Қазақстанда білім саласындағы реформалар бірінші кезекте әдіскерлерге сүйеніп жасалады — М. Әбенов

[add-bookmark]

Қазақстанда білім саласындағы реформалар бірінші кезекте әдісткерлерге сүйеніп жасалады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласындағы  С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ  ұлттық медициналық  университетінде өтіп жатқан «Үздік жыл әдіскері» республикалық байқауы барысында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұғалімдердің ұстазы болып саналатын әдіскерлердің басты мақсаты — білім саласындағы озық тәжірибелерді оқу бағдарламаларына ендіру.

«Біздің басты міндетіміз — әдіскер-педагогтардың еңбек ету және өмір сүру жағдайларын жақсарту, олардың беделін арттыру. Және осы маңызды қызметтің ролін барынша насихаттау. Өйткені мұғалімдерге ұстаздық ету — бұл аса жауапты да құрметті іс. Олар қашанда педагогикалық инновациялардың алдыңғы шебінде жүреді. Сондықтан, елімізде білім жүйесін жаңарту және оқу үдерісін ұйымдастыруда әдіскерлердің ролі барған сайын арта түсетін болады», — деді М. Әбенов.

inform.kz

Рейтинг: 0
+2

Сізге ұнау мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *