18 февраля, 2015 2:16
Геологиянын, адам өмірінде қолданылатын практикалық маңызы орасан зор, әрі жан-жақты. Қазіргі кездегі халық шаруашылығының барлық саласы, оның куатты техникасы мен өнеркәсібі жер байлығын (мұнаі газ, көмір, металл, әр түрлі құрылыс материалдары, жер асты сулары және т. б.) пайдалануға негізделген. Жаң кен орындарын іздеп-табу қажеттілігі геологиялық ғы лыми-зерттеу жұмыстарының дамуына әсер етеді. Өмір талабы геология ғылымдарының алдына теориялық және практикалық жаңа міндеттер қойып, ол міндеттерд тез арада шешуді талап етеді.
Геологияның жалпы табиғаттану мақсатында да маңызы өте зор. Ол жер туралы ғылым ретінде, жердіі жаратылысын және оның даму кезеңдерін зерттеумеі катар, жер бетінде алғашқы тіршіліктің пайда болып одан кейінгі даму проблемаларын да қозғайды.
Геологияның халық шаруашылығында атқаратын қызметі туралы айтатын болсақ: 1) халық шаруашылығының әр түрлі салаларын шикізат қорымен қамтамасыз ету; 2) әр түрлі құрылыс объектілерін салу мүмкіндігін дәлелдейтін инженерлік-геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу; 3) ас суы және техникалық су қорымен қамтамасыз ету мәселесін шешу болып табылады.
Қазіргі кезде еліміздің минералдық-шикізат қорын улғайту мақсатында геологиялық барлау-іздеу жұмыстарының сапасын жақсартуға, барланған кен орындарын игеру мақсатымен жургізілетін дайындық жұмыстарының тиімділігін арттыруға көп көніл аударылады.
Батыс және Шығыс Сібірде, Каспий ойпатында, еліміздің Европалық солтүстігінде, Орта Азияда, Қиыр Шығыс жерлерінде мұнай мен табиғи газ қорларьш, сонымен қатар энергетикалық көмір мен кокс қорларьга геологиялық барлау, әсіресе ащық әдіс арқылы қазып алуға болатын кен орындарын іздеп-табу жұмыстарының қарқынын жеделдету шаралары іске асырылуда. Қара және түсті металлургияны сапалы шикізат қоры-мен камтамасыз ету, минералдық тыңайтқыштар мен құрылыс материалдарын және жер асты суларын іздеп-табу мақсатында барлау-іздеу жұмыстарын күшейту көзделіп отыр. Ол үшін прогрессивтік әдістерді (геофи-зикалық, геохимиялық, аэро-ғарыштық және т. б.) кеңінен және тезінен қолданып, бұл жұмыстардың геологиялық-экономикалық тиімділігін арттыру шаралары іске асырылуда.
Геологияның барлық салаларын жоспарлы түрде жаңа техникамен қайта жабдықтау, геологиялық барлау-іздеу жұмыстарын автоматтандыру, механикаландыру және техникалық арнаулы құрал-жабдықтармен, әсіресе, арнайы транспортпен қамтамасыз ету негізгі нысана больш отыр. Құрлықты зерттеумен бірге, континентальдық шельф және мұхит түбінде кездесетін минералдық байлықтарды игеру мақсатында да барлау-іздеу жұмыстарын ұлғайту іске асырылуда.