Агробизнесті жоспарлаудың болашағы.

10 января, 2020 21:57

Кіріспе

 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтің  2007  жылғы  28 ақпандағы  « жаңа  әлемдегі  жаңа  қазақстан»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауында  Республикамыздағы  ауыл шаруашылығы  саласының  қазіргі заманға  сай  даму деңгейін саралап , айқындап  берді. Яғни  ауыл  шаруашылығын  өнімділік  деңгейін  көтеру, жердің  тозуын  алдын  алу, еліміздің су және басқа табиғи  ресурстарын пайдалану  тиімділігін  арттыру , сонымен  қатар ескірген  аграрлық ғылымның  кенжелеп  дамуына  тосқауыл  қою,  сондай-ақ  ұсақ  шаруа қожалықтарының  бытыраңқылығын  еңсеру  мәселелерін  жүйелі  түрде шешу. Қазақстан  Республикасы  алдымыздағы  жылы  ДСҰ-на (дүниежүзілік сауда ұйымы ) кіруді , таяу  жылдары  әлемдегі  дамыған, бәсекелестікке  қабілетті  50  елдің  қатарына  қосылуды  жоспарлап  отыр. Ол  үшін  әлемдік  сауда  нарығында  бәсекелестікке  қабілетті  сапалы  өнім шығару  қажет. Сондықтан   алға  қойылған  міндеттердің  ауқымында  ауыл шаруашылығының  барлық  салаларына  сапалы  талдау  жүргізіп , бірінші кезекте  өркендету  қажет  болатын  бағыттарды  айқындау  қажет.  Мәселен, бүкіл  дүние  жүзінде  жедел  дамытыла  бастаған  ауыл  шаруашылық өнімдерінің  жаңа  рыногы  пайда  болды , бұлар — экологиялық таза өнімдер, жаңа  өндірістер  және басқалары.

Осыған  байланысты  Қазақстан  Республикасының  халқын,  соның ішінде  ірі  өнеркәсіп  орталықтарын  қамтамасыз  ету  жолында  Оңтүстік Қазақстан  облысының  маңызы  зор .  Себебі  бұл  өңірдің  табиғат климат жағдайы  мол  өнім  алуға зор  мүмкіндік береді.

Курстық  жұмыстың  негізгі  мақсаты  агробизнесті  жоспарлаудың  рөлін,  өндірістік  және  қызмет  көрсетудің  жизнес  жоспарын,  бизнес  жоспардың  құру  жолдарын,  агробизнесті  жоспарлаудың  болашағын    талдау.

Нарықтық қатынастарға өту нақты алғанда экономиканың әлдеқайда жаңа сапалық күйіне көшуді білдіреді. Мұның өзі тұтастай бірқатар обьективті факторлардан көрінеді.

Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуінің негізгі шарты нарықтық іс басындағы субьектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық жауапкершілігіне негізделетін тәуелсіздігі болып табылады. Әміршіл — әкімшілдік экономикаға тән «әкімшілдік адам» моделінің орнына ақыл – ойына жүгініп жұмыс істейтін, өз пайдасын ерекше ойлайтын, ілкімшіл де іскер , нартәуекелге бара білетін, өз іс – қимылына жеке жауапкершілікпен қарайтын «экономикалық адам» келуі керек.

Қазақстан Республикасы Констетуциясының 26 – бабының төртінші тармағында жазылғандай: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез – келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар».

Баршаға белгілі, өндірістің негізгі фаукторлары табиғи, еңбек және өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында осы факторлардың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне ерекше әсер ететін нақты күш бар. Олар – іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бір мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі. Сондықтан да осы бір адами қасиеттерді өндірісті алға жылжытатын күштің төртінші факторы ретінде айтуға толық құқымыз бар және оны іс жүзінде пайдалана білетін адамдар іскер, бизнесмен, ал олардың экономикадағы немесе өмірдің кез келген саласындағы қызметті іскерлі кнемесе бизнес деп аталады.

Ағылшын тілінен тікелей аударылғанда «бизнес» («busniness») сөзі іс, шаруа, коммерциялық қызмет, сондай – ақ тиісінше «бизнесмен» («business men») сөзі іскер адам, іскер деген ұғымдарды білдіреді.

Көптеген отандық әдеби басылымдарда бизнес сөзі іскерлік ұғымымен теңдестіріледі, сондықтан біз бұдан әрі екі терминді де пайдалана беретін боламыз.

«Бизнес» ұғымының экономикалық мәні экономикалық басылымдарда да әрқилы айтылып жүр. Бірақ, барлық авторлар көптеген мәселелерде таласқанымен, ең басты мәселеде бір жерден щығып келеді. Бизнес немесе іскерлік – бұл адамдардың кез келген саладағы, ең алдымен тауарды өндірумен, бөлумен, айырбастауымен және тұтыну мен байланысты және табыс немесе басқадай түрдегі экономикалық пайда алуға бағытталған экономикадағы қызмет түрі.

Бұл ұғым адам қызметінің қай саласында қолданылғанына қарай бизнестің бірнеше түрлері пайда болды: өндірістік бизнес, саудалық, қаржылық, делдалдық, қамсыздандыру және т.б. осылардың ішінде агробизнес ерекше орын алады.

1.Агробизнесті жоспарлаудың теориялық мәні.

1.1. Ауыл шаруашылығында бағыты.

 

Жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдары — Қазақстанның экономикасы мен қоғамдық өміріндегі терең өзгерістер кезеңі. Кеңес экономикасының орталықтандырылған басқару әдістерінің мемлекеттік монопализмнің ұзаққа созылған үстемдігінен кейін нарықтық механизмді қалыптастыру қажет болды,нарықтық механизм мемлекет пен кәсіпорын(кәсіпкер) арасындағы өндірістік қатынастар жүйесін тұтасымен өзгертті. Егемен Қазақстанның эканомикасын мемлекеттік басқару тұжырымдамасы да өзгерді. Қатаң әміршілдік-әкімшілдік әдістер біртіндеп мемлекеттік реттеудің икемді жүйесімен ауыстырылуға тиіс болды.

Мемлекеттік реттеу – бұл шаруашылықты жүргізудің нарықтық механизміне тұрақтандырушылық ықпалын тигізу мақсатында мемлекеттің экономикаға тікелей де жанама араласуы. Мұнда мемлекеттік жоспарлау мәселелері ерекше орын алады.

Мемлекеттік жоспарлау – алға қойған мінндеттерді орындау мақсатымен экономикалық саясатты анықтауға, даму бағыттарын, мемлекеттің экономикаға араласу тәсілдері мен әдістерін таңдауға бағытталған мемлекеттік басқару орындарының іс-әрекет түрі. Мемлекеттік жоспарлауға мемлекеттік жоспарларды әзірлеудің әдістемесі, ұйымдастырылуы мен технологиясы жатады. Әзірлену мен орындалу тәсілдері бойынша мемлекеттік жоспарлау нұсқаушысы (директивті) және индикативті болып ажыратылады.

Мемлекеттң экономика істеріне «араласпауының» жалпы дүниежүзілік беталысы (тенденциясы) экономиканы реттеу мен жоспарлауға мемлекеттік басқару құралы ретінде қарау керектігін теріске щығармайды.

Қоғамдық еңбек бөлінісі капитализм тұсында да, социялизм тұсында да халық шаруашылығын мыңдаған арқаулармен біртұтас байланыстырады. Тек болжау мен жоспар шаруашылықты тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Халық шаруашылығын жоспарлау назариясы (теориясы) болашақ кезеңдегі экономика дамуының негізгі көрсеткіштерін айқындаудың әдістемелігі мен әдістемесін, қоғамдық қажеттіліктер мен ресурстарды және олардың неғұрлым тиімді негізінде тепе-теңдігін зерртеу әдістерін, сондай-ақ жоспарлы көрсеткіштерді белгілеу мен іске асыруды және соның орындалуын бақылау жете ойластырады.

Жоспарлау қисынына келсек, жоспар жасау үрдісінде жекелеген жоспарлы жұмыстар мен есептеулердің біріздігін айқындау міндеті туындайды. Басқаша айтқанда, халық шаруашылығын жоспарлауды негіздеу қажет.

Жоспарлаудың бастапқы пункті айқын, жоспар жасау үрдісінің әртүрлі қисынын сипаттайтын, халық шаруашылығын жоспарлаудың үш тұжырымдамасын қарастырып көрейік.

1.Салық жобалаулар негізінде жоспарлау, мұндағы бастапқы пункт- өнімнің ең маңызды түрлері бойынша тапсырмалар.

2.Жоспарлы салааралық байланысты да қамтитын үлгілер жүйесі негізінде кещенді түрде көпнұсқалы жоспарлау, бұл жоспарды әзірлеудің бастапқы пункті қоғамның тұтыну қажеттілігі болып табылады.

3.Оңтайлы жоспарлау, мұның бастапқы пункті- шектеулі ресурстар болып табылады, ал оңтайлық өлшемі –қоғамдық өндіріс құрылымдарының сұраныс құрылымдарына сәйкестігі жағдайында халықтың әл-ауқат деңгейін барынша азайту немесе ақтық өнім шығаруға жұмсалатын қоғамдық еңбек шығындарын барынша азайту.

Бірінші тұжырымдама ұзақ уақыт бойы КСРО-ның жоспарлау тәжірибиесінде қолданылады. Екінші тұжырымдама электронды- есептеу мәшинелерін (ЭВМ) қолдану мүмкін болған кейінгі кезеңде қолданылады. Үшінші тұжырымдама нарықтық қатынастарға көшу кезінде экономиканы жоспарлау үшін ынта- ықылас туғызып отыр.

Жоспар жасау – күрделі үрдіс, оны жүзеге асыру үшін бай ақпараттық база мен үлкен талдаушылық жұмысы қажет. Жоспарлау үрдісіне ел ішіндегі, сондай –ақ одан тыс жерлердегі негізгі әлеуметтік-экономикалық және саяси беталастар мен қазір бар ресурстарды, қол жеткен макроэкономикалық деңгейді талдау; бұл беталыстардың жоспарлау кезеңіндегі нақты жағдайларда дамуын болжап білу; басым мақсаттарды таңдау; әлеуметтік – экономикалық даму тұжырымдамасын айқындау; нақты бағдарламалар әзірлеу; шаруашылық жүргізудің жалпы ережелерін, индикаторлары мен нормативтерін белгілеу жатады.

Нарықтық экономианың жалпы экономикалық ғылымның шаруашылығын болжау мен жоспарлауды ұйымдастыруда және тәжірибеде белгілі бір мөлшерде пайдаланылатын, көптеген назариялары мен үлгілері бар.

Мысалы, тұтынущылық сұраным назариясы, мемлекеттік таңдау назариясы , «қуу мен қашу» назариясы, мемлекеттік қаржы назариясы, пайыз назариясы, кірісті бөлу назариясы, ұтымды күту-тосулар назариясы, ақшаға сұраныс назариясы, жария жазалаушының көмегін реттеу назариясы, қоғам назариясы және т.б. Көптеген экономикалық үлгілер – «кірістер мен шығындар», «қос тепе-теңдік», «ашық экономика», үлгілері және тағы басқалары бар.

Нарықтық экономикада: не нәрсе, қалай және кім үшін?- деген негізгі сұрақтардың барлық жауабын рынок, баға, кіріс пен зияндар айқындайды.

«Не нәрсе?» дегн сұрақ төлем қабілеті бар сұраныспен, ақшаның жұмсалуымен шешіледі. Тұтынушы не үшін ақша төлеуге әзір екндігін өзі біледі. Өндіруші тұтынушының өзіне қажет тауар үшін ақша жұмсамақ тілегін қанағаттандыруға ұмтылады.

«Қалай?» деген сұрақты үлкен кіріс алуға ұмтылған өндіруші шешді. Баға қою оған тәуелді болмағандықтан, өндіруші өз мақсатына жету үшін тауарды мүмкіндігінше көбірек өндіруге және неғұрлым арзан бағамен сатуға тиісті. Бұл үшін ол тауарды бәсекелесіне қарағанда неғұрлым аз шығындармен өндіруге тиіс.

«Кім үшін?» дегн сұрақ анағұрлым үлкен кірісі бар тұтынушылар пайдасына шешіледі. Бірден айту керек, таза нарықтық экономика ешқашан болған емес.

Қазіргі нарықтық жүйе аралас формалардың кең алуандығы болып табылады. Бұған кейбір дамыған елдердің экономикасын мысал ретінде келтіруге болады.

Шведтік жүйе экономикалық тұрақтылық пен кірістерді қайта бөлуді қамтамасыз етуге мемлекеттің жігерлі түрде қатысуымен сипатталады. Шведтік жүйенің өзегі әлеуметтік саясат болып табылады. Ондай саясатты ойдағыдай жүргізу үшін салық салудың жоғары деңгейі белгіленген, ол жалпы ұлттық өнімнің 50 пайыздан астамын құрайды. Соның нәтижесінде бұл елде жұмыссздық барынша азайтылған, тұрғындардың кіріс айырмашылықтары салыстырмалы түрде тым үлкен емес, азаматтарды әлеуметтк қамсыздандыру днңгейі жоғары, швед компанияларының сыртқа өнім шығыру (экспорт) қабілеті де күшті. Шведтік үлгінің басты қасиеті экономиканың жоғары жәрежеде өсуін тұрғындардың әл-ауқатының жоғары деңгейімен және жұртты жұмысқа толық жұмылдырумен байланыстыруында болып отыр.

Экономиканың жапондық үлгісі жетілген жоспарлаумен және үкімет пен жекеше сектордың іс-әрекетін үйлестірумен ерекщеленеді. Мемлекеттің экономикалық жоспарлауы индикативті сипат танытады.жоспарлар экономиканың жекелеген буындарын жалпыұлттық міндеттерді орындауға бағдарлайтын және жұмылдыратын мемлекеттік бағдарламалар болып көрінеді. Жапон экономикасына елдің дамуы үшін не қажеттің бәрін басқа елдерден ала отырып, ұлттық дәстүрлерді сақтау тән. Бұл өндірісті басқару мен ұйымдастырудың Жапония жағдайларында өте тиімді болатындай жүйелерін құруға мүмкіндік береді. Ал басқа елдердің жапон тәжрибесін алып пайдалануы әрдайым күткендегідей нәтиже бермейді, өйткені бұл елдерде жапондық дәстүрлер жоқ.

Америка экономикасында мемлекет экономикалық іс-қимылдың ережелерін бекітуде, білім беруді дамытуда, бизнесті реттеуде маңызды мән атқарады. Алайда шешімдердің көпшілігі рыноктағы жағдай мен ондағы балаларға байланысты қабылданады.

Қытайда экономикалық жүйе құрылуда және негізгі қоғамдық меншік болып табылатын, дамып келе жатқан социялистік жоспарлы тауарлы экономиканы нарықтық реттеумен қисындастыру жағдайларына сәйкес механизм жұмыс істейді.

Бұл жүйелер «араласып жатыр», сөйтіп барлық жерде үкіметтер елдегі экономиканың қалыпты жұмыс істеуін мынандай механизмдер арқылы қамтамасыз етеді:

— экономикалық жүйенің тиімді жұмыс істеуіне септесетін қоғамдық ахуалмен және құқықтық базамен қамтамасыз ету;

— бәсекені қорғау;

— байлық пен кірісті қайта бөлу;

— ұлттық өнім құрылымын өзгерту мақсатымен ресурстар бөлуге түзетулер енгізу;

— экономиканы тұрақтандыру, яғни экономикалық жағдайдың құбылуынан туындайтын, жұрттың жұмысқа тартылуы мен инфляция деңгейін бақылау, сондай-ақ экономикалық өсуді тұрақтандыру.

Мемлекет міндеттерінің бұл тізімі әдетте оның экономикалық мәнін талдау үшін негіз болып табылғанымен, шынайы өмірде, үкіметтік іс-әрекет пен саяси шаралардың көпшілігі қалай болған күнде де, кез келген елдегі бүкіл экономикалық үрдістерге ықпал етеді.

Қазіргі дүниеде үдемелі даму қоғамның әлеуметтік өмірі мен экономиканы жоспарлы басқарусыз және реттеусіз мүмкін емес. Бүгінгі жағдайларда шаруашылықты басқарумен парапар (адекватты) жүйе индекативті жоспарлау болып табылады.

Капиталистік елдердегі экономикалық бағдарламалар жасаудың әдістемелігі социялистік елдердің жоспарлау тәжірибиесінен әжептеуір мөлшерде алынған, баланыстық құрылыстардың бір түрі болып табылатын –«ұлттық есепшілік» жүйесін тіреу етеді. Болашағы мол есептеулердің іс-жүзіндегі аспаптары ретінде әртүрлі экономикалық үлгілер пайдаланылады. Экономикалық үлгілерді қолданудың неғұрлым мол тәжірибесі Францияда, Жапонияда, Италияда,Голландия мен Англияда жинақталған.

Мемлекеттер экономикалық бағдарламалар мен болжаулар бірнеше ондаған жылдар бойы пайдаланылып жүр, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу дәрежесі, нң алдымен олардың кәсіпкерлердің жоспарларымен қаншалықты сәйкес екен дігімен байланысты.

Сонымен бірге капиталистік экономика дамуының мемлекеттік жоспары жекеше кәсіпорындарда жасалатын бағдарламаларды толық қамти алмайды. Сөйтіп, капиталистікбағдарлама жасау мен жоспарлау өзінің сипаты бойынша индикативті түрде болады.

Социялистік жоспарлаудың капиталистік жоспарлаудан ұстанымдық айырмашылығы олардың экономикалық негіздерінің қарама –қарсылығынан туады.

Социялистік жоспарлау өндіріс құралдарына қоғамдық меншіктің үстемдігімен негізделетін, мұнда сондай-ақ жекеменщік шаруашылықтың дамуы да жоспар нысаны болатын.

Капиталистік бағдарлама жасау жеке меншікке негізделеді, мұнда жеке секторға қатынас бойынша негізінен қосымша міндеттер атқаратын сектордың мәні салыстырмалы түрде шектеулі.

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Агробизнесте өндірістік және қызмет көрсетуді жоспарлауды талдау.

2.1.Өндірістік және қызмет көрсетудің бизнес жоспары.

 

Агробизнеске қызмет көрсетуді негізгі ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үшін керекті қызметтер мен қамтамасыз етуші кәсіпорындар немесе ірі кәсіпорынның бөлімшелері жүзеге асырады. Бұған ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуші кәсіпорындар, өндірістік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуші кәсіпорындар, ауыл шаруашылық кәсіпорындарына техниколық және жөн-жобалық көмек көрсетуші фирмалар жатады.

Бұл кәсіпорындардың бәрі, сөз жоқ, бизнес жоспар негізінде жұмыс істеуге тиіс. Материалдық-техникалық жабдықтаумен айналысатын фирмалар ең алдымен өздерінің потенциал сатып алушыларын айқындауы, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының (сатып алушылардың) өндіріс құралдарына деген қажеттілігін анықтауы керек. Бұл – ауыл шаруашылық техникасы бұларға қосымша бөлшектер, резеңке техникалық және электротехникалық материалдар; минерал тыңайтқыштар мен пестицидтер, мұнай өнімдері мен мұнай жарақтары болуы мүмкін.

Осы ресурстардың потенциал сатушыларын — өнеркәсіптік кәсіпорындарды, толайым саудагерлерді айқындау, бұл тауарлардың бағасын, сапасы мен ассортиментін анықтау, жеткізіп беру шарттарын білу қажет. Көптеген сатушылардың ішінен сіздің бизнес үшін ең қолайлы бір-екеуін таңдаған дұрыс.

Қызметтерді сатып алушылар мүмкіндігінше көбірек болуға тиіс, егер сіз ұзақ мерзімді келісімді қатынастар негізінде сіздің қызметтеріңізді тұрақты тұтынушылармен жұмыс істейтін болсаңыз, тіпті жақсы.

Материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру бірнеше кезеңдерден тұрады:

— материалдық-техникалық ресурстарды жеткізуге ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан алдын-ала сұранымдар жинау;

— өнеркәсіптік кәсіпорындар мен немесе көтерме саудагерлермен өндіріс құралдарын жеткізу жөнінде шарттар жасау;

— тұтынушы шаруашылықтар мен оларға өндіріс құралдарын жеткізу шарттарын жасасу;

— орындауға қабылданған, келісімді шарттарға сәйкес тұтынушы шаруашылықтарға өндіріс құралдарын жеткізу.

Жеткізу шартында өндіріс құралдарын жеткізіп берудің тәртібін анықтау керек. Бұл ретте жеткізілетін өндіріс құралдарының атын, номенклатурасын,ассортименті мен санын; бағасын; сұранымның жалпы сомасын;өнім сапасы мен жинақтылығын; жеткізу мерзімдерін; есептеудің тәртібі мен түрін; өнімді жеткізу жағдайларын; тараптардың төлеу мен пошта реквизиттерін және басқа мәліметтерді көрсету қажет.

Шартта сондай-ақ келісімді міндеттемелерді бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі алдын ала қарастырылуы керек.

Өндірістік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуші кәсіпорындар ауыл щаруашылық тауар өндірушіге кешенді қызметтерді немесе қызметтердің жекелеген түрлерін мынандай бағыттар бойынша көрсетеді:

— жерге орналастыру;

— көлік қызметтері ;

— техникалық қызмет көрсету (СТО);

— жерді жақсарту (мелиорация);

— агротехникалық қызметтер.

Бұл кәсіпорындардың қазіргі өндіріс технологияларына сәйкес қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін материалдық-техникалық өз базасы болуы тиіс.

Олар екі түрлі кәсіпорындарға бөлінеді:

— экономикалық және заңдылық тұрғысынан ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге тәуелсіз кәсіпорындар;

— бірнеше ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің бірлесуі мен кооперативтік негізде құрылған және шаруашылықаралық кәсіпорын міндеттерін атқарушы фирмалар.

Бірінші түрдегі кәсіпорындар жұмысын агрохимиялық қызмет көрсету жөніндегі кәсіпорын үлгісінде көрсетеміз. Мұндай кәсіпорын аймақтың агрохимиялық зертхана немесе химияландырудың шаруашылықаралық мекені негізінде дербес заңды түрде құрылуы мүмкін.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарына агрохимиялық қызмет көрсету меншік пен шаруашылық жүргізудің  әр түріндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарында тыңайтқыштар мен пестицидтердің дұрыс және тиімді қолданылуын қамтамасыз ету жөніндегі нақтылы шараларды жүзеге асыруды көздейді.

Агрохимиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мынандай бағыттарда жүзеге асырылады:

— жер алқаптарында топырақтық-агрохимиялық зерттеулер жүргізу мен ауыл шаруашылық кәсіпорындар үшін танаптардың агрохимиялық картограммаларын жасау;

— химияландыру құралдарын тиімді пайдалану жөнінде ғылыми дәлелденген ұсыныстар әзірлеу және өндірісте қолдану;

— нақты шаруашылықтарды химияландырудың болашақ даму жолдарын жете зерттеу;

— ауыл шаруашылық кәсіпорындарын өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын химияландыру құралдарымен жабдықтау;

— минерал және органикалық тыңайтқыштарды, жерді жақсартушы химиялық заттар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын, сондай-ақ мал шаруашылығындағы химияландыру құралдарын ұтымды қолдану жөніндегі кешенді жұмыстарды орындау.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарына қызмет көрсету ауыл шаруашылық тауар өндіруші мен «Агрохимиялық сервис» кәсіпорыны жасасқан шарттар негізінде жүргізіледі.

Шарттың мән-заты, тараптардың міндеттемелері мен жауапкешілігі, қызметтердің бағасы, орындалған жұмыстарды тапсыру мен қабылдау тәртібі, шарттың әрекет ету мерзімі, заңдылық адрестері мен басқа жағдайлар шартта көрсетіледі.

Ауданның ауыл шаруашылық кәсіпорындары немесе бір топ шаруашылықтар агрохимиялық қызмет көрсету нысандары бола алады.

Бұл «Агрохимиялық сервис» кәсіпорынның экономикалық мүмкіндіктеріне және осы аймақта бәсекелестердің бар болуына тәуелді.

«Агрохимиялық сервис» кәсіпорын жұмыс көлемін анықтау мен өзінің бизнес-жоспарын жасау кезінде мыналарды ескереді:

— өндіріс құралдарының бар болуы және оларды иемдену мүмкіндіктері;

— агрохимиялық зертхананың бар болуы немесе оны ұйымдастыру мүмкіндіктері;

— кәсіпорынның қызметкер потенциялы;

— қызметтерге және бәсекеге сұраныс;

— қызметтердің бағасы және басқалар.

Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы кәсіпорынның ресурстар потнциялын, көрсетілетін қызметтердің көлемі мен түрін ескере отырып айқындалады.

Агрохимиялық қызметтер көрсету жөніндегі кәсіпорынның ұйымдастырылу құрылымының үлгісі:

1.Агрохимиялық зертхана.

2.Өсімдіктерді қорғау қызметі.

3.Минерал тыңайтқыштарды сақтау қоймасы.

4.Пестицидтерді сақтау қоймасы.

5.Химияландыру жұмыстарын механикаландыру қызметі.

6.Минерал тыңайтқыштарды қолдану жөніндегі механикаландырылған отряд.

7.Органикалық тыңайтқыштарды қолдану жөніндегі механикаландырылған отряд.

8.Өсімдіктерді зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғау жөніндегі механикаландырылған отряд немесе авияциялық отряд.

Нақты кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы оның мөлшері мен алға қойған мақсаттарына қарай ерекшеленеді.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші ірі кәсіпорындарды немесе әр тектес агроөнеркәсіп бірлестіктерінде негізгі өндіріске қызмет көрсетуші бөлімшелер сол кәсіпорынның өз құрамында болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жеткізу, олардың бағасы шаруашылықтың ішкі келісім шарттарымен немесе шаруашылықта қабылданған басқа ережелермен анықталады.

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге жөн жобалық қызметтер көрсететін фирмалар кәсіпорынның ерекше тобын құрайды. Бұл кәсіпорындар потенциалының жоғары деңгейімен ерекшеленеді.мұнда тауар өндірушілерге жөн-жобалық қызметтер көрсететін жоғары білікті мамандар жұмыс істеуге тиіс.

Жөн-жобалық фирмалар мамандандырылған болады: технологиялық, заң тұрғысындағы, эконмикалық, қаржы-несиелік және басқа қызметтер көрсетеді. Бірнеше бағыттарда жөн-жобалық қызметтер көрсету жөніндегі кешенді фирмалар да болады.

Технологиялық қызметтер. Бұл агротехникалық шараларды жүргізу, өсімдіктердің түрлері мен сорттарын іріктеу, ауыспалы егіс тұрпаттары мен өндіріс технологиясын таңдау жөнінде агрохимиялық кеңестер болуы мүмкін.

Зоотехникалық қызметтер – мал шаруашылығын жүргізу технологиясы, нақ осы аймаққа және өнім өндіруге сай келетін мал түрлерінің ең жоғары өнімді тұқым тегін таңдау жөнінде кеңестер беру.

Мал дәрігерлік қызметтер – малдарды емдеу мен аурудың алдын алу жөнінде кеңестер беру және басқалар.

Техникалық қызметтер – ауыл шаруашылық өндірісін механикаландыру мен жабдықтау құралдарын іріктеп алу жөніндегі кеңестер.

Заң тұрғысындағы консалтинг кәсіпорындарды рәсімдеу мәселелері, шарттар, салық салу, кеден мәселелері бойынша, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың іс-әрекетіне қатысты әртүрлі мәселелер бойынша жоғары білікті, тәжірибелі заңгерлердің күшімен жүзеге асырылады.

Экономикалық тұрғыдан консалтинг агробизнес кәсіпорындарына іс-әрекет өрісін таңдауда, өндіріс құрылымын жасау және басқару ісінде, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуде көмек көрсетуге бағытталған. Яғни кәсіпорындардың бизнес-жоспарын әзірлеу, басқарудың оңтайлы құрылымдарын таңдау және тағы басқалар.

Кеңес беруші маркетингтік кәсіпорындар өндірісті және кәсіпорындардағы маркетингті басқаруды ұйымдастыруға оқытып-үйретуші консалтинг саласындағы қызметтер көрсетеді, экспорт және іс жүргізушілік тұрғысынан кеңес береді.

 

2.2. Бизнес жоспарын құру жолдары.

 

Еркін кәспкерлік пен бизнес жоспарлаудан құралады. Ешкім де бизнесменді өзінің бизнес операциялары үшін жоба немесе жоспар жасауға мәжбүр етпейді. Мұны өмірдің өзі тәжірибе, тәуекел қорқынышы, алдын ала келіп білмеген салдарлар мәжбүрлейді.

Бизнес- жоба ойға алынған негізгі ойды, пайда әкелетін кәсіпкерлік операциясын іске асырудың ортақ идеясын білдіреді. Жобада белгіленген операцияның мазмұны мен бағыттылығы суреттеліп, негізделеді, күтілуші нәтиже есептеледі. әдетте, кәсіпкерлік жобалар ірі, ұзақ мерзімді операциялар үшін қажет, өйткені көптеген аз ауқымды мәмілелер үшін ойластыру мен бағалау есептерін іске асырудың өзі де жеткілікті.

Жобалар негізнде іс-әрекет бағдарламасы немесе үрдістердің орындалу жоспарлары әзірленеді. Кәсіпкерлік жобаларды, ойларды іске асыру жоспарышетелдік тәжірибеде бизнес-жоспар деген атауға ие. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасына бизнестің  ену шамсына қарайбізде де мұндай жоспарлар етек алуда.

Бірқатар жағдайларда бизнес-жоспарда іс-әрекеттер бағдарламасы мен жоба біріктірілген.операцияның бизнес-жоспарын дайындау кәсіпкерліктің барлық нұсқалары мен түрлеріне тән болып келеді. Егер бизнес-жоспар құжат түрінде пайда болмаса, онда ол ең болмағанда кәсіпкердің ойында өмір сүруі тиіс. Ірі көлемді қымбат кәсіпкерлік жобалар жасау үшін, операция басталғанға дейін бизнес-жоспар құру қажет, бұл кәсіпкерлік қызмет үшін норма болып саналуы керек.

Ең алдымен, жоспар кәсіпкерлік операцияның мақсаты мен міндетін суреттеуден құралады. Жоспар құра отырып, ең алдымен, операцияның көлемі мен мерзімін, күтілетін пайданы ойластыру қажет. Бірақ кәсіпкер тек қана пайданы көздеп қалмауы тиіс. Кәсіпкерлік іс-әрекеттер бағдарламасы әлеуметтік мақсатты да қарастыруы тиіс. Атап айтсақ, тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру, табиғатты аялау, әлеуметтік сілкіністерді сейілту, іскерлік байланыстарды кеңейте түсу т.б. кәәсіпкердің мәртебесін, беделін арттыру, имиджін жасау мен сақтау, экономикалықәлеуетін ұлғайту – маңызды міндеттердің бірі.

Бизнес-жоспар міндетті түрде кәсіпкерлік өнім сипаттамасынан, яғни тұтынушыға ұсынылатын өнім, тауар және қызмет сипаттамаларынан құрылуы тиіс. Жоспарда кәсіпкерлік операцияның түпкілікті өнімі толық суреттелуі қажет. Жоспар тауар тұтынушылары шеңбері мен өзі қанағаттандыратын қажеттіліктер туралы мәселеге жауап беруге арналған.

Бизнес-жоспарды құру кезінде есептеу жүргізіледі, соның қорытындысы бойынша операцияның нәтижелігі мен қажетті ресурстық қамтылу айқындалады. Тұтыну ресурстарын анықтау кезінде кәсіпкерлік қызметке қажеттібарлық құралдар ескеріледі, бұл қажетті құралдар экономикалық және әлеуметтік тұрғыдағы бизнес-операцияның схемаларын суреттеуде көрсетілген.

Бизнес-жоспарды жасағанда, кәсіпкерлік жобаның іске асырудың ұзақ мерзімді салдарларына талдау жасалады. Мұнда кәсіпкер мен қоғам үшін қолайлы және қолайсыз жағдайлар, оларға байланысты кірістер мен шығыстар ескеріледі.

 

2.3.Агробизнестегі индикативті жоспарлау.

Қазіргі жағдайларда экономиканы мемлекеттік басқарудың басты буындарының бірі- индикативті жоспар болуға тиіс. Индикативті жоспардың нұсқаулы (кңес кезіндегі) жоспардан басты айырмашылығы сонда, ол негізінен ұсыныс жасаушы және бағыттаушы сипатта болып келеді. Мұнда стратегиялық маңызы бар немесе нығайтылған мемлекеттік ықпалды талап ететін жекелеген бағыттар бойынша индикативті жоспарды қатаң түрде қалыптастыру және орындау есептен шығарылмайды.

Индикативті жоспарлау.

Индикативті реттеу – бұл мемлекеттің экономикалық тұтқалар арқылы өндіріске ықпал жасауы. Мемлекеттік инвестициялар; жекеше, мемлекеттік, ұжымдық секторлардың өніміне мемлекеттік тапсырма,; мемлекеттік салық саясаты; несие капиталдың рыногы арқылы өндірісті реттеу; мемлекеттік болжам жасау; экономиканы жоспарлау және тағы басқалар сондай тұтқалар болып табылады.

Индикативті жоспарды қалыптастыру үрдісі қайырмалы байланыс ұстанымында өтеді. Үкімет экономикалық саясаттың бас стратегиясы мен бағыттарын жете ойластырады, мұны кәсіпорындар болашақ даму жолдарын айқындаған кезде ескереді; өз кезінде шаруашылық субъектілерінің ниеттері республиканың әлеуметтік –экономикалық дамуының жоспарын жасау кезінде ескеріледі. Индикативті жоспарлар стратегиялық (ұзақ мерзімді), орта мерзімді және ағымдағы (жылдық) жоспардан тұрады.

Индикативті жоспарлау сол жоспарланып отырған кезеңдегі мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі мақсаттары мен бағыттарына сәйкес және белгіленген нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен әлеуметтік және экономикалық үрдістерге мемлекеттік ықпал ету шараларына сәйкес келетін, әлеуметтік экономикалық даму міндеттерін, басымдылықтарын, индикаторларын қалыптастыру үрдісі болып саналады.

Индикативті жоспарлаудың мақсаттары. Индикативті жоспарлаудың негізгі мақсаты ұлттық экономиканың ұдайы дамуын және оның құрылымдық қайта құрылуын қамтамасыз ету, дағдарысты құбылыстардың алдын ала және оларды бәсеңдету, елдің экономикалық қауіпсіздігін және қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету,шаруашылық субъектілерінің іс-әрекетін алға қойылған жалпы ұлттық әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағыттау болып табылады.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың тұтастығы мен мақсаттылығын қолдау үшін индикативті жоспарлау мынандай негізгі талаптарға сай болуы керек:

-республика экономикасына мемлекеттік реттеу құралдарын пайдалану тиімділігі;

-нарықтық механизмдер әрекетінің негізінде экономиканың өзі реттелуінің жоғары деңгейін шаруашылық субъектілерінің экономикалық ынта көрсетуіне мол мүмкіндікті қамтамасыз ету;

-дамудың талдау мен болжаудың жалпы әлемдік тәжірибеде қабылданған әдістерін пайдалану;

-тиімді аймақтық саясатпен қамтамасыз ету.

Индикативті жоспарлау жүйесі. Индикативтік жоспарлау жүйесі әлеуметтік-экономикалық міндеттердің шешілу ұзақтығына байланысты стратегиялық, орта мерзімді және жылдық жоспарлардан тұрады. Шешілуге тиісті міндеттердің маңыздылығына қарай индикативті жоспарлар ең жоғары деңгейде, аймақтық және салалық деңгейлерде жете ойластырылады.

Стратегиялық жоспар 10-15 жылға жасалады және ұлттық экономиканы дамытудың ұзақ мерзімді, болашағы мол мақсаттарын міндеттері мен басымдылықтарын, оларды орындау кезеңдерін және мемлекеттік әлеуметтік –экономикалық саясаттың жалпы бағыттарын айқындайды.

Аса ірі, кешенді түрде қарастыру мен көбінесе ресурстардың шоғырландырылуын талап ететін, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми техникалық маңызды мәселелер бойынша стратегиялық жоспардың құрамында мемлекеттік  бағдарламалар жасалады. Олар бұл мәселелердің, өндірістік-ресурстық әлеуметтің өзгеруін болжап бағалауды ескере отырып, кезең-кезең шешілуін ойластырады, мәселелерді шешу мақсатымен әлеуметтік-экономикалық үрдістерге мемлекеттік ықпал етудің өзара үйлестірілген кешенді шаралары мен әдістерін қамтиды. Мемлекеттік бағдарламалар оларды алға қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті кезеңге жасалады.

Орта мерзімді жоспар (3-5 жылға арналған) мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатты және әлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттерін орындауға бағытталған экономикалық реттеушілер жүйесін айқындайды; стратегиялық жоспарда, мемлекеттік бағдарламаларда көрсетілген көлемдерді (индикаторларды) нақтылаудықамтамасыз етеді және жоспарланып отырған кезеңдегі экономика мен әлеуметтік өзгерістегі бүкіл кешенді шараларды көрсетеді.

Жылдық (ағымдағы) жоспар ағымдағы маро-экономикалық тепе-теңдік мәселесін шешуге, қажет болған жағдайда, орта мерзімді жоспарда айқындалған экономикалық реттеушілер мен басқа шараларды, қалыптаса бастаған әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып түзетуге бағытталған. Әлеуметтік-экономикалық дамудың ең маңызды индикаторларын болжау тоқсан сайын жасалынады.

Шаруашылық дамуының айрықща, тосын жағдайлары (әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар, ірі табиғи және технологиялық апаттар) кезеңдерінде дәл осы кезеңдердің ерекшелігімен және шешілуге тиісті әлеуметтік-экономикалық мәселелермен айқындалатын мерзімге арнайы бағдарламалар мен жоспарлар жасалынуы мүмкін.

Облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарлары аймақтық мәселелерді шешуге бағытталған, оларды жергілікті атқару органдары жасайды; өздерінің қаржылары есебінен қаржыландырылатын бөлім дербес жасалынады, ал мемлекеттік орталықтандырылғанқаржылар есебінен қаржыландырылатын жалпы ұлттық мәселелерді шешуге қатысты бөлімнің негізіне Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарында айқындалған индикаторлар мен ресурстар алынады.

Салалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарлары салалық саясаттың негізгі бағыттарын, саланы дамытудың тораптық мәселелерін шешудің ұйымдастырушылық-техникалық және экономикалық шараларын айқындайды.

Кәсіпорындар мен ұйымдар даму жоспарларын қазіргі заңдарға сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатты, эканомикалық реттеушілерді мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, ішкі және сыртқы рыноктардағы сұраныстарды, мемлекеттің өнімдерді, жұмыстарды (қызметтерді) сатып алу жөніндегі келісім шарттарын ескере отырып, дербес жасайды және орындайды.

Экономикалық реттеушілер жүйесі натуралды құндылықты және нормативті көрсеткіштерден тұрады, индикативті жоспарда айқындалған мақсаттарға жету мүддесінде мемлекет осылар арқылы экономикаға ықпал етеді.

Экономикалық реттеушілер жүйесіне мыналар жатады:

-іс-әрекеттің жекелеген түрлерін лицензиялау, өнімнің жекелеген түрлерін сыртқа шығару мен әкелуге лицензиялар беру;

— меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындарда байқау және келісім шарт негізінде рұқсат етілген өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекет мұқтаждары үшін сатып алу көлемі;

— жекелеген салаларды, аймақтарды, кәсіпорындарды, ғылыми-техникалық прогретің басым бағыттарын қолдауға қажетті роталықтандырылған қаржы-қаражат, сондай-ақ мемлекетік бағдарламаларды орындау;

— орталықтандырылған инвестициялар көлемі мен осы қаржыларды пайдалану арқылы жүзеге асырылатын ең маңызды құрылыстардың тізімі; сондай-ақ сырттан қарыз алудың көлемі мен қаржыландырудың сыртқы көздері есебінен орындалатын жобалардың тізімі;

— салық ставкаларының, амортизацияны есептеудің нормалары мен тәртібінің, несие үшін пайыздардың, кеден (баж) салықтарының, алымдардың және тағы басқалардың өзгеуі;

— мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс істеу және экономикалық реформалардың жүзеге асырылу жағдайларын айқындайтын көрсеткіштер;

— тұрғындарды әлеуметтік жағынан қорғауға және әлеуметтік мәселелерді шешуге арнайы бағытталған шаралар.

Мемлекеттік бағдарламалар ұзақ мерзімді индикативті жоспарлардың құрамында аса маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін жасалады. Орта мерзімді және жылдық жоспарларда жұмыстардың мазмұны мен қаржыландыру көлемі нақтылы қаржыландыру жағдайларына байланысты түзетіліп отырылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың жоспарларының құрамын, олардың өзі мемлекеттік экономикалық басқару орындары көрсетіп берген формалары мен көрсеткіштер негізінде дербес айқындайды.

Экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалған жоспарлардың құрамында қорғанысқа жұмылдырылған (мобилизациялық) қуаттарды құру, дамыту және сақтау, қорғанысқа жұмылдырылған резервтердің материялдық құндылықтарын жаңартып отыру алдын ала ойластырылуға тиіс.

Аграрлық жоспарлау макро және микро экономикалық көлемдерді реттеуді, мынандай стратегиялық және тактикалық міндеттердің оңтайлы ара қатынасын айқындауды талап етеді:

— аграрлық реформа жүргізудің мемлекеттік саясаты негізінде бәсекеге қабілетті тауар өндірушіні қалыптастыру;

— баға деңгейін қадағалап отыру негізінде бағаны реттеу;

— қаржы тәртібін жетілдіру  негізінде өндірістің құлдырауын болдырмау;

— өнім өткізу рыногын дамыту мен тауар өндірушілерге қызмет жөнінде құрылымдық және мекен-мекемелік (институттық) өзгертулер жүргізу;

— еңбек дәйектілігіне лайықты жүйе құру, еңбек ресурстары рыногын дамыту және келісім-шарттар жүйесін меңгеру жолымен кадрлардың жауапкершілігін нығайту.

Ауыл шаруашылығында бәсекеге қабілетті тауар өндірушіні қалыптастыру кеңшарларды мемлекет билігінен алу және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін көбейту жолымен жүргізілмек болатын.

Жекешелендіру іс жүзінде қалай болса, солай, саңыржақ жүргізілді; ірі кәсіпорындарды кішігірім дербес агро-құрылымдарға бөлшектеу және олардың шаруашылық жүргізуіне тиісінше жағдай жасамау бүтіндей үйлесімді өндірістік үрдістердің бұзылуына, ішкі және сыртқы байланыстардың үзілуіне әкеліп соқты. Ең бастысы, жекешелендіру бағдарламасы біріңғай аграрлық саясатпен және экономиканы тұрақтандыру шараларымен қуатталмады. Республиканың аграрлық өнімге деген сұранысы мен ауыл шаруашылық туар өндірушілерін мемлекеттік қолдау дәрежесі және жекешелендіру жұмыстарының жағымсыз салдарын болдырмау маралары анықталмады, тауар өндірушілердің қызмет көрсетуші және қосалқы кәсіпорындармен өзара қарым-қатынас механизмі жұмыс істемеді.

Сонымен бірге бағалар сәйкессіздігіне байланысты ауыл шаруашылығында айналым қаржыларының болмауы жағдайды ушықтыра түсті. Ірі кәсіпорындарды осылайша өзгертулердің экономикалық мақсатқа сәйкестілігін көп жағдайда ешкім айқындаған жоқ.

Аграрлық сектордың кешенді түрде және өзара байланысты толық шешілмеген мәселелері жекешелендіру үрдісінен күткендегідей нәтиже бергізбеді, өйткені жекешелендіруді елдің негізгі стратегиялық және экономикалық мәселелерімен үйлестіру механизмдері жоқ болатын.

Мұндай жағдайда ең бастысы — өтпелі кезеңде әлеуметтік – экономикалық үрдістердің басқарылуын қалпына келтіру және мемлекеттің өндірісті жедел реттеушілердің рөлін арттыру болмақ.

Макроэкономикалық деңгейде аграрлықбөліктегі өндірісті қалпына келтіру параметрлерін және оны жүргізу кезеңдерін анықтап алу қажет.

Микроэкономикалық тұрғыдан ауыл шаруашылығындағы түбегейлі мәселелерді шешуге басты назар аударған жөн. Шешімін табу шаруашылық жүргізуші субъектілерге байланысты бұл мәселелер төмендегідей.

— топырақтың желге үгітілуін, желмен ұшуын (дефляцияны) және топырақ құнарлығы төмендеуін тоқтату үшін жер игеруді жетілдіру, жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатымен аймақтар бойынша ауыл шаруашылық дақылдары егістерін орналастырудағы ауытқуларды болдырмау;

— егіс көлемінің құрылымын жетілдіру негізінде елдің ішкі қажеттіліктнрін толық қнағаттандыратындай және халықаралық рынокқа шығатындай егіншілік өнімдерін өндіруді қамтамасыз ету;

— рынок қажеттіліктерін мал өнімдерімен қанағаттандырарлықтай, жоғары өнімді мал басын ұстау үшін жоғары сапалы мал азығы өндірісін ұйымдастыру.

Өндірістің барынша аяқталып бітуі (ауыл шаруашылық өнімін өңдеу, сақтау және өткізілуі) бар, үйлестірілген жүйелер едәуір жоғары нәтижелер беретінін тәжірибе көрсетіп отыр.

Мұнда акционерлік негізде жоғарыдан төмен үйлестірілудің (интеграцияның) алуан түрлері таралуы мүмкін.Үйлестіруші ретінде ауыл шаруашылығына кірісіп, ене бастаған, ірі-ірі өңдеуші кәсіпорындар көрінуі ықтимал. Өңдеуші кәсіпорындар базасында акционерлік негізде, атқарушы аппаратын міндетті түрде талдау және оның шығындар сметасын бекіту арқылы, өндірушілер мен өндірушілер арасындағы өзара қатынаста қайшылықтар болдырмайтындай корпорациялар құрған дұрыс. Акционерлік (жабық) тұрпатты қосымша кәсіпорындар құрған да жөн болады.

Қадағалау және бағаны реттеу.

Осы кезге дейін бір де бір капиталистік елде баға белгілеудің толық еркіндігі жоқ. Айрықша әлеуметтік маңызы бар бүтіндей салалар капиталистік елдердің әкімшілік қадағалауында болумен келеді.Қазіргі уақытта капиталистік елдерде, оның ішінде Еуропалық Бірлестікте де, әбден қалыптасқан ауыл шаруашылық өніміне бағаны реттеу жүйесі тұтынушылардың да, өндірушілердің де арасындағы «коридор» аумағында ғана болады. Мұнда жоғарғы шек ол өндірген тауарлармен рыноктың толып тұруы, сатып алу бағасының төмендеуі жағдайында фермердің ең аз кепілді кірісін сақтап қалуды көздейді.

Жапонияда ауыл шаруашылығы үшін бағаның аса сәйкестігі жүзеге асырылуда, ауыл өнімдері бағасының өсу қарқыны өнеркәсіптік тауарлар бағасының өсу қарқынынан 1,5 есе асып отыр.

Нарықтық экономиканың жұмыс істеу ұстанымдарына баға тепе-теңдігі сәйкес келеді, бұл дегеніміз — өнім өндіруге жұмсалатын шығындарды барынша азайту қажеттілігін ескере отырып, өнімнің белгілі бір түріне сұраныс пен ұсыныс мөлшерінің дәлме дәл келуі.

Баға қатынастарын материалдық –техникалық ресурстарды иемденуден өнімнің тұтынушыға жетуіне дейінгі бүкіл ұдайы өндіріс үрдісі жүйесінде қарастыру керек, өйткені барша осы тізбек бойынша кірісті қайта бөлу жүріп жатады. Бұл әсіресе тұтынушының жалпы соңғы бағасында шығындардың ең үлкен үлесі мен жиынтық пайданың біршама шағын үлесі тиетін ауыл шаруашылығына қатысты. Сондықтан шығындар мен бағалардың қалыптасу үрдісін өндіріс құралдарын сатып алғаннан өнімді соңғы тұтынушы сатып алғанға дейін қадағалау қажет.

Бөлшек сауда бағасына үлестік қатысудың болжамды коэффициенттері, мысалы , сиыр еті (өндірістік шығындарды қоса есептегенде), қатысушы-кәсіпорындар үшін былай болуы мүмкін: ауыл шаруашылық кәсіпорындары үшін -0,55-0,60; ет өндірушілер үшін -0,15, көлік және көтерме сауда кәсіпорындары үшін -0,05, бөлшек сауда үшін -0,15-0,20, сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттің үлестік қатысу коэффициенті -0,05-0,10.

Агроөнеркәсіп кешенінде (АӨК) — өндіріс құралдарының орасан тапшылығы, оларды монополиялық жасап шығару жағдайында өте тапшы техниканы, сондай-ақ өндіріс тің басқа да құралдарын нарықтық еркін бағамен сатуға жол бермеу керек. Бағаның жоғарғы шегін белгілеу қажет, егер АӨК-тің бірінші өрісінің кәсіпорындары мұны бұзатын болса, онда олар жаңағы шектен асатындай айып немесе салық төлеуі тиіс. Сонымен қатар өте тиімді техника жасап шығаратын кәсіпорындарға несие алуда жеңілдіктер жасау, салықты төмендету, қазіргі ғылыми –техникалық даму жетістіктерін игеруге арналған табысын салықтан босату қажет.

Соның өзінде жылына немесе тоқсан сайын бір рет өзгерістер енгізілетін өнім мен қызмет көрсету бағасын көтерудің экономикалық негізділігін министрліктер, ведомостволар деңгейінде қарап отыру керек және бағаның бұдан кейінгі көтерілуі баға тәртібін бұзушылық деп саналуға тиіс. Мемлекетаралық деңгейде өнімнің жекелеген түрлеріне бағаның бірдей болуы туралы басқа мемлекеттермен экономикалық келісім жасау қажет, мұны бұзушыларға экономикалық санкция қолдану керек.

Сауда – делдалдық ұйымдардың үстеме бағалары өндіріс құралдарын 20 пайызға және оданда көп қымбаттатып жіберетіндіктен, бұл үстеме бағалардың ең шекті деңгейін белгілеу қажет, сонымен бірге тауарлар айналымының нақтылы шығындарына байланысты өндіріс құралдарының түрлеріне қарай үстеме бағаны да әртүрлі ету (дифференцициялау) керек.

Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне агросервис қызметін көрсетуде кәсіпорынның іс-әрекет қырларын өзгертіп отыруға, тауар өндірушілердің өндірістік және экономикалық мүдделерін ескеруге, оларға қызмет көрсету бағасын төмендетуге мүмкіндік беретін маркетинг жүйесіне көшкен жөн.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің барлық ауыл шаруашылық өнімдері өндірісін ұлғайтуға және көп еңбек тілейтін, тиімділігі төмен салаларды дамытуға материалдық ынталануын туғызуға бағытталға тиімді шаралар қабылдау мақсатында бағаның ауытқуына тәуелсіз, белгілі бір кезең бойында тұрақты кіріс алуына жағдай жасау мүмкіндіктерін қарастыратын, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп арасында баға сәйкестігін қолдайтын, тұрақты жұмыс істеуші механизм ойластырылғаны дұрыс.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу сатысында баға белгілеу жүйесін жетілдіру ауылдың тауар өндірушілердің өңдеуші кәсіпорындар (шығындардың бекітілген сметасы бойынша жұмыс істейтін корпарация, акционерлік қоғамдар, кооперациялар, атқару аппаратын жалдайтын келісім –шарт жүйелері, ассоциация) және тағы басқалармен үйлестірілуінің маңызды дәрежеде ұйымдық құрылымымен айқындалады.

Экономикалық қатынастарды реттеу үшін өндірушілер мен өңдеущілер арасында кепілдік баға ұстанымдарындаөзара есеп жүргізуді ұсынуға болады. Мұндай жағдайда тауар өндірушілер шикізат өңделіп, дайын өнім алынғаннан кейін көтерме сауда-сату бағасы есептелген кезде калькуляцияға енгізілген шикізат құны мен кепілдік баға бойынша іс жүзінде төленген аванс арасындағы айырмашылықты төлеуі керек. Пайда түрінде алынған айырмашылықты қатысушыларға тапсырылған шикізаттың есептелген құнына қарай теңбе-тең бөлген дұрыс. Азық-түлік рыногының субъектілерін: тауар өндірушілерді және сауданы экономикалық тұрғыдан үйлестірген пайдалы.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында тауар өндірушілерге мемлекет, ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер, өңдеуші және сауда жасайтын кәсіпорындар, оларға қызмет көрсетуші орындар арасындағы келісімдер негізінде, сұраныс пен ұсынысты ескеріп өнім өндіру үшін жағдай жасау тиімді. Ол үшін жыл сайын негізгі шикізат түрлеріне отын-энергетикалық ресурстар мен  материалдарға баға деңгейін болжап ойластыру қажет. Мұндайда өндірушінің бағаны көтеруі жөн бола ма, жоқ па, соны анықтау үшін өнім бағасын бір пайызға өзгерткенде сұраныс қанша пайызға өзгеретінін сипаттайтын икемділік көрсеткішін (ик) пайдалану керек.

Шығындар мен бағалар туралы нарықтық ақпаратты жақсарту, сауда мәмілелерінің жариялығы, статистика орындарының өндірістік құралдар мен заттар бағасын және олардың индекстерін жариялауы қажет. Есеп айырысу –нормативтік шығындар мен ауыл шаруашылық өнімінің негізгі түрлерінің және АӨК-де қолданылатын материалдық-техникалық ресурстардың ықтимал бағасы туралы ақпарат дайындау керек. Мұндай ақпаратқа ие болған өндірушілер мен тұтынушылар ұсынылған бағаның алыпсатарлық деңгейін шамалай алар еді.

Қаржы-несиелік саясатты жетілдіру.

Ауыл шаруашылығының, өнімді өткізу рыногы мен инфрақұрылымның материалдық-техникалық базасы әлсіреген тұста экономиканың аграрлық бөлігінің нарықтық қатынастарға көшуі көптеген кәсіпорындардың ойсырауына әкеп соқты.

Көптеген елдерде экономиканың аграрлық бөлігін мемлекеттік қолдауға тәжірибесі көрсетіп отырғандай, экономикалық даму деңгейлері әртүрлі болуына қарамастан, ауыл шаруашылығына зор қаржылық көмек жасалуда, ондағы мақсат тауар өндірушілердің бір қалыпты кірісі бар жағдаайда тұрғындарды бағасы қолайлы азық-түлікпен қамтамасыз ету болып отыр.

Ауыл шаруашылығына қосымша қаржы (дотация) берудің мақсаты дүние жүзі елдерінде түрліше. Бұл – аграрлық бөлікті шетелдік бәсекеден қорғау, өнімді сыртқа шығаруға ынталандыру және т.б. Шынында, өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құнының белгілі бөлігін дотация құрайды, мысалы, Жапонияда -70%, Еуропа Экономикалық Бірлестігі елдерінде-40%, АҚШ-та-30%. Жапониядағы қомақты дотация фермерлердің өндірістік шығындары едәуір көп болуынан туындайды. Мұнда елдің азық-түлік  саудасына мемлекеттік монополия орнатылған, ауыл шаруашылық өнімін міндетті түрде сатып алу бағасы мен бөлшек сауда бағасы орталықтан анықталады.

Қазақстанда қараусыз қалған қора мен істен шыққан техника негізінде шаруа қожалықтарын құрып, олар – сенімді азық-түлік өндірушілері болады деп күту орынсыз.ауыл шаруашылығына қаржы бөлінуі қажет.

Аграрлық бөліктегі дағдарыс себептерінің бірі – банк-несие жүйесінің жағдайына байланысты. Банктік пайыздың үлкен мөлшері не ақша айналымын толығымен тұрақтандыра алмайды, не теңгенің толық мәнінде жақсы айырбасталуына қол жеткіздірмейді. Алайда күрделі мәселе мынада, пайыз мөлшерін өсіру ауылдық тауар өндірушілер экономикасын біржола туралатып тастауы мүмкін. Мұндай жағдайда ауылдағы тауар өндірушілердің  несие алуға мүмкіндігі көтермейді, бірақ олар несие алуға мәжбүр болады, барлық дерлік ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің айналым қаржысы, әдеттегіше, тек қарыздан тұрады.

Қазақстан жағдайында  аграрлық бөлікті қолдау түрлендірілген болуға тиіс. Өндіріс пен өнім өткізу көлемін қысқартуды болдырмау, шаруашылықтардың элиталық астық дақылдары, картоп және басқалардың тұқымдарын өсіруге ықыласын арттыру, асыл тұқымды малдардың тектілігін сақтап қалу мақсатында ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан көрсетілер қаржылай қолдаудың қажетті көлемінде дотация мөлшерін белгілеу керек.

Сонымен қатар мемлекеттік бюджет есебінен мына шараларды орындаған жөн: мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің техниканы, қосалқы бөлшектер мен мұнай өнімдерін иемденудегі шығындарының орнын мемлекеттік бағаларды қадағалау арқылы ішінара толтыру, мемлекеттік жерге орналастыру шараларын, өсімдіктердің жаппай зиянкестерімен ауруларымен күрес жүргізу.

Еңбекке ынталандыру және кадрлар жауапкершілігі.

Жалдаудың келісім-шарт жасау жүйесін қолдану өндірістік ресурстарды едәуір тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы жүйе кәсіпкерлер мен қызметкерлердің Еңбекке ынталандыру және кадрлар жауапкерщілігін арттырады. Жалдаудың келісім-шарт жасау жүйесін қолдану өндірістік ресурстарды едәуір тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.осы жүйе кәсіпкерлер мен қызметкерлердің құлшынысын тудырып, дербестікке ынталандырады, екі жақтың да өзара жауапкершілігін арттырады.

Біздің өмірімізге бір пайдасы тиер деп, дамыған елдер тәжірибесіне талдау жасайтын болсақ, Германияда іс-жүзінде тарифтік шарттар жасасу соңғы кезде тағы бір маңызды екі элементі қамтиды. Бұл, біріншіден, еңбекақының ең аз мөлшерін белгілеу, екіншіден, еңбек ақыны индекстеу, яғни өмір сүру құны индексінің өсуіне сәйкес еңбек ақысының автоматты түрде өсетіндігі туралы пунктті тарифтік шартқа қосу.

Жалдаудың келісім-шарт жасау жүйесі өзара материалдық жауапкершілікті қарастыруы керек. Келісім-шарт бойынша еңбекке ақы төлеу еңбектің саны мен сапасына сәйкес жүзеге асырылады, соңғы нәтижемен және ең жоғарғы мөлшерменшектелмейді. Келісім-шарт бойынша жалақының алдын ала мөлшері жұмыс басталғанға дейін белгіленеді. Аграрлық рыноктың және шаруашылық жүргізудің нарықтық түрлерінің дамуы табыстарды еңбек бойынша болумен қатар, өндірісті дамытуға еңбеккерлер салған қаржыға қарай кірістерді дифференциялауға да жағдай жасайды.осыған байланысты нарыққа көшудің негізгі мәселесі жалдамалы жұмыскерлерді қалай меншік иесіне айналдыруда болмақ, өйткені нарықтың қозғаушы күші меншік иесінің немесе тең құрылтайшының мүддесі болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайында еңбекке ақы төлеу жүйесі өнімні ңсаны мен сапасына, жалпы кіріс пен сіңірілген дербес еңбекке тікелей тәуелді болуға тиіс.

Өнім өткізу және қызметтер рыногын дамыту. Ауыл шаруашылық өнімінің негізгі түрлерін тұрғындарға мемлекеттік сауда арқылы өткізгенде, өткізу бағасымен салыстырғанда, бөлшек бағаның өсетіні байқалады, ол әр түрлі сауда айналымына түсу есебінен болады.

Қазіргі уақытта агробизнес жүйесіндегі ең әлсіз буын өнімді өткізу болып табылады.

Бұл мәселені шешудің басты жолдарының бірі – бағаны сұраныс пен ұсыныс негізінде реттеп отыратын аймақтың тауарлық биржалар жүйесін құру. Сонымен қатар облыстар мен аудандарда ауыл шаруашылық сату жөнінен жәрмеңкелермен аукциондар өткізуді кеңінен қолдану керек.

Аймақтарда астық сатып алуға аванс беру үшін, меншік түріне қарамастан, өңдеуші, сауда жасаушы, делдалдық етуші және басқа ұйымдардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың жарнамаларынан қалыптасатын, орталықтандырылған қаржы қорларын құру қажет. Қордың мақсаты – астық және басқа азық-түлік түрлерін сатып алуға қысқа мерзімді жеңілдетілген несие беру.

Сондай-ақ мүлікті кепілге салып және жергілікті бюджеттердің өз міндеттерін орындауды қамтамасыз ететін кепілдігімен берілетін вексельді айналымға енгізу қажет.

Шаруа қожалықтарына, фермерлік және ұжымдық шаруашылықтарға, ассоцацияларға, акционерлік қоғамдарға, шағын кәсіпорындарға, кооперативтерге, жеке шаруашылықтар мен басқада тауар өндірушілерге маусымдық жұмыстар жүргізу кезінде қызметтер көрсету үшін кооператив негізде арнайы кәсіпорындар құрған жөн. Арнайы кәсіпорындарды жабдықтау үшін республика көлемінде де, жақын және алыс шетел аумағында дализинг, басқа да есеп айырысу түрлері негізінде несие алу арқылы ауыл шаруашылық мәшинелері мен жабдықтарын, комбайындар мен басқа да техниканы сатып алып, иемдену қажет. Бұл үшін металлургия, энергетика, көмір өнеркәсібі салаларының өнімін пайдалану, шектеулі келісімдер жасау мүмкіндіктерін қарастыру жөн.

Жалгерлік пен лизингті пайдалана отырып, әрбір ауданда жөндеу-техникалық кәсіпорындар базасында техниканы сатуға қамдау мен сатуды,қосалқы бөлшектерді өткізуді,пайдаланудың кепілді және одан кейінгі кезеңдерінде техника жөндеуді, бөлшектерді қалпына келтіру мен дайындауды,жөндеу және сатуда жүзеге асыратын көпмақсатты техникалық орталық құру керек. Сондай-ақ техникалық сервис қызметін тұтынушыға жақындату мақсатында шеберханалар, мәшине аулалары және техникалық қызмет пунктері негізінде әртүрлі меншік түрлеріндегі ауылдық тауар өндірушілерге қызмет көрсететін фирмалар, кооперативтер, жалға беру пунктері мен кәсіпорындар құру қажет. Бұл кәсіпорындар жекеше де, мемлекеттік те немесе менщіктің аралас түрінде де болуы мүмкін.

Шалғай аудандардағы қазір бар дайындау пунктерінде тұтыну кооперациясы тұрғындардан, шаруа қожалықтары мен фермерлер шаруашылықтарынан мал, сүт және басқа ауыл шаруашылық өнімдерін алуды, тапсырушыларды тауарландыруды ұйымдастыра алар еді.

Сыртқы экономикалық саясат.

Мемлекет аграрлық сектор кәсіпорындарының сыртқы экономикалық іс-әрекетіндегі мынандай кемшіліктер мен келеңсіздіктерді: ресурстар мен шикізаттың белгілі бір бөлігіншетелден әкелуге байланысты елдің тәуелді бола түсуін, отандық тауар өндірушілер үшін экономикалық конъюнктураның нашарлауын, кедендік баж салықтарын, бартер бойынша баламасыз тауар алмасуды, экспорттық-импорттық операциялар бойынша статистикалық есеп берудің шатасуларын ескеруге тиісті.

Әлемдік нарық конъюнктурасын нашар білу, ал кейде отандық кәсіпкерлердің өзара бәсекеге түсуі өнімді арзан (демпинг) бағамен өткізуге мәжбүр етеді. Кей уақытта тауар өндірушілер мен делдалдық құрылымдардың сыртқы рынокке жөнсіз бірден шығуы республиканың шикізат ресурстарының, әсіресе, тірі шикізаты , жүн, бұғы мүйізінің өнімдері,тіпті астықтың да ысырап болуына әкеп соғуда.

Екінші жағынан, республика тексерілмеген жаңа техника мен технологиялардың сырттан жүйесіз әкелінуі біраз жағдайда жағымды нәтиже бермей жүр және агрокешенге экономикалық-экологиялық зиян тигізуде.

Мемлекеттің аграрлық бөліктегі сыртқы экономикалық саясатының өзекті мақсаты мен оның тиімділігінің өлшемі – сыртқа өнім шығару (экспорт) көлемінің өсуі мен экспорт құрылымдарының жетілдірілуі, сондай-ақ импортты барынша жақсарту. Осыған орай аграрлық бөліктегі сыртқы экономикалық саясаттың ең маңызды бағыттары мыналар болуға тиіс:

—   сырқы экономикалық іс-әрекетті одан әрі ырықтандыру ;

— жалпы Еуроазиялық аграрлық ынокта, әсіресе ТМД кеңістігінде үйлестірілу, оның жұмыс істеу механизмін ойластыру;

— отандық тауар өндірушілерді аграрлық қолдаушылық ұстанымдарын жүзеге асыру, меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен шаруашылықтарға сыртқы саудада барынша қолайлы жағдай жасау, соның негізінде олардың экспорттық іс-әрекетін ынталандыру;

— шетелдік несиені тарату, ең алдымен импорттық материалдық-техникалық ресурстарды және технологиялардықаржыландыру;

— өзара тиімді қаржыландыру режимінің көмегімен және кәсіпорындардың шетелдік инвесторларына толығымен жататын шетелдік капиталды тарту;

— сыртқы экономикалық іс-әрекетке карантиндік және экологиялық бақылауды күшейту.

Батыс елдерінің рыноктарына бару оладың ауыл шаруашылық тауарларына толы болуына, сапаға жоғары талап қоюына, репутациясының тұрақтылығы түрлі фирмалырдың рынокқа орналасып алуына байланысты қиынға соғады. Сондықтан экспортты, ТМД елдерінен басқа, астық және ет өндірісіөнімдерін өткізу жолдары болып табылатын Атлантика, Тынық мұхит аймағындағы елдерге бағыттаған жөн.

Сыртқы экономикалық байланысардың дамуы ауыл шаруашылық өнімінің ішкі рыногы қалыптауын ескеріп, республика АӨК-нің аумақтық ұйымдастыруды жетілдіру және қазіргі уақытта тепе-теңдігі едәуәр бұзылған облысаралық рационалды тауар тасқынын қалыптастыру арқылы жүзеге асуға тиіс. Егер сыртқы рынокқа тауар өндірушілерді валюталық қаржы алу мүмкіндігі қызықтырса, ішкі рынок оларға мұны қамтамасыз ете алмайды, инфляция жағдайында оларды қатысуға да ынталандырмайды. Бұл жерде облыстарды өздерінің табиғи-экономикалық жағдайына брынша жауап беретін тауарлық өнім түрлерін өндіруге мамандандыруды қалпына келтіру мен қосалқы өткінші, тым шалғай, экономикалық тұрғыдан тиімсіз тасымалдарға жол бермейтін облысаралық алыс-берісті ұйымдастыру елеулі рөл атқарады.

Сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру механизмдері. Алдымен сыртқы экономикалық іс-әрекеттің басымдылықтарын анықтап білу қажет. Елдің қиын қаржылық жағдайын, төлем балансы шиеленісі мен инфляциялық үрдістерді ескере отырып, экспортты мемлекеттік қолдауды бытырытып жібермей, оны тек экспорт көлемін өсіру тұрғысынан да, оның құрылымдарын жетілдіру жөнінен де салынған капитал таяу уақыттарда барынша күшті эффект беретіндей, бәсекеге қабілетті салаларға жұмылдыру керек.

Шетелдік инвестицияларды салудың басым бағыттары мыналар болып табылады:

— өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, оларды өңдеу және сақтау. Дәл осы бағыттар бүгіндері импорттық өнімнің негізін құрайды. Сондықтан да шетелдік фирмалармен бірлескен әртүрлі кәсіпорындарды ұйымдастыру реттелуі қажет.

 

3.Агробизнесті жоспарлаудың болашағы.

3.1.Агробизнес жоспарлаудағы проблемалар.

 

Өнімді сыртқа шығарушы кәсіпорынды ынталандыру өнім экспорты мен импортының құрылымдық қайта құрылуын жетілдіруге мүмкіндік туғызатын мақсатты қаржыландыру және жеңілдіктер беру жолымен жүргізілгені жөн. Өнімді сыртқа шығаруды , астық және басқа ауыл шаруашылық өнімдерінің арзан бағамен өткізілуіне жол бермей, тек республикалық және аймақтық сауда биржалары арқылы жүзеге асыру қажет.

Аграрлық салада құрылымдық жаңғыртуларды жүзеге асыруда шетелдік инвестициялар елеулі рөл атқарады. Алынған капитал агроөнеркәсіп кешенін техникалық қайта жарақтандыруғыа, республика жағдайында тексерілген жаңа технологияларды өндіріске енгізуге жәрдемдесуі керек. Соның өзінде шетелдік жобаларды шетелдік инвестициялардың қатысуымен сараптан өткізу және іріктеу тәртібін қатаң сақтау, үкіметтік кепілдіктерді мезгілінде орындау жөніндегі шаруашылық субъектілерінің жауапкершілігін арттыру қажет.

Импорт тұсында – технологиялық жабдықтарға, жаңа технологияларға, өнімдерді ішкі және әлемдік рыноктарда сұранысқа ие болатын, импортты алмастыра алатын өндірістер ұйымдастыру лицензияларына, ауыл шаруашылық өнімінің кейбір түрлерін сырттан әкелу көлемін азайтуға бағдар ұсталынады. Сонымен қатар таяу жылдарда тамақ өнеркәсібі үшін қажет шикізат сатып алу, сондай-ақ жаңа технологиялар, мәшинелер мен жабдықтар (тамақ өнеркәсібі салалары үшін, ауыл шаруашылық мәшинелерін, әсіресе, астық жинау комбайындары мен басқа орақ техникасын) сатып әкелу сақталады.

Ауыл шаруашылық өнімін сыртқа шығарып өткізуден түсетін валютаны барынша тиімді пайдалану мақсатында индикативті жоспарда валюта қорын құру мен оны пайдалану тәртібін қарастырған жөн.

Қазіргі АӨК-нің көптеген мәселелерін – бәсекеге қабілеттілік, баға, қаржы, несие, еңбек, экономикалық байланыстар жайын қарастыру керек, ондағы мақсат:

— біріншіден, нарықтық экономика жағдайында АӨК – нің жоспарлау мәселелерінің ерекшеліктерін танып-білу;

— екіншіден, жоғарыда сөз болған және басқа да факторларды білмейінше, есепке алмайынша жоспарды жасау және орындау мүмкін еместігін көрсету.

Мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзара қатынастары. Индикативті жоспарды орындаудың құралы – жоспарланған кезеңнің міндеттерін шешуге бағытталған экономикалық реттеушілер болып табылады.

Индикативті жоспарларды орындау ең алдымен шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттік басқару арасында шарттар жасасу жолымен, ал өнімді мемлекеттік сатып алу, мемлекет мұқтажы үшін жұмыстар жұмыстар орындау бойынша – мемлекеттік тапсырма берушілер мен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында мемлекеттік келісім-шарттар жасасу арқылы қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік келісім-шарт тараптардың – кәсіпорындар (ұйымдар, корпарациялар) мен мемлекеттің (оның өкілетті органының) міндеттемелерін бекітеді, оны орындамағаны үшін екі жақ та келісім-шартта айқындалған күйде жауап береді.

Мемлекеттік кәсіпорындар үшін олар зиян шегетіндей немесе едәуір қосымша қаржыландыруды керек ететіндей, өнім өндіру жөнінен міндетті түрде тапсырмалар белгіленген жағдайда, кәсіпорын шығындары республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен өтеледі.

Егер заңда басқаша көрсетілген болса, меншік түріне қарамастан, кәсіпорындар мен ұйымдар мемлекеттік огандар тарапынан күнілгері шығынға ұшырататын тапсырмалар мен басқарушылық шешімдерді, тисінше шығындар өтелмейтін болса да, орындауға қабылдауға құқылы.

Меншік түріне қарамастан, кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекеттік қорғаныс тапсырмасын орындаудан бас тартуға хақысы жоқ.

 

Қорытынды.

 

Қорыта келгенде аграрлық жоспарлау макро және микро экономикалық көлемдерді реттеуді, мынандай стратегиялық және тактикалық міндеттердің оңтайлы ара қатынасын айқындауды талап етеді:

— аграрлық реформа жүргізудің мемлекеттік саясаты негізінде бәсекеге қабілетті тауар өндірушіні қалыптастыру;

— баға деңгейін қадағалап отыру негізінде бағаны реттеу;

— қаржы тәртібін жетілдіру  негізінде өндірістің құлдырауын болдырмау;

— өнім өткізу рыногын дамыту мен тауар өндірушілерге қызмет жөнінде құрылымдық және мекен-мекемелік (институттық) өзгертулер жүргізу;

— еңбек дәйектілігіне лайықты жүйе құру, еңбек ресурстары рыногын дамыту және келісім-шарттар жүйесін меңгеру жолымен кадрлардың жауапкершілігін нығайту.

Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне агросервис қызметін көрсетуде кәсіпорынның іс-әрекет қырларын өзгертіп отыруға, тауар өндірушілердің өндірістік және экономикалық мүдделерін ескеруге, оларға қызмет көрсету бағасын төмендетуге мүмкіндік беретін маркетинг жүйесіне көшкен жөн.

Қазақстан жағдайында  аграрлық бөлікті қолдау түрлендірілген болуға тиіс. Өндіріс пен өнім өткізу көлемін қысқартуды болдырмау, шаруашылықтардың элиталық астық дақылдары, картоп және басқалардың тұқымдарын өсіруге ықыласын арттыру, асыл тұқымды малдардың тектілігін сақтап қалу мақсатында ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан көрсетілер қаржылай қолдаудың қажетті көлемінде дотация мөлшерін белгілеу керек.

Сонымен қатар мемлекеттік бюджет есебінен мына шараларды орындаған жөн: мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің техниканы, қосалқы бөлшектер мен мұнай өнімдерін иемденудегі шығындарының орнын мемлекеттік бағаларды қадағалау арқылы ішінара толтыру, мемлекеттік жерге орналастыру шараларын, өсімдіктердің жаппай зиянкестерімен ауруларымен күрес жүргізу қажет.

Бизнес – жоспар жоспарлау жүйесінде жалпы мақұлданған құрал, әртүрлі ұйымдық – құқықтық формадағы кәсіпкерлік құрылымдар пайдаланылатын жұмыс талабы болып табылады. Бизнес – жоспарды тапсырыспен басқа жақта жасатып алу дұрыс емес, себебі жетекшісімен орындаушылар істі басынан бастап жете ұғынып алуы керек. Агроөнеркәсіп кешені салаларының ерекшеліктеріне, сондай-ақ нақты жағдайларға байланысты жоспардың құрамы мен құрылымы әрқилы болуы мүмкін, бірақ мазмұны ұқсас болуы тиіс.

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе

 

  1. Агробизнесті жоспарлаудың теориялық мәні.

1.1. Ауылшаруашылығында жоспарлаудың бағыты.

 

  1. Агробизнесте өндірістік және қызмет көрсетуді жоспарлауды талдау.

2.1. Өндірістік және қызмет көрсетудің бизнес жоспары.

2.2. Бизнес жоспарын құру жолдары.

2.3. Агробизнестегі индикативті жоспарлау.

 

  1. Агробизнесті жоспарлаудың болашағы.

3.1. Агробизнес жоспарлаудағы  проблемалар.

 

Қорытынды.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

  1. Бердалиев К.Б., «Басқару негіздері», Алматы; 1997 ж.
  2. М.Т. Оспанов, Р.Р. Аутов, «Агробизнес теориясы мен тәжірибесі», Алматы 1997 ж.
  3. С. Абділдин, «Агробизнесті ұйымдастыру», А. Қайнар 1996 ж.
  4. А. Үмбеталиев, «Кәсіпорын экономикасы», Алматы 2002 ж.
  5. Қ. Бердалиев, «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», А. 2001 ж.
  6. Қ,Қ. Қашықов «Басқару теориясы», Алматы 2003 ж.

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 28 ақпан, 2007 жыл.
  2. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы.

 

 

 

 

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля