ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІНІН, ЖАНРЛЫҚ СЫПАТЫ

24 октября, 2017 10:21

Орхон ескерткіштері тіл, тарих мұрасы ретінде то- лық тексерілгенмен, жанры жағынан әлі тиянақты анықталған жоқ. Бұл маңызды мәселені шешу тюрко- логияның қазіргі таңдағы кезек күттірмейтін жауапты міндетінің бірінен саналады.
Орхон жазбаларынан әдебиеттің белгісін танып, оның өлеңдік қасиетіне мән берген ғалымдардың ба- ғалы сөздері ертеде шыққан кітаптардан да кездеседі.
Мәселен, Түркі халықтар өлеңінің құрылысын ал- ғаш жете зерттеген ғалымдардың бірі — Ф. Қорш өзінің «Древнейший народный стих турецких племен» (СПб, 1909) деген әйгілі еңбегінде Орхон жазулары мен түркі халықтары өлеңінің арасындағы ырғақ сәй- кестігіне назар аударған еді.
«Как строится кара-киргизская былина («Наука и просвещение» журналы, Ташкент, 1922, № 1) деп ата- латын мақаласында зерттеуші Фалев: «Халық эпосы
3*

шығармаларын Орхон жазуларымен салыстыру әбден орынды» деген өте кұнды пікір айтады.
Күлтегінге арналган ескерткішті өлең текстіне ал- ғаш жатқызган кісінің бірі—А. Бернштам. Ғалым өлең деп тануын таныганмен, өз ойын нақтылы дәлел- дей алмаған да, соның салдарынан үміт сәулесіндей осы бір құнды пікір кезінде тюркологтар тарапынан қолдау таппаған.
Ескерткішті тек лингвистикалық түрғыда зерттеген П. Мелиоранский мен С. Малов секілді көрнекті галым- дар өз еңбектерінде руналық жазулардың тілінде, баян- дау стилінде өзгеше жатықтық бар дегенді айтады.
Міне, бір мың тогыз жүз елуінші жылдардың орта- сына дейінгі Орхон ескерткіштерінің сыпаты, жанры жайындагы ой-пікірлер осындай болатын.

Орхон жазуларының жанрлық табиғаты туралы тюр- кологияда қазір қарама-қайшы екі түрлі көзқарас қа- лыптасып келеді. Оның бірі А. Щербактың, екіншісі И. Стеблеваның есімімен байланысты.
А. Щербак былай деп жазады: «Өзінің сыпаты жа- гынан бұл жазуларды ақындық шыгармаға жатқызуға болмайды». Басқаша айтқанда, Щербак Орхон ескерт- кіштерін әдебиет үлгісіне үш қайнаса сорпасы қосыл- майтын, Түрк қанағатының қысқаша, дәл, тарихи дерек- тер жиынтығы деп қарайды.

Осы айтылган пікірді тарихшы Л. Гумилев қуаттай- ды: «И. В. Стеблеваның монографиясы Күлтегін мен Тоныкөктің құрметіне арналған жазуларды өлеңге жат- қызып және оны тарихи поэма ретінде дәлелдеуге әре- кеттенген. Автордың сонысына қарамастан, біз одан өлеңге ең қажетті нәрсе — ырғақты таба алмадық. Сол себептен де «Сыпаты жагынан бұл жазуларды ақындық шығармаға жатқызуға болмайды деген А. Щербактың гұжырымына қосыламыз»—дейді зерттеуші (Л. Н. Гу- милев. «Древние тюрки»; М., 1967, 322 бет).
Демек, Л. Гумилев те көне руналарды жыр емес, түркі халқы тарихының қысқаша шежіресі есебінде та- нып отыр.
Бұл пікірді біз қостай алмаймыз. Көне түркі руна- ларын өлең жолына түсіріп, ақындық өнердің үлгісі деп танып, алғаш рет композициялық, жанрлық, стильдік тұргыдан тексерген И. Стеблеваның монографиясында- ғы батыл да бағалы тұжырымдарды ескеру қажет.
Ғалым былай деп жазады: «Туган елінің тәуелсіз- дігі мен құлдыққа қарсы күресін, халқына және оның

ерлеріне деген сүйіспеншілігін ақындық шабытпен жаз- ған Орхон текстілерін жалаң тарихи (тарихи-өмірбаян- дық) деректемелерге жатқыза қоюға болар ма екен? Керісінше, белгілі бір ақындық дәстүрдің ортасында туған осы жазуларды тарихи-ерлік поэма деп тану әл- деқайда орынды болар еді». (И. В. Стеблева. Поэзия тюрков, Москва, 1965, 61-бет).
Біз И. Стеблеваның осы пікіріне, негізінен, қосыла- мыз. Бірақ ол ғалым айтқандай бірегей ағыл-тегіл жыр- ға жата ма?
Орхон жырлары тек қана өлеңге құрылмаған, жоға- рыда айтқанымыздай, арасында қара сөз араласып ке- ліп отыратын өзіміздің «Алпамыс», «Қобыланды» тәріз- ді эпикалық жырларды еске салады.

Мәселен, «Күлтегін қоң йылқа йеті йегірмеке учды. Тоғызынч ай иеті отузқа иоқ ертүртіміз. Барқын, беді- зін, бітіг ташын бечін йылқа йетінч ай йеті отузқа қоп алқадымыз. Күлтегін өл (ліп) қырқ артұқы йашық бу- лыт».
Жаңашасы: «Күлтегін қой жылы он жетінші күні өлді. Тоғызыншы айдың жиырма жетісінде жерледік. Мазарын, ою-өрнегін, жазба тасын мешін жылы жетінші айдың жиырма жетісінде аяқтадық. Күлтегін өлгенде қырық жаста еді» тәрізді жолдардан зорлап өлең жа- саудың еш қисыны жоқ.

Өйткені, эпикалық мұраның ең көне үлгілерінің бір- келкі өлеңнен ғана тұруы шарт емес. Әдебиеттің көпте- ген түрі бір шығармада-ақ араласып жататын (синкре- тизм) ерте дәуірде өлең де, қара сөз де қатар жүрсе, оған таңданбауға тиіспіз. Орхон ескерткіштерін кейбір ғалымдардың (Л. Гумилев) өлеңнен іргесін бүтіндей аулақтатып, көркем прозаға жатқызуыңың себебі сол араластық белгісінен болу керек.
Алайда: «Мінсіз қара сөз жазу үшін де өлеңдік өл- шемдердің үлкен шебері болу қажет» деген ғой ұлы Гейне. Сонда әдебиет әлеміне үлгілі әсем қара сөз жа- сап қалдырудың өзі ақындық өнердің тамаша бір бел- гісі болып шықпақ.
Қазақ әдебиетінде өзге халықтар творчествосында кездесе бермейтін шешендік сөздер деп аталатын қы- зық жанр бар. Соның қай үлгісін алсаң да, өмірдің шын- дығына суарылған, ешкім өзгерте алмайтындай асыл жолдарды көресің. Тыңдайсың да халқың жасаған ға- жап өнерге ғашық боласың. Соның бірін тыңдап көрі- ңіз.

Баяғы заманда аяқтыға — жол, ауыздыға сөз бер- мейтін бір кедей шешен дауда суырыльіп сөйлеп отыр- са, дәулетті біреу: «Сөйле, сөйле, құлағы жоқ шұнақ биім, құйрығы жоқ шолақ биім»—деп кекетіпті: сонда әлгі кедейден шыққан шешен: «Сөіілесе несі бар. Жүйе- лі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады. Сен мал мен басқа мақтандың. Байлық түбі — бақыл, қа- зына түбі — ақьіл. Ешкі егіз тауып қойдан көп болмас, ит сегіз тауып малдан көп болмас. Құлағым шұнақ бол- са, сұңқар шығармын, құйрығым шолақ болса тұлпар шығармын. Тасыма! Құдайдың маған берейін десе ба- ласы жоқ па, саған жіберейін десе, бәлесі жоқ па?»— деген екен. Осы бір аз ғана жолда қаншама өмір, қанша даналық бар?! Осының өзі жосылған мінсіз жыр емес пе?

Екі сөздің бірінде дәл осылай мақалдап сөйлейтін, қара сөзден сан түрлі жарасымды қисындар тауып сан құбылтқан, жадағай сәзді алтайы түлкідей ойнатқан ақын халық, қазақ халқы — Гейне айтқан мінсіз қара сөз жасаудың асқан шебері. Ендеше қазақ халқындағы асқан шешендіктің бір ұшы сол байырғы Орхон ескерт- кіштерінде жатыр деуге болады.
Шынында да, Орхон жазулары әдеби мұра ма? Бол- са, оның қай үлгісіне жатпақ? И. Стеблеваның пікірінде қаншалықты қисындылық бар? Міне, бұл сауалдарға жауап берудің жалпы түркі халықтары әдебиеті үшін, оның ішінде қазақ әдебиеті үшін үлкен мәні бар.
Егер халқымыздың ерлік дәстүрлерін көркем образ- дарға ұластырған қазақ эпостары мен Орхон жазула- рының арасындағы табиғи туыстықты айқындай алсақ, онда заты қазақ өлеңінің ең әдепкі үлгілері хақында нақтылы сөз етудің мүмкіндігі туатыны да ақиқат.
Руналық жазудың жанрын айқындаудағы И. Стеб- леваның еңбегін тиісінше бағалай отырып, ғылымдағы дәлділік әділдік үшін мына бір мәселенің де бетін ашып алу керек-ақ секілді:

Расында ескерткіштің жанры турасындағы концепция бір ғана И. Стеблеваның атымен байланысты айтылуға тиіс пе? Ол туралы бұрын-соңды одан бұрын ешкім еш- теңе жазбады ма екен?
Рас, И. Стеблева Орхон ескерткіштерінің жанрлық табиғатына арнайы тәп-тәуір зерттеу жұмысын жүргізді. Бірақ сол шығармалардың жанры туралы ғылыми құн- ды пікірлерді одан да бұрын кездестірген жоқ па едік.

Бұл ретте біз көрнекті қазақ ғалымдарының қағабе- ріс қалдыруға еш болмайтын, И. Стеблевадан әлдеқа- шан бұрын-ақ жасаған аса маңызды тұжырымдарын еске салғымыз кедеді.
Түркі қоғамын терең зерттеушілердің бірі — академик Әлкей Марғұлан түркі халқының мәдениетін, әдебиетін кеңінен тәптіштей келе былай деп жазады:
«VI—VIII ғасырлардағы халық фольклорында эпос- тық поэзияның Орхон ескерткіштерінде жазылып қал- ған ең ертедегі ақындық тәсілдері мен дәстүрлері бел- гілене бастаған. Бұл поэзияның элементтерін Күлтегін мен Білге-ханның басындағы құлпытастарына жазыл- ған жазулардан көруге болады. Бұл жазулардың текс- тісі эпостық әңгіме стилінде жазылған».1
Ғалымның Орхон ескерткіштерінен ақындық тәсіл- ді де, дәстүрді де тауып, оларды жанры жағынан ерлік жырына жаткызып отырғанын осы мысалдан да көруге болады.
Заманымыздың әйгілі жазушысы, ойшылы акаде- мик М. Әуезов Совет тюркологтары бас қосқан үлкен мәслихатта1 2 мынадай бір құнды пікір айтқан еді:

«Орхон жазулары» деген не?
Бұл күнге дейін оларды тіл тарихының ескерткіші ретінде зерттеп жүр. Соған қоса ол фольклордың мей- лінше көне үлгілерінің де ескерткіштері емес пе? Сол жазуларда эпостық аңыздардың шағын да ықшам фа- булалық желілері бар ғой»3
Ғалым дәл осы жерде Күлтегін мен Тоныкөкке ар- налған руналық ерлік жырының белгілерін айқын та- уып отырған жоқ па?
Орхон мұраларын зерттеуші ғалымдардың әсіресе оның әдеби сыпатына ерекше мән берген И. Стеблева- ның жоғарыда келтірілген бағалы тұжырымдарды ес- кермеуі өте өкінішті-ақ. Біздің мұны әдейі айтып отыр- ған себебіміз, біздің ғасырымыздың елуінші жылдарына дейін советтік тюркологияда Орхон ескерткіштерінің табиғатына жақын пікір айтқан бірде-бір зерттеуші болған жоқ. Жүздеген жылдар бойы тек тілдік, тарихи

1 Ә. X. Марғұлан. Қазақстан халықтары мен тайпаларының VI— XII ғасырлардағы мәдениеті. «Қазақ ССР тарихы», 1 том, Алматы, 1957, 117-бет.
2 Әңгімег 1952 жылы 8 июльде «Манас» эпосын зерттеуге арнал- ған Фрунзе каласындағы бүкілодақтық конференция жайында болып отыр.
3 М. Әуезов. «Уақыт және әдебиет». Алматы, 1962, 143-бет.

мұра ретінде зерттеліп келген Орхон жазуларынан әде- биет сыпатын тану, сөз жоқ ғылым әлеміндегі үлкен жа- ңалық еді.
Сондықтан да Орхон ескерткіштерінің жанры тура- лы мәселені күн тәртібіне алғаш қойған ғалымдар: Мұх- тар Әуезов пен Әлкей Марғұлан деп есептеліп, Стеблева болса, осы зерттеушілердің концепциясын ғылымда тұң- ғыш рет дәлелдеуші ретінде танылуға тиіс.
Түркі қағанатының тарихын Күлтегін мен Тоныкөк- ке арналған жазулармен салыстырудың нәтижесі ес- керткіш авторының алдында әдеттегідей тарихи жүйе- деуден гөрі әлде қайда бөлек, әлде қайда биік міндет тұрғандығың көрсетеді. Басқаша айтқанда, Орхон жа- зуларының авторларын жалаң тарихи фактілер емес, белгілі бір идеяға арқау бола алатын тарихи оқиғалар қызықтырған тәрізді.
Тюрколог — тарихшылардың біразы: (С. Кляштор- ный, Л. Гумилев) «Тарихи оқиғалар дәл, алайда жет- кіліксіз» деген пікірді айтқанда, руналық жазулардың әдебиет үлгісіне жататындығынан ғана халық тарихын егжей-тегжей баяндамай, оның ең қажетті, тартымды деген сәттерін ғана сұрыптап алып суреттейтіндігін ес- кермеген.

Екіншіден, егер біз Орхон жазулары сөз етіп отыр- ған фактілер жайында ертеректе жазылған мәліметтер- ден бұрын-соңды оқып білмеген болсақ, онда ескерткіш- тердегі там-тұмдап қана берілген сараң тарихи дерек- терден жарытып ештеңе түсінбеген болар едік.
Сол себепті Орхон ескерткіштерін жалаң тарихи фак- тілер тізбегі деп қарамай, түркі халқының ізгі арманын, кескілескен соғысын, айбынды батырларын өзгеше әуез- бен жыр еткен ерлік эпосының ең әдепкі үлгісіне жат- қызу орынды.
Сондықтан да бір кездерде эпостық дәстүрі айрық- ша дамыған қазақ халқының бай мұрасы мен Орхон ескерткіштерін салыстыра зерттеудің ерекше мәні бар. Өйткені, Орхон жырларын зерттеу проблемасын жалпы әдеби процесімізден бөліп қарауға болмайды. Қайта біз халқымыздың тарихи өткенінен, рухани өсуінен мол мағлұмат беретін шығарманы терең зерттей түссек, он- да бұл шығармалар эпикалық мәдениетіміздің көп сыр- ларын ашуға мүмкіндік береді.
Басқаша айтқанда, эпостарымыздың жасалу проце- сін, оған қоса ғасырлар құрдымынан бүгінге дейін үзіл- мей, жалғасып келе жатқан жанды дәстүрді дәлелде алатын боламыз. Қазақтың ұшан-теңіз эпикалық жыр дәстүрінің қайнар бұлағын, оның сарқылмас көзін ен- дігі жерде біз солардан іздеуге тиіспіз.

Осы уақытқа дейін қазақ эпосының тууы жайында- ғы қорытындылар тұспалдап қана айтылып келсе, То- ныкөк, Күлтегінге арналған жырлардың зерттелуімен байланысты, бұл мәселені нақты дәлелдермен топшы- лауга мүмкіндік алатын боламыз. Осы ретпен біз енді Орхон жырларын қазақ эпостарының кейбір үлгілері- мен салыстырып көрейік.

0

Автор публикации

не в сети 1 год

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля