13 декабря, 2017 13:17
Көшпелі халық тұрмысында мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу — тері илеу, киіз басу, сүйек-мүйіздерден асқан шеберлікпен бүйымдар жасау ерекше қолөнерін қажет етсе, оларды пайдала- нып қажетіне асыруға тапқырлық керек болады. Бүның айқын көрінісі киіз үй жасаулары мен жиһаздары болып табылады. Өзінің көшпенді халықтардың өмірін зерттеген еңбегінде ғалым Л. Н. Гу- милев киіз үй жайында “табиғатпен тамырлас көшпенділердің мүндай киіз үйлерде түруы астамшылық емес, қажеттілік болған” деп жазады.
Төсеніш-кілемдер
Киіз үйдің жасаулары мен жиһаздары — сықырлауығынан бастап шаңырағына, төсенішінен бау-басқүрына, тұскиізінен туырлығына дейінгі әр бөлшегі өз алдына өнер туындысының озық үлгілерінің жиынтығы деуге болады. Мүның өзі халқымыздың мал шаруашылық өнімдерін өз мәдени тұрмысына өнер туындысындай етіп өз орнымен, ерекше үқсатып, жетік біліп пайдаланғанын көрсетеді. Киіз үйдің еденіне сырмақ пен текемет, тулақ төсеніш болса, керегелері мен іргелеріне тұскиіз, кілем, қүрақ көрпелер, қасқыр, түлкі, құндыз терілері көрік берді.
Олармен қатар үйдің ішін безендіріп, әшекейлеу үшін түсті барқыт, шағи, жібек және басқа маталар былғары, күдері пайдаланып сан алуан ою-өрнектер тігіліп көрсетіледі. Киізден әдемі оюланып жасалған төсеніштерді сырмақ, текемет деп атайды. Сырмақ деп түрлі-түсті киіздерден үлгі арқылы ойылып, нақышымен сырылып әсемделген жылы, жұмсақ төсенішті айтады. Сырмақ көшпелі өмірге ыңғайлы, жеңіл, тұрмыста қолайлы және мықты, төзімді, үрпақтан-үрпаққа мүра болып жалғасып келеді. Әр ұрпақөз дәуір-заманында өзіндік көркемдік ою-өрнектерімен, пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жөрмеу, сыру жолдарымен толықтырып мазмүн тақырыбын байытты.
Текемет деп ою-өрнектері түрлі-түсті жүндерден қүралып киіздің негізі болатын жүндермен қоса басылып, түтас шыққан әдемі киізді айтады. Текемет арнайы қозы жүнінен, немесе қылшығынан әбден тазартылған жабағы жүннен басылады. Текеметті ақ, қара жүндер- мен көбіне боялған түсті жүндерді пайдаланып дайындайды. Өрнек, ою түрлері тек бет жағынан ғана көрінеді. Текеметтің жасалу жол- дары сырмақтан осындай ерекшеліктермен бөлінеді.
11-сурет
Сырмақ пен текемет жылы, жұмсақ және әдемі көркем, оюлы болғандықтан, оларды қадірменді сыйлы қонақтар мен құда-жек- жаттарға, болмаса мейрам кездерінде қария ақсақалдар мен әже- апаларға төрге төсейді. Сырмақ пен текеметтің ою-өрнектері олар- ды бөледі. Өздеріне тән композициялық орталық, шет, ернеу, жиек секілді бөліктерге топталады. Олардың әрқайсысына сай ою-өрнек түрлері қолданылады. Жиектің шеттерін орталық бөлігінен су өрнегі бөледі. Жиекке көбіне үзілмей бір ырғақты сыңар мүйіз, толқын секілді өрнек түрлері қолданылады. Орта- лық бөлігі өзімізге таныс “қошқар мүйіз”, “бұғы мүйіз”, “тармақ мүйіз” не өсімдік тәріздес оюлармен симметриялық бөліктерге ор- наласады (10, 11-суреттер).
Киізден жоғарьща айтылған төсеніштер жасалса, терілерден, былғарыдан да шағын кілемшелер, түскиіздер әсемделіп дайын- далған. Бұл былғары кілемшелер сырмақ пен текеметтен көлемі жағынан келгенде тең, өзіндік ерекшеліктерімен керегеде жара- сып тұрады. Негізінен былғары мен киіздің жұмсақтығы болмаса бір-бірімен жасалу технологиясы немесе әсемдігі жағынан салыс- тыруға болмайды. Тұскиіздерді оюлап, бедерлеп, кестелеп, қүрақ- тармен құрап өрнектеген. Былғары түскиіздеріне салынатын, қол- данатын ою-өрнектер киізге және басқа қолөнер заттарына қолда- нылатын оюларға үқсас, өздеріңе таныс оюлар. Олар да жан-жану- ар, өсімдік көріністерін бейнелейді. Композициялық топтарға бөлінеді.
Алайда, “Пазырық” қорған-төбесінен, Алтай қорғанынан табыл- ған кілем, кілемшелердің қалдықтарына қарап отырсақ, сырмақ пен текеметтердің өрнектер және олардың жасалу жолы қазіргі текемет, сырмақтармен үндес, үқсас келеді. Табылған кілемдердің бірінде ақшыл қара түске басылған геометриялық нақышпен сәнді әшекейлеген өрнек асқан шеберлікті байқатады.
Р. Карпини қазақ даласына жасаған саяхатында қыз ұзату дәстүрінде жасау артқан түйеге жабатын былғарыдан істелінген кілемше — асмалдық тапты. Қазақстанның мемлекеттік орталық мүражайында осыған үқсас кілемше сақтаулы. Көлемі 1,5 х 2 м былғары кілем — XVIII ғасыр ескерткіші. Кілемге әсем етіп “қош- қар мүйіз”, “сыңар мүйіз” бедерлі ою басқан және ирек бүрма су өрнек сызықтары жүргізілген, композициясы мен орындалуы киіз кілемдер сияқты; орталығы мен жиектеріне симметриялы түрде ою- өрнектер орналасқан. Көрікті күмістелген қаңылтыршаларға “Күн”, “Құс” бейнеленгені мәңгі қозғалысты, өмірді, жарқын келешекті мегзегендей болады (12-сурет).
12-сурет
Қою қоңыр түске көтеріле, дөңестене орналасқан, анық басыл- ған әсем өрнектерге таңданбасқа болмайды. Ертедегі шеберлердің мүрасы саналатын мүндай бірегей туындылар халықтық қолөнердің, оның әстетикалық мәдениетінің жарқын үлгісі болып табылады. Осындай туындыларды тек мұражайлардан кездестіреміз. Қазіргі уақытта тұскиіз, сырмақ пен текеметтің қарапайым түрлерінің жа- салу жолын әркім біле бермейді.
Қорыта келгенде, кілем, түскиіз — қазақ жиһаздарының ішіндегі орны өзгеше мүліктерінің бірі. Аса еппен, шеберлікпен орында- лады, қолданылатын ою-өрнек түрлері де қарапайым. Бүкіл қазақы үй ішіндегі жиһаздардың ою-өрнектерінің үлгілері ұшта- сып, бір-бірін толықтырып түрады.