалық-библиографиялық қызмет жайлы мәлімдейді. Кітапханашының сендіре айтқан сөзінен кейін оқырман мен кітапхана пайдаланушылары кітапханаға жоғарыда айтқан қызмет түрлерін пайдалану үшін  үнемі  келіп  тұрады.

Ең маңызды кезең — кітапханашының көпшіліктің алдында сөз сөйлеуге дайындығы болып табылады. Дайындық кезінде сөйлейтін сөзді қалай құрастыру керек, тындаушылармен кездесуге қалай дайындалу керек, аудиторияны меңгерудің қандай амалдары екенін жақсы білу  қажет.

Дайындық сөйлейтін тақырыпқа, сөйлеудің мақсаты мен міндеттеріне, аудиторияның құрамына, сол тақырыптың өзіндік ерекшеліктеріне, т.б. тікелей байланысты.

Ол белгілі бір тақырыпты тандау. Тақырып таңдауда ең қажеттісі — өзіңе де, тыңдарманға да қызықты әрі өзекті болуы керек. Тақырып қысқа, нақты, айқын болуы қажет, ол тындаушылардың көңілін аударатындай болуы тиіс. Тақырып жалпылама әрі түсініксіз болса, тындаушыларды қызықтырмайды, кері әсерін туғызады. «Тақырып өнер туындысының іргетасы», — деп З.Қабдолов айтқандай, өткізілетін шараның бәрі тақырыптан басталады. Сөйлеуге дайындық үстінде сөйлеудің мақсатын айқындау қажет. Сөйлеуші қандай мақсатпен сөйлеп тұрғанын анық көрсетуі керек. Егер сөйлеуші сөзінде «не үшін істеу керек» дегенді ойламаса, онда ол сөйлегенде табысқа жетпейді. Көпшілік алдында сәтті сөйлеп шығу үшін, материал жинау жеткіліксіз, ол материалдарды қалай орналастыруды ойлау керек: неден бастау керек, қалай жалғастырған дұүрыс, немен аяқтау қажет, аудиторияны жалықтырмай, сөзді аяғына дейін тыңдатудың қандай амалы бар дегенді ойластыру үшін, сөйленетін сөздің құрылымын түзу, сөздің жүйесін анықтау маңызды. Сөйлеген кезде конспект жасап, сөз сөйлеу құрылысының әдістерін ойластыру қажет. Тәжірибелі мамандар сөйлеген кезде естеріне түсіріп отыру үшін кейбір сөздерді ғана түртіп алады да,  көбінесе қағазға қарамай еркін сөйлейді.

Кітапхана маманы көп жағдайда сөзін қалай құрастыруды ойлайды, не нәрсеге ерік беру керек — еркін сөйлеп кетуге ме, жоқ әлде жазылған мәтіннен  ауытқымау керек  пе?

Сөз сөйлеу әр адамның жеке мүмкіншілігіне, тақырыпты білуіне, аудиторияға  байланысты.

Оқырманға кітапханашының сырт бейнесі үлкен әсер етеді. Оның киімі, шаш үлгісі барлығы кітапханашыға тән болуы керек. Үлкен мәдени шаралар өткізген кезде мейрамға сәйкес киініп, көңіл-күйді жоғары ұстаса өткізілетін шараның маңыздылығы арта түседі.

Кітапханашы сөз сөйлер алдында жазып алған қағазын қопарып жатса, ол да кітапханашы жайлы ұнамсыз әсерде қалдырады. Сонымен бірге, кітапханашы халық алдына шыға салып сөйлеп кетпей, аудиториямен біраз үнсіздік арқылы контакт орнатып алуы керек. Сөз сөйлеген кезде басқа жаққа қарамай, халыққа тура қарап  сөйлеу керек.

Кітапханашы мамандары кәсіптік өнегемен бірге сөз этикасына да көп көңіл бөледі. Маманның жұмыстарындағы жетістіктері оның өзін қоғамда, ұжымда қалай ұстауына, кәсіби этикетті, сөз сөйлеу мәдениетін, телефонмен сөйлесуді меңгергеніне байланысты болады. Этиканы білу кәсіби дәрежеде өсуге, ұжымда қалыпты ахуалды қалыптастыруға, оқырманды кітапханаға тартуға көп ықпал етеді. Этикет — адамдармен қарым-қатынас жасаудың белгілі бір ережесі. Кітапханашыларға этиканың негізгі принциптері белгілі, олар: кішіпейілділік, әдептілік, сыпайылық, дәлдік, жауапкершілік, ұқыптылық. Олар кітапханадағы жұмыс жетістіктерінің жиынтығы болып табылады.

Еңбек ресурстарын басқару — бұл кітапханадағы қызметті алу мезетінен бастауға дейінгі адамдарды басқару процесі.

Жұмыс күшінің көзі адам болып табылады. Бірақ әрбір адам жұмысшы бола алмайды. Еңбек ресурстары — қажетті физикалық дамуы, ақыл қасиеттері мен білімге ие ел тұрғындарының бөлігі. Еңбек ресурстарының құрамына балалар және қарттар кірмейді. Сонымен қатар еңбек ресурстарына еңбекке жарамдылығы жоқ (мысалы ұзақ уақыт емделуде жатқан, мүгедектер, ауру) адамдар кірмейді. Сондықтан еңбек ресурстарының көлемі тұрғындар санынан қашан да аз.

Адамның еңбек ету мүмкіндігі әр түрлі жағдайларға байланысты. Оның ішіндегі негізгі — жұмыс жасы. Еркектер үшін 16-дан 60 жасқа дейін, ал әйелдер үшін 16-дан 55 жасқа дейінгі жас еңбекке қабілетті жас болып саналады. Кейбір қызмет түрлерінде еңбекке қабілетті жас мөлшері қысқа болады: мысалы бишілер, маман спортшы, әскери адамдар.

Еңбек ресурстарын басқару өзіне қосады:

  • Еңбек ресурстарын құру;
  • Еңбек ресурстарын дамыту
  • Еңбек ресурстарын құру кезеңдері:

Еңбек ресурстарын жоспарлау — адам ресурстарына болашақтағы қажеттілікке қанағаттану жоспарын жасау.

Еңбек ресурсын жоспарлаудың үш кезеңі:

  • Қолда бар ресурстардың бағасы еңбектін дағдыны түгендеу жолымен жүргізіледі, яғни кітапхана қызметшілерінің дағдылары мен білімдерін тексеру, сонымен қатар жұмысшылардың мазмұнын талдау. Жұмыстың мазмұнын талдау әдістері: жұмысшыларды бақылау және олармен орындалған міндеттерді тіркеу, әңгімелесу арқылы ақпарат жинау жұмысы мен оның талаптарын сипаттау немесе сауалнамаға жауап беру.

Осы ақпараттың негізінде жұмысшының құқы мен білімді талап ететін негізгі міндеттердің тізімі көрсетілген міндет нұсқаулығы құрылады.

  • Болашақтағы қажеттіліктерді бағалау — қысқа мерзімді және келешектегі мақсаттарды жүзеге асыруға қажетті қызметшілердің санын болжау. Өзінің болашақтағы қажеттіліктерін анықтап, жетекші оны қанағаттандыру бағдарламасын жасауы керек. Қажеттіліктер — бұл мақсат, бағдарлама — оған жеткізетін құрал. Бағдарламада кітапхананың мақсаттарын жүзеге асыруға талап етілетін жұмысшылардың дайындығы, жолдауы, тартуы бойынша шаралар мен нақты графигі болу керек.

Әрине, еңбек ресурстарын жоспарлау кезінде Қазақстан Республикасының 10.12.1999 жылғы «Еңбек туралы» Заңына сәйкес заңды шектеулерді ескерту қажет:

► ұжымның және жеке еңбек келісімін құру шарты;

►жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспау керек;

►14-тен 16 жасқа дейінгі жұмысшылар үшін аптасына 24 сағаттан жоғары емес;

►16-дан 18 жасқа дейінгі жұмысшылар үшін аптасына 36 сағаттан жоғары емес;

►ауыр жұмыстағы және зиянды жағдайдағы жұмысшылар үшін аптасына 36 сағаттан жоғары емес және басқа шектеулер.

Жұмыс күнінің жиынтығындағы үзіліс пен ас қабылдау уақыты 1 сағаттан төмен болмау керек.

Сәйкес кітапханашыларды түсіну үшін жетекші олар жұмыс уақытында қандай жұмыстарды орындайтынын және осы жұмыстың қоғамдық сипаттамаларын білу керек. Бұл білімдерді еңбек ресурсын басқарудың қисық бұрышты тасы болып табылатын жұмыстын, мазмұнын талдау арқылы алды. Онсыз басқарудың қалған функцияларын орындау қиынға түседі. Әкімшілік, техникалық, оперативті, конторлың мамандықтардың жан-жақты бағасы жалдау, іріктеу, еңбек ақыны тағайындау, қызметті бағалау мен міндетте жоғарылату туралы болашақтағы шешімдерін қабылдау үшін сенімді негіз құрады.

  • Болашақтағы қажеттіліктерді қанағаттандыру бағдарламасын жасауда кітапхананың мақсаттарын жүзеге асыруға талап етілетін жұмысшылардың дайындығы, жолдауы, оларды тарту бойынша шаралар мен нақты графигі бар.

Әңгімелесу жүргізу бойынша нұсқаулар:

  • Кандидатпен өзара түсіністік бекітіңіз және оған өзін еркін сезіну мүмкіндігін беріңіз;
  • Әңгімелесу барысында назарды жұмыс талабына шоғырландырыңыз;
  • Бірінші әсер бойынша бағаламаңыз. Барлың ақпаратты аяғына дейін күтіңіз;
  • Барлық кандидаттарға қойылатын сұрақтардың жиынтықтарын дайындаңыз. Жеткілікті икемді болыңыз.
  • Еңбекақы мен жеңілдіктерді анықтау — жұмысшыларды тарту, жалдау және сақтау мақсаттарында еңбек-ақы мен жеңілдіктер құрылымын жасау.

Мотивация сұрақтарын талқылау кезінде біз жетекші өз жұмысшыларына бере алатын сыйлықтар түрлерін сипаттадық. Кітапхана ұсынған сыйақының түрі мен көлемі еңбек өмірін бағалауда маңызды мағынаға ие.

Еңбекақы — жұмысшыға кітапхананың орындаған жұмысшы үшін төлейтін ақшалай сыйақысы. Ол жұмысшыларды орындалған жұмысы үшін сыйақылауға емес, өнімділіктің қалаған деңгейіне жетуге ынталандыруға бағытталған. Еңбекақы құрылымын жасау кадрлар бөлімі немесе еңбек ресурстарының міндеті болып табылады. Кітапханадағы еңбекақы құрылымы еңбекақы деңгейін тексеру, еңбек нарығының жағдайын, сонымен қатар ұйымның өнімділігі мен пайдалылығын талдау арқылы анықталады.

Еңбекаңы бір жағынан жалданған жұмысшының табысының элементі, меншік құқығының жүзеге асыру формасы болып табылады. Екінші жағынан жұмысшыға қолданылатын еңбекақы өндірістің бір факторы есебінде, өндіріс шығынының бір элементі ретінде сатып алынған жұмыс күшінің төлемі болып табылады.

Көп дәрежеде еңбекакы жұмсалған еңбектің көлемі мен сапасы арқылы анықталады, бірақ нарықтың факторлар елеулі рөлде ойнайды: еңбектің сұранысы мен ұсынысы, нарықтың нақты қалыптасқан конъюнктурасы, аймақңтың аспектілер және т.б.

Еңбекаңы жүйесінің тарифтік және тарифтік емес жүйелері бар.

Тарифтік жүйе — бұл мемлекеттік нормативтердің жиынтығы, ол арқылы бөлек елдің сала мен аудандардың халық шаруашылың мәні мен ерекшеліктері, еңбек жағдайы мен күрделілікке байланысты жұмысшылардың әр түрлі топтарының еңбекақысын орталықтандыру мен реттеу жүзеге асырылады. Тарифтік жүйенің басты элементтері:

  • Бірлік тарифті-біліктілік анықтама жұмысшыларды тарифтеуі үшін, жұмысты разряд бойынша жіктеу және жұмысшыларды мамандық пен разрядтар бойынша бөлу үшін арналған. Онда әр түрлі жұмыс түрінің өндірістік сипаттамалары мазмұндалған, жұмысшы не істеу керек, не істей алу керектігі көрсетілген.
  • Тарифтік ставка жұмысшы еңбекақы көлемін уақыт бірлігінде (сағат, кезек, ай) анықтайды.
  • Тарифтегі тор жұмысшылардың олардың біліктілігіне байланысты еңбекақыдағы қатынастарды бекітуге қолданылады. Әрбір разрядқа белгілі бір тарифтік коэффициенттер иемдендіреді.

Еңбекақының мерзімді формасы келесі жағдайларда қолданылады:

  • өндірістік процесс қатаң реттелінгенде;
  • жұмысшының функциясы технологиялық процесті бақылауға әкелінгенде;
  • өнім өндіруді жоғарылату сапасының төмендеуіне әкелгенде;
  • өндірістің ағынды және конвейерлі типтерінде қатаң тапсырылған ырғақпен қызмет еткенде.

Келісімді еңбекақы формасы қолданылады, егер:

  • нақты жұмысшыға байланысты көлемдік көрсеткіштер болғанда;
  • орындалған жұмыстың көлемінің нақты есебі болғанда;
  • еңбекті нормалардың мүмкіндігі болғанда.

Әңгімелесу жүргізу бойынша нұсқаулар:

  • Кандидатпен өзара түсіністік бекітіңіз және оған өзін еркін сезіну мүмкіндігін беріңіз;
  • Әңгімелесу барысында назарды жұмыс талабына шоғырландырыңыз;
  • Бірінші әсер бойынша бағаламаңыз. Барлық ақпаратты аяғына дейін күтіңіз;
  • Барлық кандидаттарға қойылатын сұрақтардың жиынтықтарын дайындаңыз. Жеткілікті икемді болыңыз.
  • Еңбекақы мен жеңілдіктерді анықтау — жұмысшыларды тарту, жалдау және сақтау мақсаттарында еңбекақы мен жеңілдіктер құрылымын жасау.

Мотивация сұрақтарын талқылау кезінде біз жетекші өз жұмысшыларына бере алатын сыйлықтар түрлерін сипаттадық. Кітапхана ұсынған сыйақының түрі мен көлемі еңбек өмірін бағалауда маңызды мағынаға ие.

Еңбекақы — жұмысшыға ұйымның орындаған жұмысшы үшін төлейтін ақшалай сыйақысы. Ол жұмысшыларды орындалған жұмысы үшін сыйақылауға емес, өнімділіктің қалаған деңгейіне жетуге ынталандыруға бағытталған. Еңбекақы құрылымын жасау кадрлар бөлімі немесе еңбек ресурстарының міндеті болып табылады. Ұйымдағы еңбекақы құрылымы еңбекақы деңгейін тексеру, еңбек нарығының жағдайын, сонымен қатар кітапхананың өнімділігі мен пайдалылығын талдау арқылы анықталады.

Еңбекаңы бір жағынан жалданған жұмысшының табысының элементі, меншік құңығының жүзеге асыру формасы болып табылады. Екінші жағынан жұмысшыға қолданылатын еңбекақы өндірістің бір факторы есебінде, өндіріс шығынының бір элементі ретінде сатып алынған жұмыс күшінің төлемі болып табылады.

Көп дәрежеде еңбекақы жұмсалған еңбектің көлемі мен сапасы арқылы анықталады, бірақ нарықтың факторлар елеулі рөлде ойнайды: еңбектің сұранысы мен ұсынысы, нарықтың нақты қалыптасқан конъюнктурасы, аймақтың аспектілер және т.б.

Барлық дамыған елдердің тәжірибелерінде сексеншші жылдардағы ағарту саласының моделі өзін-өзі ақтамай, әлем елдерінде білім беру қалыптаса парадигмасы бастады. Бұл көзқарасты көптегеи авторлар бұрынғы және қазіргі аргументтерімен (философиялық немесе педагогикалық турғыда) салыстыра отырып олардың арақатынасында көптеген алшақтықтар барлығын айтады. Сонымен қатар ғалымдар білім берудің қағидаларың өзгерту қажеттігін жариялай отырып, оны түрліше дәлелдейді: дағдарыстан шығу жолдарын іздестіру, қайта құрылу қажеттілігі, соңында білім берудің классикалық негізіне және идеясына қайта оралу мүмкіндігі.

Білім берудегі мақсат, оның ұйымдастырылу құрылымы, техникалық жабдықталуы, оқыту әдістері қалай дегенде де қоғамның әлеуметтік тапсырысынан көрініс береді. Білім беру жүйесін дамытуда қоғамның болашақтағы қажеттілігін бейнелей бағдар жасап және озық сипаттағы тиімді жолды таңдау керек.

Педагогикалық тұрғыдан сөзсіз бұл құбылыстардың барлығы бірдей ақталмады. Сол сәтінде-ақ өлшеу сезімдері өзгеріп, көпті білу, қабылдауға деген құштарлық оқу бағдарламаларының шамадан тыс ауырлауына әкеліп соқтырды. Бірақ, кең ауқымды инновациялық үрдіс мемлекеттік реттеуді айқындап берді.

Білім беруде мемлекеттік стандартқа деген сұраныс күшейді, ол педагогикалық ұжымның бастамасына нұқсан келтірмей, қажетті білім деңгейін қамтамасыз етіп және медициналық-педагогикалық инновацияның негізін қалауын жеделдетті.

Осыған байланысты заңды түрде сұрақтар туды: неге қажетті, қалыпты, ұқыпты игеру және инновациялық үрдістердің жетілдірілуі кезекті орасан зор және бәрін қамтитын реформа түрінде өтуі керек? Нақты түрде өзінің шешімін тауып жатқан көдтеген жағдайлар болды, керісінше түсінікті қажет етпейтін жағдайлар шешімін тадпай жатты (мұғалімдердің еңбекақысының төленбеуі). Кейбір оқу орындарының табыс табу жағдайы болуы мүмкін, бірақ ол ешқашан, ешқандай коммерциялық құрылым жалпы мектепті мемлекеттік қаржыландыруды алмастыра алмайтынын көрсетті.

Сондықтан нарық жағдайында білім және қоғамдық өзара келісімділік және өзара байланыс тиімділігі нақтыланды.

Нәтижеде уақыттың талал етіп отырғанындай, нарықтық жобалаудағы міндетті қызметтер, тиісті ұсыныстардың жасақталуы білім, дағды, біліктілікті айқындап, жергілікті және аймақтық нарықта жастардық мамандық, таңдауын шектемей, оның мемлекеттік мүддемен тұтасымен сәйкестенуіне мән берілді.

 

Рейтинг: 0
+2

Сізге ұнау мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *