Жүрек жылуы достықта

2 августа, 2017 11:39

Тренинг тақырыбы: Жүрек жылуы достықта.

Мақсаты: қатысушылардың позитивтік көңіл-күйін көтеру, жүйке жүйесін демалдыру, бір-біріне деген құндылық, серіктестік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру және беріктендіру, жағымды «МЕН» концепциясын қалыптастыру.

Тренинг міндеттері:

  • Адамдар арасындағы қарым-қатынастың мәнін түсіну;
  • Өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу;
  • Топтағы өз орнын және өзінің ортасын танып, білуіне көмектеседі;
  • Топта белсендіжұмыс жасауға түрткі, ниетін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: топта жұмыс істеу ережесі жазылған плакат, А3-А4 қағаздары, фламастерлер, қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттер жазылған карточкалар,үлестірмелі қағаздар, доп,жіп.

Тренинг құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Тренингтің мақсат міндеттерін хабарлау.
  3. Негізгі бөлім

А. Амандасу-таныстыру жаттығулары.

Б. «Автопортрет» жаттығуы

В. «Мен басқаның көзімен» жаттығуы.

Д. «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы

Е.Кім, нені жақсы көреді?

Ж.Ұқсастық шегі.

З. «Мен саған сенемін!»

  1. Қорытынды бөлім

А. «Кері байланыс» жаттығуы

Тренингтің жүру барысы:

1.Ұйымдастыру  кезеңі. Сәлеметсіздерме, қайырлы күн достар. Мен сіздерге тренингке қатысуға келгендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Барлығымыз шеңбер бойымен отырайық.

2.Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.

«Тренинг» сөзі ағылшынның «Тот Райн» -ойын, жаттығу деген сөзінен шыққан,яғни сабақ емес екені белгілі. Сол себептен, еркін,шынайы, әрі  бірлікте, ұйымшылдықта болуды мақсат етеміз. Жалпы, бұл тренингтің мақсаты – әрқайсысыңыз бақытты өмір сүру үшін психологиялық тұрғыдан көмектесу, жеке қасиеттеріңізді жетілдіру және жағымды «мен» концепциясын қалыптастыру. Сондықтан тренингке барлықтарыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын.

Тренингке дайындық, ережемен таныстыру. Тренинг бұл ойын,ал әрбір ойынның ережесі болары анық. Сонымен топта жұмыс істеу ережесі:

1.Біреуі сөйлейді,басқалары тыңдайды.

2.Болып жатқан жұмысқа белсенді қатысу.

3.Әркім өз құқығын білдіруге құқылы

4.Пайда болған ой, сезімдеріңзді осы жерде жасырмай айту.

5.Басынан аяғына дейін қатысу.

6.Бір-бірімізге құрмет.

3.Негізгі бөлім.

Бірінші жаттығуымыз «амандасу-танысу» деп аталады. Яғни, бір-бірімізбен танысып алайық. Ол үшін өз есімімізді, кейін есіміміздің бас әріпіне сәйкес келетін жеке қасиетімізді айтамыз. Мысалы, мен өзімнен бастайын, «менің есімім Назерке, мен нәзік қызбын». Осылайшы,шеңбер бойымен өзімізді  таныстырып өтеміз.

Жақсы рахмет. Қазір өзімізді жунглиде отырмыз деп есептейміз. Ауа райы тамаша, күн жарқырап тұр, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта жел соқты /екі алақанымызды үйкелейміз/. Жел көтеріліп кетті /қаттырақ, тезірек үйкелейміз/. Қатты дауыл соқты /аяғымыздың ұшымен тарсылдатамыз/. Ұсақ жаңбыр сіркіреді /алақанымызды бір саусақпен соғамыз/. Кенет қатты нөсер жауды /алақанымызды үш саусақпен алақанды соғамыз/. Бұршақ жауды /алақанымызды соғып, шапалақтаймыз/. Тағыда нөсер жауды /алақанымызды үш саусақпен соғамыз/. Ұсақ жаңбыр жауды. Кейін дауыл соқты. Жел басылып, күн  шықты /қолдарымызды жоғары көтереміз/.

 

Келесі жаттығуымыз «Автопортрет» жаттығуы. Әр қатысушыға екі бет қағаз беремін. Өз бойынызда кездесетін жеке қасиеттеріңіздің тізімін жасайсыз. Тіпті, сізді бірінші рет көрген адам қалай тануы мүмкін деген сұрақ негізінде жазуға болады. Мысалы, бет-әлбетіңізді, жүрісіңізді, сөулеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейін аударарлықтай ым-ишараңыз болса жазыңыз.  Кейін мен ол қағаздарды жинап аламын.

 

Үшінші жаттығуымыз «Мен басқаның көзімен» деп аталады. Бұл жаттығу барысында «автопортрет»жаттығуы кезінде өздеріңіз орындаған қағаздан сипаттамаларыңызды оқимын. Мен оқыған сипаттама кімге сәйкес екенін табамыз. Сол адамды ортаға шақырып, өзі білмейтін қасиеттерін парақтың екінші бетіне жазғызамыз. Егер өзінің айтқандарымен сәйкес келсе + белгісін қояды. Басқа да жаңа қырларын айтсаңыздар, екінші бетке тізіп қояды.

 

Төртінші жаттығуымыз. «Сиқырлы қобдиша»деп аталады. Қобдиша ішінде –қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер бар. Қатысушылар қобдишадан кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп тапқан досына сыйға береді. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін кімге ұандай сыйлық келгенін анықтаймыз.

 

Бесінші жаттығуымыз. «Кім нені жақсы көреді» деп аталады. Барлығы назар аударуы тиіс. Кім, нені жақсы көреді солар қолын көтереді. Мысалы, мен сұрақтар қоямын.

-Кім балмұздақты жақсы көреді?

-Кім өзін батырмын деп есептейді?

-Кім сары түсті жақсы көреді?

-Кім көп тамақ ішкенді жақсы көреді?

-Кім көп айнаға қарағанда жақсы көреді?

-Кім сурет салғанды жақсы көреді?

-Кім ән айтқанды жақсы көреді?

-Кім көр ұйықтағанды жақсы көреді?

-Кім сабақ оқығанды жақсы көреді?

-Кім қызыл түсті жақсы көреді?

-Кім өзін мейірімді  деп есептейді?

-Кім өзін суық, қаталмын деп есептейді?

Бұл жаттығу бір-бірімізді аз да болса тануға көмектесті деп есептейміз.

Келесі жаттығу арқылы біз бір-біріміздің ұқсастығымызды іздейміз. Жаттығу «Ұқсастық шегі» деп аталады. Шеңбер бойында отырған қатысушылар жұптасып, екі-екіден бөліндік деп есептейміз. Жұбымызға қарап, ұқсастықтарыңызды жазасыздар. Міне, сырт-келбет, сөйлеу мәнері, бет-әлпеті сияқты ұқсастықтарды іздейміз.  Бұл жаттығу таныстық пен ұқсастықты байланыстырады.

 

«Мен саған сенемін»  бұл жаттығу барысында бір-бірімізге сенетінімізді айқындаймыз және соны білдіреміз. Жұр құрып, бір-біріміздің көзімізге қарап отырып сенім білдіреміз. Мысалы, мен саған сенемін, себебі, сен өте батыл жансың. Осылайша жұбымызға сенім білдіреміз, шынайы түрде. Тбұл бір-бірімізге үлкен қолдау болары анық.

4.Қорытынды бөлім. 

Бұл кезеңде «кері байланыс» жаттығуы арқылы тренингімізді аяқтаймыз. Студенттер шеңбер бойымен отырғаны бойынша тренингтің өту барысына өз ойларын білдіреді.  Сонымен қатар, жұмсақ допты аламыз, достарымызға кезектесе лақтырып бере отырып сол досымызға тілек арнаймыз, сұрақтарға жауап береміз.

Сұрақтар реті:

-Тренингте ең бірінші не ұнады?

-Не ұнаған жоқ?

-Өзің жаңадан не білдің?

-Алған әсеріңіз қандай?

-Ұйымдастырушыға ұсыныс және тілек.

 

Кейін осы «Алған әсерлеріңізді»  үлестірме қағаздарға жазбаша жауап берсеңіздер.

 

Құрметті студенттер тағы да баршаңызға алғыс айтамын. Өмірде әр сәтке қуанып, шынайы шаттанып, айналаға мейірім төгуге себепші бола біліңіздер. Сау болыңыздар.

 

0

Автор публикации

не в сети 7 лет

nazikosh_502

0
Комментарии: 0Публикации: 1Регистрация: 28-05-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля