Кәсіптік педагогика тарихының беттері

16 января, 2018 18:19

 

Әлемдік педагогикалық ойдың тарихында болашақ ұрпаққа кәсіптік білім беру мен еңбекке баулу идеяларының алатын орны ерекше, өйткені адамзат баласы өз тарихының барлық кезеңдерінде де көсіптік бағдар мен еңбекке баулуды үрпақтан ұрпақка мирас етуді өзінің басты мұраты деп таныған. Қүл иеленушілік қоғам дәуірінде ой еңбегі дене еңбегінен бөлініп шықты да, дене еңбегі құлдардың пешенесіне жазылғ- ан деп саналды. Ал ой еңбегі болса құл иеленушілердің ең сүйікті көсібіне айналды, сөйтіп олар философиямен, саясатпен жөне т.б. айналысты. Дәл осындай тарихи жағдайдың орын алуы еңбек ету мен көсіптік білім беру идеяларының дамуына өз әсерін тигізбей қалған жоқ. Алайда ежелгі заманның ұлы философтары балаларды еңбекке баулудың жалпы адамзаттық маңызын терең түсіне білді, сондықтан да болар олар еңбек етуді адамды кері кетуден сақтайтын сенімді қақпан, ізгілікке апарар жол деп санады.

Діннің үстемдігі белең алған орта ғасырлар кезеңінде кәсіп құдайға қызмет етудің бір түрі ретінде қабылданып, оның бір ғана қүдайдың еркімен жүзеге асатындығы жөне қүдай үшін қызмет ететіндігі кеңінен насихатталды. Кәсіп өнермен теңестірілді жөне онымен даналықтың, қасиеттіліктің, қүпия- лықтың мистикалық дөстүрлері тығыз байланысты болды. Көсіпке, өз ісіне байланысты қалыптасқан дөл осындай қатынас қоғамның еңбекпен байланысты моралінің басты өзегі бо- лып саналды.

Ортағасырлық қалалардағы қолөнершілер мен көпестердің балаларына көсіптік білім берудің ең басты түрі цехтық шәкірттік болды. Ортағасырлық шебер шәкірттеріне өзінің өмірлік тәжірибесі мен білімін ғана емес, өзінің бар болмысын, өз бойына жинақтаған қасиеттерін беруге өр уақытта да дайын түратын.

XI ғасырда “механикалық өнердің” маңыздылығын насихат- таған педагогикалық шығармалар пайда бола бастады. Париж мектебінің негізін қалаушы Гуго Сен-Викторский (1096 — 1114) өзінің “Дидаскалион” атты шығармасында механиканы “заттар- Ды жасауға қажетті өнер” деп атады жөне өнердің жеті түрін (шүға жасау, қүралдар мен қару-жарақ жасау, навигация, агро- культура, аң аулау, медицина, театр өнері). Бірақ, ол да көне заман ойшылдары сияқты механикалық өнерді “плебейлердің”, Қасиетсіз адамдардың балаларының көсібі деп санады.

Алғашқы гуманист-утопистер Т.Мордың (1478-1535) және Т.Кампанелланың (1568-1639) шығармаларында жалпы еңбек етуге қатынасу, өділетсіздік пен қанаушылықты сынау идеяла- Ры көрініс тапқан. Олар кәсіпті игеруді, еңбектің түрлі салала- рьімен танысуды үлкен абырой және азаматты сыйлаудың белгісі ретінде қарастырды. Сонымен қатар теория мен төжірибенің бірлігін жақтап, көсіпке үйретудің тар өрістілігін сынға алды. Көсіп пен мамандықтың қоғам өміріндегі рөлі жайында демок- ратиялық көзқараста болғандардың бірі Я.А.Коменский (1592- 1670) болды. Ол балалар мен жастарды еңбекке баулу өте қажет деп санады. Оның “Мир чувственных вещей в картин- ках” атты оқулығында балаларды сол кездегі көсіптердің сан алуан түрлерімен, еңбек қүралдарымен, өндіріс технологиясы- мен таныстыруға баса назар аударылған.

Капиталистік қарым-қатынастардың қарқынды дамуына, техника мен мәдениеттің, ғылыми прогреске байланысты XIҮ- ХҮІ ғасырларда кәсіптік білім беруге, оны үйымдастырудың түрлерінің тиімділігін арттыруға деген қызығушылық одан сайын арта түседі. Балаларды мануфактура мен қолөнер көсібіне жап- пай тартудың, әсіресе, экономикалық, ал одан кейін өлеуметтік жақтары ерекше маңызға ие бола бастады.

Ағылшын экономисі жөне педагогі Дж.Беллерстің (1634- 1723) “Предложения об учреждении производственного содру- жества” (1695) атты трактаты — кедейшіліктен қүтылудың жолын көсіпке баулумен, жан-жақты төрбие және білім берумен бай- ланысты өлеуметтік-педагогикалық мақсат қоя білген көсіптік білім беру ісінің ең алғашқы жобаларының бірі болды. Ол кейіннен Р.Оуэннің қолдауына ие болған оқу ісін өндірістік еңбекпен өзара үштастыру принципін өмірге әкелді.

Жаңа заман қарсаңында “Өнегелі, көргенді адамды” төрби- елеу деп аталатын педагогикалық жүйені жасаған ағылшын- ның философы, өрі педагогі Д.Локктың есімі белгілі бола бас- тады. Оның жүмысшыларға арналған “Записка о рабочих шко- лах” (1696) атты еңбегінде кедей жанүядан шыққан 3-14 ара- лығындағы балалар үшін өзіндік қүнын өтей алатын, оларды белгілі бір көсіпке дайындайтын арнайы “жүмысшылар мектептері” жүйесін қүруды үсынды. Алайда олар үшін өмірдің, болашақ жүмысшыларды бақылау мен тәрбиелеудің қатал да, бүлжымайтын жүйесі үсынылды. Бүл мектептерді бітірген жастарды фабрика иесі жүмысқа қабылдап, ал мектептерге еңбектері үшін еңбекақы төлеуге тиіс болды.

Капиталистік қарым-қатынастардың, индустриалдық өндірістің қарқынды дамуы, ғылымның, техника мен мөдениеттің дамуы балалар мен жасөспірімдерді өндіріс саласына жаппай тартуға себепші болды жөне кәсіптік мектептерді дамытудың объективті қажеттілік екендігін көрсетіп берді. XVIII ғасырдан бастап ғылымға иек артқан бүрынғы бағыттарға қарағанда технологи- яны, қүрал-жабдықтарды жөне т.б. игеруді басты мүраты деп санаған жаңа бағыт қалыптаса бастайды.

XX ғ. бірінші жартысында К.А.Сен-Симон (1770-1825), Ш.Фурье (1772-1837), Р.Оуэн (1771-1858), Э.Кабе (1788-1856) сияқты социалист-утопистер үсынған адамзат қоғамын өзгерту жобаларында болашақ қоғамдағы көсіптік педагогиканы жүзе- ге асырудың басты міндеттері белгіленді. Олар: еңбектің жал- пылама сипаты, еңбекке гуманистік көзқарас, барлық сословие өкілдерінің балаларын жан-жақты дамыту, балаларды индуст- пиалдық түрғыдан кемелдендіру, жалпы білім беру жүйесіндегі көсіптік мектептердің тең қүқықтығы. Ескерте кететін бір жайт, олар тек қана теориялық пайымдаулармен шектеліп қалған жоқ. Мысалы, Оуэн тәжірибе жүзінде түңғыш рет ересек бала- лардың өндірістік еңбегін оларды оқытумен өзара үштастыру- ды төжірибе жүзінде жүзеге асыра білді. Гуманистік бағытты жақтаушылар (П.Прудан, П.Робэн, Э.Да Коста және т.б) мөселені шешудің жолын көп салалық кәсіптік білім берумен, жүмыс- сыздықтың алдын алу мен жүмысшыларды қалыптасқан еңбек бөлінісіне икемделуіне қолайлы жағдайлар туғыза алатын “жа- санды жүмысшыларды” қалыптастырумен байланыстырды. Олар- дың кейбіреулері сол кезде нақты өмірлік тәжірибеде жүзеге асыру мүмкін болмағандығына қарамастан балалардың еңбегін пайдалануға қарсы шықты. Францияның қоғам қайраткері және жүмысшысы К.А.Корбан (1808-1881) жүмысшы балаларына білім беру мен шөкірттер жүйесін талдауға арналған ең алға- шқы еңбектерінің бірі — “0 профессиональном образовании” (1859) атты кітабында көсіпті таңдау еркіндігінің қоғам үшін де, жеке адам үшін де өте пайдалы екендігін, жүмысшыларды жалпы көсіптік дайындықтан өткізудің қажеттігін және кәсіптік мектептерді қүруды қолға алуды жолға қоюды, жалпы және кәсіптік білім берумен қатар ой еңбегі мен дене еңбегін де өзара үштастырудың қоғам үшін өте пайдалы екендігін атап өтеді. Ол балаларды кәсіпке тым ерте баулуға қарсы шықты, кәсіптік шәкірттер жүйесіндегі білім беру сапасының төмендігі мен ондағы оқу мерзімінің өте үзаққа созылатындығын айтып оны сынға алды және балалардың ой-өрісінің тарылып, мінез- қүлықтық қасиеттерінің төмендеп келе жатқандығына ерекше мөн беру қажеттігінде атап көрсетті. Чартизмнің көрнекті өкілі Эрнест Джонс (1819-1869) кәсіптік шәкірттер жүйесін “қазіргі индустрияның қарғыс атқан көріністерінің бірі” деп атады.

Көсіптік білім берудің мәселелеріне байланысты жаңа көзқа- растар К.Маркстің еңбектерінде кеңінен көрініс тапты. Онда жүмысшыларды кәсіптік жағынан дайындауда әлеуметтік, сая- си, экономикалық жөне білім беру мен төрбиелеу функцияла- рын өзара үштастырудың қажеттігі айтылды. Осы мәселе төңірегінде түйінді ойлар айтқан өзіне дейінгілердің идеялары- на сүйене отырып, Маркс болашақ жүмысшы үрпағын төрбиелеудің ең басты жақтарының бірі — балаларды немесе жас өспірімдерді өндіріс саласындағы барлық процестердің ба- сты принциптерімен таныстыра алатын жөне өндірісте қолда- ныс табатын қарапайым қүрал-жабдықтарды қалай қолдану керектігін үйрете алатын техникалық жағынан білім беру деп санады. Сөйтіп, күн тәртібіне еңбек өнімділігін жалпы білім Дөрежесімен (ой еңбегі жөне дене еңбегі) және тар өрісті ма- ндық пен өрісі кең технологиялық (политехникалық) білім беруді өзара ұштастыра білуге негізделген, ең бастысы — жұмыс- шының қалыптасңан еңбек бөлінісіне жай ғана икемделуін емес, сонымен қатар оның мамандықты ойдағыдай игеруін, жұмысшының өз қызметіне шығармашылық тұрғыдан қарауын жөне техникалық прогрестің дамуына үлес қосуын қамтамасыз ете аларлықтай жаңа типті жас жүмысшыларды көсіптік жа- ғынан дайындап шығару мәселесі қойылды. К.Маркс пен Ф.Эн- гельс балалар еңбегін қорғауды жөне кәсіптік шәкірттер жүйесін техникалық мектептермен ауыстыруды әлеуметтік жөне педаго- гикалык түрғыдан тиімді ұйымдастыра білу мәселесін көтерді.

Бұл идеялар XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басындағы социал- демократтардың педагогикалық ортасында қызу қолдау тапты.

Русьтегі кәсіптік білім берудің, белгілі бір көсіпке баулудың тарихының тамыры тереңде жатыр. Мұндағы ерте заманда ту- ындаған көсіпке баулу ісі XVIII ғасырға дейін жұмысшыларды дайындаудың ең басты түрі болып қала берді.

Бірінші Петрдің серіктестері В.Н.Татищев (1686-1750) пен В.И.Гение (1676-1750) мемлекеттік тау-кен зауыттары мектептерінің мемлекеттік жүйесін құрып, “алғашқы регламенттерді жасады”. Олар — “өнер мен көсіпке үйрету” мен болашақ жүмысшыларды тәрбиелеуді, оларға жалпы және көсіптік білім беруді ұйымдастыру мен өдістемесін қамтитын маңызды құжаттар болатын. Екатерина дөуірінің көрнекті өкілі Д.Локк пен Ж.Ж.Руссоның ізбасары И.И.Бецкой (1704-1795) “адам- дардың жаңа түрпатын” төрбиелеуге бағытталған сословиялық мекемелер жүйесін ұсынды. Бұл жүйе дворяндарды ғана емес, сонымен қатар үшінші сословияны да қамтыды. Оның Москва университетінің профессоры А.А.Барсовпен (1730-1791) бірігіп жазған “Генеральном плане Московского воспитательного дома” деген еңбегінде мемлекет үшін адамгершілік қасиеттерімен, дінге берілгендігімен және мол тәжірибесімен ерекшеленетін шеберлер дайындаудың бағдарламасы ұсынылды.

XIX ғасырдағы орыстың классикалық педагогикасының өкілдері жеке адамды қалыптастыруға, балаларды төрбиелеу мен оның қабілеттерін дамытудағы еңбектің рөлін арттыруға байланысты туындаған жалпы адамзаттық проблемаларға баса назар аударды. Н.И.Пирогов жалпы адамзаттық тәрбие идеяла- рын дамыту мәселесін көтере отырып, тар өрісті “мамандык шеңберінен” шыққан кәсіптік білім берудің дөл осындай идея- ларды басшылықка алу керектігін ескертеді.

Ресейдегі көсіптік педагогиканының негізін қалауға орыс- тың ұлы педагогы К.Д.Ушинский үлкен үлес қосты. Ол алға- шқылардың бірі болып “ғасырдың индустриалдық бағытына” жауап бере алатындай мектептік кәсіптік білім беру жүйесін қүру міндетін қойды. Ғалым өзінің “Ученики ремесленные в Петербурге” (1848), “Воскресные школы” (1861), “Необходи- мость ремесленных школ в столицах” (1868) атты мақалала- рында сол кезеңдегі көсіптік шөкірттер жүйесінің түсындағы елеулі кемшіліктердің бетін аша отырып, жаңа типті көсіптік білім берудің функцияларын атап көрсетті. Олар: экономика- лык _ кәсіпті ғылым мен техниканың талаптарына сай дамы- ту; әлеуметтік — отандық мамандарды дайындап шығару; мінез- құлықтық — шәкірттік жүйені балалардың еңбегін қанау фор- масы ретінде жою; педагогикалық-көсіптік және жексенбілік мектептер жүйесін жасау, педагогикалық — педагогика мен психологияның талаптарына жауап бере алатын кәсіпке баулу методикасын жасау.

XIX ғ. 60-жылдары Ресейде көсіптік білім берудің теориясы мен әдістемесі ғылыми білімнің жеке саласы ретінде қалыптаса бастады. Оған мына сияқты жағдайлар өз ықпалын тигізді: өндіріс пен капиталистік қарым-қатынастардың дамуы, мектеп саласындағы білім беру реформалары, кәсіптік білім беретін оқу орындарының көбеюі, Ресейде қоғамдық-педагогикалық қозғалыстардың басталуы.

Сонымен қатар сол кездегі көптеген ғылыми-техникалық қоғамдар қызметінің де (Орыс техникалық қоғамы, Еркін эко- номикалық қогам, Техникалық гылымдарды тарату жөніндегі Москва қогамы) әсері тимей қалған жоқ. Олар өз кезегінде оқу орындарын күрды, Ресейдегі жалпы жөне көсіптік білім беру жүйесін қайта қүрудың жобаларын ұсынды, жүмысшылар мен түрлі мамандық иелерін дайындау ісіндегі шетелдік төжірибелерді зерттеді, кәсіптік жөне техникалық білім беру қайраткерлерінің съездерін өткізді, ғылыми, оқу жөне өдістемелік өдебиеттерді басып шыгарып отырды. Ғылыми-техникалық ойдың басты орталығы “Техническое образование” (1892-1917) журналы болды. Әсіресе, Орыс техникалық қоғамының техникалық білім беру жөніндегі түрақты комиссиясы мен оның басшылары, Ресейдегі көсіптік білім берудің көрнекті өкілдері — Е.Н.Андреевтің (1868- 1889), А.Г.Неболсиннің (1889-1917) рөлі өте күшті болды. Ресейлік көсіптік педагогиканың қалыптасуындагы маңызды кезең — галым-механик және финанс министрі И.А. Вышне- градскийдің есімімен тыгыз байланысты болды. Ол жасаған ‘Общий нормальный план промышленного образования в Рос- сии ’ жоба мемлекеттік кәсіптік білім беру жүйесінің негізі болып саналды.

Кәсіптік білім берудің ресейлік түжырымдамасын жасауға орыстың белгілі ғылым қайраткерлері де белсене араласты. Атап айтқанда: үлы орыс ғалымы — химик Д.И.Менделеев, галым-инженерлер В.К.Делла-Вос пен В.И.Гриневецкий, ғалым- агроном И.А.Стебут, экономистер А.И.Чупров пен И.И.Янжул, •А.Каблуков, инженер-педагогтер Д.К.Советкин, С.А.Влади- мирский, М.В.Лысковский және т.б. Олар Ресейдегі көсіптік ім берудің жүйесі мен мазмүнына төмендегідей талаптар қой- • Қарқынды даму үстіндегі экономикаға сәйкестілігі, даярла- н мамандардаң бөсекеге қарсы түра алатындай болуы, жал- ілім берудің міндетті базага айналуы, білім беруде жалпы- лық пен арнайылықты өзара үйлестіре білу, оқытудың төжірибелік бағыт-бағдары мен мамандандыруды нақты жүзеге асыру, шөкірттікті біртіндеп көсіптік мектептермен алмастыру, жасөспірім- жүмысшылардың еңбегі мен шөкірттік жүмыстарын кешкі жексенбілік мектептерде білім берумен үштастыру жөне т.б.

XIX ғ. 60-жылдарында Ресейде көсіптік білім берудің ди- дактикасы дами бастайды. Оның басты орталығы — Төрбие үйінің негізінде пайда болған жөне қолөнершілерді оқыту ісінде бүрыннан-ақ мол тәжірибе жинақтаған Москва техникалық училищесі болды. Аталмыш оқу орнының оқу шеберханала- рында ғалым-шебер Д.К.Советкиннің (1838-1912) басшылығы- мен өлемдік төжірибе тарихында түңғыш рет темір үсталарына, токарьларға, ағаш шеберлеріне және т.б. көсіптік білім берудің дидактикалық түрғыдан негізделген жүйесі жасалды.

Балалар мен жасөспірімдерді жаппай өндіріске тарта бастау жағдайында балалар еңбегін қорғау мен шөкірттік жүйені қай- та қүрудың өлеуметтік мөселелері басты орынға шыға бастады. Бүл өзекті проблемалар, өсіресе, жүмысшы табының мүддесін қорғаушы саяси партиялардың күжаттарында жөне олардың белгілі қайраткерлерінің еңбектерінде кеңінен көрініс тапты. Социал-демократтар Г.В.Плеханов, В.И.Ленин, Н.К.Крупская, анархизмнің теоретигі П.А.Кропоткин, халықшылдар М.К.Гор- бунова-Каблукова, С.Н.Кривенко жөне т.б. жүмыс істейтін жасөспірімдер мен шәкірттердің өндірістік еңбектерін өзара үштастыру жөне ересек жүмысшыларды да олармен қосып оқыту мәселелерін көтерді. Н.К.Крупская осы мәселедегі өлемдік тәжірибені талдай отырып, “техника прогресі”, машина мен механизмдерді өндіріске енгізудің ең басты бағыты — белсенді, техникалық жағынан білімді жүмысшыларға деген сүраныстың өсуі екендігін дөлелдеп берді.

Ресейдегі революциялық уақиғалардың қарсаңында көсіптік білім беру жүйесін реформалау қажетгігі, оларды өмірдің эко- номикалық жөне мөдени-өлеуметтік талаптарына сай дамыту- дың жөне ең бірінші кезекте оны демократияландырудың қажеттігі айқын біліне бастады. Халыққа білім беру министрі граф Н.П.Игнатьевтің басшылығымен 1915-1916 жылдары көсіптік-техникалық оқу орындарының көп типті жүйесін жа- сауды, жалпы жөне көсіптік білім берумен қатар мектептер мен өндіріс арасындағы байланыстарды орнатуды, өйелдерге кәсіптік білім беруді дамытуды, білім берудің барлық сатыла- рының мазмүнын өзгертуді, басқарудың тиімділігін арттыруды және т.б. мақсат еткен көсіптік білім беру реформаларынын жобасы жасалынды. Алайда көсіптік білім беру жүйесін демок- ратияландыру мен либеризациялауға деген бүл талпыныс басқ- арушы топтар тарапынан қолдау таба қоймады.

XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында батыс европалық, педагоги- кадағы өлеуметтік-экономикалық және мәдени-өлеуметтік қай- та қүрулардың ықпалымен еңбек мектептері жолындағы рефор- маторлық қозғалыс пайда болды. Оның ең басты қайраткері Германиядағы көсіптік білім берудің реформаторы Георг Кер- шенштейнер (1854-1932) болды. Ол халық мектебінің басты мақсаты — кәсіптік қызметке жаппай еңбек дайындығы арқы- лы келуді үйымдастыру деп есептеді. Оның басшылығымен өндіріс саласында еңбек ететін жас жүмысшыларға арналған қосымша мектептер үйымдастырылды. Мүнда жалпы білім негіздері жастардың мамандығымен байланысты оқытылды. Фабрика мен шеберханалардың қожайындары жас жүмысшы- ларды мектептегі оқуларына еңбек ақысын сақтай отырып, аптасына 8-10 сағатқа босатып отырулары керек болды. Кер- шенштейнер өндірістегі төжірибелік жүмысты теориялық біліммен үштастыруға бағытталған фабрикалық-зауыттық шәкірттіктің мүлде жаңа жүйесінің негізін калады. Ол көсіптік мектеп аза- маттықтың мектебі болу керек деп есептеді. Бүл жүйе кезінде немістік көсіптік білім беру жүйесі ретінде Еуропаның көпте- ген елдеріне белгілі болды.

Кәсіптік педагогиканың АҚШ-та қалыптасуы — өндіріс са- ласына жаңа технологияны енгізуге, еңбекте конвейерлік өдісті қолдануга, өнімнің бөсекелестік мүмкіндігі мен еңбек өнімділігін арттыруға байланысты туындаган еңбек пен өндірісті үйымда- стырудың ғылыми өдістерінің қолданыс таба бастауына тығыз байланысты болды. Еңбекті ғылыми түрғыдан үйымдастыру жолындағы қозғалысты американ инженері Ф.У.Тейлор (1856- 1915) бастады. Ал еңбекті үйымдастырудың жаңа әдістерінің қолданылуы мен жүмысшыларға білім беру “тейлоризм” деген атауға ие болды. Жүмыс күнін толық пайдалану шараларымен қатар Тейлор өндірістік мәдениетке тәрбиелеу, еңбек пен дема- лысты рационализациялау, еңбек барысында адамның психо- физиологиясын ескеру идеяларын да үсынды. Ол еңбек опера- циялары мен онда қолданыс табатын төсілдерге таңдау мен талдауды, арнайы шеберлердің жүмысын бақылау арқылы олар- ДЫҢ жүзеге асуын қадағалайтын жоспар жүйесін енгізді. Тей- лор мамандарды таңдау мен оларды оқыту ісіне де ерекше мөн берді. Ол жазба нүсқаулардың негізін қалады жөне өзінің нүсқа- улық карталарын өндірістік қана емес, педагогикалық қүралға да айналдыра білді. Тейлордың еңбек пен білім беруді үйымда- стыру, әсіресе, жүмысшыларды өндіріс жағдайында қайта оқыту жүиесін қайта қүру жайындағы идеяларын оның отандастары Ф-Джилбрет, Г.Л.Гант, Р.В.Сельвидж, француз А.Файол және т-б. одан әрі дамытты. Олар өз кезегінде жүмыс пен еңбек арысындағы тиімді төсілдерді қолдануға, нүсқау карталарын Жасауға, өндірісті жетілдіру мақсатында талапкер жүмысшы- ларды төрбиелеуге баса назар аударды. Жаппай өндіріс пен Ң екті конвейерде операциялық жолмен бөлу жағдайында тей- лоризм еңбек өнімділігінің өсуіне ықпал етіп қана қоймай, Ң ектің сипатын одан өрі күрделілендіре түсті, яғни шаршап- дығу орын алды, кәсіптік аурулар туындай бастады. Орын дәл осындай келеңсіз жағдайлар жұмысшы қозғалысының қайраткерлері тарапынан қатты сынға алынды.

Автомобиль жасаудың негізін қалаушылардың бірі Генри Форд та (1863-1947) өзін кәсіптік білім беруді үйымдастыру мен оның әдістерін жасаудың реформаторы ретінде таныта білді. Жалпылай конвейерлік өндірісті енгізген ол еңбекті операция- лық жолмен бөлудің негізінде жұмысшыларды оқытудың үздіксіз- операциялық жүйесін жасады. Бүл жаңалық еңбек өнімділігі мен оның тиімділігін арттырды, алайда жүмысшылардың ба- сым көпшілігінің мамандық алуына кері әсерін тигізіп, оқу мерзімінің қысқаруына әкеліп соқты (олардың 43 пайызы күні бойы, 36-сы бір аптаға дейін, 6-сы екі апта және 14 пайызы гана бір айдан бір жылга дейін оқыды). Одан кейін жүмысшы- лардың конвейердегі еңбектерін гуманизациялау шаралары іске асырыла бастады.

XIX ғ. аяғында Батыста “тәжірибелік педагогика” деп ата- латын кәсіптік білім берудің жаңа әдістері туындай бастайды. Төжірибелік педагогиканың дамуы өнеркәсіп орындарында қүры- лған ерекше шеберханалармен байланысты болды, сөйтіп осы жаңалықтың арқасында зауыт шеберханадан бөлініп шықты да, оған педагогикалық функциялар берілді. Дөл осы жерден шәкірттер жүйесі үстемдік еткен дөуірге қараганда өлдеқайда тиімді “мәңгілік-заттық-жүйе” бастау алады. Аталмыш жүйе күрделі жүмыстар кешенін ягни өндірістік оқытуға қажетті “заттарды” таңдап алуға, толықтырып айтқанда жай ғана ба- қылаудан бас тартып, таңдап алынған шеберлердің өндіріс тәсілдерін қалай игергендерін көрсете білуге багытталды.

Көсіптік білім беру саласындагы ғылыми-зерттеу жүмыста- рын үзуге себепкер болган екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ең бірінші кезекте Еуропадагы халықаралық және үлттық орта- лықтар қалпына келтіріле бастады. Олар ЮНЕСКО тарапынан қызу қолдау тапты. Халықаралық еңбек, кәсіподақтар үйымда- рының бастауымен жүмысшыларды дайындаудың әлеуметтік, экономикалық және педагогикалық мөселелері бойынша конфе- ренциялар, түрлі кеңестер мен семинарлар өткізіле бастады. Соңғы онжылдықтарда жүмысшыларды дайындау саласындагы халықаралық ынтымақтастықтың өрісі де кеңейе түсті.

30-жылдардың ортасына дейінгі алғашқы онжылдықтар — Ресейлік кәсіптік педагогиканың ғылымның жеке саласы ретінде қалыптасу кезеңі болды. Ең басты орынға кәсіптік-техникалық білім беруді дамытудың идеологиялық, өлеуметтік-саяси фак- торларының шығуы — осы дәуірдің ең басты ерекшелігі болды. Мамандарды дайындауға байланысты қатал сындардың көп- шілігінің дүрыс еместігіне қарамастан революцияга дейінгі үс- темдік еткен бүл жүйе революцияның басты тірегі ретіндегі жүмысшы табына білім берудің жаңа жолдарын іздестірумен өзара үндестік таба білді.

Кейіннен Кеңестік Ресейде жалпы халыққа білім беруді, көсіптік білім беруді дамытудың өлеуметтік, саяси және эконо- микалық жолдарын негіздеу проблемасы қызу айтыс-таластар туғызды.

Көсіптік білім беру саласында Коммунистік партия мен Кеңес өкіметінің мүддесін қорғай отырып, кәсіптік білім беру мектептерін үйымдастырудың бастауында болып, көсіптік педа- гогиканың көрнекті теоретигі болган адам Н.К.Крупская (1869- 1939). Маркстің, Энгельстің, Лениннің идеяларына сүйене оты- рып және еңбек және кәсіптік мектептердің дамуының әлемдік төжірибелерін жан-жақты саралаған ол өзінің көптеген ғылы- ми мақалаларында көсіптік білім берудің социалистік теория- сының негізгі қағидаларын негіздеді. Олар: көсіптік білім берудің экономикалық, өлеуметтік және төрбие мен білім беру функци- яларының бірлігі, оның “болашаққа” негізделіп жасалуы, жүмыс- шыларды дайындау ісінің республиканың саяси және шаруа- шылық мақсаттарының өзгерулерімен тыгыз байланысты бо- луы, көсіптік мектептердің өндіріспен байланысы жөне фабри- калық-зауыттық шөкірттер жүйесін қайта қүру, жалпы және көсіптік білім берудің бірлігі мен өзара сабақтастығы, ересек жүмысшылардың өндірістік дайындықтарының мектептік және мектептен тыс жүзеге асырылатын түрлерін дамытуға мән беру жөне т.б. Н.К.Крупская кәсіптік білім беруді жүмыс күшінің жай ғана бір көзі деп қана қарастырмай, оны білім берудің жалпы жүйесінің қүрамдас бөлігі ретінде қабылдады.

Демек, бүл келтірілген қағидалардың жалпы адамзаттық жөне демократиялық сипатта болғандығына шүбө келтіруге болмайтын да сияқты. Сонымен қатар Н.К.Крупская сол за- манның талабына сай революциялық санаға ие “лениншіл- жүмысшыларды” тәрбиелеумен қатар болашақ жүмысшы табы- ның өкілдерін идеялық-саяси, таптық-пролетарлық түрғыдан төрбиелеуге де ерекше мән берді. Сөйтіп, жүмысшы табын қоғамның басқа өлеуметтік топтарына объективті түрғыдан қарсы қойды, нөтижесінде олардың мамандық алуға деген қүқығына нүқсан келді.

Марксистік идеология шеңберінде, атап өтілген көзқарас- тармен қатар 20-шы жылдары технократиялық жөне экономи- калық теориялармен қатар “Пролеткульт” идеяларына негізделген альтернативтік көзқарастар да дами бастады. Сөйтіп, 20-жыл- дардың басында туындаған “монотехникалық білім берудің” өкілдері жалпы жөне кәсіптік білім берудің байланыстарына өз көзқарастарын білдірді.

Тағы да бір альтернативтік көзкарастың авторы кәсіптік білім берудің теоретигі, экономист және пролетарлық ақын Алексей Капитонович Гастев (1882-1941) болды. “Машинаның салтанат күруы” мен жаңашыл адам дәуірін жырға қосқан ол, Қолөнермен шүғылданушылыққа қарсы шықты, сөйтіп жаңа типті “индустриалдық педагогиканың” жобасын жасады. Орта-

лық еңбек институтының (ОЕИ) директоры қызметін атқарған Гастев өзінің кызметкерлерімен біріге отырып, тәжірибелер негізінде “еңбек нұсқаулары” теориясын өмірге келтірді жөне жүмысшыларды қысқа мерзімді курстар мен ОЕИ-ның цехта- рында дайындап шығарудың тұжырымдамасын жасады.

Көсіптік педагогиканың қалыптасып дамуында төмендегі ғылыми-зерттеу мекемелері: Орталық еңбек институты, өнеркөсіп мамандарын дайындайтын ғылыми-зертгеу институты, ғылы- ми-зертгеу институтының көсіптік педагогика бөлімі, сонымен қатар жұмысшыларды дайындап шығарудың теориялық, өрі төжірибелік педагогикалық проблемаларын жасаумен шұғылда- нушы көптеген техникалық, медицина-гигаеналық, әкономика- лық институттардың кабинеттері, зертханалары мен бөлімдері айтарлықтай рөл атқарды. Бұл кезенде көптеген журналдар жа- рық көріп, олардың беттерінде педагогика жөне кәсіптік білім беру мен төрбие істерінің өзекті мәселелері кеңінен талқыланып отырды (“Жизнь рабочей школы”, “Рабочее образование”, “За промышленные кадры”, “Установка рабочей силы” жөне т.б.).

Сөйтіп, жұмысшыларды дайындаудың теориясы мен мето- дикасы мерзімді басылымдар мен ғылыми өдебиетте алғаш рет өзіндік статусқа ие болды. А.К.Гастев оларға бірнеше атаулар берді. Атап айтқанда: “кәсіптік педагогика”, “өндірістік педаго- гика”, “зауыттық педагогика”, “индустриалдық педагогика”. Бүдан да басқа атаулардың болғандығын да атап өткен жөн болар. Олар: “көсіптік білім беру педагогикасы” (С.Я.Купидо- нов), “фабзавуч педагогикасы” немесе фабрикалык-зауыттық шәкірттік мектептер (ФЗУ) (С.Е.Гайсинович).

20-жылдардың педагогтері кәсіптік педагогиканың өзіндік ерекшеліктерін былайша пайымдады: оның басты мақсаты — жасөспірім жұмысшыларды, кәсіптік мектептердің окушыла- рын оқыту мен төрбиелеу, өндірістік-оку процесіне талдау жа- сау, өндірістің, мамандық алудың талаптарына сай теориялық және төжірибелік мазмұнға мән беру, өндіріс шеңберінде жал- пы, кәсіптік жөне политехникалық білім беруді ұштастыру, еңбек ету мен оқытуды, мектептер мен өндірістің өзара үйле- сімділігін қамтамасыз ету, кәсіптік тәжірибе мен қабілеттілік технологиясын қалыптастыру және болашақ жұмысшыларды тәрбиелеу. Олар көсіптік педагогиканың басты ерекшелігі: оның жалпы педагогикалық зандылықтармен қатар техника мен тех- нологияның принциптеріне, еңбек пен өндірісті ұйымдасты- руға, одан қалды психология ғылымдарына арқа сүйеуі деп санады. Бұл жылдары көсіптік білім беру өдістемесі мен ескі технологияны жетілдіріп, жаңа технологияны өндіріске енгізу басты назарда болды.

30-жылдардың ортасынан бастап маман жұмысшыларды дай- ындау саласындағы теориялық зерттеу жұмыстары тоқтай бас- тайды. Жалпы білім беру мен көсіптік мектептердің міндеттері де көмескі тарта бастады. Мұндай жағдайдың орын алуы көпте- ген факторларға тікелей байланысты болды. Индустрияландыру- дың ңарқынды басталуы жұмыс күштеріне деген сұранысты күшейте түсті, сөйтіп жүмысшыларды дайындаудың өндірістен қол үзбей оқитын қысқа мерзімді формалары етек алып, оқу мерзімдері де барынша қысқарды және фабзавуч мектептеріндегі (6 айдан бір жылға дейін) білім берудің мазмүны да шектелді. “Педагогикалық бүрмалаушылықтарды” сынға алуға байланыс- ты еңбек психологиясы, психотехника және тағы да басқа ғылым- дар саласындағы ғылыми- зерттеулер тоқтады, мамандарды дай- ындаудың ғылыми орталықтары мен журналдар жабылды.

Алайда өлеуметтік-экономикалық қажеттіліктердің қысы- мымен 1940 жылы ең бірінші кезекте жастарды жүмылдыру арқылы іске асатын еңбек ресурстарын дайындау мен орталық- тан бөлудің тәжірибелік өлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге бағытталған жүйе ретінде мемлекеттік еңбек резервтері жүйесі қүрылды. Кәсіптік педагогикаға негізінен қолөнер кәсіби мектептері мен ФЗО мектептеріндегі өндірістік оқудың тиімділігін арттырудың тар өрісті өдістемелік функциясы ғана қалдырыл- ды. Ширек ғасырдың ішінде еңбек резервтері жүйесінде білікті әдістемелік қызмет етуге бағытталған талпыныстар да жасал- ды. Әдіскерлер “комплексті-операциялық” деп аталатын өндірістік оқудың тиімділігі жоғары, психологиялық түрғыдан негізделген жүйесін жасады. Оқу сапасының артуына шеберлерге арналған “Методика производственного обучения” деп аталатын оқу қүра- лының шығуы да көп әсер етті. Жүмысшыларды дайындаудың өзекті педагогикалық жөне өдістемелік проблемалары “Произ- водственное обучение” журналының беттерінде қызу талқыла- нып отырды.

Көсіптік педагогиканың дамуындағы жаңа кезең 50-ж. аяғын- да басталды. “Мектептің өмірмен байланысын нығайту жөне ССРО-дағы халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту” жай- ындағы Заңның қабылдануының арқасында көсіптік-техника- лық училищелер қайтадан еліміздегі жалпы білім беру жүйесінің қүрамдас бөлігіне айналды. Алайда бүл кезеңде көсіптік педа- гогиканың дамуына тежеу болған келеңсіз жагдайлар да орын ала бастады. Атап айтқанда, жоғарыда атап көрсетілген Заңға байланысты орта мектептердің жоғарғы сыныптарына жаппай мамандықтарга жастарды кәсіптік жағынан дайындаудың өздеріне тән емес функциялары берілді. Бүл жағдай техникалық про- гресс бағыттарына қарама-қарсы болып шықты. Сөйтіп, бір Жағынан, жеке адамның ойлану функциясы төмендетілсе, екінші Жағынан, арнайы жөне жалпы техникалық дайындықтың міндеттеріне жауап беретін көсіптік мектептердің рөлі төмен- дей түсті. Бүл кезеңнің кәсіптік жағынан дайындау мен еңбек- Ке тәрбиелеу концепциясы, шын мәнісінде, педагогика сала- сындағы технократая бағытын көрсетті. Сонымен қатар бүл Жылдары жоғарғы сынып оқушыларын көсіптік жағынан дай- ындау шараларын жүзеге асыруға бағытталған қызықты ғылы- ми-зерттеу жұмыстары да жүргізіліп отырды. Олар өз кезегінде жаңа типті кәсіптік училищелерді үйымдастыру ісінде кеңінен қолданыс тапты.

  • ж. ортасында еліміздегі білім берудің мүндай үлгісінің заман талабына сай келмейтіндігі белгілі болып қалды, сөйтіп көсіптік-техникалық білім берудің рөлін арттыру қажеттігі ту- ындады.

Көсіптік-техникалық училищелердің саны мен ондағы оқитын оқушылардың контингентінің (санының) өсу процесінің баста- луына байланысты орта және көсіптік білім берудің өзара бай- ланысын ныгайту мақсатында көсіптік білім берудің мазмү- нын, формалары мен өдістерін қайтадан жасау қажеттігі туын- дады. Мүндай түбегейлі өзгерістер көсіптік-техникалық білім беру саласындагы теориялардың туындауына ықпал етпей қал- ган жоқ. Ең бастысы — ірі-ірі ғылыми орталықтар пайда бол- ды. Атап айтқанда: Ленинградтағы көсіптік-техникалық білім берудің БҒЗИ (1969), Москвадағы Орталық оқу-өдістемелік ка- бинет (1959), Қазандағы кәсіптік-техникалық педагогикалық ғылыми-зерттеу институты (1976), Москвадағы көсіптік техни- калық білім беруді дамытудың ғылыми зерттеу институты (1992). Сонымен катар Еңбек БҒЗИ-да, экономика Институтында және т.б. жерлерде маман жүмысшыларды дайындаудың өлеуметтік- экономикалық мәселелері жан-жақты зерттеле бастады.

Көсіптік-техникалық білім берудің қалыптасып дамуына төмендегі ғалымдар үлкен үлес қосты. Олар: П.Р.Атутов, С.Я. Батышев, А.П.Беляева, А.Н.Веселов, Л.А.Волович, Г.С.Гершун- ский, Н.И.Думченко, М.А.Жиделов, Е.А.Климов, М.И.Махму- тов, Е.Г.Осовский, А.П Сейтешев, М.Н.Скаткин, С.А.Шапорин- ский Г.А Уматов жөне т.б. Аталған ғалымдар дөл осы жылда- ры теориялық жөне өндірістік оқудың мазмүнын, формалары мен әдістерін жетілдірудің өзекті теориялық жөне өдістемелік мөселелерімен қатар болашақ жүмысшыларға политехникалық білім беру, жастардың көсіптік бағыт-бағдарын айқындау, өндіріс қызметі процесінде оқушылардың шығармашылық жөне техни- калық ойлау қабілеттерін арттыру сияқты проблемалардың шешімін табуға ат салысты. Олардың маңына ғалымдар мен төжірибелі адамдардан түратын шығармашылық үжымдар топ- тасты.

Сонымен қатар 70-80 жылдардағы кәсіптік педагогиканың дамуы күрделі өлеуметтік-саяси жағдайларда өткендігін атап өтуіміз керек. Оның дамуына идеологиялық жөне өлеуметтік- экономикалық факторлар ерекше ықпал етті. Педагогика ғылымы партиялық-мемлекеттік шешімдердің қатаң саяси қысымының қүрсауында қалды. Педагогика ғылымына байланысты “рүқсат етілмейтін зоналар” белгіленді. Олар төмендегідей болып келеді: өлемдік теория мен кадрларды дайындаудың тарихи төжірибесін зерттеу аясында жалпы және көсіптік білім берудің даму ба- ғыттарын айқындау, жастардың еңбекке, кәсіптік білім алуға ясөне т.б. қүлықтық-психологиялық жөне тәжірибелік нақты дайындықтарын зерттеу және т.б. Сонымен қатар сол кезеңде орын алған экономиканы басқарудың тиімсіз өдістері, оның шығынға батырушылық сипат алуы, бір жағынан, еңбек ресур- старының табиғи дағдарыстарын туғызса, екінші жағынан, ха- лықтың еңбек пен қоғамдық саладағы белсенділігі мен кәсіптік моралі төмендей бастады. Оның үстіне көсіптік техникалық білім беру ісінің жаппай мемлекеттендірілуі және ғылыми ме- кемелер мен өндіріс орындарының өндіріс қажеттігіне сай ма- мандар даярлаудың нақты механизмін реттеуден және осы орайда туындайтын жауапкершіліктен шеттетілуі де өз әсерін тигізбей қалған жоқ. Идеологиялық басшылыққа амалсыздан бой үсы- нған көсіптік педагогика “еңбек пен қоғамдық меншікке коммунистік қатынасты төрбиелеу” сияқты абстрактылы теори- ялардың ықпалында қалып қойды.

Алайда болашақта қүрылымдық түбегейлі өзгерістердің сөзсіз болатындығын, кәсіптік мектептердің инновациялық түрлерінің қүрылып қана қоймай, оның ғылыми түрғыдан негізделуі айқ- ын көрсетіп бергендей болды.

Осындай оқу орындарының ішіндегі ең көп тарағаны кәсіптік лицейлер болды. Лицей — орта кәсіптік білім берудің мемлекеттік оқыту мекемесі, арнайы орта білімді немесе мамандық дәрежесі жоғары орта жөне арнайы білімді жүмысшылар мен түрлі мамандық иелерін жоспарлы түрде дайындап шығарудың негізгі түрі болып есептелінеді.

Көсіптік мектептің қалыптасуының өтпелі кезеңінде (типтік ережелерді бекіткенге дейін) лицей көсіптік-техникалык учили- щенің негізінде қүрылған кәсіптік оқу орнының тәжірибелік бір түрі болып саналды. Оның қалыптасуына төмендегі әлеуметтік- педагогикалық принциптер өз ықпалын тигізді. Олар: демок- ратияландыру, гуманнитарландыру, үздіксіздік, көп сатылық, жүйелілік, интеграция жөне білім беруді интенсификациялау.

Жүмысшылар мен мамандарды дайындау бағдарына байла- нысты лицей бірнеше атауларға ие болды. Мысалға, политех- никалық, техникалық-экономикалық, қүрылыс, коммерциялық, көркемдік-реставрациялық (қалпына келтіру), агротехникалық жөне т.б..

Лицейде білім беру үш сатылы болып келеді. Алғашқы екі сатысында орта білімді маман жүмысшыларды оқыту политех- никалық жөне арнайы орта білім беру элементтері арқылы жүзеге асырылады; лицейге орта мектепті бітірген жастар қабыл- данады, оқу мерзімі 3 жыл; лицейге жалпы орта (толық) мектепті бітірушілер қабылданады — оқу мерзімін белгілеуде °Қуға түсушілердің алғашқы көсіптік дайындықтары мен таң- Дап алынған мамандықтың қиындықтары ескеріледі және оқу мерзімі бір жыл болып белгіленген.

Үшінші сатыда жоғары маманды жүмысшылар немесе оқу мерзімі 1-2 жылдық бастауыш көсіптік білім беру негізінде арнайы орта білімді мамандар дайындалып шығарылады.

Нарың жағдайында лицейдің меншіктің түрлі формалары- мен байланысты өнеркәсіп орындары үшін жүмысшы кадрлары мен мамандар дайындауды коммерциялық негізде жүзеге асы- руға қүқығы бар.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля