Шетелдердегі көсіптік білім беру жүйесі

21 января, 2018 18:30

 

Отандық білім беру жүйесін, оның ішінде көсіптік білім ^РУДІ реформалау ісі осы саладағы өлемдік инновациялық төжіри- беніҢ жетістіктерін ескергенде ғана ойдағыдай жүзеге асады.

Олай болса, үздіксіз білім беруді дамыту концепциясын кеңднен қолданып жатқан жөне білім беру стандартының тала- Рьіна сай келуіне байланысты олардың өлемнің алдыңғы қатар- лы елдерінде тарауын қамтамасыз етіп жатқан елдер төжірибесінің біздер үшін маңызы өте зор.

Бүгінгі танда Үлыбританияда мамандарды дайындау ісін түрлі бағыттар бойынша (бастауыш, орта жөне жоғарғы мектептерді қосып есептегенде) жүргізуге мүмкіндік беретін үздіксіз білім беру мен көсіптік білім берудің жаңа қүрылымы қалыптасқан.

Білікті мамандар даярлауды жалпы үлттық бағдарламаға енгізген британ педагогтері бір-бірімен байланысты бес сатыдан түратын Жаңа профессионалдық мамандық жобасын (МУС}) дайындап, оны енгізген. Бүл жобаны дайындауға себепкер бо- лған басты себептер: бір жағынан, білім беру жүйесін әлдеқа- шан-ақ реформалаған Германия, Швеция, Дания, Нидерланды сияқты алдыңғы қатарлы елдерден білім беру жүйесінің дәрежесі жағынан артта қалушылықты жою болса, екінші жағынан білікті маман жүмысшылардың жетіспеушілігі (1990 жылы британ компанияларында 18 пайыз жетпеген) болды.

Аталмыш жобаны жүзеге асыру оның өте тиімді екендігін көрсетіп берді жөне ол болашағынан зор үміт күттіреді: 2000 жылы елдегі мамандандырылған еңбектің үлес салмағы 50 пай- ыз болу керек болса (қазіргі кезде 30 пайыз), ал маманданды- рылмаған еңбектің үлесі 18-20 пайызға дейін төмендейді (қазіргі кезде 35 пайыз).

Бүл жобаның қабылдануына жүмыс берушілермен болған пікір таластарының өсері күшті болды (түрлі компаниялар өкілдерінің қатысуымен), нөтижесінде көсіптік дайындықтың жаңа стандарттарына қойылатын басты талап — икемділік деп танылды.

Еуропаның өрбір елінің мектептен кейінгі көсіптік білім беру жүйесін үйымдастырудың өзіндік төжірибесі бар екендігі анық, алайда олардың ішінде әрқайсысының өзіндік үлттық бет-бейнесі бар үш жоба ерекше көзге түседі. Бір жағынан, жалдаушы көсіпкер жүргізген жүмысқа негізделген шөкірттер жүйесі үстемдік етсе, екінші жағынан жалпы біліммен қатар кәсіптік білім беретін колледжде білім алумен қатар белгілі бір оқу орнында білім алу мен көсіптік оқуды қоса атқаруға негіз- делген жүйе қалыптасқан, ал ең соңында білім берудің дубльдік түрі де кейбір елдерге кеңінен тарай бастағандығын атап өткіміз келеді. Германия бірінші варианттың үлгісі болса, Франция мен Италия екінші варианттың, ал Швеция ең соңғы вариант- тың тамаша үлгісі болып саналады.

Германиядағы көсіптік білім беру жүйесі. Германияда білім берудің өте күрделі жүйесі қабылданған. Оқушылардың диффе- ренциясы мен олардың көсіптік бағыт-бағдар бастауыш мектеп- тен кейін дифференциялайтын орта мектептердің үш түрінде көрініс тапқан. Көсіптік дайындықтан негізінен халықтық мектепті бітірушілер (оқу мерзімі 9 жыл) мен кей жағдайларда нақты мектепті (он жылдық) өтеді. Орта мектептің тағы бір түрі гимназия (оқу мерзімі 13 жыл) болып саналады.

Германияда оқушыларға көсіптік білім беру жүйесін басқару децентрализацияланған. Орталық әкімшілік мектептерге басшы- лықты өздері жасайды, сондықтан да жауапкершілікті өз қолда- рына алған. Білім берудегі басқару қүрылымына үлттық деңгейдегі федерализм мен жерге иелік етіп, оны басқару деңгейіндегі орталықтандыруды өзара үндестіру төн болып келеді.

Алайда білім берудің түрлі сатыларының өздерінің дөреже- леріне сай жауапкершілікті бөлу мен қүзырлық орнына байла- нысты өздеріне ғана төн ерекшеліктері болады.

Германияда мамандарды жаппай даярлау өндіріс орында- рындағы шәкірттер жүйесінде жүзеге асырылады. 1981 жылы шөкірттер жүйесінің 65 пайызын халық мектептерін, 12 пайы- зын нақты мектепті бітіргендер қүраған.

Бүл жүйе көсіптік білім беру кәсіптік мектепте жалғасын табатын міндетті түрде тікелей өнеркәсіп орнында оқытылатын сабақтар арқылы (аптасына 10 сағаттан) жүзеге асады. Сон- дықтан да болар Германиядағы көсіптік білім беру жүйесі “дуальдық” деген атқа ие болған.

Дуальдық жүйе (ДЖ) — ол жеке иеліктегі өнеркәсіп орнын- дағы шөкірттікпен қатар көсіптік мектептер (КМ) деп аталатын мемлекеттік мектептерді де қамтитын белгілі бір кәсіпті игерудін ең алдыңғы қатарлы формасы болып саналады.

Дуальдық жүйе жағдайында мемлекет көсіптік білім берудің мектептік (оқу ісін) жағына бақылау жасайды да, ал сауда- өнеркөсіптік және қолөнер палаталары (кәсіпкерлердің өзін-өзі басқаратын органдары) өндіріс орындарындағы оқу процесін басқарады. Жүмысшы мамандарын дайындаудағы басты рөлді мемлекет емес, еңбекшілер арасынан шыққан жастардың тар көсіптік және практикалық (18 жасқа толмағандар бір маман- дық бойынша ғана дайындалады) дайындықтан өтулеріне жол ашып беруге мүмкіндігі бар жеке капитал арқылы атқарады.

Көсіпкерлер мен оқушылардың қүқықтары мен міндеттері 1969 жылы шыққан көсіптік білім беру жайындағы заңмен реттеліп отырады.

Мектеп бітірушілер өдетте жергілікті еңбек өкімшіліктеріне барады немесе өнеркөсіп орындарымен байланыс орнатады. Шөкірттерді таңдаумен көсіпкерлердің өздері тікелей айналы- сады. Оқу орталықтары орналасқан ірі көсіпорындарда шөкірттерді таңдауға ерекше көңіл бөлінеді. Оқушылар емтихан мен ар- найы тестілеуден өткеннен кейін және мектеп бітірушінің атте- статымен танысып, психологпен өңгімелескеннен кейін ғана Қабылданады. Әсіресе, “өлеуметтік ынтымақтастық” бойынша жүргізілетін тексеріске баса назар аударылады. Оқушыларды Ңабылдауда белгілі бір өнеркөсіп орнында немесе фирмада бірнеше «ыл қатарынан жүмыс істеген қызметкерлердің балаларына ^кеңілдіктер жасалынады.

Дуальдық жүйе бойынша оқыту болашақ оқушы мен көсіпорын иесінің арасында “Көсіптік шәкірттік жайындағы” келісімшартына қол қойылғаннан кейін ғана басталады. Атал- мыш шарт оқудың мақсатын, оқуды бітіргеннен кейінгі атқа- рылатын қызметті, оқудың төсілі мен мазмұнын, оқудың баста- луы мен оның мерзімін, көсіпорыннан тыс өткізілетін оқумен байланысты шараларды, жүмыс күнінің үзақтығын, еңбек ақының мөлшері мен оның төлену уақытын, дем алу мерзімінің үзақ- тығын, шартты қай уақытта бүзуға болатындығын айқындап көрсетіп береді.

Жасалынған шарт таңдап алынған мамандықты толық иге- руге барлық жағдайларды туғызу керек жөне оқушыны көсіпорынның иесі тарапынан орын алатын жүгенсіздіктерден сақтауы керек.

Көсіптік оқудың барысын бақылауды, емтихан алу мен жүмысшы мамандығын беруді өндірістік шөкірттік жайындағы шартты тіркейтін өнеркәсіптік-сауда немесе қолөнер палатала- ры жүзеге асырулары керек. Сонымен қатар олар көсіпорынның толыққанды оқу процесін қамтамасыз ете ала алатындай жағ- дайлардың бар екендігін анықтай да білулері қажет. Түптеп келгенде бүл палаталар шарттың дүрыс орындалуын қадағала- уды өз қолдарына алады.

Нақты мамандық бойынша жүргізілетін оқу процесі мен оның мазмүны көсіптік білім берудің нүсқауларына сөйкес реттеліп отырады. Бүл нүсқауларды көсіптік білім берудің фе- деральдық институты дайындайды да, одан кейін оларды сол мамандыққа сай келетін салалық министрлік бекітеді. Бүл нүсқаулар негізінен үсыныстар түрінде беріледі. Нүсқауларда мамандықтың аты, оқу мерзімі, мамандықтың бағдары (оқушы игеретін қабілеттер мен төжірибелер атап көрсетіледі), оқу жоспарының жобасы, емтиханды өткізудің мазмүны мен төртібі жайындағы кеңестер атап көрсетіледі.

Оқушы мамандыққа байланысты тәлім-төрбиені жүмыс орнын- да алады. Бүл жердегі ең басты дидактикалық принцип — еңбек төсілдерін көрсете де, жүзеге асыра да білу. Оның орындалуын қамтамасыз ету үшін арнайы жүмыс орындары немесе оқу орта- лықтары қүрылады. Ал ірі көсіпорындар болатын болса кооперативтік бастама негізінде оқу шеберханаларын үйымдастырады.

Неміс зерттеушілері дуальдық жүйенің төмендегі кемші- ліктерін атап көрсетеді:

  • Көптеген өнеркөсіп орындарында оқу жоспарлары мен бағдарламалары орындалмайды жөне оқушылар нүсқауларда көрсетілген қабілеттер мен төжірибенің белгілі бір бөлігін ғана игереді;
  • Көп жағдайларда мамандық бойынша оқыту жоспар бой- ынша жүзеге аспайды, сөйтіп жүйесіздік орын алған;
  • Оқу шеберханалары дүрыс қолданыла бермейді;
  • Көсіптік мектеп оқу жоспарлары мен бағдарламалары оқытудың мазмүнымен сөйкес келе бермейді;
  • Кәсіпкерлер оқу шеберханалары түгіл, оқушылар үтттін қажетгі арнайы жүмыс орындарын қүруға да онша қүштар емес.
  • Кәсіпорындағы оқу процесіне басшылық жасайтын шебер- жетекші төмендегі талаптарға сай болуы керек:
  • 24 жастан аспауы керек;
  • өмірлік жөне көсіптік төжірибесі болуы керек;
  • көсіптің теориялық негіздері мен оқыту процесін әдістемелік жағынан қамтамасыз етуден емтихан тапсыруы керек.

Осы орайда дуальдық жүйенің ішкі қүрылымдық өзгерістерге икемділік танытқандығын атап өткен жөн. Сөйтіп, 1969 жыл- дан кейін оны жетілдіруге бағытталған бірнеше қаулылар қабыл- данды, нөтижесінде ол сатылық қүрылымға ие болды.

Германиядағы көсіптік білім берудің қүрылымы төмендегідей:

Бірінші саты — көсіптік дайындықтың басталу жылы (белгілі бір көсіптік бағыттың негіздері жайында теориялық мөліметтер беріледі).

Екінші саты — оқушылар үқсас мамандықтар тобының тео- риялық жөне тәжірибелік негіздерімен танысады (оны төмамда- ғаннан кейін бірінші емтихан өткізіледі).

Үшінші саты — емтихан алумен аяқталатын мамандандыру шаралары жүргізіледі.

Сатылық білім беру жүйесі барысында оқушылар төмендегідей жетістіктерге жетулері керек:

  • жан-жақты теориялық білімге, үқсас мамандықтар тобын- да да төжірибелік шеберлік пен көсіптік жетістіктерге қол[ жеткізу;
  • көсіптік төжірибе жинақтау, өз мүдделерін қорғай білу мен еңбек жағдайын жақсартуға талпыныс жасау.

Бірінші жөне екінші сатылар күрделі өнеркөсіп қүрал-жаб- дықтары мен станоктардың жүмысы кезіндегі қарапайым еңбек операцияларын орындайтын жүмысшылар дайындауды қамта- масыз етсе, ал үшінші саты — сол қүрал-жабдықтарды жөндеу мен іске қосуға қабілетті теориялық білімі мен шеберлігі бар шөкірттерді дайындайды.

70-80 жылдары көсіптік білім берудің дифференцациясы- ның күшеюіне байланысты дуальдық жүйе қүрылымдык өзгерістерге үшырайды. Жүйе иерархиялық сипат ала бастай- ды, яғни оқу мерзімі үш жылдық көсіптік академиялар (КА> Қүрыла бастайды. Бір ескерте кететін жайт, КА-дағы маман- Дардың дайындаудың дөрежесі ДЖ-ға (дуальдық жүйе) қара- ғанда өлдеқайда жоғары болған.

Дуальдық жүйені қаржыландыру екі жолмен іске асырыл- ран: көсіптік мектеп федеральдық жерлер мен аудандардың бюдясетінен, ал өндірістік оқу өнеркөсіп қожайынының есебінен Қаржыландырылады.

Дуальдық жүйеге жататын көсіптік мектеп мемлекеттік оқу °Рны ретінде жергілікті білім беру мекемелерінің қүзырында болады. Оған төмендегі міндеттер жүктеледі:

  • кәсіпорындарда алынған көсіптік білімді одан өрі тереңде- ту мен жүйеге келтіру, оқушыларды оқылатын мамандықтың теориялық негіздерімен таныстыру;
  • жастарға көсіптік білім беру мен тәрбиелеудің өрісін ке- ңейту.

Мамандарды дайындау салалары төмендегідей болып бөлінеді: қолөнер-техникалық, тау өндірісі, коммерциялық, медицина- лық жөне т.б.

Көсіптік мектептердегі сабақтар аптасына 1-2 күн өтеді. Дінтану, ана тілі, қоғамтану міндетті түрде оқылатын пәндердің қатарына жатады. Ал қалған пәндердің көсіптік бағыт-бағдары тар өрісті болып келеді.

Германияда дуальдық жүйедегі теориялық дайындықтың үлес салмағы оқу мерзімінің 25 пайызын, ал американдық шөкірттер жүйесінде — 10 пайызын қүрайды.

Кәсіптік дайындыктың “шведтік үлгісі”. Швеция мемлекетінің қай уақытта болмасын білім беруді прогрессивтік түрғыдан қайта қүрудың заңгері ретінде саналып келетіндігін ерекше атап өту керек. Білім беру ісіне жалпы үлттық өнімнің 8 пайызын жүмсап, (Үлыбритания небөрі 5 пайыз) оқушы — үстаз арасалмағын 12:1- ге жеткізе білген бүл мемлекет жүмса- лған қаржының өтелетіндігіне күмән келтірмейтін де сияқты. Сондықтан да болар Швециядағы көсіптік білім ісіне үлкен қызығушылық туындауда.

1971 жылдан бастап Швецияда жергілікті жерлерде үйым- дастырылып, кәсіптік жөне акедемиялық бағыт алған мектептердің жоғары сыныптарындағы дубльдік білім беру жүйесі етек алуда. Жалпы білім беретін “Сгипзкоіап” деп аталатын міндетті мектепті білімін тамамдағаннан кейін оқушылардың басым көпшілігі жақын жердегі “Огизкоіап” мектебіне ауыса- ды, сөйтіп 20-дан астам тәжірибелік жөне теориялық пәндердің ішінен өздері қалаған курсын таңдап алуларына мүмкіндік туады. Оқушылардың көпшілігі, (2/3 бөлігі) әдетте, екі немесе үш бағытты таңдайды жөне кәсіптік мектептерде екі немесе үш жыл оқиды, ал қалғандары (1/3-і) үш немесе төрт жылға созылатын акедемиялық курсты қалап алады. Өкімет өз тара- пынан жүмыс орындарына квота береді. Типтік бағдарлама бойынша оқитын оқушылар швед, ағылшын, неміс немесе фран- цуз тілдерімен қатар әлеуметтік ғылымдар мен математиканы да оқиды. Курстар модульдік негізде үйымдастырылған, ал оқушылардың білімі жинақталған балдардың қорытындысы бойынша бағаланады.

Аталмыш мектепте оқуға қолайлы жағдайлар туғызылған, атап айтқанда оқушыларға түрлі дотациялар мен стипендиялар уақытында беріліп түрады. Тіпті сол оқу орнының қүрылымы- ның өзі де ауыз толтырып айтарлықтай, өйткені мүндай оқу орындары барлық жастағыларды да толық қанағаттандырады. Сондықтан да болар Швеция білім саласындағы жетістіктерді бағалау жөніндегі Халықаралық орталықтың жүргізген ғылы- ми-зерттеу жүмыстарының көш басында келеді.

Кәсіптік білім берудің “француздық үлгісі”. Францияда мектепті бітіргеннен кейін колледждегі оқуға негізделген білім алу ерекше багаланады. Сөйтіп, тым ерте маманданудан ары- луга мүмкіндік туады. Франциядағы бастауыш білім беру көптеген балалар үшін 11 жылга дейін созылады, осыдан кейін олар зкалпы білім беретін төрт жылдық оқу орны — колледждерге ауысады. 1964 жылы алгаш рет үйымдастырылған бүл оқу орындары көп салалы көсіптік колледждердің негізінде пайда болған. Одан өрі балалардың басым көпшілігі өз оқуларын жалпы білім беретін мектептерде, не болмаса техникалық ли- цейлерде жалғастырады.

Бүгінгі таңда жалпы білім беретін және техникалық лицей- лер бакалавр атағын алуға мүмкіндік беретін толыққанды жал- пы жөне техникалық білім бере алады деуге негіз бар сияқты. Оқу орнының бағытына байланысты бакалавр француз тілін, өлеуметтану негіздерін, математиканы, философия мен шет тілдерін игереді, алайда өнер мен философия, экономика мен өлеуметтік ғылымдар, математика мен физика, математика мен жаратылыстану ғылымдары, математика мен технология бой- ынша мамандандырылады. Технологиялық саланың бакалавры француз және шет тілдерімен қатар, өнеркәсіптік ғылымдар- дың, бизнестің және компьютерлік білімдердің негіздерін де үйренеді. Барлық бакалаврлардың өздерінің оқуларын жоғары оқу орындарында одан өрі жалғастыруға толық қүқығы бар. Қазіргі уақытта жастардың 44 пайызы осы мамандықты игеру- де, үштен бірі технологиялық білім алуда.

Бакалавр атағын алудан үміткер оқушылар бастапқыда мектепті және колледжді бітіргендіктері туралы диплом алула- Ры керек, ал осыдан кейін барып кәсіптік лицейлерде екі немесе үш жыл бойы білім алатын болады.

Екі курста да жалпы жөне көсіптік білімдер беріледі. Ал бакалавр атағын алу курсы әлдеқайда күрделі болып келеді, сондықтан да болар оның бағдарламасына жалпы білім беретін көп пөндер енгізілген және аптасына оқылатын сағаттың саны 18-ге жетеді.

Францияда жалпы білім беретін орта мектептердің біртектес тҮРі колледж (оқу мерзімі он жыл) болып табылады. Оқудың ең соңғы екі жылының алдында классикалық жөне кәсіп алдындағы Даиындыққа ерекше мөн беріледі. Көсіп алдындағы дайындық лімщ бітіргендер оқуларын көсіптік оқу орындарында одан өрі ^калғастыруға мүмкіндік алады. Мамандық алудың дөл осы жолы рташа табыс көздеріне байланысты оқушылар арасында кеңінен АКгп^и «^айда Дөл осы жүйенің басты кемшіліктерінің бірі — пен Германияға қарағанда орта мектеп пен өндірістің өзара ақтастығының өлсіздігі болып табылады Колледжді бітіргеннен кәсіптік дайындықты шөкірттер жүйесі арқылы алғандар- дың, одан қалды “технологиялық” жүйе немесе кәсіптік білім, тіпті екеуі арқылы да алғандардың еңбек рыногына шығуларына мүмкіндік берер үш жолы бар.

Шәкірттер жүйесінде оқушылар өнеркөсіп орнында арнайы дайындықтан өтеді және одан кейін мемлекеттің қарамагын- дағы кәсіптік шөкірттік орталықтарға барады. Екі жыл оқығаннан кейін оқушылар белгілі бір көсіпке жарамдылығы жайында (тар өрісті мамандық) куөлік алады. Оқушылардың тең жарты- сы көсіптік дайындықтарын үсақ және орташа кәсіпорындарда өткізеді, өйткені Францияда мамандарды дайындауды өндірістен тыс жүйесі өте жоғары дамыған. Әдетте оқу орталықтары ірі көсіпорындарда қүрылады.

Франциядағы көсіптік жөне жалпы білім беретін лицейлер өзінің қүрылымдық жөне бағдарламалық икемділігімен ерекшеленді. Жалпы білім беретін лицейлердің көсіптік бөлімдерінде негізінен білікті мамандар даярланады (оқу мерзімі үш жыл). Оларға күрделі мамандыққа жарамдылығы туралы куөлік беріледі (өдетте техник мамандығы). Жақында көсіптік лицейлерде жалпы білімдердің көлемімен қатар кәсіптік дай- ындықтың толық курсын қамтитын техникалық бакалавр кате- гориясы енгізілді.

Мемлекеттің тікелей бақылауындағы мемлекеттік және жеке меншік лицейлердегі маман жүмысшыларды дайындау ісі көсіптік білім беру министрлігі дайындаған білім беру саласындағы біртүтас стратегияға негізделген. Кәсіптік лицейді ұйымдасты- ру мен оны қаржыландыру жауапкершілігін мемлекет өз қолы- на алған. Сонымен қатар дипломдарды беру монополиясы да мемлекет қүзырында қалып отыр. Көсіптік білім беру жүйесінің барлық қызметі орталықтандырылған. Оқудың мазмүны мен бағдарламаларына, дипломдар мен мүғалім мамандарына бай- ланысты қаулылар, түрлі қүжаттар мемлекет деңгейінде қабыл- данады. Олар Францияның барлық 26 акедемиясы (оқу округтері) үшін міндетті болып есептелінеді.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля