Киім-кешек

13 декабря, 2017 14:19

Адам баласы мыңдаған жылдар бойы табиғатқа тәуелді болып келеді. Табиғаттың тылсым күштеріне, сан алуан ауыр сынына төтеп беру жолында адамдар ұзақ күрделі даму сатыларынан өткенін жақсы білеміз. Осындай күрделі даму барысында қоғамдық еңбектің түрлі салалары пайда болды. Соның негізінде халық өнері дамыды, тұрмысқа қажетті заттардың қатары көбейді, киім түрлері мен үлгілері молықты.
Адам ой-өрісінің өсіп, түрмысының дамуында киім-кешектің аса маңызды рөл атқарғаны белгілі. Оның бәрі — табиғаттың өзгеруіне, ыстық пен суықтың алмасып отыруына тығыз байла- нысты болса, келе-келе киім түрлері адамның жынысына қарай бала мен үлкендерге, сөн мен тойға, батыр мен малшыларға, бай- лар мен кедейлерге лайықталып, әлеуметтік өмірге байланысты

13-сурет

бөліне бастады. Алайда сонау көне ғасырларда пайда болған көпте- ген киім түрлері мен үлгілері бізге жеткен жоқ. Оның ішінде был- ғары мен киізден тігілген киімдер, ағаш, сазбалшықтан жасалған аяқкиім, киімдердің үлгілері болғандығын тарихшылардың еңбектерінен білеміз. Ертіс өңірінен табылған, жіптермен өрнектеп, безендіре кестеленген былғары аяқкиім, қысқа шекпен мен ұзын шапан — киім тігу, оны дамыту өнерінің көне айғағы іспетті.

Шеберлер мен қолөнершілер де осы тұрғьща жүмыс істей келіп, қолдан жасалған, өңделген материалдармен қатар, қоғамдық өндірістің — фабрикалардың материалдарын кеңінен пайдаланған. Теріден небір керемет тондар, түлыптар, кеудешелер, тері шалбар- лар, жарғақ шалбарлар тіккен. Бірақ бүл өнер кейін өзінің жалға- сын таба алмай үзілуге мәжбүр болды.

Қоғамымызда қаншама өзгерістер болса да, ұлттық киімдер өзінің ұлттық дәстүрлі түр-формасын, қасиетін жоғалтқан жоқ. Мысалға тонның түрлерін алуға болады. Атап айтқанда: жарғақ тон, оқалы тон, бота тон, тайжақы тон, барша тон, бас тон, көк тон т. б. (13- сурет).
Тон — көп тараған сырт киімдердің бірі. Оны қой терісінің жүнін ішіне қаратып тіккен, су өтпестей етіп ширықтыру және өң беру мақсатында қынамен, ағаш қабықтармен, томар бояумен бояған. Бір тон тігу үшін 6-7 үлкен қойдың терісі жеткілікті.
Сеңсең тон — төрт-бес айлық қозылардың терісінен тігілген тон. Оған 10-12 тері жүмсалады. Тура, тік пішілген үлгіде кең, ұзын жеңді, үлкен жағалы болады. Көк тон, барша тон, бас тон — зерлі матамен, шұғамен, жібекпен тысталған тондар. Пайдаланы- луына, матаның түсіне қарай әр түрлі атауға ие болған. Оларға геометриялық, өсімдік тектес оюлар қолданылған. Мысалы, сопақ, үшбұрышты, айға ұқсаған фигуралар сары, көк жібектермен өрнектеліп тігілген.

Жарғақ тон — ішік пен камзолға ұқсас, құлын мен сайғақ, бөкен терілерінің жүнін сыртына қаратып тіккен тон. Жалын арқасына келтіріп, жеңіне мата салынып тігіледі.

Ішік — қымбат маталармен тыстап, бағалы аң терілерінен тігілген тон. Кейде қой, ешкі терілерінен де тігіледі. Аңның терісіне, тері ерекшеліктеріне байланысты түлкі ішік, жанат ішік, қасқыр ішік деп бөлінеді. Олар әдетте мол пішіледі, жеңі ұзын, кең болады. Қыстық киімдер (тондар), ішіктер пұшпақтан, елтіріден дайында- лады. Жоғарыда аталған киімдер — ерлерге, әйелдерге, балаларға бөлек тігіледі.
Ер адамдар иленген сайғақ пен ешкі терілерінен тері шалбар- лар киетін болған. Қыстыгүні ерлер ішкі киімдерінің сыртынан жүні қалың қой терілерінен тігілген шалбарлар киген. Тері шал- барға 3-4 қой терісі жүмсалады (14-сурет).

Жаз айларына күдеріден тігілген кең шалбар мен жүні қысқа қырқылған шалбар киген. Күдеріден тігілген кең шалбарды қызыл, сары түске бояп, өсімдік жапырақтарына ұқсас өрнекпен кестелеген. Балағының екі жағынан үшбүрышқа ұқсас қиынды қиып, шетін әсем өрнектеген. Мұндай шалбарлардьі ойын-той- ларға киген. Бұнда теріден тігілген сырт киімдердің біразына тоқ- талдық. Олардың сыртқы әсем көркемдеу әдістерімен, өнер та- рихы оқулықтарында танысасыңдар. Композициялық ою- өрнегінің орналасуы және жасалу, пішілу үлгілерімен арнаулы тігін сабақтарында танысып, үлгілерін аласыңдар.

14-сурет

 

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля