Агроөнеркәсіп кешені.

10 января, 2020 22:04

Жоспар

 

І     КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………3

 

ІІ   2.1.  Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешені : мәні, құрылымы…5

 

      2.2.  Агроөнеркәсіптік кешенді индустрияландыру………………….9

 

      2.3.  Ауыл шаруашылығын қаржыландыру және сақтандыру     жүйесі ………………………………………………………………..13

 

      2.4.  Елбасының жолдауы негізінде агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау……………………………………………………..16

 

      2.5. ҚР  ауыл шаруашылығын  кадрлық қамтамасыз ету……24

     

 

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………26

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………...28

 

Кіріспе

 

Еліміздің жерінің кеңдігі жөнінен әлем елдерінің арасында 9-шы орынды алатын, ал халқының саны жөні­нен 57-ші орындағы  ірі аграрлық-индустриялық мемле­кеттердің қатарына кіретіні бәрімізге мәлім. Жерінің жалпы аумағы 2,7 миллион шар­шы шақырым, оның басым бөлігі ауыл шаруашылығына жарамды жерлер.

Еліміз өзінің тәуелсіздігіне ие болған кезде үлкен ауыртпалық­тарды бастан өткерген салалардың бірі осы ауыл шаруашылығы бола­тын. Ауылшаруашылық саласы өзгерістерді баяу қабылдайтын, заман талабына икемделу деңгейі төмен салалардың қатарына жатады. Міне, осындай сипатына қарамастан еліміздің агроөнеркәсіп кешені жылына 4-5 пайыздық даму қарқынын сақтай отырып, дамудың жаңа сапалық деңгейіне қарай өте бастады. Тәуелсіздік алған күннен бастап елімізде жүргізілген реформалардың нәтижесінде ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа жүйесі қалыптасты. «Аграрлық азық-түлік», «Ауылдық аумақтарды дамыту», «Ауыз су», «2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту» сынды мемлекеттік бағдарламалар, өткен жылдың басынан күшіне енген «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп секторын дамытып, ауылды түлетуде үлкен мүмкіндіктер туғызды.

Мәселен, осыдан 7-8 жыл бұрын ғана ауыл шаруашылық саласының алдына қойылған негізгі мақсат ауыл халқын мүмкіндігінше еңбек­пен қамтып, ондағы әлеуметтік шие­леністердің өріс алуына жол бермеу, сондай-ақ ел халқын азық-түлікпен қамтуға қол жеткізу болатын. Бұл міндет мүмкіндігінше жүзеге асты.

Қазіргі күні ауылда еңбекке жарамды 3,8 миллион адам бар деп есептелінсе мұның 3,2 миллионы өндіріске тартылған. Сөйтіп, ауыл шаруашылығы қазірдің өзінде ел халқының 21 пайызын жұмыспен қамтып отыр. Сонымен қатар, 2003 жылы қабылданған азық-түлік бағдарламасының үдесінен толық шыға білді және экспорттық өнім көлемін жылдан-жылға арттыра түсуге қол жеткізді. Мәселен, Қазақстан қазір дүниежүзі бойынша астық экспорттаушы елдер арасында 5-ші орынға табан тіресе, ұн экспорты жөнінен әлемде 3-ші орын алуда. Бұл, әрине, үлкен жетістік.

Елбасының «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында қойылған міндеттерді орындауға, біртұтас аграрлық саясатты жүргізуге, сонымен қатар Президентіміз бен Қазақстан Республикасының Үкіметі қол қойған нормативтік актілерді, облыс әкімдігінің, мәслихаттың, облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мәселелері бойынша шығарған қаулылары мен шешімдерін орындауға бағытталған жылдық, тоқсандық және ай сайынғы жасалған жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. Осыған байланысты,   АӨК салаларының тұрақты дамуының және бәсекеге қабілетті өнім шығарудың жолдары мен механизмдерін жасауға бағытталып келген және бағыт алып отыр. Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына, еңбек өнімділігінің өсуіне, АӨК кәсіпорындарының табыстылығына, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қол жеткізу үшін төмендегідей басым бағыттар айқындалған:
атап айтқанда, бұл — АӨК техникалық жарақтануының өсуі, АӨК салаларында ғылыми негізделген технологиялардың енгізілуі мен сақталуы, оның инфрақұрылымының, сонымен қатар, ұлттық бәсекелестік артықшылықтардың дамуы, бюджеттік бағдарламаларды игеру бойынша жұмыстың жетілдірілуі, дәрменсіз ауыл шаруашылық құрылымдарын таратуда банкроттау мен соттан тыс процедуралардың жүргізілуіне бақылау жасау.

  • Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешені: мәні, құрылымы

 

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп секторын дамытып, ауылдарды жақсартуда үлкен мүмкіндіктер туғызды. Соның нәтижесінде ауылшаруашылық саласына бюджеттен 21 млрд. теңге бөлініп, жұмсалды. Саланың дамуына несиелеудің баламалы жүйесі — ауылдық несиелік серіктестіктер айтарлықтай ықпал ете бастады. Осы серіктестіктер арқылы соңғы төрт жылдың ішінде ауылшаруашылық құрылымдарына 1 млрд. теңгеге жуық несие берілді. Ол өз кезегінде ауылда кәсіпкерлердің жаңа толқынын қалыптастыруға және тұрмысы төмен отбасыларының тұрмысын көтеруге оң ықпал етуде. Саладағы жалпы өнім өндіру көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 47 пайызға өсіп, 46 млрд. теңгеге жетті.

Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану тиімділігін арттыру бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, суармалы жерлерге сату бағасы арзан бидай өсіргеннен гөрі дәндік жүгері, көкөніс, жеміс, майлы және мал азықтық дақылдарға басымдық берілуде. Ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқымдарына және бірегей жеміс көшелеріне деген сұраныстар толық қамтамасыз етілуде. Егістік жерлердің алтын қоры саналатын суармалы жерлерге үлкен көңіл бөлінуде.

Соңғы 3-4 жылдың көлемінде мемлекетаралық су нысандарын, 6 магистралдық канал мен бір коллекторлық-дренаж жүйесін және «Теріс-Ащыбұлақ», «Тасөткел» су қоймаларын қайта жаңғырту мен жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 1,7 млрд. теңге бөлінді. Осы орайда, біздің облыста орналасқан Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу иниститутының ауылшаруашылық дақылдарын ылғал сақтау технологияларын пайдалана отырып, жалдап егу жаңа тәсілі үлкен қолдау табуда. Институт осы тәсіл бойынша тұқым себетін жаңа ауыл шаруашылығы техникасын жасап шығарды. Ол ағын суды нормадағыдан 27-30%-ға үнемдеуге, ал гектар өнімділігін 1,6-1,9 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Бүкіл әлемдік Даму банкі арқылы қаржыландырылатын ПУИД-1,2 жобасы бойынша су алу және дренаж жүйелерінің тозығы жетуіне, жердің сорлануына байланысты істен шыққан 1144 гектар суармалы жер игерілсе, екінші кезекте 25 мың гектар жер қалыпты жағдайға келтірілетін болады.

Республикамызда  мал шаруашылығы саласын тиімді дамыту үшін мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін орта және ірі тауарлы мамандандырылған шаруашылықтар қалыптастыру жөнінде нақты шаралар қабылдануда. Қазір 65 асыл тұқымды мал шаруашылығы бар. Олардың барлығы ғылыми мекемелермен тығыз байланыста. Осы жылдан бастап «Қазагрофинанс» акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылатын асыл тұқымды малдарды лизингіге беру де жаңа серпіліс туғызады деп сенемін.

Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдетіп қайта өңдейтін кәсіпорындарының базасы қалыптасты. Қазіргі уақытта осындай 430 желі, цехтар мен шағын зауыттар жұмыс істеп тұр. Мұнда 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Өткен жылдары олар 27,5 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Байқап отырғанымыздай, ауыл шаруашылығы саласында бірқатар жұмыстар атқарылып, салада тұрақтылық орнады. Алайда, бүкіләлемдік сауда ұйымына ену үшін алдымызда осы саланы индустрализациялау, жаңа технологиялар мен жаңа өндіріс құралдарын пайдалана отырып, бәсекеге сай өнімдер өндіру міндеттері тұрғанын біз жақсы түсінеміз. Осыған байланысты республика территориясыда ет, тері, көкөніс, жеміс өнімдерін тереңдетіп қайта өңдейтін, құрамында иод және темірі мол нан, макарон өнімдерін шығаратын, жалпы құны 36,5 млрд. теңгелік 11 инвестициялық жоба дайындалды. Олардың құрылысы, құдай қаласа, биыл басталады. Бұлардың барлығы бәсекелестікке қабілеті жоғары, экспортқа бағытталған өнім шығаратын болады.

Елбасының қазақстандық белгілі журналистермен болған сұхбатын әлі ешкім ұмыта қоймаған болар. Осы келелі әңгіме барысында Президент: «Біз ет өндірісі саласында да серпінді технологиялар құра аламыз. Қазақстандық ірі кешендер әлемде экологиялық ең таза ет шығарады. Егер сіздер әлемді араласаңыздар, онда биологиялық таза өнімдер сататын биодүкендерді көре аласыздар. Онда біздің етті де сатуға әбден болар еді. Біздің қойлар нағыз экологиялық жайылымдарда жайылады, біздің тауарымыз өте таза әрі модификациалауға ұрынбаған. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын көтеріп, оның бәсекеге қабілетін арттыру үшін үлкен өріс ашады», — деп атап көрсеткен болатын. Бұл құрғақ сөз емес. Елбасы аймақтардағы атқарылып жатқан нақты істерге иек артып отыр.

Мысалы, Шу ауданында «Қазақстан ет компаниясы» шаруа қожалығы айына 3750 тонна ет өңдейтін зауыт пен мал бордақылау кешенінің құрылысын өткен жылы бастаған болатын. Биыл осы игі іс аяқталды деп күтіп отырмыз. Меркі ауданында «Меркі ет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамынан алған несиеге ауысымына 2 тонна ет өңдеп, 3 мың қалбыр бұқтырылған ет шығаратын зауытты осы жылдың екінші тоқсанында іске қосады. Қордай ауданында «Бриг Компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына 100 тонна ет өңдейтін зауыттың құрылысын аяқтап келеді. Тараз қаласында «Джамбо meat faktory» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына 4 мың тонна ет өңдейтін зауытты биыл тамыз айында іске қосады.

Қазақстанның бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылуы алдымызда тұрған аса маңызды мақсаттардың бірі. Кейбір дерек көздеріне қарағанда, бұл мәселе келесі жылдың соңына таман жүзеге асатын секілді. Оған әзірлік мәселесі тұжырымда­маларыңызда қамтылған болар?

2010 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі: бидай -512,1 мың тонна (2007 жылға 102,4%), картоп пен көкөніс тиісті – 151 және 50 мың тонна  (106,8% және 103,1%), ет – 71,2 мың тонна (112,5%), Сүт -354,1  мың тонна (113,6%) жұмыртқа – 222,6 млн. дана (107%)  және жүн – 1930 тоннаны (115,6%) құрайтын болады.

Ауыл шаруашылығын дамыту қарқынын тұрақтандыру мен өндіріс көлемін арттыруда,  жалпы өнім көлемі 2010 жылы қолданыстағы бағамен  53,3 млрд.теңге немесе өсім 2007 жылғы деңгейге  17,1%  құрайтын болады деп болжамдануда. Аграрлық сектордағы мемлекеттік саясат 2008-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуға, ауыл шаруашылығын қолдау механизмін жетілдіруге бағытталатын болады.

Жуық мерзімде Ауыл шаруашылығы министрі Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы енді бұл саланың алдына жаңа міндеттер жүктелгенін айтты. Сол міндеттердің бірі – биоотын өндірісін дамыту. Ал бұл міндетті жүзеге асырудың мәнісі үлкен. Ол алдағы уақытта осы сала­ның екінші тынысын ашады, сөйтіп бірте-бірте еліміздің ауыл шаруа­шылығын мұнай-газ және жаңа технологиялық өндірістер секілді табысты да тиімді салалар­дың біріне айналдырады деп күтілуде.

Еліміз жер ресурстарына бай. Онда сапалы астық өсіруге болады. Міне, осы жылына миллион тонналап өндірілумен қатар тең жарымына жуығы экспортқа қарай бағытталып отырған астықтың сапасыз деген қалдықтарының өзінен жылына миллиардтаған литр биоэтанол алуға болады екен.

Қазақстанның солтүстік өңірінде ТМД елдерінде баламасы жоқ алғашқы биоотын өндірісінің қысқа мерзімде салынып, жұмыс істей бастағанын, енді осындай өн­діріс түрінің басқа да өңірлерде жос­парланып отырғаны барлығымызға мәлім болды.

Сонымен қатар, еліміздің егіс­тіктерінде соңғы жылдары из­раильдік тамшылап суару техноло­гия­сы да енгізіле бастаған. Әлемдік мұхиттардан алыста, құрлықтың орта тұсына орналасқандықтан су көздерінің тапшылығын сезіне бастаған Қазақстанның ауыл ша­руа­шылығы жағдайында бұл тех­нологияны жаппай қолданысқа енгізудің маңызы зор. Ол су көзде­рін еселеп үнемдеуге, ал өнім шығымдылығын арттыра түсуге мүмкіндік береді.

 

  • Агроөнеркәсіптік кешенді индустрияландыру

Агроөнеркәсіптік кешенді индустрияландыру мәселесіне тоқталсақ. Оның көбінесе техникалық және технологиялық тұрғыдан жаңару ісіне қатысты болатыны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі жағдайымызды қалай бағалауға болады?

Аграрлық өндірісті индустрияландыру – өнімділіктің өсуіне тікелей ықпал ететін базалық фактор екені белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, еліміздің ауыл шаруашылығындағы негізгі өндіріс қорларының тозуы мен қолданылып жүрген техно­ло­гиялардың ескіруі, техникалық құралдардың жетіспеушілігі саланы артқа тартып, оның ресурстық мүмкіндіктерін ашуға өзіндік кедергі келтіріп отыр.

Соңғы үш жылда мемлекеттің қолдауымен, сондай-ақ инвестор фирмалардың көмегі және ауыл шаруашылығы құрылымдарының өз талпынысымен көптеген техника сатып алынды. Өңдеу саласында қазіргі замандық құралдармен жабдықталған өнеркәсіп орындары да бой көрсете бастады. Дегенмен индустрияландыру мәселесінде алда атқарылатын шаруалар жеткілікті.

Агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жаңартуға орасан зор қаржы қажет. Бұл қаржыны қайдан алмақшымыз?

Ауыл шаруашылығы құрылымдарына лизингке техника сатып алу жөнінде мемлекет қолдауы бұрынғыдай жалғаса беруде. Оның көмегімен аймақтарда мәшина-технологиялық станциялар, сервистік қызмет орындары ашылады. Осындай мақсаттарға 2006-2010 жылдары республикалық бюджет есебінен әр жыл сайын 7-9 миллиард теңге жұмсалып отырады деп болжанған. Мұның сыртында техникалар сатып алу үшін берілетін екінші деңгейдегі банктердің несиелері мен лизингтердің сыйақы ставкасын төмендету үшін де миллиардтаған теңге қарастырылуда. Бұл — аз қаржы емес.

Алайда орасан зор қаржы көлемін қажет ететін аталған мәселеде жалғыз мемлекет қолдауы жеткіліксіз болады. Сондықтан Жолдауда индустрияландыру саясатын жүзеге асырғанда бұл мәселеге жекеменшік сектордың назарын аудару қажеттігі атап көрсетілді.

Жалпы, түрлі меншік формаларына негізделген нарық экономикасы жекеменшік қолдаған жағдайда ғана жақсы дами алатыны белгілі. Бізде де солай болуы қажет. 2002-2004 жылдары барлығы 4189 астық комбайны сатып алынса, соның 1813-і (43 пайызы) инвестор фирмалардың есебінен алынды. Мұның сыртында тағы да 560 комбайн ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өз қаржысына, 389 комбайн мемлекеттік емес компаниялардың лизингтік қаржыларына алынып отыр. Түрлі техника сатып алуға мемлекет қаржысына қарағанда жекеменшік қаржылары көбірек жұмсалып келеді. Ауыл шаруашылығын индустрияландырудағы жекеменшік сектормен ынтымақтастыққа негізделген осы саясат одан әрі жалғасатын болады.

Дегенмен агроөнеркәсіптік кешенді техникалық тұрғыдан жабдықтау – индустрияландыруды жүзеге асырудың бір ғана мәселесі. Сонымен қатар бізге ауыл шаруашылығындағы ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтау, саланы ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ете отырып инновациялық жобаларды енгізу, өндірісті білікті кадрлармен қамту, инфрақұрылымдық тұрғыдан жан-жақты дамуды қамтамасыз ету секілді маңызды мәселелердің де шешімі қарастырылып отыр. Ендігі кезекте Батыс Еуропа ауыл шаруашылығы ма­шиналарын жасаушылармен бір­лесе отырып, комбайндар мен трак­торларға арнап жаңа моторлар құрас­тыра бастамақ. Сонымен қатар, жаңа техникалардың сервистік қыз­мет көрсету желілері дамытыла түспек. Аграрлық өнеркәсіп кешенін жаңа техникалармен қамтуда еліміз­дің Ауыл шауашылығы министрлігі аясында жұмыс істейтін “КазАгро­Финанс” АҚ үлкен істер тындыруда. Ол осы уақытқа дейін ауылшаруа­шылық тауарын өндірушілерге 6 миллиард теңгенің техникаларын лизинг арқылы берсе, сонымен қатар, 573 миллион теңгенің арнаулы технологиялық құралдарын сатып алуға жәрдемін тигізді.        «ҚазАгроФинанс» 2008 жылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік саласына 60 млрд астам теңге инвестиция салуды жоспарлауда, оның 24 млрд теңгесі түрлі ауылшаруашылығы техникасын сатып алуға жұмсалады.»ҚазАгроФинанс» АҚ-ның өңірлік бөлімшелерінде ауылшаруашлыығының тауар өндірушілерінен қажетті астық жинау техникасын сатып алуға қаржы бөлу жөніндегі өтініштер қабылдануда. Қостанай облысында 103 техникаға, СҚО — — 123, Ақмола облысында — 316, Ақтөбе облысында — 46 техникаға сұраныс түсті. Атап айтсақ, биыл Солтүстік Қазақстан облысында астық жинау техникасын қаржыландыруда компанияның үлесі 49%, ал Ақтөбе облысында — 96% болды. Алдағы орақ науқанына орай «ҚазАгроФинанс» желісімен 700-ден астам комбайн алуға шарт жасалды. Уағдаластыққа сәйкес, Ресейдің «Ростсельмаш» компаниясы Қазақстанға 500 комбайн, Германияның CLAAS — 100 комбайн жеткізеді. Жалпы 2000 — 2007 жылдар аралығында «ҚазАгроФинанс» 4137 комбайн сатып алуға қаржы бөлді. Тұтастай алғанда, Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешенге жалпы 82,2 млрд теңгеге 12 мың техника жеткізілді.

 

Жылдар 2003 2004 2005 2006 2007
Техникаға бөлінген қаржы (млрд тг) 9,7 11,9 17,1 19,3 24,2
Барлығы: 82,2 млдр тг

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғарыда берілген кесте мен диаграммадан ауыл шаруашылығын техникамен жабдықтауға бөлінетін қаржы жылдан жылға өсіп отырғанын көруге болады.

«ҚазАгроФинанс»АҚ — компаниясы үкіметтің қаулысымен 1999 жылы құрылды. Компанияның 100 пайыз акциясы мемлекеттің еншісінде. «ҚазАгроФинанстың» негізгі мақсаты- республиканың аграрлық секторын қолдау, оны дамытуды ауылшаруашылығы өнімін өндірушілердің қаржылық құралдарға қол жеткізуі есебінен және лизингтік негізде технологиялық жабдықтар мен ауылшаруашылық техникамен қамтамасыз ету арқылы жүзеге асыру. 2007 жылдың сәуір айынан бастап «ҚазАгро» Ұлттық компанияның құрамына кірді.

  • Ауыл шаруашылығын қаржыландыру және сақтандыру жүйесі

Жалпы, ауыл шаруашылығына тартылатын инвестицияның көлемі жыл сайын көбейіп келеді. 2003 жылмен салыстырғанда былтыр екі есе көп болды. Нақты мысал келтірсек, 25,5 миллиардтан 59,2 миллиард теңгеге жетті. Сараптап көрсек, қазір салаға құйылып жатқан инвестицияның 60 пайызынан астамы шаруашылықтар мен кәсіпорындардың өз қаржысы. Ал ауыл шаруашылығын дамытуға бөлініп отырған қаржының 19 пайызы республикалық бюджеттен берілсе, жергілікті бюджеттен бөлінетін ақшаның көлемі 5,1 пайыз ғана. Сондықтан жергілікті атқару органдарының қолдауы керек. Қазір көп мемлекеттер біздің ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істегісі келеді. Соларға жағдай жасап, елімізге шетелдік инвесторларды тартуымыз қажет.
Қазірдің өзінде тиімді жобаларды қолдауға отандық және шетелдік инвесторлар белсенді араласып жатыр. Орташа есеппен алғанда, биыл АӨК-ке келетін инвестицияның көлемі 20 пайызға көбейеді деген болжам бар. Дүниежүзіне танымал ірі инвесторларды шақырып, қараша айында үлкен бизнес-форум өткізуді жоспарлап отырмыз. Ондағы мақсатымыз – еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің мүмкіндіктерін насихаттау.

Сондықтан біз осы салаға бейімделген «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ сияқты құрылымдар арқылы жұмыс істеп келеміз. Ауыл шаруашылығына бөлініп отырған қаржының негізгі бөлігі осы компаниялар арқылы беріліп отыр. Үкімет ертерек шешім қабылдап, осындай компаниялардың құрылуына қолдау жасады. Соның арқасында қазір кез келген шаруашылық аз да болса техникасын жаңартуға, кәсіпорнын заманға лайық технологиялармен жабдықтауға мүмкіндік алып отыр. Ең бастысы, арнайы жасалған бағдарламалар шеңберінде шаруашылықтардың қаржыдан тапшылық көрмеуіне мүмкіндік туды. Мұндай компанияларды сол кезде құрмағанда, былтырғы егін орағы мен биылғы тұқым себу кезінде шаруашылықтарға қиын соғатын еді. Бұл Елбасының ауылға деген ықыласының арқасында ерекше мән беріліп, орындалып жатқан игілікті шаралар.
Дамыған елдерде ауыл шаруашылықтарына арналған арнайы банктер бар. Бұл ауылдағы шаруаның мүмкіндігін түсініп, шаруашылық жағдайына байланысты несиенің талаптарын өзгертуге мүмкіндік беретін салалық құрылым. Ауылдағы шаруаның ерекшеліктерін ескеретін мұндай банктің маңызы зор. Бізге де осы саладағы бастаған жобаларымызды жүзеге асыратын кез келді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау жүйесін дамыту үшін                   « Аграрлық несие корпрорциясы » АҚ-на дайындау-сату кооперативтерін құру бойынша 34 жоба жіберілді. Оның біреуі қаржыландырылып, 6-ы қаржыландыру үшін келісім алды. « Семей тері-мех комбинаты »  ЖШС алған кредит арқылы 21 ауылда 163 ауылдық дайындау пункттері ашылды.
Екі ауылдық несие серіктестігі ашылды, қайта өңдеу саласының 14 кәсіпорны айналым қаражаттарын толтыру үшін 1170 млн. теңгенің кредитін алды, бұнымен қатар берілген субсидия сомасы 79 млн. теңгені құрады.
Облыста өңірлік « Тамақ кластерін » дамытудың схемасы әзірленді, АӨК-нің 9 кәсіпорнында  оларды сапа   менеджментінің  халықаралық  стандарттарына өткізу үшін жұмыс басталып отыр.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде департамент 8 бағдарламаны қаржыландырды. Барлық бөлінген және игерілген қаржы сомасы 1096 млн. теңгені  құрап, ол   АӨК – нің  1189  кәсіпорынына  мемлекеттік   қолдау   жасауға мүмкіндік берді.
АӨК салаларын дамытуға 2006 жылы жоспарланған 5288,3 млн. теңгенің орнына барлығы 6602,9 млн. теңге қаржы жұмсалды, немесе бұл бағдарлама көрсеткіштерінен 1374,6 млн. теңгеге артық. Қолданылып отырған шаралар өндірістегі бұрыннан келе жатқан өсу динамикасын сақтауға мүмкіндік берді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 79,4 млрд. теңге болады деп күтілуде, бұл 2005 жылдың деңгейінен 5,7 % жоғары. Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының шығарған тауарлы өнімінің көлемі 30 млрд. теңгеден артады деп күтілуде, немесе өсім 6 % құрайды.
Біз тәуекелі басым ауыл шаруашылығы саласын сақтандыру жүйесін дұрыс жолға қоя алмай келе жатқан сияқтымыз. Әр жылдарда сақтандырудың түрлі жолдары ұсынылды. Бірақ тиімді нәтижеге әзірге қол жеткен жоқ. Не себептен?
Алғаш рет өсімдікті міндетті сақтандыру туралы заң қабылдаған 2004 жылы бұл төңіректе күрделі мәселелер болды. Оны жасырмаймыз. Сақтандырудың не үшін қажет екенін түсінбеген шаруалардың көбі сақтандыру төлемдерін бермей қашқалақтады. Ауыл шаруашылығындағы міндетті сақтандыру жүйесінің алғашқыда күрделеніп, кібіртіктеуіне шаруалардың ғана емес, сақтандыру компаниялары мен жергілікті органдардың да кінәсі бар. Мысалы, сақтандыру компанияларының барлық аудандарда, керек десеңіз, кейбір облыстардың өзінде агенттері немесе филиалдары болған жоқ. Ал жергілікті атқарушы органдар міндетті сақтандырудың не үшін керектігін, қандай пайдасы бар екенін насихаттауға сылбыр араласты. Шаруалардың жекеменшіктегі сақтандыру компанияларына деген сенімсіздігі де біраз кедергі болды. Одан қалды, сақтандыру компанияларының Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары сияқты тәуекелі көп аймақтарда егістікті сақтандыруға ынтасы болмады. Осындай кедергілерді уақыттың өзі реттеп  жатыр. Өйткені қазір шаруалар сақтандырудың  пайдасы   не   екенін   түсініп ,  саналы  түрде  егіс   алқаптарын  сақтандырудың тиімділігін мойындады.
Одан бөлек тұтыну кооперативі үлгісіндегі өзара сақтандыру қоғамдастығын құруға жағдай жасайтын «Өзара сақтандыру қоғамдастығы» туралы заңның қабылдануы да көп ықпал етті. Сақтандыру саласына арналған екі заң бір-бірін толықтырды десе болады. Шағын шаруашылықтар үшін осы өзара сақтандыру қоғамдастығының маңызы өте зор. Мысалы, олар өздерінің сақтандырылған мүліктерін ұқыпты ұстауға мүдделі, сақтандыру жарнасынан жиналған қаржыны өздері бақылайды, өздерінің арасында есеп-қисаптардың қалай жүргізіліп жатқаны туралы да қадағалауға мүмкіндігі бар. Қазір осындай 30-дан астам қоғамдастық құрылып отыр.

                                                                                                                                                                                              

 

 

2.4. Елбасының Жолдауы негізінде агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау

Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Осы кезге дейін ауыл шаруашылығы саласына қатысты жиырмаға жуық заң қабылданды. Олардың ішінде “Астық туралы”, “Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы”, “Өсімдік карантині туралы”, “Қазақстан Республикасындағы ауылдық тұтыну кооперациясы туралы” және басқа заңдар еліміздің агроөнеркәсіптік саласын дамытуға құқықтық негіз қалады. Сонымен қатар ол сала бойынша жағдайдың тұрақтануына, белгіленген басымдықтарды жүзеге асыруға деген құлшынысты, сала болашаққа деген сенімді күшейтті.
Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жзылғы негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жолдауында Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев Үкіметке ауыл шаруашылығына барлық деңгейлерде жүйелі қолдау көрсетуде одан әрі шаралар қабылдауды тапсырамын. Алдағы кезеңдi, яғни 2003 – 2005 жылдарды ауылды (селоны) түлетуге арнау үшiн көптеген себептер бар. Менiң Жолдауым да, мiне, нақ осы мәселеге арналып отыр. Дамудың жаңа кезеңі ел агроөнеркәсіп кешенінің алдына бірқатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр.
Өткен 5 жылда Қазақстан аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай нәтижелерге жетті. Ауыл шаруашылығының жал­пы өнімі 2005 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсті. Инвестициялар 3 еседен астамға ұлғайды. Бұл аграрлық секторды мемлекеттің орасан қолдауы нәтижесінде мүмкін болды. Сіздер біз табысты жүзеге асырған ауылды қолдаудың үш жылдық бағ­дарламасын жақсы білесіздер. Бағдарлама ел ішін дамытуға қуатты серпін берді.
Соңғы жылдары қазіргі заманғы технологияларды қолданудың арқасында дәнді-дақылдарды жинау күрт артты.
2004 жылдан бастап егінді міндетті сақтандыруды енгізу фермерлерге құрғақшылық жылдарының өзінде кепілді кіріс алуына мүмкіндік туғызды.
Қабылданған шаралар ауыл шаруашылығындағы тауар айналымының төрт есеге жуық жалпы өсіміне оң ықпал етсе, ол 4 миллиард АҚШ доллары мөлшерінен асып түсті.Қалыптасқан әлемдік үрдістер мен қолда бар әлеуетті ескерер болсақ, агроөнер­кәсіп кешені біздің экономикамыздың жоғары маңызды, табысты саласы болуы тиіс.Ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға өсу үстінде, және тұтастай алғанда, аталған сала өте пайдалы болуда, сондықтан біз оған ақша салуымыз қажет. Ауылдың бұған екпінді еңбегімен және жоғары қайтарыммен жауап беретініне сенімдімін.

Бірінші. Елдің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілуге тиіс. Ол үшін ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестициялар тартуды ұлғайту қажет. Қазақстан азық-түліктің негізгі түрлері бойынша өз қажеттілігін қамтамасыз етеді әрі экспорттық әлеуетке ие. Ел мұқтажы қанағаттандырылмай отырған маңызды тамақ өнімдерін өндіруді ынталандыруға ерекше назар аудару талап етіледі. Мәселен, өсімдік майы, жемістер, қант және басқалар. Біздің бұл проблемаларды шешуге мүмкіндігіміз бар.

Екінші. Ауыл шаруашылығының өнімдерді экспортқа шығаратын секторларын күшейтуге күш-жігерді шоғырландырудың маңызы зор. Атап айтқанда, Каспий және Қара теңіздердің порттары арқылы өтетін және Қытай бағытындағы экспорттық арналарды кеңейту қажет.

Үшінші. Мал шаруашылығы саласы да үлкен экспорттық әлеуетке ие. Қосымша шара ретінде ветеринария жүйесін халықаралық стандарттарға көшіру қажет.(« ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы»).

Қазақстан Республикасының Парламентімен бірлесе отырып осы салаға қажетті төмендегі заң жобаларын қабылдауды жеделдету керек. Олар.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
«Қазақстан Республикасының Су, Қылмыстық кодекстеріне бөгеттердің қауіпсіздігі және жерді мелиорациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын қабылдауды жеделдету.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған шаралар кешенін әзірлеу;
Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағынан «АӨК дамытуды мемлекеттік реттеу мәселелері жөніндегі заңнамаларға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу.
Көптеген жылдар бойы өнімді еңбеке ынталандыру тетіктерін жете пайдаланбағандықтан аграрлық салада терең дағдарыс қалыптасты. Одан шығудың бірден-бір жолы, сөзсіз, осы салада кешенді және жүйелі түрде экономикалық реформа жүргізу еді. Ал оның қалай жүзеге асырылып жатқандығына талдау жасайтын болсақ, ең алдымен нарықтық қатынастарға көшу тактикасындағы орын алған қателіктерді атап өту керек. Бұл ауыл және барлық халық шаруашылығында реформа жүргізудің стратегиялық бағытын жүзеге асыруда қолдан жасалынған қиыншылықтар тудырды. Әуелі көптеген жылдар бойы орталықтан басқару жағдайында қалыптасқан шаруашылықпен айналысу менеңбек ету психологиясын жекеменшік өрістеген жғдайға бейімдеу революциялық емес эволюциялық процесс екені ескерілмеді. Әсіресе мал шаруашылығын дамытуда жергілікті халықтың еңбек ету “философиясы” ескерілмеді: — эволюциялық өзгерістер нарыққа өтуге дайын емес ортаға “секіріспен” ауыстырылды.

Агроөнеркәсіп кешенінің 1-ші және 3-ші кәсіпорындарының монополиялық жағдайында бағаны біржақтылы босату,жекешелендірудегі ұйымдық-экономикалық және құқықтық ретсіздік, жергілікті жерлердегі бетімен кетушілік ұдайы өндіріс процесінің бұзылуын, қоғамдағы дағдарыстық жағдай мен әлеуметтік шиеленісудің күшеюіне алып келді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығында дағдарысты жағдай қалыптасты. Ол жөніндегі келесі статистика мәліметтеріне назар аударайық.

Кестеден көріп отырғанымыздай, республикада негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының егістік көлемі жыл сайын айтарлықтай кемуде. Айталық, 1990 жылы бұл көрсеткіш барлық санаттағы шаруашылықтар бойынша 35182,1 мың гектар болса, 1995 жылы – 28679,6, ал 2000 жылы 16193,3 мың гектарды құраған, яғни 1995 жылы 1990 жылмен салыстырғанда 81,5 пайыз болса, 2000 жылы бүкіл егіс көлемі 1995 жылғы көлемнің 56,5 пайызы болып отыр.

Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының егістік көлемі

( барлық санаттағы шаруашылықтар,3 мың гектар )

 

  2003 2004 2005 2003-2005жж пайызбен 2000жыл 1995жылға пайызбен

 

Барлық егістік көлемі 35182,1 37679,6 43693,3 81,5 56,5
Дәнді дақылдар 23355,9 18877,6 36438,2 80,8 65,8
Техникалық дақылдар 439,9 702,2 631,1 159,6 89,9
Картоп 205,9 205,9 160,3 100,0 77,8
Көкөніс 70,8 76,1 102,7 107,4 134,9
Бақша дақылдары 35,8 27,7 38,8 77,3 140,0
Мал азықтық дақылдар 11065,5 8788,7 2823,7 79,4 32,1

 

Мұндағы кестеде Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері пайдаланылған.

Соңғы жылда дәнді дақылдар мен мал азықтық дақылдардың егістік көлемдері күрт төмендеп кеткен. Дәнді дақылдар 2003 жылы 23355,9 мың гектар жерге егілсе, 2005 жылғы 36438,2 мың гектарға егілген, яғни бұл көрсеткіштің осы жылдар аралығында 46,8 пайызға өскенін байқауға болады. Кестедегі мәліметтерді пайдалана отырып , мал азықтық дақылдардың егістік көлемі 2005 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 74,5 пайызға кемігеніне көз жеткізуге болады.

Талдау жасалып отырған мерзімде техникалық дақылдар, көкөніс пен бақша дақылдарының егістік көлемдері ұлғайған, бірақ олардың бүкіл егістік көлемінде алып отырған үлесі аз – 2003 жылы 1,5 пайыз, 2005жылы – 4,7пайыз.

Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының егістік көлемінің екі еседен аса артуы республика ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің айтарлықтай өсуіне  әсерін тигізді ( 6- кесте).

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін ауыл шаруашылығының  құлдырауына не себеп болды? Біріншіден, жекешелендірілген ауыл шаруашылық кәсіпорындарының мүшелерінің негізгі бөлігінің өз бетімен шаруашылық жүргізуге дайын болмауы, нарық жағдайына өтуге ауыл шаруашылық жұмысшыларының психологиялық дайындықсысдығы, еңбекті ұйымдастырудың ұжымдық формасына дағдыланғадықтан өз шаруашылығын ұйымдастыру тәжірибесінің жеткіліксіздігі.

Екіншіден , іс жүзінде жекешелендіру формальды түрде , яғни тек сыртқы көрінісін , түрін өзгертумен шектелді , оның түрлері мен әдістері біржақты сипат алды. Алғашқы кезеңде жеке шаруашылық жүргізу үшін жағдайлар жасалмастан негізінен ірі кәсіпорындарды ұсақ және шағын кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарына бөлшектеу қалыптасқан өндіріс процесінің бұзылуына , ішкі және сыртқы байланыстарының үзілуіне алып келді. Оның үстіне, ауыл шаруашылығында айналым заттарының қоры болмауы мен баға қайшылығынан жадай қиындай түсті.

Үшіншіден , жекешелендіру бағдарламасы тұтастай аграрлық саясат пен экономиканы тұрақтандыру шараларымен нығайтылмады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы дамуын мемлекеттік қолдау деңгейі анықталмады. Жекешелендірумен Мемлекеттік мүлік комитеті жеткілікті мөлшерде негізделген экономикалық есептеусіз айналысты. Аграрлық кәсіпорындпр деңгейінде жекешелендіру жұмыстарының жағымсыз зардаптарын болдырмау шаралары жасалынбады және өндірістік бөлімшелердің қызмет көрсетуші , қосалқы , көмекші кәсіпорындармен өзара қарым-қатынас механизмі дайындалмады.

Төртіншіден , АӨК-тің өңдеуші кәсіпорындарын жекешелендіру де жеткілікті экономикалық негіздеусіз жүргізілді , нәтижесінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің өніміне төменгі сатып алу бағалары монопольды жағдайда белгіленді . бұл ауыл тауар өндірушілерін әділетсәз, ауыр жағдайларға ұшыратты. Бұл жерде ұтымды тәжірибе ретінде, кезінде Алматы темекі фабрикасын басқаруға алған американдық « Филипп Морис» компаниясының қызметін атауға болады. Компания темекі өсіруші шаруашылықтармен фьючерстік келісім-шарттар жасап, күзде алатын өнім есебінен олардың көктемгі жұмыстарын қаржыландыру шараларын жүргізді, темекі тұқымымен , тыңайтқыштармен , басқа да заттармен қамтамасыз ете білді. Сатып алған өнімнің ақысын уақытылы төлеп отырды. Соның салдарынан 2005 жылы 2000 жылмен салыстырғанда  3,5 есеге өсті.

Осы айтылғандарды және аграрлы секторды нарық жағдайына бейімдеу тәжірибесін ескере отырып келесідей тұжырымдамалар жасауға болады:

  • Аграрлық сектордың өндірістік-әлеуметтік ерекшілігіне қарай онда нарықтық механизмді ешқандай шектеусіз және түзету енгізусіз « таза күйінде » пайдалану өндірістік потенциалды өолдану тиімділігінің төмендеуін және әлеуметтік мәселелердің шиеленісуін тудырады;
  • Меншік пен шаруашылық жүргізудің түрлері мен әдістерін өзгерту процесі бәсекелес нарықтық орта құрудың алғы шарты ретінде мемлекеттің бағыттауы мен қолдауы нәтижесінде біртіндеп дамуы тиіс, сондықтан көпукладтылық , ұсақ тауарлы жеке ірі өндірістің үйлесуі ұзақ мерзімге сақталады;
  • Аграрлық сектор нарықтық өзін-өзі реттеудің « бастапқы алаңы » ретінде нарықтың дамуы үшін реттеу мен қолдаудың ерекше мемлекеттік саясаты енгізілетін экономиканың бірінші саласы болуы қажет. Оның мәні — әкімшілік емес экономикалық құралдарды ( баға, салық, несие т.б ) өзара байланысқан жүйе ретінде пайдалану болып табылады.

Ең алдымен экономикалық реттеуде жер реформасы – мемлекет деңгейіндегі ұлттық мәселелерді қамтитын аса күрделі процесс. Жер қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары келесідей:

А) ауыл шаруашылығында өндірістің негізгі құралы ретінде жердің бағасын анықтау ;

Б) жердің сапасына қарай жер салығының мөлшерін белгілеу ;

В) ауыл шаруашылығына қолайлы жерлерді қорғау мен тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, оның ішінде жердің құнарлылығының сақталуы мен жақсаруын бақылау.

Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерінің айырбасындағы біздер әу баста жіберіп алған баға қайшылығы құн заңын сақтамаудың , ал нақтырақ айтқанда , ерікті баға белгілеудің қағидасын дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болғанын өмір көрсетіп отыр. Ауыл шаруашылық өнімнің бағасын реттеу жүйесі тұтынушылардың да , өндірушілердің де мүдделерін қорғауы керек. Нарықты тез арада азық-түлікпен толықтыру үшін агроөнеркәсіп кешенінің екі саласында баға құрылу процесі барынша ерікті болғаны тиімді.бұл жағдайда аграрлық сектор үшін өндіріс құралдарын шығаратын барлық монополист кәсіпорындар үшін келісім бағасының жоғарғы деңгейін мемлекет деңгейінде белгілеу керек те, ал үш салада ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен өңдеуші кәсіпорындар интеграциясының ұйымдық құрылымы баға белгілеумен айналысқаны жөн болар еді.

Ауыл шаруашылығы экономикасының ең күрделі мәселелерінің бірі –сатып алынатын және сатылатын тауарларға баға теңгермешілігін сақтау, яғни ауыл шаруашылық өнімдері мен осы салаға арналған өнеркәсіп өнімдері құндарының арасындағы қатынас осы екі саланың мүддесінен шығу мәселесі. Халқымыздың тұрмыс деңгейін арттыруда бұл мәселені дұрыс шешудің үлке маңызы бар. Бір де бір дамыған мемлекетте егін және мал шаруашылықтары тұтастай нарықтың ерікті ағысына жіберілмеген.   

Аграрлық сектордың нарықтық ортаға бейімделуіне мемлекет тарапынан ықпал етудің жолы – тауар өндірушілердің ТМД елдері аумағында жұмыс істейтін аймақтық-ақпараттық коммерциялық қызмет көрсетудің компьютерлік жүйесіне қосылуына жағдай жасау болып табылады. Бұл нарықтық қатынас субъектілерінің бірінші кезекте өз қызметтеріне байланысты мол ақпарат алуына, бизнес әлемінің тиімді жақтарын пайдаланып, оған өтуіне мүмкіндік туғызуы тиіс. Ауыл шаруашылығындағы дағдарысты жоюдың шешуші бағыттарының бірі – білікті басқару мамандарының тұрақты әрі белсенді потенциалын тиімді пайдалану, менеджерлермен қатар еңбеккерлерді де шарттасу жолымен жалдау жүйесін кеңінен қолдану болып табылады. Тікелей АӨК-тегі менеджменттің дамуы үшін мемлекет шаруашылық жүргізуші субъектілерді осы іске бағытталуы тиіс. Сонда олар менеджменттің негізгі құралы – маркетиг пен жоспарлау арқылы нарықтың басты талаптарына сай әрекет ететін болады, яғни « не өдірілуі керек ? », « кім үшін ? », « қалай ? », « қанша ? » — деген басты сауалдарға жоғарыдан нұсқау күтпей, өздері жауап бере алады. Аграрлық сектор экономикасын мемлекеттік реттеуде өз ерекшеліктерімізді ескере отырып, дамыған елдердің тиімді тәжірибесін де пайдалануымыз керек:

  • Аграрлық нарықты мемлекеттік ретеудің негізгі құралы ретінде « ауыл шаруашылық нарығының Агенттігі » (Польша тәжірибесіне сүйене отырып) немесе « тауарлы-несиелік корпорация » ( АҚШ тәжірибесінен ) жұмыстарын дұрыс жолға қою қажет;
  • Баға белгілеу механизмін жетілдіруде кепілдікті мақсатты баға түрлерін белгілеу;
  • Ауыл шаруашылығын мемлекеттік несиелік реттеуде қаржылай қолдаудың мемлекеттік қоры жұмысын жетілдіру қажет.

Осы айтылғандарды ескере келе , аграрлық секторды мемлекеттік реттеуде біздің стратегиямыз меншіктің негізгі түрлерін – жеке меншік пен мемлекеттік меншікті үйлестіре және өзара іс-қимыл жасай отырып , бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік экономика құру.

 

 

2.5. ҚР  ауыл шаруашылығын  кадрлық қамтамасыз ету

 

Ауыл шаруашылығын дамытуды кадрлық қамтамасыз ету «Су шаруашылығы құрылымдары», «Жер мелиорациясы», «Су ресурстары және су  пайдалану»  мамандықтары бойынша білім алған жоғары білікті  мамандарсыз, инженерлерсіз мүмкін емес. Ал, бұл мамандық иелерін мемлекеттік тапсырыс бойынша даярлау соңғы жылдары күрт қысқарып кетті. Аграрлық сектордың инженерлік-техникалық мамандық иелеріне деген сұранысын бүгінгі күннің талабы негізінде ғана анықтау дұрыс емес. Су шаруашылығын дамытудың және мұндағы тиісті аграрлық- инженерлік сұраныстарды анықтаудың  ғылыми негізделген болжамы қажет. Осыған байланысты кәсіптік мектептерден бастап бакалавр, магистр, ғылым докторларына дейінгі барлық деңгейде гидротехниктерді, мелиораторларды, гидроқұрлысшыларды даярлауды көздейтін «Су шаруашылығы кадрлары» бағдарламасын әзірлейтін және оны жүзеге асыруды бастайтын мезгіл жетті деп ойлаймын. Кадрларды даярлау стратегиясы еліміздің мамандарға деген перспективалық сұраныстарына негізделіп, мемлекеттік тапсырысты, сондай-ақ су ресурстары комитетінің салалық мақсатты тапсырысын да қамтуы қажет.

Еліміздің астық нарығының қажетті деңгейде дамымай отырғаны, астықты ұйымдасқан түрде өткізу тетіктерінің жоқтығын, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылайтын жүйенің дамымай отырғанын, зертханалардың техникалық жабдықталуының нашарлығын, кадрлар дайындау деңгейінің төмендігін, өндірісте ескірген технологиялардың пайдаланылуын жатқызуға болады.

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның күшімен А.Бараев атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу институтының негізінде құрылған оқу орталығы республикамыздағы алғашқы рет құрылып отыр. Орталық агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігі мен тиімділігін арттыру мақсатында егін шаруашылығын механикаландыру, озық ғылыми жаңалықтарды жедел енгізу арқылы саланың дамуына ықпал етуге бағытталған. Орталық негізінен мынадай бағытта қызмет атқарады: мамандар мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге арналған қысқа мерзімдік білім жетілдіру бағдарламаларын іске асыру; АӨК субъектілеріне ақпараттық-кеңес беру; ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының үлгілерін таныстыру және оларды жаттықтыру.

Осы орталықтың базасында биылдың өзінде ауыл шаруашылық мамандарының кәсіби біліктілігін жетілдіруге арналған оншақты іс-шара өткізу жоспарланған. Атап айтқанда замануи технологияларды өндіріске енгізудің қыр-сырын оқып үйреніп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің осы технологияларды пайдалану тәжірибесімен танысады.

Орталықта мынадай топтар білімін жетілдіреді: аумақтық ауыл шаруашылығы департаменттерінің мамандары; жаңа технологияларды өндіріске енгізуді жоспарлап отырған агроқұрылымдардың мамандары мен басшылары;

Ғылыми-зерттеу ұйымдар, өндірістік-тәжірибелік шаруашылықтардың, сұрыптау-генетикалық орталықтардың және ғылыми-зерттеу жұмысын атқаратын тағы да басқа мекемелердің жетекшілері мен мамандары; жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдарының белгілі бір маман иелеріне деген қажеттілігіне орай сол ауылда тұратын жұмыссыздар.

Жалпы 2008 жылы елімізде агроөнеркәсіп кешені саласындағы білім жетілдіретін осындай екі орталық құрылады. Оның бірі осы «Шортанды» орталығы, екіншісін Алматы облысында ашу жоспарланып отыр. Бұл орталықтарда фермерлер жаңа жұмыс әдістерін оқып үйреніп, жаңа технологияларды игеретін болады. Ал, болшақта барлық облыста бір-бір осындай орталық ашу көзделген.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорытындылай келгенде ауыл шаруашылығын дамыту маңызды мемлекеттік басымдықтардың бірі болып табылады және қала береді. Ауыл шаруашылығы — біздің ата кәсібіміз, қанымызға сіңген қасиет. Алайда алдағы кезеңде ауыл  шаруашылығында атқарылар шаруалар әлі де баршылық. АӨК еліміздің ең маңызды салаларының бірі болып есептелетіндіктен басты назарды осы салаға бөлуіміз өте маңызды. Иә тәуелсіздігімізді алғаннан бері біраз жылдың ішінде атқарылған жұмыстардың нәтижелерін көріп біраз көңіліміз толады, бірақ алда көптеген мәселелерді шешіп АӨК – нін ары қарай дамуына қол жеткізуіміз керек. Агроөнеркәсіп кешенінің барлық саласы жақсы, қанағаттанарлықтай дамуы үшін және еліміздің экономикасын біршама көтеру үшін менің осы саланы зерттей келе ұсынатын талаптарым келесідей болып келеді:

Егер, егін шаруашылығына келетін болсақ ауыл шаруашылығы дақылдары көлемін әртараптандыру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл арада біз бір жағынан әр аймақтың табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, сол аймаққа ең тиімді деген дақылдарды таңдауымыз қажет, екіншіден, қазір ішкі рыноктың сұранысы толық қамтамасыз етілмей отырған дақылдарды жеткілікті мөлшерде өсіруді қамтамасыз етуге тиіспіз. Мұны ынталандыру үшін мемлекеттік реттеу және қолдау шараларын пайдаланған жөн. Атап айтқанда, отандық өндіріс ішкі рыноктың сұранысын қамтамасыз ете алмай отырған майлы дақылдарды, жеміс-жидек пен бақша өнімдерін, қант қызылшасы, күріш пен жүзім өсіруге берілетін субсидия мөлшері елеулі ұлғайтуымыз керек.

Сондай-ақ мал шаруашылығын интенсивтендіру бағытында да ауқымды жұмыстар тұр. Қазір бұл саланың бәсекелестік қабілеті өте төмен екенін мойындауға тиіспіз. Бүгінде еліміздегі барлық мал басының 80%-ға жуығы қосалқы шаруашылықтардың еншісінде, мал өнімдерін өндірудегі орта және ірі тауарлы өндірістің үлесі өте төмен. Мысалға, республикадағы мал басының 5-7 %-ы ғана асыл тұқымды, бұл дамыған елдердегі көрсеткіштен 6 есе аз. Сондықтан мал шаруашылығында біз бірінші кезекте өндірісті ірілендіру мен малдың генетикалық әлеуетін арттыруға маңыз беруіміз қажет. Осы екі мақсатқа ұсақ тауар өндірушілерді біріктіру және ғылыми негізделген сұрыптау-асылдандыру жұмысын жүйелі жүргізу арқылы қол жеткізуімізге болады. Бұл үдерісті жеделдету үшін шетелдерде селекциядан өткен жоғары өнімді асыл тұқымды малдармен жабдықталған заманауи мал өсіру кешендерін салу жөніндегі арнайы бағдарламалар іске асырылуы қажет.

Бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік кешенді оның өнімділігін, салаларының табыстылығын өсіру, отандық өнімдердің ұлттық бәсекелестік басымдылықтарын дамыту есебінен өркендету қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Ихданов Ж. О , Сансызбаев Ғ. Н , Есенжігітова Р. Ғ            « Мемлекеттік басқару теориясы» / оқу құралы Алматы «экономика» баспасы  2007ж. /
  2. Ихданов Ж.О, Орманбеков Ә.О « Экономиканы мемелекеттік реттеудің өзекті мәселелері » / оқу құралы Алматы « экономика» 2002ж. /
  3. Ихданов Ж.О, Орманбеков Ә.О « ҚР нарығын мемелекеттік реттеу » / оқулық Алматы «экономика» 2007ж. /
  4. Егемен Қазақстан газеті, 30 сәуір, 2002 жыл
  5. Егемен Қазақстан газеті | 15.шілде ,2008 жыл
  6. Қазақстан Республикасының 2030 стратегиясы
  7. Заң газеті 12 қаңтар 2007 жыл
  8. Айқын газеті 20 тамыз 2005 жыл
  9. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

 

 

 

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля