Космогониялық ою-өрнектерге арналған тәжірибелік жұмыстар

11 декабря, 2017 17:14

ТӨРТІНШІ САБАҚ

Тақырыбы: “Жүлдызша”.

Сабақтын мазмуны: аспан әлеміндегі Күн жүйесінің планета- ларының атына, пішін-формасына сәйкес ою-өрнектерден компо- зиция құрып таныстыру.

Қурал-саймандар: қарындаш, қылқалам, бояу, сызғыш, циркуль, қайшы.

САБАҚТЫҢ МАЗМҮНЫ

Күн жүйесінің көп планеталары бейнелі түрінде қолөнер затта- рында, сәулет өнерінің ғимараттарында, мазарларда жиі кездеседі. Соның бірі — жүлдызша оюы. Ол көбіне кілем, сырмақ, сандық, тұскиіз беттерінде әр түрлі жолдармен қолданылады. Біреуінде жүлдызша оюы ірі, көлемді болып келсе, енді біреуінде өте нәзік,

38

 

ұсақталып үйлескен. Бұл оюды композициялық орналастыру тәртібіне қарасақ, әркім өр мөнерде шешкен.

Кейінгі кезде монументальды өнерде сәулет ғимараттарының дуалдарын әшекейлеуде көптеп кездесіп жүр. Бұл өзіндік симво- ликалық шешімі бар ою түнгі аспандағы шоқжұлдыздардың ба- ғыт, бағдарын көрсетіп, уақыт мерзімін мегзегендей оюларға жа- тады. Композициялық шешімі жағынан, заттың орталық бөліктерінде; фоннан айрықша бөлініп ірі фигуралармен көрсетіледі. Кілем, тұскиіз, сырмақ беттерінде бір ырғақты буынға бөлініп симметриялы өрнектер топтайды. Түр түстері де аспан, әлемге ұқсас ашық фонға, болмаса көгілдір, қаралау фондарға орнастыры- лып айқын көрінеді.

Үлгілерін алғанда қағазды бірнеше бүктеп, орталық бөлігінде жұлдыз оюын жеке ояды. Жиектеріндегі оюлар өз үлгілерімен ойылады да, матаға, киізге, теріге көшіріліп пішіледі.

 

0

Автор публикации

не в сети 2 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля