ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА «Жарнаманың арнайы түрлері» курсы

9 декабря, 2017 21:33

«Жарнаманың арнайы түрлері» курсы — студенттерді коммуникативтік саясат құралының бірі ретінде жеке тұлға жэне коммерциялық емес қызмет жарнамасының негізгі түрлерімен таныстыруды ұйғарады. Жарнама қызметінің қосымша мүмкіндіктерін ашып жэне тауарлар мен қызмет көрсететін жарнамалық кампаниядан өзгеше,жарнамалық кампания құру жэне идеялар тарату үшін теориялық базаны қамтамасыз ететіндіктен, болашақ дизайнерді теориялық дайындауда маңызды курстардың бірі болып табылады.

 

Пәннің мақсаты мен міндеттері

«Жарнаманың арнайы түрлері» пэнін оқытудың мақсаты мен міндеттері студенттердің арнайы, коммерциялық емес жэне қогамдық қызмет жарнамасының I ерекшелігін зерттеуден, сондай-ақ жарнамалық кампаниялардың, коммерциялық емес ұйымдар, мемлекеттік институттар, үкімет органдары, қоғамдық жэне әлеуметтік мекемелердің жарнамаларын медиажоспарлаудың теориялық негіздері мен практикалық дағдыларын меңгеруден тұрады.

«Жарнаманың арнайы түрлері» курсын оқудың нәтижесінде студент төмендегілерді білуі тиіс: жарнаманың арнайы түрлерінің типологиясын;

коммерциялық емес жэне қогамдық қызметтің әр түрі үшін жарнама кампанияларының жобалау ерекшеліктерін;

арнайы жарнама әр оқытылатын түр үшін дизайнерлік өнімнің психологиялық ] жэне көркемдік шешімдерінің ерекшеліктерін;

істей алуы тиіс: бастапқы мәліметтерді талдау;

жоба мәселесін талдау негізінде жобалауга тапсырма құру;

жобаның жарнамалық әсер ету шешімінің нұсқаларын әзірлеу, нұсқаларды салыстыру жэне ең тиімдісін таңдау; дағдысы болуы тиіс:

жарнамалық бейнені жинау мен имидж жасаудың эдістері мен тәсілдерін пайдалану;

көпшіліктің сана ерекшеліктері туралы, көпшілік мәдениетінің ерекшелігктері туралы түсінігі болу;

Курстың негізі әзірлеу ерекшелігімен анықталатын жарнаманың арнайы түрлерінің негізгі міндеттерімен танысудан тұрады. Бұл — экологиялық, қогамдық және арнайы жарнама.

 

Пәннің пререквизиттері: «Түстану», «Материалдық мэдениет жэне дизайн тарихы», «Инженерлік графика I», «Композиция I», «Арнайы сурет I», «Жарнама жэне баспа графикасы».

Пәннің постреквизиттері: «Заманауи дизайн», «Жарнама жэне маркетинг», «Дизайндағы заманауи материалдар».

ПӘННІҢ МАЗМ¥НЫ

Кіріспе

«Жарнаманың арнайы түрлері» курсын оқу нәтижесінде студенттер жарнамалық кеңістік пен қоғамның коммуникативтік саясатының қазіргі даму сатысында коммерциялық емес, қоғамдық, саяси үйымдар үшін жарнамалық кампанияның тұжырымдамасын құрудың негізгі тәсілдерін, жарнамалық кампаниялардың арнайы жарнамаларының психологиялық жэне графикалық негізгі түрлерінің өзара тығыз байланысын жасаушы дағдыларды еркін меңгерулері тиіс.

Курс дәрістік және практикалық сабақтардан түрады. Семестрдің соңгы аптасы семестр немесе қорытынды көрме материалдары бойынша бақылау тапсырмаларына арналады. Әр тапсырма үшін бага қойылады.

Студенттердің өздік жұмысы Қазақстандагы арнайы жарнама түрлерін іздеуге жэне талдауға, теориялық ережелерді практикада қолдануға, дизайн-шешім эзірлеуге жэне материалды меңгергендігін бақылауға арналған. Ақпаратты талдау мен жинауға арналған тақырыптарды пәнді жүргізуші оқытушы ұсынуы тиіс жэне өндіріс пен арнайы жарнаманың әсер ету мәселелерін қамтуы тиіс. Материалдар негізгі сипаттамалар, графикалық сызбалармен, суреттермен берілетін презентация түрінде ұсынылады.

ДӘРІСТІК САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

1.    Экологиялық жарнама

Мақсаттары мен міндеттері. Экологиялық мәселелер, оларды шешу мүмкіндіктері, мәселелерді шешудегі экологиялық жарнаманың алатын орны мен ролі. Экологиялық жарнаманың бағыттары: Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жарнамалық кампанияларды құрудың көркемдік және эдістемелік қағидалары: табиғат, жер қойнауы, су жэне ауа кеңістігі, таза ауа. Экологиялық бағыттағы ақпараттық-жарнамалық акцияларды жүргізу сұлбасы.

 

2. Салауатты өмір салты
Мақсаттары мен міндеттері. Мәселенің қойылуы, қоғам үшін салауатты өмірГ салтының ролі мен маңызы. Жарнамалық кампаниялардың бағыттары: спорт: шылым шегумен күрес, ЖИТС, есірткі, ғасыр аурулары: ЖИТС, қантты диабет, обыр. Салауатты өмір салтының ақпараттық-жарнамалық акциясын жасаудыҢ: көркем-әдістемелік қағидалары жэне жүргізу сұлбасы.

3.    Коммерциялық емес үйымдар

Мақсаттар мен міндеттер. Жалпы адами құндылықтар жэне жарнама.1 Мемлекеттік құрылымдар, үкімет органдары қызметінің жарнамасы. Отан сүйгіштікті насихаттау және отансүйгіштікке тәрбиелеу. Мемлекеттік мейрамдар мен оқигалардың, көлемді мәдени шаралар жарнамасы. Бейбітшілік жэне соғыс. Әлеуметтік қорғаныс. Білім. Коммерциялық ұйымдардың ақпараттық-жарнамалық акциясын жасаудың көркем-әдістемелік қағидалары жэне жүргізу сұлбасы. Жарнамалық кампанияны жүргізу сұлбасы.

4.    Жеке тұлға жарнамасы (жеке жарнама)

Мақсаттары мен міндеттері. Өткенді шолу. Жеке тұлғаның тарихтағы ролі. Мифтік жэне көркемдік бейне. Имидж түсінігі. Көпшілік санасы, жеке тұлға мен көпшіліктің өзара қарым-қатынасы. Қазіргі өнердегі адам бейнесінің бейнеленуі.

5.    Көпшілік мәдениетіндегі «Жұлдыз» түсінігі

«Жұлдыз» жарнамалық кампаниясының мақсаттары мен міндеттері. «Жұлдыз» бейнесін құрайтындар. «Жұлдыз» индустриясы, өмірлік цикл. «Жұлдыз»-«кішкентай адам» түсініктерін қарсы қою. «Жұлдыз» бейнесінің жарнамалық бейнемен өзара байланысы. «Жұлдыздың» қалыптасу шарттары. Сайлау алдындагы технологиялар. «Жұлдызды» пайдалана отырып, сайлау алдындагы жарнамалық кампанияларды жэне «жұлдызды» қалыптастыратын жарнамалық кампанияларды шолу. Жеке РК.

6.    Мәдениет қайраткері, шоу-бизнес, саяси көшбасшының жарнамалық

бейнесі.

Жарнамалық бейненің ерекшелігі. Көпшілік мэдениеті, саяси сенім контекстіндегі өнер қайраткерінің бейнесі. Жарнамалық кампанияны (науқанды) жүргізу сұлбасы. Бейнені құрайтын сыртқы келбет, имидж. Мысалдар. Шешендік, көпшілікке әсер ету шарты ретінде шешендік өнер.

 

7. Сыртқы факторлар, шектеулер.
Этикалық нормалар, ережелер, жарнамалық кампанияларды (науқандарды) жасау кездіндегі үйреншікті бағыт. Цензура, кейбір көркем, дыбыстық тэсілдерге I тыйым салу. Салыстырмалы жарнама. ҚР Тіл туралы заңын сақтау. ҚР-ның Жарнама туралы заңы.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

Жобаларды әзірлеу кезінде басымдылықтарды анықтау, жарнамалық кампанияның іс-шараларын құру, әр бағыттың ерекшелігін есепке алу, көркемдік бейне жасау, теориялық білімдерді және жүргізілетін талдаудың мәліметтерін қолдану.

1.      Қоршаған ортаны қорғау бойынша жарнамалық кампания (науқан) жобасын әзірлеу. Бағытты таңдау. Ой нобайы. Нобайлық жобаны әзірлеу. Таза жобаны орындау. Қоршаған ортаны қорғау бойынша жарнамалық кампания жобасын медиажоспарлау.

2.      Салауатты өмір салтының жарнамалық кампаниясының жобасын әзірлеу. Бағытты таңдау. Ой нобайы. Нобайлық жобаны әзірлеу. Таза жобаны орындау. Салауатты өмір салты жарнамалық кампания (науқан) жобасын медиажоспарлау. Жобалар презентациясы, қорытындыны талқылау.

3.      Коммерңиялық емес үйымдардың жарнамалық кампаниясының жобасын әзірлеу. Багытты таңдау. Ой нобайы. Нобайлық жобаны әзірлеу. Таза жобаны орындау. Коммерциялық емес ұйымдардың жарнамалық кампания жобасын медиажоспарлау. Жобалар презентациясы, қорытындыны талқылау. 4

4.   Саяси көшбасшы немесе шоу-бизнес жұлдыздары жарнамасының жобасы. Бағытты таңдау. Ой нобайы. Нобайлық жобаны әзірлеу. Таза жобаны орындау. Жеке тұлғаның жарнамалық кампаниясының жобасын медиажоспарлау. Жобалар презентациясы, қорытындыны талқылау.

СӨЖ Т АҚЫРЫПТ АРЫНЫҢ ТІЗІМІ

1.     Формалды емес көшбасшының жарнамалық жобасының нобайын эзірлеу

2.      Студенттер көшбасшысының жарнамалық жобасының нобайын әзірлеу

3.      Фольклорлық музыка фестивалінің жарнамалық жобасының нобайын әзірлеу

 

СОЖӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

 

1.     Гендерлік өнер фестивалінінің жарнамалық жобасының нобайын әзірлеу

2.     Балалар шығармашылық орталығының жарнамалық жобасының нобайья

әзірлеу

3.     Өнер жәрмеңкесінің жарнамалық жобасының нобайын әзірлеу

Типтік бағдарлама мазмұны — бұл міндетті минимум, жұмыс бағдарламасында ді

қосымша тақырыптарды қарастыруға болады немесе пэнге белгіленген кредитге]

(сағаттар) көлемінде тақырыпты кеңейтуге болады.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля