ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА«Павильон фотосуреті»

6 декабря, 2017 21:25

«Павильон фотосуреті» пэні 5В042100 — «Дизайн» мамандығы, 05042105

—        «Телевизиялық жэне қойылым дизайны» мамандандырылуы бойынша ТОБ белгіленген міндетті компонент болып табылады.

Курстың мақсаты — көркемдік фото мен фотография қуралдарына сүйене отырып, телевизиялық дизайн және бейнеарт саласында қойылым міндеттерін табысты шешуге қабілетті жоғары білікті маман-дизайнер дайындау.

 

Курстың міндеттері мынадай болып табылады:

•        заманауи киноөнер мен теледидардың қалыптасуында көркем фотографиялардың ролі мен маңызын ашу;

•        қойылым міндеттерінің маңызды бөлігі ретінде жэне кино өнері мен бейнеартта шығармашылық құрал бөлігі ретінде фотография ролін ашу;

•        студенттерді қойылым дизайны мен бейнеарттағы көркем фотографиялардың негізгі функциялары жэне міндеттерімен таныстыру;

•        студенттерді заманауи фотография жэне фотосурет өнерінде негізгі багыттармен таныстыру;

•        идея дайындау эдісімен жэне қойылым фотосуреті эдісімен оқыту;

•        көркем фотоның (студиялық түсіру) эр түрлі түрлерінде көркем идеяны іске асырудың техникалық тэсілдерін меңгеру.

Бүл теоретиялық және практикалық курс. Сабақ дәрісханалық дэріс, жеке кеңес беру, фото және телевизиялық студияларда, компьютерлік сыныптардагы сабақ түрінде жүргізіледі. Оқыту нәтижесі шыгармашылық көрме, мониторингтік суреттерді ұсыну жэне дайын материалдарды талқылау түрінде нәтижелерді багалауды ұйгарады.

Пэннің багдарламасы дәрісханалық дәріс, практикалық сабақ және курстық жобаларды орындауды қарастырады.

Бұл пәнді оқу нәтижесінде болашақ маман:

көркем фотографияның заманауи тәсілдерін, әдістері мен формаларын, көркемдік міндеттерді шешу жүйелілігін; көркем фото жасауда шектес сала мамандарының ролін (жарық берушілер, реквизиторлар, визажисттер — костюмерлер, модельдер, баспашылар жэне т.б.) білуі тиіс:

пайымдап, қорытынды шығару үшін, сондай-ақ қабылданған шешімді негіздеу үшін маңызды мәлімет жинау және талдауды жүзеге асыра білуі тиіс;

—        көркем фотографияның креаторлық шешім идеясын өздігімен ойлап табу; оны іске асырудың сенімді формасын таңдау;

—      қажетті жағдайда нұсқалық студиялық суреттерді орындау;

—      репортаждық деректі суреттерді натурада орында;

—      өздігімен білім алу, практикада жаңа технология жетістіктерін пайдалану;

—      жеңіл ғылыми зерттеулер жүргізу;

 

— тапсырмаларды орындағанда шығармашылық белсенділік пен дербестік таныту;

үлгілермен жүмыс істеуді жоспарлауға, соңғы нэтижені ұсынуға, жүзеге асырылатын жоба контекстінде павильон фотосуретін үйымдастыруға дағдылану:.

50% лекциялық материал, 50% практикалық материал.

Пәннің пререквизиттері : «Декорацияны жобалау», «Композиция I», «Кино жэне телевидение тарихының очерктері», «Түстану», «Инженерлік графика I».

Пәннің постреквизиттері: «Репортаждық фотосурет», «Заманауи киноүдеріс», дипломдық жобалау.

Пэн бойынша емтиханға рұқсат беру семестр бойы практикалық сабақтарда жэне өздік жұмыстарда (СӨЖ) орындалған жүмыстарды үсыну түрінде семестр соңында өткізіледі. Емтихан қарастырылған.

ПӘННІҢ МАЗМ¥НЫ
КіріспеОсы курстағы негізгі қағида — қазақстандық фотоөнердің заманауи тақырыбына, қолданбалы фотографикаға жэне коммуникативтік дизайнга жақын жаттығулар, нобайлар және жобалар орындау. Тапсырмаларды орындау жүйелілігі төмендегідей:

•        жарық беруші жабдықпен жэне фотооптикамен жұмыс істеуге көмектесетін түрақты дағдылар тудыру;

•        жарықтандыру, түс жэне экспозиция — натюрморттың белгілі жағдайында студиялық суреттерді орындау бойынша қойылым жаттығулары;

•        натураның белгілі типажымен студиялық фотографиялық қойылым композициясы — фотопортрет (үлгі таңдау);

•        берілген тақырыпқа қойылым фотоларының сериясын орындау бойынша жаттыгулар;

•        көркемдік фото қүралдарымен альбомдар немесе бейнеролик кадропландарын эзірлеу.

ТЕОРИЯЛЫҚ САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

1.     Көркемдік фотография

Тақырыпқа кіріспе. Өнер түрлернің жүйесінде фотографияның алатын орны. Фотография жэне бейнелеу өнері. Фотография, дизайнның бір бөлігі, теле жэне кино үдерістің бір бөлігі ретінде. Жалпы жарнамалық нарықта фотография мен фотографиканың ролі мен пайызы.

2.     Көркемдік фотография. Жалгасы

 

Студиялық және натуралық, қойылым жэне репортаждық, көркемдік жэне деректі түсіру — негізгі айырмашылықтары. Көркемдік фотоның түрлері мен жанрлары. Философиялық жэне мәдениеттану жүйесіндегі фотожанрлар.

3.     Фотограф мамандығы

Фотооператор, фототехник, фотограф — суретші, фотограф — шебер. Мамандандырылған фотостудия түрлері. Нарық пен мақсатты дәрісхананы қамту анықтамасы. Фотографияны бағалауда қүндылық пен сапалық саясаты. Деректі материал жинау. Көркемдік фотоны багалау жэне «фотосапа, түсіру сапасы» түсінігіне кіріспе.

4.     Көркемдік фотография тарихы

Обскур камерасы арқылы сызықтық перспектива тұргызу үшін рамадан бастап пленкалы фотоаппаратқа дейінгі фотокамера эволюциясы. Сандық фотоаппараттардың пайда болуы. Ойлап табушылар және танылған шеберлер. Фотоөнердегі стильдер мен тарихи мектептер мен бағыттар. Фотографияның ұлттық мектептері. Көркемдік фото корифейлері.

5.     Көру аппараты және фотоаппарат. Фотооптика

Адам қалай көреді жэне фотоаппарат қалай «көреді». Фотокамералар: Күрылғыларға, жетістіктерге жэне кемшіліктерге байланысты техникалық жпаттамалар. Фототехниканы қалай қолдану керек. Фотографиялық объектив: күрылғы, қасиет, күтім. Фотообъективтердің түрлері мен сипаттамалары.

6.     Композиция және фотографиядагы жарық

Фотокомпозиция: алтын қима, акценттеу, динамикалық және статикалық, бағыт сызықтары, жарық дақтары, модульділік, элементтер мен қүрылым. Табиғи жэне жасанды жарық. Бірте-бірте және импульстық жарық көздері. [Жарық беруші жабдық. Шағылдырғыштар мен элсіздендіргіштер. Түсетін жарық, силуэттер; контрлық жарық; қатты көлеңке, жоғарғы жарық; төменгі жарық, «жарық шашағы».

7.     Фотографиядагы түс. Экспонометрия

і Фотосуреттің эстетикалық қасиеттері. «Кескін сапасы» түсінігімен танысу. Жарық — көркемдік фотографиядағы креаторлық үдеріс — қойылым элементі ретінде. Фототүс. Түс сүзгілері. Студиялық жэне натуралық түсіру кезінде нобаймен жұмыс. Студия жабдықтарына қойылатын талаптар.

8.     Фотопортрет өнері

Портрет жанры жэне идеясы. Фотопортреттегі психология: фотограф пен модельдің бірігіп жұмыс істеуі. Шығармашылықтағы синтез бен талдау. Студиялық портреттік жарық қойылымы мен композициядағы креаторлық тәсіл. Фотографтың құқықтары мен міндеттері.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

1.     Көркемдік фотография

Көркемдік фотография бойынша болашақ жобаны концептуалды негіздеу. Тақырып таңдау.

2.     Көркемдік фотография. Жалғасы

 

Көркемдік фото түрлері мен жанрларының анықтамасы. Графикалық нобайлар. Студенттердің өзі жасаған шығармашылық материалдармен танысу.

3.      Фотограф мамандығы

Деректі материал жинау. Көркемдік фотографияның қандай да бір тақырыбы бойынша Рошег Роіпі презентация көрсету (көркемдік фотографияда өнер, жанр немесе негізгі техникалық параметр мэселелері).

4.      Фотографияның көркемдік тарихы

Сандық фотокамералардағы шолу. Камералардың сипаттамаларымен жэне функцияларымен танысу: объективтер, диафрагма, аппаратқа түсіру уақыты, экспозиция, ашықтық тереңдігі, Р/Ау/Тұ/М түсіру режімдері. Фотография тарихы бойынша эссе үшін жиналган материалдарды қарау.

5.      Көзбен шолу аппараты және фотоаппарат. Фотооптика

Жаттыгулар: Әр түрлі жарықтандырылган және эр түрлі қашықтықтағы

нысандарды студиялық түсіру. Эссе ұсыну.

6.      Фотграфиядагы жарық пен композиция

Жарық беруші жабдықпен танысу. Жарықты орнату. Реңдер мен шағылдыргыштар. Күрделі натюрморт орнату.

Әр түрлі масштабтагы және әр түрлі фактурадагы нысандарды алдын ала түсіру.

7.      Экспонометрия

Студиялық жэне натуралық түсіру кезінде нобаймен: экспонометрия жэне экспотүзету әдістері. Брекетинг. Макрофотография: макротүсіру, өнер және түсіру техникасы ретінде. Натюрморттың әдемілік жэне маңыздылық идеясы.

8.      Практикадагы фотопортрет

Фотопортрет әдістемесі мен техникасы. Портреттік фотографияларды өңдеуде «Аласа Кілт», «Орташа Кілт» жэне «Биік Кілт».

СӨЖ ЖӘНЕ СОЖӨЖ АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІМІ СӨЖ тапсырмалары:

1.    Практикалық сабақтың бастапқы кезеңінде оқытушының бағалауы үшін шығармашылық фотоматериалдарды жинау.

2.    Үй жағдайында ыдыс-аяқты суретке түсіру.

3.    Фотография тарихы бойынша эссе дайындау.

4.    Жеке эр түрлі масштабтағы және эр түрлі фактурадағы нысандарды үй жағдайында түсіру.

СОЖӨЖ тапсырмалары:

1.    Көркемдік фотографияның қандай да бір тақырыбы бойынша Родүег Роіпі презентация дайындау жэне баяндама (көркемдік фотографиядағы өнер, жанр немесе негізгі техникалық параметр мәселелері).

2.    Фотография тарихы бойынша эссе үшін материал жинау.

3.    Макротүсіру: берілген тақырыпқа көрініс композициясын суретке түсіру

 

4.      Студиялық портреттік түсіру.

Осы пэн бойынша ұсынылатын программалық өнім: Рһоіозһор.

Типтік бағдарлама мазмүны — бұл міндетті минимум, жұмыс бағдарламасында да қосымша тақырыптарды қарастыруға болады немесе пәнге белгіленген кредиттер (сағаттар) көлемінде тақырыпты кеңейтуге болады.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля